Сақтандыру түсінігі және әлеуметтік-экономикалық мәні, оның ic-әрекет сфералары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Июля 2015 в 09:55, реферат

Описание работы

Ғылымның қандай салалары болса да, зерттеу барысы мен іс жүзінде біртекті әдістерді қолдана бермейді. Ғылыми ойларды дамытудың жаңа әдістеріне қолданбалы математика, ақпарат теориясы, кибернетика секілді ғылым түрлері себеп болады. Әр түрлі кезеңдер мен құбылыстарды, оның ішінде өндірістік-экономикалық және ақпараттық жүйелерді зерттеудің озық әдістеріне көбінесе жүйелік зерттеу тәсілі қолданылып жатады.

Файлы: 1 файл

МҮЛІКТІ САҚТАНДЫРУ.DOC

— 216.00 Кб (Скачать файл)

Математикалық жабдықтау алгоритмдері келесідей жалпы талаптарға жауап беруі тиіс:

    • ҚПП –де пайдалануға негізделген стандарттық, іздеушілік және септеулік процедураларын максималды пайдалану;
    • ақпаратты іздеудің шешімдерінің нақты мәнінің болмауы;
  • өз сипаттамасында программа тілінің мүмкіндіктерін максималды пайдалану;
    • есептердің функционалдық байланысын қамтамассыз ету;
    • қатысты жай блоктарға бөлшектеп байланыстыруды енгізу;
    • программаның орындауы жолына бақылау енгізу;

Математикалық әдістер мен тәсілдер және олардың шешімдері берілген нақтылықтағы шешімдердің бір мәнділігін және бірлігін қамтамассыз етуі қажет.

Технологиялық жабдықталуы – ақпараттық технологиялар және олардың ішінен нақты есептерді шешуге арналған ең қолайлысын таңдау әдістерінің жиынтығы.

 

Лингвистикалық жабдықтау – бұл, ақпаратты автоматты түрде өңдеудің тиімділігін арттыру және адамның ақпараттық техникалық құралдармен байланысын жеңілдету үшін пайдаланатын тілдік, құралдардың, ғылыми-техникалық терминдердің, табиғи тілді қалыптастыру ережелірінің жиынтығы. ЖМСАЖ-нің лингвистикалық жабдықтауына алгоритмдік тілдер: Паскаль мен DELPHI жатады, ал ақпараттық тілдерге: Paradox, Database Desktop кіреді.

Эргономикалық жабдықтау – жұмыстың әр түрлі сатысындағы адамның жоғары тиімділікпен жұмыс істеуіне дұрыс жағдайлар жасау және сонымен бірге оны игеру мақсатына бағытталған әдістер мен құралдар жиынтығы. ЖМСАЖ-нің эргономикалық жабдықтау құрамына мыналар кіреді:

    • жұмыс орындарында, ақпараттық үлгілерге және жұмыскерлер құрамына эргономикалық сараптауды қалыптастыруды қамтамасыз ететін құжаттар пакеті; бұл талаптарды іске асырудың мақсатқа сай тәсілдерін таңдау; оларды іске асыру деңгейінің эргономикалық сараптамасын жүзеге асыру;
    • жұмыскердерді даярлау деңгейіне және іріктеу жүйесіне қойылатын талаптарды негізге ала отырып тұжырымдауды қамтамасыз ететін әдістер, оқу-әдістемелік құжаттар және даярлаудың техникалық құралдар кешені.

 

Құқықтық жабдықтау – бұл, ЖМСАЖ-нің ұйымдастырылуын, оның мақсаты мен мәселелерін, құрылымы мен функцияларын, оның барлық буындарының құқықтық мәртебесін белгілейтін және бекітетін нормативтік актілермен өрнектелетін, сонымен қатар құру және жұмыс істеу үрдісін реттеу үшін тағайындалатын нормалар жиынтығы.

 

Концептуалды схема  ақпараттық жүйе құру мен оның іс атқарауында басты әдістемелік  тұрғыда қарастыруда көрсетеді. Ақпараттық жүйенің негізгі концептуалды схемасы тұтас жүйе тұрғызудың әдістемелік  аспектілерін  бейнелейді, және негізгі  құралдарды анықтайды.

Ақпараттық жүйелер -  бұл күрделі жүйе болып келеді. Сондықтан оларды жеке бөлшектер мен элементерге бөлуге тура келеді. Бірден бүкіл жүйеге жасай алмайтын жұмысты, бөлек бөлшектерге  біртіндеп  жасап алу керек. Бөлшектермен элементтер неғұрлым дұрыс бөлінсе, соғұрлым жұйе құру және оны іске асыру нәтижелі болады.

Әдетте  декомпозициялау анықталған белгілеріне қарай жасайды. Ақпараттық жүйелер құрамындағы элементтердің атқару роліне  қарай екі бөлшекке бөледі.

Ол функционалды және жабдықтаушы бөлшек. Функционалды бөлігіне функционалды жүйелердің комплексі жатады, ол жабдықтаушы бөлшекке  жабдықтаушы жүйешелер жатады.

Жүйеше дегеніміз - жүйенің анықталған  белгілері бойынша бөлінген дербес бөлшегі.

Ақпараттық жүйенің функционалдық бөлшегі - жүйешелер немесе есептер жиыны мен басқарудың негізгі бөлігін құрайтын есептердің жиыны.

Функционалдық жүйеше – нақты функциялармен шектелген ақпараттық жүйенің (АЖ) бір бөлігі.

Қамтамасыз ету бөлігі - бұл автоматтандырылған тәртіпте (режимде)

жүйенің қызмет етуі үшін қажетті жағдайлардың жиынтығы.

