Қазақстан Республикасындағы лизингтің құқықтық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2015 в 09:59, курсовая работа

Описание работы

Лизинг – қазіргі кездегі екінші деңгейлі банктердің ең маңызды және тиімді операцияларының бірі. Лизинг Қазақстанның экономикасымен қатар әлемдік экономикаға да маңызды. Шетел ғалымдарының пайымдауынша 50-ші жылдары техниканың дамуына зор ықпал етті. Сондай-ақ елдің экономикасын тұрақтандыру үшін лизинг шарты секілді индустрия, өндірісті инвестициялар арқылы дамудың өте қолайлы жолы болып табылады. Бұл курстық жұмыстың өзектілігін көрсетеді.

Содержание работы

КІРІСПЕ ...................................................................................................................4

1.ЛИЗИНГ РЫНОГЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Лизингтің пайда болу тарихы мен лизингтің мәні...........................................9
1.2 Қазіргі лизингтің формалары мен түрлері..................................................... 12
1.3 Лизингтік төлемдерді есептеу әдістері........................................................... 23

2.«КАЗАГРОФИНАНС» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЛИЗИНГІН ТАЛДАУ

2.1 Қазақстан Республикасындағы лизингтің құқықтық негіздері...................30
2.2 Қазақстан Республикасында лизингтің қалыптасуы және дамуы...............43
2.3 «КазАгроФинанс» акционерлік қоғамының лизингтік қызметін талдау...50


ҚОРЫТЫНДЫ .......................................................................................................67

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................

Файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасында лизинг рыногының қалыптасу және даму проблемалары.docx

— 198.11 Кб (Скачать файл)

Бүкіл әлемде көптеген кәсіпкерлер бизнес үшін қажетті мүліктерді меншікке емес, жалға алғанды жөн көреді. Жалгерлік, бірінші кезекте кепіл есебімен (кепілдік, тапсырыс) несиелеу элементтері, дамыған нарық қатынасына тән ір түрлі қаржылық механизмдер және қарыз міндеттемелері бойынша есеп айырысулар кездесетін келешекті қаржыландырудың арнайы қосымша көзі ретінде енгізіледі.

1998 жылы Оттавада қабылданған  халықаралық қаржылық лизинг  конвенциясында былай деп айтылған: «Халықаралық тәжірибиеде лизинг  үш жақты қатынастар кешенін  білдіреді, мұнда лизинг компаниясы (лизинг беруші) пайдаланушы өтініші  мен нұсқауы бойынша оған өндірістік  жабдықты уақытша пайдалануға  береді, ал келісім мерзімі аяқталған  соң алынған жабдықтың сатып  алушы меншігінде қалдырылуы  мүмкін.»

Қатысушылар құрамына қарай лизингті былай топтастыруға болады:

-  Тура лизинг –  бұл кезде мүлік иесі өз  еркімен объектіні лизингке өткізеді (екі жақты келісім);

-   Жанама лизинг (үш  жақты немесе  көпжақты лизинг), бұл кезде мүлікті беру делдал  арқылы жүзеге асырылады.

Тура лизингтің жиі кездесетін түрі – қайтарысды лизинг, лизинг фирмасы иесінен мүлікті сатып алып, оны оған қайта жалға беретін лизинг.

Лизингтік мәмілеге үш жақ қатысады (Сурет 2):

-  Лизингберуші – меншігіне  лизинг затын алушы және оны  лизинг шарты талаптарында Лизингалушыға  беруші жақ.

-Лизингалушы –  кәсіпкерлік мақсаттар үшін лизинг шарты талаптарында лизинг затын қабылдаушы жақ.

-  Сатушы – Лизингберуші  лизинг затын алатын жақ.

Лизингтік нарықта арнайы субъектілерді атап көрсетуге болады, олар:

-  Банк (немесе басқа  несиелік ұйым) келісім – шарттағы  затты алуға қаражат беруші  жақ.

- Сақтандыру компаниялары  – лизингтік келісім шартта  пайда болатын кездейсоқ тәуекелдерден  сақтандыру: лизингберушінің мүлкін  сақтандыру, лизинберушіге несиелік  ұйым берген несиелерді, төлемқабілетсіз  жағдайлардан және тағы басқа.

