Негізгі мектеп оқушыларының мінез-құлқын қалыптастыру және педагогикалық-психологиялық теория негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2015 в 07:29, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Мектеп оқушыларының мінез- құлқын қалыптастыруда тәрбие әдісін қолдану. Мінез - оқушының негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол – көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар жеке оқушыны әр қырынан көрсететін қасиет. Оқушылардың мінез-құлық тәрбиесін қалыптастыруда, оқытушы мемлекеттік құжатқа сүйенуі қажет. Сонымен қатар мемлекет заңдарын орындайды. Ережелер- оқушының мінез-құлық заңы.

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................3

Негізгі бөлім


ІІ Негізгі мектеп оқушыларының мінез-құлқын қалыптастыру және педагогикалық-психологиялық теория негіздері.....................................5

2.1. Оқушы бойындағы мінез-құлық туралы жалпы түсінік. Мінездің құрылымы мен қасиеттері...........................................................................8

2.2. Мектеп оқушыларының бойында толерантты мінез- құлықты қалыптастыру ..............................................................................................10

2.3 Мінез-құлқы эмоционалды үйлеспеген оқушылырға сипаттама......15
Қорытынды
Практикалық бөлім

Зерттеу бөлімі...............................................................................................18
Пайдаланған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Мектеп оқушыларының мінез.docx

— 135.14 Кб (Скачать файл)

1. Кіші  мектеп жасындағы кезең;

2. Жеткіншектік  жасындағы кезең;

3. Ерте  жасөспірім кезең;

Бірінші кезең - баланың мектепке түсіп, жаңа ортаға бейімделуімен сипатталады. Сонымен қатар бала ағзасында дененің күрт өсуі, ішкі мүшелердің үлкейуі вегетативті қайта құрулар сияқты эндокриндік өзгерістер бірден жүреді. Бұл өзгерістер баланың әлеуметтік қарым-қатынас жүйесімен іс-әрекетіндегі кординалды өзгерістер оның ағзаларындағы барлық жүйелермен функциаларының қайта құрылуымен сай келеді. Сондықтан бұл аралық үлкен күшті талап етеді;

Екінші кезең - баланың өтпелі кезеңімен тап келуімен, ағни қиын саналатын кризистік кезеңмен сай келеді. Бұл кезең біріншіден пубертаттық кезеңде келетін морфологиялық және физиологиялық өзгерістер жеткіншектің ағзасын біршама өзгертуге ұшыратады да, олардағы соматикалық аурулар қауіпін тудырады, сонымен бірге, тура осы жеткіншектік кезеңде көптеген жүйке және психикалық аурулар көрініс береді, екіншіден осы кезеңге тән әлеуметтік қарым-қатынас сферасының (позитивті болмауы мүмкін) кеңеюі жеткіншектерге меңгеруге қиын болып табылатын жаңа әлеуметтік тәжірибелер береді. Өтпелі кезең - жас ерекшелік дамудың өте жауапты сатысы. Бұл кезеңнің өзіндік ерекшеліктері П.П.Блонский және Л.С.Выготский еңбектерінде анық жазылған. П.П.Блонский өтпелі кезеңдегі жүріп жатқан өзгерістердің бірден болып жатқанына көңіл бөлсе; Л.С.Выготский бұл кезеңді ескінің өшуін сипаттайтын жас деп көрсетеді. Олай болса, өтпелі жас дегеніліз, баланың бір сатыдан екінші сатыға өту аралығы. Бірақ бұл уақытта балада оны біршама жоғары сатыға дайындайтын барлық негізгі психологиялық жаңа құрылымдар қалыптасуы қажет. Әйтсе де, бұл екі жас қиылысып, осы қиылыста кризис тууы мүмкін. Ал кризис дегеніліз негативті байланыстарды шақырушы, мінез-құлық моделінің ауытқуын көрсететін белгілі құбылыс.

