Шағын бизнес

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2012 в 13:43, курсовая работа

Описание работы

“Бiздiң елiмiздiң болашағы – оның интелектуалдық қоры, ғылым және инновация жетiстiктерiнде”. Бұл сөздер елбасымыздың халыққа арналған “Қазақстан – 2030” Жолдауында айтылған болатын.

Содержание работы

КIРIСПЕ ................................................................................................................3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ ...........................................5
1.1 Шағын бизнес түсінігі және оның экономикадағы орны мен маңызы ..5
1.2 Қазақстан Республикасында шағын бизнестің даму деңгейi және қазіргі кездегі жағдайы ...................................................................................................9
2 ШАҒЫН КӘСІПОРЫННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ «PERFECT» ЖШС МЫСАЛЫНДА .................................................................17
2.1 «PERFECT» ЖШС-нің қаржы-шаруашылық қызметін талдау ..............17
2.2 «PERFECT» ЖШС-нің қаржылық жағдайын талдау әдістері ................22
3 ШАҒЫН БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ................................................30
ҚОРЫТЫНДЫ .....................................................................................................34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................................36

Файлы: 1 файл

ALUA_kursovaya.doc

— 423.50 Кб (Скачать файл)

«PERFECT»  ЖШС-нің қаржылық күйін бағалауда баланс  деректерін  зерттеудің  маңызы зор. Баланс  жиыны мүлік үшін  алуға болатын қаражат сомасының бағдарлы  бағасын береді,  мысалы,  кәсіпорынды тарату  жағдайында.  Активтердің ағымды  «бағасы» нарықтық конъюнктурамен анықталады  және  есептен кез – келген  жаққа ауытқи  алады,  әсіресе  инфляция  кезінде.    Талдау келесідей  әдістердің  бірінің  көмегімен  баланс  бойынша жүргізіледі:

- баланстық статьялар құрамы  алдын – ала өзгермеген баланс  бойынша тікелей  талдау жүргізіледі;

-   баланстық статьялар элементтерінің  кейбір біртекті құрамы  бойынша біріктіру жолымен тығыздалған салыстырмалы талдамалы баланс құрылады;

-  қажетті талдамалық  қималарда,  ары қарай статьялардың бірігуімен, инфляция  индексіне баланстың  қосымша  түзетулері жүргізіледі.

«PERFECT»  ЖШС-нің қызметінің қаржылық нәтижелері көрсеткіштерінің   динамикасы  мен деңгейін  талдау  және  бағалау  үшін «Қаржылық – шаруашылықты  қызметтің  нәтижелері  туралы  есеп  беру»  - деген кәсіпорынның  есеп – қисабының деректері  қолданылатын  кесте  құрастырылады.

 

10 кесте «PERFECT»  ЖШС-нің қызметінің қаржылық нәтижелері көрсеткіштерінің және   деңгейінің талдауы (теңге)

 

 

Көрсеткіш

 2010 жылы

2011 жылы

Ауытқу

+; -

Өсу қарқын

%

Қызметті өткізу табысы

( ҚҚС-сыз )

 

    38,584,626

 

45,880,679

 

7,296,073

 

118.9

Өткізілген өнімнің өзіндік құны (жұмыстар, қызмет көрсету)

 

25,177,088

 

26,823,392

 

1,646,306

 

106.5

Жалпы табыс

13,407,538

19,077,287

5,649,749

142.1

Кезең шығысы

8,539,575

7,296,713

-1,242,862

85.4

Негізгі қызметтің табысы (зияны)

 

4,867,963

 

11,760,574

 

6,892,611

 

241.6

Негізгі емес қызметтің нәтижесі

899,054

481,371

-417,653

53.5

Заңдық тұлғаның табыс салығы

 

- 2,908,308

 

- 3,600,874

 

-692,566

 

123,8

Салық салғаннан кейінгі кәдімгі  қызметтің табысы (зияны)

 

2,858,679

 

8,641,071

 

5,782,392

 

305,3

Төтенше жағдайлардың табысы (зияны)

 

-

 

-1,707

 

- 1,707

 

-

Бөлінбеген табысты реттеу (жабылмаған зиянды)

 

-

 

3,078,399

 

3,078,399

 

-

Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)

 

2,858,679

 

11,697,765

 

8,839,086

 

409.2

Көзі: 2011жылғы «PERFECT»ЖШС-нің жылдық қортынды есебі.


 

Кестенің мәліметтері, есеп беру кезеңінде  кәсіпорынның жоғары  нәтижелерге  ие болғанын көрсетеді.  Жалпы  табыс 42.1% - ке жоғарылап,   бөлінбеген  табыс 4 есеге  өсті. Бөлінбеген  табыстың өсуінің оң факторы болып өткізу көлемінің  өсуі есебінен және қызмет көрсету  өндірісіне кететін шығынның салыстырмалы  төмендеуі есебінен жалпы  табыстың көбейуі табылады. 

