Қазақстан Республикасындағы лизингтің құқықтық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2015 в 09:59, курсовая работа

Описание работы

Лизинг – қазіргі кездегі екінші деңгейлі банктердің ең маңызды және тиімді операцияларының бірі. Лизинг Қазақстанның экономикасымен қатар әлемдік экономикаға да маңызды. Шетел ғалымдарының пайымдауынша 50-ші жылдары техниканың дамуына зор ықпал етті. Сондай-ақ елдің экономикасын тұрақтандыру үшін лизинг шарты секілді индустрия, өндірісті инвестициялар арқылы дамудың өте қолайлы жолы болып табылады. Бұл курстық жұмыстың өзектілігін көрсетеді.

Содержание работы

КІРІСПЕ ...................................................................................................................4

1.ЛИЗИНГ РЫНОГЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Лизингтің пайда болу тарихы мен лизингтің мәні...........................................9
1.2 Қазіргі лизингтің формалары мен түрлері..................................................... 12
1.3 Лизингтік төлемдерді есептеу әдістері........................................................... 23

2.«КАЗАГРОФИНАНС» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЛИЗИНГІН ТАЛДАУ

2.1 Қазақстан Республикасындағы лизингтің құқықтық негіздері...................30
2.2 Қазақстан Республикасында лизингтің қалыптасуы және дамуы...............43
2.3 «КазАгроФинанс» акционерлік қоғамының лизингтік қызметін талдау...50


ҚОРЫТЫНДЫ .......................................................................................................67

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................

Файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасында лизинг рыногының қалыптасу және даму проблемалары.docx

— 198.11 Кб (Скачать файл)

Тағы бір қиын мәселе Қазақстан Республикасының ауылшаруашылығы техникасының кейбір түрлерін әкелу.

Әкелінетін техникаға кейбір жағдайларда 15 пайызға дейін жететін әртүрлі пошлиналар міндеттелген, ал Қазақстан Республикасында шығарылатын ауыл шаруашылығы техникасының көлемі мен номенклатурасы тым аз.

Техниканың дөңгелекті және тісті тракторлар, кеңқұлашты культиватор-тұқым сепкіштер мен өзге де түрлі Қазақстанда шығарылмайды, сол себепті тауар өндірушілерде оларды алуға деген қажеттілік туындайды. Сондықтан бір мезетте әкелу пошлиналарының төлемі машина-тракторлық паркті жаңартуға кедергі келтіреді және аталған жағдай кедендік пошлинасы 15 пайыз көлемдегі тиісті тракторлар әкелуде ерекше көрінеді. (2007 жыл мамыр айына дейін уақытша-5 пайыз). Пошлинаның мұндай көлемі кезінде елге өнімділігі жоғары тиісті тракторларды әкелуге ауыл адамдарының шамасы жетпейді.

Бұдан өзге асылтұқымды малды әкелуде де бірқатар қиындықтар бар. Аталған уақытта асылтұқымды малды әкелуге нөлдік пошлина белгіленгенімен, ҚҚС төлемі бөлігінде ешқандай жеңілдіктер қарастырылмаған. Асылтұқымды жануарлардың құнының қымбатшылығы жағдайында оларды Қазақстан Республикасына импортқа әкелу және ҚҚС төлемін төлеуді мал өсірушілер қалтасы көтермейді.

Аталған мәселелердің шешімін табу лизинг дамуын күшейтіп қана қоймай, жалпы Қазақстанның агроөндірістік кешенін дамытуға үлес қосады. Ал біздің компанияға келсек, қол жеткен лижемен тоқтап қалмай, одан әрі жылжи түсеміз. Жақын арадағы жоспарда былтырғы жылдағыдай, «Делайт и Туш» компаниясында халықаралық аудит өткізу, NCO халықаралық стандартына сәйкес менеджмент жүйесін енгізуді аяқтау, «Oracle» лизингі бағытында алдыңғы қатарлы бағдарламамен қамтамасыз етуді жүзеге асыру, сонымен бірге Президенттің ішкі қор рыногын дамытуға байланысты бастамасын жүзеге асыру аясында шығарылымы жауапты органда тіркелген және «А» Қазақстан қор биржасының тізіміне ілінген өзіндік облигацияларды орналастыру.

