Қазақстан Республикасы салық саясатының даму келешегі мен орта мерзімді жоспары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2014 в 15:07, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмiнде де қаржы және оның негiзiндегi салық жүйесi мен салық салу механизмi зор рол атқарады. Салықтар мемлекеттер пайда болуымен бiрге пайда болды. Мемлекет құрылымының өзгеруi, өркендеуi әрқашан салық жүйесiнiң қайта құрылуымен және жаңаруымен қабаттаса жүредi.

Содержание работы

КIРIСПЕ .......................................................................................................................3

1 САЛЫҚ САЯСАТ ҮКІМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛЫ ..................................................................................................5
1.1 Салық саясаттың экономикалық мәні, рөлі мен бағыттары .......................5
2.2 Салық саясаттың құралдары мен негізгі түрлері ........................................10

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ САЛЫҚ САЯСАТЫ ............................21
2.1 Қазақстан Республикасы салық саясаты құралдары, жүргізетін органдары және құқықтық негізі ..................................................................21
Нарықтық тепе-теңдiктi салық саясат арқылы реттеу .................................24

3 Қазақстан Республикасы салық саясатының даму келешегі мен орта мерзімді жоспары ..........................................................................28

ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................................34
ПАЙДАЛНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...........................................................35

Файлы: 1 файл

Saly_1179_sayasaty_1178_R_MAB_2014-0.docx

— 166.81 Кб (Скачать файл)

Бұл теорияға сәйкес салық мөлшерлемелерінің белгілі бір шекке дейін өсуі салықтық түсімдердің өсуіне мүмкіндік туғызады, одан кейін өсу бәсееңдейді, сонан соң бюджет кірістері кенет құлдырайды. Бұдан экономиканы, ең алдымен инвестициялық белсенділікті ынталандырудың міндетті салық ауыртпалығын түбегейлі жеңілдетудің жолдарынан іздестіріп, шешу керек деген жалпы түйін жасалынған. Экономиканың қозғаушы күші бұл нарыққа бағытталған шаруашылық агентттерінің ынталылығы. Лаффэрдің айтуы бойынша бюджетке салық түрінде кәсіпкерлер мен халықтың табыстарының бүкіл сомасының 30% артық алуға болмайды. Егер табыстың 40-50% алынатын болса, онда бұл жинақ ақшаны, сонымен бірге экономиканың жекеше секторындағы инвестицияны да қысқартады. [7,б. 349]

Тәжірибе көрсеткеніндей егер салықтардың мөлшерлемесі белгілі бір айтарлықтай жоғарғы деңгейге жететін болса, онда өндірісті ұлғайтуға, кәсіпкерлік бастамаларға арналған ынталандыру шаралары көлемі, пайда азаяды да, тиісінше бюджетке түсетін салық түсімдері төмендейді.

Сондықтан еліміздің экономикасын салықтық реттеуде салық салу мөлшерлемелерін белгілеуде жан жақты зерттеулер мен талдауларды жүзеге асыруымыз керек. Салық салуды жетілдіруде еңді қарқындап дамып келе жатқан еліміз үшін ең басында халыққа, щағын және орта кәсіпкерлікке, мемлекеттік маңызы бар кәсіпорындарға, ауыл шаруашылығына, экспортқа негізделген өнеркәсіпорындарына салық салуда жеңілдіктер ұсыну арқылы оларды нақты қолдау шараларын жүргізу болып табылады. Сол кезде ұлттық экономикадағы экономикалық қызмет етуші кәсіпорындар мен заңды тұлғалар өздерінің қызметтерін кеңейте бастайды, түсетін пайданың болуына байланысты жаңадан кәсіпорындар мен жұмыс орындары ашыла бастайды. Сонымен қатар халықтың, кәсіпкерлердің экономикалық белсенділігін арттыру негізінде жалпы салық салынатын объектілер мен жалпы табыс көлемінің өсуіне байланысты салық көлемі де өсе бастайды.  Бұл шара ең басында мемлекеттік бюджеттің тапшылығына алып келетін болса, оның нәтижесі нарықтық экономикада ең қолайлы болып табылады.

