Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2012 в 13:43, курсовая работа
“Бiздiң елiмiздiң болашағы – оның интелектуалдық қоры, ғылым және инновация жетiстiктерiнде”. Бұл сөздер елбасымыздың халыққа арналған “Қазақстан – 2030” Жолдауында айтылған болатын.
КIРIСПЕ ................................................................................................................3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ ...........................................5
1.1 Шағын бизнес түсінігі және оның экономикадағы орны мен маңызы ..5
1.2 Қазақстан Республикасында шағын бизнестің даму деңгейi және қазіргі кездегі жағдайы ...................................................................................................9
2 ШАҒЫН КӘСІПОРЫННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ «PERFECT» ЖШС МЫСАЛЫНДА .................................................................17
2.1 «PERFECT» ЖШС-нің қаржы-шаруашылық қызметін талдау ..............17
2.2 «PERFECT» ЖШС-нің қаржылық жағдайын талдау әдістері ................22
3 ШАҒЫН БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ................................................30
ҚОРЫТЫНДЫ .....................................................................................................34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................................36
МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ
..............................
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ
ДАМЫТУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ ..............................
1.2 Қазақстан Республикасында шағын бизнестің
даму деңгейi және қазіргі кездегі жағдайы
..............................
2 ШАҒЫН КӘСІПОРЫННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН
ТАЛДАУ «PERFECT» ЖШС МЫСАЛЫНДА ..............................
2.1 «PERFECT» ЖШС-нің қаржы-шаруашылық қызметін талдау ..............17
2.2 «PERFECT» ЖШС-нің қаржылық жағдайын талдау әдістері ................22
3 ШАҒЫН БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ..............................
ҚОРЫТЫНДЫ ..............................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ..............................
“Бiздiң елiмiздiң болашағы – оның интелектуалдық қоры, ғылым және инновация жетiстiктерiнде”. Бұл сөздер елбасымыздың халыққа арналған “Қазақстан – 2030” Жолдауында айтылған болатын.
Қазақстан Республикасы XXI күрделi өзгерiстермен аяқ басты. Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек”. Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. Ол үшiн елде тұрақты экономикалық өсу және соны жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк бағдарламалар немесе стратегиялар қажет.
Егемендiк алғаннан кейiнгi макроэкономикалық көрсеткiштерге назар аударсақ ұлттық экономикада 1998 жылдан бастап экономикалық өсу байқалды. Тiптi соңғы екi-үш жылда ЖIӨ-нiң өсу деңгейi 10% көлемiнде болып отыр. Бұл шама елiмiз үшiн үлкен жетiстiк, яғни әлем бойынша ЖIӨ өсiмi бойынша басты орындардамыз. Бірақ осы ЖІӨ-нің үлесінде шғын іскерліктің үлес салмағының басым болуы сол елдің тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз етеді. Ал Қазақстанда ЖІӨ-де шғын іскерліктің рөлі бүгінгі таңда 30%-дан ғана асып отыр. Ал Елбасымыздың кезекті Жолдауында шағын іскерліктің ЖІӨ-гі үлесін алдағы жылдары 60%-ға дейін жеткізу керектігін баса атап өтті. Осы аталған шғын іскерліктің үлесін арттыру еліміздегі басты мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан экономикалық дамудағы және халықты әлеуметтік жұмыссыздық мәселесінен алып шығудың маңызды жолы болып отырған кіші кішіті макроэкономикалық талдаудың маңыздылығы жоғары болып отыр.
Қазақстанның соңғы жылдары жетiстiктерге жетуi жер қойнауымыздағы минералды қорымыздың бай болуымен және соңғы жылдары мұнай бағасының өсуiмен тiкелей байланысты болып отыр. Елiмiз экономикасы әлi де Кеңес Одағы құрып кеткен шикiзаттық негiзде болып отыр. Ал дамыған елдердiң қай-қайсысын алып қарамасақ олар шикiзаттық өндiрiстен сервистiк-технологиялық өндiрiске өтiп кеткен, ал шикiзаттық өндiрiспен даму жағынан артта қалған және дамушы елдер ғана айналысады екен. Елбасы атап өткендей, елiмiз жоғары дамыған елдер қатарына қосылу үшiн және экономикамыз шикiзаттық өндiрiске тiкелей байланысты емес тұрақты экономикалық өсу үшiн реформалар жүргiзiп және ұзақ мерзiмдi стратегиялар мiндеттi түрде керек болды.
