Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2015 в 09:59, курсовая работа
Лизинг – қазіргі кездегі екінші деңгейлі банктердің ең маңызды және тиімді операцияларының бірі. Лизинг Қазақстанның экономикасымен қатар әлемдік экономикаға да маңызды. Шетел ғалымдарының пайымдауынша 50-ші жылдары техниканың дамуына зор ықпал етті. Сондай-ақ елдің экономикасын тұрақтандыру үшін лизинг шарты секілді индустрия, өндірісті инвестициялар арқылы дамудың өте қолайлы жолы болып табылады. Бұл курстық жұмыстың өзектілігін көрсетеді.
КІРІСПЕ ...................................................................................................................4
1.ЛИЗИНГ РЫНОГЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Лизингтің пайда болу тарихы мен лизингтің мәні...........................................9
1.2 Қазіргі лизингтің формалары мен түрлері..................................................... 12
1.3 Лизингтік төлемдерді есептеу әдістері........................................................... 23
2.«КАЗАГРОФИНАНС» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЛИЗИНГІН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасындағы лизингтің құқықтық негіздері...................30
2.2 Қазақстан Республикасында лизингтің қалыптасуы және дамуы...............43
2.3 «КазАгроФинанс» акционерлік қоғамының лизингтік қызметін талдау...50
ҚОРЫТЫНДЫ .......................................................................................................67
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
Лизинг беруші – тартылған немесе жеке қаражатының есебінен лизинг мәмілесін іске асыру барысында меншігіне мүлік сатып алатын және білгілі бір мерзімге және белгілі бір шарттарда уақытша иелік етуге және лизинг затына меншік құқығын лизинг алушыға бере отырып немесе бермей белгілі бір ақыға лизинг берушіге лизинг заты ретінде береді.
Лизинг алушы – лизинг шартына сәйкес белгілі бір мерзімге және белгілі бір шарттарда уақытша иелік етуге және пайдалануға белгілі бір ақыға лизинг затын алуға міндетті жеке немесе заңды тұлға. Мүлікті сатушы (өнім беруші) – лизинг берушімен сатып алу-сату шартына сәйкес лизинг заты болып табылатын өзі өндірген (сатып алатын) мүлікті лизинг берушіге сататын жеке немесе заңды тұлға. Сатушы (өнім беруші) сатып алу-сату шартына сәйкес лизинг берушіге немесе лизинг алушыға лизинг затын беруге міндетті.
Шарт затын сатып алуға қаражат беретін банк (немесе басқа кредит мекемесі).
Қаржы лизингі экономикалық сиапттары бойынша капитал салымдарының ұзақ мерзімді банктік кредит беруіне ұқсас болғандықтан, қаржы лизингінің рыногында банктер, қаржы компаниялары және банктермен тығыз байланыстағы мамандандырылған лизинг компаниялары ерекше орын алады. Бірқатар елдерде банктерге қаржы лизингімен ғана айналысуға рұқсат берілген. Жедел және қаржы лизингінің арасындағы негізгі ерекшеліктер көрсетілген
Лизинг субъектілерінің кез келгені Қазақстан Республикасының резиденті де, бейрезиденті де, сондай-ақ өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын шетелдік инвестордың қатысумен кәсіпкерлік қызмет субъектісі бола алады.
Үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көлiк құралдары, жер учаскелерi және кез келген басқа да тұтынылмайтын заттар - лизинг нысанасы бола алады.
Дамыған елдерде қаржы лизингінің ахуалын зерделеу лизингке берілетін жабдықтардың негізгі топтарын анықтауға мүмкіндік береді:
көлік (көлік ұшақтар, автомобильдер, теңіз кемелері, темір жол вагондары және т.б.);
байланыс жабдықтары (радиостанциялар, спутниктер, почта жабдықтары және т.б.);
ауыл шаруашылығы жабдықтары;
құрылыс жабдықтары (крандар, бетон араластырғыштар және т.с.с.) және т.б..
Лизингтің негізгі түрлері отандық та, шетел мамандарының да пікірі бойынша қаржылық және жедел лизинг деп санайды.