Өткізуден түскен табыстың  өсуі 18.9% кездегі, көрсетілген қызметтің  өзіндік құнының өсуі 6.5% - ті құрады және кезеңнің шығыстары базалық  кезеңмен  салыстыру бойынша  14.6% - ке төмендеді.

Бөлінбеген  табыс келесідей  өзгеріс факторларының  ықпалында  болады:   негізгі қызметтің  табысы,  негізгі емес қызметтің  табысы,  корпоративті табыс салығының  сомасы,  төтенше  жағдайлар  табысы және басқа қызметтер  табысы.  Кесте 1 – ден байқағанымыздай,  бөлінбеген  табыс 2011  жылы 2010 жылмен салыстырғанда  8,839,076 тенгеге артты.  Мұндай  артуға негізінен негізгі қызметтің табысының жоғарылауы және  өткізілуден сырт  операциялар бойынша түскен табыс  ықпал етті, жәнеде негізгі емес қызметтің  табысының  төмендеуі есебінен жалпы  нәтиже  417,653  тенгеге төмендеді.

Өз кезегінде   негізгі қызметтің  табысының өзгеруіне  келесідей  факторлар  әсер  ете  алады: өткізу  көлемі;  өнімнің  өзіндік  құнын  төмендету;  қызмет  көрсетуге босатылған  баға; материалдық және  еңбек ресурстарына  шығатын шығынның  деңгейі.

1.  Негізгі қызметтен түсетін  табыстың (зиянның)  жалпы  өзгерісін  есептеу ( Р) :

 

               Р =  Р1  -  Р0 =  11,760,574 – 4,867,963 =  6,892,611;  мұндағы


       Р1   -   есеп беру жылындағы негізгі  қызметтен түскен табыс (зиян);

       Р0  -  базалық   жылдағы негізгі қызметтен түскен  табыс (зиян).

«PERFECT»  ЖШС-нің негізгі қызметінен түскен табыс 2011  жылы 2010 жылмен  салыстырғанда  абсолюттік  шамада  6 892 611  мың тенгеге жоғарылады.

Баланс активінің бірінші  тарауын  талдау  кезінде, аяқталмаған  құрылыс  сияқты элементтің өзгеру  беталысына көңіл  аудару  қажет,  өйткені бұл статья  өндірістік айналымда қатыспайтын  болғандықтан,  анықталған жағдайларда оның үлесінің жоғарылауы қаржылық – шаруашылықтық қызметтің нәтижелілігіне негативті әсер етуі мүмкін. Ұзақ мерзімдік қаржылық  салымның  болуы кәсіпорынның салымдарының инвестициялық  бағыттылығын көрсетеді.

Негізгі қаражаттардың меншікті салмағы сыртқы факторлар ықпалынан өзгере алатынын ескере отырып,  мысалы,  шикізатқа,  материалдарға,  дайын өнімдерге баға жеткілікті жоғары қарқынмен өсе алуы кезінде, инфляция жағдайларында негізгі қаражаттар құнын түзетудің есептелу  тәртібі,есеп беру кезеңіндегі абсолюттік көрсеткіштердің өзгерісіне көңіл аудару қажет.

Ағымды  активтердің  өсуі (абсолюттік  және  салыстырмалы) өндірістің кеңеюі немесе инфляция факторының әрекеті туралы ғана куәлендірмейді, сонымен қатар айналымның бәсеңдеуі туралы да.  Бұл олардың массасының ұлғаюына қажеттілікті   туғызады.   Қорлар  құрылымын  зерттеу  кезінде  шикізат, материалдар, басқада ұқсас бағалылықтар, аяқталмаған өндіріске шығатын шығындар, дайын өнім, қайта сатуға арналған тауарлар, тиелген тауарлар сияқты ағымды  активтердің элементтерінің өзгеру  беталысын айқындауға негізгі көңілді аудару  тиімді  болады.

Өндірістің  қорлардың  меншікті  салмағының  артуының  себептері:

  • ұйымның  өндірістік потенциалын арттыру;
  • өндірістік қорларға  салу арқылы кәсіпорынның ақшалай активтерін инфляция ықпалынан құнсызданудан  сақтауға  ұмтылуы;
  • таңдалған шаруашылықтық  стратегияның  тиімсіздігі салдарынан ағымды активтердің үлкен бөлігінің  қорға жұмылдырылуы.

 

Баланстың  позитивті  өзгерісінің белгілері болып табылатындар:

  • баланс валютасы есеп  беру  кезеңінің  аяғында  басындағымен  салыстырғанда жоғарылады;
  • айналымды  капиталдың  өсімінің  қарқыны  негізгі  капиталдың  өсімінің  қарқынынан жоғары;
  • кәсіпорынның  меншікті  капиталы қарыз капиталынан басым және оның өсу қарқыны қарыз капиталының өсу қарқынынан жоғары;
  • дебиторлық  және  несиелік  берешектердің өсімдік қарқыны  шамамен бірде.

         Қаржы   күйінің және оның есеп беру  кезеңіндегі өзгеруінің жалпы  сипаттамасынан соң, қаржы күйін  талдаудың келесі  маңызды  міндеті  болып кәсіпорынның  қаржылық  тұрақтылық көрсеткіштерін  талдау  болып  табылады.

  Талдаудың  берілген  блогі   үшін  шешуші  маңызды  мәселе,  бұл қаржылық  күйдің  тұрақтылығының  мәнін  қандай  көрсеткіштердің   кескіндей  алатыны.    Бұған берілетін жауап,  бәрінен бұрын баланстық модельмен (үлгімен)  байланысты, осыдан  келіп талдау  шығады.   Нарық жағдайында  бұл модель  келесідей түрде болады:

F  +  Z  +  Ra =  Ис  +  КТ   +  Кt  +  Rp,

Мұндай  әдістемелік  тәсіл,  қайтару мерзімі  тұрғысынан  қарағанда,  қарыз  қаражаттарының біртекті  шамасын  бөлу  үшін бухгалтерлік баланстың статьяларының белгілі  бір  топтасуын ұсынады. Бәрінен  бұрын  баланстың  пассивтік  бөлімінің  статьяларын  біріктіру  негізінде  КТ   және Кt шамалары  алынады.

  • баланс  бойынша  меншікті  капиталдың  сомасы  ұзақ  мерзімді  активтер  құнынан  жоғары  болуы  керек (Ис > F).  Бұл,  меншікті  капиталдың  тек қана ұзақ  мерзімді  активтерге  салныбайды, сонымен қатар бір бөлігі ағымды активтерді қалыптастыруға  бағытталады.   Осының  есебінен меншікті  капитал тікелей өндірістік  циклді  жүзеге  асыруға қатысады және осындай жолмен  жұмыс капиталының өрбуіне ықпал етеді. 

       

 

   «PERFECT» ЖШС-і үшін  бұл  шарт

                                        жыл басында    33,378,785 /> 49,079,816

                                        жыл аяғында 38,173,305 /> 56,106,943

  • ағымды активтер сомасы кәсіпорынның  міндеттемесінің шамасынан жоғары  болуы  керек  (Z + Ra > Rp + К) .  Бұл,    ағымды активтердің тек қана қарыз  қаражаттарының есебінен  қаржыланбайтынын, сонымен қатар меншікті  капитал  есебіненде  қаржаланатынын  көрсетеді.

 «PERFECT» ЖШС-і үшін  бұл  шарт

                                        жыл басында    11,368,662 /> 27,069,693

                                        жыл аяғында 13,165,109 /> 31,096,750

  • табыстарды  қолдану  мөлшері осы  табыстардың өзіндік шамасынан аспауы  керек,  қарсы (керісінше) жағдайда  кәсіпорын  балансында  сәйкес  статья  бойынша  жабылмаған  зиян (залал) көрсетіледі, ол қаржы  ресурстарының пайдаланылуын теріс  бағалауға  мүмкіндік  береді.

         «PERFECT» ЖШС-і үшін  бұл  шарт

                                         жыл басында    11,355,176  нераспред.доход

                                         жыл аяғында 21,257,378  нераспред.доход

Келтірілген  мысалдардан  байқағанымыз,  балансқа  сәйкес  жыл  басында  және  жыл  аяғында  жоғарыда  айтылған  шарттар  орындалмайды,  қаржылық  жағдай өте қиыншылықты  болып  табылады. 

 

11 кесте «PERFECT»  ЖШС-нің балансы (біріктірілген түрде) (тенге)

 

Активтер

 

2010 жылдың

 

2011

жылдың

Қаржыландыру көздері

 

2010 жылдың

 

2011 жылдың

1.Негізгі қаражаттар мен  салымдар

 

F

 

49,079,816

 

56,106,943

1.Меншікті қаражат көздері

 

Ис

 

33,378,785

 

38,173,305

2.Қорлар мен шығындар

 

Z

 

2,577,047

 

2,732,756

2. Есептеу және

бас.пассивы

 

Rp

 

8,347,559

 

9,458,621

3.Ақшалай қаражат, есептеулер  және бас. активтер

 

Ra

 

8,791,645

 

10,432,353

3.Несиелер және басқа қарыз  қаражаттар

 

К

 

18,722,134

 

21,638,129

Оның ішінде:

     

Оның ішінде:

     

Ақшалай қаражат, қысқа мерзімдік  қаржылық салым

 

Д

 

1,423,430

 

2,143,834

Қысқа мерзімдік Несиелер және қарыз  қаражатт

 

Кt

 

8,621,581

 

10,390,803

Есептеулер және бас. активтер

 

 

7,368,215

 

8,288,519

Ұзақмерзімді несиелер және қарыздар

Мезгілінде  өтелмеген қарыздар

 

КТ

 

Ко 

 

10,100,553

 

11,247,326

БАЛАНС

В

60,448,478

69,270,072

БАЛАНС

В

60,448,478

69,270,072

Көзі: 2011жылғы «PERFECT»ЖШС-нің жылдық қортынды есебі.


 

Егер  «PERFECT»  ЖШС-нің балансын  қарастырсақ, онда негізгі капиталдың (ұзақ  мерзімді  активтер) мәні бойынша меншікті  капиталдан жоғары  екенін.   Бұл үлкен  дәрежеде,  соңғы  жылдары негізгі  қорлардың жұмылдырылуына үлкен  көңіл  бөлінетінімен  түсіндіріледі,  онсыз  қызмет  көрсету  рыногінде  жетекшілік  ролін  ұстап  қалу  өте  қиын.

Әртүрлі  жайғасымдағы меншікті,  қарыз,  жәнеде  жалпы  капиталдың  қатынастарын  сипаттаушы  коэффициенттермен  алынған  жағдай,    меншікті және қарыз капиталдарының және есеп беру кезеңіндегі  олардың өзгеруінің құрылымын  зерттеуді  талап етеді.

Меншікті  капиталды  зерттеу  кезінде  меншікті айналымды  қаражаттың болуымен  өткен  өзгерістерге  көңіл  аудару  керек,  яғни  меншікті  капиталдың  қандай  бөлігі  иммобилді  сипаттағы  құндылықтарда  бекітілмеген  және осы  қаражаттармен  еркінше  оңтайландыруға  мүмкіндік  беретін  нысанда  болатынын  орнықтыру  қажет.

Компанияның  активтерінің  жалпы  сомасында,  ұзақ  мерзімді  активтер   (сыртқы  айналымды)  81%-ті  және  80.9% - ті сәйкесті  құрайды.  Бірақ, компанияның  қызметінің  сипатын ескере отырып, мысалы телекоммуникациялық қызмет  көрсету сияқты, оны қор сиымдылықты өндіріс деп  есептеуге  болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 ШАҒЫН БИЗНЕСТІ  ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

 

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев  Ұлттық акедемия ғалымдарымен кездесуiнде  атап өткендей, “Елiмiзде ұлттық инновациялық жүйе құратын уақыт жеттi” деп атап көрсеттi.

         Кәсiпкерлiк, әсiресе шағын бизнес рыноктық жүйеде толық қанды қызмет ету үшiн кәсiпорын жаңа технологиялар мен жаңалықтар ашып отыруы керек. Сонда ғана олардың шығарған товарлары мен қызметтерi бәсекеқабiлетiне ие болады. Бiрақ бүгiнде отандық кәсiпорындардың инновациялық қызметi мардымсыз болып, соның салдарынан отандық товарлардың бәсекеқабiлетi әлсiз екенi белгiлi. 

Осылайша елiмiзде ұлттық инновациялық жүйенi құру барысындамыз. Инновацияны жүзеге асыру үшiн оны мемлекеттiк қолдайтын құқықтық актiлер, инновациялық қызметтердiң iске асуы үшiн оны қамтамасыз ететiн қаржылық институттар және оны нақты түрде жүзеге асыратын мекемелер, ҒЗТКЖ ұйымдарын қалыптастыруымыз керек.

Әлемдегi дамыған елдердiң қай-қайсысын алып қарасақ та олардың экономикасының негiзi шағын бизнес салалары болып табылады.  

Қазақстанда инновациялық дамудың ұлттық жүйесi бiртiндеп қалыптасып келедi. Осыған орай өнеркәсiп саласын  дамыту барысында кластерлiк желiлердi дамыту керек. Кластерлер таяу орналасқан кәсiпорындарды бiр орталыққа шоғырландыра отырып, тiзбектелген технология бойынша соңғы өнiм шығаруға қол жеткiзудiң бiрегей тәжiрибесi болып табылады.

Информация о работе Шағын бизнес