Қазақстан Республикасындағы лизингтің құқықтық негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2015 в 09:59, курсовая работа

Описание работы

Лизинг – қазіргі кездегі екінші деңгейлі банктердің ең маңызды және тиімді операцияларының бірі. Лизинг Қазақстанның экономикасымен қатар әлемдік экономикаға да маңызды. Шетел ғалымдарының пайымдауынша 50-ші жылдары техниканың дамуына зор ықпал етті. Сондай-ақ елдің экономикасын тұрақтандыру үшін лизинг шарты секілді индустрия, өндірісті инвестициялар арқылы дамудың өте қолайлы жолы болып табылады. Бұл курстық жұмыстың өзектілігін көрсетеді.

Содержание работы

КІРІСПЕ ...................................................................................................................4

1.ЛИЗИНГ РЫНОГЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Лизингтің пайда болу тарихы мен лизингтің мәні...........................................9
1.2 Қазіргі лизингтің формалары мен түрлері..................................................... 12
1.3 Лизингтік төлемдерді есептеу әдістері........................................................... 23

2.«КАЗАГРОФИНАНС» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ҚАРЖЫ ЛИЗИНГІН ТАЛДАУ

2.1 Қазақстан Республикасындағы лизингтің құқықтық негіздері...................30
2.2 Қазақстан Республикасында лизингтің қалыптасуы және дамуы...............43
2.3 «КазАгроФинанс» акционерлік қоғамының лизингтік қызметін талдау...50


ҚОРЫТЫНДЫ .......................................................................................................67

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................

Файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасында лизинг рыногының қалыптасу және даму проблемалары.docx

— 198.11 Кб (Скачать файл)

Жалға беруші мен жалға алушы жалдау шартының қатысушылары болып табылады. Жалға алушы тиісті төлемге мүлікті уақытша иелік етуге және пайдалануға алады, ал жалға беруші бұл мүлікті жалға алушыға береді немесе беруге міндеттенеді.

Жалға алушы және жалға беруші ретінде заңды тұлғалар да, жеке тұлғалар да (жеке кәсіпкерлер ретінде тіркелгендер де, тіркелмегендер де) әрекет ете алады.

Салық салу және жалдау операцияларын бухгалтерлік есепке алу азаматтық заңнаманың ережелерімен байланысты, өйткені жалға алу шарты тараптарының қарым-қатынастары азаматтық-құқықтық қағидаттарға негізделеді.

2005 жылғы 1 қаңтардан бастап  мүлікті жалға беруден алынатын  кіріске салық салу тәртібі  салық салынатын базаны, салынатын  айналымды және жалға алу қарым-қатынастарына  байланысты кейбір ережелерді  анықтау бөлігінде бұрын әрекет  еткен салық салу ережесінен  белгілі бір ерекшеліктері бар. Жалға алудың белгілі бір операцияларына  ҚР Салық кодексінің ережелерін  қолдану ерекшелігін қарамас  бұрын мүлікті жалға беруден  түсетін кіріске салық салу  және жалға алу шарттарын жасасуға  қатысты өзгерістер бөлігінде  жаңалықты атап өтеміз:

Қазақстан Республикасының аумағында ақша міндеттемелері теңгемен көрсетілуі тиіс (ҚР Азаматтық кодексінің 127 және 128-баптары). Бұрын                 2005 жылғы 1 қаңтарға дейін жалға алу шартында шетел валютасында көрсетілген, бірақ теңгемен төлеуге жататын сома көзделуі мүмкін болатын. Бұл жағдайда төлем сомасы төлем күніне тиісті шетел валютасы үшін белгіленген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми бағаиы бойынша немесе заңнамада немесе тараптардың келісімінде оны анықтау күні белгіленбесе өзге бағам бойынша анықталды (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің   282-бабы). «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетте төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) қабылдануына байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен мұндай тәртіп жойылды. 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап шарттарда, оның ішінде жалға алу шарттарында төлем сомасы теңгемен ғана көрсетілуі тиіс. Шетел валютасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында міндеттемелер бойынша есептеулерді жүзеге асыру кезінде щетел валютасында төлем құжаттарын пайдалануға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде анықталған жағдайларда және шарттарда немесе олар белгілеген тәртіппен жол беріледі (ҚР АК 282-бабы). Әрине, мұндай заңнамалық актілер деп валюталық реттеу туралы заңнаманы түсінген жөн.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 80-бабының 2-тармағында мүлікті жалға беруден алынатын кіріс жиынтық жылдық кіріске енгізіледі деп тікедей көрсетіледі, бұл бұрын қолданыста болған салық заңнамасының талабын қайталайды.

