Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 14:44, реферат
Фирма нарықтық экономиканың негізгі экономикалық агенті. Фирма экономикасы кәсіпорынды экономикалық басқаруды зерттейді. Бір немесе бірнеше кәсіпорыннан түратын, пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымды фирма деп атайды. Фирмаларды жіктеу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады, олардың маңыздысына меншіктің формалары жэне фирманың көлемі жатады.
Фирманың көлеміне сәйкес бизнес кілті (шағын), орташа жэне ірі бизнес болып бөлінеді.
Кіріспе
1 Фирманың теориялық аспектілері
1.1 Фирманы ұйымдастырудъщ негізгі нысандары
1.2 Фирманың іс-әрекеттері мен даму стратегиясы
2 Фирманы басқару және оның тауарын нарыққа шығару
2.1 Фирманың менеджменті
2.2 Фирманың маркетингі
3 Фирма шығындары және табысы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттердің тізімі
1. Қандай жағдайлар фирма көлеміне әсер етеді?
2. Фирмалар не үшін құрылады?
3. Нарық мүшелерінің әрқайсысын минифирма болдырып, неліктен барлық экономика «жаппай, түгел» нарық түрін алмайды?
Баршаға мәлім, нарык бостандық әкеледі, ал әкімшілдік, иерархия, бақылау және саналы жоспарлаудың болуы туралы бостан-дыққа шек қояды. Мәселе нарық механизмін пайдаланудың арзанға түсуінде. Нарықтың оз мүшесі өздерінің жеткізушілері мен жаб-дықтаушылары және сатып алушылары туралы, келіссөз жүргізу және келісім-шарт талаптарының орындалуы туралы информация алуға мәжбүр болады. Осы үшін шығын жасалынады. Осындай шығындар трансакциондык (лат. trnsасtіо «келісім») шығындар деп аталады.
Бүл шығындар нарықтық агенттердің бір-бірімен қатынаста-рын келістіру процессінде пайда болады. Егер экономика тек жал-ғыз физикалық түлғалардан тұрып, «жаппай, тағы» нарық болса, миникелісімдер өте көп болғандықтан, трансакциондық шығындар тым көп болар еді. Фирманы үйымдастыру, осы шығындарды төмендетудің әдісі болып табылады. Фирмалар нарықтық механизмді шектеп, жою мақсатымен, нарықтық үйлесінің қымбат болған-дығына жауап ретінде құрылады деген тұжырымдар жоқ емес. Шынында, трансакцияларды нарықтың көмегінсіз, фирманың ішінде жасау арзан түседі екен. «Иерархия» (фирма) мен нарықтың бір-бірінен артықшылығы жоқ.
Нарықтық және әкімшілік реттеу тетіктерін салыстыру арқы-лы,
фирманың қажетті көлемін анықтауға болады. Ол нарықты пайдаланудың
шекті шығындары мен әкімшілік бақылауды қолда-нудың шекті шығындарының тендесу нүктесі арқылы белгіленеді. Осы шекараға дейін «Иерархия» (фирма) пайдалы болады, ал содан кейін - нарық пайдалы.
*Фирманың оптимаддық көлеміне өндірістің саласы, технология, фирманың
интелекциялану дәрежесі, т.б. әсер етеді.
Фирма теориясында фирмалар тік және көлденең интеграци-яланған
фирмалар болып бөлінеді.
Интеграция деп өндірістік процестің ең төменінен, оның ең жоғары
сатысына дейін (мысалы, мұнайды өндіруден бастап одан шығарылған
өнімдерді сатуға дейін) айналысатын фирмалар бірлестігін атайды.
Көлденең интеграция — бір түрлі бизнеспен айналысатын фирмалардың
бірлстігі. Көлденең интеграцияның бір түрі - - диверсификация (ағылшынша
diverсаtіоn - саналуан, көптүрлілік). Бүл, бір-бірімен технологиялық
байланысы болмайтын, саналуан фирмалардың бірлестігі. Мысалы,
химиалық концерн «Дюпон-де-Немур» химиялык тал жіп (талшык), дәрі-
дәрмек рефрижератор-лар, үшақтар ондірістерін біріктіріп отыр.
