Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2015 в 07:29, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: Мектеп оқушыларының мінез- құлқын қалыптастыруда тәрбие әдісін қолдану. Мінез - оқушының негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол – көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар жеке оқушыны әр қырынан көрсететін қасиет. Оқушылардың мінез-құлық тәрбиесін қалыптастыруда, оқытушы мемлекеттік құжатқа сүйенуі қажет. Сонымен қатар мемлекет заңдарын орындайды. Ережелер- оқушының мінез-құлық заңы.
Кіріспе..........................................................................................................3
Негізгі бөлім
ІІ Негізгі мектеп оқушыларының мінез-құлқын қалыптастыру және педагогикалық-психологиялық теория негіздері.....................................5
2.1. Оқушы бойындағы мінез-құлық туралы жалпы түсінік. Мінездің құрылымы мен қасиеттері...........................................................................8
2.2. Мектеп оқушыларының бойында толерантты мінез- құлықты қалыптастыру ..............................................................................................10
2.3 Мінез-құлқы эмоционалды үйлеспеген оқушылырға сипаттама......15
Қорытынды
Практикалық бөлім
Зерттеу бөлімі...............................................................................................18
Пайдаланған әдебиеттер
Мінез, оқушылардың мінезін қалыптастыру
Мазмұны
Кіріспе.......................
Негізгі бөлім
ІІ Негізгі мектеп оқушыларының
мінез-құлқын қалыптастыру және педагогикалық-психологиялық
теория негіздері.....................
2.1. Оқушы бойындағы мінез-құлық
туралы жалпы түсінік. Мінездің құрылымы
мен қасиеттері....................
2.2. Мектеп оқушыларының
бойында толерантты мінез- құлықты
қалыптастыру ..............................
2.3 Мінез-құлқы эмоционалды үйлеспеген оқушылырға сипаттама......15
Қорытынды
Практикалық бөлім
Зерттеу бөлімі........................
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Мектеп оқушыларының мінез- құлқын қалыптастыруда тәрбие әдісін қолдану. Мінез - оқушының негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол – көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар жеке оқушыны әр қырынан көрсететін қасиет. Оқушылардың мінез-құлық тәрбиесін қалыптастыруда, оқытушы мемлекеттік құжатқа сүйенуі қажет. Сонымен қатар мемлекет заңдарын орындайды. Ережелер- оқушының мінез-құлық заңы. Осыған сәйкес мектеп оқушыларының мінез-құлқын қалыптастыруда бірнеше тәрбие әдістерін қолдану қажет. Оқушылар көкейкесті мәселелерді талқылау арқылы өз көзқарастарының дұрыстығын не бұрыстығын түсінеді. Жастардың ынтасын, белсенділігі оларды өз біліміне, өмір тәжірибесінде мінез-құлық ерекшеліктеріне сынмен қарауға тәрбиелейді.
Курстық жұмыстың мақсаты:Негізгі мектеп оқушыларының қоғамдық мінез-құлқын қалыптастыру және іс-әрекетін ұйымдастыру әдістерін қарастыру.
Зерттеу міндеттері:
- мінез туралы жалпы түсінік беру, мінездің құрылымы мен қасиеттерін қарастыру.
- мінез құлықпен іс-әрекетін
ұйымдастыру әдістері мен
- ұлттық тәртіп пен мінездің ерекшеліктері және алатын орнын қарастыру.
- қиын оқушылардың іс-әрекетін
ұйымдастыру жолдарын
Зерттеу объектісі: негізгі мектеп оқушылары.
Зерттеу пәні: Психология
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдістемелік әдебиеттер, озат педагогикалық тәжірибелер, баспасөз материалдары, зерттеу тәжірибелері.
Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, практикалық бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
ІІ. Негізгі мектеп оқушыларының мінез-құлқын қалыптастыру және педагогикалық-психологиялық теория негіздері.
2.1.Оқушы бойындағы мінез-құлық туралы жалпы түсінік.
Мінездің құрылымы мен қасиеттері
Мінез адамның жеке басындағы қоғамдық ортаның, тәрбиенің әсерінен қалыптасып, оның ерік күшімен өзіне және қоршаған өмірге қарым- қатынасын айқындайды.
Мінез - оқушының негізгі
өмірлік бет алысын және оның
өзіндік әрекетінің
Тәрбие-қоғамдық үрдіс,
қоғам мен жеке тұлғаның ара-
Қазақстан Республикасының "Ұлттық энциклопедиясында” адамгершілік ұғымына былай деп анықтама берілген: " Адамгершілік – адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы”. Халықтың дүниетанымында мінез-құлықтың әртүрлі жағымды жақтары таратылады. Мінез-құлық пен іс-әрекетерде көзге түсетін төмендегідей адамгершілік белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сену, ар-ұятты сақтау, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық т.б.
