Фирма шығындары және табысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2013 в 14:44, реферат

Описание работы

Фирма нарықтық экономиканың негізгі экономикалық агенті. Фирма экономикасы кәсіпорынды экономикалық басқаруды зерттейді. Бір немесе бірнеше кәсіпорыннан түратын, пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымды фирма деп атайды. Фирмаларды жіктеу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады, олардың маңыздысына меншіктің формалары жэне фирманың көлемі жатады.
Фирманың көлеміне сәйкес бизнес кілті (шағын), орташа жэне ірі бизнес болып бөлінеді.

Содержание работы

Кіріспе
1 Фирманың теориялық аспектілері
1.1 Фирманы ұйымдастырудъщ негізгі нысандары
1.2 Фирманың іс-әрекеттері мен даму стратегиясы
2 Фирманы басқару және оның тауарын нарыққа шығару
2.1 Фирманың менеджменті
2.2 Фирманың маркетингі
3 Фирма шығындары және табысы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттердің тізімі

Файлы: 1 файл

микроэкономика курсовая.doc

— 182.00 Кб (Скачать файл)

Ұзақ мерзімде фирма барлық өндіріс  факторларының көлемін өзгерте  алады. Бұлардың барлығы өзгермелі  болады. Бұл мерзімде фирма факторларды  келісімді түрде қиыстыруға тырысады, шығарылатын өнімнің берілген көлеміне жұмсалатын шығындардың барынша аз болуын көздеп, еңбекті капиталмен немесе керісінше алмастырып отырады.

Фирма әрекеттеріне тек уақыт әсер етіп қоймайды, оларға бәсеке формасы ықпал жасайды. Енді фирманың жетілген бәсеке жағдайындағы рационалды іс-қимылына назар аударайық. Фирманың мақсатын баға мен шығыңдардын ара алшақтығын барынша көтеруді естен шығармайық. Жетілген бәсеке нарығында ешбір фирма өздері өндіретін өнімдер бағасына әсер ете алмайды. Баға тек жалпы нарықтық сұраныс пен барлық фирмалар ұсыныстарының бір-біріне әсер ету нәтижесінде белгіленеді. Егер фирма өз өнімінің бағасын көтерген болса, ол сатып алушыларынан айрылады, олар бұны бәсекелесінің өнімін сатып алады. Сөйтіп, сату нөлге дейін төмендсйді. Фирма бағаға үстемдік ете алмайды. Оның шығындарының қимыл-ісі осы косіпорындағы технологиямен болжамдалады. Барынша мол пайда алу үшін кәсіпкер не істеу керек? Ол тек өндіріс көлемін өзгерте алады. Енді келесі сұрақ туады: барынша мол пайда алу үшін фирма қанша оны, өндіріп сату керек? Бұған жауап алу үшін өнімнің нарықтық бағасы мен фирмаларының шекті шығындарын салыстыру қажет.

Егер фирма өз өнімін бір, екі, үш, т.б. бірлікке өсіріп отырса, онда келесі бірлігін  әрбіреуі (айтайық жаңа орындықтың әр біреуі) жалпы табысқа да жөн жалпы шығындарға да «бірдеме» қосып отырады. Осы «бірдеме» шекті табыс және шекті шығындар. Шекті табыс шекті шығындардан артық болса  өндірілген бірліктің әрқайсысының жалпы табысқа қосқаны, оның алдлығындарға косқанынан артык, болады.

Батыс экономикалық әдебиетіндегі  фирма теориясы пайданы барынша көбейту принципіне негізделген. Бірақ фирма әрекеттеріне басқа да мотизация беру аз кездеспейді кейбіреулер фирманың мақсаты пайданы барынша көбейту емес, сату көлемін көбейту дейді;

Басқа концепция бойынша, американлық  профессор Г.Саймонның «қанағаттандыру» теориясы бойынша, фирма тек пайданың белгілі дәрежесін көздейді, ал бұған жеткен соң, оны одан әрі қара барынша жоғарылату үшін әрекет етпейді.

Винтердің «эволюциялык теориясының» дәлелдеуі бойьшша, фирмалар барынша  көп пайда табуға тек талаптанады, бірақ оны таба алмайды, тапқан болуы тек кездейсоқ жағдайда мүмкін болады.

