Қазақстан Республикасы салық саясатының даму келешегі мен орта мерзімді жоспары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2014 в 15:07, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмiнде де қаржы және оның негiзiндегi салық жүйесi мен салық салу механизмi зор рол атқарады. Салықтар мемлекеттер пайда болуымен бiрге пайда болды. Мемлекет құрылымының өзгеруi, өркендеуi әрқашан салық жүйесiнiң қайта құрылуымен және жаңаруымен қабаттаса жүредi.

Содержание работы

КIРIСПЕ .......................................................................................................................3

1 САЛЫҚ САЯСАТ ҮКІМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛЫ ..................................................................................................5
1.1 Салық саясаттың экономикалық мәні, рөлі мен бағыттары .......................5
2.2 Салық саясаттың құралдары мен негізгі түрлері ........................................10

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЛЫҚ САЯСАТЫ ............................21
2.1 Қазақстан Республикасы салық саясаты құралдары, жүргізетін органдары және құқықтық негізі ..................................................................21
Нарықтық тепе-теңдiктi салық саясат арқылы реттеу .................................24

3 Қазақстан Республикасы салық саясатының даму келешегі мен орта мерзімді жоспары ..........................................................................28

ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................................34
ПАЙДАЛНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...........................................................35

Файлы: 1 файл

Saly_1179_sayasaty_1178_R_MAB_2014-0.docx

— 166.81 Кб (Скачать файл)

Салық саясаттың қысқа және ұзақ мерзімдегі әсерлерінің біреуін таңдау күрделі макроэкономикалық проблема болып есептеледі.Бұл проблеманы шешу өркениетті мемлекет болсын, өтпелі кезеңдегі экономика болсын қиын тиеді.Әлуетті деңгейде тепе – теңдік ЖҰӨ циклдік тербелісінің себебін кіріктірме тұрақтандырғыш жоққа шығара алмайды, тек қана бұл тербелістерді шектейді.Циклдік бюджеттік тапшылық пен артықшылықтың мәндері арқылы салық саясаттың әрекеттерінің тиімділігін бағалауға болмайды.Өйткені циклдік теңгерілмеген бюджеттің болуы экономиканы ресурстардың толық қамтылған жағдайына жақындата алмайды, мұндай жағдай кез келген өнім көлемінің деңгейінде бола береді.Сондықтанда экономиканың кіріктірме тұрақтандырғышы шартты түрде ресурстардың толық қамтылуын қамтамасыз ететін үкіметтің салық дискрециялық шараларымен байланыста жүргізіледі.Нәтижесінде мемлекеттік бюджеттің құрылымдық тапщылығы (артықшылығы) туындайды.Бұл жұмыспен толық қамтылған жағдайдағы бюджет шығындары (табысы) және табысы (шығындары арасындағы айырма).Циклдік тапшылық көбіне былай анықталады – бюджет тапшылығының нақты мәні мен құрылымдық тапшылықтың арасындағы айырма. [9,б. 223]

Ресурстармен толық қамтылу деңгейі, табиғи жұмыссыздық деңгейі және әлуетті өнім көлемін анықтаудың қиындығы салдарынан мемлекеттік бюджеттің құрылымдық тапшылығын (артықшылығын) есептеу қиынға түседі.Бұл қиындық дамыған мемлекеттер мен дамып келе жатқан мемлекеттер үшін бірдей кездесіп отырады.Сонымен қатар ұзақ мерзімдік фисклдық саясаттың тиімділігін бағалайтын құрал ретінде макроэкономикалық индикаторлардың динамикасы негіз болады.

Циклдік бюджет артықшылығының өсуі экономиканың өрлеу кезеңдерінде болатындықтан, бұл жағдай жиі инфляцияның күшеюіне әкелетіндіктен, онда қаржылардың бір бөлігін халыққа төлемақы ретінде беруі (облигацияларды өтеу, әл – әуқаты  нашар отбасыларға жәрдемақыны өсіру) жиынтық шығындардың және сұраныс ирфляциясының өсуіне әсер етеді.Керісінше, бюджет артықшылығын «тыйым салу» артық жиынтық сұранысты шектейді және экономикадағы инфляциялық дүргілісті ұстап тұрады.

Бюджет тапшылығының тұрақтандыру деңгейіне әсері қаржыландыру тәсілдеріне байланысты.

Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыру тәсілдері:

  1. ақша – несие эмиссиясы (тиын шығару);

  1. займ шығару;

  1. мемлекетке түсетін салық мөлшерін көбейту.

