Қаржылық шаруашылық жүргізуші субъектілердің мазмұны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 21:27, курсовая работа

Описание работы

Түрлі қоғамдық-экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы негізінен мына себептерге байланысты:
әр түрлі қоғамдық формацияға қоғамның өзіне меншікті таптық құрылымы сай келеді. Сонымен бірге қаржы ұлттық табысты мемлекеттің пайдасына қайта бөлуді ұйымдастыра отырып, оны бөлудің қатынастарын есепке алады;
кез келген қоғамдық-экономикалық формацияларда қаржы билеуші таптың мүдделерін қорғайтын мемлекеттің мақсаттары мен міндеттеріне бағынады;
өндірістің жаңа әдісі шаруашылық қатынастардың жаңа жүйесін тудырады.

Файлы: 1 файл

От Моти для Бони!.doc

— 350.00 Кб (Скачать файл)

Шаруашылық  серіктестігінің мынандай нысандары белгіленген:

  1. толық серіктестік;
  2. сенім серіктестігі;
  3. жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
  4. қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
  5. акционерлік қоғам;

Толық серіктестіктің табысы мен залалдары қатысушылар арасында, серіктестіктің жарғылық қорына салған олардың салымдарының мөлшеріне үйлесімді түрде бөлінеді; жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен сенім серіктестігінде де осылай бөлінеді.

Қаржылық  қатынастардың акционерлік қоғамға сәйкес белгілі бір ерекше-ліктері акцияларды өндірістік және коммерциялық қажеттіліктерді қаржыландыру ретінде қолданғанда көрінеді. Бұған акционерлік қогамдар қызметінің ұйымдық нысандарының әр алуандығы мүмкіндік туғызады. Қаржыны ұйымдастыруға акциялар категорияларының (кәсіпорынның акциялары, еңбек ұжымының акциялары, акционерлік қоғамдардың акциялары), олардың түрлерінің (артықшылықты, жай акциялар) әр алуандығы әсер етеді.

Акционерлік қоғамның баланстық таза табысы заңнамамен қарастырыл-ған тәртіппен анықталады. Таза табыс (салықтарды төлегеннен кейін) қо-ғамның қарамағында қалады және акционерлердің арасында дивидендтер түрінде бөлінеді, резервтерге, өндірісті дамытуга немесе қоғам жиналысы-ның шешімімен қарастырылған өзге мақсаттарға аударылады. Акционерлік қоғам жарғылық капиталдың 15 пайызынан кем емес мөлшерде резервтік капитал құруға міндетті.

Акционерлік қоғамның мынадай жағдайда жай акциялар бойынша  дивидендтер төлеуге құқығы жоқ:

қоғамның жағымсыз меншікті капиталы кезінде;

егер қоғам төлеу қабілетсіздігі немесе дәрменсіздігі нышандарына  жауап берсе.

Қоғам жарғыға сәйкес салықтарды төлегеннен кейін қызметшілер ішінде бөлу үшін табыстың белгілі бір пайызын, соның ішінде ақшалай сыйақы немесе акциялар түрінде бөле алады. Дивидендтер акциялар түрінде (табыстың капиталга айналуы), облигациялармен, тауарлармен, егер бұл жарғыда қаралса, төлене береді.

Меншіктің акционерлік нысаны экономикалық жағынан дамыған елдер-де тиімді жүмыс істеуде және әлемдік практикада көпшілікке танылған нысан болып табылады. Ол ұсақ меншік иелерінің көпшілігін - акция ұстаушыларды қазіргі кезеңде кәсіпорындардың немесе салалардың қаражаттарын неғүрлым тиімді қалыптастыруға қатысуға араластырады (тартады), қаржылық ресурстардың қызметтің аса басымырақ сфераларына қайта құйылымына мүмкіндік жасайды. Акционерлік нысанның құндылығына қаражаттардың жеке иелері үшін, тіпті жеке қаржы институттары үшін қиын болатын жеткілікті ірі кәсіпорындарды құру мүмкіндігі жатады. Акционерлік кәсіпорынның көлемі тек оның рыноктық сұранымының ауқымымен, басқарушылықпен, рыноктың даму перспективаларымен  ғана сәйкестенеді. Акционерлік нысанның аса маңызды артықшылығы сонымен бірге бір кәсіпорынның басқа кәсіпорынның қызметіне оның акцияларын сатып алу арқылы қатысу мүмкіндігі. Бұл ретте әр түрлі нұсқалар пайдаланылады: кәсіпорындарға шикізатты жсткізушілерге қатысу;

рынокты иемдену үшін басқа өңірлерде орналасқан ұқсас кәсіпорындарға қатысу;

өнімнің орнықты өткізімін қамтамасыз ететін сауда және көлік кәсіпорын-дарына қатысу;

пайда алу мақсатымен неғұрлым табысты  кәсіпорындарға қатысу.

