Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2014 в 18:11, курсовая работа
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей несиелендіруден түскен пайда банк пайдасының орасан зор үлесін құрайды. Бір уақытта несиелердің кайтпай қалуы, әсіресе үлкен көлемді несиелер қайтпай қалуы құлдырауға әкеліп соқтыруы мүмкін. Сондықтан несиелік тәуекелді басқару кез-келген коммерциялық банктердің дамуының стратегиясының бірден-бір қажетті бөлігі.
Кіріспе..........................................................................................................................3
Банктік тәуекелдердің экономикалық мәні мен теориялық негіздері......5
Банк тәуекелдерінің маңызы және олардың жіктелуі.........................................5
Банк тәуекелдерінің түрлері және олардың сипаттамасы..................................8
Банк тәуекелдерін басқару және оларды азайту тәсілдері...............................11
Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінде тәуекелдерді басқару жүйесін талдау.....................................................................................14
Банк секторындағы несиелік тәуекел-менеджментті басқару ерекшеліктерін сипаттау.................................................................................................................14
Банк жүйесіндегі несиелік портфелді қалыптастыруда тәуекелдер деңгейін бағалау...................................................................................................................19
«Банкцентркредит» АҚ – ның несиелік портфелін талдау және бағалау.......22
Коммерциялық банктерде банк тәуекелдерін басқару саясатын жетілдіру жолдары.............................................................................................25
Қорытынды..............................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................32
Мазмұны
Кіріспе.......................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі........................
Кіріспе
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей несиелендіруден түскен пайда банк пайдасының орасан зор үлесін құрайды. Бір уақытта несиелердің кайтпай қалуы, әсіресе үлкен көлемді несиелер қайтпай қалуы құлдырауға әкеліп соқтыруы мүмкін. Сондықтан несиелік тәуекелді басқару кез-келген коммерциялық банктердің дамуының стратегиясының бірден-бір қажетті бөлігі.
Қаржылық нарықтағы жағдай коммерциялық банктердің төлемді жүзеге асыру, орта және ұзақ мерзімді несиелер беруге деген қабілетсіздігі, кәсіпорындардың төлем қабілеттілігіне әсерін тигізумен және өндірістің одан әрі құлауына алып келуімен қиындатылады. Жалпы дағдарыс атмосферасында коммерциялық банктер жоғарғы тәуекел жағдайында жұмыс жасайды.
Экономиканың банктік секторының қалыптасуы және дамуы кезеңінде қаржылық-несиелік инструменттердің кең комплексін орынды қолдануынан олардың өздерінің өміршеңдігі, ақша нарығындағы операциялардан пайда табу мүмкіндігі, немесе керісінше капиталды жоғалту және банкроттылық тәуекелділігіне тікелей байланысты.
Егер банк менеджерлері тәуекелдерді бақылайтын болса, оларға төлем қабілетсіздігі туралы уайымдамауға болады. Сондықтан олар үшін бірінші орында сенімділік, табыстылық және тәуекелдерді минималдаудың рационалды үйлесімділік проблемасы тұр. Қазақстанда потенциалды клиенттер үшін банктердің сенімділігін анықтаудың қандайда бір әдістемесі жоқ, тек қана camel жүйесінен басқа, ол тек банктік қадағалау кызметкерлерімен ғана қолданылуы мүмкін, себебі ол өзінің құрамына банктердің дәлме-дәл есеп берулерін оқып білуді кіргізеді, бірақ ол ақпаратта коммерциялық құпия болып саналады. Осыған байланысты банктік тәуекелдер банктің сенімділігіне, табыстылығына, тұрақтылығына үлкен әсерін тигізетін болғандықтан, біз әлемдік тәжірибедегі қазіргі заманғы оларды бағалау әдістемелерін оқып білуіміздің және осы алған білімді еліміздің банктік тәжірибесінде қолдануымыз абзал.
Тақырыптың тағы бір актуалдылығы қарастырылып отырған несиелік тәуекелді бағалау әдістері және басқару әдістері Қазақстанның банктік жүйесінің дамуымен және қалыптасуымен байланысты сұрақтарды зерттеудің жаңа бағыты болып табылады.
Факторлық талдау негізінде несиелік тәуекелдің банк қызметіне әсерін зерттеу үшін біз әлемдік тәжірибеге үлкен көңіл аударып отырмыз, және соның көмегі арқылы ҚР-да қолдануға тиімді де, пайдалы банктік тәуекелдерді анықтау, одан „қорғану,, үшін әдістерді саралап отырмыз. Осы кешегі күні, отандық банктер үшін тәуекелдерді реттеу сферасында басты проблема болып ссуда бойынша төлемеу тәуекелін басқару саналды. Бұл тәуекелдің түрін реттеуге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің (келесіде-ҚРҰБ) пруденциалдық нормативтері бағытталған.
Несиелік тәуекелді минималдау және сенімділікті жоғарылату облысындағы зерттеулер Қазақстанның банктік жүйесін реформалауда ең актуалды проблемасы болып отыр. Барлық аталған проблемалар және себептер осы курстық жұмысының тақырыбын таңдауға, оның мақсаттары мен негізгі міндеттерін қоюға өз әсерін тигізді.
