Негізгі мектеп оқушыларының мінез-құлқын қалыптастыру және педагогикалық-психологиялық теория негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2015 в 07:29, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Мектеп оқушыларының мінез- құлқын қалыптастыруда тәрбие әдісін қолдану. Мінез - оқушының негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол – көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар жеке оқушыны әр қырынан көрсететін қасиет. Оқушылардың мінез-құлық тәрбиесін қалыптастыруда, оқытушы мемлекеттік құжатқа сүйенуі қажет. Сонымен қатар мемлекет заңдарын орындайды. Ережелер- оқушының мінез-құлық заңы.

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................3

Негізгі бөлім


ІІ Негізгі мектеп оқушыларының мінез-құлқын қалыптастыру және педагогикалық-психологиялық теория негіздері.....................................5

2.1. Оқушы бойындағы мінез-құлық туралы жалпы түсінік. Мінездің құрылымы мен қасиеттері...........................................................................8

2.2. Мектеп оқушыларының бойында толерантты мінез- құлықты қалыптастыру ..............................................................................................10

2.3 Мінез-құлқы эмоционалды үйлеспеген оқушылырға сипаттама......15
Қорытынды
Практикалық бөлім

Зерттеу бөлімі...............................................................................................18
Пайдаланған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Мектеп оқушыларының мінез.docx

— 135.14 Кб (Скачать файл)
  1. Байтуров Осман - өзіне біреудің назар аударғанын ұнатпайды,

ұйымшылдық деңгейі төмен, мінез – құлқында өзгерістер пайда болуда, жанұя қамқорлығына ұмтылады.

Көріп отырғанымыздай, «Кактус» әдістемесінің нәтижесі бақылау барысында алған мәліметтермен сәйкес келеді. Демек, алған жеке қасиеттер мен ерекшеліктер көрсеткіштері оқушылардың тұлғалық ерекшеліктеріне сәйкес келетінін дәлелдейді.

 

«Кактус» әдістемесінің нәтижесі

 

Аты-жөні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

1

Айтбекова А

-

-

-

-

-

-

+

-

-

-

-

-

-

-

+

-

2

Алтынбек Д

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

+

-

3

Әбілхан С

-

-

+

+

-

-

-

-

-

+

-

-

-

+

+

-

4

Амангелдіұлы Ғ

-

+

-

-

+

-

-

+

-

+

-

-

-

-

+

+

5

Байтуров О

-

-

-

-

-

-

+

-

-

-

-

-

-

-

+

-


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зерттеу жұмысы №3

 

Тақырыбы: Мінез – құлықтың қалыптасуынанықтау эксперименті

Негізгі мектеп оқушыларының оқу барысында мінез-құлық ерекшеліктерін зерттеу жұмыстары екі кезеңнен тұрады:

  1. Анықтау эксперименті
  2. Қалыптастыру эксперименті

Жалпы зерттеу экспериментіне Есік қаласы, Қаныш Сатпаев атындағы қазақ орта мектебінің 5 «б» сынып оқушылары қатысты. Олардың барлық саны 5- оқушы.

Бірінші кезеңде эксперименттің анықтау бөлімі жүргізілді. Оның барысы бойынша оқушылардың оқу барысында және сабақтан тыс уақыттағы қарым-қатынас барысында байқатқан іс-әрекеті, мінез бітісінің тепе-теңдігі, тұрақтылығы, жағдайға сәйкес мінез-құлқының өзгерісі сияқты құбылыстарын анықтау бақылау арқылы жүзеге асырылды. Бақылау нәтижесінде зерттеуге қатысқан 5 оқушының әрқайсысына жеке танымдық құрылымдық сипаттама берілді. Олардың мазмұны төменде берілді:

1. Айтбекова Ақмарал – 5сынып оқушысы. Әрдайым сабырлы, тұйық мінезді қыз бала, сабақ үстінде жиі қолын көтермейді, бірақ сұрақ қойылғанда өте мағыналы дәл, әрі қысқа жауап береді. Ақмарал өзгенің өзіне ғана назар аударатынын талап етпейді, бірақ үзілісте құрбы-құрдастарымен бірге бола біледі, оның күлкісімен сөйлеген дауысы сирек естіледі.

2. Алтынбек Дастан –5сынып оқушысы. Жас ерекшелігіне сәйкес байсалды, ұстамды, қимыл әрекеті баяу ұл бала. Сөйлегенде дауысы бір сарынды барлық эмоциялық күйі қалыпты деңгейде. Сабақ үстінде қойылған сұрақтарға жүйелі жауабымен көзге түседі. Үйге берілген тапсырмаларды барынша орындауға тырысады.

3. Әбілхан Сабина –  тұйық, сабақ үстінде артық қимыл-әрекет  жасауымен көзге түспейді, сұрақ  қойылса үндемей ойланып алып, өз жауабын береді. Құрбыларының  арасында енжар, тыңдағанды қалайды. Өз бетінше белсенділік танытып ортақ істі бастап кетпейді. Нұсқау берілгеннен кейін ғана әрекет етуге тырысады.

4. Амангелдіұлы Ғалым  – ұшқалақ, шыдамсыз, тынымсыз. Сабақ  үстінде жан-жағына қарап, қимыл  әрекет жасауға бейім келеді. Сұрақ қойылғанда басқа оқушылардан  бұрын жауап бергісі келіп  асығады. Оқу материалдарын тез  меңгеріп алады. Қайта жаңғырту  процессі де жылдам орындалады.