Рынок жағдайларында  акционерлік қоғамдардың басқа ұйымдық-қүқықтық нысандарға қарағанда айтарлықтай орнықтылыгы болды. Бұған табысты (пайданы) қоғамның қалыптасу мүддесіне бөлуден уақытша бас тарту, рынокты жеңіп алу, неғұрлым тұрақты табыстылықты қамтамасыз етуге және келешекте табыстың айтарлықтай өсуіне жетугс бағытталған  қосымша күрделі жүмсалымды жүзеге асыру есебінен қол жсткізсді. «Шсктеулі жауапксршілік» яғни тек акцияларға салынған қаражаттар бойынша материалдық жауапксршілік кағидатының іс-әрекет етуі дара қаражаттар нсгізіндс пайда бола алмайтын, айтарлықтай тәуекелді (жылдам қайтарым алу жәнс жоғары  табыстылық көзқарасы тұрғысынан) кәсіпорындар құру үшін алғышарт болып  табылады.

 Акционерлік үйым негізінде корпорациялар- ірі шаруашылық жүргізуші субъектілер жұмыс істейді.

Корпорация қандайда бір мақсатқа жету үшін біріккен және құқықтың дербес субъекті - жаңа заңи тұлғаны құратын  тұлғалардың жиынтығы ретін-де анықталады. Әдеттегідей, корпорация қатысушылардың үлестік меншігін және жалдау бойынша жұмыс істейтін кәсіби басқарушылардың (менеджер-лердің) басқару функцияларын орындауын қарастырады; шығарылатын ак-циялар қор рыногында айналыста болады. Корпорацияның көп таралған түрі холдинг болып табылады. Әр түрлі елдерде өндірістік және коммсрциялық қызмет жүргізетін корпорациялар трансұлттық корпорациялар (ТҰҚ) деп аталады.

Холдингтік компания немесе холдииг - бақылау не бірыңғай экомомикалық және қаржылық саясат жүргізу үшін басқа компаниялардың қызмстін бағыттап отыру мақсатында олардың акцияларының бақылау пакеттсрін иеленуші басты компания.

Экономикада едәуір орынды мемлекеттік сектор алады. Бұл секторда кәсіпорындардың мынадай түрлері жүмыс істейді:

Шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорындар;

жседел басқару құқығына негізделген (қазыналық кәсіпорын) кәсіпорындар. Бұл құқық қазыналық кәсіпорынның меншік иесінен алған және өз қызметінің мақсатына, меншік иесінің тапсырмалары мен мүліктің мақсатына сәйкес заңнамалық актілерде белгіленген шекте сол мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын заттай құқық болып табылады.

Мемлекеттік меншіктің түріне қарай кәсіпорындар:

республика  меншігіндегі кәсіпорындар –республикалық мемлекеттік кә- 
сіпорындар;

коммуналдық мсншіктегі кәсіпорындар - коммуналдық мемлекеттік кә- 
сіпорындар болып бөлінеді;

Басқа мемлекеттік кәсіпорын құрған мемлекеттік кәсіпорын еншілес мемле-кеттік кәсіпорын болып табылады.

Әлеуметтік- кәсіпкерлік корпарациялар (ӘКК) - бұл тауарлар мен қызмет-терді өндіріп, оларды сатудан пайда алу мақсатымен өзінің қызметін жүзеге асырушы орнықты бизнесқұрылымдар. ӘКК-нің коммерциялық корпорациялардан негізгі айырмашылығы сол, алынған пайданы ӘҚҚ мүдделеріне кұрылған өңір халқының әлеуметтік, экономикалық немесе мәдени мақсаттарын іске асыру үшін қайта инвестициялау болып табылады. ӘКҚ Ұлттық қорының өңірлік өкілдіктері болып табылады, олардың көмегімен жергілікті жерлердегі инвестициялық жобаларды үйлестіру жүзеге асырылады. ӘКК оларға коммуналдық меншікті, жерді пайдасыз, бірақ жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды (олар жаңа бизнес құру үшін пайданылады) беру жолымен әр түрлі өңірлерде қалыптасып отыр Әрбір ӘКК өзінше дамудың өңірлік институты болып табылады және елдің тиісті өңірінде мемлекеттік активтерді басқаратын холдингтік компания болып есептеледі.

Бұдан ары, басқару тәжірибссінің жинақталуына және капиталдандыру дең-гейін арттыруға қарай, ӘКК өңірлік және халықаралық рыноктарға шығуды қоса, ӘКК кеңейетін және олардың жауапкершілік сфсрасы әртараптанатын болады.