Қазақстанда бизнесті ұйымдастырудың ерекшеліктері бар. «Кәсіпорын» дегең категорияға мазмұны жағынан жаңа толықтама енгізілді. Ақырғы уақытқа дейін ол ерекше ұйымдык-кұқықтық форма деп түсінілетін, яғни меншікті жоқ коммерциялық ұйым деп, өйткені жоспарлы экономикада меншікті иесі мемлекет. Шынында мемлекет өз кәсіпорындары арқылы тек озімен өзі іс-әрекетте болды, өйткені косіпорындарының өздерінің мүліктерін «сату» туралы бір-бірімен жасасқан келісім шарттары осы мүлікке деген меншік құқын өзгертпейді, өйткені мемлекет меншік иесі болып кала берді.
Нарық экономикасында, әміршіл-әкімшілік экономикасынан өзгеше, тауар-ақша айналымына, номиналдык, емес, ақиқат меншік иелері қатысады: индиімідуалдық кәсіпкерлер, кооперативтер, серіктестер, қоғамдық үйымдар, Бүлар үшін экономикалық жағы-нан да, құқықтық жағынан да, кәсіпорынын құрудын ешқандай мағынасы болмайды. Бүларда басқа мақсат; кәсіпорын кұру мес, «бір түлғаның (адамның) компаниясын» құруды көздейді, яғни
шаруашылық қоғамдарды. «Кәсіпорын» деген түсінік тек коммер-циялық
ұйым емес ретінде - меншік иесі жоқ, мемлекеттік және муниципалдық секторларда өзін ақтайды.
Нрықтық түсінім жағынан «кәсіпорын» кәсіпкерліктің ерек-ше ұйымдастыру қүқықтык формасы емес, ол тек мүліктік кешен ғимараттардың, қүрылыстардың жабдықтардың, шикізаттардың жиынтығы болы табылады. Ол унитарлык бола-ды, ойткені оның мүліктері жалғыз меншік иесінде (мемлекеттің, муниципалдық құрыльмдардың) болады, сондықтан жүмыскерлердің арасьнда бөлініске түспейді.
Санитарлық кәсіпорының бір түрі федералдық қазыналық
кәсіпорындар. Мемлекеттік және муниципалдык унитарлық кәсіпорындар заңды түлға болады.
Занды тулғаға өзінің меншігінде, немесе, шаруашылық пайда-лануында, акшалай мүлігі болатын және өздерінің міндеттері үшін осы мүлік мөлшелерінде жауап беретін, ұйымдар жатады. Занды түлғаға коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар жатады.
Коммерциялық ұйымға пайда табуды қызметтерінің негізгі мақсаты деп түтатын үйымдар жатады.
Коммерциялық емес ұйьмдарға пайда табумен, оны мүшелерінің арасында бөлуді мақсат етпейтін ұйымдар жатады.
Коммерциялық ұйымдардың формалары:
Шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдар;
Өңдірістік кооперативтер;
Мемлекеттік және муниципалдық унитарлық кәсіпорындар. Шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдардың мынадай формалары болады:
толық серіктестік;
сенімді серіктестік (коммандиттік серіктестік);
жауапкершілігі шектелген қоғам;
қосымша жауапкершілігі
бар қоғам;
акционерлік қоғам (ашық, жабық); балалық және тәуелді қоғамдар.
Кәсіпкерлік іс-әрекетпен айналысатын және өздерінің қарама-ғындағы мүліктер шамасында іс-әрекеттерінің нәтижесіне жауапты серіктестік толық серіктестік деп аталады. Толық серіктестіктің пайдасы мен шығындары осының мүшелері арасында олардың жалпы қосынды капиталдағы үлес салмағына пропорционалдық түрде бөлінеді. Бір толық серіктестіктермен қатар осы серіктестікте бір, немесе, бірнеше мүше салымшылар (коммандистер) болса, онда бүндай серіктестіктер сенімдегі (коммандиттік) серіктестік деп аталады. Коммандистер салығын қауіпіне өздерінің салымдарының мөлшерінде ғана жауапты болады және олар осы серіктестіктің кәсіпкерлік қызметіне қатыспайды. Бұлар серіктестіктің пайдасьнан қосынды капиталдағы өздері салымдарына сәйкес бөлімін алады.