Қосылған құн салығымен жалға алу қарым-қатынастарына салық салу тәртібінде елеулі өзгерістер болды.

Салық кодексінің 211-бабында тауарды сатудан ерекшеленетін кез келген қызмет бойынша іке асыру жөніндегі айналым деп мүліктік жалға алу (жалдау) шарты бойынша уақытша пайдалануға беру де танылады. Осыған байланысты Салық кодексінің 226-бабының ережесін қарастыра отырып, тұрғын үй қорының ғимаратын (ғимараттың бір бөлігін) сату және (немесе) мұндай ғимаратты (ғимараттың бір бөлігін) жалға алу, оның ішінде қосалқы жалға алу қосылған құн салығынан босатылады. Тұрғын үй қорының ғимаратын бірінші сату, мейрамханаға пайдаланылатын ғимаратты (ғимараттың бір бөлігін) сату немесе жалға беру, қонақ үйде тұру жөнінде қызметтер беру ерекшелікті құрайды. Осылайша қойма үй-жайларына, офистерге, өндірістік цехтарға пайдаланылатын тұрғын үй емес ғимараттарды, (ғимараттардың бір бөлігін) жалға алуға енді қосылған құн салығы салынады.

Автомобильдерді, сондай-ақ өзге көлік құралдарын тұраққа қоюға немесе сақтауға жер учаскесін беру үшін төлемді қоспағанда, жер учаскелерін жалдау және қосалқы жалдау ҚҚС босатылды. Салық кодексінде қосылған құн салығы есепке алуға жатпайтын оқиғалар анықталды (236-бап). Айталық, ҚҚС тұрғын үй қорының жалға алынатын ғимараттарын жөндеуге пайдаланылған тауарлар мен қызметтерді алуға байланысты төлеуге жатпайды. Жөндеуге арналған шығыстарды жалға беруші жалдау шартына сәйкес өтелетін және жөндеуді жүзеге асыратын жалға алушының салық салынатын айналымы болып табылатын ерекшелікті құрайды. Бұл ретте, есепке алуға тұрғын үй қорының ғана жалға алынатын ғимараттарын жөндеуге пайдаланылатын алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша ҚҚС сомасы жатқызылады.

Мысалы. Кәсіпорын өндірістік үй-жайларды және тұрғын үй қорының үй-жайларын жалға алады. Сатып алынған материалдарды пайдалана отырып        үй-жайларды жөндеу жүргізілді. Салық кодексінің 236-бабына сәйкес тұрғын үй қорына жатқызылған үй-жайларды жөндеуге арналған материалдарға келетін қосылған құн салығын кәсіпорын есепке алуға құқығы жоқ.

Бұрынғыдай жалға алынған мүлікті жөндеуге арналған шығыстар бойынша есептен шығару Салық кодексінде көзделмеген.

Мысалы. Кәсіпорын сатып алынған материалдарын пайдалана отырып өз есебінен ағымдағы жөндеу жүргізген үй-жайды жалға алады. Жөндеудің және пайдаланылған материалдардың құнын кәсіпорын салық органында есептен шығаруға жатқыза алмайды.

Төлем көзіндегі табысқа салық салуды реттейтін Салық кодексінің ережелеріне ерекше көңіл бөлген жөн. Бұл жалға алушы – заңды тұлға мен жалға беруші – жеке тұлға арасындаға жалдау қарым-қатынастары неғұрлым үлгілік болып табылатындығына байланысты. Осыған байланысты, не кәсіпорынның қызметкері, не бөтен тұлға болып табылатын жалға берушінің кірістеріне салық салу мәселелері туындайды. Әдетте, жеке тұлғалар жалға көлік құралдарын және үй-жайларды (ғимараттарды) береді. Мүлікті жалға алу шарттары бойынша жеке тұлғаларға кірістер түрінде төлемдерге салық салуға қатысты Салық кодексінде айтарлықтай қатаң ережелер бар. Бұл кейбір кәсіпорындар бұрын қолданыста болған заңнама ережелерін пайдалана отырып, жалдау ақысы түрінде өз қызметкерлеріне немесе бөтен тұлғаларға өзге кіріс төлегендігіне байланысты. Бұл оларға белгілі бір жағдайларда әлеуметтік салықты, зейнетақы жарналарын, ал неғұрлым «жетілдірілген» схемаларда – жеке тұлғалардан алынатын табыс салығын алуды болдырмауға мүмкіндік берді.