Бұл компаниялардың қызметі жаңа жобаларды  тартуға, шағын және орта бизнесті дамытуға, кооперацияларды күшейтуге бағытталған.

Еншілес кәсіпорын - өз мүлкінің есебінен басқа мемлекеттік кәсіпорын құрған заңи тұлға. Еншілес кәсіпорындар құру құқығын шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындар ғана пайдалана алады.

Еншілес кәсіпорындар негізгі кәсіпорынды, соның ішінде монополияға қарсы заңталабы күйіндегі кәсіпорынды ықшамдау, негізгі кәсіпорынның филиалдарын дербес заңи тұлға етіп қайта құру, негізгі өндірістің тиімділігін арттыру үшін қосымша және мамандандырылған өндіріс кұру, негізгі өндірісті оған тән емес қызмет пен функция түрлерімен босату мақсатында құрылады.

Кәсіпкерлік қызметті жүргізудің тиімді ұйымдық-құқықтық нысандарының бірі шетелдік фирмалар қатысқан бірлескен кәсіпорындар болып табылады. Бірлескен кәсіпорындардың мүлкі шартта анықталған мөлшерде қатысушылардың салымдары (жарналары) есебінен құрылады. Бірлескен ксіпорындар заңнамамен белгіленген салықтарды төлейді, бірлескен кәсіпорын жойылғанда оның резервтік капиталының пайдаланылмаған сомасына қолданыстағы мөлшерлемелер бойынша салық салынады. Республикада шетелдік фирмалар қатысқан бірлескен косіпорындарды құрудың және олардың іс-қимыл етуінің тәртібі заңнамамен белгіленген. Кәсіпорын капиталындағы үлес уағдаластық бойынша анықталады. Әріптестерге қажетті кепілдіктер, соның; ішінде олардың салықтарды төлегеннен кейін қалған табысының (пайдасының) бір бөлігін валюта түріне шет жаққа аударуға, ұлғаймалы өн-діріске жұмсалымға салу мүмкіндігіне, басқаруға қатысуға, республика аумағында олардың меншігін қүқықтық қорғауға кепілдіктер беріледі.

Экономиканың кооперативтік секторы бірыңғай ұлттық шаруашылық ке-шені буындарының бірі болып табылады. Рыноктық қатынастардың қалыптасу барысында меншік нысандарының дамуы қызметтің жаңа сфераларында шаруашылық жүргізудің бұл демократиялық нысанының қайта дамуына және дәстүрлі салаларда оның кеңеюіне кең, жол ашты.

Қазіргі кезде кооперация жүйесінде кооперативтердің екі негізгі тұрпаты -өндірістік және тұтыну кооперативтері жүмыс істейді.

«Өндірістік кооператив туралы» занда өндірістік кооператив азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардың жеке еңбегімен қатысуына және мүшелерінің мүліктік салымдарын (үлестерін) біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі делінген. Өндірістік кооперативтер тауарлар, өнімдер өндіріп, жұмыс атқарады, шаруашылық жүргізуші субъектілерге және халыққа қызмет корсетеді.

Өндірістік  кооператив коммерциялық үйым және заңи тұлға болып табыла-ды. Ол жеке кәсіпкерлік үшін заңнамалық актілермен тиым салынбаған кәсіп-керлік қызметтің кез келген түрін жүзеге асыруға қүқығы бар.

Өндірістік  кооператив мүлкін жарғылық салымдар, оның қызметінен алынған табыстар, заңнамамен тиым салынбаған өзге де көздер құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.1. Акционерлік  қоғамдағы ұйымдық формасы

 

Қоғамда пайда болатын қаржылық қатынастар құқықтық реттеуді қажет етеді. Бұл ретте қаржылық құқықтың әр түрлі нормалары қолданылады.

Қаржылық құқық- бұл қоғам дамуының тиісті кезеңіндегі мемлекеттің және басқа экономикалық субъектілердің міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті ақшалай қорларды жасау, бөлу және пайдалану үдерісінде пайда болатын қаржылық қатынастарды реттейтін заң нормаларының жиынтығы. Ол біртекті қаржылық қатынастарға жататын жеке бағыттар бойынша: бюджеттік құқыққа, салықтық құқыққа, шаруашылықтық құқыққа межеленіп айырылады; қаржының кең ұғыным тұрғысында жалпы ақшалай қатынастар ретінде баян етілуіне байланысты қаржылық құқыққа сонымен бірге валюта және сақтық заңнамасын, банктік құқықты, мемлекеттік кредитті, ақша айналысын құқықтық реттеу сияқты бөлімдер де кіріктіріледі.