Уақытқа (қысқа, немесе, ұзақ мерзімге сәйкес) және бәсеке жағдларына байланысты, фирма өзінің стратегиясын тұжырымдайды.

Стратегия бұл фирманың негізгі ұзақ мерзімді мақсаттары мен міндеттерін тандау, іс-әрекеттер бағыттарын анықтап бекіту және мақсаттарға жетуге қажет ресурстарды бөліп орналастыру.

стратегия екі типке  бөлінеді:

Қорғаныстық  стратегиясының  екі бағыты болады:

Имитациялық (еліктеу) стратегиясында бәсекелестердің ғылыми-техникалық жетістіктерін пайдалану арқылы жаңалықтар енгізуден туатын қауіп азайтуға назар аударылады.

Фирма нарықты үнемі  байқап отырады, жаңа өнім пайда болуын күтіп отыр  және ресурстарын  ұқсас өнім, немесе, оның прототипін (түп түлға) енді жұмылдырады.

Күту стратегиясы. Фирмалар осы стратегияны өзінің ұйғарымы бойы осы нарықтан кетуді жоспарлағанда, немесе, басқа бәсекелес осы нарық қолайлырақ орналасқанда, өз өндірісін жүргізу арқылы қолданады.

Шабуылдық стратегияның төрт бағыты болады:

Рационализациялау стратегиясы. Бұл жаңалықтар енгізу үшін ресурстардың өсуін талап етеді. Жаңа технологияға сылақ жүргізуге пайдаланатын балалық және венчурлік компанияларға қаржы қолдау көрсетіледі.

Квотаны (шығаратын өнімнің - санын) дифференциациялау стртегиясы. Бұның мақсаты жоғары пайданы сақтап, фирма үшін нарықтың елеулі бөлігін қамту. Жоғары пайданың негізін тұрақты инвестициялар құрайды. Осының көмегімен фирма өз өнімінің бағасын төмендетіп, оған тұтынулық сұранысты өсіруді көздейді.

Инновациялық стратегия өнім мен қызметтердің жаңалануын, сонымен бірге негізгі қорлар өндірісінің жаңалануын және инновацияларды жаңа жер мен технологияға енгізуді тілейді. Инновациялар өнімдік және техникалық болып бөлінеді.

Инновация жаңа өнім  бағасын көтеру арқылы фирмаға өз пайда барынша көбейтуге мүмкіндік береді.

Геологиялық инновациялар өндірілген өнімнің өзіндік құнын  төмендету арқылы және өнімнің сапасы өскенде, оның өзіндік құнының артық  жол бермей, пайданы барынша көбейтуге көмектеседі.

Нарықтың қуыстарды  меңгеріп оларды толтыру стратегиясы. Бұл жүзеге асыру ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізумен, елеулі шығындар жасаумен және іскерлік тәуекелдікпен байланысты. Тәуекелдік болжаумен және жоспармен  қарастырылған  шығындардың немесе табыс түсірген ықтималдығы. Тәуекелдіктің маңызды түрлері:

Өндірістік;

Коммерциялық;

Қаржылық;

Несиелік;

Проценттік;

Коммерциялық қатер — кәсіпкер сатып алған тауарлар мен қызметтерді өткізуіне байланысты процестерде туады.

Қаржылық   қауіп-қатер қарызға     алынған     қаражаттар     мен

кәсіп  барлық қаржыларының арасындағы өзара байланыстан пайда  болады№

Несиелік қауып - қарыз алушының оны қайтара алмайтын мүмкіндіктің болуынан байланысты.

Проценттік қауіп-қатер  - процент нормасының өсуіне байланысты, құнды іс қағаздың бағасының төмендеп кетуінің мүмкіндігімен байланысты болады.

Дегенмен де мынадай  пікір қалыптасқан: қауіп-қатер болу мүмкіндігінің дәрежесі осы іс-әрекеттерге  қатынасатын адамдар санына керісінше  пропорционалды болады.

