Казак тилинде жургизу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Мая 2015 в 20:17, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпанындағы №550 «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығында іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру кестесін белгілеу арқылы барлық мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарда мемлекеттік тілдің іс жүргізудегі негізгі тіл ретінде қолданылуын қамтамасыз ету жоспарланған. Бұл міндет әрбір мекемеде жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындарында нормативті –жарлықшы құжат түрлерін азаматтық қарым-қатынаста жиі қолданылатын іс қағаздарын, іскери хат түрлерін жүргізуге курстарын мақсатты және сапалы өткізуді талап етеді.
Ұсынылып отырған құрал меншіктің барлық нысандағы кәсіпорындардың өз қызметкерлерінің жеке құрамын басқаруда пайдаланатын құжат үлгілерін сипаттайды.

Файлы: 1 файл

730_mubarakova_b.b._is_khagazdarin_khazakh_tilinde_jurgizu.doc

— 590.50 Кб (Скачать файл)

 

8-жаттығу. Жағдаятгар бойынша қолхат жазыңыз

  • Қарызға ақша алу
  • Мекемеден уақытша пайдалануға компьютер алу
  • Мекеме бухгалтериясынан несие алу.

 

                           Бұрыштама(Резолюция).

Бұрыштама- келіп түскен іс қағаздарының бұрышына жазатын мекеме басшысының қысқаша ңұсқауы.

  Бұрыштама жазу- түскен құжат  мазмұнымен сіздің танысқандығыңыздың  ғана емес, соымен қатар ол  бойынша шешім қабылдағандығыңыздың, ңұсқау бергендігіңіздің белгісі. Сіздің күнделікті танвсып, ңұсқау  беретен құжаттардың сан түрлігіне қарай, жазылатын бұрыштама түрі де соншалықты көп болуы мүмкін. Нң бастысы бұрыштама қысқа жазылуы керек. Онда ңұсқауды орындауға тиіс адам мен орындалу мерзімі анық көрсетілуі керек. Не істеу керектігі де нақты көрсетілуі тиіс. Бұрыштамада мағынасы екіұшты сөздер жазылмайды.

    Бұрыштама үлгісі:

«Таныстым» (күн, қол, тегі), «Келісемін» (күн,қол, тегі ), «Қарсы емеспін», «Мәселе қаралады», «Бекітемін», «Бекітілсін», «Қабылданбайды».

   Бұрыштама құжатын бірінші бетінің жоғары жағына жазылады. Брошюра түріндегі құжаттардың мұқабасына жазылады.

  Қаламен, мүмкіндігінше анық, үлкендеу  етіп, қысқартуларсыз жазу керек. Ңұсқауды орындау тапсырылатын  адамның тегі, аты-жөнінің басқа  әріптері, орындау мерзімі анық  жазылады, ай мерзімі екі санмен көрсетіледі. Мысалы, наурыз- 03(«3»емес), қаңтар-01(«1» емес). Бұрыштама да ресми стильде жазылады. Басы артық сөздер қолданылмай, істің негізгі мәні ғаны айтылады. Бұрыштама соңына күні жазылып, басшы қолы қойылады немесе тегісі жазылады.

 

                                   Түйіндеме (Резюме).

Резюме француз тілінен алынған термин. «Айтылған я жазылған мәселенің қысқаша түйіні» деген мағына береді.

  Түйіндеме – белгілі бір  тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандағы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі, жайы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі.

   Жазылған түіндеме сіз  туралы мәлімет беру үшін, онда  сіздің біліміңіз, біліктілігіңіз, жеткен жетістігіңіз, жұмыс тәжірибеңіз, не нәрсеге икемділігіңіз бар екені айтылуы керек. Түйіндеме сіздің кең көлемдегі визит карточкаңыз іспеттес. Түіндеме жазуда сіздің мақсатыңыз – өз өмірбаяныңыз бен жұмыс тәжірибеңізді, мамандығыңызды, икемділігіңізді ұтымды қөрсете білу. Осы арқылы ойлаған жұмыс орнына қол жеткізу. Осыыған орай, түйіндеме қалай жазылу керек деген мәселеге де тоқтата кетейк.

  Түйіндеме жазуы неден бастау? Алдымен мына құжаттарды даярлап.