Жедел лизинг – бұл қысқа және орта мерзімді сипатқа ие мәміле, онда жалға алу төлемдері арқылы жабдықтар құнының бөлігі ғана амортизацияланады. Жедел лизинг бойынша жеткізілетін жабдық жалға алушының балансына қойылмайды. Мұндай мәмілелер бойынша лизинг беруші, әдетте, техникалық қызмет көрсету, сақтандыру, салық төлеу және есепке алу мәселелерін өзіне алмайды, жедел лизинг санатына қаржы лизингі санатына сәйкес келмейтін мәмілелер жатпайды.
Жедел лизинг үшін мынадай белгілер сипатқа ие:
Лизинг алушы лизинг нысанасын, егер лизинг шартында лизинг алушының лизинг нысанасын өз меншiгiне сатып алу қўқықтары мен мiндеттерi көзделмесе не ол лизинг нысанасын сатып алудың көзделген қўқығын пайдаланбаса не лизинг шарты сот тәртiбiмен мерзiмiнен бўрын тоқтатылса, сондай-ақ лизинг шартында және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген өзге де жағдайларда қайтаруға тиiс.
Қаржы лизингі. Экономикалық мәні жағынан қаржы лизингі мүліктің өмір сүру циклының толық мерзімі немесе көп бөлігінің ішінде жабдықты пайдалануға алады; жалдау төлемдері толығымен лизинг берушіге аударылады (мысалы, қарыз берушіге емес), жалға алушыда техникалық қызмет көрсету, салықтарды төлеу және жабдықтарды сақтандыру жауапкершілігі жатыр; лизингке беруші жабдықтың бүкіл өмірлік циклінде алатын жиынтық жалға алу төлемдері жабдықтың бастапқы құнын жабады және инвестицияланған капиталға кірісті қамтамасыз етеді.
Оралымды және қаржы лизингінің екі негізгі түрлерінің сипаттымасы туралы мәселе.
Сызықтық қағидат бойынша топтастырудың негізінен 8 белгісі бөлініп айқындалды:
-мәмілеге қатысушылардың құрамы;
- лизингке берілетін мүліктің түрі;
- оның өтелуінің дәрежесі;
- тозуына қарай жарна төлеудің шарты;
- қызмет етудің көлемі;
- операциялар жүргізілетін нарық секторы;
- салықтық және амортизациялық жеңілдіктерге көзқарас;
- лизингтік төлемдердің сипаттамасы.
Лизинг пен лизинг қатынастарын жіктеу.
Сонымен, көптеген топтастыруларды салыстырмалы саралау жасаудың, лизингтік операциялардың мәні мен мазмұнын зерттеудің нәтижесінде мынадай топтастырудың белгісі бөлініп айқындалды:
- мәміле объектісі;
- мәміле мерзімі (кезеңі);
- мәміле көлемі мен сомасы;
- қосымша және несие қаражаттарын тарту дәрежесі;
- мүліктің өтелуінің дәрежесі;
- тозуына қарай жарна төлеудің шарты мен әдісі;
- қызмет етудің көлемі;
- операциялар жүргізілетін нарық секторы;
- салықтық және өзге жеңілдіктерге көзқарас;
- лизингтік төлемдердің сипаттамасы;
- лизингтік ымырада опционның болуы;
- базистік (негізгі) мерзім аралығында келісімді бұзудың мүмкіндігі мен жағдайы;
- мүлікті бухгалтерлік есептеудің тәсілі;
- мәмленің елдік спецификасы.
Тараптардың санына байланысты лизингтік мәмледе лизингті екі жақты, үш жақты және көп жақты деп бөледі. Классикалық лизинг, әдетте, үш жақты, тараптары «сатушы – лизинг беруші – лизинг – алушы» болады.
Лизингтік мәмілеге қатысушылардың (субъектілердің) құрамында меншік нысаны және заңды және жеке тұлғалар түрлері бойынша былаша бөлінеді:
- мемлекеттік органдар және кәсіпорындар;
- жергілікті органдар;
- жеке меншік кәсіпкерлік фирмалары;
- коммерциялық емес ұйымдар;
- халық (азаматтар).
