Коммерциялық банктерде банк тәуекелдерін басқару саясатын жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2014 в 18:11, курсовая работа

Описание работы

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей несиелендіруден түскен пайда банк пайдасының орасан зор үлесін құрайды. Бір уақытта несиелердің кайтпай қалуы, әсіресе үлкен көлемді несиелер қайтпай қалуы құлдырауға әкеліп соқтыруы мүмкін. Сондықтан несиелік тәуекелді басқару кез-келген коммерциялық банктердің дамуының стратегиясының бірден-бір қажетті бөлігі.

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................................3

Банктік тәуекелдердің экономикалық мәні мен теориялық негіздері......5
Банк тәуекелдерінің маңызы және олардың жіктелуі.........................................5
Банк тәуекелдерінің түрлері және олардың сипаттамасы..................................8
Банк тәуекелдерін басқару және оларды азайту тәсілдері...............................11

Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінде тәуекелдерді басқару жүйесін талдау.....................................................................................14
Банк секторындағы несиелік тәуекел-менеджментті басқару ерекшеліктерін сипаттау.................................................................................................................14
Банк жүйесіндегі несиелік портфелді қалыптастыруда тәуекелдер деңгейін бағалау...................................................................................................................19
«Банкцентркредит» АҚ – ның несиелік портфелін талдау және бағалау.......22

Коммерциялық банктерде банк тәуекелдерін басқару саясатын жетілдіру жолдары.............................................................................................25

Қорытынды..............................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................32

Файлы: 1 файл

Банктік тәуекелдер түсінігі және түрлері.doc

— 269.00 Кб (Скачать файл)

Инновациялық құралдарды іздестіру мен енгізу макроортадағы, нарық жағдаятындағы өзгерістермен, сондай-ақ ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерімен байланысты (Сурет 19).

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 19. Банк ортасында қаржы инновацияларының қалыптасу жағдайы

(Ескерту-Автор зерттелген әдебиет көздерінің негізінде әзірлеген)

 

Банк тәуекелдерін басқару саясаты банктің жалпы қаржы стратегиясының бөлігі болып табылады, ол түрлі қаржы операцияларын жүзеге асырумен байланысты тәуекелдердің қаржылық салдарын ырықтандыру жөніндегі іс-шаралар жүйесін әзірлейді. Алайда соңғы уақытта тәуекелдерді басқару саласында жаңа үрдістер пайда болды: тәуекелдер айқындала түсті, тәуекел мөлшерін анықтайтын әдістер кеңірек пайдаланады, тәуекел жан-жақты бақылауға алынып, өлшене бастады, жаңа әдістемелер мен ұйымдастырушылық технологиялар пайда болды. Осының барлығы менеджмент тарапынан да, сондай-ақ тәуекелдерді басқару проблемаларына меншік иелері тарапынан да баса назар аударуына себеп болды.

Қазақстанда банк мекемелері көп және олардың барлығының меншік капиталының біршама төмен болуынан оларда тұрақсыздық орнауы мүмкін, демек клиенттердің, инвесторлардың және салымшылардың тарапынан банк жүйесіне сенімсіздік тудыруы – Қазақстандық банк жүйесінің бірінші және ең басты проблемасы болып табылады. Әлемде және Қазақстан көлемінде де күшейіп бара жатқан бәсекелестік Ұлттық банк тарапынан өздерінің меншік қаражатының мөлшерін Қазақстанға келетін әлемдік банк институттарымен бәсекеге түсуге мүмкіндік беретін деңгейге жеткізу үшін күш-жігер жұмсауды қажет етеді.

Сондықтан Қазақстанның банк қызметін сауықтыру үшін банктердің меншік капиталын ұлғайту және тиісінше тұтастай банк жүйесінің тәуекелін төмендету жолында іс-әрекет жасау қажет. Банктердің меншік капиталын ұлғайту әдістері көп емес. Ең алдымен, бұл инвесторлардың арасында қосымша акциялар эмиссиясын қарастырады. Іс жүзінде акциялар эмиссиясында нарықтың жаңа эмиссиялар сатып алу мүмкіндігі әрдайым ескерілуге тиіс.