1). орта білім туралы аттестат;

2 ) орта дережелі арнайы немесе  жоғары оқу орнын бітіргендігіңіз  жөніндегі диплом (егер сіз бірнеше  оқу орнын бітірсеңіз, оның бәрін алдыңызға дайындап қойыңыз);

  3 ) түрлі курстарды (шет тілдері, хатшылық, іс жүргізушілік, қайта дайындау, білім көтеру т. б.) бітіргендігіңіз жөніндегі куәлік, анықтама т. б. құжаттар;

4 ) еңбек кітапшасы немесе оның  көшірмесі;

5) штаттан тыс істеген жұмыс  орындарыңыз бен ондағы атқарған  қызметтеріңіз жөнінде мәлімет;

6) алған марапаттарыңыз жөніндегі  құжат;

7) соңғы жұмыс я оқу орындарынан  алған мінездемелеріңіз;

8) сіздің көздеген жұмыс орнын  алуға септігі тиеді, практикплық  мәні болуы мүкін деп тапсаңыз, атқарған қоғамдық жұмыстарыңыз, қатысқан бірлестік, клуб, секцияларыңыз туралы мәліметтерді де дайындау керек.

  Егер ғылыми дәрежеңіз болса  оны қалыптасқан редакциясымен  көрсетесіз. Мысалы, «техника ғылымының  кандидаты» «биология магистрі» т.б.

       Жасаған  еңбектеріңіз, шыққан кітаптарыңыз болса, маңыздыларын атап көрсетесіз.

  Қызмет бабымен, турист ретінде жасаған шетелдік сапарларыңыз да көрсетіледі. Шет тілін білу дережеңіз, компютерді қаншалықты игергендігіңіз де көрсетіледі.

  Жеңіл автокөлік немесе транспорттың  басқа түрін жүргізе алатындығыңызды  көрсету де артық болмайды.

   Сіздің маман ретіндегі  бейнеңізді толлықтыратын, аша түсетін  өз мінезіңіздің кейбір жақсы қырларын да атап өтіңіз. Басшылық, жетекшілік, ғылыми жұмыстарға икемділігіңіз болса, ол да назардан тыс қалмасын.

  Енді дайындаған құжаттар  мен жазбаларды қайталап бір  оқып шығып, керекті мәліметтерді  ойша реттеп алып түйіндеменің  қолжазбасын дайындауға кірісіңіз. Жоғарыда айтылған құжаттар мен  мәліметтерде дайындап алғаннан кейін түйіндеме жазып шығу қиын болмайды. Ең бастысы ол мәліметтерді ретімен, қысқа, нақты бере білу. Қашан, қайда оқыдыңыз, қайта, кім болып істедіңіз, қайта, қашан біліміңізді көтердіңіз, тәжірибе жинақтадыңыз? Айтылған негізгі мәселелер осы. Қысқасы, «не, қайда, қашан» екендігі жазылады.

  Мәтінге сонымен қатар:

1) жеке басыңыз туралы мағлұмат(аты-жөніңіз, тегініз, туған күніңіз, жылыңыз, туған  жеріңіз);

2) кім болап істегіңіз келетіндігі;

3) өз координатыңыз – үй, жұмыс  телефоны, сізбен хабарлаусуға болатын уақыт мерзімі де кіреді.

  Түйіндемені оқыған кезде сіздің алға қойган мақсатыңыз айқын көрініп тұруы керек, яғни, мекеме басшысы сіздің кім болып істегіңіз келетінін түйіндемені оқығанда бірден ұғатындай болғаны дұрыс.

  Жеке басыңыздың қасиеттерін атап көрсеткен кезде, оның сіздің тандап отырған жұмысыңызға орналасуға септігі тиетіндігі басты назарда болуы керек. Мысалы, сіз жарнама агенті болып орналасқалы келсеңіз түйіндемеге адамдармен жақсы қарым- қатынас жасай алатындығыңыз, тапқырлығыңыз, интуицияңыз, адам психологиясын жақсы білетіндігіңіз сияқты қасиеттер жазылуы керек. Егер бастауыш сынып оқытушысы болғыңыз келсе, балаларды жазылуы керек. Жиналған мәліметтерді түйіндемеге берудің 2 жолы бар: хронологиялық және функционалдық.

  Хронологиялық тәсілі.

Алдымен қазір істеп жүрген жұмысыңыз көрсетіледі де, ары қарай хронологиялық ретпен жазылады. Яғни, соңғы сіздің бірінші жұмыс орныңыз, я болмас бірінш аяқталған оқу орны жазылады.