Жұмыстың мақсаты және міндеттері. Жұмыстың мақсаты болып несиелік тәуекелді минимизациялау тәжірибесін зерттеу, сонымен қатар несиелеу жүйесін тиімді жетілдіру мен коммерциялық банктердің несиелік тәуекелдерін басқару мәселелерін қарастыру табылады. Тәуекелдерді бағалау әдістері, сонымен қатар Қазақстанның тұрақты банктік жүйесін құру үшін қазіргі жағдайларға оларды тиімді басқару әдістері өңделіп және жетілдіріліп жатыр.
Қойылған мақсат жұмыстың келесі міндеттерін анықтайды:
Курстық жұмыстың әдістемелік негізін Қазақстан Республикасы Президентінің „Ұлттық Банк туралы,, және „Банктер және бантік кызметтер туралы,, заң күші бар қаулылары, Ұлттық Банктің „Пруденциалдық нормативтер туралы,, ережесі, ҰБ-ң „Банк активтері мен шартты міндеттемелері және олар бойынша екінші деңгейдегі банктердің провизиялар есептеуі туралы,, ережесі, отандық және шетелдік экономистердің ғылыми еңбектері, оқулықтар, мерзімді басылымдардың материалдары құрайды.
1 Банктік тәуекелдердің экономикалық мәні мен теориялық негіздері
1.1 Банк тәуекелдерінің маңызы және олардың жіктелуі
Нарықты және нарықтық инфрақұрылымдарды, шаруашы-ық байланыстарын орналастырдың жаңа тетіктерін қалып-тастыру және кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамыту шаруа-шылық жүргізудің: бүкіл еларалық, республикалық, аймақтық, жергілікті сатыларында, сондай-ақ меншік нысандарының түрлеріне қарамастан әрбір шаруашылық бірлігі деңгейінде экономикалық тәуекелдер теориясын, оларды бақылау мен реттеудің әдістерін әзірлеп жасауды талап етеді.
Аталмыш проблемаларды шешуде банк жүйелері басты рөл атқарады. Бұл – ел экономикасының тұрақсыздығы жағ-дайындағы банктер мен несие қатынастары рөлінің өсе түсуі-мен және нарықтық қатынастардың дамуымен айықындалады. Банктер ссудалық капитал, бағалы қағаздар нарығын, валюта нарығын ғана қалыптастырмайды, сонымен бірге тауар биржа-ларын және жаңа шаруашылық құрылымдарын құру мен олар-дың қызметін жүргізуге де қатысады, негізі бойынша ұйымдар мен кәсіпорындардың қаржылық жағждайы, тауар, сауда және валюта нарықтарының конъюнктурасы, аймақтың экономика-лық хал-ахуалы туралы қажетті ақпараттардың бірден-бір иеленушісі болып саналады. Соңғы айтылғандар банктердің өз клиенттерінің сыртқы және ішкі коммерциялық және саяси тәуекелдерін зерттеудің маңыздылығын растайды.
Барынша көп пайда табуға ұмтылу нарықтық қатынастар жағдайындағы коммерциялық банктер жұмысының басты қағидасы болып саналады.
Кез келген шаруашылық қызметінде қандай да бір шаруа-шылық операцияларының өзіндік ерекшеліктерінен туындай-тын әрқашанда ақша ысырыптарының болу қауіпі өмір сүреді. Мұндай ысырыптар қауіпті қаржы тәуекелдерін білдіреді.
Тәуекел – бұл табысқа жете алмаған жағдайдағы оның болуы мүмкін зардаптары мен одан шығудың бегісіздік жағ-дайын көрсететін кез келген өндірушінің, оның ішінде банк қызметінің ахуалдық сипаттамасы болып саналады.
Тәуекел пайданы жоғалту және берілген несиелерді уақықытында төлемеушіліктің салдарынан шағымдардың пай-да болуы, ресурстық базаның қатысуы, баланстық операция-лардан сыртқары түрде төлемдерді жүзеге асыру сияқты қажетсіз нәтижелердің болу ықтималдығынан көрінеді. Соны-мен бір мезгілде тәуекел деңгейі неғұрлым төмен болса, жоғары пайда алуға деген сенім де соғұрлым аз болады. Сондықтан, біріншіден, кез келген өндіруші тәуекел дәрежесін барынша төмендетуге тырысады және бірнеше баламалы шешімдердің ішінен әрқашанда тәуекел деңгейі мен тәуекел деңгейінің оңтайлы арақатынасын таңдауы қажет болады.
Егер:
проблемалар күтпеген жерден туындайтын болса;
банктің бұрынғы тәжірибесіне сәйкес келмейтін (коммер-циялық банктер институты жаңа ғана даму ала бастаған біздің жағдайымызда әсіресе өзекті) алдыға жаңа міндеттер қойыл-ған болса;
басшылық қаржылық шығындарға әкелуі мүмкін (қажетті және қосымша пайда алу мүмкіндіктерін нашарлататын) қажетті және жедел шаралар қабылдау жағдайында емес болғанда;
банк қызметінің тәртібі немесе заңдардың жетілдірілме-гендігі нақты жағдайлар үшін кейбір оңтайлы шешімдер қа-былдауға кедергі келтіретін болса, тәуекел деңгейі арта түседі.
