Казак тилинде жургизу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Мая 2015 в 20:17, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпанындағы №550 «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығында іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру кестесін белгілеу арқылы барлық мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарда мемлекеттік тілдің іс жүргізудегі негізгі тіл ретінде қолданылуын қамтамасыз ету жоспарланған. Бұл міндет әрбір мекемеде жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындарында нормативті –жарлықшы құжат түрлерін азаматтық қарым-қатынаста жиі қолданылатын іс қағаздарын, іскери хат түрлерін жүргізуге курстарын мақсатты және сапалы өткізуді талап етеді.
Ұсынылып отырған құрал меншіктің барлық нысандағы кәсіпорындардың өз қызметкерлерінің жеке құрамын басқаруда пайдаланатын құжат үлгілерін сипаттайды.

Файлы: 1 файл

730_mubarakova_b.b._is_khagazdarin_khazakh_tilinde_jurgizu.doc

— 590.50 Кб (Скачать файл)

Қаржылық-есептік құжаттармен жұмысқа жалпы мінездеме.

Қаржылық-есептік құжаттарын қаржы бөлімі мен бухгалтерия қызметкерлері құрастырады. Қаржылық құжаттарының дұрыс құрастырылуы ақшаның дұрыс қолдануын білдіреді.

Есептік құжаттардың жіктелуі:

Қазіргі уақытта шаруашылық қызметінде қолданылатын барлық құжаттарды төмендгі белгілері бойынша жіктеуге болады:

1. Белгілеуіне қарай:

- реттеуші құжаттар- белгілі  шаруашылық жағдайындағы шешуші құжаттар (басшының есеп бойынша ақша беру туралы өкім)

- анықтамалық құжаттар- өкімнің  орындалуы туралы ақпараттық  мазмұндағы құжат (аванстық есеп)

- бухгалтерлік ресімдеу құжаттары келешекте есептік үрдісте пайдалану мақсатындағы бухгалтерлік жазбаларың ресімделуі.

- қисындастырылған құжаттар (аралас құжаттар) – реттеуші, орындаушы  және бухгалтерлік құжаттадың жинақталуы (есептік- толем тізімдемесі – еңбек төлемі бойынша).

2. Мазмұнына қарай

- материалдық

-қаржылық (ақшалай)

-есептік

3

- алғашқы құжат (кірістік  және шығыстық кассалық ордер)

-жиынтық (кассирдің есебі)

4. Қолдану жағдайына қарай

    -  бір реттік  құжат

    - жинақтық

5. Есептік- айқындама есебі бойынша

- бір жолдық

  -коп жолдық

6. Құрастырылу орына қарай

-ішкі

-сыртқы

7.Толтыру жолына қарай

-қолымен толтырлған

- есептегіш құралдардың  комегімен толтырылған

Бұл аталған құжаттарды төмендегіше топтастыруға болады:

Ұйымдастырушы- жарлықтық құжаттар

  Қаржылық – есептік операциялар бойынша негізгі құжат түрлері.

Ақшалай чек – бактен чекте көрсетілген есептік соманы ақшалай алу.

Есеп айырысу чегі – төлеушінің өз есеп шотындағы белгіленген соманы алушының есебіне аудару. Есеп айырысу чегі тек қолма-қол ақшасыз есептесу үшін қолданылады.

Чектер арнайлы қағазда, чек  кітапшасында жазылады.

Чек тер есеп беру құжатының бірі ретінде сақталады.

                                  Фактура шоты.

Фактура шот – бұл тауарлық- есептік құжат, жабдық- таушының сатып алушыға тауар өткізгенде толтырылады.

  Фактура шоты мынадай  негізгі деректемелерден тұрады:

1.Жабдықтаушының немесе  өнім беруші ұйымның атауы  және мекен- жайы.

2. Жабдықтаушының орналасқан  жері мен есеп айырысу номірі.

3. Жүк немесе тауар  алушы ұйымның атауы мен мекен  – жайы.

4. Жүк немесе тауар  алушының орналасқан жері мен есеп айырысу нөмірі.

5. Реттік номірі.

6. Күні

7. Өкізілетін өнімнің  тізімі

8. Өнімнің саны.