Банк өз инвестицияларының сенімділігіне сенімді болғанда ғана нақты құралды пайдалана бастайды. Банк үшін жаңа құралдарға және инвестициялық салаларға салымдар, банктер арасындағы өршіп келе жатқан бәсеке нәтижесінде ғана салынады.

Қарастыруды қажет ететін келесі мәселе – Ұлттық банк жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін жақсарту жолдары. Қазақстандық банк жүйесінің шетелдік банктерден айырмашылығы – көрсетілетін қызметтер аясының тарлығы. Мәселен қазақстандық банктер практикасында қолданылатын тек дәстүрлі құралдар банктерге қойылатын талаптарға жауап бермейді.

Банктердің практикасына электрондық төлем карточкаларын енгізу көрсетілетін қызметтер аясын кеңейтудің екінші келешек жолының мол бағыты болып табылады. Аталмыш нарық қазіргі таңда іс жүзінде әлі құрылған жоқ, ал оның келешегі – аса мол.

Қазақстан банктері ұсынатын қызметтердің саны тым шамалы, ал қызметкерлердің саны әлемдік практикамен салыстырғанда керісінше өте көп екенін айтып өту қажет. Демек, қазақстандық банктер жаңа қызметтер енгізу, сондай-ақ банк жұмысын автоматтандыру және қызметкерлер санын қысқарту арқылы өзінің пайдалылығын айтарлықтай арттыруға және тиісінше өздерінің бәсекелік жайғасымдарын елеулі жоғарылатуы мүмкін.

Кепілзат облигацияларын шығару активтерді секъюритизациялаудың инновациялық процесіне жатады. Айтарлықтай тәуекелге ұрындыратын банк операцияларын секъюритизациялау бір жақты мағынада айтқанда өтімсіз активтерді нарық үшін қолайлырақ формаға, яғни құнды қағаздарға шоғырландырып өзгертуді білдіреді. Секъюритизация банк институттарының активтері мен міндеттемелерінің құрамы мен құрылымына айтарлықтай ықпал етеді:

  • ипотекамен, банк акцептерімен қамтамасыз етілген облигациялар, коммерциялық қағаздар, құнды қағаздар нарығын пайдалану арқылы дәстүрлі банк несиелеуден ілгері жылжу байқалады, сонымен бірге банктер ұзақ мерзімді айналыстағы құнды қағаздар нарығында белсенді қарыз беруші ретінде болады;
  • көбінесе облигациялар мен айналатын депозиттік сертификаттар шығару арқылы;
  • банктер ішкі қысқа мерзімді ақша нарықтары мен қысқа мерзімді құнды қағаздар нарықтарындағы инвестициялар мен қарыздар арқылы ішкі банкаралық нарықтарда толық құқықты және белсенді қатысушыға айналады;
  • банктер халықаралық қор нарығына кеңінен енеді – 80-ші жылдардың бірінші жартысына халықаралық несиетегі құрылымы синдикатталған банк несиелерінен басым көпшілігі активтерді секъюритизациялауға көшті; банктер халықаралық облигациялар нарығында қарыз берушіге айналды.

Банк тәуекелдерін басқару саясаты банктің жалпы қаржы стратегиясының бөлігі болып табылады, ол түрлі қаржы операцияларын жүзеге асырумен байланысты тәуекелдердің қаржылық салдарын ырықтандыру жөніндегі іс-шаралар жүйесін әзірлейді. Алайда соңғы уақытта тәуекелдерді басқару саласында жаңа үрдістер пайда болды: тәуекелдер айқынырақ, тәуекелді мөлшерін анықтайтын әдістер кеңірек пайдаланып, тәуекел жан-жақты бақылай отырып, өлшене бастады, жаңа әдістемелер мен ұйымдастырушылық технологиялар пайда болды. Осының барлығы менеджмент тарапынан да, сондай-ақ тәуекелдерді басқару проблемаларына меншік иелері тарапынан да баса назар аударуына себеп болды.

Қазіргі уақытта банктер тәуекелге ұшырау қаупінің алдын алу үшін банк бейім тәуекелдердің барлық түрлерін сәйкестендіруді, бағалауды, бақылап, қадағалауды қамтамасыз ететін жүйені ұйымдастыруға, сондай-ақ осы тәуекелдерге барабар меншік капиталдың болуын қарастыруға тиіс.