Қамтамасыз ету бөлігі мыналардан тұрады: техникалық  қамтамасыз ету, бағдарламалық  қамту, ақпараттың қамтамасыз ету (АҚ).

Жеке мүлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесінің концептуалдық  сызбасы  2-ші суретте көрсетілген:

2

2.2 Кіріс және шығыс ақпараттары

Кіріс ақпараттары

Кіріс ақпараты – бұл клавиатурадан түскен сигналдар, мәліметтер, құжаттар түрінде түскен ақпарат және ақпараттық жүйелердің функцияларын орындау үшін қажет.

Кіріс құжаттары және олардың негізінде алынған файлдар өз кезегінде шапшаң және шартты – тұрақты болып бөлінеді, бұл жерде материалдық, еңбектік, технологиялық және басқа да нормалар мен нормативтер және барлық керекті мәліметтер көрсетілген.

Қайта өңдеуге түсетін ақпарат бақылаудан өтуі қажет. Ең аз қажет етілетін бақылау пайдаланушының визуалды бақылауы болып табылады, сонымен қатар ақпаратты пакетке енгізу кезінде бағдарламалық бақылау қарастырылған. Есепті шешу кезінде қосымша әдістер мен бақылау формалары қарастырылуы қажет. Жеке мүлікті сақтандыру барысында кіріс құжаттары мыналар: Сақтандыруға өтініш, Мүлік куәлігі, Мүлікті иеленушінің РНН-і, Біріншілікті төлем туралы анықтама.

 

Кіріс құжаттары

Ақпарат түсу  көзі

Аты

Ұсыну түрі

Сақтандыруға өтініш

құжат

Сақтандырушы

Мүлік куәлігі

құжат

Сақтандырушы

Мүлікті иеленушінің РНН-і

құжат

Сақтанушы

Біріншілікті төлем туралы анықтама

құжат

Сақтанушы


 

Шығыс ақпараттары

Шығыс ақпараты – бұл басқару объектісіне, қызметшіге немесе басқа басқару жүйелеріне берілетін құжаттар, мәліметтер және сигналдар түрінде берілетін және ақпараттық жүйелер функцияларын орындау нәтижесінде алынған ақпарат. Бұл жобада шығыс ақпараттары: Сақтандыру келісім-шарты, Сақтандыруға кепілдік.

 

Шығыс  құжаттары

Ақпарат түсу  көзі

Аты

Ұсыну түрі

Сақтандыру келісім-шарты

құжат

Сақтандырушы

Сақтандыруға кепілдік

құжат

Сақтандырушы


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қазақстан Республикасының жеке мүлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесін тұрғыздым. Егер де біз экономика салаларының барлығында автоматтандырылған жұмыс орнын құратын болсақ біз тек қана жылдам қызметке қол жеткізіп қоймаймыз, сондай-ақ электронды үкіметтің құрылуы да тез іске асатын болады.

   Бірінші бөлімде сақтандыру  дегеніміз не, оның атқаратын қызметтері қандай, қандай сақтандыру кепілдемелер, оның қалай іске асатынын көрсеттім. Дүниежүзіндегі саясатта болсын, нарықта болсын дамыған елдер маңызды орын алады, сондай-ақ нарық жағдайы, нарық ауа райы сол елдерге қарап өзгеріп отырады. Сақтандыру компанияларының жұмысы оңай емес. Сақтанушы бір жағдайға түсіп қалғанда сақтандырушы оны зерттеп, апаттың неден болғанын анықтацға тырысады. Бұл жұмыстың басы ғана. Ары қарай олар зардап шеккен құнын анықтап төлеп отырады. Бұның барлығы жақсы тұрғызылған ақпарат жүйесін қажет етеді, Мен сол ақпарат жүйесін осы курстық жұмысты жазу барысында тұрғыздым деп ойлаймын.

Екінші негізгі бөлімде жеке мүлікті сақтандырудың  ақпараттық жүйесіне кеңірек тоқталып, оны құрдым. Ақпарат жүйесі негізінен ақпарат көздеріне сүйенетіндіктен онда кіріс және шығыс ақпараттарын атап көрсетілген. Кіріс ақпараттары өңделіп, шығыс ақпаратына негіз болады. Шығыс ақпараттары екеу: «Сақтандыру келісім-шарты» және «Сақтандыруға кепілдік» болып табылады.

Осы курстық жұмысымдағы ақпарат жүйесін тұрғызғандағы жеке мүлікті сақтандыру сонымен айналысатын компаниялар жұмысын едәуір жеңілдетеді деген ойдамын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

        1. Құлпыбаев І. “Қаржы”: Алматы – Экономика баспасы 2005 ж.
        2. Қ.С. Байшоланова Ақпараттық жүйелер теориясы, Алматы: Экономика -2002ж.
        3. Н.Б.Бралиева, Қ.С.Байшоланова, Н.Л.Гагарина “Экономикадағы ақпараттық жүйелері”. Оқу құралы. Алматы, 2001 ж.
        4. Н.Б.Бралиева, Л.А.Байбөлекова, Қ.Т.Балашов “Ақпараттық менеджмент негіздері”. Оқу құралы. Алматы: Экономика, 2000 ж.
        5. Н.Б.Бралиева, В.Ф.Тимошенко, Н.Л.Гагарина “Информационные системы бизнеса”. Алматы, 1994 ж.
        6. Төлегенов Е.Т. “Бухгалтерлік ақпарат жүйелері”. Оқу құралы Экономика 2001 ж.
        7. Қазақстан. Энциклопедия: Сақтандыру, жеке мүлік, мүлікті сақтандыру.

 

 


 


 

 


Информация о работе Сақтандыру түсінігі және әлеуметтік-экономикалық мәні, оның ic-әрекет сфералары