 

 

    1. Лизингтік төлемдерді есептеу әдістері

 

Лизинг операцияларының жобасында өте күрделі моменті болып лизингтік төлемдердің сомасын анықтау болып табылады.Орта мерзімді және қысқа мерзімді арендалық төлеулердің сомасын жалға алатын тауарлардың нарық конъюнктурасымен қомақты мөлшерде анықталады.Ұзақ мерзімді арендада (лизинг) лизингтік төлемдерді есептеудің негізіне объекттің түбегейлі құнымен және лизингтік келісім шартының ұзақ мерзімімен байланысты әдістемелік қисынды есептеулерді қатыстырады.

Кез келген лизингтік төлемдер құрамына келесі негізгі элементтер кіреді:

• амортизация;

•мәміленің жүзеге асыруына арналған лизингалушымен тартылатын қорларға төлем;

• лизингберушінің табысын қосатын лизингтік маржа(1-3%);

• тәуекелді сый ақысы.

 

Лизингтік мүлікті пайдалануға төлеу лизингберушімен төленетін, лизингтік төлемдер түрінде лизингалушымен іске асады.Төлеулердің мөлшері, әдісі, формасы және мерзімі тарапынан келісім бойынша лизингтік келісім шарттарында бекітіледі.

Лизингтік төлемдерге ортақ сомасына келесіні қосады:

-лизингтік мүліктің құнын толық немесе оған жақын орнын толтыратын сома;

-лизингтің келісім шарты бойынша мүлікті алуға қолданылған несие қорларына лизингберушімен төленетін сома;

-егер ол лизингберушімен сақтандырылса, лизингтік мүліктің сақтандыруға төленетін сома;

-лизингтің келісім шарттарымен ескерілген лизингберушінің басқа да шығындары.

Тараптардың келісіміне тәуелді болатын лизингтік төлемдердің түрлер әр түрлі болады.Төлеулердің формасына байланысты келесіні танып біледі:

  • ақша қаражаттарымен төленетін ақшалай төлеулер;
  • тауарлармен, немесе лизингберушімен көрсетілетін қарсы қызметпен төленетін өтемақы төлеулер (компенсация);
  • ақшалай төлеулермен қатар, тауарлармен және қызметтермен өтелетін аралас төлеулер.

Лизингтік төлемдерді есептеп шығаруға қолданылатын әдіс бойынша келесіге бөледі:

  • ортақ сомамен бекітілген төлеулер;
  • аванспен төлеулер (депозитпен);
  • минимальды төлеулер;
  • белгісіз төлеулер.

Практикада өте жиі кездесетіндер:

1. Бекітілген лизингтік төлемдердің ортақ сомасы – тараптармен келісіледі және лизингтік шартымен қойылған ретімен төленеді.Әдетте келесі нұсқауы бар төлеу графигі жасалады: біріншісі – лизингтік төлем қабылдау күні өндіріледі, содан соң мерзім бойынша – ай сайын, квартал сайын, жылына екі рет немесе жыл сайын жеке талап етумен немесе талапсыз.

2. Аванспен төлеулер (депозитпен) - бұл лизингалушы лизингтік мәміленің объектіні сатып алынған құнының 15-20% мөлшерлеріндегі авансты немесе жарнаны лизингтік фирмаға бөледі,ал қалған 80-85% қабылдау хаттаманы қол қоюынан кейін (пайдалануға қосу) немесе 3-5 жыл ішінде квартал сайын төлеп тұрады.

3. Минимальді лизингтік төлем – бұл ағымдағы аренда мерзімінің лизингалушы төлейтін төлем сомасы, плюс лизингалушы төлейтін сома, егер ол лизингтік объектіні лизингтік келісім шартының мерзімі біткеннен кейін алуға ниет етсе.Сонымен бірге жалға алушы бұл объектіні төмен бағамен сатып алуға құқығын алады.

