Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 21:27, курсовая работа
Түрлі қоғамдық-экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы негізінен мына себептерге байланысты:
әр түрлі қоғамдық формацияға қоғамның өзіне меншікті таптық құрылымы сай келеді. Сонымен бірге қаржы ұлттық табысты мемлекеттің пайдасына қайта бөлуді ұйымдастыра отырып, оны бөлудің қатынастарын есепке алады;
кез келген қоғамдық-экономикалық формацияларда қаржы билеуші таптың мүдделерін қорғайтын мемлекеттің мақсаттары мен міндеттеріне бағынады;
өндірістің жаңа әдісі шаруашылық қатынастардың жаңа жүйесін тудырады.
Шаруашылықты жүргізудің рыноктық негізіне көшкеннен кейін кәсіпорын басшыларының, акционерлік компаниялар мүшелерінің ғана емес, сондай-ақ басқарудың әкімшіл-әміршіл әдістері жағдайында болмашы рөл атқарған қаржы службаларының да рөлі ерекше арта түсті. Кәсіпорындарды дамытудың қаржылық көздерін, қаржылық ресурстарын неғұрлым тиімді инвестициялаудың бағыттарын іздестіру, бағалы қағаздармен операциялар жасау және қаржылық менеджменттің басқа мәселелері рыноктық экономика жағдайларында кәсіпорындардың қаржы службаларының негізгі мәселелері болып отыр.
2.2.Шаруашылық
жүргізуші субъектілердің
Шаруашылық-қаржылық қызмет үдерісінде шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржылық қорларды-белгілі бір мақсаттарға арналған ақшалай қаражаттарын қалыптастырып, пайдаланады. Қорлардағы ақшалай қаражаттар үнемі қозғалыста болады: түседі, қордаланады, жұмсалады.
Шаруашылық
жүргізуші субъектілердің
Қаржылық
қорларда кәсіпорындар мен
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жұмыс істеуі үшін неғұрлым елеулілері мен маңыздылары мына қорлар болып табылады: жарғылық, резервтік капиталдар, қорлану қоры, тұтыну қоры, еңбекке ақы төлеу қоры, валюталық, жөндеу қорлары. Дербестік жағдайларда шаруашылық жүргізуші субъектілер басқа да мақсатты ақшалай қорларды құруы мүмкін, мысалы, медициналық сақтандыру қоры, жекешелендіру қоры, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым дамуына қатысудың үлестік қоры және басқалары.
Жарғылық қор (капитал) мемлекет, басқа меншік иесі немесе құрылтайшы берген шаруашылық жүргізуші субъект (ұйым) мүлкінің (капиталының) мөлшерін сипаттап көрсетеді және алғашқыда, шаруашылық жүргізуші субъектілерді құрғанда өндірістік капиталды, материалдық емес активтерді, айналым құралдарын сатып алудың көзі болып табылады. Оның қаражаттары есебінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасалады. Жарғылық қордың мөлшері шаруашылық қызмет үдерісінде өзгеріп отырады: негізгі капиталға жұмсалатын инвестициялар (күрделі жұмсалым), таза табыс есебінен болатын айналым капиталының өсімі, тауар-материалдық құндылықтарды бағалауға дейінгі және капиталдың басқа молықтырылуы нәтижесінде көбейеді; негізгі құралдарды шығару немесе беру, оның тозығын есептеу, зияндарды шығару, тауар-материалдық игіліктердің бағасын түсіру есебінен кемиді. Акционерлік қоғамның жарғылық қоры қор рыногында акцияларды орналастыру кезінде акционерлердің қаражаттары есебінен жасалады.
Шаруашылық
жүргізуші субъектілердің
Тұтыну қоры мыналарды кіріктіреді:
Бүкіл жұмыскердің (өндірістік және өндірістік емес) еңбегіне ақы төлеу шығындары;
Ақшалай төлемдер, соның ішінде жылдың қорытындысы бойынша сыйақылар;
Еңбегі
үшін ынталандырудың басқа
Материалдық көмек;
Еңбек
және әлеуметтік жеңілдіктерді
белгілеуге жұмсалатын қаражатт
шаруашылық
жүргізуші субъектінің мүлкіне
салынған жұмыскерлердің
оңтайландырғыштық
ұсыныстар, өнертабу және
Сөйтіп,
тұтыну қоры еңбекке ақы
Қорлану қоры: шаруашылық жүргізуші субъектілер қарамағында қалатын табыс (пайда);
Негізгі капиталды қалпына келтіруге жұмсалатын амортизациялық аударымдар;
Шығып
қалған мүлікті өткізуден
Банктердің кредиттері;
Жәй акцияларды қосымша шығару;
Басқа көздер есебінен қалыптасады.