Тапшылықты жою үшін тиын шығару жағдайында сеньораж пайда болады.Сеньораж – ақша шығару арқылы мемлекеттің табатын пайдасы.

Нақты ЖҰӨ өсуінің қарқынынан ақша жиынының өсу қарқыны артық болған жағдайда сеньораж пайда болады, бұл құбылыс орташа баға деңгейін өсіреді.Барлық экономикалық агенттер инфляциялық салық төлейді және олардың табыстарының бір бөлігі бағаның жоғарлауы арқылы мемлекетке түсіп отырады.

Инфляция деңгейінің жоғарлауы жағдайында Оливер – Танзи әсері пайда болады.

Өсіп келе жатқан инфляциялық қиындықтар салдарынан экономикалық ынта пайда болады, ол салықты уақытылы төлемеу, өйткені өткен уақытта ақша құнсызданады, бұдан салық төлеушілер ұтады.Мұның салдарынан мемлекеттегі тапшылық және қаржы жүйесінің жалпы тұрақсыздығы өседі

Мемлекеттік тапшылықты жою үшін тиын шығару қолда бар табысты эмиссиялаумен бірдей жүрмеуі мүмкін, ол басқа түрде жүзеге асырылады.Мысалы, Орталық банкттің мемлекеттік кәсәпорындарға жеңілдетілген пайыз мөлшерімен несие беруді кеңейту арқылы немесе төлем уақытын созу арқылы жүзеге асырылады.

Соңғы жағдайда үкімет тауар мен қызмет көрсету ақысын уақытылы төлемейді.Егерде сатып алу жеке секторлардан жүргізілетін болса, онда олар бағасын алдын ала көтереді, мұндай жағдай төлемей кетуден сақтандырады.Бұл орташа баға деңгейін көтереді және инвестиция деңгейі көтеріледі

Егерде мемлекеттік сектордың төленбеген қаржылары жиналып қалса, онда бұларды Орталық банк қаржыландырады немесе мемлекеттік тапшылық мөлшерін өсіреді.Сондықтан тиын шығаруға қарағанда, уақытылы төленбеген төлемдер бюджет тапшылығының инфляциялық емес қаржыландыруына жатса да, бұл іс жүзінде шартты бөлу екендігі белгілі.Егерде мемлекеттік бюджет тапшылығы мемлекеттік займ шығарылу арқылы қаржыландырылса, онда орташа нарықтың пайыз мөлшерлемесі өседі, ол жеке секторларға берілетін инвестицияны төмендетеді.

Бұл таза экспорттың төмендеуіне, тұтыну шығындарының төмендеуіне алып келеді.Осыдан ығыстыру әсері пайда болады, ол салық саясаттың ынталандырушы әсерін азайтады. [11,б. 187]

Бюджет тапшылығын қарыз арқылы қаржыландыруды көбіне тиын шығару тапшылығының инфляцияға қарсы баламасы деп қарастырады.Бірақ қарыз алып қаржыландыру тәсілі инфляцияның өсуін тоқтатпайды, тек қана уақытша тежеуге мүмкіндік береді, бұл жағдай Қазақстан экономикасы тән.Егерде мемлекеттік займның облигасиясын Орталық банкке орналастырмай, халыққа берсе және коммерциялық банктерге орналастырса, онда инфляция әлсірейді.Бірақ Орталық банк бұл облигацияларды құнды қағаздар нарығынан екінші рет сатып алып, жалған салық іс – әрекеттерін кеңейтуі мүмкін, мұндай құбылыс инфляциялық қысымның өсуіне әсер етеді,

Мемлекеттік облигацияны бюджеттен тыс қорларға төмен пайыз мөлшерімен орналастырса, онда бюджет тапшылығын қарыз арқылы қаржыландыру қосымша салық салу механизміне айналады.

Мемлекет бюджетіне салық түсімін көбейту проблемасы бюджет тапшылығын қаржыландыру шеңберінен шығып кетеді, өйткені ұзақ мерзімді кезеңде кешенді салық реформасы нәтижесінде, пайыз мөлшерлесін азайтып, салық базасын кеңейту  мүмкін болады.