Үшінші кезең - бұл оқушылардың жеткіншектік жаспен ересектік жас аралығындағы және олардың 10-11 сыныпта кездесетін қиындықтарымен сай келеді. Бұл уақыт адамның тұлғалық дамуының өте манызды және жауапты кезеңі болып табылады. Тіпті, Ж.Ж.Руссо («Эмиль немесе Тәрбие» енбегінде) саналық өзіндік анықтауды жасөспірімдік кезеңдегі тұлғаның екінші туылуының негізгі мазмұны ретінде қарастырады. Сонымен қатар, жасөспірімдік кезеңде ағзаның физикалық дамуы, жыныстық жетілуі жүреді және бұл кезеңдегі психикалық дамудың ерекшелігі дамудың әлеуметтік жағдайымен де байланысты. Сондықтан да, бұл кезеңдегі әрбір қадамның жауапкершілігі артады, сондай-ақ, бұл кездегі әрбір қатенің белгілі-бір көлемді салдары болуы мүмкін, ал кей кезде ол драмалық сипатқа да ие болуы мүмкін. Сондықтан да, бұл жас аралығын немесе осы жас аралығындағы оқушыларды «қиын жас» немесе «қиын балалар» категориясына кіргізуіміз мүмкін. «Қиын жасты» екі сөзді талдау арқылы түсіндіруге болады:

1. критикалық;

2. өте  қиын, қауіпті.

Өйткені бұл кезеңде де физикалық әлсіздік, мінез сипатының ерекшеліктері, қарым-қатынас ерекшеліктерінің жоқтығы, эмоционалды жетілмеушілік, жағымсыз сыртқы әлеуметтік орта сияқты т.б. көптеген факторлар жалғаса беруі мүмкін. Осындай факторлардын салдарынан «қиын балалар» пайда болуы мүмкін. "Қиын балалар" дегеніміз, дамуы мен мінез-құлқында жалпы қабылданған норлалардан ауытқуы бар, өйінің психоәлеуметтік далуы қалыптасуының жаңа сатысын басынан нәтижелі өткізе алмайтын балалар.

Сонымен мектептегі үш кезеңге сүйене отырып, біз барлық мектеп жасындағы уақытты критикалық жас деп айта аламыз. Л.С. Выготскийдің «Критикалық кезең» теориясы бойынша критикалық жас дегеніміз, біржағынан балалардың қоғамдық қарым-қатынас жүйесіндегі өзгерулері жататын, екінші жағынан баланың «ішкі позициасының» өзгеруі жататын дамудын әлеуметтік ситуациясының қайта құрылу нәтижесі. Л.С.Выготский бұл жас аралықтарын мағынасы дамудың жалпы циклында оның орнымен анықталатын және дамудың жалпы заңдылықтары барлық уақытта сапалыда өзіндік сипаттарды тауып алатын дамудың жабық немесе өзіндік кезеңі ретінде қарастырды. Әр жас кезеңінде баламен орта арасында сол кезеңге тән жалғыз да, қайталанбас өзіндік спецификалық қатынас орнай бастайды. Мұны Л.С.Выготский сол кезеңдегі дамудың әлеуметтік жағдайы деп көрсетті. Бірақ, барлық жас аралығындағы өтпелі кезеңдердің симптоматикаларымен мазмұндары ұқсас болғанымен және олар жалпы заңдылықтармен өткенімен бір кезеңнен екінші кезеңге өтуде дамудың өзіндік қиындықтары пайда болады және олардың мазмұны тұрақты кезеңдегіден, ағни, тұрақты кезеңдегі даму ерекшеліктерінен біршама айырмашылықтары бар.

Сонымен, баланың жас ерекшелік психологиялық сипаты оның бөлек-бөлек жаңа құрылымның немесе ерекшелігінің жиынтығымен анықталмайды, ол оның әр жас кезеңіндегі жеке адамдық қасиеттерінің қалыптасуымен анықталады.