Жауапкершілігі шектелген қоғамның мүшелері, өздері қосқан салықтардың құны көлеміңде шығындар кауылына жауапты болады.
қосымша жауапкершілігі бар қоғамдардың мүшелері жауапкершілікті өздері қосқан салымдарының құнына сәйкес, барлығына ортақ есе көлемінде жауапты болады. Егер бір мүше банкрот болса, оның жауапкершілігі қалғандарына, солардың салымдарына пропорционалды бөлінеді.
Акционерлік қоғам - жарғылық қоры (капиталы) акциялардың белгілі санымен бөлінген қоғам. Акционерлердің жауапкерлігі тек өздерінің акциалары құнының шамасында болады.
Ашық акционерлік қоғам шығарылатын акцияларға ашық жазылу жүргізіп, оны сатуға құқығы бар болады.
Жабық акционерлік қоғамның акциялары тек осы қоғамның кұрылтайшылары арасында бөлініп таратылады.
Барлық шаруашылық қоғамға капиталының мөлшері барлық қоғамның жарғылық капиталы мөлшерінің басым көбін кұрамайтын қоғам жатады. Сондықтан бұндай қоғам, барлық қоғам шешімдеріне шешуші ықпал ете алмайды. Балалық қоғам негізгі қоғамның қарыздары бойынша жауапты болмайды.
Тәуелді қоғам, әдетте, негізгі қоғам дауыс беретін акциялардың 20% артық ацияға ие болған жағдайда орын алады.
Өндірістік кооператив өздерінің бірлескен жеке еңбектеріне және қосылған төлемдеріне негізделген, бірлесіп өндірістік, немесе, басқа да қызметтер атқару үшін қосылған адамдардың еркін бірлестігі.
Унитарлық қәсіпорын - бұл меншік иесі оның қарауына берген мүліктерге меншік құқы жоқ, коммерциялық ұйымдар. Унитарлық форма тек мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындарға тән болады.
Коммерциялық емес ұйымдар, тұтыну кооперативтері, қоғамдық, неме, діни мекемелер, кайырымдылық және басқа қорлар формасында құрылуы мүмкін.
Материалдық және басқа қажеттерді қанағаттыру мақсатпен, адамдардың жарна төлемі негізінде құрған еркін бірлестігі, тұтыну коопира тиві деп аталады. Тұтыну кооперативтердің кәсіпкерлік қызкерлерден түскен табыстары солардың мүшелері арасында бөлінеді.
Қоғамдық және діни ұйымдарға рухани және басқа материалдық емес қажеттерді қанағаттандыру мақсатпен құрылған азаматтардың еркін бірлестіктері жатады. Бұлар коммерциялық емес құрылымдар. Бірақ, бұлардың тек құрылғандағы мақсаттарға жету үшін (мысалы балауыз шам, крест, шіркеулердің тізбек бауларын жасау) кәсіпкерлік кызметпен айналысу құқы болады.
Осы ұйымдардың мүшелерінің сол ұйымның мүліктеріне құқығы болмайды.
Қор деп еркіндік негізде жарналар арқасында құрылған коммерциялық емес ұйымдар аталады. Бұлардың әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, ағарту немесе басқа мақсаттары болады. Қор өз алдына қойған қоғамдық пайдалы мақсаттарға жетуді қамтамасыз ету үшін, кәсіпкерлік қызметтермен айналыса алады. Коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар ассоциация және одақтасып бірлесуі мүмкін.
1.2 Фирманың даму стратегиясының теориясы және шаруашылық жүргізудегі негізгі ережесі.
ХІХ ғасырдың басында француз экономисі Жан Батист Сэй кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі ережесін қалыптастырды. «Пайданы көбейту үшін өндіріс шығындарын азайту керек». Осы классикалық ереже еркін, жетілген нарықтық бәсеке жағдайында бас тартпай жұмыс істеді. Бұл жағдай сол кездегі өнеркәсіп фирмаларының шаруашылық қызметтері, шығарылған өнім ассортименті және өткізу рыноктары салыстырмалы түрде тұрақты болуымен түсіндіріледі. Тұрақты рынокта фирмалар осы нарықта өздерінің белгілі бір үлесі үшін күресті. Фирманың стратегиялық мақсаты сатуда бағаларды және өндіріс шығындарын азайту арқылы өзінің үлесін көбейту.