Қысқа мерзімді кезеңде салық мөлшерлемесінің төмендеуі:

  1. Экономиканың кіріктірме тұрақтандырғыш деңгейінің төмендеуі нәтижесінде;

  1. Пайыз мөлшерлемесінің жоғарлауынан пайда болатын мемлекеттік емес секторлардың ығыстыру әсерінің өсуінен (бұл құбылыс ақша ұсынысының тұрақты жағдайында, ақша нарығындағы ақша сұранысының өсуінің жоғарғы жағдайға реакциясы);

  1. Бюджет тапшылығын өсіру, бір мезгілде салық салудың мөлшерлемесін және бюджетке салық түсімін төмендету арқылы мүмкін болады.

Мұндай жағдай Лаффер қисығында көрсетілген. [2,б. 189]

 

 


4 - сурет  – Лаффер қисығы

 

Берілген қисық абцисс осімен салықтық түсім Т, ал ордината осімен – салық мөлшері t көрсетілетін координата құрылды. Салықтың нөлдік мөлшерінен бастап t-нің өсуі салық түсімдерінің өсуіне әкелетіндігі көрсетілген.

Бірақ А нүктесінен кейін салық мөлшерінің келесі ұлғаюы жағымсыз ынталандырушы әсер ететіндіктен салықтық түсімдердің көлемін қысқартады. Бұл А нүктесінен кейін Лаффер қисығы солға қарай ауытқи бастайды. Сонымен tA-дан төмен салық мөлшері үшін олардың ұлғаюы салықтық түсімдердің ұлғаюын қамтамасыз етеді, ал  tA-дан асатын салық мөлшері мемлекетке табысты азырақ әкеледі; 100% мөлшер кезінде салық түсімі нөлге дейін төмендейді.

 

E


 

E2=C+I+G


E2=Y2                                            B  


                                                                         ∆G       E1=C+I+G


 

A   

E1=Y1                     


 


 

                45˚


                                    Y1               Y2                       Y           А.Кейнс  кресі

r


 

 

∆G


1-MPC



 

      r‾


                                                          IS               IS’

 

 

 


                                           Y1               Y2                       Y          В. IS қисығы

 

5 - сурет  -  Салық саясаттың IS қисығын жылжытуы [11,б. 190]

 

Іс жүзінде t салықтың оңтайлы мөлшеріне, салық түсімдері шамамен  төмендей бастайтын кездегі дәл бағаны беру қиын.

 Макроэкономикалық тұрғыда  салық саясаттың IS қисығын жылжытуын қарастырар болсақ, IS қисығының әрбір нүктесі берілген пайыздық мөлшерлеме кезінде табыстың деңгейін көрсетеді.Кейнс кресі моделінен байқағанымыздай,табыс деңгейі салық саясатпен де тығыз байланысты G мен T тұрақты деп алсақ, салық саясаттың өзгеруі IS қисығын жылжытады.

Суретте мемлекеттік шығындардың G1→G2 дейін өсуі IS қисығын қалай өзгертетінін көру үшін кейнс кресі бейнеленген.Кейнс кресі салық саясаттың өзгеруі жоспарланған шығындарды өзгертетінін көрсетеді.Ол табыс деңгейін Y1→Y2 дейін өсіреді.Сол себептен мемлекеттік шығындардың өсуі IS қисығын оңға жылжытады.

Салықтардың азаюы, мемлекеттік шығындардың өсуі табысты өсіреді,ол IS қисығын оңға жылжытады.Салықтардың өсуі, мемлекеттік шығындардың азаюы табысты азайтып, IS қисығын солға жылжытады.

1) T↓ немесе G↑→E↑→Y↑→IS↑

2) T↑ немесе G↓→E↓→Y↓→IS↓

Тауарлар мен қызметтерге сұранысты өсіретін салық саясаттың өзгерісі IS қисығын оңға жылжытады.Ал сұранысты кемітетін салық саясаттың өзгерісі IS қисығын солға жылжытады. [11,б. 190]

Тәжірибеде тепе-теңдік үлгілерінде қаралған тәуелділіктер қосымша факторлардың әсерін бастан кешіреді:

  1. Салық саясаттың қабылданатын шараларының уақыттылығы;

  1. Ығыстыру  әрекетінің іс әрекеттілігі, бұл ақша нарығында пайыздық мөлшерлемелердің өсуімен байланысты үкімет шығыстарының көбеюі кезінде жекеше инвестициялар элементтерінің қысқаруында көрінеді.