Сондықтан осы ерекшеліктерге байланысты, жалпы американ психологтарының жүргізген зерттеулері нәтижесінде, оқушылардың мінез-құлқының үйлеспеуі 80% осы жеткіншектік кезеңгеи тән екендігі белгілі болады. Өйткені, мектеп оқушыларында, яғни, кіші және орта мектеп жасындағы балалардағы қабылдау өте жоғары болатындығы белгілі, сонымен қатар, оқушылардың дүниеге көзқарасы, жағымды қасиеттерінің қалыптасып келе жатқандығымен байланысты. Осы анықталған мэліметтерді негіз ете отырып, Г.Д.Пирьовтың басшылығымен бір топ Болгария психологтарының жүргізген зерттеулері нәтижесінде 5-17 жас аралығындағы балаларға «ашушаңдық» тән екендігі белгілі болды. Сонымен қатар олардың психикалық нормаларының үлкендерденайқын ерекшеленіп тұратындығын 14-15 жастағы15000 американ жеткіншектеріне психодиагностика ретінде жүргізген «даралық минесоттық» тестімен дэлелдеуге болады. Өйткені, бұл тест нәтижесі бойынша, нормадағы балалардың өздері «психопатия», «шизофрения», «гипомания» шкалалары бойынша көрсеткіштері үлкендерден жоғары. Бұдан үлкендер үшін ауру симптомы болып табылатын бұл көрсеткіштер жеткіншек немесе жасөспірімдер үшін норма болып табылады деген, қорытындыға келеміз. Оқушылардың басқада психологиялық ерекшеліктерін анықтау мақсатында К.С.Р.О. мамандары С.Хатауэй және Э.Монакези жүргізген "Роршах" және "тематикалық апперцепция" тесті бойынша 12-16 жас аралығындағы оқушылардың мазасыздану деңгейінің жоғары болатындығы, сонымен қатар. Кеңес уақытында үлкен маман болып табылатын жасөспірімдер психиатры Л.Л.Мекрабянның мэліметі бойынша, осы жас аралығындағы балалардың жекелік ауытқуларының бірден өсетіндігі дэлелденді. Сонымен қатар әр жас кезеңіндегі мазасыздану деңгеінің ерекшелігіне байланысты

В.Д.Кисловская «проективті тест» көмегімен мазасызданудың жас ерекшелік динамикасын қарастырды. Оның нәтижесі бойынша, кіші мектеп жасындағы оқушылардағы мазасыздану бейтаныс үлкен адамдармен қарым-қатынас кезнде және қатарластарымен қарым-қатынас кезінде көрінсе жеткіншектерде бейтаныс адамдармен жеткіншектерден гөрі, қатарластары және ата-анасымен қарым-қатынас кезінде, ал жасөспірімдерде мазасыздану барлық қатынас сферасында, әсіресе, ата-аналармен немесе балалар тәуелді болып табылатын басқа да үлкендермен қарым-қатынас кезінде көрінеді екен және жасөспірілдерге мазасыздану деңгеңінің жоғарылығы тән болып шықты. Мұның себебі, жасөспірімдік кездегі эмоционалды реакцияның әсерінен дифференциацияның жалғаса беруінде, және эмоционалды реактивтіліктің төмен дәрежеде болуында. Төмен реактивтілік психологиялық жағымсыз фактор болып табылады. Осыған байланысты жүргізілген Калифорниялық лонгютидтің нәтижесі бойынша, төмен эмоционалды реактив тән жеткіншектерлен жасөспірімдерге біршама мазасыздық тән, эмоционалды тұрақсыз, икемсіздеу және қарым-қатынассыздау болып келеді екен.

Осы айтылған факторлардың себебі , Л.Е. Личко пікірі бойынша, осы ерекшеліктердің негізгі себебі, 12-18 жас аралығының психопатияға криткалы кезең болуында. Сондықтан да дәл осы кезеңде оларға аса көңіл бөлінбесе, олардың мінез-құлқының эмоционалды үйлеспеушілігінің тереңдеп кетуі мүмкін. Бірақ, эмоционалды үйлеспеушілік тек қана гармоналды өзгерумен ашылмайды, сонымен қатар, әлеуметтік факторға және тәрбие шартына тәуелді және индевидуалды - типологиялық ерекшеліктерге де байланысты болады.

Өсіп келе жатқан балаға әсер ететін және оның пайымдау дүниесін өзгертетін сыртқы және ішкі факторлардың көлелмін білу күрделі нәрсе. Сондықтан да есеюдің психологиялық қиындықтары, «мен» бейнесі және талпыну деңгейінің қарама-қайшылығы сияқты жеткіншектерге тән эмоционалды күштену ерте жасөспірімдерде болады деуге алып келеді. Сонымен қатар, балалардағы дисгаромониялық жеткіншіктік синдромы, яғни, оқушылардың өзінің денесіне және сыртқы көрінісіне көңіл бөлуі, т.с.с. жағдайлар олардың эмоционалды үйлеспеуіне әкеліп соғады.

