Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 14:44, реферат
Фирма нарықтық экономиканың негізгі экономикалық агенті. Фирма экономикасы кәсіпорынды экономикалық басқаруды зерттейді. Бір немесе бірнеше кәсіпорыннан түратын, пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымды фирма деп атайды. Фирмаларды жіктеу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады, олардың маңыздысына меншіктің формалары жэне фирманың көлемі жатады.
Фирманың көлеміне сәйкес бизнес кілті (шағын), орташа жэне ірі бизнес болып бөлінеді.
Кіріспе
1 Фирманың теориялық аспектілері
1.1 Фирманы ұйымдастырудъщ негізгі нысандары
1.2 Фирманың іс-әрекеттері мен даму стратегиясы
2 Фирманы басқару және оның тауарын нарыққа шығару
2.1 Фирманың менеджменті
2.2 Фирманың маркетингі
3 Фирма шығындары және табысы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттердің тізімі
Мазмұны
Кіріспе
1 Фирманың теориялық аспектілері
1.1 Фирманы ұйымдастырудъщ негізгі нысандары
1.2 Фирманың іс-әрекеттері мен даму стратегиясы
2 Фирманы басқару және оның тауарын нарыққа шығару
2.1 Фирманың менеджменті
2.2 Фирманың маркетингі
3 Фирма шығындары және табысы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттердің тізімі
Кіріспе
Фирма нарықтық экономиканың негізгі экономикалық агенті. Фирма экономикасы кәсіпорынды экономикалық басқаруды зерттейді. Бір немесе бірнеше кәсіпорыннан түратын, пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымды фирма деп атайды. Фирмаларды жіктеу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады, олардың маңыздысына меншіктің формалары жэне фирманың көлемі жатады.
Фирманың көлеміне сәйкес бизнес кілті (шағын), орташа жэне ірі бизнес болып бөлінеді.
Осы заманда батыс экономикасында кіші бизнес шаруашылықтың ең ірі секторын кұрайды. Бұнда барлық жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі еңбек етеді. Кіші бизнестің типтік формасына франчайзинг (franchise -жеңілдік) жүйесі мен венчурлік (venture-бел байлау, тәуекел ету) кәсіпкерлігі жатады.
Қазақстанда бизнесті ұйымдастырудың
ерекшеліктері бар. «Кәсіпорын»
деген категорияға мазмұны
Нарық экономикасында, әміршіл-әкімшілік экономикасынан өзгеше, тауар-ақша айналымына, номиналдық емес, ақиқат меншік иелері қатысады: индивидуалдық кәсіпкерлер, кооперативтер, серіктестер, қоғамдық ұйымдар. Бұлар үшін экономикалық жағынан да, құқықтық жағынан да, кәсіпорынын құрудың ешқандай мағынасы болмайды. Бұларда басқа мақсат: кәсіпорын құру емес, «бір тұлғаның (адамның) компаниясын» құруды көздейді, яғни шаруашылық қоғамдарды. «Кәсіпорын» деген түсінік тек коммерциялық
емес ұйым ретінде - меншік иесі жоқ, мемлекеттік және муниципалдық секторларда өзін ақтайды.
Фирма теориясы негізін барынша көп пайдаға ие болу принципі құрайды, яғни табыстар мен шығындардың айырымының көп болуы. Фирманың қысқа мерзімдегі және ұзақ мерзімдегі іс-әрекеттерінің критерийі - барынша көп пайда табу болады.
Нарыктық экономикада менеджмент фирманы басқарудың негізгі формасы болады. Менеджмент (ағылшынша «managment» басқару)
шешімдер кабылдап, оларды орындауға бағытталған жүйе. Материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалану варианттарының мүмкіндігінше ең жақсы оптималдығын жүзеге асыру көзделеді.
Менеджменттің пайда болуы корпоративтік кәсіпкерліктің дамуымен байланысты. Осы болмыста, фирманың мүліктерін баскару кызметі меншік иесінің өкіліне - менеджерлерге көшеді.
Маркетинг теориясы АҚШ-да сату мәселелерінің шиеленісуіне жауап ретінде туып, тек тауарлар мен қызметтерді өткізу сферасын қамтыған (сауданы, жарнаманы, несиені т.б.). Өндіріс сферасы маркетингтік қызметіне жатпаған. XX ғ. 40—50-ші жылдары маркетинг нарықтық басқару теориясымен ұштасып, менеджменттің кұрамды бөлігіне айналды.