4. Белгісіз арендалық төлем бекітілмеген сомамен емес, ал басқа негізде - сату көлемінен түсетін процентімен, қолданылатын құралдар сомасымен, нарықтық қарыз пайызының мөлшерлерімен және т.б. бекітіледі.

Төлеулерді мерзімділік бойынша келесіге бөледі:

-периодты төлеулер (жыл сайын, квартал сайын, ай сайын), лизингтік келісімге тіркелетін график бойынша тараптармен төленеді;

- егер келісімде лизинг  берушіге аванс төлеу қарастырылған жағдайда периодты жарналармен үйлесімді қолданылатын бір реттік төлемдер.

Бір реттік төлем әдетте тараптардың қабылдау хаттамасына қол қоюынан кейін жүргізіледі,және тек қана жабдықтаушы сатыпалу-сату келісімшартын орындау мерзімінде немесе жабдықтаумен біргеқаржыландыру мәмілесін ескереді.

Лизинг алушының төлем мүмкіндіктерін және қаржы күйін ескеріп, келісімде лизингтік төлемдерді төлеудің әр түрлі әдістері бекітіле алады.Осыған сәйкес былай бөлінеді:

- тең бөлік (бір қалыпты  тура төлемлер);

- өспелі мөлшермен (озық  төлеулер), негізінен қаржылық күйі  аумалы лизинг алушыларға қолданылатын, лизингтің бастапқы кезеңінде  лизингтік төлемді аздаған жарналармен, содан соң жабдықты игеріп, өнім  өндіру қарқынын жоғарылатқан  соң лизингтік төлемді көбейтеді; 

- кемімелі мөлшермен (жылдамдатылған, регрессивтік төлеулер) қаржы жағдайы  орнықты лизинг алушылармен қолданылатын, лизингінің алғашқы кезеңіне  лизинг берушіге көбінесе өз  қарызының көп бөлігін төлеуді  қалайды.

Лизингтің құны (жылдық, квартал сайын, жарты жылдық, ай сайынғы тағы басқалар) жүйелі арендалық төлемдерден құрылады,оның сомасы қай жабдықтың экономикалық өмірінің мерзіміне, оның құны лизинг компаниясы төлеген төлемдердің жиілігінен душар болатын, жалдаудың мерзіміне, тәуекелге  тәуелді болады.Сонымен бірге арендалық төлемдердің шамасына арендалық келісімшартте ескерілген, лизинг компаниясының ұсынылатын қызметтердің шығыны(салық салу және мәмілені ресімдеу сұрақтары бойынша консультациялық қызмет, тасымалдауды  ұйымдастыруы, монтаж, лизингтің объектінің техникалық қызмет көрсетуі), амортизациялық төлемдер шамасы, қалдық құн, қарызға төленген пайыз ықпал етеді.

Бір қалыпты арендалық мөлшердің шамасы жалға алудың жалпы құнын төлемдердің санына бөлумен анықталады:

       (1)

Мұндағы

Ам – айлық арендалық ақының мөлшерлері;

Ц – жалдап алынған объектінің сатып алу бағасы;

Н – мүлікке салығы;

С – сақтандыру жарналарының сомасы;

О – жалдау мерзімінің соңында объектінің қалдық құны;

Т – жалдау мерзімінің айларының саны.

Жиі аренда мөлшерлерін жалдау мерзіміне байланысты, және де оның затының қолдануының қарқынынан бекітіледі.Мысалы, машиналардың рентингінінде жалдау және қойылған норма жүгірісінің қосымша километражына арендалық төлем әрбір күні алынады.

Қазіргі уақытта лизингтік төлемдерді есептеудің әдістерінің көптеген жиыны бар, ол ықшамдалған әдістемелерге арқа сүйейді, және де күрделі әдістемелерге де, сандық қаржы талдауына немесе қаржы-экономикалық есептеуге негізделген.

Американдық дистрибьюторлардың құрылыс техникасы саласындағы қауымдастығы арендалық мөлшерлердің есептеуінің келесі әдісін ұсынады және қолданады:

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы лизингтің құқықтық негіздері