Банктердің және клиенттердің тәуекелді операцияларын басқарудағы басты міндет тәуекелдің сол немесе басқа түрін өзіне алуы өзін ақтайтынын білу және операциялар бойынша ықтимал ысырапты шектеуге бағытталған оңтайлы шешім қабылдау болып табылады.

Тәуекелдерді кешенді басқару жүйесі ықтимал ысырапты толықтай болдырмайтын қорғаныс емес, алайда олардың жиынтығының ықпалы күтілетін мөлшерден тыс ысырапқа әкеп соқтырмайды деп айтуға негіз береді. Осы жүйе банк бизнесінің тәуекелдер жиынтығын шоғырландыруға және жағдай қолайсыз дамығанда ықтимал ысырапты барынша төмендетуге мүмкіндік туғызады. Біз осы пікірге арқа сүйеп, екінші деңгейдегі банк менеджменттерінде тәуекел-менеджментті ұйымдастыру сызбасын әзірледік.

Әлемнің ең ірі корпорацияларының тәжірибесін зерттеу негізінде әзірленген сызбадан тәуекел-менеджменті бөлімі банк Басқармасымен бір деңгейде қарастырылғаны көрінеді. Бұл тәуекел-менеджмент бөлімінің функционалдық маңызы банк Басқармасымен бірдей екенін растайды. Егер банк Басқармасы бүкіл банк жұмысын ағымдағы және жедел басқару үшін жауап берсе, онда тәуекел-менеджмент бөлімі тәуекелдерді үйлестіру мен басқаруды Басқарма деңгейінде ұйымдастыруға тиіс. Осы бөлімге жұмыс істеу үшін нарықты тамаша білетін, экономиканың барлық салаларының клиенттерімен жұмыс тәжірибесі бар, қаржы нарықтарында практикалық тәжірибесі мол, нақты жағдайға ұқсас болжам жасай алатын және тәуекелмен жұмыс істегенде маңызы зор кәсіби пайымдау қабілеті бар мамандар қабылдануға тиіс. Сонымен бірге осы мамандар тәуекел жағдайды бағалай алуға, операция жасалған жағдайда келешектегі кірістер мен залалды бағалай алуға, яғни мәміленің жан-жағын барынша қарастыруға тиіс.

 

Қорытынды

Тәуекел-менеджмент жүйесін құруды – коммерциялық банктердің кәсіпкерлік қызметінде кездесетін тәуекелдің барлық түріне объективтік түрде ден қою ретінде қарастыру қажет. Оның белең алуына бизнестің ғаламдануы, бәсекенің шиеленісуі, сонымен бірге қаржы қызметтеріне және банктің делдалдық операцияларына (лизинг, факторинг, форфейтинг) сұраныстың күшеюі ықпал етті. Қазіргі замандағы іскерлік орта жағдайында нарықта барабар іс-әрекет жасауды пысықтау, сондай-ақ тіршілік ету жолдарын анықтап, тұрақты өсіп-өркендеу негізін қалау тәуекел-менеджмент жүйесін құрып, оны дамытуды қажет етеді. Сонымен бірге тәуекел-менеджменті теориясы мен оны ұйымдастырып жүргізу әдістемесін әзірлеудің де маңызы арта бастады. Банктерді әр түрлі қаржы нарықтарында және клиенттермен жасалатын операцияларда ықтимал тәуекелден қорғауға ықпал ететін тәуекел-менеджментін қауіпсіздік деңгейіне жетуге қажетті іс-әрекеттердің жиынтық моделі ретінде қарастыруға болады. Тәуекелдің алдын алу және бизнесті одан қорғау әдістемесі тұрғысынан алып қарағанда тәуекел-менеджменті коммерциялық банктер қызметінің негізгі бағыттарының бірі (маркетингтік, бәсекелік, инновациялық және т.б. бағыттармен қатар) болып табылады. Қазіргі заманғы банк нарығын тәуекелсіз елестету мүмкін емес. Тәуекел кез келген операцияда болады, тек түрлі банктерде тәуекелдің мөлшері әрқалай болуы мүмкін, сондықтан оны бағалау және мүмкіндігінше барынша төмендету қажет.