Ал экономикада қызмет етіп отырған ірі, тұрақты табыс табатын, монополиялық және табиғи ресурстармен айналысатын кәсіпорындарға қосылған құнға салық және акциздер салықтары арқылы мемлекет өзінің бюджетке түсетін салық деңгейін қамтамасыз етіп отыруы қажет. Яғни, салық арқылы нарықтық экономикада қоғамның дамуын тек бір жақты ғана емес, оны салық механизмі арқылы қаржының мол шоғырланған жағынан ол қаржыларды қосымша салықтар салу арқылы экономиканың қаржыға мұқтаж болып отырған салалары мен топтарына ұсыну болып табылады. Сонда ғана экономикада нарықтық тепе-теңдік сақталады және нарық бірқалыпты тұрақты дамуға бет алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Салық саясаттың құралдары мен негізгі түрлері

 

 

Мемлекеттiң экономикаға әсер етуi салық салу құралдары арқылы жүргiзiледi. Мемлекеттiк шығындар мемлекеттiк бюджеттiң қаржыларын пайдалану нәтижесiнде мүмкiн болады, ал салық бюджеттi қаржымен қамтамасыз ететiн бiрден-бiр құрал.

Салық төлемi (Т), мемлекеттiк шығындар (G) және жоспарланған инвестиция I-дiң белгiлi бiр деңгейiнде тепе-теңдiк өнiм көлемi Y қалыптасқанын кейнс кресi көрсетедi. [2,б. 154]

Қоғамдық шаруашылықта мемлекеттiң өмiр сүруiнiң негiзi бұл салық болып табылады. Сондай-ақ мемлекеттiң нарықтық тепе-теңдiкке әсерiнiң бiрi ол салықтық реттеу болып табылады. Мемлекеттiң салық саясаты бұл нарықта ресурстарды көбейту, қоғамдық мақсаттарға бағытталған қызметтерге жұмсалады

Ресурстар жұмыспен толық қамтылмаған жағдайда тепе-теңдiк жағдай қалыптаса бередi. Сондықтан пайда болған үзiлiстi жою үшiн, экономиканы мемлекет тарапынан реттеу құралдары пайдаланылады. Олар бюджетке төленетiн салық төлемi мен мемлекеттiк шығындар көлемiнiң өзгеруi арқылы жүзеге асырылады.

Бюджет-салық саясаты (қазыналық (фискальный) саясат) – мемлекеттiк бюджет жағдайын, салық салуды және мемлекеттiк шығындардың өзгерiсiн реттеу мақсатында үкiмет тарапынан жүргiзiлетiн шаралар. Бұл шаралар жұмыспен толық қамтылуды, төлем балансының тепе-теңдiгiн және экономиканың өсуiн қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi.

Өз кезегінде салық саясат экономиканы мемлекеттік қай жағына қарай реттеуіне байланысты екі түрге  бөлінеді: ынталандырушы және тежеуші салық саясаты. Бұл саясаттар бір мезгілде экономиканың әр салаларында әр түрлі қолданыс табуы да мүмкін.

Ынталандырушы бюджет-салық саясаты (қазыналық экспанция) – бұл саясат қысқа мерзiмдi кезеңде экономикадағы циклдiк құлдырауды жою мақсатын қояды. Мұны жүзеге асыру үшiн мемлекет шығындарды өсiрiп, салық ставкасы мөлшерiн төмендету арқылы немесе бiрiктiрген, құрастырма шаралар арқылы жүзег асырылады. [2,б. 156]

Ұзақ мерзiмдiк кезеңде салықты төмендету саясаты өндiрiс факторларының ұсынысын кеңейтуге және экономикалық әлуеттiң өсуiне алып келуi мүмкiн. Мұндай мақсаттардың жүзеге асуы кешенi салық салық реформасының жүргiзiлуiне байланысты болады. Бұл шаралардың орындалуы Ұлттық банк жүргiзетiн тежеушi ақша-несие саясатымен және мемлекеттiк шығындардың құрылымынын оңтайландырумен байланысты.