9. Бағасы.

10. Жиынтық бағасы.

11. Жеткізілу жағдайы.

12. Түбіртек номірі (тауар  құжаттамасы).

13. Шартқа немесе тапсырысқа  сілтеме, жіберілген тауар бойынша.

                                      Тексеру актісі.

 Тексеру нәтижесі актіде  ресімделеді. Тексеру актісінде  есеп жүргізу негізі бойынша  кассадағы ақшаның кем не артық  шығу қалдығының дәлелі салыстырылып  жазылады.

   Акт тексеру жүргізген  күні ресімделіп, комиссия мүшелері қол қояды. Тексерушілер кассирден артық не кем шығу туралы жазбаша түсініктеме талап етеді.

Тексеру актісі мынадай деректемелерден турады:

1. Құжаттың атауы

2. Тексеру жүргізілген  ұйымның нақты атауы.

3. Акт құрастырылған күн.

4. Комиссия мүшелерінің ата-жөні, лауазымы.

5. Комиссия мүшелерінің  тексеруі негізінде ұйым басшысы  шығарған бұйрықтың номірі мен  күні.

6. Тексеруге қатысушылардың  аты- жөні, лауазымы.

7. Тексеру актісінің мазмұны.

8. Артық не кем шығу  жағдайының түсіндірмесі

9. Акт құрастырушылардың қолы.

  Тексеру актісі кем  дегенде 2 дана етіп жасалу керек, оның бір данасы кассирге беріледі. Актіні ұйым басшысы бекітеді.

                                  

 

 

                                 Төлемдік тапсырыс.

Төлемдік тапсырыс – өз міндетін өтеуде өз есебінен шығарылған белгілі бір сама туралы мекеменің банкте шығарылған өкімі. Ол арнайы олшемі қағазда толтырылады.

 

Төлемдік тапсырыстың деректемелері:

1. Төлеушінің (мекеменің) атауы  мен мекен – жайы

2. Алушы мен жабдықтаушының орналасқан жері, есеп айырысу нөмірі.

3. Толеушінің аударылған  төлем сомасы.

4. Күні.

5. Негіздеме.

6. Ұйым басшысының және  бас бухгалтердің қолы.

7. Мөр.

 Төлемдік – тапсырыс:

1) өнімдік – материалдық құндылықтар, орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет үшін есеп айырысу; 2)тауардан басқа операциялар бойынша есеп айырысу.

 

                                       Бұйрық.

Бұйрық – қандай да бір міндетті ( өндірістік немесе жеке құрам бойынша) шешу үшін мекеме басшысы шығаратын өкімдік құжаттардың бірі.

  Кәсіпорын жұмысын ұйымдастыру, қаржыландыру, жоспарлау, өнімді өткізу сияқты өндірістік мәселелерді шешуге бағытталған бұйрықтар негізгі қызмет бойынша бұйрық деп аталады. Ал  азаматтарды жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, басқа жұмысқа ауыстыру т.б. сияқты мәселелерді шешуге бағытталған бұйрықтар жеке құрам бойынша бұйрық деп аталды. Бұйрық кәсіпорының бланкісінде жазылады. Кажетті деректемелер:  мекеменің атауы, күні,айы,жылы, нөмері,тақырыпша, мәтін, басшының қолы. Бұйрықтың екі түрі бөлек  нөмірленеді, жеке іске қалыптасады. «БҰЙРЫҚ» бас әріппен жазалады және тақырыпшада не туралы бұйрық көрсетіледі. Мысалы:

 

Штаттық кестеге өзгерістер енгізу туралы

Кәсіпорынның жойылуы туралы

Жұмысқа қабылдау туралы

Уақытша ауыстыру туралы

 Үстемақы белгілеу  туралы және т. б.