Тәрбиелі болу үшін адамгершілік нормаларын құр жаттап алу жеткіліксіз, оны терең ой елегінен өткізу, бастан кешіру және толғануды мінез-құлыққа бекіту керек. Мектепке дейінгі жаста балалардың бастапқы сезімдері мен мінез-құлықтың қарапайым белгілері қалыптасады. Балада қалыптасқан мінез-құлықтары келешекте адамдармен және құрбы-құрдастарымен қарым-қатынаста көзге түседі. Негізгі мектеп оқушыларында мінез-құлықтың, сана мен сезімнің жаңа түрлері одан әрі дамытылады Адамды сипаттағанда алдымен мінезін ескереді. Егерде қасында жақсы мінезді адам болса, өз басында үлкен жеңілдікті сезесің.
А.С. Макаренконың айтуынша
“адамның жаман мінезі
Мінездің көрінісі көптеген тұрақты бітімдерге айналып, адамның қоршаған дүниеге, басқа жандарға, психикалық процестерге деген қарым-қатынасын аңғартады. Сондықтан мінездің интеллектуалдық, эмоциялық.Түрлері белгіленген Совет замандағы өзгерістер оның басында жағымды да жағымсыз да бітістерді пайда қылды. Жағымдысына мәселен бүкіл елге деген сүйіспеншілік интернационалистік, ұжымдық сезімдер, ал жағымсыздарына ана тіліне, ата-мұра дәстүрлеріне деген немқұрайлық жұмыстағы жантақтық т.б. Сонымен қатар солардың ішінде жасаған қызметіне, тұрмыстық ортасына байланысты мінездің нақты типтерін де ажыратуға болады. Мәселен педагогтардың, мұғалімдердің, дәрігерлердің, инженерлердің т.б. мінез бетістерінің ұстамдылығы, байсалдығы, шыдамдылығы, байқағыштығы айрықша көрініс беруге тиіс. Сондай-ақ адамның мінезінің құрылымында өзіне ғана тән индивидуалдық өзгешеліктері де болады, өйткені әр адамның талғамы, талпынысы жалпы өмір тәжірибесі әр түрлі болып келеді.
Адамдарды жоғарыда көрсетілген белгілі бір типке жатқызған болсақ, біз олардың мінездерінің бітістерін үйлесімді, жарасымды деп есептейміз. Демек, мінездің үйлесімділігі, жағымдылығы болып қалатын шәлкестерде түгелдей жоққа шығарылмайды. Мәселен адамның ақкөңілділігі кейде оның принципшілдігімен шәлкес келіп қалуы мүмкін. Мінездің бітістерін адамның өмірге деген сенімдеріне, көзқарастарына беталысының басқа да ерекшеліктеріне жатқызуға болмайды. Мәселен ақжарқын және көңілді адамның бірінің адамгершілік қасиеті өте жоғары болса, осындай мінез бітістері бар басқа біреу өз басындағы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін арамдың жасаудан да тайсалмайды. Сонымен қатар мінездің кейбір бітістері адамның жеке басының беталысымен анықталып отырады. Мәселен отанға деген орасан зор сүйіспеншілік адамның жеке басында қайтпас қайсарлық, ерекше батылдық және ерлік туғызып отырады.
Адамның тәжірибесінен көрініс беретін мінез бітістері өте көп, әйтеуір мыңнан артық деп есептеледі. Олардың бәрін атап шығудың пайдасы жоқ, бірақ сан жағынан біреудің мінезінде белгілі бір бітістер басым болуы мүмкін. Мысалы, адамдардың ішінде жомарттығы, әлде адалдығы мен олардың ашықтығы азды көптілері кездесіп отырады. Егерде мінездің осы әлде басқа бітістерінің сандық көрсеткіші шегіне жетсе, мінез акцентуация көрінісін береді. Бұл кейбір бітістердің күшею нәтижесінде асып шегіне жеткен мінез көріністері индивид стресс сезімін пайда қылатын факторлардың бірінен тез күйзеліп қалса, енді біреулеріне шыдамдылық көрсетеді. Адам мінезінің әлсіз жағы жиі осы жақтың белсенді қызметін керек ететін қиын жағдайларда ғана байқалады.
Мінездің акцентуациясы өте қолайсыз жағдайларды психологиялық күйзелістер мен адамның мінез-құлқының өзгеруіне, психопатияға соқтырады (адамның әлеуметтік тұрмысқа кедергі жасайтын мінез паталогиясы). Акентуация проблемасының күн тәртібіне көптеген психиаторлар мен психоневрологтар байланысты. Сондықтан да олар осы проблемаға бар мінез бітістеріне классификация бергенде, психиаторлық терминологияны қолданған (шизоиттік) бітістер, эпилептоитдік бітістер кейбір ғылым педагогтар (К. Леонгард,А. Личко) осы терминологияның кейбір жақтарын пайдаланып, педагогтардың түсінігіне жақын акцентуациялық мінез бітістердің классификациясын берген.
Сөйтіп мінез акцентуацияның өте маңызды типтері ажыратылған.
1. Мінездің интраверттік типі. Бұл типке жататындар тұйық келеді.