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты - фирма туралы толық зерттеп, оның менеджменті мен маркетингін айқындау.
Осы мақсатпен байланысты келесі міндеттерді шешу қажет:
Курстық жұмыстың кіріспеден, екі тараудан, корытындыдан және пайдаланылған әдеьиет тізімінен тұрады.
1 Фирма экономикасының теориялары
1.1 Микроэкономика теориясындағы фирманың экономикасы
Микроэкономика бойынша
«Кәсіпорын» - бұл профилді, бір ғана өнім шығаратын өндіріс. Мысалы, қант, ашытқы, дөңгелектер және т.б. өндірістері бойынша зауыттар.
«Фирма» - көп профилді өндіріс. Мысалы, Италия фирмасы «Фиат» тек ғана автомобиль шығарып қоймайды, теңіз кемелерін және т.б. шығарады.
Авторлардың бір қатары фирма экономикасы кәсіпорынды экономикалық басқаруд зерттейді деп есептесе, басқалары фирма экономикасы өндірісті ұйымдастыруды зерттейді, ал үшіншілері фирма экономикасы кәсіпорынның шаруашылық механизмін зерттейді деп есептейді.
Жекелеген авторлардың
айтуынша, оның теориясы мен практикасының
одан әрі дамуында, микроэкономика
макроэкономикалық талдаумен
Менің көзқарасым бойынша, фирма экономикасының теориясы қатаң рыноктық бәсеке жағдайындағы фирманың шаруашылық қызметін зерттейді.
Фирма нарықтық экономиканың негізгі экономикалық агенті. Бір немесе бірнеше косіпорыннан түратын, пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйым-ды фирма деп атайды. Фирмаларды жіктеу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады, олардың маңыздысына меншіктің формалары және фирманың көлемі жатады.
Меншіктің формасына сәйкес фирмалардың немесе кәсіпкерліктің үш түрін атап кетуге болады:
Индивидуалдын (жеке) кәсіпкерлік деген бір адам иелік ететін бизнес. Индивидуалдық бизнестің иелік етушісі сонымен бірге менеджер қызметін атқарады. Оның мүлігі мен жауапкерлігінде шек болмайды. Индивидуалдық кәсіпкерліктің басты кемшілігі капиталының аз мөлшерде болуы.
Артықшылықтары: меншік иесінің әрқайсысы барлық пайданы иемденеді, өзгерістердің қандайын болмасын өзі жүргізе алады. Индивидуалдық бизнесмен заңды тұлға болмайды. Сондықтан ол тек табыс салығын төлейді, корпорацияға белгіленген салық төлемейді. Бизнестің аса кең тараған бұл формасы ұсақ дүкендерге, қызмет сферасына, фермаларға, заңгерлік іс-әрекеттерге тән болады.
Серіктестік (партнерлік) дегеніміз екі және одан көп адам иелік ететін бизнес. Бұл да заңды тұлға емес, сондықтан табыс салығын ғана төлейді және фирманың барлық қарыздарына шексіз жауапкершілік артады. Артықшылығы: ұйымдастырылуы жеңіл, қосымша қаражаттар және жаңа идеяларды іске тарту мүмкіндігі болады.
Кемшіліктері:
Корпорация деп бір заңды тұлға болып бірлесіп, кәсіпкерлік кызмет жасау үшін қосылған адамдар жиынтығын атайды. Корпорация меншігіне қүқықтар акцияларға сәйкес бөлшектерге бөлінеді, сондықтан корпорацияның иелері акциялар ұстаушы, ал корпорацияның өзі акционерлік қоғам деп аталады. Корпорацияның табыстарына корпорация салымы салынады. Акциялардағы үлестеріне сәйкес белгіленетін корпорация қарыздары үшін, корпорация иелері шектеулі жауапкершілік артады. Корпорациялардың артықшылықтары:
Бизнес ұйымдастырудың корпоративтік формасының кемістіктері:
1. Акция ұстаушыларға дивиденд түрінде төленетін корпорация табысының болігіне екі жақты (екі рет) салық салынуы: біріншісі -корпорация пайдасының бөлігі деп, екіншісі - акция ұстаушы табысының бөлігі деп;
2. Экономикалық бей әрекеттердің, қылмыс жасауға қолайлы мүмкіңдіктердің мол болуы;
3. Меншіктену мен бақылау қызметтерінің бөлінуі. Акция иемденушілер барынша көп дивиденд алуға ынталы болады, менеджерлер оны азайтып ақшаны айналыска жіберуге тырысады.