Жалпы алғанда компания барлық аграрлық сектордың толыққанды қаржы институтына айналып, нақты одақтас болу міндетін біртіндеп жүзеге асырып келеді. Мемлекет пен қаржылық институттардың бірігіп еткен әрекеттерді ауылды толыққанды дамытып, бәсекеге қабілетті өнімді шығаруда экспорттық мүмкіндіктерді кеңейтіп, импортты өзіндік тауарлармен алмастыруда оң нәтижесін беру керек.

«КазАгроФинанс» АҚ Қазақстан Республикасында ауылшаруашылық техникасы қаржылық лизинг бойынша 8 жылдан бері қызмет көрсетіп келеді. Машина – тракторлық парктері көнерген республика аймақтарының барлығын қамту мақсатымен 12 облыстық бөлімшелер мен өкілдіктер құрылған. Өзі әрекет ете бастаған мезеттен бастап, қоғам 2009 жылдың 1 қазанындағы жағдайғасәйкес активтер өлшемі 20 млрд теңгеден астам Қазақстандағы ең ірі лизингтік компаниялардың біріне айналды. Қоғам республиканың ауылшаруашылығына барлығы 25,2 млрд теңге берген. Аталған мезетте компанияда 700 жалға алушылар мен 1250 – ден астам келісім – шарттар бар, лизингкке ауылшаруашылығы бірліктерінің 5300 астамы берілген.

2006 жылдан бастап «КазАгроФинанс» АҚ 2007 – 2009 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік аграрлық бағдарламаны орындауға қатысып жатыр. Ол көлік – технологиялы бекеттерді қамтамасыз ету мен қаржыландыруға республикалық бюджеттен ақша бөлген. Көлік – технологиялық станциялар ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілерге дәнді дақылдарды өсіруге, жөндеу техникалық, кепілдік қызметтерін жүргізу, ауылшаруашылығы техникасын қолдану, құралдар мен қосымша бөліктерді қолданысқа ендіруге көмекке арналған.                       

2008 – 2009 ж.ж. «КазАгроФинанс» АҚ Маңғыстау және Атырау облыстарынан басқа облыстарда 14 көлік – технологиялық бекеттер құрды. Олар 1362 техника бірлігін алды: оның ішінде 243 трактор, 137 комбайн және 982 ауылшаруашылығы машиналары, құралдар, техникалық қызмет құралдары бар болатын. Барлық ауылшаруашылығы техникасы, қаржылық – шаруашылық, өндірістік жұмыстарды қамсыздандыруға 2950 млн теңгеден астам ақша жұмсалған.

2008 – 2009 жылы Қазақстан бойынша келісім – шарттардың жалпы көрінісін сурет 5-тен байқасақ «КазАгроФинанстың» дәрежесі қалғандарына қарағанда әлде қайда жоғары екенін байқауға болады.

«КазАгроФинанс» АҚ тек ірі лизингтік компания ғана емес, ол республикадағы лизингтік қатынастарды реттеуші де болып табылады. Компания мамандары лизингтік заңнама базасының қалыптасуына елеулі еңбек сіңірді, олардың қатарында «қаржы лизингі туралы» Заң, Азаматтық, Салық кодекстері және өзге де заң актілері бар. Компания басшылығының негізгі мақсаты – республиканы ауылшаруашылық құрылымдарына лизингтік жобаларды алуды мүмкін ету, мысалы компания клиенттерінің 50% шаруалар мен фермерлік шаруашылықтардан құралған. Компанияның дамуға үлкен алғышарттары бар.