Бірақ, нормадағы оқушылардың эмоционаолды үйлеспеушіліктің психопатиялық белгілері аз көлемде болады.

Жалпы эмоционалды үйлеспеушілік өтпелі кезеңнің барлық кезіне тән және олар қиын балалар қатарына жатады. Мұндай балаларға оқудың өзі қиын, үйде ешкім көмектеспейді, өздігінше өмір сүруге ешкім тәрбиелемейді. Олардың өзіндік бағасы оқудағы жетістіктерге жетпеуіне байланысты төмен болады. Бұл жағдайда бала өзін-өзі көрсетуге қысылады.

Жеткіншектердің оқу әрекетінде апатия, ашушанды, қаталдық, өкпе, түңілушілік кездесіп отырады. Соньмен бірге, олардың мінез-құлқына тітіркенудің импульсивті формасы тән болып отырады. Оқушылардың мінез-құлқындағы ситуацияларды талдай отырып, ситуациалық мінез-құлықты едәуір өзгертетін нәрселерді атап өткен жөн.

Оқушылардығы үйлеспеушілік құрамына қарай кәдімгідей болады. Олардың құрамы күрделі. Оқушылардың мінез-құлқының үйлеспеуіне тән сипаттың бірі - олардың кейбіреуінің жынданғаннан өлуге дейін баруы. Оның негізгі себебі, өмірлік қиындықтар, әсіресе отбасындағы түсінбестік еркелетудің, махаббаттың жетіспеушілігі болып табылады. Яғни, баланың жан талаптары отбасында қанағаттандырылмайды оның әрбір қадамда көңілі қалып отырады.

Өмірдегі мұндай жағдайлар бір балаларға соққы болып тисе, екіншілері, керісінше барлығына көңілі толмай кек алғысы келіп тұрады, бәрін керісінше істейді. Олардың себебсіз іс-әрекеттері өздіктерінше дұрыс саналады. Егер оқушылар өздерінің бірнеше мағынасы бар мінез - құлқын нақты жағдайдағы шындық өмірге көрсетсе, онда ол мағына басқаларға мағынасы үйреншікті «басқаша оқу» немесе айналадағыларға жаңаша тіл болып көрінеді. Ол біріншіден, түсініксіз: екіншіден, қабылданбайды; үшіншіден, әшейін аффективті түрде қабьлнданбайды. Осы жерден қиын тәрбиелену қайшылықтары туады. Соньмен бірге эмоционалды үйлеспеген оқушыларды зерттеу барысында олардағы қажеттіліктер отбасында қанағаттандырылмайды және ата-аналардың өз дегені бойынша балалардан бірнәрсені талап етуі оларға керісінше әсер етеді.

Оқушыларда еліктеу жоғары дәрежеде болады, сондықтан да олардың жоғары талап қоюшылығы немесе біреуден бірдене талап етушілігі, олардың мінез-құлқының бұзылуына әкеліп соғады. Оқушылардағы мазасыздану деңгейінің жоғарылауы, отбасындағы қарым-қатынастың шектелуімен, стрестерімен сипатталады. Мұндай балалардан ашық агрессия сирек пайда болады. Оларға когнетивті стиль, өзінің мүмкіншілігін бағалай алмаушылық тән және оларда «ешкім көмектеспейді» деген көзқарас немесе айналаға жаушылық көзқараспен қарау тереңдік алып отырады.

Балалардағы эмоционалды үйлеспеу олардың сабаққа үлгермеушілігімен де сипатталады. Мысалы, балаларға көомектескенде егер де ол тапсырманы ұзақ түсінбесе кері эмоцияны ғана емес, сонымен бірге, тапсырманы нәтижелі орындаудың жолдарын қарастырмай мұндай әрекеттерден алдын-ала іштегі бас тарта бастайды. Оқушыларда психологиялық «энергетиканың» жоғарылауы және төмендеуі болады, осының әсерінен балалар бір уақытта көңілсіз болып жүрсе бір уақытта жеткілікті қарсылық көрссететіндігі және жақсы бейімделген қабілетте болады.

