Қаржылық шаруашылық жүргізуші субъектілердің мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 21:27, курсовая работа

Описание работы

Түрлі қоғамдық-экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы негізінен мына себептерге байланысты:
әр түрлі қоғамдық формацияға қоғамның өзіне меншікті таптық құрылымы сай келеді. Сонымен бірге қаржы ұлттық табысты мемлекеттің пайдасына қайта бөлуді ұйымдастыра отырып, оны бөлудің қатынастарын есепке алады;
кез келген қоғамдық-экономикалық формацияларда қаржы билеуші таптың мүдделерін қорғайтын мемлекеттің мақсаттары мен міндеттеріне бағынады;
өндірістің жаңа әдісі шаруашылық қатынастардың жаңа жүйесін тудырады.

Файлы: 1 файл

От Моти для Бони!.doc

— 350.00 Кб (Скачать файл)

2.Өндірістік емес сфера – қызметтер сферасы салаларының ұйымдары мен мекемелерінің қаржысы. Коммерциялық емес қызмет белгілі бір табыс алуды мақсат етпейді. Бұл сфераны қаржыландыру көздері әр түрлі болып келеді. Оларды бұл құрылымдардың іс-әрекет етуіне, мемлекеттің қатысу дәрежесіне қарай топтастыруға болады:

  Бюджеттік қаражаттар;

   Мемлекеттік  бюджеттен тыс қорлар;

   Жаппай  шараларға билеттер сатудан алынған  қаражаттарды қоса, өнім өткізуден  түсетін түсім – ақша;

   Түрлі  коммерциялық құрылымдардың ақшалай  аударымдары, келісімшарттарға сәйкес  орындалған жұмыстар мен қызметтер көрсеткені үшін түсетін қаражаттық түсімдер;

   Мүлікті  жалға беруден түсетін түсім  – ақша;

   Халықтың  қаражаттары;

   Кадрларды  дайындаудан ( қайта дайындаудан,  біліктілікті арттырудан және  т.с.с. ) түскен табыс және басқалары.

   Қаржы жүйесіндегі өндірістік емес сфера қаржысының орны мен рөлі оның ұлттық табысты бөлу және пайдалану жөніндегі байланысымен айқындалады. Бұл қосалқы буында қаржылық қатынастар оның бастапқы құрылымдарында және олардың арасында, қаржы жүйесінің басқа буындарының, өзге экономикалық жүйелердің: бағалардың, кредиттің және басқа буындардың арасында пайда болады.

   Өндірістік  емес сфераның қаржыларына мыналар  жатады:

   Қоғамдық, соның ішінде кәсіподақ ұйымдардың  қаржысы;

   Саяси  және қоғамдық қозғалыстардың  қаржысы;

   Арнаулы  мақсатты қорлардың қаржысы;

   Қайырымдылық  қорлардың қаржысы.

   Коммерциялық  емес мекемелердің қаржылық –  шаруашылық қызметі қаржы ресурстарын  пайдаланудың үш әдісін үйлестіреді:

Өзін – өзі  өтеушілік, бюджеттік қаржыландыру және шаруашылықты жүргізудің шаруашылық есеп әдісі.

   Шаруашылық  жүргізуші субъектілердің қаржысында  қаржылық қатынастарды түрлі  мақсатты сипаттағы сан алуан  ақшалай қорларды қалыптастыру  арқылы одан ары тұтыну мақсатында  құнды қайта бөлудің арналары  бойынша жасалынған құнның қозғалысына қызмет көрсетеді.

   Халықтың (үй шаруашылықтарының) қаржысы қаржы жүйесінің ерекше бөлігі болып табылады. Халық (азаматтар) өзінің ақшалай қаражаттарымен жалпымемлекеттік қаржы жүйесімен және меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өндірістік және өндірістік емес сфераларымен қарым – қатынас жасайды. Бұл сан алуан қатынастар халыққа еңбекке ақы төлеумен, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне ақшалай қаражаттардың аударымдарымен және одан төлеумен, материалдық және материалдық емес игіліктерді алумен байланысты; басқа жағынан, халық өзінің ақшалай табысынан салық төлейді, өндірістік және өндірістік емес сфералардың мемлекеттік және басқа мекемелер мен ұйымдардың қызметін төлейді. Сонымен бірге азаматтардың жеке – дара және шағын кәсіпкерлікпен айналысуымен байланысты бұл сферада көлемді қаржылық қатынастар пайда болады. Мұндай қатынастар айырбасқа жататын сауда орындарында, рыноктарда, халыққа қызмет көрсететін кәсіпорындар мен ұйымдарда (көлік, байланыс, тұрмыстық сектор және т.б.) тұтыну тауарлары мен қызметтерді сатып алуға байланысты болатын ақшалай қатынастарды қоспағанда, қаржылық қатынастар болып табылады және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары сферасында пайда болатын қатынастарға ұқсас болып келеді.

