Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 21:27, курсовая работа
Түрлі қоғамдық-экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы негізінен мына себептерге байланысты:
әр түрлі қоғамдық формацияға қоғамның өзіне меншікті таптық құрылымы сай келеді. Сонымен бірге қаржы ұлттық табысты мемлекеттің пайдасына қайта бөлуді ұйымдастыра отырып, оны бөлудің қатынастарын есепке алады;
кез келген қоғамдық-экономикалық формацияларда қаржы билеуші таптың мүдделерін қорғайтын мемлекеттің мақсаттары мен міндеттеріне бағынады;
өндірістің жаңа әдісі шаруашылық қатынастардың жаңа жүйесін тудырады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің шығындары - өнім өндіріп, оны өткізуге, басқаша айтқанда, өндіріс құралдары мен жұмыс күшін сатып алуға жұмсалынған шығындардың шаруашылық жүргізуші субъектіге қаншаға түскенін көрсететін материалдық қаражаттар (шикізат, материалдар, отын, энергия және т.б.) шығындарының және қажетті еңбектің жиынтығы. Шығындардың ақшалай тұлғалануы өзіндік құн болып табылады. Өзіндік құнға кіріктірілетін өнім, тауарлар, қызметтер өндіруге және оларды өткізуге жұмсалатын шығындар арнайы бекітілетін қағидамен анықталады; шығындардың құрылымы өндіру мен өткізудің салалық және басқа ерекшеліктеріне байланысты болады. Алайда жалпы бұл шығындар олардың экономикалық мазмұнына сәйкес мына элементтер бойынша топтастырылады:
материалдық шығындар (қайтарылатын қалдықтардың құны шегерілгеннен кейін);
еңбекке
ақы төлеуге жұмсалатын
әлеуметтік мұқтаждарға аударылатын аударымдар;
негізгі қорлар бойынша амортизациялық аударымдар;
басқадай шығындар.
Өнім, жұмыс
және қызметтер өлшемінің
Өнім өткізуден түскен түсім-ақша (қосылған құн салығы мен акциздерсіз) және оны өндіру мен өткізуге жұмсалынған шығындар арасындағы айырма өнімді, жұмыстарды, қызметтерді өткізуден түскен пайда болып табылады. Оған шаруашылық жүргізуші субъектілердің негізгі капиталдары мен басқа мүлігін өткізуден түскен табыс, сондай-ақ өткізуден тыс операциялардан түскен табыстар қосылады.
Жалпы
аталған құрамды бөліктер
Қазақстан
Республикасында бухгалтерлік
Өнім өткізуден алынған табыс пен оның өзіндік құны арасынедағы айырым жалпы пайданы құрайды. Алайда бұл сызба бойынша өзіндік құн бүкіл шығыстарды бейнелеп көрсетпейді - олардың бір бөлігі кезең шығыстарын құрайды, атап айтқанда:
жалпы
және әкімшілік шығындары (
өткізуге
(тауар-материалдық қосалқы
пайыздар
(алынған кредиттер, мүлікті
Жалпы табыс пен кезең шығыстары арасындағы айырым негізгі қызмет бойынша салбдоланылған қаржылық нәтижені бейнелеп көрсетеді және «негізгі қызметтен алынған пайда (немесе зиян)» деп аталады.
Негізгі қызметтен алынған пайда (немесе зиян) - активтерді пайдалануға табыстаудан, бағалы қағаздарды қайта бағалаудан және т.с.с. алынған қаржылық нәтиже.
Негізгі қызметтен алынған пайда (зиян) мен негізгі емес қызметтен алынған табыстың (зиянның) сомасы салық салынғанға дейінгі кәдуілгі қызметтен алынған пайданы (зиянды) көрсетеді. Одан корпорациялық табыс салығы шегерілгеннен кейін салық салынғаннан кейінгі кәдуілгі қызметтен алынған пайда (зиян) болады. Төтенше жағдайлардан болған зиянға түзетілген ол шаруашылық жүргізуші субъектінін таза пайдасы болып табылады.
4. Шаруашылық жүргізуші субъектілер меншігін
жаңғыртудың қаржылық ерекшеліктері және оның
әртараптандырылуы
Шаруашылық жүргізудің рыноктық жүйесін қалыптастырғанда маңызды проблема тауарларды өндіру, бөлу және олардың айналысы сфераларында, шаруашылық шешімдерді қабылдауда монополизмді жою, шаруашылықтың натуралдануына, республика өңірлерінің тұйықтанушылығына және өзін-өзі оқшаулануына жол бермеу болып табылады. Қазақстанда бұл проблеманы шешу меншіктік катынастарды өзгерту, еркін кәсіпкерлік пен бәсекені дамыту, монополияға карсы саясатты жүргізу, ұлттық шаруашылықта өндірісті кішірейту және әртараптандыру есебінен қосарлас өндірістік құрылымдарды қалыптастыру бағытында жүргізілді.
Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру жолымен мемлекеттік меншікті басқа нысандарға жаңгырту бұл нысандардың әралуандығын қамтамасыз етуі тиіс, мұның негізінде материалдық өндіріс пен кызметгер сфераларында накты шаруашылықтарды қалыптастыру үшін объективті алғышарттар жасалады, ол кәсіпкерлік пен бәсекені ынталандырады, жұмыскерлерді еңбек-тің жоғары түпкілікті нәтижелеріне уэждеме жасайды.
Мемлекет иелігінен алу - бұл мемлекеттік меншік мәртебесін өзгерту, шаруашылықты басқару функциялары мен тиісті өкілеттіктерді мемлекеттен шаруашылық жүргізуші сүбъектілердің деңгейіне беру, сатылас шаруашылықтық байланыстарды денгейлестікпен ауыстыру; мемлекет иелігінен алу меншік иесінің ауысымынсыз болуы мүмкін.
Жекешелендіру - мемлекеттік немесе муниципалдық меншікті (жер учаскелерін, өнеркәсіп орындарын, банктерді, көлік және байланыс құралдарын, ғимараттарды, акцияларды, мәдени құндылықтарды және т.с.с. жеке меншікке ақыға немесе өтеусіз беру. Жекешелендіру мемлекеттік кәсіпорындарды акцияландыру немесе оларды жеке адамдарға сату арқылы жүргізілуі мүмкін.
Қазақстанда экономиканы мемлекет иелігінен алудың және меншікті жеке-шелендірудің негізгі нысандары мыналар болды:
мемлекетгік
кәсіпорынды акционерлік
мемлекетгік кәсіпорынды немесе мемлекеттік акцияларды азаматтардың, сондай-ақ мүлкі мемлекеттік меншік болып табылмайтын заңи тұлғалардың конкурс бойынша немесе аукционда өтеуін төлеп алу;
холдингтер мен акционерлік компанияларды әртараптандырғанда акционер-лік қоғамдар акцияларының, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенінің ұқсату және қызмет көрсету кәсіпорындар акцияларының меншік иесінің шешімі бойынша өтеуін сатып алу.
Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру коммерциялық есептін режимін баянды етеді және каржылық сауықтырудың маңызды факторы болып табылады. Олар өндірістің барлық резервтерін пайдалануға мүмкіндік беретін кәсіпкерлікті дамыту үшін кепілдемелер жасайды. Жекешелендірудің шаруашылық жүргізуші субъектілер мүлкінің кұны шығарылатын өнімге немесе қызметтерге нақтылы қалыптасатын бағаларды, сұранымды, оның бәсекеге қабілеттілігін, өндіріс рентабелділігін, кәсіпорынның даму перспективаларын, элемдік бағалардың деңгейін есепке ала отырып қалдық құны негізінде анықталады.
Мемлекеттік кәсіпорындарды мемлекет иелігінен алудан және жекешелендіруден алынған қаражаттар мемлекетгік меншік болып табылады. Түскен қаражаттар бірінші кезекте егер бағалау кезінде жекешелендірілетін кәсіпорын құны берешек мөлшеріне азайтылмаған болса, оның борыштарын жабуға бағытталады. Жекешелендіруден алынған қаражаттарды пайдаланудың тәртібі мен бағытын Қазақстан Республикасының Парламенті анықтайды. Бұл ретте қаражаттарды жұмсау мемлекеттік борышты өтеу, экономиканы тұрақтандыру, элеуметтік саясатты жүзеге асыру, қосарлас өңцірістік құрылымдарды, жаңа рыноктық құрылымдарды құру қажеттігімен үйлестіріледі.
Қайта құрылымдау дәрменсіз кәсіпорындарды болуы мүмкін санациялау (қаржылық сауъқтыру), жекешелендіру немесе жою жоспарларын әзірлей отырып жекелеген перспективалы бәсекеге қабілетті шаруашылық объектілерге өндірісті технологиялық жағынан негізделген саралаудың іс- шараларын қамтиды. Қайта құрылымдаудың алдында объектінің қаржылық жағдайының, соның ішінде банктерге, бюджетке, шектесушілерге кредиттік берешек деңгейінің мониторингі (зерделеу) болады.
Стратегиялық маңызы бар, мемлекеттік тапсырысты орындайтын, маңызды элеуметтік функцияларды алып жүретін объектілерге қатысты қаржылық-экономикалық сауықтыру (санациялау) шаралары қолданылады. Іс-шаралар кәсіпорын әкімшілігінің, оның уәкілетті органының, тиісті мемлекеттік құры-лымдардың, қаржы- кредит мекемелерінің кәсіпорынды қайта құру және жаңғырту, кәзіргі менеджементгі жөнге салу, ендірісті мүмкін болатын қайта кескіндеу, өткізім рыногын қалпына келтіру немесе жаңасын іздестіру, баланстың активтері мен пассивтерін ретке келтіру, залалсыз жұмысты қамтамасыз ету, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру бойынша ұйымдық-техникалық, өндірістік, қаржылық-экономикалық іс-қимылдарының жүйесін қарастырады. Санкцияланатын кәсіпорындарды қаржылық қолдау қайтарымды негізде жүзеге асырылады.