Осы бойынша америка ғалымы, экономист, америка жоғары оқу оындарының студентері үшін белгілі «Экономика» оқулығының авторы П. Самуэльсон: «тауар өндірушілер бағалар бәсекесіне қарсы тұра алады және өздерінің пайдасын максимум деңгейге дейін көтере алады, тек ғана шығындарды минимум деңгейге дейін азайтқанда, бұл өз кезегінде өндірістің ең тиімді әдістерін ендіргенде ғана қол жеткізіледі» - деп жазды.
Қазіргі жетілмеген, бағалық емес бәсеке жағдайында өндірістің шығындарын азайту арқылы пайданы көбейту жолын іздеу әрекеті, әсіресе фирмалар арасында бәсеке болғанда ерте ме, кеш пе фирма үшін төлем төлейалмау жағдайына әкеледі.
Фирма, егер ол нарықта үлгеруге ұмтылса, мына ережені бұлжытпай орындауы тиіс: табыстарды көбейтуді, шығындарды азайту арқылы емес, сату көлемін арттыру арқылы жүзеге асыру керек, шын мәнінде, осы факторлар өзара байланыста болса да.
Микроэкономика саласындағы мамандардың бағаланушы кез келген фирма үшін кез келген экономика үшін шаруашылық қызметтің бағдары болып әлемдік сыныпты қазіргі заманға сай кәсіпорындарда өндірісті ұйымдастыруы болуы тиіс және мына параметрлерге сәйкес келуі тиіс:
Біріншіден, үлкен икемділігі, өнім ассортиментін тез өзгерту және өнімді жиі жаңарту қабілеттері болуы керек. Стандартталған өнімнің қатаң стандартқа негізделген жаппай өндірісі тұтынушылардың тез өзгеретін сұраныстарына бейімделуге қабілетсіз және оның салдары төлем төлей алмауға әкеледі;
Екіншіден, фирма жаңа технология мен өндірісті ұйымдастырудың жаңа нышандарына көшуге ұмтылуы тиіс. Өндіріс технологиясы күрделі екені соншалықты, қазір еңбек бөлінісі мен ұйымдастырудың басқа да нышандарын әсіресе фирма өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі туралы мәселе шынымен қойылған жағдайда қажет етеді;
Үшіншіден, фирмаға өзінің өнімінің сапасын және сатудан кейінгі сервистің деңгейіне көтеруге ерекше көңіл бөлуі керек. Тұтынушылардың өнім сапасына деген талаптары бүгін тек, өсіп ғана қойған жоқ және де өзінің сипатын түбірімен өзгертті.
Фирманың қысқа мерзімдегі және ұзақ мерзімдегі іс-әрекеттерінің критериі бойынша көп пайда табу болады.
Қысқа мерзімге фирманың өндірісте пайдаланатын құрылыстарының жалпы көлемін және машиналар мен жабдықтардың көлемін өзгертуге жеткізуге болатын уақыт мерзімі жатады. Осы мерзімде олар өндіріс көлемінің өзгерісінің ізімен өзгеріп отырмайды, тұрақты болып қала береді. Өндірістің басқа факторлары (еңбек, капитал) өзгеруі мүмкін, сондықтан олар өзгермелі деп аталады.
Айталық, аяқ киім өндірісін көбейту үшін, бір жұмада жаңа ғимарат салып алу мүмкін емес, бірақ қосымша материалдар сатып алуға немесе жаңа жұмыскерлер жалдауға мүмкіндік болады.
Қысқа мерзім шамасының көлемі өндіріс саласына, технологияға, басқа жағдайларға байланысты болады. Мысалы, домна өндірісінде қысқа мерзім өзінің ұзақ болса, балмұздақ өңдірісінде ол өте аз болады.
Ұзақ мерзімге үнемі өзгеріп тұратын өндіріс дәрежесіне байланысты, фирманың өздерінің құрылыстары мен жабдықтарының қуатын өзгертуге мүмкіндік беретін, уақыт мерзімі жатады.