ет


7


5 2 1 4 2     6

                                      Лизинг беруші


3


Несиелік комитет

Сурет 2. Лизингттік мәмілеге қатысушылар тізбегі

Қайнар көзі: Чекмарева Е.Н. Лизинговый бизнес - М.: Издательство «Экономика», 2003 ж., 152 б

 

«Қаржылық лизинг» туралы Қазақстан Республикасының заңында қаржылық лизинг түсінігі инвестициялық қызмет түрі ретінде анықталады, бұл кезде:

-  Лизинг беруші –  лизинг шартымен лизинг затын  сатушыдан алуға және оны лизинг  алушыға белгілі төлеммен, белгіленген  мерзімге және анықталған шартпен  уақытша пайдалануға және кәсіпкерлік  мақсаттар үшін қолдануға міндеттенеді. Лизинг заты лизинг алушыға  берілетін мерзім ұзақтығы жағынан  лизинг заты құнының түгелдей  немесе белгілі бөлігінің (80 пайыздан  кем емес) амортизациясымен өлшенеді.

-  Лизинг алушы лизинг  келісіміне сәйкес, келісім жасау  кезіндегі баға бойынша лизинг  заты құнының түгелдей немесе  белгілі бөлігінің (80 пайыздан кем  емес) көлемде қалпына келтірілуімен (амортизация) есептелетін қылыпты  кезеңдік төлемдерді төлейге  міндеттенеді. Бұл кезде әрекет  ету мерзімі өткеннен кейін  лизинг заты толықтай лизинг  алушының меншігіне көшеді немесе  ол аяқталғанға дейін лизинг  келісімінде қарастырылған төлем  толықтай төленеді, әрине, егер мұндай  алмасу келісімде көрсетілген  жағдайда ғана.

Лизинг келісімінің барлық әрекет ету мерзімінде лизинг затына меншік құқы лизинг берушіде сақталады. Лизинг келісімін мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен бастап, лизинг алушыға лизингтік затты уақытша иемденуге және қолдануға құқы беріледі. 

Лизингтік мәміле негізін келесілер құрайды:

-  Мәміле объектісі;

-  Мәміле субъектілері (лизингтік келісім тараптары);

-  Лизингтік келісім  мерзімі (лизинг кезеңі);

-  Лизингтік төлемдер;

-  Лизинг бойынша ұсынылатын  қызметтер;

Өндірістік циклде жойылмайтын мтериалдық құндылықтардың кез-келген түрі лизингтік қызмет объектісі болып табылады. Жалға берілетін объект табиғаты бойынша жылжымалы және жылжымайтын мүлік лизингі қарастырылады.

Мәміле объектісіне тікелей қатысы бар тараптар лизинг субъектісі  болып саналады. Банктерді лизингтік лизингтік қызмет рыногына енгізу, біріншіден лизинг – бизнестің капитал сыймды түрі болуымен, ал банктер – ақша ресурстарының негізгі ұстаушысы болуымен байланысты. Екіншіден, лизингтік қызмет өзінің экономикалық табиғаты бойынша банктік несиелеумен тығыз байланысты және соңғысына өзіндік балама ретінде шығуы жатады.

 

 

    1. Қазіргі лизингтің формалары мен түрлері

 

Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.

1. Шұғыл лизинг – бұл  мүліктің қызмет ету мерзіміне  қарағанда, оның пайдалану мерзімінің  қысқалығын және мүліктің құнын  толық өтемеуін сипаттайды.

2.Қаржы лизингі – бұл  уақытша пайдалануға берген лизинг  затының мерзімі ішінде өзінің  толық амортизациялық құнын төлеп  шығумен немесе өзін-өзі өтеумен  байлагысты сипатталады.

Осы лизингтердің отандық және халықаралық тәжірибиеде қолданылатын мынандай түрлері бар:

Ішкі лизинг – бұл, оның қатысушыларының бір елден болып келуімен байланысты сипатталады.

Халықаралық лизинг – бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды.

Сыртқы лизингтің экспорттық және импорттық болып бөлінеді. Экспорттық лизингте шетел лизинг алушы болса, импорттық лизингте шетел лизинг беруші болып табылады.

Салық және амортизациялық жеңілдіктерге қатысты лизинг мынандай болып бөлінеді:

- Жалған лизинг – қызмет  алыпсатарлық сипатта болады  және жеңілдіктер есебінен пайда  табу мақсатында жүргізіледі;

- Нағыз лизинг – жалға  берушінің инвестициялық жеңілдік  және жедел амортизация сияқты  салық жеңілдіктеріне құқы бар, ал жалға алушы салық төлеу  үшін жарияланған кірістер есебінен  жалдық төлемдерді алып тастай  алады.