Олар өздері мен өздері болып, басқалармен тіл табысуды, жақындасуды қиынсынады. Келесі ІІ.- эктраверт типтегі адамдар көтермелі сезімді, басқалармен араласуды және әрекет жасауды тіпті олардың керектігін, мәнін жиі елемей ақ жаңың құмартып. тұрады. Мұндай адамдар сөзуар, көрсе қызар, кейде мақтаншақ, үстіртісенгіш келеді. ІІІ.Жүгенсіз типке жататындар күйгелек, ұрысқақ, жанжал қой, қарсылық пікір айтылса шыдамсыз, кейде арам ойлы келеді. Мінезінде неврастеникалық анцентуациясы бар жетіншектердің негізгі ерешеліктері көңіл күйінде есерліктің басым болуы, ашуланшақтық, тез шаршауы, шамдануға жақын тұруы. Басқаларға деген ашуы өзіне деген, аянышы, долылыққа соқтырады. Бірақ нерв жүйесінің әлсіздігі оны тезтоқтатып, жасаған қылығына өкініш туғызып, жылаумен
аяқталады. Сензитив типтестер қорқақ, тұйық, ұялшақ келеді. Мұндай жеткіншектер үлкен, әсіресе жаңа ұжымдарға қосылудан аулақ болады, тентектікке және жолдастарының қауыпты ойын-дарына қатыспайды, кішкентай балалармен ойнауды жақынырақ көреді. Оқуда сын жұмыстарынан қорқып, жиі класстың алдында жауап беруге ұялады, өйткені балаларға күлкі әлде оларда күндестік туғызамын ба деп қауіптенді. Сензитив жеткіншектерде өздерінің жарымдылықтарының сезінуі ерекше көрініс беретін гиперкомпенсация реакциясына итермелейді. Олар өздеріне бекімдік жасайды қабілеттері ашылатын саладан емес, әсіресе өзін жарамсыз сезетін жақтардан іздейді. Қыздар өздерінің көңілділігін көрсеткісі келеді. Жасқаншақ және ұялшақ балалар жалған дөрекілік, тіпті шеттен тыс қылықтар жасап, сөйтіп өзінің күшімен жігерін көрсетуге тырысады. Бірақ батылдық пен өжеттілікті керек ететін жағдайлар мен кездесе қалса, сол сәтте дәрменсіздік танытады. Егерде осындай балалармен жақындасып, сенімді қарым қатынас құрып, соларды ұнайтындығын және қолдайтұғының аңғартқан адамға, олар ашылып, өздерінің жасап жүрген қылықтарының жалған екенін сезімдерінің өте нәзік екенін, өздерін қатты сөгетінің және өздеріне тым жоғары талаптар қоятынын ақиқаттайды. Күтпеген жылы шырай және жанашырлық оларды қатты жылатып, дөрекілік пен сотқарлықты басады.
Мінез акцентуациясының
демонстративтік типіне
Мінез құрылымы. Адамның мінезін оның құрылымын анықтау дегеніміз мінездің негізгі компоненттерінің не қасиеттерін ажырату және күрделі қатынас пен өзара байланыста туындайтын өзіндік бітістерді табу деген сөз.
Бірақ мінез – бір
бірімен белгілі қатынас
Сөйтіп мінездің табиғи негізі жоғары нерв қызметінің типтерінен байқалып, адамның темпераментімен тығыз байланысты келеді. Темперамент мінездегі байсалдылық немесе жаңғалақтық немесе сылбырлық тонусының көтеріңкі -төмендігі, үйірсектік немесе тұйықтық, жаңа жағдайда, жаңа міндетке тез, не қиын бейімделу сияқты т.б. сипаттарды анықтайды. Темперамент мінездің басқа да жақтарына мәселен, сезімнің тонусына (құбылуы), қозғалыстың сыртқы мәнеріне, сөйлеген сөздің екпініне, ерів. Сөйтіп семья тәрбиесіндегі қателіктер түбінде адамның мінез-құлқында түрлі қайшылықтардың пайда болуына соқтырады. Мұндай адамдар бір қалыптылығы жоқтығымен, сөзімен есінің жанаспауымен сипатталады. Мінездің дамуы, оның бітістеріңің қалыптасуы, айқындығы – табиғаттың сыйы емес, түрлі өмір ситуациаларында адамға қойылатын талап бірлігінің нәтижесі деп қарастыру керек. Мінез құрылымы өмір барысында өзгермей тұрмайды. Өсу, даму процесінде адамның іс-әрекеті де, өмір жағдайларыда өзгеріске түседі, адамға қойылатын талаптар да өзгереді, бұл жағдай жеке адам кұрылымда өзгерістер туғызып отырады.Әрбір адам жеке тұлға болғандақтан оның мінез-құлқы өзіне тән ерекшеліктермен сипатталады. Мінез деген психологиялық қасиеттің төркіні характер деген грек сөзінен шыққан. Оның негізгі мағнасы із қалдыру деген мағынаны білдіреді. Сондықтан мінез дегеніміз әрбір адамның жеке басына тән даралық ерекшілік екенінғылым тарихында алғаш ретсипаттап жазған ғалым - ертедегі грек философы Теофраст. Бірақ ол мінезді адамның адамгершілік сапасына тән қасиет деп көрсеткен.