Тежеуші бюджеттiк-салық саясаты (қазыналық шектеу)  - экономикдағы  циклдiк өсудi тежеу мақсатын көздейдi. Бұл саясатты жүзеге асыру үшiн, мемлекеттiк шығындар төмендеп, салық мөлшерi жоғарылайды немесе бiрiктiрген, құрастырма шаралар арқылы жүзеге асырылады. Қысқа мерзiмдiк кезеңде бұл шаралардың нәтижесiнде, өндiрiстiң құлдырауы мен жұмысссыздық деңгейiнiң өсуi салдарынан болған сұраныс инфляциясын төмендетуге мүмкiндiк бередi.

Ұзақ мерзiмдiк кезеңде өспелi салық “сынасы” жиынтық ұсыныстың төмендеуiне және құлдыраушылық механизмiн ашуға негiз болуы мүмкiн. Бұл құбылыс әсiресе төменднгi жағдайларда кездеседi:  мемлекеттiк шығындардың азаюы бюджеттiң барлық баптарында пропорционалды қысқартып, жүзеге асырылып отырса және еңбек рыногының инфрақұрылымына мемлекекттiк инвестиция берiлуiнде басымдылық болмаса.

Қысқа мерзімдік кезеңде салық-бюджет саясаты баланстық бюджеттің, салықтың және мемлекеттің шығындарының мультипликаторы әсіремен байланысты болады.

Мемлекеттік шығындарының өсуімен салыстырғанда салық мөлшерінің азаюынан мультипликаторлық әсер әлсіздеу. Бұл салықтың өзгерісімен салыстырғанда мемлекеттік шығындардың табыстың көлеміне және тұтынуға әсерінің күштілігімен байланысты болады. Бұл айырмашылық қазыналық саясат құралдарын таңдағанда анықтаушы, негізгі болып есептеледі.

Егер де қазыналық саясат экономикадағы мемлекеттік секторды кеңейту мақсатын көздесе, онда циклдық құлдырауды тоқтату үшін мемлекеттік шығын өседі, бұл құбылыс күшті ынталандырушы әсер етеді. [2,б. 155]

Ал инфляцияның көтерілуін тежеу үшін салық мөлшері өседі. Бұл құбылыс салыстырмалы жұмсақ тежеуші шара болып есептеледі. Егер де қазыналық саясат мемлекеттік секторды тежеуге бағытталса, онда циклдық құлдырау кезеңінде салық төмендейді. Бұл жағдай салыстырмалы аз ынталандырушы әсер береді. Ал циклдық көтерілу кезеңінде мемлекеттік шығындар төмендейді, бұл инфляция деңгейін тез төмендетуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттiк шығындарды тиiмсiз басқарумен қатар уақытқа созылған құлдыраушылық экономикалық әлуеттiң бұзылуына әсерiн тигiзедi. Мұндай жағдай экономиканың өтпелi кезеңiнде жиi кездеседi.

Қысқа мерзiмдiк кезеңде салық-бюджет саясаты баланстық бюджеттiң, салықтың және мемлекеттiк шығындардың мультипликаторы әсерiмен байланысты болады.

Мемлекеттiк шығындардың өзгерiсiн көру үшiн кейнс кресiн пайдаланамыз. Мемлекеттiк шығындар жиынтық шығындардың құрауышы болып табылады, олардың өсуi жоспарланған шығындарды да өсiредi. 