 

Сурет 5. 2008-2009 жылдардағы жалпы келісім-шарт көрінісі

Болашақтағы жоспарға республикалық көлік – технологиялық парктерін жаңартуды жыл сайын қаржыландыру, көрсетілетін қаржылық қызметтер сферасының кеңейтілуі, ауылшаруашылығы техникасының лизингінен басқа, 2007 жылдан бастап аграрлық сектор үшін технологиялық және өңдеу құралдарының қаржылық лизингін жүзеге асыру енгізілген.

Сөйтіп «КазАгроФинанс» АҚ республиканың барлық аграрлық секторының дамуын қаржыландыратын толыққанды қаржылық институт және нағыз одақтас болып табылады. Сонымен бір мезетте жеке салымшылар мен кредиторлар үшін компанияның инвестиционды бейнесі де өсіп келеді. Бүгінде ауылшаруашылығы техникасының лизингін ұсынатын өзге де бірқатар компаниялар бар. Бірақ қоғамның артықшылықтары мынада жатыр: шынында Қазақстандағы лизингтік қызметтер рыногы күн санап өсіп келеді. Республикада бар техника мен құралдар паркі ескіріп, жөндеуді қажет етіп тұрғаны құпия емес, ал жалғыз шығар жол лизинг, сондықтан алдағы жылдары оған деген сұраныс жоғары деңгейде қалмақ.

 Қазір елде лизинг  дамуына бар мүмкіндіктер жасалған, олар аталған нарықта бәсекелестік  туғызып, лизингтік қызметтер сапасының  жақсаруы мен пайыздық ставкалардың  төмендеуіне әкелмек. Лизингтік  қызметтер рыногы өндіруші үшін де, салымшы үшін де қызығушылық туындатып отыр. Мамандар бағалауы бойынша, негізгі капиталдағы жалпы салымдар көлемі бойынша есептегенде, қазақстандық лизингтік компаниялардың лизингтік операциялар үлесі алдағы 3 жылда 4 – 5% деңгейге жетіп, 500 – 550 млн АҚШ долларын құрайды деп күтілуде.

 Аталған уақытта республикада 15 лизингтік компания бар, олардың  бас кеңселері Алматы қаласында  орналасқан, үшеуі Астана қаласында, оның ішінде «КазАгроФинанс»  та бар. Аталған қызмет рыногында бәсекелестік күн санап артып келеді, лизингтік қызмет көрсетумен лизингтік компаниялар ғана емес кейбір отандық банктер де айналысады, нарықта жаңа лизингтік компаниялардың пайда болуы да мүмкін. Соңында бұл лизинг қызметін тұтынушыға оң әсерін тигізеді деген ойдамын. Егер «КазАгроФинанс» туралы айтатын болсам, бәсекелестік күресте жеңіп шығу олар үшін басты мақсат емес. Компанияны құрудағы негізігі мақсат – ауылшаруашылығы өнімін өндірушіні қолдау болса, олар сол жұмысын атқаруда. Сондықтан дәл осы мезетте олар жолаушылар және жеңіл көлік тасымал, мұнай, кен өндіру және өзге де салалардың лизингтік қызметтеріне қатынаспаймыз. Ал Қазақстандық лизингтік компаниялар ұсынп отырған марапаттау ставкалары деңгейіне келетін болсақ, ол отандық лизингтік компанияларды құру спецификасымен танылады.

 Олардың көбісі 2 –  ші деңгейлес банктердің еншілес  құрылымдары болғандықтан, марапаттау  ставкалары банк тартқан ресурстардан  және банктің, лизингтік компания  маржасынан құралады. Сондықтан  банктермен еншілес лизингтік  компаниялардың (БТА Лизинг, Центр  Лизинг, АТФ Лизинг, Темір Лизинг) марапаттау ставкасы 13 – 20% тең. Лизинг  мерзімі 5 жылға дейін ұзартылады, лизинг затын лизинг алушыға бергенге дейінгі аванстық төлем көлемі лизинг затының жалпы құнының 20 – 30% тең. 