 

Негізгі қызмет бойынша бұйрық мәтіні екі бөліктен тұрады. Бірінші констатациялық көлікте бұйрық беруге негіз болған дерек көрсетіледі. Ол мемлекеттік органдардың (үкімет, салық инспекциясы т. б.) нормативті құжаттары, директорлар кеңесінең, акционерлердің жалпы жиналысының шешімдері немесе өндірістік қажеттілік болуы мүмкін. Негізгі қызмет жөніндегі бұйрық негізі, әдетте, «... байланысты», «... жүзеге асыруда», «...жақсрту мақсатында», «... орындау мақсатында», «...жетілдіру мақсатында», «...үшін», «... сәйкес» деген сияқты тұжырымдауларымен басталады.

  Егер берілетін бұйрық  түсіндіруді қажет етпейтін болса, констатацияслық бөлігі өкімдік  бөлік деп аталады. Ол «Бұйырамын»  деген сөзден басталады. Бұйрықтың өкімдік бөлігінде кімге не тапсырылатыны, оның орындалу мерзімі көрсетіледі. Егер тапсырмалар бірнешеу болса, әр тармақ азат жолдан басталады. Соңғы тармақта бұйрықтың орындалуын қадағалайтын жауапты адам көрсетілнді. Барлық бұйрықтардың мәтініде етістік бұйрық райдың  үшінші жағында жазылады. Мысалы: жүргізілетін болсын, тыйым салынсын, қабылдансын, босатылсын,белгіленсін, жүктелсін, тағайындалсын, аустырылсын және т.б.

   Жеке құрам бойынша  бұйрықтар кадрлар бөлімінде  дайындалады. Онда мекеме жұмысшыларының  атқаратын қызметіне байланысты  қабылданған шешімдер орын алды. Мұндай бұй рықтарда негіз ( бұйрық шығаруға негіз болған құжат) бұйрық мәтінінен кейін көрсетіледі. Мысалы: Б.Б. Мукашеваның өтініші немесе бөлім менгерушінің А.Т. Жанкаринованың мәлімдемесі және т. б.

  Сонымен қатар жеке  құрам жөніндегі бұйрықтарды оның себептері көрсетіледі. Мысалы:

Зейнеткерлікке шығуына байланысты

Басқа жұмысқа ауысуна байланысты

 Кәсіпорынның жойылуына  байланысты

Келсімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты

Өз өтініші бойынша

Бала күтімі үшін демалыс алуына байланысты

Еңбек тәртібін ұдайы бергендігіне байланысты

Ресми сапарға кетуге байланысты

Себепсіз жұмыстан қалуына байланысты

 Айрықша жұмыс жұмыс  жағдайлары үшін және т.б.

Сондай- ақ күтпеген оқиғаларға (тасқын, сел, жер сілкінісі т.б.) байланысты шығарылатын бұйрықтар төтенше жағдайға байланысты бұйрықтар төтенше жағдайға байланысты бұйрықтар деп аталады.. Мұндай бұйрықтар төтенше жағдайға байланысты іс-әрекет, жұмыс тәртібін реттеу мақсатында беріледі. Онда лауазымжы адамдарға жүктелетін міндет түрлері көрсетіледі. Ал қаржы- экономикалық, мәселен, жыл немесе тоқсан қорытындысы бойынша ақшалай сайлық тағайындау, еңбегі сіңген қызметкерлерді құттықтау сияқты мәселелерге байланысты көбінесе арнайы бұйрықтар беріледі.

 

Негізі сөздік.

Жеке құрам бойынша – по личному составу

Өкімдік құжат – распорядительные документы

Негізгі қызмет бойынша – по основной деятельности

Штаттық кесте- штатное расписание

Кәсіпорынның жойылуы – ликвидация предприятия

Төтенше жағдай – черезвычайная ситуация

Штаттық кестеге сәйкес жалақы көлемінде – с окладом согласно штатному расписанию

Атқаратын қызметінен – с занимаемой должности

 

