Казак тилинде жургизу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Мая 2015 в 20:17, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпанындағы №550 «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығында іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру кестесін белгілеу арқылы барлық мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарда мемлекеттік тілдің іс жүргізудегі негізгі тіл ретінде қолданылуын қамтамасыз ету жоспарланған. Бұл міндет әрбір мекемеде жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындарында нормативті –жарлықшы құжат түрлерін азаматтық қарым-қатынаста жиі қолданылатын іс қағаздарын, іскери хат түрлерін жүргізуге курстарын мақсатты және сапалы өткізуді талап етеді.
Ұсынылып отырған құрал меншіктің барлық нысандағы кәсіпорындардың өз қызметкерлерінің жеке құрамын басқаруда пайдаланатын құжат үлгілерін сипаттайды.

Файлы: 1 файл

730_mubarakova_b.b._is_khagazdarin_khazakh_tilinde_jurgizu.doc

— 590.50 Кб (Скачать файл)

 

4-жаттығу. Анықтама үлгілерімен танысыңыз

Анықтама № 74/1

 

21 қазан 2007 ж.

Осы анықтама Алматы қаласы Абай даңғылындағы 15-үй, 56-пәтердің тұрғыны Бейсебеков Болатқа берілді.

Оның отбасында өзінен басқа үш адам бар:

  1. Жұбайы — Бейсебекова Майра, 1966 жылы туылған.
  2. Ұлы — Бейсебеков Думан, 1990 жылы туылған. 
  3. Ұлы — Бейсебеков Айдос, 1994 жылы туылған.

Анықтама әлеуметік қамсыздандыру бөліміне тапсыру үшін берілді.

Анықтама 10 күн өз күшінде

 

Мөр орны      "Асар" турғын үй   

       ұжымның  төрағасы                               А.Айдаров

____________________________________________________________________________________

 

Анықтама № 18/2

15 ақпан 2007 ж.

Осы анықтама азамат Бейсебеков Болатқа берілді.

Бейсебеков Болат шын мәнінде Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Қазақ ұлттық аграрлық университетінде оқытушы болып жұмыс істейді.

Анықтама Әуезов ауданынының салық инспекциясы үшін  
берілді.  

Анықтама 4 ай өз күшінде.

 

Мөр орны  Кадр бөлімінің бастығы                С.Жолдасова

____________________________________________________________________________________

 

Анықтама № 34/1

2 мамыр 2007 ж.

Осы анықтама студент Ахатова Назымға берілді.

Ахатова Назым шын мәнінде Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде, халықаралық қатынастар факультетінің 4 курсында оқиды.

Анықтама ұлттық кітапханаға тапсыру үшін.

Анықтама 10 күн өз күшінде.

 

Мөр орны               Оқу бөлімінің бастығы             Ж.Сабырова

 

 

5-жаттығу. Сұрақтаргғ жауап беріңіз

 

  1. Анықтамалар кімге берілген?
  2. Не үшін берілген?
  3. Қайда тапсыру үшін берілген?

4. Анықтама кімнің атынан берілген?

 

6-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.

 

Шын мәнінде, салық инспекциясы, әлеуметік қамсыздандыру бөлімі, 15-пәтердің тұрғыны, тапсыру үшін, оқу бөлімі, турғын үй, кадр бөлімі, анықтама әкелу, өз күшінде.

 

7-жаттығу.Жағдаяттар бойынша анықтама жазыңыз.

 

  • Анықтама Сапар Жолдасбекұлының мекенжайын растау үшін әскери комиссариатқа керек. Мекенжайы: Семей қ., Пушкин к-ci, 45-үй,12-пәтер.
  • Анықтама ұлттық кітапханаға Бакытова Айнұрдың әл-Фараби атындағы К,азҰУ-дың заң факультетінде (3-курс) оқитынын растау үшін керек.

 

 

 

CEHIMXAT

Сенімхат — сенім білдірген тұлғаға сенім білдруші атынан (кәсіпорын, азамат) қандай да 6ip ic-әрекетті жузеге асыруға құқық, беретін құжат.

Сенімхат екі түрлі болады:

- мекеме атынан беретін ресми сенімхаттар

- жеке тұлға атынан берілетін  жеке сенімхаттар.

Ресми сенімхаттар мекеме өкіліне сол мекеме атынан мәміле жасауға, материалдық, құндылықтар мен ақша алуға немесе басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асыруға беріледі. Ресми сенімхаттар мекеме бланкісіне ресімделеді.