   Сонымен  бірге халықтың ақшалай қаражаттарының  әрбір жеке жағдайда мақсатты  бағыттылығының немесе жинақталуының  мүмкін болғанымен және олардың  иелері қаражаттарды өзінің ойынша  жұмсай алатынымен халық қаржысының  өзіндік ерекшелігі қаржы жүйесінің  екі сипатты бөліктерінің – қор нысаны мен сыртқы басқарудың өзгешелігінде болады.

   Жекеше  меншіктің және мемлекеттік кәсіпорындардың  қаржысы сферасының бастапқы  табыстары, сондай-ақ азаматтардың  табысы кез келген мемлекеттің  қаржы жүйесі құрамының негізін  қалайтынын ескеру қажет және бұл тек теориялық жайт қана емес, өйткені бұл ресурстардың бүкіл жиынтығы Қазақстанның қаржылық ресурстарының балансында бейнелеп көрсетіледі. (Қосымша,2 сызба)

Қаржылық қатынастар сфераларының әрқайсысының ішінде буындар  бөлінеді, оның үстіне қаржылық қатынастарды топтастырып, мақсатты ақшалай қорлардың құрамы мен айналымына белгілі бір әсер ететін субъект қызметінің сипатына қарай жүргізіледі. Бұл белгі кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысы сферасында мынадай буындарды бөлуге мүмкіндік береді: коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы; коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы.

   Қаржы  жүйесінің әр буыны өз кезегінде  буыншаларға (ондағы қаржының  өзара байланысының ішкі құрылымына  сәйкес) бөлінеді. Мәселен, салалық  бағыныштылығына қарай коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындар (ұйымдар) қаржысының құрамына өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, көлік, құрылыс және т.б. кәсіпорындарының қаржылары, ал меншік нысанына қарай – мемлекеттік, кооперативтік, акционерлік, жекеше және басқа кәсіпорындардың қаржылары болып мүшеленеді. Мемлекет қаржысының құрамында буындар ішіндегі қаржылық қатынастарды топтастыру, мемлекеттік басқарудың деңгейіне (республикалық, жергілікті) сәйкес жүзеге асырылады. Сақтық қатынастары сферасында буындардың әрқайсысы сақтандырудың түрлеріне (жалпы сақтандыру, өмірді сақтандыру) бөлінеді.

   Өзінің  ортақ қағидалы біртұтастығына  қарамастан, қаржылық қатынастарды  ұйымдастырудың нысандары мен  олардың сыртқы көрінісі әр  түрлі. Бұл мағынада қаржы құрамы  туралы айтуға болады. Қаржылық қатынастардың сфералары мен буындары өзара тығыз байланыста болады және елдің біртұтас қаржы жүйесінің құрамын құрайды.

   Сонымен  бірге қаржы құрамын мемлекеттің  қаржы саясатын жүзеге асыруға  қызмет ететін нақтылы қаржы  органдары болып табылатын қаржы жүйесінен ажырата білген жөн.

   Қазақстан  Республикасында макро – және  микроэкономиканың қаржы жүйесінің  құрамы қаржылық қатынастардың  біршама дербес мына буындарынан  тұрады:

Мемлекеттің бюджет жүйесі;

Арнаулы бюджеттен  тыс қорлар;

Мемлекеттік кредит;

Жергілікті  қаржы;

Шаруашылық  жүргізуші субъектілердің қаржысы;

Халықтың (үй шаруашылықтарының) қаржысы.

 Қаржылық  қатынастардың алғашқы үш бөлігі  жалпымемлекеттік, яғни орталықтандырылған  қаржыларға жатады және макродеңгейдегі  экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, үй шаруашылықтарының қаржысы орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік реттеу және ынталандыру үшін пайдаланылады.

   Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамы болып табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік рөлі, оның құрамы мен құрылымы бүтіндей жергілікті органдарға жүктелінген функциялардың сипатымен, сондай – ақ мемлекеттің әкімшілік – аумақтық құрылысымен және оның саяси экономикалық бағыттылығымен анықталады.

   Жалпы,  қаржылардың бүкіл құрамы екі  ірілендірілген бөлікке біріктіріледі:

   Мемлекеттік  және муниципалдық қаржы;

   Шаруашылық  жүргізуші субъектілердің қаржысы.

   Мемлекеттердің  көпшілігінде қаржы жүйесін құрудың қағидаты – фискалдық (қазыналық) федерализм қағидаты.

   Қаржы  жүйесінің функциялық құрылысы  мынадай негізгі қағидаттарды  қанағаттандыруы тиіс:

   Біріншіден, қаржы жүйесінің жеке алынған  әрбір буыны ақшалай қатынастардың  аса кең шеңберін қамти алады, бұл жалпы категория болып табылатын «қаржыға» ғана тән қасиет;

   Екіншіден,  тұтастай алынған қаржы жүйесі  әрбір нақты сәтте объективті  экономикалық категория ретінде  қаржының қағидалы мәндік сипаттамаларына  және функциялық арналымына дәл сәйкес келуі тиіс.

   Қаржы  жүйесін құрудың негізіне мына  қағидаттар қойылған:

   Қаржы  жүйесін ұйымдастыруда централизм  мен демократизмнің үйлесуі. Мемлекеттік  қаржы органдары тарапынан болатын  орталықтандырылған басшылықпен  бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына және шаруашылық жүргізуші субъектілерге кең құқық пен дербестік берілген.

   Бұл қағидат  жергілікті қаржы органдарының  тиісті жергілікті әкімшілікке  және жоғарғы қаржы органдарына  екі жақты бағынышты жүйесін  алдын ала айқындайды.

   Салалық  қаржыларды басқарудағы демократиялық негіз шаруашылық жүргізуші органдарға капиталды (негізгі және айналым капиталдарын) бекітіп беруге, оларға әр түрлі мақсатты арналымның ақшалай қорларын жасауға және оларды пайдалануға құқық беруде көрінеді. Жоғарғы органдар өзінің құзыры шегінде салалық қорлар мен резервтерге орналастырылатын қаражаттардың бір бөлігін қайта бөлу туралы шешім қабылдайды, оларды мақсатты пайдаланудың тәртібін анықтайды.

   Кәсіпкерлік  секторда қаржылық дербестік  неғұрлым толық көрінеді: оның қатысушылары мемлекеттің қаржы жүйесі алдындағы міндеттемелерді орындағаннан кейін қаржылық ресурстарды еркін иемденеді.

   Ұлттық  және өңірлік мүдделерді сақтау. Өңірлерді дамытудың әлеуметтік  жағынан қабылдауға болатын деңгейі  сияқты бұл қағидаттың талаптары да қаржылық қатынастарда ұлттық теңдікті қамтамасыз етуге шақырады. Қаржы жүйесін құрудағы оның көрінісі мемлекеттік қаржы органдары құрылымының ұлттық – мемлекеттік және әкімшілік – өңірлік құрылымына сай келуі. Әрбір облыста, ауданда және қалада қаржы органдарының тиісті аппараты бар. Төменгі құрылымдарда арнаулы қаржы органдарының болмауы мүмкін, онда олардың функцияларын жергілікті әкімшіліктің аппараты атқарады. Федеративтік құрылысы бар көп ұлтты мемлекеттерде бұл қағидаттың маңызы айтарлықтай артып отыр.

   Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты орталық қаржы органдары арқылы мемлекеттің жүргізіп отырған бірыңғай мақсаттарымен алдын ала айқындалып отырады. Қаржылардың барлық буындарын басқару бірыңғай негізгі заңнамалық және нормативтік актілерге негізделеді. Қаржы жүйесінің бірлігі қаржылық ресурстардың басты көздерінің ортақтастығында, олардың қозғалысының өзара байланыстығында, қажетті қаржылық көрсету үшін қаражаттарды өңірлер, салалар арасында қайта бөлуде болып отыр. Қаржы жүйесі бірлігінің қағидаты экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде жасалатын қаржы жоспарлары мен байланыстардың өзара үйлесу жүйесінде өзінің нақтылы көрінісін табады.