Бұл жердегі бірінші жағдай екінші жағдайға қарағанда жиі көрінеді. Сондықтан да баланың өмір жағдайына көңіл бөлу керек. Мысалы, бала от басындағы екінші баланың пайда болуына байланысты жат қылықтар көрсете бастайды, сондай-ақ мектеп ауыстыру нәтижесінде тәуелділік, мазасыздану сезімі пайда болады. Ата-аналарға негізгі көңіл бөлу керек нәрсе - көп балаларда мұндай стресс эмоционалды және мінез қиындықтарын туғызатындығы. Бала мінезіндегі эмоционалды үйлеспеушілікті зерттеген зерттеушілер пікірін талдау нәтижесінде оқушылардың эмоцтоналды үйлеспеуіне әсер ететін негізгі үш факторды анықтадық.. Олар:

1. биологиялық  ерекшеліктер;

2. әлеуметтік  орта.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Практикалық  бөлім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспары

 Пәні:

Сыныбы

 Сабақтың  тақырыбы:

Сабақ мақсаты: ойын түрінде мінез қасиеттерін салыстыруға, өзге адамның эмоционалдық күйін түсінуді дамытуға, баланың эмоционалдық сферасын түзетуге бағытталады.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,баяндау

Сабақтың  көрнекілігі:плакаттар

Сабақтың барысы:

1. Сәлемдесу дәстүрі. Қатысушылар шеңберге тұрып, бір – бірінің иығына қолын қойып, мейірімді түрде бір – бірімен сәлемдеседі.

2. Таныстықты жалғастыру. Қатысушылар алдыңғы сабақта айтылған әр қатысушының есіміне сәйкес оның ұнататын нәрсесін дұрыс анықтап беруге тырысады. Таныстықты нығайту негізінде орын алмастыру ойыны жүргізіледі. Оның мазмұны бойынша, қатысушылар әртүрлі белгілерге қатысты топтастырылып, анықталып алынды. Мысалы, алмалар тобы, жүзімдер тобы, алмұрт тобы, тағы сол сияқты топтастырылды. Оларға нұсқау берілген кезде ортақ топтарға топтастырылған қатысушылар бір – бірімен орын алмастырып үлгеруі қажет.

3. «Екі дос»  ойыны. Қатысушыларға екі дос туралы өлеңнің мазмұны ұсынылады. Оның мазмұны төмендегідей:

1. Екі жас дос шомылуға  келді өзенге,

    Біреуі суға  түсті – сүңгіп, жүзе бастады.

    Екіншісі «Батып  кетсем қайтем» - деп,

    Сақтықпен толқынға  ол қарайды.

2. Қыстың күні екі дос  сырғанауға барады,

    Сырғанап жүр  біреуі – екі беті албырап,

    Екіншісі «Тайғақ  екен мына жер, құлап қалсам  қайтем» - деп,

    Бақылап тұр  абайлап, ол жағада.

Өлең мазмұны оқылғаннан кейін қатысушылар екі баланың мінез – құлқына баға берді, рольдерді бөліп алып, өздері ойнайды. Өлең тағы да бір рет оқылып, қатысушылар оны понтомимикамен бейнелеп көрсетуге ұмтылады. Соңында достық қарым – қатынастағы мінез – құлық ерекшеліктеріне орай болатын келіспеушіліктер жайлы әңгіме қозғалып, қорытынды пікірлер шығарылды.

4. «Осылай әділ  болады». Бұл жаттығудың мақсаты өз мінезінің жағымсыз қасиетін түсінуге, мінез – құлықты бағалауға арналады. Қатысушыларға ұсынылатын әңгіме мазмұнын тыңдап, оқиға кейіпкерлерінің мінез – құлық үлгілеріне баға беруге бағытталған нұсқау беріледі. Әңгіменің мазмұны: «Аналары дүкенге кетті. Есіктің жабылғанын көре салып балалар асыр салып диванға отыра салды. Ал кіші інісі анасының келгенін көрмей жастықты лақтырып ойнауды жалғастыра берді. Ол жастықты лақтырып жіберіп еді, төбедегі аспалы шам теңселе бастады. Анасы қатты ренжіп, кінәліні бұрышқа тұрғызды. Үлкен ағасы диваннан тұрып інісінің қасына келіп тұрды.

Информация о работе Негізгі мектеп оқушыларының мінез-құлқын қалыптастыру және педагогикалық-психологиялық теория негіздері