Жеке сенімхаттар жеке тұлға атынан беріледі. Онда сенім білдіруші сенім  білдірген тұлғаға өзінің орнына:

- жалақы, жәрдемақы, зейнетақы, хат-хабар, кұжаттар  алуга;

- өтініш жазуға;

- қол қоюға;

- пәтер сатуға және сатып алуға; 

- пәтерді жеке адамдарға  жалга беруге;

- машина жүргізуге;

- банктегі есептерді пайдалануға;

- барлық мекемелерде ic жургізуге;

- сот мекемелерінде оның өкілі  болуға құқық, береді.

Сенімхаттар белгілі бір мерзімге беріледі. Егер оның мерзімі көрсетілмесе, берілген күннен бастап 6ip жылға дейін өз күшін сақтайды. Ал егер берілген  күш көрсетілмесе,  ол өз күшін жояды.

Сенімхаттар нотариалдық кеңседе куәландырылады. Нотариалдық, кеңседе сенім білдірушінің жеке басы анықталады, құқықтық ic-әрекетке қабілеттілігі тексеріледі. Сосын сенімхат мәтіні дауыстап оқылып, тізбеге тіркеледі, тиісті  мемлекеттік салық, алынады және нотариустың қолы қойылып, кеңсенің мөрі басылады.

Сенімхаттың құрылымы:

Ең алдымен жолдын ортасынан "Сенімхат" деген сөз жазылады. Сосын айы, күні, жылы және мекенжайы көрсетіледі. Содан кейін азат жолдан сенімхаттың мәтіні жазылады. Онда сенім білдірушінің және сенім білдірілген тұлғаның аты-жөні, мекенжайы, жеке басы куәлігінің нөмірі мен берілген орны және орындалуға тиісті ic-әрекет жазылып, сенім білдірушінің  қолы қойылады. Осыдан кейін сенімхат нотариалдық кеңседе куәландырылады.

 

1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз

 

  1. Сенімхат қандай құжат?
  2. Сенімхаттың неше түpi болады?
  3. Ресми сенімхаттың жеке сенімхаттан айырмашылығы неде?
  4. Жеке сенімхат қандай ic-әрекеттepдi орындауға берілді?
  5. Сенімхат қандай мерзімге дейін өз күшін сақтайды? 
  6. Қандай жағдайда ол өз күшін жояды? 
  7. Сенімхат қайда куәландырылады?
  8. Нотариус сенімхатты қалай куәландырады?
  9. Сенімхаттың құрылымы қандай?

 

2-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз

Нотариалдық кеңсе, мөр басу, құқықтық ic-әрекетке қабілеттілік, сенімхатты куәландыру, сенім білдірілген тұлға, материалдық құндылықтар, белгілі бір мерзім, хат-хабар алу, ic жүргізу, құқық беру, өз күшін сақтау, сенім білдіруші, жеке адам, қол қою, салық алу, жеке басын анықтау, есептерді пайдалану.

 

3-жаттығу.  Сенімхат үлгісімен танысу.  

 

СЕНІМХАТ

2007 жылғы 21 қантар,Павлодар қаласы

Мен, азамат Жубанов Қайрат, мекенжайым: Павлодар қаласы, Әуезов көшесі, 16-үй, 25-пәтер, Қазақстан Республикасының ІІМ 1995 жылғы 12 наурызда берген жеке куәлігімнің №645782131, Павлодар қаласы, Абай даңғылы 56-үй, 45-пәтерде тұратын азамат Ержанов Асылбектің, Қазақстан Республикасының ІІМ 1998 жылғы 14 қарашада берген жеке куәлігінің  №925168111, Павлодар қаласы, Гагарин даңғылы, 34 мекенжайындағы үйімді сату үшін  жүргізуге сенім беремін.

Бұл үшін азамат Ержанов Асылбекті менің атымнан мәміле жасауға; анықтамалар мен құжаттар алуға; орныма қол қоюға өкілетті етемін.

Сенімхат 2001 жылдың 20 сәуіріне дейін берілген.

 

2007 жылғы 21 қаңтар қолы 

 

Осы сенімхатты 2007 жылғы 21 қантарда мен, Бижанова Алмагүл, Павлодар қаласындағы лицензия №001911 "Сенім" нотариалдық кеңсенің нотариусы, куәландырдым. Сенімхатқа менің қатысуым кезінде азамат Жубанов Қайрат қол қойды.

Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық ic-әрекетке қабілеттілігі тексерілді. Сенімхат мәтіні дауыстап оқылды, №22 тізбеге тіркелді. Мемлекеттік салық алынды: 1300 (бір мын үш жүз) теңге.