Банк операцияларының түгеліне жуық түрлері тәуекел жағдайында болады. Өткен кезеңдегі Қазақстанның коммерциялық банктерінің тәуекелдеріне талдау жасай келіп, келесілерді атап көрсетуге болады:
Бұл жағдайлар туындайтын банк тәуекелдері мен оларды зерттеу әдістеріне түбегейлі өзгерістер енгізеді. Дегенмен, аталмыш жағдай тәуекелдердің туындауы мен олардың даму деңгейінің үрдістеріндегі ортақ проблемалардың болуын жоққа шығармайды.
Тәуекелдер нақты деректерден, бүгінгі жағдай мен болашақ дамуға баға берудегі ауытқушылықтардан пайда болады.Бұл ауытқулар оң және теріс болуы мүмкін.
Тәуекел – бұл көпшілігі сәйкес келмейтін, ал кейбір жағдайларда қарама-қайшы негіздерге ие күрделі, жүйелі құбылыс болып саналады. Тәуекел:
Болуы мүмкін қауіп пен сәтсіздіктің шегі.
Сәтті бастау негізінде үміт ете отырып жасалатын қызмет.
Бірнеше баламалы ахуалдан бірін таңдай отырып, қателік жасау немесе табысқа жету сияқты әртүрліше түсіндіріледі.
Теорияға сәйкес, тәуекелге мыналар тән болып саналады:
Көрсетілген элементтер белгілі бір тәуекел ету жағдайында шешім қабылдайтын нақты тұлғаның қызметімен тәуекелдің байланысты екендігін анықтайды.Соған сәйкес, тәуекел шешім қабылдау мен оны жүзеге асыру сатысында өмір сүреді.
Тәуекел қарамақайшылық, баламалылық, белгісіздік сияқты белгілермен сипатталады.
Қарамақайшылық- мынадай жағдайларда көрінеді. Біріншіден, тәуекел оң нәтиже алуға бағытталған.Екіншіден, ол субъективизмге және объективті заттарды елемеушілікке әкеледі.
Баламалылық – екі немесе одан да көп мүмкіндіктерден іс-қимыл жасау нұсқасын таңдауды болжайды. Егер таңдау жоқ болса, онда тәуекел де жоқ. Баламалылық әртүрлі күрделілік дәрежесіне ие.
Белгісіздік – бұл ең алдымен сенімнің, бір жақтылықтың болмауы.
Тәуекелдің – субъективті және объективті екі тұжырымда-масының аражігі ажыратылады. Объективті тұжырымдама салыстырмалы түрде алып қарағанда оның болуы немесе болмауы белгісіз тәуекелден туындайды. Субъективті тұжырымдама, тәуекел-қатердің қауіптілігі мен болуы мүмкін зардаптарын ескере отырып, мінез-құлық нұсқаларын таңдауы-на негізделетін тұжырымда болып саналады.
Сонымен, шығындардың (тәуекелдердің) болу мүмкіндігі күні бұрын қаралғанда (ара салмағы есептелгенде) және сақтандырылғанда ғана пайда алуға болады. Сондықтан да коммерциялық банктердің қызметіндегі экономикалық тәуекел проблемаларына маңызды түрде назар аударылуы тиіс. Солардың ішіндегі негізгілеріне банк тәуекелдерінің жіктелуі, банктердің, жекелеген қарыз алушылардың, кәсіпорындар топтарының, салалардың экономикалық, саяси және өзге де тәуекелдерді есептеу әдістері мен негізгі баға берулері жатады.
Банк тәуекелдерін жіктеудің негізі болып қаланған неғұрлым маңызды элементтерге мыналар жатады:
Банк тәуекелдерінің жоғарыда келтірілген жіктеу элементтері аса маңызды және өзіндік сипаты бар болып саналады. Енді әрбір элементті қысқаша жеке-жеке қарастырып көрсек.
Банк тәуекелінің үлгісі (типі) немесе түрі. Мамандандырылған, салалық, әмбебап коммерциялық банктер тәуекелдердің әртүрлі жиынына ие, осыған орай, егер бұл инновациялық банк болатын болса, онда тәуекелдің жоғарылылығы жаңа технологияларға несие берумен байланысты болады. Салалық банк – нақты салалардағы тәуекелдерге ие кәсіпорындар, ал холдингтік банктер бағалы қағаздар мен операциялар жасауда тәуекелдерге кездеседі. Әмбебап коммерцтялық банктер сан алуан операциялар жүргізу арқылы кез-келген тәуекелге барады, дегнмен бір операциялардан пайда болған өзінің шығындарын келесі бір операциялардың кірістерімен жабуға атылмыш банктердің үлкен мүмкіндіктері бар.
Информация о работе Коммерциялық банктерде банк тәуекелдерін басқару саясатын жетілдіру жолдары