Қаржы жүйесінің жекелеген құрамды  элементтерініц функциялық арналым қағидаты қаржының әр буыны өз міндеттерін шешіп отыратындығынан көрінеді. Оған айрықша қаржылық аппарат сәйкес келеді. Мемлекеттік бюджеттің ресурстарын құрып, пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Экономика жэне бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.

Бюджеттен тыс қорлардың (ресурстардың) мақсатты міндеттерін тиісті аппараттар анықтайды және шешеді немесе белгілі бір министрліктің және үкіметтің басқаруына беріледі.

¥лттық шаруашылықты басқарудың сатылас қағидаты жоғарғы органдар (министрліктер, ведомстволар, холдингтер, ассоциациялар, бірлестіктер) деңгейінде де, сондай-ақ төменгі (фирмаларда, компанияларда және т.б.) деңгейде де қаржылық аппараттың тиісті құрылымын байланыстырады (қамтамасыз етеді). Бүдан басқа, қаржылық аппаратты ұйымдастыруда ак-ционерлік, бірлескен, аралас, кооперативтік, сондай-ақ қоғамдық кәсіпорындар мен ұйымдарды басқарудың ерекшеліктері бейнелеп көрсетіледі.

Қазіргі кезде қаржы жүйесі терең өзгерістерге ұшырап, қайта құрылуда. Қар-жы жүйесін  қайта құрудың басты міндеті оның Қазақстанның элеуметтік-экономикалық дамуын  тұрақтандырып, одан ары тездетуге қаржы жүйесінің ықпал етуін күшейту, үлттық табыстың үздіксіз өсуін қамтамасыз ету, өндірістің барлық буындарында шаруашылық-коммерциялық есепті нығайту болып табылады.

Рыноктық  қатынастарға көшу барысында қаржы  жүйесінің рөлі мен маңызы шұғыл артады. Қаржы-кредит секторы рыноктық механизмдердің неғұрлым тиімді жұмыс істейтін секторларының біріне айналуы тиіс.

Қаржы және ең алдымен  бюджет жүйесі ішкі жалпы өнімнің өсуіне және оның басты бөлігі – ұлттық табысқа, макро-және микроэкономика кәсіпорын-дарының, фирмаларының және салаларының дамуына және халықтың көптеген жігінің хал-ахуалына айтарлықтай ықпал жасайды.

Қоғамда істің  жайы қаржылық ахуалмен анықталады, сондықтан тұрақтану мен дамудың бағдарламасы бірінші кезекте экономиканың тиімділігін арттыру ; жөніндегі жалпыэкономикалық шараларды іске асыруды қарастыруы тиіс. Бұл шаралардың қатарында - өндірістік қатынастарды жетілдіру, экономиканы элеуметтік қайта бағдарлау, ұлттық шаруашылықтың құрылымын жаңғырту, ғылыми-техникалық прогресті тездету, сыртқы экономикалық қызметті жандандыру, ішкі өндіріс есебінен тұтыну рыногын толықтыру проблемасын шешу шаралары және тұр. Қаржылық шаралардың ішінде инвестицияларды оңтайландыру, басқару аппаратын ұстауға жұмсалатын шығындарды азайту, шаруашылык жүргізудің барлық деңгейінде үнем режимін қатаңдандыру қажет; экономиканың төменгі денгейлерінде залалдықты болдырмау, коммерциялық есепті дамыту, қаржы жүйесінің барлық буындарында қаржылық өзара қарым-қатынастарды индикативтік реттеу қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша:1сызба

 

 

Шаруашылық  жүргізуші субъектінің қаржы  бөлімі.

Жоспарлау-экономикалық бюросы

Банктік және кассалық операциялар бюросы

Есеп айырысу  бюросы

Бағалы қағаздар бюросы

ТОПТАР

Қаржылық-кредиттік  жоспарлау

Оперативтік жоспарлау  мен бақылау

Экономикалық  талдау

Кредиттік операциялар

Кассалық операциялар

Тапсырыс берушілермен есеп айырысу

Сатып алушылармен  есеп айырысу бюросы

Кінәрат талап  тобы

Корпоративтік бағалы қағаздардың

Бақсадай құралдардың

Информация о работе Қаржылық шаруашылық жүргізуші субъектілердің мазмұны