 

Нотариус қолы 

мөр орны

 

4-жаттығу.  Мәтін бойынша сұрақ жауаптарын жазыңыз.

 

  1. Сенімхатта сенім білдіруші кім? 
  2. Сенім білдіруші кімге сенім білдірген?
  3. Қандай іс-әрекетке сенім білдірген?

Нотариалдық кеңседе сенімхат қалай куәландырылған?

 

 5-жаттығу. Сенімхат үлгілерімен танысыңыз.

 

 

 

Пәтерді жекешелендіру жөніндегі

CEHIMXAT

2006 жылғы 7 қантар, Семей  қаласы 

Мен, азамат Өмірбек Нұрқанат, мекенжайым: Семей қаласы, Пушкин көшесі, 22-үй, 14-пәтер, Қазақстан Республикасының ІІМ 1993 жылғы 25 қазанда берген жеке куәлігімнің № 525821322, Семей қаласы, Абай көшесі, 31-үй, 54-пәтерде туратын азамат Сапарбеков Нұржан Омарбекұлына, Қазақстан Республикасының ІІМ 1995 жылғы 21 ақпанда берген жеке куәлігінің № 16235489, Семей қаласы, Пушкин көшесі, 22 мекенжайындағы пәтерімді жекешелендіруге сенім білдіремін.

Бұл үшін азамат Сапарбеков Нұржан Омарбекұлын менің атымнан өтініш жазуға; қажетті қужаттарды алуға; оларды мемлекеттік органдарға тіркеуге; мүлік иесі ретінде мені салық инспекциясына белгілеуге; аталған тапсырмаларды орындауға қатысты барлық құжаттарға менің орныма қол қоюға өкілетті етемін.

Сенімхат 2 айға дейін өз күшінде.

 

2006 жылғы 7 қаңтар                                        ќолы____________

 

Осы сенімхатты 2007 жылғы 7 қаңтарда мен, Жолдасов Арман, лицензия № 001445 "Сенім" нотариалдық, кеңсесінің нотариусы куәландырдым. Сенімхатқа менің қатысуым кезінде азамат Өмірбеков Нұрқанат қол қойды.

Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық ic-әрекетке қабілеттілігі тексерілді. Сенімхат мәтіні дауыстап оқылады, №11 тізбеге тіркелді. Мемлекеттік салық алынды: 1300 (бір мын үш жуз) теңге.

 

Нотариус         қолы ____________________ 

                                                               мөр  орны

 

 

СEHIMXAT

 

2007 жылғы 20 cәyip,Павлодар қаласы

Мен, сүт өнімдерін өндіретін "Агропродукт — Асептик" ЖШС-ның президенті, Ербол Алтайұлы аталған кәсіпорынның менеджері Бақыт Сағатұлына (жеке куәлігінің №00144115, мекенжайы — Павлодар қаласы, Достық көшесі, 315-үй, 78-пәтер) Семей қаласындағы "Айналайын" ААЌ-мен мәміле жасауға сенім білдіремін.

Бұл үшін менеджер Бақыт Сағатулына менің орныма қол қоюға; мәміле барысында келісімшарт талаптарына қажетті өзгерістер енгізуге құқұқ беремін.

Осы сенімхат бойынша өкілдікті басқа  тұлғаларға беруге болмайды.

Сенімхат 15 күнге берілді.

I    2007 жылғы 20 cєyip қолы 

Осы сенімхатты 2007 жылгы 20 сәуірде мен, Досанова Айна, лицензия № 00255 "Айқын" нотариалдык кеңсенің нотариусы, куәландырдым. Сенімхатка менің катысуым кезінде азамат Ербол Алтайұлы қол қойды.

Сенім білдірушінің жеке басы анықталды, құқықтық ic-єрекетке қабілеттілігі тексерілді. Сенімхат мєтіні дауыстап оқылды, № 21 тізбеге тіркелді. Мемлекетік салыќ алынды: 500 (бес жұз) теңге.

  Нотариус қолы 

Мөр орны

 

6-жаттыѓу. Сөз -тіркестерімен сөйлемдер құрастырьңыз


Сенімхат жазу, сенімхатты куәландыру, сенімхатпен танысу, сеіммхаттьң мәтіні, сенімхатқа қол қою, сенімхатта көрсету, сеіммхаттан бас тарту

Сенімхаттағы модельді есте сақтаңыз


 

 

 

7-жаттығу. Жағдаятар бойынша сенімхат жазығыз

  • Машина жұргізу құқығын беру туралы
  • Тұғын үйді сату құқығын беру туралы
  • Мәміле жасау құқығын беру туралы

 

,

ҚОЛХАТ

Қолхат — белгілі 6ip құндылықтардың (құжат, мөлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын ресми құжаттың 6ipi. Қолхатта ең алдымен қолхат беруші жєне қолхат алушының аты-жөні, мекенжайы, жеке куәліктерінің нөмірі жєне ќолхат берушінің не алғаны жазылады. Содан кейін қолхат берушінің міндеттемелері керсетіледі. Ќолхат үш дана етіп жасалып, нотариалдық кеңседе куәландырылады. Бip данасы сол кеңседе, екінші данасы қолхат берушіде, ал үшінші данасы қолхат алушыда сақталады.