    Егер сіздің жұмыс  стажыңыз көп болса, алдымен кәсіптік жолыңызды көрсеткеніңіз дұрыс. Ал оқу орнын жаңа аяқтаған, қызметті жаңа бастағалы тұрған адам оқыған оқу орны, алған мамандығы жайлы мәселені баста назарда ұстайды.

  Функционалдық тәсіл. Бұл тәсіл  білімі мен біліктілігі, жұмыс  тәжірибесі мол адамға лайықты. Мұнда жұмыс стаже кері хронологиялық ретпен беріледі де, одан кейін білімі жайлы мәліметтер көрсетіледі. Егер бір мекемеде бірнеше жыл қатарында істесеніз, онда жұмысыңыздың жалпы сипаты өзгермеген болса, бәрін тізіп жатпай-ақ, қысқаша жазуға болады. Мысалы, «1991-1999жылдар аралығында Машина жасау заводында экономист, аға экономист, директордың орынбасары қызметтерін атқардым».

  Соңғы жұмыс орнына немесе  жеке адамның атынан алынған  кепілдеме болса, оның бар екенідігі  түйіндемеде бір сөзбен айтылуы керек. Қажет деп тапқан жағдайда ол түйіндемемен бірге тапсырылады.

   Типтік түйіндеменің құрылымы төмендегідей болады;

1) құжат аты;

2) ізденушінің жеке басы туралы  мәлімет (аты-жөні, туған күні, жылы туған жері);

3) ізденушінің мекен-жайы, телефон;

4) түйіндеме авторы үміттеніп  отырған ваканция;

5) істеген жұмыс орны мен оқыған  оқу орны, атқарған қызметі, мамандығы  көрсетілген негізгі мәтін;

6) қоғамдық, кәсіптік т.б. жұмыстары  туралы қосымша мәлімет,

7) кейбір қосымша мәліметтер (шет  тілдері, шетел сапарлары, автомобиль жүргізе білетіндегі т. б.);

8)ғылыми дережесі, марапаттары  туралы мәлімет (бұл жөніндегі  жазу міндетті емес);

9) үміттенген ваканцияға қатысты кейбір жеке бас қасиеттері, икемділігі (бұ бөлім де міндетті емес);

10) қосымша ақпарат (ізденуші қалаунша жазылады);

11) кепілдеме;

12) түйіндеменің жазылған күні;

13) ізденуші қолы.

  Кей жағдайда «түйіндеме»  дген сөз тақырып ретінде жазылмайды. Оның орнына үлкен шрифтімен  ізденушінің аты-жөні, тұған жері  жазылады.

 Түйіндеме келтірілетін даталар құжат мазмұнымен салыстырған негізг роль ойнамайтындықтан ол қағаз бетінің оң жағына жазылады.

 

ТҮЙІНДЕМЕ

Аты-жөні               Балахметова Биби

Мекен-жайы:  460000, Қазақстан Республикасы, Павлодар, Абай 2-үй, 21- п.

Телефон:         (8318) 548231

Е-mail              azheshka 

Жалпы ақпарат Туған жылы:                8 науырыз 1978

                              Ұлты:                             қазақ

                              Жынысы                        әйел

                              Отбасы жағдайы:          тұрмыста

                              Азаматтығы:                  Қазақстан Республикасы

                                 

Жұмыс тәжірибесі:  1998-1999 «Гранит», менеджердің көмекші

Фирманың атауы, жылы, қаласы

Білімі:

-орта             1993-1995 Жоғары кластарға арналған Республикалық Экспериментальдық Мектеп

                       1985-1993 № 52 орта мектеп

 

-жоғары:       1999-2001 жж. КИМЭП, Экономика Магистрі бөлімі

                        1997-2000-1 жж. Әл Фараби атындағы Қазақтың

                        Мемлекеттік Университеті, заң факультеті (сыртқы бөлім)

                        1995-1999 жж. Қазақстаң Мемлекеттік  Басқару Академиясы,

                        «Халықаралық экономикалық қатынастар»  факультеті

 

Тілді білуі:     Қазақ- ана тілім, орысша- еркін, ағылшынша – өте жақсы

Компьютерді игеруі:

Жеке қасиеттер: Жауапкершіліктік, мақсаттылық, жан-жақтылық, ұйымдастырушылық және

                                басқарушылық қабілеттері, талапшыл, алдыға қойған міндеттерге

                                шығармашылық көзқарас, ұжыммен  жұмыс істей білу және т. б.

