Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 21:27, курсовая работа
Түрлі қоғамдық-экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы негізінен мына себептерге байланысты:
әр түрлі қоғамдық формацияға қоғамның өзіне меншікті таптық құрылымы сай келеді. Сонымен бірге қаржы ұлттық табысты мемлекеттің пайдасына қайта бөлуді ұйымдастыра отырып, оны бөлудің қатынастарын есепке алады;
кез келген қоғамдық-экономикалық формацияларда қаржы билеуші таптың мүдделерін қорғайтын мемлекеттің мақсаттары мен міндеттеріне бағынады;
өндірістің жаңа әдісі шаруашылық қатынастардың жаңа жүйесін тудырады.
Кіріспе
Қаржы («қолма-қол
ақша», «табыс» ұғымын
Бүгінде
қаржы терминін күнделікті
Қаржының
мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша
қатынастарын қамту сферасы
Түрлі
қоғамдық-экономикалық
әр түрлі
қоғамдық формацияға қоғамның
өзіне меншікті таптық
кез келген
қоғамдық-экономикалық
өндірістің
жаңа әдісі шаруашылық
егер
мемлекет басқару органы
Құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктерімен, сонымен бірге ұдайы өндірістегі өзгешелік рөлімен айшықталады. Қаржының құндық бөлу стадиясында жұмыс істейтін басқа экономикалық категориялардан-кредиттен, жалақыдан және бағадан айтарлықтай айырмашылығы бар.
Қаржының
пайда болуының бастапқы шарты
ақша қатынастарымен
Тауар
өндірісінің негізі тауар
Ұдайы
өндіріс процесінің үздіксіз
жалғасып жататын белгілі өндір
Қаржы ғылыми ұғым ретінде қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда болатын қызметтермен ассоциацияланады және міндетті түрде ақша қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.
Экономикалық
өмірде қаржының сыртқы
«Қаржы» ұғымы ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар-ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайында қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша айналымы – ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.
Экономиканың
жұмыс істеуінің нарық
Қаржы-ақша қатынастарының жиынтығын, олардың ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
Жалпы
қоғамдық өнім мен ұлттық
Алайда
қаржы ақша қатынастарының
Қаржы
экономикалық категория
Экономикалық
категория ретіндегі қаржының
мазмұны құрайтын
Ақша
қаржының іс-әрекет етуінің
Қаржы қатынастары өзінің негізінде бөлгіштік қатынастар болып табылады. Қаржының арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөліктерінде (материалдық өндіріс пен өндірістік емес салаларда) және шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде қоғамдық өнім құнын қайта бөлудің сан алуан процестері жүзеге асады. Бөлу процесі натуралдық-заттай нысанда да-өндіріс құралдары мен тұтыну предметтерінің қорларын жасаумен де, сондай-ақ ақша нысанында да- еңбектің аталған өнімдерін сатып алуға арналған ақша қорларының қозғалысы арқылы да болып жатады. Қаржы қатынастарының бөлгіштік сипаты экономикалық категория ретінде олардың айрықша белгісі болып табылады.
Қаржы қатынастарының ақшалай сипаты мен бөлгіштік сипаты қаржының аса маңызды белгілері болып табылады, бірақ оның ақтық белгілері емес, өйткені бұл белгілер бағаға да, еңбекке ақы төлеуге де, кредитке де ортақ.
Қаржының нақтылы жұмсауға арналған түрлі мақсатты ақша қорларының қозғалысында көрінуі оның маңызды ерекше белгісі болып табылады. Ақша қорлары, істің шын мәнінде, қаржы қатынастарының объектілері болып табылады.
Қаржы-
бұл шаруашылық жүргізуші субъектілерде
және мемлекетте ақшалай табыстар мен
қорланымдарды қалыптастырумен, сонымен
бірге оларды ұдайы ұлғаймалы
өндіріске, қоғамның әлеуметтік және басқа
қажеттіліктерін
Қаржының
жұмыс істеуінің шарты-ақшаның
болуы, ал қаржының пайда
Қаржының мәні ақша нысанындағы құн қозғалысынан туындайды.Мұндай қозғалыстың шарты тауар ақша қатынастарының болуы және экономикалық заңдардың іс-әрекеті болып табылады.