Қауыпа-қатерден сақтандыру келісімін жасағанда, сақтандыру кемлісімін кәсіпкерге тәуекелге бел байлағаны  үшін сыйлық төлейді. Мұның көлемі мүмкін болатын шығындар көлеміне тең бола алады. Сондықтан осындай тәуекелдіктің  жөні бар деуге болады. Сақтандырылмаған қауіп-қатер (тәуекелдік)  - фьючерстік келісім жасау арқылы хеджирлендірумен (жеткізуші, немесе сатып алушы бағалардың ұнасыз  өзгерістерге ұшырау мүмкіндігінен сақтандырылады) және нарықтық операциялардың басқа да түрлерімен сақтандырылуға жатады.

 

 

 

 

 

 

2 Фирманы басқару  және оның тауарын нарыққа  шығару

 

2.1  Фирманыц менеджменті

 

Нарықтық   экономикада   менеджмент   фирманы   басқарудың   негізгі

формасы   болады.   Менеджмент   (ағылшынша   “management” басқару)

шешімдер  қабылдап, оларды  орындауға  бағытталған  жүйе.  Материаддық,

еңбек және қаржы ресурстарын пайдалану варианттарының мүмкіндігінше

ең жаңа оптималдығын жүзеге асыру көзделеді.

Менеджменттің пайда болуы  корпоративтік  кәсіпкерліктің дамуымен

байланысты. Осы болмыста, фирманың мүліктерін басқару қызметі  меншік

иесііліне — менеджерлерге  көшеді.

Менеджер деп акционерлердің пайда алуын мақсат ететін, ақы алып

Фирма қызметтерін ұйымдастыратын жалдама жұмысшылар аталады.

менеджмент XX ғ. басында қалыптасқан. Осының негізін калаушылар

американдық инженер Тэйлор және франциялық А Файоль.

Өндірістің   тиімділігін    жоғарылатуға   мүмкіндік   тудырған   еңбекті

рационалдау мен оның қарқындылығын арттыру шарттарын ашқан Тэйлор

болды мұның пікірі бойынша, осы мақсатқа жету үшін басқару саласында

төрт қызмет орындалуы керек: мақсатты тандап белгілеу, мақсатқа жету

құралдарды таңдау, құралдарды дайындау, нәтижелерді бақылау. А.Файоль

бойынша, менеджердің міндеті: болжау, ұйымдастыру, жарлық ету (жүргізу),

келістіру бақылау.

Осы   замаңда   менеджменттің   төрт   қызметі    аталады:   жоспарлау, ұйымдастыру, мотивациялау, бақылау.

Жоспарлау фирманың іс-әрекеттерінің мақсаттарын, оларға жетудің басты бағыттары мен құралдарын анықтауды (белгілеуді) тілейді. Бизнес

жоспар     —   жоспарлаудың   негізгі   элементі.   Есеп   беру   құжаты   және

инвестициялардың    басты    дәлелі    болатын    осы    бизнес-жоспар,    фирма дамуының   кешендік   жоспарын   жасаудың   мақсаты         басқарушыларға фирманың жағдайы туралы толық мәлімдеме беру болады.

бизнес-жоспарды жан-жақты  дәлелдеп жасау инвесторлар жағынан  олардың инвестицияларының тұрақты  болатыңдығына және компанияның  басқа ушыларына сенімділік тудыруды көздейді. Бизнес-жоспар 3—5 жылға жасайды. Ол мына бөлімдерден тұрады:

нарыққа талдау жүргізу  және маркетингтік стратегия;

өнімдік стратегия; ондірістік стратегия;

ирманы басқару жүйесінің  және меншіктің дамуы;

қаржылык; (экономикалық) стратегия.

Өздерінің даму дәрежесіне байланысты, әрбір жеке фирмалар жоспардың жекеленген бөлімдеріне бірдей маңыз бермейді. Жұмысқа жаңа, кіріскен фирмалар каржылық стратегияға назарын көбірек аударады.

дамыған, қалыптасқан  фирмалар көбінесе өнімдік және өндірістік стратегияның қамын ойлайды. Көпшілік үшін бизнес-жоспар кысқаша рефератпен толықтырылады. Ұйымдастыруға фирманың құрылымын құру және көзделген мақсаттарға жету үшін оның бөлімдерінің өзара әсері мен үйлесімдігін қамтамасыз ету жатады.