«КазАгроФинанс» компаниясы өз әрекеттерін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы ұсынған қаржылық ресурстарды пайдаланады, ол біздің компанияның лизингтік қызметтерін шаруашылық субъектілерінің барлығының алуына мүмкіндік етеді. Қазір қоғам марапаттау ставкасы 7%, мерзімі 7 жылдық және аванстық төлемі 15% өлшемді құрайтын лизингтік қызметтерді ұсынуда. Марапаттаудың бұл ставкасы негізделген және туынды есептеулер арқылы жүзеге асады. Бұл компанияның толыққанды дамып, әрі десе лизинг алушылар жағдайларын есептеуге мүмкіндік беретін марапаттау ставкасының минималды өлшемі.

2005–2009 жылдар аралығында «КазАгроФинанс» АҚ 18,5 млрд теңгеден астам салаға 5321 бірлік әртүрлі техника сатып алып, оны лизингтік негізде отандық ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілерге таратып берді. Республиканың барлық аймақтарына өтініштерді жинау мақсатымен компания жыл сайын маркетингтік зерттеулер жүргізеді. Жергілікті атқарушы өкілдіктер қатыстырылатын облыстық және аудандық кеңестерде өткізіліп тұрады (Кесте 4).Өтініштер ешбір шектеусіз ауылшаруашылығы техникасының барлық түрлеріне қабылданады. Өтініштердің жалпы массасының сәйкес сұралатын техника номенклатурасы құрылымдалып, қаржылық лизинг келісім – шартынаотыру мүмкіндігі болған жағдайға арналып, лизинг алушылардың жеке өмірлері қаралады, бюджеттен бөлінетін ақша көлеміне қарай сатып алынатын техниканың мүмкін көлемі анықталады.

Әрине компания лизинг алушылар пайдасы мен өз атағын сақтап қалу үшін әкелінетін техникасына кепілдемелік қызмет көрсету мерзімі бар және қызмет көрсету орталықтары салынған одақтастарды мақұл көреді.

Соңғы жылдардағы маркетингтік зерттеулер нәтижелеріне сүйенсек, техниканың дәстүрлі түрінен басқа шетелдік мемлекеттердің жоғары өнімді техникалары әсіресе кең көлемді пневматикалық тқым сепкіш кешендерге деген сұраныс жоғарлаған. Бір ғана 2009 жылы қазан – қарашасында Республиканың 8 облысынан 91 шаруашылық аталған техника түріне сұраныс берген. Тұқым себуші кешендерге деген қызығушылықты тиімділігі тәжірибе жүзінде дәлелдеген әлемдік өндірушілердің техникасы мен технологиясын қолданып, тұқым себудің әдістерін жақсартуға бет бұрған. Ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілердің талпынысы деп айтуға болады. Мысалы бір ғана осындай кешен К – 700 маркалы және Т – 4 тұқым сепкіштері бар 3 – 6 траторды алмастыруы мүмкін және тұқым себу сапасы аса жоғары шығады.

Көбіне тұқым себу кешендерінің келесі түрлеріне сұраныс жоғары: бұл техника Қазақстанда бірнеше жыл қатарынан қолданып келе жатқандықтан сервистік қызмет көрсету орталықтары да салынған. Қоғамның тұқым себушілік кешендері мен жұмыс істеуде тәжірибесі бар – 2009 жылы ол 7 кешенді сатып алды. («Buhler Versatyle», «Case», «Johne Deere», пневматикалық тұқым сепкіштер «Horshe», «Flexi coil», «Morris», «Johne Deere»). Жыл сайын «Case»«Johne Deere» секілді атақты маркалы комбайндарға деген сұраныс жоғарлап келеді. Бұл техника аса қымбат тұрады, ал олрға деген қажеттілік ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілердің жоғары жағдайы мен ауылдықтардың лизингтік келісім – шарттарға деген сенімінің жоғарлығын білдіреді. Бір сөзбен айтқанда, аталған техника өз атына сай.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Стандарттары компаниясының жарғысына сәйкес сапаның шетелдік сертификатары техника шығарылған елде өткізілген сараптамадан кейін дұрыс деп танылады.