  1. Сұранымды ынталандыру жиынтық ұсынымға әсер етеді, бұл бағалардың инфляциялық көбеюіне әсерін тигізеді және жиынтық шығыстардың көбею әсерін төмендетеді;

  1. ашық экономикада ұлттық өндірістің жиынтық шығыстардың элементі ретінде таза экспорттың мөлшерін өзгертетін валюта бағамдары өзгерісінің ықпалын басынан кешіреді.  [7,б. 344]

Сондықтан ынталандырушы салық саясаттың шаралары жоғарыда айтылған факторлардың іс-әрекетінен әлсіреуі мүмкін. Сөйтіп, кейнсшілдік тауарлар мен қызметтер көрсетуге болатын сұранымды экономиканы реттеудің негіз қалаушы факторы ретінде болып көрінеді: мемлекет жиынтық сұранымды ынталандыруға мүмкіндік түғызады, ресурстардың қамтылу деңгейінің артуына ықпал етеді,  мемлекет көтере сатып алудың деңгейін көтереді.

Салық саясаттың қысқа және зақ мерзімдегі әсерлерінің біреуін таңдау күрделі макроэкономикалық проблема. Бұл мәселені шешу дамыған мемлекеттерде болсын, өтпелі кезеңдегі экономика болсын қиын екені белгілі.  Сондықтан экономиканың кіріктірме тұрақтандырғышы шартты түрде ресурстардың толық қамтылуын қамтамасыз ететін мемлекеттің салық дискрециялық шараларымен байланыста жүргізіледі.

Ресурстармен толық қамтылу деңгейі, табиғи жұмыссыздық деңгейі және әлуетті өнім көлемін анықтаудың қиындығы салдарынан мемлекеттік бюджеттің құрылымдық тапшылығын есептеу қиынға түседі. Бұл қиындық дамыған мемлекеттер мен жаңа дамып келе жатқан мемлекеттер үшін бірдей болып табылады. Сонымен қатар, ұзақ мерзімдік қазыналық саясаттың тиімділігін бағалайтын құрал ретінде макроэкономикалық индикаторлардың динамикасы негіз болады.

Мемлекеттік қарыздар бойынша пайыз мөлшерлемесін төлеуге, әлеуметтік трансферттердің өсуі немесе мемлекеттік шығындарды осы жоғарыда айтылған қаржылар арқылы қаржыландыруға кедергі болытын жағдайлар пайда болады.

Циклдік бюджет артықшылығының өсуі экономиканың өрлеу кезеңдерінде болатындықтан, бұл жағдай жиі инфляцияның күщеюіне әкелетіндіктен, онда қаржылардың бір бөлігін халыққа төлемақы ретінде беруі жиынтық шығындардың және сұраныс инфляциясының өсуіне әсер етеді. Керісінше бюджет тапшылығын тыйым салу артық жиынтық сұранысты шектейді және экономикадағы инфляциялық дүрлігісті ұстап тұрады.

Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыру тәсілдері:

  1. ақша-несие эмиссиясы;

  1. займ шығару;

  1. мемлекетке түсетін салық мөлшерін көбейту. [2,б. 167]

Мемлекет бюджетіне салық түсімін көбейту мәселесі бюджет тапшылығын қаржыландыру шеңберінен шығып кетеді, өйткені ұзақ мерзімді кезеңде кешенді салық реформасы нәтижесінде, пайыз мөлшерлемесін азайтып, салық базасын кеңейту мүмкін болады.

Мемлекет түсіміне салық түсімін көбейту проблемасы бюджет тапшылығын  қаржыландыру шеңберінен шығып кетеді, өйткені ұзақ мерзімді кезеңде кешенді салық реформасы нәтижесінде, пайыз мөлшерлемесін азайтып, салық базасын кеңейту мүмкін болады.

        Қысқа  мерзімді кезеңде салық мөлшерлемесінің  төмендеуі:

  1.  Экономиканың кіріктірме тұрақтандырғыш деңгейінің төмендеуі нәтижесінде;

  1. Пайыз мөлшерлемесінің жоғарылауынан пайда болатын мемлекеттік емес сектордың ығыстыпу әсерінің өсуінен (бұл құбылыс ақша ұсынысының тұрақты жағдайында , ақша нарығындағы ақша сұранысының өсуінің жоғарғы жағдайға реакциясы);

  1. Бюджет тапшылығын өсіру, бір мезгілде салық салудың мөлшерлемесін және бюджетке салық түсімін төмендету арқылы мүмкін болады.

Информация о работе Қазақстан Республикасы салық саясатының даму келешегі мен орта мерзімді жоспары