Бұйрықтарда қолданылатын сөз орамдары. Олардың кейбіреулері: мақсаты /үшін/ бұйырамын; жұмысқа қабылдансын; болып тағайндалсын; атқаратын қызметінен босатылсын; басқа жұмысқа аустырылсын; кезекті еңбек демалысы/ кезектен тыс еңбек демалысы/ ақшалай сыйлық, материалдық көмек/берілсін; іс-шаралар жоспары/ комиссия құрамы, қазылар алқасы, жұмыс жоспары, ереже, нұсқаулық/бекітілсін; басшылыққа алынатын болсын; осы бұрықтың орындалуын бақылау; жолдасқа/мырзаға/ жүктелсін; айлық/байқау, семинар-кеңес, кездесу, спортшараларда,арнайы мәслихат/өткізілсін; штаттық кестеде/Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, облыс әкімінің шешіміне, министрліктің Ңұсқаулығына/ сәйкес; алғыс, сөғіз жариялансын; ескерту жасалсын; назарға алынсын; қатаң шара қолданылсын; іссапарға /курсқа, оқуға, тағылымдамадан өтуге, тәжірибе алмасуға, білім жетілдіруге/ жіберілсін және тағы басқалар.

 

1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз

Бұйрық- қандай құжат?

Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар қандай мәселелерді шешуге бағытталады?

Жеке құрам бойынша қандай бұйрықтар шығарылады?

Негізгі қызмет бойынша бұйрықтар неше бөліктен тұрады?

Бйрықтың екінші бөлігі қалай аталады?

Бұйрықтарда етістік қандай грамматиқалық формада беріледі?

Жеке құрам бойынша бұйрық қандай жағдайларға байланысты шығарылады?

 

2- жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз  Бұйрық негіздері, бұйрық шығару, акционерлердің жалпы жиналысы, негізгі қызмет бойынша, міндеттерді шешу, мемлекеттік органдар, жеке құрам бойынша бұйрық, бұйрықтың орындалу мерзімі, мекеме басшысы, өндірістік қажеттілік, келісімшарт мерзімі, кәсіпорынның жойылуы, еңбек тәртібін ұдайы бұзу, себепсіз жұмыстан қалу, шттатық кестеге сайкес, айрықша жұмыс  жағдайлары, үстемақы белгілеу.

 

.

3 – жаттығу. Етістіктерді үлгі бойынша түрлендіріңіз.

Үлгі: белгілеу-   белгіленсін

     Енгізу, босату, қысқарту, жүктеу, орындау, тыйым салу.

 

4- жаттығу. Жұмыстан босату туралы бұйрық  жазыңыз.

  А.М. Алдашев 2006жылғы 15 маусымнан  бастап отбасы жағдайына байланысты инженер қызметінен босатылсын.

 

 5- жаттығу. А.Ж. Сабырбаевты «Қуат» құрылыс фирмасына  инженер қызметіне қабылдау туралы.

 

6- жаттығу.Досановты еңбек тәртібін ұдайы бұза бергендігі үшін үйлестіруші қызметінен босату туралы.

 

7- жаттығу. Университет ішінде және ауласында шегуге тыйым салу туралы.  

                Жеке құрам бойынша бұйрықтын үлгісі.

Мекеменің, кәсіпорынның                                               Наименование ведомства,

 атауы                                                                                      учереждения

(қазақ тілінде) (на русском  языке) БҰЙРЫҚ                                                                            ПРИКАЗ

00.00.00 Павлодар қаласы

Шыгарылган орны     Место издания

(қазақ тілінде) (на русском языке)

ЖҰМЫСҚА ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ

 

Омарова Асем Есімқазы маркетинг бөлімінің инженері қызметіне 00.00.00 ден бастап айына 50000 теңге жалақысымен тағайындалсын.

    Негіздеме: А. Е. Омараваның өтініші.

 

Директор қолы қол қоюшының аты- жөні

Бұрыштама белгі

Кадр бөлімі

 

 

«Басшы» ЖШС

БҰЙРЫҚ

00.00.00

 Штаттық кестеге өзгерістер  енгізу туралы

 

  Өндірістік қажеттілікке  байланысты

БҰЙРАМЫН:

1. Тіркеу бөлімінде менеджер  қызметі қысқартылсын.

2. Өндіріс бөліміне штаттық  кестеге сәйкес жалақы көлемінде  экономист қызметі енгізілсін.

3. Бұйрықтың орындалуын  қадағалау директордың орынбасары  Д.А.Тогумовқа жүктелсін

 

«Басшы» ЖШС –ның директоры                                                Д.К.Балтабаев 

Информация о работе Казак тилинде жургизу