2009 жылдың 1 қарашасында жағдайға сәйкес (2008 жылы және 2009 жылы 10 айы) 2008 және 2009 ж.ж. құрылған көлік – технологиялық бекеттеріне мемлекеттік қаржылық қолдау мен жалпы ауданы 407 414 га сәйкес қызмет тізімі көрсетілген. Сомасы 802 053 мың теңге кіріс алынған, олардың ішінде:

- жалпы ауданы 171 014 га және сомасы 306 013 мың теңгелік жинақ жұмыстары;

- жалпы ауданы 139 923 га және сомасы 123 815 мың теңгелік топырақты өңдеу жұмыстары;

- жалпы ауданы 73 516 га және сомасы 64 090мың теңгелік жерге тұқым себу;

- жалпы ауданы 22 961 га және сомасы 8951 мың теңгелік жердің өсімдіктерін химияялық өңдеуден өткізу;

- 17 055 мың теңгеге тасымал қызметтері;

- Сомасы 282 129 мың теңгелік Қазақстан Республикасы заңнамасында тыйым салынбаған және МТС жарғысында қарастырған өзге де әрекет түрлері (ауылшаруашылығы және өзге де техника түрін жөндеу, қосымша бөліктерді енгізу, ауылшаруашылық өнімінің ГСМ – ы).

Машиналық – технолгиялық бекеттер өткен кезеңде құрылымдалған жаңа жұмысшылар орындары 543 адамды құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Меніңше, Қазақстан Республикасындағы лизингтік қызметтер рыногының дамуының үлкен потенциалы бар. Мұндай болжамға негіз ретінде негізгі құралдарды алудағы альтернативті механизмге деген тұрақты сұранысты алуға болады. Жақын арада өкімет Қазақстанның экономикалық өсуін мәселе ретінде қарастырып отыр. Лизинг – кіші өндірістердің негізгі құралдарды алуының ең шынайы тәсілі. Бұдан өзге ол Қазақстандық өндірістердің негізігі өндіріс қорларын жаңарту процесінде маңызды рольге ие инвестиционды механизм болып табылады.

Қазақстандағы лизингті дамыту туралы USAID жобасының жетекшісі А.Омаров мынаны айтты: лизинг ауылда енді дамыпкеле жатқанда, шаруашылық адамдарында қаржы ресурстары болмайды. Олар банк иелеріне табиғи тауарлар беретін секілді, бірақ бұл да әлі дәлелденбеген. Кейбір лизингтік өнеркәсіптержалпы өнеркәсіптерде ақша болмаса, мүлік беруге ұсыныс жасайды. Омаров мырза лизингтің несиеден бірқатар артықшылықтарын атап көрсетті. Бірақ лизинг пайыздары несиемен бәсекелестікке түсе алмайды, бұл әсіресе оның алыну тәртәбәне байланысты.Сондықтан салыстырмалы артықшылық жай ғана сөз жүзінде қалады. Ал әлсіздіктер қатарына кепілдеме талаптарының аздығын санауға болады. Лизингтік операцияларға салық салуға жеңілдіктер беріледі.Сонымен қатар лизинг беруші және Ұлттық Банк өкіметі жағынан да лизингтік операцияларды бақылау азайтылады.

Лизинг – қазіргі кездегі екінші деңгейлі банктердің ең маңызды және тиімді операцияларының бірі. Лизинг Қазақстанның экономикасымен қатар әлемдік экономикаға да маңызды. Шетел ғалымдарының пайымдауынша 50-ші жылдары техниканың дамуына зор ықпал етті.  Сондай-ақ елдің экономикасын тұрақтандыру үшін лизинг шарты секілді индустрия, өндірісті инвестициялар арқылы дамудың өте қолайлы жолы болып табылады. Бұл дипломдық жұмыстың өзектілігін көрсетеді.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы лизингтің құқықтық негіздері