Рыноктық экономика
негiзiнде осындай тұрақты
Шағын бизнес кез-келген мемлекет экономикасының негiзгi саласының бiрi. Кіші және орта іскерлікке кез келген рыноктық экономикасы дамыған елдердiң 10 кәсiпорынының 9-ы жатады. Егер, Еуропа елдерiнде әр мың тұрғынға шаққанда 45-50 кіші кәсiпорын болса, АҚШ-та ол көрсеткiш 75 кәсiпорын шамасында, ал Қазақстанда не бары 7-8 кәсiпорын ғана құрайды екен.
Бүгiнгi Республикамызда экономиканы рыноктық қатынаста қайта құру жолында оның негiзi болып табылатын іскерлік қатынастарды дамытып, оны жандандыру және оларды мемлекеттiк қолдау күн тәртiбiндегi өзектi мәселелердiң бiрi.
Сондықтан курстық жұмыс тақырыбы “Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамытудың экономикалық тиімділігі” деп алынды.
Жұмысты орындаудағы мақсат болып Қазақстан Республикасында кіші кәсіпкерліктiң қалыптасу мәселелерi мен даму болашағын қарастыру.
Осыған байланысты шағын бизнес қызметтiң, іскерліктiң құқықтық-теориялық мәселелерiн, шағын бизнестiң жалпы экономикада алатын орнын, оны мемлекеттiк қолдау саясатының басты бағыттарын, сондай-ақ кіші кішітi инновациялық қолдау саясатының артықшылықтарын, елiмiздiң егемендiгiн алғаннан бастап қазiрге дейiнгi шағын бизнестің қалыптасуы мен дамуын, сондай-ақ туындап отырған мәселелерiн және одан шығу жолдарын қарастыру жұмысты орындаудағы мiндеттер болып табылады.
Курстық жұмыстың 1-ші бөлімінде экономикадағы іскерлік ұғымына тоқталып және соның нәтижесінде туындайтын шағын бизнес және оның экономикалық өсумен байланысына тоқталып өтпекшімін. Ал жұмыстың 2-ші бөлімінде еліміздегі шағын бизнестің қаржылық жіне шаруашылық қызметін жан-жақты қарастырмақшымын. 3-ші бөлімде сол шағын бизнесті дамытудың жолдары мен мәселелерін қарастырмақшымын. Жұмыс барысында көптеген сызбалар, суреттер және статистика мәліметтерінен талдау жасалған кескіндемелер кездеседі.
.
1 ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН
1.1 Шағын бизнес түсінігі және оның экономикадағы орны, маңызы
Рыноктық қатынастардың қазiргi заманғы жүйесiнiң қалыптасуы шағын бизнестiң пайда болуымен және дамуымен тығыз байланысты.
Буржуазиялық саяси эканомикада “іскерлік” түсiнiгi XVIII ғасырда пайда болды. Кәсiпкерлiк – инициативалы шаруашылық қызмет тәуекелмен жасалатын жекеменшiк , қарыздық және басқа да құралдар мен мүлiктер негiзiне пайда табу қызметтерi.
ҚР-ның Азаматтық кодексiнде іс
Кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын шағын кәсіпорындар – есеп беру жылы жұмыскерлердің (қосымша істеушілерсіз) тізімдік орташа саны 50 адамнан аспайтын,өз қызметтерін коммерциялық негізде жүзеге асыратын, әділет органдарында тіркелген және статистикалық тіркеуге енгізілгензаңды тұлғалар. «Шағын бизнес» кәсіпорындары – мына критерилерге жауап беретін кәсіпорындар (заңды тұлғалар):
Мынадай ұйымдық-құқықтық нысанда кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын заңды тұлғалар:
Шағын бизнестің дамуын
сипаттайтын негізгі
Шағын бизнес бұл кәсіпкерліктің аясындағы ұғым, яғни мұнда бiр немесе бiрнеше кәсiпкер пайда табу мақсатында іскерлік қызметтер жасап, жоғары тәуекелдiктерге баруы деп түсiнсек болады. Әсiресе, шағын бизнес нарықтық экономиканың қайнар көзi болып табылады. Осы шағын бизнес арқылы көптеген әлеуметтiк – экономикалық мәселелердi шешуге болады. Осы шағын бизнестi дамыту арқылы елдiң тұрақты экономикалық өсуiн қамтамасыз ету, халықтың негiзгi бөлiгiң жұмыспен қамту, қоғамда орта тапты қалыптастыру қызметтерiн атқарады.
Шағын бизнестiң өзiндiк артықшылықтары да бар. Оларға:
Осындай елеулi артықшылықтары бола отырып шағын бизнес келесi салалар бойынша бөлiнедi:
1) шағын бизнестің іскерлік қызметтiң бағытталуына байланысты: өндiрiстiк, коммерциялық, қаржылық, инновациялық болып бөлiнедi;
2) кәсiпкердiң функционалды операциясының құрылымына қарай: өндiрiспен басқару , қаржыландыру және делдалдық қызмет:
3) шаруашылық түрлерiнiң санына байланысты : бiр профильдi , көп профильдi;
4) шаруашылықтың салаларына бағытталуына байланысты: өндiрiстiк , агроөндiрiстiк, ауыл шаруашылық, құрылыста және басқада халық шаруашылық салаларында.
Шағын бизнес нарық қатынастарын ұдайы iске қосып отыратын орта. Экономиканың өтпелi кезеңiндегi шағын бизнес ең алдымен рыноктың тауармен толығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкiндiк бередi. Жалпы алғанда, іскерлік экономикада нақты белсендi, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттiң экономикалық дамуында оның тұрақталығының индикаторы есептi қоғамда орта тапты жасақтайды. Шағын бизнестiң әлеуметтiк мiндетiне:
Ал шағын бизнестiң экономикалық мiндеттерiне келесiлердi жатқызуға болады:
Дамыған елдердiң тәжiрибесi шағын бизнес экономиканың даму қарқынын арттыра түсетiнiн көрсетедi. АҚШ-та барлық жұмыс күшiнiң 50%-iн іскерлікпен шұғылданушылар құрайды. Iшкi өнiмнiң 33%-i шағын бизнес үлесiнде. Жапонияда жұмыс күшiнiң 80% шағын бизнеспен шұғылданады және жалпы өнiмнiң 55% үлесiн алып отыр. АҚШ-та шағын бизнес ғылыми зерттеу жұмыстарының 3% ғана жүзеге асырса да, өндiрiске енгiзiлетiн iрi жаңалықтардың экономикадағы елеулi үлесi 50% құрайды.
Қазақстанда бүгiнгi күнi кіші және орта іскерлік бастан кешiрiп отырған қатынастарға қарамастан, экономиканың серпiндi дамып келе жатқаны белгiлi болып отыр. Ең бастысы шағын бизнес саны өсiп келедi. Өсiм соншалықты жоғары да емес, небәрi пайыздық бөлiгi ғана. Оның ЖIӨ-де өзiндiк үлесi бар. Ол 30 % құрайды. Қазiргi кезде іскерлік Қазақстанның бүгiнгi экономикасында лайықты орын алуда.
Кіші кәсiпорындардың соңғы жылдары күрт ұлғаюы жаңа нарықтық құрылымның қалыптаса бастағандығының айғағы. Алайда заңды тұлғалардың жалпы санының 70% ғана жұмыс iстейдi.
Заңды түрде тiркелiп, мерзiмiнде жұмыс iстеген кіші кәсiпорындардың басты көпшiлiгi алматы қаласында орналасқан.
Жұмыспен қамтудың салалық құрылымын қарастырсақ кіші кішіпен айналысатын әрбiр үшiншi адам сауда жүйесiнде, әрбiр бесiнсiшi өнеркәсiптiк өндiрiсте, әрбiр алтыншысы құрылыста еңбек етедi. Тұрғындарды жұмыспен қамтудың саны жағынан алғанда сауда саласында олардың 36,1%, өнеркәсiптiк өндiрiс орындарында 21,2 % iстейдi, қалғандары түрлi қызмет көрсетумен айналысады . Бұл деректiрдiн сауда iсi әлi де басым екендiгiнде, салалық құрылымдарда өндiрiс көлемi әлiде өзгере қоймаған көруге болады. Шағын бизнес саласында жұмыспен қамту және фирмалар санының өсуi - негiзiнен коммерциялық кәсiпорындар есебiнен толығып , жалпы алғанда баяу өседi.
Шағын бизнестi дамыту жөнiндегi ақпаратты талдағанда агроөнеркәсiптiк кешендегi шағын бизнес қазiргi уақытта елiмiздiң эканомикасына тиiстi үлес қоса алмай отырғанын немесе табысын жасырып ұстайтынын байқауға болады . Сонымен бiрге эканомиканы сараптағанда мемлекеттiң стратегиялық бағытын жүзеге асыруда кіші кіші басты құралдардың бiрiне айналды .