Қосымша ақпараттар: Ашық Қоғам институтының сертификаты,

                                         Жеке табысы үшін Жөғары Білімді

                                        Қолдау Бағдарламасының стипендиясы

                                        «Адамзаттың глобальды мәселелері»  атты

                                        Студенттердің Қалалық Үшіеші  конференциясының мақтау грамотасы

                                        Республикалық Экспериментальдық Мектепте ағылшын тілін

                                        Оқығандағы ерекше табысы үшін  мақтау грамотасы (1995 ж.)

 

Құштарлығы: кітап оқу, саяхатқа шығу, конькимен сырғанақ тебу, би, гитарада ойнау

Ұсыныс хаты:  жоқ

 

 

Өмірбаян.

Өмірбаян- авторы өзінің өміріне қатысты мәліметтерді хронологиялық тәртіппен құрастыратын құжат. Өмірбаянның типтік үлгісі жоқ, ол мақсатына байланысты қысқа немесе толық (жайылыңқы) ңұсқада болуы мүмкін.

Әдетте өмірбаянда мыналар көрсетіледі: құжаттың аты-жөні, автордың аты-жөні; туған жері мен мезгілі; білімі мен мамандығы; қызметіне қатысты мәліметтер, марапаттаулар мен алған мадақтаулары мен телефоны; толтырылған күні мен жеке қолы

    Негізгі сөздік

Өмірбаян – автобиография

Ұлт – национальность

Білім – образование

Жоғары білімі – высшее образование

Орта білімі – среднее образование

Үйленгенмін – женат

Жұбай –супруга (супруг)

Әскери қызметке

Міндеттімін – обязан к воинской службе.

 

Үлгімін танысыңыз.

ӨМІРБАЯН

Мен, Суиндыкова Айгерим Айдарбековна, 1979 жылы 16 шілдеде Семей қаласында дүниеге келдім. Әкем Суиндыков Айдарбек қүзет бөлімінің басшысы, шешем Мукашева Бақытжан филология факультетінде оқытушы болып істейді.

1996 жылы Семей қаласындағы №5 орта мектепті бітіріп, Қазақ мемлекеттік универсттетінің филология факультетіне түстім. 2001 жылы университетті бітірген соң Ғылым академиясының Тіл білімі ғылыми- зерттеу институтына кіші ғылыми қызметкер болып қабылдандым.

2002 жылдан Абай атындағы Қазақ  педагогикалық институты қазақ  тілі кафедрасының оқытушысымын.

    2004 жылы «Қазіргі қазақ тіліндегі рай категориясы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғадым.

  Тұрмыстамын, жолдасым – Сатпаев  Арман Бексұлтанұлы, 1975 жылы туған, «Ғасыр» акционерлік-коммерцмялық бірлестігінде бөлім меңгерушісі. Екі баламыз бар. Ұлым – Сатпаев Алишер Арманұлы, қызым – Сатпаев Алуа Арманқызы.

   Мекенжайым: _____________________________________________________________________

Суиндыкова А.А.                                                                                       _____________________ ж.

 

 

Мінездеме.

Мінездеме – түрлі мекеме, ұйым, бірлестік, оқу орындарында белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипаттау жиі жизылатын іс қағазының бір түрі.

  Қызметтік мінездеме – мінездеменің айрықша кең тараған және әмбебап формасы. Қызметкерді объективті әрі нақты мінездеу қажет болған жағдайда жазылады. Қорытынды бөлімі еркін стильде жазылады және құжат мазмұның түйіндейді.

     Мінездеме қызметкерді  басқа бір қызметке я болмаса оқу орнына ұсыну мақсаты да жазылады. Мұнда ұсынылған адамның аталған вакансияға қажет деген мінез, қасиеттері, кәсіптік шеберлігі айтылады.

  Аттестациялық мінездеме белгілі  бір адамның атқарып отырған  қызмет орнына лайық, лайық еместігін  тексеру мақсатында жүргізілген аттестация қорытындасына орай жазылады. Мұндай мінездеме қорытындысында «атқарып отырған қызметіне лайық», «қызмет бабында жоғары қызметке ұсынуға», немесе «атқарып отырған қызмет орнына лайық емес» деген сияқты түйінді сөздер жазылады.

  • Жеке (функционалды) мінездемелер адамның жеке басының мінезін, білімін, шеберлігін, икемділгін т. б. сипаттай отырып жазылады. Қорытынды бөлімінде мінездеме не мақсатпен жазылғандығы атап көрсетіледі. Мысалы, «Еңбек келісімін ұзарту үшін» т. б.

Информация о работе Казак тилинде жургизу