Қаржының қажеттігі объективті мән-жайдан –тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Мемлекет қаржы ресурстарының объективті қажеттігін ескере отырып, оларды пайдаланудың әр түрлі нысандарын жасай алады: төлемдердің әр түрлі түрлерін енгізеді немесе күшін жояды, қаржы ресурстарының нысандарын өзгертеді. Шаруашылық жүргізу сферасында үнемі өзгеріп отыратын ұдайы өндірістік қажеттіліктерді қамтамасыз ете отырып, қаржы өндіріс үйлесімдерін тұтынудың қажеттеріне бейімдеуге мүмкіндік беруі үшін қажет. Қаржының басты арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағында жасалатын ақша (қаржы) ресурстарының құрамы мен құрылымының өзгеруіне жеткізеді.
Сонымен жоғарыда айтылғандардың негізінде қаржыға мынадай түсініктеме беруге болады: қаржы-бұл: 1) ақшалай қорларды жасау, бөлу, қайта бөлу және пайдалану үдерісіндегі қатынастарды бейнелеп көрсететін экономикалық категория; 2) ақшамен айналысу және оны басқару практикасы; 3) қандай бір капитал; ең алдымен жаңа істі бастау үшін алынатын капитал; 4) белгілі бір, әсіресе қаржы компаниясы жасаған мақсатқа арналған ақшалай қарыз.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердін қаржысы - бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айрықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды. Елдегі ақшалай қатынастардың аса маңызды сферасын, атап айтқанда, халықтың мұқтаждарын, өндірістік емес сфераның материалдық шығындарын қамтамасыз етудің көздерін -жасалатын коғамдық өнімді, ұлттық табысты және ұлттық байлықты алғашқы бөлуді қамтитындықтан және кәсіпорындар деңгейінде мемлекеттің қаржылық ресурстарының басым ауқымы қалыптасатындықтан бұл буынның қаржысы қаржылардың негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы қаржы жүйесінің аса маңызды буыны ретінде қоғам экономикасының іргетасын қалыптастырады, өйткені мұнда материалдық және материалдық емес игіліктер жасалады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының сферасы шеңберінде материалдық, еңбек және қаржылық ресурстардың көпшілік бөлігі шоғырландырылады, бұл қоғамда ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісін қамтамасыз етеді. Өзінің материалдық тұлғалануыңда - бұл әрбір нақтылы шаруашылық жүргізуші субъектілерде жасалатын және өндірісті дамыту мен оның жүмыскерлерінің әлеуметгік мұқтаждарына пайдаланылатын әр түрлі арналымның оқшауланған ақшалай қорлары. Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржысы өндірістің барлық стадияларымен және өндірілген өнімді өткізумен етене байланысты, бұл олардың өндіріс тиімділігін қамтамасыз ете отырып, осы үдерістерге шынайы әсер етуіне жағдайлар жасайды. Экономиканың дағдарысты жағдайлары мұндай мүмкіндіктерді қатаң шектейді немесе оларды пайдалануды қиындатады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының болуы, жалпы мемлекеттің қаржысы сияқты, тауар-ақшалай қатынастардың өмір сүруімен және экономикалық зандардың іс-әрекетімен байланысты.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы ақшалай нысанда ұлғай-малы ұдайы өндіріс үдерісінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық зандардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрі дамытуға қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу және пайдалану үшін қолданылады. Мұндай даму ұлттық шаруашылықты баскару жүйесінің маңызды экономикалық тетігі, экономиканы кайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыларысыз мүмкін емес. Өндірістік катынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастардың жиынтығында ұлттық шаруашылықты басқарудың төменгі буындарының шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді.
Информация о работе Қаржылық шаруашылық жүргізуші субъектілердің мазмұны