Лизинг мәмілесінде олардың атқаратын функцияларына (рөлдеріне) байланысты бұл субъектілер мыналар ретінде:
- мүлік сатушы;
- лизинг беруші;
- лизинг алушы;
- кредит беруші;
- кепілгер бола алады.
Кәсіпорындар- машиналар және жабдық жасаушылар, немесе сауда фирмалары мен компаниялар және жабдықтау-өткізу ұйымдары тікелей мүлік сатушы (қамтамасыз етуші) бола алады.
Лизинг беруші болып, меншік нысанына қарамастан, лизингтік қызметті атқаратын кез-келген заңды тұлға бола алады. Ал, лизингке меншік иесі тапсырған мүлкіне байланысты мемлекеттік және жеке (коммерциялық) лизингті ажырата білу керек.
Лизинг берушілерді мынадай 4 негізгі түріне бөлінеді:
- тәуелсіз лизинг компаниялары;
- банктермен байланысқан банктер мен фирмалар;
- жабдық өндіруші-фирмалардың лизинг филиалдары;
- инвестиция жасау үшін
қаржы ресурстарының
Кез-келген меншік нысанындағы өндірістік және сауда кәсіпорны, коммерциялық емес ұйымдар және халық лизинг алушы бола алады.
Жұмыс күшін қоса алғанда, қайта-қайта және ұзақ пайдаланылатын кез-келген тауар лизинг объектісі бола алады. Лизинг объектісінің өндіріс үдерісіне қатысу дәрежесіне қарай олар инвестициялық және ұзақ пайдаланылатын тұтыну тауарлпрына бөлінеді. Мысалы, инвестициялық жеке капиталдың элементіне, қаржы капиталының элементіне бөлінеді. Инвестициялық тауарларының рыногы жылжымайтын мүлікке жылжымалы мүлікке, мүліктік құқықтарға және зияткерлік әлеуетке, инновацияларға бөлінеді.
Мөлшері мен сомасы бойынша лизинг мәмілелері:
- аз ауқымды;
- орташа;
- көп ауқымды болып бөлінеді.
Мүліктің өзін-өзі өтеу дәрежесі бойынша:
- Егер бір шарттың қолданылу
мерзімі ішінде лизинг
- Егер бір шарттың қолданылу мерзімі ішінде жалға алынатын мүлік құнының бір бөлігі ғана өтелсе, толық өтелмейтін лизинг болып бөлінеді.
Амортизация шарттарына қарай:
- егер лизинг объектісінің құны толық төленсе, толық амортизация лизингі;
- егер лизинг объектісінің
құны ішінара төленсе, толық емес
амортизация лизингі болып
Бір-бірімен тығыз байланысты объектінің өтелу дәрежесі мен оның амортизация шарттары бойынша жедел дизингті де бөліп көрсетеді.
Біріншісі, толық өтелетін мүліктің лизингін немесе full payout-lease білдіреді.
Екіншісінде шарт мерзімі мүліктің экономикалық қызмет ету мерзімінен қысқа; Басқаша айтқанда жедел лизинг объектісі моралдық тозуы жоғары қарқынды жабдық болып табылады. Екіншісінде мүлік құнынын ішінара төлеу немесе non full payout-lease жүргізіледі. Бұл жерде лизинг беруші осы шарттың қолданылуы кезінде мүлік құнының бір ғана бөлігін өтейді, сондықтан оны бірнеше рет, әдеттегідей, әр түрлі пайдаланушыларға жалға беруге мәжбүр.
Берілетін мүлікке қызмет көрсету көлемі бойынша:
Егер лизинг беруші сатып алушыға қызметтердің толық топтамасын ұсына алса, онда «ылғал лизинг» орын алады. Күрделі техникалық сипаттамалары бар арнайы жабдықты пайдалануға беру кезінде қосымша міндеттемелері бар «ылғал лизинг» орын алады.Әдеттегідей оны мұндай жабдықты өндірушілердің өзі, немесе ірі көтерме-сауда ұйымдары пайдаланады. Құны бойынша бұл ең қымбат лизинг түрлерінің бірі. Техникалық қызмет көрсетумен, жөндеумен және сақтандырумен қатар кешенге жұмыс істеу үшін қажетті жабдықты, шикізатты жеткізу, білікті мамандарды даярлау, маркетинг және дайын өнімнің жарнамасы кіреді.