Дискрециялық салық саясат – үкіметтің арнайы шешімі бойынша салықты, мемлекеттік бюджеттің сальдосын және мемлекеттік шығындардың көлемін мақсатты бағытта өзгерту. Бұл шаралар төлем балансының жағдайын, инфляция қарқынын, өнім көлемін, жұмысбастылық деңгейін өзгертуге бағытталған.

Мемлекеттің дискрециялық саясаты ішкі уақытша кешеуілдеумен байланысты болады, өйткені мемлекеттік шығындар құрылымының және салық салымы пайыз мөлшерлемесінің өзгерістері парламентте ұзақ уақыт талқылауға түседі.

Дискрециялық емес қазыналық саясат – жиынтық табыстың циклдық тербелістерінің нәтижесінде жоғарыда аталған шамалардың дағдылы өзгеруі. Жалпы ұлттық өнімнің өсуі (төмендеуі) кезеңдерінде мемлекет бюджетіне түсетін таза салық салымдарының дағдылы түрде өсуін (төмендеуін) дискрециялық емес саясат қарастырады.  [2,б. 163]

         Бұл саясат экономикадағы тұрақтылыққа  әсерін тигізеді. Таза салық түсімі  – бюджетке түсетін жалпы салық  мөлшері мен үкімет тарапынан  берілетін трансферттердің арасындағы  айырма.

Дискрециялық қазыналық саясат экономикадағы құлдырау кезеңінде жиынтық ұранысты ынталандыру мақсатында мақсатты түрде мемлекеттік шығындарды өсіре отырып, немесе салық мөлшерін төмендетіп мемлекеттік бюджетте тапшылық құрылады. Экономикалық өрлеу кезеңінде сәйкес түрде мақсатты түрде бюджет артықшылығы құрылады.

Үкіметтің дискрециялық саясаты ішкі уақытша кешеуілдеумен байланысты болады, өйткені мемлекеттік шығындар құрылымының және салық салымы пайыз мөлшерлемесінің өзгерістері парламентте ұзақ уақыт талқылауға түседі.

         Дискрециялық емес қазыналық  саясатта бюджет артықшылығы  және тапшылығы дағдылы түрде  пайда болады, ол экономиканың  кіріктірме тұрақтандырғышы арқылы  мүмкін болады.

Кіріктірме тұрақтандырғыш – мемлекеттің экономикалық саясатын жиі өзгертпей-ақ, өнім көлемі мен жұмысбастылық деңгейінің циклдік амплитудасын төмендетуге мүмкіндік беретін экономикалық тетік. Дамыған мемлекеттерде мұндай тұарқтандырғыш ретінде үдемелі салық салу, мемлекеттік трансферттер жүйесі, жұмыссыздықтан сақтандыру және пайданы бөлуге қатысу жүйесі. [2,б. 164]

Экономиканың «кіріктірме тұрақтандырғышы» дискрециялық қазыналық саясаттың уақытша кешеуілдеу мерзімі ұзақтығының проблемасын салыстырмалы қарағанда әлсіретеді, өйткені бұл механизмдер заң органдарының қатысуынсыз жүзеге асады.

Кіріктірме тұрақтандырғыш – үкіметтің экономикалық саясатын жиі өзгертпей-ақ, өнім көлемі мен жұмысбастылық деңгейінің циклдік амплитудасын төмендетуге мүмкіндік беретін экономикалық тетік.Өркениетті, дамыған мемлекеттерде мұндай тұрақтандырғыш ретінде үдемелі салық салу, мемлекеттік трансферттер жүйесі, жұмыссыздықтан сақтандыру және пайданы және пайданы бөлуге қатысу жүйесі  алынады.

Экономиканың «кіріктірме тұрақтандырғышы» дискрециялық салық саясаттың уақытша кешеуілдеу мерзімі ұзақтығының проблемасын салыстырмалы түрде қарағанда әлсіретеді, жұмсартады, өйткені бұл механизмдер парламенттің қатысуынсыз жұмыс істейді.