Корпорациялардың басқа да кемшіліктері болады, бірақ артыкшылықтары одан көп.
Фирманың көлеміне сәйкес бизнес көлемі кішкене (шағын), орташа және ірі бизнес болып бөлінеді.
Осы заманда батыс экономикасында кіші бизнес шаруашылықтың ең ірі секторын кұрайды. Бұнда барлық жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі еңбек етеді. Кіші бизнестің типтік формасына франчайзинг (franchise -жеңілдік) жүйесі мен венчурлік (venture - бел байлау, тәуекел ету) кәсіпкерлігі жатады.
Франччайзингке ұсақ жеке фирмалар жатады. Белгілі жерде, белгілі сферада, өздерінің қызметтерінде ірі фирманың фабрикалық маркасын пайдалану құқығына ие болу үшін, олар бір-бірімен контракт жасасады. Бұлардың баға жағынан тауарды жеткізуде, жабдықтармен қамтылуда жеңілдіктері болады. Кіші фирмалар ірі компаниялардың өнімдерін бөлшек саудада сатушы қызметтері арқылы атқарады. Бұндай контрактар екі жаққа пайдалы: ұсақ фирмалар ірілерден қамқорлыққа ие болады, олардан сауда жасайтын аймақ алады, ал ірі фирмалар өнімдерін өткізуге жұмсалатын акшаны үнемдейді және қамқорына алғандардан ұдайы төлемдер алып тұрады.
Венчурлік фирма. Бұл ғылыми зерттеумен және оны әрі дамытумен айналасатын коммерциялық ұйым. Олар, осымен қатар, ғылыми жаңалықтарды иемденетін компанияларды қаржыландырады және консультация жүргізеді. Венчурлік кәсіпорындар жаңалық енгізуден бизнес жасайды. Олардың әрекеттері тәуекелділікті тілейді, бірақ жаңа өнім нарықтың талабына, сатып алушылар қажеттеріне, шығындардың төмендеуіне сәйкес келмесе, күйін күту мүмкіндігі мол. Сондықтан венчурлік фирмалар өнімнің бір түрін жасауды тез аяқтап, оның басқа жаңа түрлерін жасаумен айналасуға тырысады.
Венчурлік кәсіпкерлік екінші дүниежүзілік соғыстан кейін түңғыш рет АҚІІІ-да пайда болған. Венчурлік фирмалар Қазакстанда құрыла бастады, бірақ жалпы шағын кәсіпкерлікке ұқсас, кең тарамай отыр. Ал Қазақстан үшін шағын кәсіпкерліктің маңызы өте зор, ойткені ол көп мәселе шешеді:
Ірі өндірістен босаған адамдарды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Кіші бизнестің әлеуметтік-саяси мағынасы да зор: ол қоғамның тұрақтылығының кепілі болып табылатын «орташа» таптың даму негізі. Бірақ шағын бизнестің даму қарқыны қанағаттандырады деп айтуға ерте.
Бұның ішкі және сыртқы себептері аз емес;
Ішкі факторлар;
Банкілермен байланыстың нашарлығы.
Сыртқы факторлар;
Қисынсыз салық жүйесі;
Заңдардың шикілігі, тұрақсыздығы;
Криминалдық прессинг;
Шағын бизнесті жандандыру үшін қажет шараларды үш бағыттан жүрізу қажет;
Шағын бизнестің ішкі ортасын жақсарту керек;
Нақты фирмаларға тікелей көмек көрсету;
Шағын кәсіпорындарының
өзін-өзі ұйымдастыруын
Орташа бизнестің ролі мәз емес. Бұл ірі кәсіпкерлікпен де, ұсақ кәсіпкерлікпен де бәсекелес болады. Нәтижесінде ірілер қатарына шығуы мүмкі немесе мүлде күйрейді. Тек кейбір ерекше монополистік өнім шығаратын болса жағдайы жөнді болуы мүмкін (мүгедектерге, жарымжандарға арналған техника жасау, қала сағат-тарын жөндеу) т.б.
Ірі бизнес, көбінесе бизнестің ең түрақтысы. Оның нарықтағы монополдык, болмысы көпшілік түтынуына арналған арзан және мол өнім өндіруге мүмкіндік береді.
Енді мынадай сұрақтардың реті келіп түр: