Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2015 в 07:29, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: Мектеп оқушыларының мінез- құлқын қалыптастыруда тәрбие әдісін қолдану. Мінез - оқушының негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол – көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар жеке оқушыны әр қырынан көрсететін қасиет. Оқушылардың мінез-құлық тәрбиесін қалыптастыруда, оқытушы мемлекеттік құжатқа сүйенуі қажет. Сонымен қатар мемлекет заңдарын орындайды. Ережелер- оқушының мінез-құлық заңы.
Кіріспе..........................................................................................................3
Негізгі бөлім
ІІ Негізгі мектеп оқушыларының мінез-құлқын қалыптастыру және педагогикалық-психологиялық теория негіздері.....................................5
2.1. Оқушы бойындағы мінез-құлық туралы жалпы түсінік. Мінездің құрылымы мен қасиеттері...........................................................................8
2.2. Мектеп оқушыларының бойында толерантты мінез- құлықты қалыптастыру ..............................................................................................10
2.3 Мінез-құлқы эмоционалды үйлеспеген оқушылырға сипаттама......15
Қорытынды
Практикалық бөлім
Зерттеу бөлімі...............................................................................................18
Пайдаланған әдебиеттер
Мінез ерекшеліктерін зерттеушілердің пікірлерін ең бірінші болып француз ғалымы Л.Бен жүйеге келтірген. Ол мінезді психологиялық ерекшелік, дара тұлғаның ақыл-ойы мен сезімінің және ерік ерекшілігінің көрсеткіштері деп санады. Т.Рибо мінезді сезіммен ерік ерекшелігі десе, ал орыс медигі әрі психолог П.Ф.Лесгафт, ерік қасиеті деп көрсеткен. И.Кант мінезді темпераментпен салыстыра отырып, оны адамда дүре пайда болатын қасиет деп, туа біте пайда болатын қасиеттер мен әр адамның өз өмірінде жүре пайда болатын қасиеттерді бөліп көрсетті.
Поланның айтуынша мінездің барлық сипаттары адамның тіршілік жағдайларына байланысты деген пікір айтады. Сонымен, мінез жөнінде екі пікір қалыптасып, олар осы уақытқа дейін пікір таластар туғызып келеді. Соған қарамастан қазіргі зерттеулерде мінез адамның өмір салтына және әлеуметтік ортаның ерекшеліктеріне тәуелділігіне ешкімде күманданбайды. Табиғи күштерге табиғи физиологиялық процестержаттын темперамент ерекшеліктері арқылы қарастырылады. Темперамент -адамда туа пайда болатын генотипті организм қасиеті. Темперамент адамның жүйке жүйесінің типтері арқылы анықталады. Өйткені, жүйке жүйесі типтерінің сыр-сипаты темперамент типтерімен бірдей. Мұның екеуі де дара адамның бойындағы өзгешеліктерін сипаттайды. Жүйке жүйесінің типі шыдамсыз болса - холерик, сергек болса - сангвиник, тыныш болса - флегматик, әлсіз болса -меланхолик болады. Сондықтанда, адамның мінез-құлқы оның темперамент типіне байланысты болуы әбден мүмкін - деп атап көрсетеді.
Адамдар түрлі іс-әрекетпен айналысады, осы іс-әрекетпен айналысу барысында оларда белгілі-бір мінез-құлық пайда болады. Адамның мінез-құлқын түрлі жағынан суреттеуге болады. Кез-келген мінез-құлықтын басы мен аяғы болады. Адамның мінез-құлық детерминациясын түсіндіру үшін мотивацияның көптеген психологиялық теориялары қолданылады. Мотивацияны оқу - бұл адам белсенділігін арттырып отыратын себептерлен факторлардар талдау. Мотивациялық теориялардың көбінде мінез-құлық белсенділігінің 3 негізгі параметрі талданады. Сондай-ақ, себебі бар мінез - құлық жекелік және ситуациялы деп аталатын екі фактор әрекетінің нәтижесі:
1. Жекелік фактор - жеке адамның мотивациялық диспозициясы (қажеттілік, мотив, дағды, бағыттылық);
2. Ситуациялы фактор - сыртқы, яғни, адамның айналасындағы жағдайлар (басқа адамның мінез-құлқы, бағасы, қатынасы, физикалық жағдайлары және т.с.с);
Адам мінез-құлқының себептері американ психологтары Эдвард, Лиси, Ричард және Руян "өзіндік детерминация және ішкі мотивация" теориялары мен түсіндіреді. Ол бойынша, мотивацияның екі типі және оған сай мінез-құлықтын да екі типі бар:
1. Сыртқы
мотивация және оған сай
2. Ішкі
мотивация және оған сай
Мінез-құлықтын жоғары формаларының түсінігіне келесілер кіреді:
а)жоғары формадағы практикалық іс-әрекет.
б)символикалық іс-әрекет.
в)өзіндік жоғары психикалық функция.
г)жоғары
әлеуметтікфункция(
Л.С.Выготский мінез-құлықтын негізгі мәдениетті формасы тіл және қаруды қолдану деп айтады. Выготскийдің концепциясын талдау негізінде құлықтын форо/иаояары, функциясының жіктелу схемасы:
2.2. Мектеп оқушыларының бойында толерантты
мінез- құлықты қалыптастыру
Толерантты мінез–құлықты қалыптастырудың маңызды шарты, бір жағынан, бала үшін ортаның маңызын, әр түрлі жақтарына баланың көзқарасын зерттеу болып табылса, екінші жағынан орта көзқарасы оқушының «болу» мүмкіндігін жасауға мүмкіндік беруі, яғни толеранттық мінез-құлық белгілеріне ие тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасауы керек.
Толерантты мінез-құлықты қалыптастыруға әдіснамалық көзқарасты теориялық талдау бізге толерантты мінез-құлықты қалыптастыру мәдениеті тұлғаны қалыптастыруда осы үдерістің білімдік және тәрбиелік бағыттармен арақатынасы нақты анықталғанда өзінің лайықты орнын алады деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Оқушыларда толерантты мінез-құлықты қалыптастыру екі жақты келісімді макро және микро деңгейлерінің нәтижесі арқасында жүзеге асырылуы мүмкін. Әр деңгейдегі ұйымдастыру үдерісі әртүрлі деңгейде жүзеге асырылатын нақты мақсатпен және мақсатқа лайықтылықпен (қайда бағытталғаны), шешілетін міндеттермен (нені жеңеді, нені алып тастайды?), қызметімен (не үшін тағайындалады?) анықталады.
Макро деңгей бүкіл мемлекет шеңберінде іске асады және оның басты мақсаты қоғамдағы жеке тұлғалар мен әлеуметтік топтардың демократиялық мемлекеттегі азаматтық келісімнің кепілі ретінде мінез-құлық тұрақтылығын сақтайтын, сондай-ақ басқа мемлекеттер мен әлем халықтарымен қарым-қатынаста позитивті геосаясатты жүзеге асыратын толерантты сананы қалыптастыру болып табылады. Функциональдық мағынада бұл қасиетті қалыптастыруда үлкен жауапкершілік мемлекетке және сол арқылы мемлекеттік орындарға, мемлекеттік бағдарламалар мен заңдылықтарға жүктеледі.
Аймақтық деңгей этникалық-әлеуметтік көпжақтылығымен, білім және тәрбие концепцияларымен ерекшеленетін белгілі бір аймақ көлемінде іске асады. Аймақтың нақты жағдайын ескере отырып, білім беру саласындағы басымдылықтарды анықтау.
Микро деңгей-жанұя, педагог пен оқушы тұлғасы. Микро деңгей шегінде табиғи-климаттық, ұлттық ерекшеліктерімен сипатталатын кіші Отанды қалыптастыруға назар аударылады. Мұндай жағдайларда оқушылардың сол жерде өмір сүретін әртүрлі халыққа толерантты мінез-құлқы қалыптасады.
Микро деңгей белгілі бір білім беру мекемесінің немесе білім беру үдерісіндегі ерекше қасиеттерді анықтайды. Аты аталған деңгейдің шегінде әрбір мекеме білім компоненттерін жүзеге асыруға құқылы, бірақ міндетті түрде оқушылардың толеранттық мінез-құлқын қалыптастырудың ерекше қағидалары мен жүйесін қалыптастыру керек.
Толерантты мінез-құлықты қалыптастыруға қатысты қазақ педагогикасында көптеген ғалымдардың еңбектері бар. Б.Ж.Жиентаева «Национальное воспитание школьников на уроках технологии средствами народного прикладного искусства (5-7 классы)» атты кандидаттық диссертациясында оқушыларды тәрбиелеуде ұлттық тәрбиенің ролі және оның жолдары туралы айтады. С.А.Ұзақбаева «Қазақ халық педагогикасындағы эстетикалық тәрбие» атты докторлық диссертациясында халық педагогикасы педагогика ғылымдарының бір бөлігі ретінде қарастырылып, оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде халық педагогикасының алар орнының маңыздылығын айта келіп, эстетикалық тәрбиенің тұжырымдамаларын ұсынады. Р.К.Төлеубекова «Исполльзование прогрессивных традиции народной педагогики в нравственном воспитании учащихся начальных классов казахской школы» атты кандидаттық диссертациясында бастауыш класс оқушыларының сыпайылық тәрбиесінің өзекті мәселелерін ашып, осыған байланысты мектеп мұғалімдеріне арнап, «адамгершілік тағылымы» атты бағдарламасын жасайды.
Толерантты мінез-құлықты қалыптастыру мақсатына жетті деп оқушыларда өзін-өзі тану мен өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттілік пайда болған кезді есептеуге болатынын ескерту керек.
Сонымен қатар жүйені белгілі бір деңгейде сипаттайтын параметрлер мен критерийлер бір-біріне байланысты емес және әрқайсысы өзінше өмір сүреді деген әсер қалмауы керек. Олардың арасындағы байланысты анықтау үшін берілген деңгейлер жіктелетін ортақ белгі болуы керек.
Біздің ойымызша, мұндай белгі ретінде төмендегілерді айтуға болады:оқушылардың тұлғасы, теория мен практиканың теңбе-теңдігі, қалалық орта мектеп жағдайында оны қалыптастырудың нақты құралдарын толерантты мінез-құлықтың жалпы қағидаларына трансформациялау логикасы.
Педагогика ғылымында қағидаларды сипаттауда әртүрлі көзқарастар бар. А.В.Сластенин педагогикалық үдерісті ұйымдастыру қағидалары мен тәрбиеленушілердің әрекетін бүтін педагогикалық үдеріс позициясынан қарау қағидасының келесі түрлерін атап көрсетеді:
- педагогикалық үдерістің гуманистік бағыты;
- ғылымилық;
- білім, білік, дағды, сана мен мінез-құлықтың бірлігін қалыптастыруға бағытталған қағида;
- ұжымда оқыту мен тәрбиелеу;
- сабақтастық, дәйектілік, жүйелілік;
- барлық өмірде, оның ішінде оқу мен тәрбиені эстетикаландыру;
- оқушылардың саналылығы, белсенділігі;
-
бала тұлғасына құрметпен
- адамға құрметпен қарауға, оның күшті жақтарын сүйену;
- тәрбиеленушілердің жас шамасы мен тұлғалық ерекшеліктерін ескеру;
- білім беру, тәрбиелеу мен дамытудың қорытындыларының беріктігі мен әрекеттілігі.
М.И.Демков ұсынған қағидалардың ішінде үшеуін атап айтуға болады:
- оқушының өзіндік әрекеті. Баланың өзінің әрекетінсіз оның еш мүмкіншілігі: таланты, мінезі, ақылы дамуы мүмкін емес;
- адамгершілік міндеті;
- балаларға шексіз махаббат;
В.Е.Зябкин ұсынған қағидалар ішінен біздің зерттеуіміз үшін қызығушылық туғызатыны келесілер:
-
оқушының әлеуметтік ортаға
- жүйелілік;
-
балаға әсер ететін сыртқы
және ішкі факторды фильтрлеу,
себебі қалыптасып келе жатқан
тұлға сыртқы әрекеттерден
М.М.Поташник ұсынған қағидалар ішінен ерекшелетіні сабақтастық, перспективтік, оңтайландыру, рефлексті.
Осы үдерістің заңдылығын анықтаудың әдістемелік негізі деп біз төмендегілер арасындағы заңды байланысты дәйекті және біртұтас зерттейтін жүйелік – құрылымдық көзқарасты есептейміз:
а) оқу-тәрбие үдерісімен және онымен байланысты шарттар мен факторлар кешені;
б) педагог әрекеттілігі және оқушының өзін-өзі тәрбиелеу әрекеттілігі;
в) берілген оқу-тәрбие үдерісінің жеке компоненттері – тапсырмалары, мазмұны, әдістері, формалары, құралдары, шарттары арасындағы қарым-қатынас.
Толерантты мінез-құлықты қалыптастыруға әлеуметтік-қоғамдық үдерістер себепші болады, олар: ортада, қоғамда әлеуметтік зомбылықтың өсуі, ұлтаралық қақтығыстардың жалғасуы, ұлттық экстремизмнің өсуі және т.б., сонымен қатар әлеуметтік зорлықтың әртүрлі жағдайларында жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың толерантты мінез-құлқын азаматтық келісім өлшемдерінің негізі ретінде әлеуметтік практикаға енгізу қажеттілігі сияқты ортаның cұранысы ескерілуі қажет.
Оқушылардың толерантты мінез–құлықтарының қалыптасуы қоғам дамуы заңдарымен, білім беру үдерісімен, оқыту және жеке тұлға дамуымен заңды байланысты.
Осыған орай оқушылардың толерантты мінез-құлықтарын қалыптастыруға арналған тиімді іс-әрекеттер кешенін дайындау мен жүзеге асыру үшін белгілі бір міндеттерді шешу қажеттілігі туады.
Бірінші және екінші заңдылықтардан шығатын қағида оқушылардың толерантты мінез–құлықтарының оқулық-тәрбиелік үдеріс бағытының деңгейін жоғарылату.
Толерантты мінез–құлықты қалыптастыру үдеріс заңды түрде макро және микро орталарының шарттарымен байланысты (жастық, гендерлік, ұлттық құрам, өзара қатынас сипаты, тұлғааралық қатынас жиілігі және т. б.) Педагогикалық қызметті жүйелі ұйымдастыру кезінде ұлттық-мәдени ерекшеліктерге ерекше көңіл бөлу қажет. Көпұлтты балалар ұжымындағы педагогикалық қызметтің тиімділігі бір-бірімен заңды байланыстағы оқу және әлеуметтік салалардан тұратын педагогикалық күш сияқты нақты тәрбие құралдарына байланысты.
Осыдан оқушылардың өмірлік әрекеттерінің барлық салаларында - оқу және әлеуметтік салада ұлттық-мәдени факторды жан-жақты ескеру және жүйелеу қағидасы пайда болады.
Толерантты мінез-құлықты тиімді қалыптастыру педагогикалық әрекет пен оқушы тұлғасын өзіндік тәрбиелеу бірлігі көрінетін үдерісте де жүзеге асуы мүмкін. Мұнда тәрбиелік әсер мен қарым-қатынас субъектілерінің өзара әсері арасында заңды байланыс бар: бұл байланыс педагог пен оқушының арасында болады да, қалыптастыру үдерісінің бүтіндігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Сөйтіп, біз толерантты мінез-құлықты қалыптастыруда бүтін, бөлінбей орындалатын педагогикалық-психологиялық заңдылықтар мен қағидаларды айқындадық.
Толерантты мінез-құлықты қалыптастырудағы маңызды жағдай жағымды аймақтық білім саясатын құру болып табылады да, гуманистік парадигманы қозғалтып, аймақтың мәдениет, тіл, әдет-ғұрып сияқты маңызды әлеуметтік ерекшеліктерін көрсетеді.
2.3 Мінез-құлқы эмоционалды үйлеспеген оқушылырға сипаттама.
Бала дүниесінің басқа балалар дүниесімен, үлкендермен және түрлі заттармен соқтығысуы олар үшін әсер қалдырады. Оқушыларда осы жағдайлардың әсерінен қөзқарастарының және жалпы қалыптасуының бұзылуы, тілек және дағдыларының өзгеруі орын алады. Осындай келеңсіз жағдайлардың бэрі балалар өмірінде кездеседі, ал балалар өмірі мектеппен тығыз байланысты. Сондықтан мектептегі кезең оқушылар үшін «сыңалу» кезеңі болып табылады. Сыналу кезеңі дейтініміздің себебі, бала нақ осы мектеп жасында жас ерекшелік кезеңдестіру бойынша маңызды болып табылатын бірнеше қиын кезеңдерден өтеді. Яғни, сыңалу кезеңі дегеніміз, түрлі құбылыстарға толы белгілі бір өтпелі кезең және баланың осы кезең аралығынан өте алу мүмкіндігі. Сонымен анықталған жас кезеңдеріне сүйене отырып, білім беру жүйелері және практикалық психологтар мектептегі барлық жас аралығын 3 кезеңге бөліп қарастырады: