Шағын бизнес

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2012 в 13:43, курсовая работа

Описание работы

“Бiздiң елiмiздiң болашағы – оның интелектуалдық қоры, ғылым және инновация жетiстiктерiнде”. Бұл сөздер елбасымыздың халыққа арналған “Қазақстан – 2030” Жолдауында айтылған болатын.

Содержание работы

КIРIСПЕ ................................................................................................................3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ ...........................................5
1.1 Шағын бизнес түсінігі және оның экономикадағы орны мен маңызы ..5
1.2 Қазақстан Республикасында шағын бизнестің даму деңгейi және қазіргі кездегі жағдайы ...................................................................................................9
2 ШАҒЫН КӘСІПОРЫННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ «PERFECT» ЖШС МЫСАЛЫНДА .................................................................17
2.1 «PERFECT» ЖШС-нің қаржы-шаруашылық қызметін талдау ..............17
2.2 «PERFECT» ЖШС-нің қаржылық жағдайын талдау әдістері ................22
3 ШАҒЫН БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ................................................30
ҚОРЫТЫНДЫ .....................................................................................................34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................................36

Файлы: 1 файл

ALUA_kursovaya.doc

— 423.50 Кб (Скачать файл)

        Кіші  іскерлік, әсiресе  агроөнеркәсiптiк өндiрiс саласында мықты дамуы тиiс.  Өткен жылдары ауыл  шаруашылық шикiзатының  басым  бөлiгi  республикадан  тыс  жерлерге   тасымалданып  , сол  жерлерде  өнделiп ,  дайын өнiм  сапасы  төмендедi, шығынға жол  берiлдi.

          Бүгiнгi  таңда  шағын бизнес  эканомикасының  еркше бөлiгi  ретiнде нақты жұмыс   iстеп,  даму  үстiнде деп сенiммен айтуға  болады. Ал шағын бизнес  Қазақстанды дағдарыстан алып  шығатын локомотивтiң нақ өзi.

Елбасымыз биылғы жылы “Бәсеке қабiлеттi Қазақстан”, “Бәсеке қабiлеттi экономика” және “Бәсеке қабiлеттi халық” деген Қазақстан халқына Жолдауында, елiмiз үшiн өзектi мәселелердiң бiрi Индустриалды-инновациялық стратегия екенiн атап көрсеттi. 

Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтпелi кезеңiнде  экономикада іскерлік қызмет даму үстiнде. Кәсiпкерлiк, әсiресе шағын бизнес рыноктық жүйеде толық қанды қызмет ету үшiн кәсiпорын жаңа технологиялар мен жаңалықтар ашып отыруы керек.

Нарықтық қатынастар аясында жүзеге асырылып жатқан іскерлік қызметтiң мемлекет  тарапында және экономика өмiрiнде атқаратын ролiнiң ұшан теңiз екенi дәлелдеудi қажет етпейдi.  Қазiр дамыған өркениеттi елдердiң қайсысын алып қарасақ та кіші және орта іскерліктi дамыта отырып,  айтарлықтай жоғары дәрежеге жеткенi баршаға мәлiм.

Бүгiнгi Республикамызда  экономиканы нарықтық қатынаста  қайта құру жолында оның негiзi болып табылатын іскерлік қатынастарды дамытып, оны жандандыру және оларды мемлекеттiк қолдау күн тәртiбiндегi өзектi мәселелердiң бiрi. 

Нарықтың өрлеп, өркендеуi іскерліктiң қызметтерiне айтарлықтай тәуелдi болады.  Әсiресе, шағын бизнес нарықтық экономиканың қайнар көзi болып табылады. Осы шағын бизнес арқылы көптеген әлеуметтiк – экономикалық мәселелердi шешуге болады.  Шағын бизнестi дамыту арқылы елдiң тұрақты экономикалық өсуiн қамтамасыз ету,  халықтың негiзгi бөлiгiң жұмыспен қамту,  қоғамда орта тапты қалыптастыру қызметтерiн атқарады.

Осыған байланысты Қазақстан  Республикасы Президентi Н.А.Назарбаев  өзiнiң “Қазақстан-2030”  атты стратегиялық бағдарламасында елiмiздiң экономикалық саясатының бiрден-бiр басымды бағыты кіші және орта кіші деп атаған болатын 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Қазақстан Республикасында шағын бизнестің даму деңгейi және қазіргі кездегі жағдайы

 

Қазақстан экономикасы егемендiгiн  алғаннан кейiн iрi кәсiпорындары бар  жоспарлы экономикадан рыноктық экономикаға  өтуiне байланысты шаруашылық қызметтiң негiзгi түрi, халықты жұмыспен қамтудың бiрден-бiр көзi, ел дамуының болашағы кіші және орта кіші болып табылды. Елiмiздегi шағын бизнестiң дамуы қарқынды түрде жекешелендiру бағдарламаларын iске асырғаннан бастап көрiне бастады. Осы кезеңдегi шағын бизнестiң дамуын 4 кезеңге бөлсек болады:

Бiрiншi кезең – бағаларды либеризациялау (1991-1992), бұл кезеңнiң ерекшелiгi 90-шы жылдардан кейiн iрi өнеркәсiптердiң жабылуына байланысты мыңдаған жұмыссыз қалған қызметкерлердi жұмыспен қамту үшiн шаруашылықтың сауда және қызмет көрсету салаларында кіші және орта кішітi дамыту, яғни бұл сфераларда ақша айналысы жылдам жүретiн болғандықтан. Осы уақытта елiмiзде 34,5 мың кіші кіші субъектiлерi құрылды. бiрақ олардың тек қана 6%-ғана экономикалық активтi қызмет ете алды. Ал олардың өндiрген өнiмдерiнiң ЖIӨ-гi үлесi 7%-ды құрады.

Екiншi кезең – мемлекеттiң қатаң түрдегi монетарлық және қайта құрылымдық фискалды саясаты, жекешелендiрудiң қарқынды жүргiзiлуi (1993-1995).  Бұл кезеңде елiмiздегi дағдарыстың ауыр болуы, мемлекеттiң қатаң саясаттары өндiрiсте жұмыс iстейтiндердiң санын мүлдем азайтып жiбердi. 1995 жылы 1992 жылға қарағанда шағын бизнестiң ЖIӨ-гi үлесi 4,7%-ды ғана құрады. Осының салдарынан жұмыссыздық мәселесi өстi.

Үшiншi кезең – (1996-2004). Бұл кезеңде шағын бизнестi мемлекеттiк және қаржы-несиелiк қолдаулар арқасында қайтадан бұл сала жандана бастады. Нәтижесiнде елде ресторандар, кафелер, дүкендер, қызмет көрсету оырндары, сауда-саттық кәсiпоырндары саны көбейе бастады. Шағын бизнестiң ЖIӨ-гi үлесi 28,5%-ды құрады.

Төртiншi кезең – ел экономикасының сапалы түрде дамуы (2005-2010). Бұл кезеңде елiмiздегi кіші және орта іскерліктi сапалы түрде дамыту, олардың өнеркәсiптiк салаларда қызмет ететiндерiне қолдау шараларын күшейту жүргiзiлдi. Сонымен қатар, ел экономикасының өсуiмен бiрге шағын бизнес те қарқынды дами бастады. Осының есебiнен жұмыссыздық та азаю көрiнiсiне ие болды. Бүгiнде кіші кәiспкерлiктiң ЖIӨ-гi үлесi 40%-дан асты. Ал Елбасымыздың ұсынысы бойынша ұлттық экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшiн кіші кіші ЖIӨ-нiң 60%-ын құрауы керек. Ол алдағы жылдардың еншiсiнде болып отыр. Жалпы елдегi кіші шағын бизнес саласындағы үлесiн келесi 1-ші суреттен көре аламыз:

 

 

 

 

 


             
               
               
               
               
               
               
               
               
               
               
               
               
               
               
               
               
               
               
               

1 - сурет – Шағын бизнестiң жалпы кәсіпкерлік қызметтегi үлесi

 

Суреттен көрiп отырғанымыздай, бүгiнде шағын бизнестің үлесi айтарлықтай, яғни жұмыссыздықты, халықтың әл ауқатын көтеретiн және тұрақты экономиканың өсуiн қамтамасыз ететiн шағын бизнес екенi белгiлi.

Жұмыспен қамтудың салалық құрылымын  қарастырсақ шағын бизнеспен айналысатын әрбiр үшiншi адам сауда және қызмет көрсету жүйесiнде, әрбiр бесiнсiшi өнеркәсiптiк өндiрiсте, әрбiр алтыншысы құрылыста еңбек етедi. Тұрғындарды жұмыспен қамтудың саны жағынан алғанда сауда саласында  олардың  36,1%, өнеркәсiптiк  өндiрiс орындарында   21,2 %  iстейдi,  қалғандары түрлi қызмет  көрсетумен  айналысады.  Бұл   деректерден  сауда  iсi  әлi  де   басым екендiгiнде,  салалық құрылымдарда   өндiрiс  көлемi әлiде  өзгере   қоймаған  көруге  болады.  Шағын бизнес  саласында жұмыспен қамту және    фирмалар  санының өсуi -  негiзiнен  коммерциялық  кәсiпорындар  есебiнен  толығып , жалпы алғанда баяу  өседi.

Әлемдiк тәжiрибе көрсетiп  отырғандай қоғамдағы экономикалық, саяси, әлеуметтiк сұрақтарды шешуде шағын бизнестің ерекше роль атқаратындығы белгiлi. Мiне осы шағын бизнестiң дамуына әсер ететiн факторлардың бiрi сәйкес қаржылық қызметтер секторының дамуы болып табылады. Себебi, көптеген кәсiпорындар үшiн маңызды мәселелердiң бiрi қосымша ақша қаражаттарының көзiн iздестiру болып табылатындығы белгiлi. Ал 2010 жылғы қараша айындағы деректер бойынша банктiк сектордан бөлiнiп отырған ақша қаражаттары жалпы экономикаға бөлiнген несиелердiң 30% ғана құрап отыр. Оны төмендегi 1-шi кестеден көруге болады.

 

 

 

Кесте 1 - Шағын бизнес субъектiлерiне коммерциялық банктерден бөлiнген несиелер. (млн. теңге )

 

Жылдар

2009

2010

2011

Барлық несиелер

196212

288367

470168

Оның ішінде:

     

Ұлттық валютада

104434

171541

261121

- қысқа мерзiмдi

48249

71860

100628

- ұзақ мерзiмдi

56185

99681

160494

Шетел валютасында 

91778

116826

209046

- қысқа мерзiмдi

32334

25692

40804

- ұзақ мерзiмдi

59444

91134

168243


 

    Осы кестеден көрiп отырғанымыздай, соңғы үш жылда коммерциялық банктерден шағын бизнеске бөлiнген несиелер екі есеге ұлғайғанымен, оның жалпы экономикадағы үлесi салыстырмалы түрде өте төмен. Сонымен бiрге, банктерден несие алу үшiн клиенттерге қойылатын талаптардың қатаңдығы кіші кәсiпорындардың негiзгi өндiрiсiн техникалық жабдықтауға несие мүмкiндiктерiн төмендетедi. Сондықтан бүгiнгi күнi кіші кәсiпкерлердiң пайдаланып отырған құрылғыларының көбi техникалық және моральдық жағына да тозған.

Осы сегментке тән сипаттық белгiлердiң  бiрi кіші кәсiпорындарды қаржыландыру күрделi қаржылық салымдардың неғұрлым тәуекелдiгi жоғары түрi болып табылатындығы. Осындай қаржылық инвестициялардың тәуекелдiлiгiнiң жоғарылығы кіші кәсiпорындар үшiн банктерден берiлетiн несиелердiң бағасы мен мерзiмiне де әсерiн тигiзедi. Ал лизингтiк қатынастар осындай тығырықтан шығудың бiр жолы болып табылады, себебi лизингтiк қатынастар кезiнде несие беру  үшiн қажеттi қамтамасыз ету мөлшерiне қойылатын талаптар банктiк несиелерге қарағанда салыстырмалы түрде төмен.

 

Қаржыгерлердiң III Конгресiнде ҚР-ның  Елбасы Н.Ә. Назарбаев ҚР-ның Үкiметiне және ҚР-ның Ұлттық Банкiне индустриялдық  саясат шеңберiнде приоритеттiк маңызы бар салаларды нақты анықтауды және оларды қаржыландыру механизмiн дамытуды тапсырғаны белгiлi. Әлемдiк тәжiрибе көрсетiп отырғандай қоғамдағы экономикалық, саяси, әлеуметтiк сұрақтарды шешуде шағын бизнестің ерекше роль атқаратындығы белгiлi.   

Жоғарыдағы экономикалық өсу анықтамаларына тоқтала келе экономикалық өсуге  шағын бизнестің қосар үлесі айтарлықтай маңызды, өйткені іскерлік немесе шағын бизнестің дамуы экономикалық өсудің нақты факторы болып табылады.

Экономикалық дамуда ЖІӨ-нің үлесінде шғын іскерліктің үлес салмағының басым болуы сол елдің тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз етеді. Ал Қазақстанда ЖІӨ-де шғын іскерліктің рөлі бүгінгі таңда 30%-дан ғана асып отыр. Ал Елбасымыздың кезекті Жолдауында шғын іскерліктің ЖІӨ-гі үлесін алдағы жылдары 60%-ға дейін жеткізу керектігін баса атап өтті. Бұл мәселені келесі 2-ші суреттен көре аламыз. 


 

 

 

             
               
               
               
               
               
               
               
               
               
               
               
               

2 - сурет – ЖІӨ-гі шағын іскерліктің үлесі

 

Осы аталған шағын іскерліктің үлесін арттыру еліміздегі басты мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан экономикалық дамудағы және халықты әлеуметтік жұмыссыздық мәселесінен алып шығудың маңызды жолы болып отырған кіші  макроэкономикалық талдаудың маңыздылығы жоғары болып отыр.

  Бiрақ елiмiздiң шағын бизнес саласының дамуында оған кедергi болып отырған келесiдей шешудi қажет ететiн мәселелердi атап өтуге болады:

  1. Өндiрiстiң негiзгi құралдарының 80%-ы тозуы салдарынан олар шығарған өнiмдердiң бәсекеге қабiлетсiздiгi;
  2. Рыноктық қатынастардың, шағын бизнестің, әсiресе бәсекелестiк қатынастың дамуына монополиялардың кедергi болуы;      
  3. Кіші  іскерліктi  қолдау  инфрақұрылымның   жеткiлiксiздiгi;
  4. Қолданылып  жүрген  заңдарды   жергiлiктi  деңгейде орындау тәртiбiнiң  әлсiздiгi;
  5. Салық  салу  және салықтық  тексеру  жүйелерiнiң  тым күрделiгi;
  6. Экономикалық  қаржы  секторында   жұмыс  iстейтiн  шағын бизнес субъектiлерiнiң iске қосылмаған, коммуналдық меншiктегi  өндiрiстiк үй - жайларды  сатып  алу  тәртiбiнiң  күрделiлiгi  және  тым  жоғары  жалға алу  ақысы;
  7. Кадрларды  даярлау  және  шағын бизнестi  ақпараттық   қолдауының  тұтас  жүйесiнiң  жоқтығы;
  8. Кіші  іскерліктiң  мемлекеттiк  құрылымдармен  өзара iс  қимыл  жасаудың    ұйымдық  проблемалары;
  9. Кіші  іскерліктiң  даму  жолындағы  әкiмшiлiк  тосқауылдар;
  10. Шағын бизнестi инновациялық тұрғыдан барлық жағынан қолдау;
  11. Шағын бизнесте кластерлiк жүйенiң дамымауы;

        Кәсiпкерлiктiң  дамуы  үшiн  қолайлы  орта  қалыптастыру  бағыттарының  бiрi  болып іскерлік  қызметтi  ұйымдастыру мен жүзеге  асырудағы мемлекеттiк үкiмет орындарының актiлерiн iс-қимылдарын және  әрекетсiздiгiнен   туындаған әкiмшiлiк тосқауылдар ретiнде белгiленетiн кедергiлердi  жою болып табылады.  Осы кедергiлер  көбiнесе  жергiлiктi   жердегi  атқарушы  үкiметтiң   әрекетiне  байланысты.

        Кіші  іскерлік  дамуын  желдетудiң және  бюджетпен өзара   қарым-қатынастарды  тәртiпке келтiрудiң маңызды фокторы салық жүйесiн барынша ықшамдау  болуға  тиiс. Мұндай  ең  өткiр проблема  салықтық   тексерулердiң   ретсiздiгi  болып отыр. Әрбiр шағын бизнес   субъектiсi  орташа алғанда 6-8  ресми салықтар  мен алым  түрлерiн төлейдi,  сонымен бiрге олардың әр қайсысы   бойынша өз  есептеу   әдiстемесi,  салық  салу  негiзi,  төлеу  тәртiбi  мен   мерзiмдерi  есеп  беру  деректемелерi  мен  нысандары  бар. 

           Шағын бизнес  саласындағы нормативтiк құқықтық   актiлердi  жетiлдiру;

Информация о работе Шағын бизнес