Мотивацияға жұмыскерлердің еңбекке деген ішкі ынтасын оятып жандандыру жатады. Осы бөлімде экономикалық ғана емес, психологиялық аспект орын алады.

Бақылауға жоспарланған нәтижелер мен нақты кол жеткен нәтижелердің сәйкестігін анықтау және фирма қызметтеріне түзету енгізу жатады.

Басқарулық  шешімдер  қабылдау үшін  фирманың экономикалық  іс-әрекеттерінің көрсеткіштеріне  талдау жасаудың маңызы зор болады.  Көрсеткіштер жүйесінен мыналарды бөліп атауға болады:

•  экономикалық потенциалдық көрсеткіштері;

•   шаруашылық кызметтер  нәтижесінің көрсеткіштері;

•  фирманың  төлем  қабілетін     сипаттайтын     қаржы     болмысының көрсеткіштері.

Соғысымен танысайық. Талдаумен  маман-аудиторлар айналысады. Кейдс  фирманың өз құрамында аудиторлар болады, бірақ көбінесе олар сырттан шақырылады.

Олардың қызметі  - фирманың нарықтық позицияларының мықтылығы  (сенімділігі, тұрақтылығы) туралы ресми  қорытынды жасау туралы мәлімет  алуды калаушылар:

Банктер — фирманың несиені  өтеу кабілетін айқын білу үшін;

Партнерлер фирманың     өндірістік-сауда    операцияларының тұрақтылығын айқындау мақсатымен;

Фирманың    акцияларын    сатып    алушылар    капитал    нарығындағы фирманың күнделік (ағымды) және болашақ (перспектива) жағдайы  туралы акиқат  алу үшін.

Олардың қаржы көрсеткіштерінің аса маңыздылары:

Қылметтегі капиталдың мөлшері. Бұл айналым капиталы мен  ағымды қарыздар сомасының айырмасына тең болады және фирманың несие берушілермен қатынасуға «мықтылығын» сипаттайды; ияларды өтеу коэффициенті. Бұл фирманың құнды қағаздарына ақша ағымының сенімділігін, тұрақтылығын сипаттайды. Коэффициент жоғалтылған сайын фирма облигацияларын сатып алу кауіпі төмен болады; :лигациялардан түсетін проценттік табыстың өтелу коэффициенті. Бұл облигацияларды ұстаушыларға уәде бойынша осы облигациялардан түсетін  табыс жиынтығы мен осы табысты қамтамасыз ететін түсіндің арасындағы еселік қатынас. Бұл фирма облигацияларының сенімділігін көрсетеді;

Акция әперетін   табыс   пен   оның   нарықтық   бағасы   арасындағы сәйкес

Девиденттер төлеу коэффициенті;

Меншікті капиталдың рентабльдігі.

Фирманы басқару оның құрылымының жасалуын талап етеді.

Құрылым деген басқарудың әр түрлі дәрежелері  мен фирма-лардың бөлімшелері арасындағы тұрақты байланыстар. Басқарудың әр дәрежесінде өздеріне тән  сұрақтар  кешендері  шешіліп  отырады.   Осы  замандағы  ірі фирмаларда басқару жүйесі төрт сатыдан тұрады:

Директорлар кеңесі

Президент, вице-президент, басқа басқарушылар;

Функционалдық штабтар  мен кызметтер;

Тындаушылар.

Директорлар  кеңесі  бас  орган. Ол  фирманың  жалпы  саясатын белгілейді. Оны құрайтын 10-20 адам акционерлер жиналысында сайланады.                                                                                                                                                                                                   Директорлар                 кеңесі                     мүшелерінің              фирманың             экономикалық,            қаржылық

және      құқықтық    қызметтері     үшін     индивидуалдық    және    ұжымдық жауапкершілігі болады.

Менеджмент құрылымы үш бөлімнен тұрады:

өдірістік менеджмент;

қаржы менджменті;

нарықтық (өткізу) менеджмент, немесе, маркетинг.

Өндрістік менеджмент белгілі көлемде, белгіленген сапада, келісімді мерзі және шығындарды барынша төмен жүмсап, тауарлар өндірумен айналысады Іч.а ын баскарушы қосалкы жүйе болып табылады.

Информация о работе Фирма шығындары және табысы