Қорлану қоры:
Ұлғаймалы ұдайы
өндірісті қамтамасыз ету
Негізгі және айналым капиталдарын молықтыруға;
Ғылыми-техникалық дамуға, жаңа өнімдерді игеруге;
Табиғат қорғау шараларын жүзеге асыруға;
Өндірістік инфрақұрылым объектілерін (автомобиль жолдарын, есептеу орталықтарын, жөндеу, энергетика, құрылыс және басқа өндірістегі және т.б.) салуға үлестік қатысуға;
Құрылысты және
әлеуметтік инфрақұрылым
Ірі кәсіпорындар
мен ұйымдар тұтыну мен
Ұдайыөндірістік
шығындарды үздіксіз
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің валюталық қорлары валюта
қаражаттарының есебінен мына көздерден қалыптасады:
экспорттық валюталық түсім-ақшадан;
жарғылық капиталға түсетін жарналардан;
банктердің, солардың
ішінде шетел, басқа қаржы
ішкі валюта рыногында
өкілетті банктер мен
бейрезиденттер көрсететін қаржылық көмек (гранттар).
Өнімдерді, жұмыстар
мен қызметтерді экспортқа
Жөндеу қоры кәсіпорындарда негізгі капиталдарды жөндеудің барлық түрлерін: күрделі, орташа, ағымдағы түрлерін жүргізу үшін жасалады, олар өнімнің, жұмыстар мен қызметтердің өзіндік құны есебінен қаржыландырылады. Жөндеу жұмыстарына жұмсалатын болашақ шығындарға қарай жөндеу қорына аударылатын аударымдардың нормативтерін кәсіпорындар өздігінше белгілей алады, бұл шығындардың көлемі негізгі капиталдардың жай-күйімен және тозығының дәрежесімен анықталады. Ішінара жөндеуге жұмсалатын шығындар болашақ кезеңдерге жатқызылатын шығыстардың есебінен жабылуы мүмкін. Бұл шығыстардың мөлшерлері сондай-ақ салық салу ережелерімен реттеледі.
Экономиканы реформалау, рыноктық қатынастардың дамуы мемлекеттік, жекеше немесе ұжымдық меншікке негізделген түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардың шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қалыптасуын қажет етеді. Соңғы екеуі меншіктің мемлекеттік емес нысанын құрайды.
Экономиканың негізгі буыны ретіндегі шаруашылық жүргізуші субъект меншік нысандары мен шаруашылық жүргізудің әр алуандығы негізінде, тауар-ақшалай қатынастары мен рыноктың дамуы кезінде жұмыс істейді.
Меншік нысандарына қарай шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорларын қалыптастырудың ерекшеліктері болады. Мысалы, экономиканың нақты секторының жекеше шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаржылық қорлары мына көздер есебінен құрылады: меншікті көздер (амортизациялық аударымдар, таза табыс, банк кредиттері; бағалы қағаздар шығарудан түсетін қаражаттар): мемлекеттік кәсіпорындарында қаражаттардың бұл көздері қажет жағдайларда бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан қаржы бөлумен толықтырылады; кооперативтерде-кооператив мүшелерінің үлестік жарналарының қаражаттары. Практикада көбінесе меншіктің аралас нысандарымен шарттасылған қорлардың көздері бойынша оларды құрудың аралас нысандары кездеседі. Мысалы, негізгі құралдар мен айналымдағы активтердің үлкен бөлігі мемлекетке жататын мемлекеттік кооперативтерде жұмыскерлердің үлестік жарналары болымсыз рөл атқарады. Мемлекеттік акционерлік қоғамдарда да осылай.
Өндірістің бастапқы қорларының қалыптасуына сәйкес шаруашылық қызметтің қаржылық нәтижелері бөлініп, пайдаланылады; таза табыс; пайыздық табыс, дивиденттер; үлестік табыстар, бюджеттің шығыстарын (бюджеттік кредиттерді) және бюджеттен тыс қорларды өтеу.
Үлестік жарна негізінде жұмыс істейтін кәсіпорындардың – шаруашылық серіктестіктерінің, кооперативтердің, бірлескен кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастыру мұндай кәсіпорындар қаржысының қалыптасуы және алынған табыстарды әрбір қатысушының мүліктегі үлесіне сәйкес кейінгі бөлудің ерекшеліктерімен анықталады. Мұндай кәсіпорындардың құрылтайшылары мен қатысушылары өздерінің салымдарын ақшалай қаражаттар, мүліктің әр түрлі түрлері (үймереттің, ғимараттың, жабдықтың және басқаларының), мүліктік құқықтар (жерді, табиғи ресурс-тарды, мүлікті, зияткерлік (интеллектуалдық) меншікті пайдала-ну қүқықтары) түрінде жүзеге асырады.
«Шаруашылық серіктестіктері туралы» заңға сэйкес шаруашылық серіктестігі - жарғылық капиталы қүрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесіне) бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым.
Информация о работе Қаржылық шаруашылық жүргізуші субъектілердің мазмұны