Экономика тұрақтылығының деңгейі тікелей циклдік бюджет тапшылығы мен артықшылығы көлеміне тәуелді, бұл жағдай жиынтық сұраныс тербелісінің дағдылы «амортизаторы » қызметін атқарады.

Циклдік тапшылық (артықшылық) – мемлекеттік бюджеттің тапшылығы (артықшылығы), іскерлік белсенділіктің құлдырауы (өрлеу) және салық түсімдерінің азаюының (өсуі) дағдылы жүзеге асуымен байланысты болады.

Циклдік өрлеу кезеңінде Y2 > Y0 үлкен болады, сондықтан салық салымдары дағдылы өседі, ал трансферттік төлемдер дағдылы төмендейді.Нәтижесінде бюджет артықшылығы және инфляциялық дүргіліс төмендейді

Циклдік төмендеу кезеңінде Y2  < Y0, сондықтан салық дағдылы түрде төмендейді, ал трансферттер өседі.Қорыта айтқанда, салыстырмалы түрде өнім көлемі мен жиынтық сұраныс өскерде бюджнт тапшылығы құлдырауды шектейді.

 


 

               G, T                                                                   T’              


                                                                                                            T=Ta + t*Y 


     Бюджет                                         


 тапшылығы


                                                                                                     G=const



                                                                                    Бюджет артықшылығы

 

                                                                                                         G=Ga – γ *Y


 

 


                                             Y1←Y0→Y2                                                       Y              

3 – сурет – Салық-бюджет  саясатындағы бюджет тапшылығы  мен артықшылығы сызбасы [2,б. 156]

 

Циклдік тапшылықтың және артықшылықтың көлемі салық және бюджет функциялары графиктерінің  «шұғыл тікшелігіне» байланысты болады.Салық функциясы (T) бұрыштық көлбеуінің шекті салық мөлшерлемесінің (t) көлеміне тәуелді болады, ал мемлекеттік шығындар функциясының (G) бұрыштық көлбеуі - γ көлеміне тең, бұл шама трансферттер сомасы мен табыс көлемі өзгерісінің қатынасын сипаттайды.Сәйкес түрде, табыс деңгейі неғұрлым үлкен болған сайын, соғұрлым мемлекеттен алынатын салық мөлшері жоғары және трансферт төмен болады.

Егерде ағымдағы табыстың динамикасынан тәуелсіз мемлекеттік шығындарды (G) тұрақты деп жорамалдасақ, сол жағдайда  да экономика тұрақтылығының деңгейі жоғары болады, өйткені салық мөлшермесі (t) деңгейі жоғары болған сайын, сәйкес түрде T сызығы “тікше” орналасады.T’  жағдайында циклдік бюджеттік тапшылық және артықшылық көп болады.Сондықтанда T жағдайымен салыстырғанда, жиынтық сұраныстың төмендеуі мен өсуіне кіріктірме тұрақтандырғыш басымдау әсер етеді.Сол мезгілде экономиканың кіріктірме тұрақтандырғышы  салық саясатының ұзақ мерзімдік мақсаттарына – экономика әлуетінің өсуі мен өндіріс факторларының ұсынысын кеңейтуге ынтаны бекіту мақсаттарына қарама – қайшы келеді.Инвестициялауға ынталы болу, кәсіпкерлік тәуекелшілдікке және еңбекке салыстырмалы түрде қарағанда әсері күштірек болады, өйткені салық функциясының қисығы жатыңқы, бұл жағдай шекті салық салымының мөлшерін төмендету арқылы мүмкін болады.Бірақ бұл төмендеу циклдік  бюджет тапшылығы мен артықшылығының көлемі қысқаруымен қатар жүреді.Демек, экономиканың кіріктірме тұрақтантырғыш деңгейі төмендейді.

Информация о работе Қазақстан Республикасы салық саясатының даму келешегі мен орта мерзімді жоспары