5. Байтуров Осман –  қимыл-әрекеті баяу, сабырлы, ұстамды, көп сөйлемейді. Сабақ үстінде  артық қимыл-әрекетімен, сөзімен  көзге түспейді. Құрбы-құрдастарымен  қарым-қатынаста енжар, өз бетімен  жүргенді ұнатады. Эмоциялық-ерік  сферасы бір қалыпты деңгейде көрінеді. Іс-әрекетте бастамшылдық алып, белсене қатысып кете алмайды. Нұсқау берілгеннен кейін ғана әрекетке араласады.

Анықтау экспериментінің алғашқы бөлімінде жүргізілген бақылау нәтижесінде оқушылардың мінез – құлқындағы жеке ерекшеліктері жайлы жоғарғыдай мәліметтер алынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдістемелік нұсқау

 

  1. Қарым – қатынаста сенімділік орнату;
  2. «Қазір және осы жерде» принципі бойынша қарым – қатынасқа түсе білу;
  3. Тұжырымдарын өзіндік деңгейден жеткізе білу;
  4. Қарым – қатынаста шынайылылық орнату;
  5. Топтағы болып жатқан құбылыстарды сыртқа шығармау;
  6. Тұлғаның күшті жақтарын анықтау;
  7. Басқа адамды тікелей бағалау әрекеттерін жасамау;
  8. Неғұрлым әртүрлі адамдар типінен өзара қарым – қатынасқа түсе білу;
  9. Тренингте болып жатқан құбылыстарға белсенді қатысып отыру;
  10. Сөйлеп отырған қатысушыға сыйластықпен қарау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесі бойынша «Оқушылардың психологиялық ерекшелігі ретінде мінез – құлыққа ғылыми теориялық талдау» бөлімінде оқушының оқу іс - әрекетіндегі танымдық бағдарының ішінде мінез – құлықтың алатын орны ерекше, күнделікті өмірде көзге қарапайым болып көрінетін мінез – құлықтың ережелері, бітістері, құрылымы қарастырылды. Психология саласында ғалымдардың оқу іс – әрекетінде мінез – құлықты қалыптастыру туралы теориялары мен көз- қарастары бар. Осы бөлімінде, отандас педагог психологтар мен ғалымдардың және шетел психологтары мен ғалымдарының көзқарастары мен пікірлеріне ғылыми теориялық талдау жасалынды.

Түзету–дамыту жұмыстарының ұйымдастырылуы нәтижесінде сыналушылардың мінез-құлық құрылымында қандай да бір өзгерістерді айқындау үшін бақылау және эксперимент топтарына қайта бақылау эксперимент ұйымдастырылды. Анықтау мақсатында қолданылған әдістемелер қайта жүргізіліп, нәтижелер алынды. Ең бірінші бақылау тобындағы қатысушыларға (бес бала), содан соң эксперимент тобындағы қатысушыларға (бес бала) бақылау зеттеу жұмысы жүргізілді.

Анықтау эксперименті бойынша мінез-құлқының дамуында орташа деңгейді көрсеткен сыналушылар, бақылау экспериментінде жоғары деңгейді толтыратыны байқалды. Төмен деңгейді анықтаған сыналушылар, орташа деңгейдің артуына байланысты төмен деңгей көрсеткіші азайған.Жоғары деңгей мен ортаңғы деңей көрсеткіштері өзара жақын қатынасты пропорция құрайды.

Нәтижесінде түзету және дамыту жұмыстарының ықпалы айқындалып, жалпы оқу іс-әрекетінде осындай бағдарламаларды қолдану мүмкіндігі дәлелденді. «Кактус» әдістемесін пайдаланып  оқушылардың жеке ерекшеліктерін, жағымды және жағымсыз мінез – құлық бітістерін тануға бағытталды. Мінез – құлықтың қалыптасуын анықтау эксперименті бойынша

негізгі мектеп оқушыларының оқу  барысында мінез-құлық ерекшеліктерін зерттеу жұмыстары екі кезеңнен тұрады:

1. Анықтау эксперименті

2. Қалыптастыру эксперименті

Жалпы зерттеу экспериментіне Есік қаласы, Қаныш Сатпаев атындағы қазақ орта мектебінің 5 «б» сынып оқушылары қатысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Пайдаланған әдебиеттер

1. 2. Абрамова Г.С. Психологическое  консультирование. - М., 2001.

3. Анастази А. Психологическое тестирование. -М., 1982.

4. Асмолов А.Г. Психология личности. - М., 1990.

5. Андреева Г.М. Социальная психология. М., 1980.

6. Бабасов Е.М. Конфликтология. Минск, 2000.

7. Батаршев А.В. Тестирование. Основной  инструментарий практического психолога. Ростов-на-Дону, 2000.

8. Битянова М.Р. Практическая психология. - М., 1997.

9. Валлон А. Психическое развитие  ребенка. - М., 1997.

10. Венгер А.Л. Схема индивидуального  обследования детей школьного  возраста. (Для психологов-консультантов) - М., 1989.

11. Возрастная и педагогическая  психология. Под ред. М.В.Гомезо. - М., 1995.

12. Выготский Л.С., Лурия А.Р. Этюды  по истории поведения. - М., 1993.

 

 

 

 

 


 



Информация о работе Негізгі мектеп оқушыларының мінез-құлқын қалыптастыру және педагогикалық-психологиялық теория негіздері