Лизингтік төлемдерін сипатына қарай былай бөледі:

- Ақша төлемімен жүргізілетін  лизинг – барлық төлемдер ақша  нысанында жүргізіледі;

- Компенсациялық төлеммен  жүргізілетін лизинг – төлем  аталған жабдықта өндірілген  тауарларды жеткізу немесе қарсы  қызмет көрсету нысанында жүзеге  асырылады;

- Аралас төлемді лизинг;

Мүлікті типіне қарай былай бөлуге болады:

- Жылжымалы мүлік лизингі;

- Жылжымайтын мүлік лизингі;

- Бұрын пайдаланылған  мүлік лизингі;

Өтеу деңгейіне қарай:

- Бір келісімнің әрекет  ету мерзімінде мүлік құны  толдық өтелетін лизинг;

- Толық өтелмейтін лизинг;

Амортизация шарты бойынша:

- Толық амортизация және  соған сәйкес лизинг объектісінің  құны толық төленетін лизинг;

- Толық емес амортизациялы  лизинг;

Қызмет объектісіне қарай:

- Егер жалданатын затқа  көрсетілетін барлық қызметті  лизинг алушы өз мойнына алса, таза лизинг;

- Толық қызмет жиынтығы  бар лизинг – объектіге толық  қызмет көрсету лизинг берушіге  жүктеледі;

- Жартылай қызмет жиынтығы  бар лизинг;

Лизингтің кеңінен таралуының басты себебі – оның қарапайым нсиелерден мынандай артықшылықтарының болуына байланысты:

- Лизинг көмегімен кепілге  беретін мүлкі жоқ ұсақ кәсіпорындарды  несиелеуге болады. Бұл былай: лизингтік  мәміле жасалған мерзім бойынша  лизинг объектісі лизингке берушінің  меншігінде қалады, лизинг алушы  банкротқа ұшыраған жағдайда  несиелік тәуекел деген болмайды;

- Лизинг 100 пайызға дейін  несиелеуді ұсынады, яғни кәсіпорынға  қысқа мерзім  ішінде өзінің  меншікті капиталын жұмсалмай-ақ, жаңа құрал-жабдықты пайдалана  отырып, өнеркәсіптік өнім шығаруға  және пайда табуға мүмкіндік  береді;

- Кәсіпорынға мүлікті  несиеге сатып алғаннан, лизинг  бойынша алған қолайлы, себебі, бұл  жерде ол мүлік кепіл ретінде  болады.

- Құрал-жабдықтың лизинг  берушінің меншігінде болатындығына  байланысты, өнімнің құнына лизингтік  төлемдер ғана қосылып, мүлікке  салынатын салықты жалғы берушінің  өзі төлейді. Сөйтіп, лизинг алушы  салықтық жеңілдіктер алады.

-  Несие берушінің көзқарасымен  қарағанда, несиенің мақсатты пайдалануына  ешқандай да қадағалау болмайды.

Лизинг операциясына тән кемшіліктер:

- жалғы алушы құрал-жабдықтың  қалдық құнының жоғарлауынан  ештеңе ұтпайды;

-  ұйымдастырудың күрделілігі;

-  лизинг құны несиеген  қарағанда жоғары, бірақ та ескірген  құрал-жабдықтан туындайтын тәуекелдің  лизинг берушінің басында болатынын  ұмытпау қажет, сондықтан да ол  осындай шығынның орнын толтыру  үшін комиссияны  көбірек алуға  тырысады.

Осы бөлімде қорытындылай келе лизинг  дегеніміз – лизингтік компаниядан қарызға алу есебінен өндіріске қажетті құрал – жабдыққы жедел қол жеткізуге мүмкіндік беретін құрал. Негізінен лизингтік операциялар екіге бөлінеді: шұғыл және қаржылық.

80-жылдардың басында көптеген  елдерге кездескен ауыр экономикалық  дағдарыс экономиканы мемлекеттік  реттеуді қайта құруды, нарықтық  қатынасты дамытуға көшуді талап  етті. Қазақстандағы экономикалық  реформалардың негізгі бағыттары  жекешелендіру (мемлекеттік мүліктің  жеке қолдарға өтеу), бағаны ырықтандыру, қаржылық турақтылық (инфляциямен  күрес, ұлттық валютаның бағамын  нығайту) болды.