Қаржылық  құқықта қаржылық-құқықтық нормалар- ЖШС -тың негізгі бастапқы элементтері, яғни құқық белгілеу органы қабылдаған және қаржылық қатынастардағы мемлекеттік мәжбүрлеу (күштеу) шараларымен қамтамасыз етілген қылықтың қатаң белгілі бір ережесі пайдаланылады. Сөйтіп, қаржылық-құқықтық нормалардың императивтік (өмірлік, бұйрықтық) сипаты болады. Қағида бойынша, олардың үзілді-кесілді нысанда көрінетін талаптары болады және оларды беталды өзгерте беруге жол берілмейді, қаржылық қатынастар қатысушыларының құқықтары мен міндеттерінің ауқымын дәл анықтайды. Қаржылык-құқықтық нормалар міндеттеушілік, тиым салушылық және уәкілеттілік (яғни белгілі бір іс-қимылдарды жасауға бағытталған қаржылық қатынастар қатысушыларының бекітуші құқықтары) болып бөлінеді.

Сөйтіп, базистік болып табылатын қаржылық қатынастар қаржылық-қүқықтық нормаларды пайдаланған кезде қаржының құқықтық қатынастарына жатады. Қаржының қосалқы категорияларының сыныптамасына сәйкес қаржылық құқықтық қатынастар бюджеттік, салықтық, мемлекеттік-кредиттік, қаржылық-шаруашылықтық, сақтық, валюталық-қаржылық, есеп-қисаптық, бақылау және т.б. болып бөлінеді. Олардың қатысушылары субъективті заңи құқықтар мен міндеттер арқылы өзара байланыста болады, ал байланыстар (қатынастар) мемлекеттің мәжбүрлеуші күшімен қорғалады.

3 сызба, Қаржы мен құқықтың озара іс-әрекеті. Қаржылық-құқықтық механизмнің қалыптасуы.

Нормативтік-құқықтъқ қатынастардан  тыс қаржылық қызмет орындалмайды. Жүзеге асуы мемлекеттің мәжбүрлеуші күшімен кепілдендірілген тек өзара байланысты заңи құндықтар мен міндеттер кезінде болжанған кірістерді алуды, оларды белгіленген мақсаттар бойынша бөлу мен пайдалануды мемлекеттің және басқа экономикалық субъектілердің қамтамасыз етуі мүмкін. Бұл ретте бір органдарға билік өкілеттіктері үлестіріліп берілген, қаржылық құқықтық қатынастардың басқа қатысушыларының - кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және азаматтардың орындауы үшін міндетті нұсқамалар шығаруға олардың құқы бар. Нұсқамалардың мұндай түрі алғашқылардың бағынышындағы мемлекеттік органдарға да бағышталуы мүмкін. Алайда мемлекет

атынан  қаржылық құқықтық қатынастарға ене  отырып мемлекеттік органдардың әмір ету құқығына ғана емес, сонымен бірге олардың қаржылық қатынастарының басқа қатысушыларының құқықтарымен байланысты міндеттері де болады. Қаржылық құқықтық қатынастардың барлық қатысушыларының құқықтары да, сол сияқты міндеттері де мемлекеттің қорғауында болады және оның мәжбүрлеуші күшімен қамтамасыз етіледі.

Өкіметтік мәжбүрлеудің, яғни билік органдарының субъективті іс-қимылдарының нысандары мен әдістерінің көмегімен объективті қаржылық құқықтық қатынастарды шаруашылық жүргізудің нақтылы нәтижелеріне жаңғырту қоғамның қаржылық тіршілігін реттеудің құқықтық механизмі ретінде, ал сан алуан қаржылық-құқықтық нормалар мен актілер оның тұтқала-ры ретінде көрінеді. Сөйтіп қаржы және құқық нысандары мен әдістерінің экономикалық үдерістерге қаржылық-құқықтық  ықпал етудің бірыңгай механизміне қосылуы болады.

Қаржылық  қатынастардың бір қатысушыларына тиісті екілеттіктер үлестіріліп берілген басқа қатысушылар тарапының өкіметтік нұсқамалары қаржылық-құқықтың реттеудің әдістері болып табылады. Қаржылық міндеттемелер-дің орындалуы ең алдымен заңды сөзсіз орындаушыларға негізделген сенім әдісімен және азаматтар мен лауазымды адамдардың саналылығымен қамтамасыз етіледі. Қаржылық міндетгемелерді орындамаған шаруашылық органдары мен азаматтарға мәжбүрлеу әдісі қолданылады: бюджетке уақытында түспеген төлемдерді даусыз өндіріп алу және қаржы санкциялары.

Информация о работе Қаржылық шаруашылық жүргізуші субъектілердің мазмұны