1-жаттыѓу. Сұрақтарға жауап беріңіз

  1. Қолхат — қандай құжат?
  2. Қолхатта қолхат беруші мен қолхат алушы туралы қандай мәліметтер көрсетілуі тиіс?
  3. Қолхат неше дана етіп жасалады?
  4. Олар кімде сақталады?

2-жаттығу. Қолхат үлгілерін оқыңыз

Қолхат

Павлодар қаласы, 2006 жылғы он төртінші қазан

(қолхат берілген орын мен  дата қолмен жазылады)


Мен, азамат, Асқар Жұманұлы, мекенжайым Павлодар қаласы, Абай көшесі, 36-ұй, 14-пәтер, Қазқстан Республикасының ІІМ 1999 жылѓы 16 ақпанда берген жеке куәлігімнің №88855214, Павлодар қаласыҚұрманғазы көшieci, 56-үй, 21-пєтерде тұратын азамат Оспан Қанатұлынан, Қазақстан Республикасының ІІМ 2001 жылғы 14 тамызда берген жеке куәлігінің ѓ 554498411, бес жүз мың (500 000) теңге алдым.

Мен алынған ақшаны 2007 жылѓы 14 тамызда қайтаруға, қайтармаған жағдайда 25 % көлемінде айып төлеуге;

— мекенжайым өзгерген жағдайда бұл туралы үш күн мерзім ішінде хабарлауға міндеттенемін.

Осы қолхат үш дана етіп жасалған, 6ip данасы № 1 нотариалдық кеңседе тіркелген, екінші данасы азамат Асқар Жұманұлында, үшінші данасы Оспан Канатұлында сақталады.

2007 жылѓы 14 қазан тараптардың қолы

З-жаттығ. Сұктардың жауабын кестеге толтырыңыз

 

  1. Қолхат 6epyшi кiм?


  1. Қолхат алушы кім? 
  2. Қолхат 6epyшi қанша    

теңге алѓан? 

4. Қолхат беруші не icтeyre


міндеттенед?



 

5. Қолхат неше дана етіп    


жасалған?

 

 

Есте сақтаңыз

 


 

 

4-жаттыѓу. Сөз тіркестерін аударыңыз

Келісімшартқа сәйкес, үш күн мерзім ішінде, үш дана, 
кеңседе тіркелген, мекенжайы өзгерген жағдайда, ақшаны 
қайтару, қайтаруға міндеттену, пайыз төлеп түруға, мерзімінде 
ќайтару, қолхат беру.

 

Қолхат

Мен, Болысова Гүлмира, С.Торайгыров атындағы ПМУ, жєне қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, университет кітапханасынан сабақ үстінде пайдалануға 10 (он) дана "Қазақ тілі" оқулығын алдым. Оқулықтарды 2006-2007 оқу жылының соңында қайтаруға міндеттенемін.

Қазақстан Республикасының ІІМ 1998 жылғы 23 мамырда берген жеке куәлігімнің № 111344032

Болысова Гүлмира 11.01. 2006ж.

6-жаттығу. Сұрақтардың жауабын кестеге толтырыңыз

  1. Қолхат беруші кім?
  2. Ол қайда жұмыс істейді?
  3. Ол кітапханадан кандай

оқулықтар алған? 

7. Оқулықтарды қашан 
қайтаруға міндеттенеді?

 

7-жаттығу. Дұрыс құрастырылған сөйлемді табыңыз

  1. Жасалған, 2006, жылы келісімшартқа, сәйкес төлеп, тұруға пайыз, міндеттенемін.
  2. Міндеттенемін, 2007 жылы, жасалған, сәйкес келісімшартқа, пайыз, төлеп, тұруға.
  3. 2007 жылы, жасалған, келісімшартқа, сәйкес, пайыз, төлеп, тұруга міндеттенемін.
  4. Келісімшартқа, сәйкес, 2007 жылы, жасалған пайыз, төлеп тұруга, міндеттенемін.

Информация о работе Казак тилинде жургизу