Осының негізінде өндіруші мен өнімді тұтынушы арасында тығыз байланыс туындады, олар, өз кезегінде, оларды қаржыландыру мен кредит берудің принципиалды жаңа көздерін қалыптастырады және дамытады. Осындай жаңа көздердің бірі лизинг болды.

«Қаржы лизингі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 
5 шілдедегі № 78-ІІ Заңы бар. Осы Заң қаржылық лизинг процесінде туындайтын қарым-қатынастарды реттейді және лизингтік қызмет негізінде инвестицияларды тартуға бағытталған.

Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылған:

Қаржы лизингi - инвестициялық қызметтiң түрi, онда:

1. Лизинг беруші сатушыдан  өз меншiгіне сатып алған және  лизинг шартымен келiсiлген лизинг  нысанасын лизинг алушыға белгiлi бiр төлемақысына және белгiлi бiр талаптармен уақытша иеленуге  және кәсiпкерлiк мақсаттар үшiн  кемiнде үш жыл мерзiмге пайдалануға  беруге мiндеттенеді. Бұл ретте  лизинг лизинг алушыға берілетін  мерзім лизинг затының бүкіл  немесе елеулі бөлігі құнының (80%-дан кем емес) амортизациясы  мерзімінің ұзақтығымен тепе-тең  өлшенеді немесе одан асып  кетеді;

2. Лизинг алушы - лизинг  шартының талаптарына орай кәсiпкерлiк  мақсаттар үшiн лизинг нысанасын  қабылдайтын лизинг мәмiлесiне  қатысушы. Лизинг мәмiлесi - лизингке  қатысушылардың азаматтық құқықтар  мен мiндеттердi белгiлеуге, өзгертуге  немесе тоқтатуға бағытталған  келiсiлген iс-қимылының жиынтығы; Бұл  орайда лизинг берушiде лизинг  нысанасына меншiк құқығының сақталуы  кезiнде лизинг шартының мерзiмiнен  бұрын бұзылуы лизинг мерзiмiн  өзгертуге әкеп соқпайды.

Бұдан басқа, мәміледе, әдетте, лизинг объектісі болып табылатын құнды заттардыөндіруші кәсіпорын (алайда лизинг емес), сондай-ақ осы жағдайда лизинг беруші болып табылмайтын, тек лизингті жүзеге асыру үшін кредит ресурстарына мұқтаж лизинг компаниясы үшін соңғының операцияларын қаржыландыратын коммерциялық банк қатысады.

Лизинг мәмiлесi - лизингке қатысушылардың азаматтық құқықтар мен мiндеттердi белгiлеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған келiсiлген iс-қимылының жиынтығы;

лизинг қызметi - лизинг берушiнiң лизинг шартының талаптарын орындау жөнiндегi қызметi;

тұтынылмайтын заттар - пайдаланылған кезде тозатын, бiрақ пайдалану процесiнде табиғи қасиеттерiн жоғалтпайтын жылжымалы және жылжымайтын мүлiк;

сатушы - лизинг берушi лизинг нысанасын сатып алу - сату шарты немесе лизинг шарты негiзiнде лизинг нысанасын алатын лизинг мәмiлесiне қатысушы. Сатушы бiр мезгiлде лизинг нысанасының лизинг алушысы (қайтарымды лизинг) ретiнде iс-қимыл жасай алады;

сублизинг - лизинг алушы (сублизинг берушi) осы Заңның 2-бабына сәйкес, бұрын лизинг шарты бойынша лизинг берушiден алынған және лизинг нысанасын құрайтын мүлiктi төлемақысына және сублизинг шартының талаптарына сәйкес мерзiмге уақытша иеленуге және кәсiпкерлiк мақсаттар үшiн үшiншi тұлғаларға (сублизинг берушiлерге) пайдалануға беретiн лизингтiң бiр түрi;

лизинг мәмiлесiне қатысушылар - жеке кәсiпкерлер болып табылатын жеке тұлғалар мен лизинг беруші және лизинг алушы ретiнде iс-әрекет жасайтын заңды тұлғалар, сондай-ақ лизинг нысанасын сатушы ретiнде iс-қимыл жасайтын жеке және заңды тұлғалар;

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы лизингтің құқықтық негіздері