Бірыңғай мүліктік кешендер ретінде одан ары жұмыс істеуі мақсатқа сәйкес еместігі анықталған дәрменсіз мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты кайта құ-рылымдау мына әдістердің бірімен жүргізіледі:
Сонымен бірге санациялау қайта құрылымдық соттан тыс рәсім ретінде шаруашылық жүргізуші субъектілерге-дәрменсіз борышқорларға олардың кредиторлармен уағдаластыққа жеткен жағдайларда қолданылады (екінші рәсім заңнамаға сәйкес, борышқордың дүниесін сырттай басқаруды белгілеу).
Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мүмкін емес деп танылған шаруашылық жүргізуші субъектілер сот тәртібімен банкрот деп жарияланады. Олар «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы заңында қарастырылған арнаулы белгіленген рәсімдерге сәйкес жойылуға жатады.
Рыноктық экономикада заңи тұлғаларды қайта өзгертудің қосылу, жұтылу, бөлу, бөлініп шығу сияқты нысандары қолданылады.
Қосылымдар мен жұтылымдар- қаржылық операциялардың тобын белгі-леуге арналған ұғым, бұл операциялардың мақсаты- компанияларды, банктерді және т.с.с. бәсекелік артықшылықтарды алу және ұзақ кезеңде бұл объектінің кұнын барынша көбейту мақсатымен біріктіру.
Қосылымдар мен жұтылымдар кезінде рынокта монополиялану дәрежесі кұшейетіндіктен қосылым және жұтылым операциялары мемлекеттік реттеудің предметі болып табылады, ірі мәмілелерді монополияға қарсы органдар бақылайды.
Қосылымдар мен жұгылымдар жаһандануға күшейіп отырған үрдістермен, халықаралық бәсекенің өсуімен, ендіріс технологиялары мен басқаруды үнемі жаңартуға негізделген дамудың инновациялық тұрпатына дамыған экономика-лардың ауысуымен байланысты болып отыр.
Меншікті әртараптандырудың өзгеше нысаны концессия - келісімшарт бойынша мемлекеттік меншіктің объектілерін, сондай-ақ концессионердің қаражаттары есебінен жаңа объектілерді жасауға (салуға) құқыктарды жақсарту және тиімді пайдалану мақсаттарында уақытша иеленуге және пайдалануға беру болып табылады. Концессияға минералдық ресурстардың, табиғат ресурстарының кеніштері, темір жолдар, автомобиль жолдары , коммуникацияның әр түрлі құралдары, басқа ірі инфрақұрылымдық және шаруашылық объектілері беріледі.
Қазақстанда өндірістің прогрессивті ұйымдық-технологиялық және экономи-калық нысаны - кластерлер дамып келеді. Кластер өндірістің бүкіл циклін - қызметтің сан алуан түрлерінің бірнеше кәсіпорындарында технологиялық өзгертіп жасау бойынша жүзеге асырылатын бастапқы шикізаттан дайын өнім шығаруға дейінгі циклді біріктіреді. Бұл ретте көлік шығындарын үнемдеу үшін жекелеген өндірушілердің аумақтық жақындығьның артықшылығы болады. Кластер қатысушыларыньң арасында шаруашылықтық қатынастар келісімшарттық негізде ұзақ уақытты байланыстармен анықталады, ал қаржылық аспектіде олар дербес бірліктер болып қала береді.
Қорытынды:
Сонымен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы қаржылардың негізін құрайды, бұл сфераның материалдық өндірісінде нақты өнім – қоғамның қаржы ресурстарының негізгі көзі жасалынатындықтан ол қаржы жүйесінің бастапқы буыны болып табылады.
Шаруашылық
жүргізуші субъектілер
Материалдық өндіріс сферасының (нақты сектордың) барлық шаруашылық жүргізуші субъектілерінің және рыноктық экономика жағдайында өзінің қызметін коммерциялық есеп негізінде жүзеге асыратын қызметтер сферасының бір бөлігінің қаржысы. Коммерциялық есеп – шаруашылық жүргізу әдісі, оның мақсаты рентабельділік деңгейде шаруашылық жүргізуді жалғастыруға жеткілікті ең аз шығындармен ең көп табыс алу болып табылады.
Өндірістік сфера қаржыларында өндірістік компанияларда, фирмаларда, корпорацияларда, шаруашылық қызметті ұйымдастырудың басқа нысандарында орталықтандырымаған ақшалай қорларды қалыптастыру мен тиімді пайдаланудың, сондай-ақ қаражаттарды аталған шаруашылық жүргізуші субъектілердің жоғарғы органдарының мақсатты және резервтік қорларына орталықтандырылған мәселелі шешіледі. Бұл қосалқы буынның қаржысы өндірістік тірлікке қызмет етеді, еңбек өнімділігінің өсуіне, өндірістің басқа сапалық көрсеткіштерінің тиімділігінің арттыруына қаржы тұтқаларының белсенді ықпалын қамтамасыз етеді.
Информация о работе Қаржылық шаруашылық жүргізуші субъектілердің мазмұны