Операциялар жүргізілетін нарық секторына қарай ішкі және сыртқы немесе халықаралық лизингке бөлінеді (бұл түрлер бұдан әрі Қазақстанның мысалында егжей-тегжейлі карастырылатын болады).
Салық немесе амортизациялық жеңілдіктерге қарағанда, мыналарға:
- мәміле саудагерлік сипат алып, салық және амортизациялық жеңілдіктер алу есебінен ең көп пайда табу мақсатында ғана жасалатын жағдайда, жалған лизингке;
- төлемдер осы жабдықта
жасалған тауарларды жеткізу
нысанында немесе үстеме
- жоғарыда жазылған төлеудің екі нысаны үйлеске жағдайда, аралас төлемі бар лизингке бөлінеді.
Лизингтің теориялық негіздерін әзірлеушілердің бірі В.В.Бочаров жедел лизингтің құрамына рентингті - мүлікті бір күннен бастап бір жылға дейінгі қысқа мерзімді жалға беруді және хайрингті – бір жылдан бастап үш жылға дейінгі орта мерзімді жалға беруді жатқызады.
Кеңінен таралған, бұрын қаралмаған мынадай лизинг түрлері бар.
Топталған (немесе акционерлік лизинг) қаржы лизингінің бір түрін білдіреді, бұл жерде лизинг беруші лизингке тапсырылатын жабдықты сатып алу үшін қарыз қаражатын пайдаланады. Жабдықтың жалпы бағасындағы қарыз қаражатының үлесі 60-80 пайызға жетуі мүмкін. Бұл ретте лизинг беруші болып жиі бір топ қатысушылар (акционерлер тобы жиі білдіреді, ол меншік иесінің сенімді тұлғасы болады. Лизингтің бұл түрі ұшақтар, темір жол жабдықтары, бұрғылау платформалары мен бағаналары, кәсіорындардың жиынтық жабдықтары және т.б сияқты ірі ауқымды объектілерді жалға тапсыру үшін қолданылады.
Тікелей қаржы лизингі – бұл өндіруші немесе өткізуші болып табылмайтын бір лизинг берушінің (үшінші жақтың активтері тартылатын топталған лизингке қарағанда) өз бетінше жүргізетін лизинг операциясы.
Дара лизинг, әдеттегідей, бірнеше миллион тұратын мәмілер жасасқан кезде пайдаланылады, басқа жақтан қарыз берушілерді, қаржыландыратын мекемелерді, лизинг берушілерді және лизинг алушыларды қамтиды және көбінесе тресті немесе «жасанды» корпорацияны құру жолымен барлық қатысушылардың мүдделерін ескере отырып, топтамадағы мәміле ретінде брокерлердің көмегімен ресімделеді. Дара лизингтің жәй (кәдімгі» нысаны лизинг берушінің, лизинг алушынң және қаржыландыратын ұйымның қатысуын көздейді. Күрделі нысанға мынадай бес тарап қатысады: брокер (әдеттегідей, ірі дербес лизиг компаниялары): қаржыландыратын мекеме; лизинг алушы.
Шын мәніндегі лизинг. Лизингтің бұл түрінде барлық экономикалық және құқықтық міндеттер мен басымдықтар лизинг берушіге бекітіледі. Лизингтің бұл түрімен сатып алуға опцион көзделуі мүмкін, алайда сатып алу бағасы алдын ала келісілген лизинг төлемдерімен қарым-қатынаста болады.
Лизингтің осы түрінің ерекшеліктері лизинг беруші лизинг алушыға қосымша қызметтер ұсыну болып табылады (жабдықты ұстауды, оны жөндеуді, сақтандыруды қамтамасыз етеді). Қосымша қызметтер жалдау ақысына жатады, сондықтан осы лизинг түрі салыстырмалы түрде қымбат. Әдетте, мұндай лизингпен жабдықтар жасаушылар (компьютерлер, ұшақтар және т.б.) айналысады.
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы лизингтің құқықтық негіздері