Іске асырылған зерттеу жұмысынан мынадай қорытынды шығаруға мүмкіндік береді:

Макроэкономикалық көрсеткіштерді болжау қиын және тәуекелге толықтай жол бермеу мүмкін емес. Тәуекелдерді басқару жүйесінің мақсаты сол немесе басқа операцияны жүргізу кезінде тәуекелдің туындау ықтималдығын дұрыс бағалау және оны барынша төмендету. Тәуекелдерді басқару практикасының қалыптасуы әлі аяқталмағанын және көпшілікті қанағаттандыратын әдістеме әлі құрылмағанын атап өту қажет. Әрбір банктің өзіндік ерекшеліктері бар және олардың әрқайсысының нарықта өз орнын қызметкерлерінің мүмкіндіктеріне орай шамалайды, сондай-ақ банктердің байланыстары жылдар бойы пысықталған, негізгі операцияларының шеңбері де белгіленген. Сондықтан бір банкке тән тәуекелдерді басқарудың қолайлы моделі екінші банк үшін әркезде сәтті бола бермейді. Сол себептен осы еңбекте тәуекелдер теориясы мен тәуекелдерді басқару (тәуекел-менеджменті) теориясы зерттелді және банк қызметіндегі тәуекел-менеджменттің анықтамасы берілді.

Тәуекелдерді басқару процесінде инновациялар жасап, оларды қолдану қаржы менежментінің ең маңызды бөліктерінің бірі болып табылады. Тәуекел-менеджменті жүйесіндегі банктердің инновациялық қызметін автор төмендегідей сәйкестендіреді:

– тәуекел-менеджменті стратегиясын қалыптастыру негізінде;

– қаржы нарықтарында бәсекелік орта өршіген және жағдай күрделенген жағдайда тәуекел-менеджментінің ең маңызды құралы, қаржы нарығында банктердің жұмысында қаржы инновациялары мен технологиялардың рөлін ескеру қажет.

Еңбекте мақсатты бағдармен – тәуекел-менеджментінің әдістерін жоғарылату арқылы қаржылық тұрақтылыққа жетумен өзара байланысты банктердің қаржылық инновацияларының рөлі мен негізгі тұжырымдамасы анықталған.

Коммерциялық банктер тәуекел-менеджментті ұйымдастыру қажет екенін мойындады. Екінші деңгейдегі банктерде тәуекел-менеджментті ұйымдастырудың үлгілік сызбасының болмауына орай, әрбір банк осы ұйымдастыру құрылымын өзі дербес әзірлеп енгізеді. Әрбір банк осы жүйенің мақсаты мен міндеттерін өзі дербес белгілейді. Тәуекел-менеджменттің функциясын жоғарылату әрі оны бірдейлендіру мақсатында, біз екінші деңгейдегі банктерде тәуекел-менеджментті ұйымдастыру сызбасын әзірледік, сондай-ақ тәуекел-менеджері банк қызметінде сүйенуге тиіс принциптер де белгіленді.

Несиелік ұйымдардың банктің күнделікті қызметін қамтитын контроллинг жүйесін (әсіресе ішкі) құру тәсілдемелерін жетілдіру Қазақстанда банк ісін дамытудың тиімді элементі болып табылады. Мұның өзінде тәуекел-менеджменттің элементі болып табылатын контроллинг бақылау мен тәртіптемелердің жалпы саясатының жиынтығын білдіреді. Банк басшылығы жалпы саясатты банк жұмысының ашықтығына жету үшін қабылдаған және банк қызметінің ретті әрі тиімді жүргізу, сондай-ақ банктің саясатын қолдау, активтерді сақтау, келеңсіздіктердің алдын алу мен оларды жою, құжаттарды және бухгалтерлік жазбаларды дұрыс және толық ресімдеу, сондай-ақ нақты және сенімді қаржы ақпаратын уақытында дайындау мақсатында жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі

  1. «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңы. 30.03.1995.
  2. «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы. 30.03.1995.
  3. Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк мекемелері: Негізгі заң актілері. - Алматы: ЮРИСТ, 2002.
  4. 2002 жылы 3 маусымдағы Ұлттық Банк Басқармасының №213 қаулысымен бектіліген «Екінші деңгейдегі банктерге арналған пруденциялық нормативтер туралы» ереже
  5. Н. Назарбаев. Қазақстан – 2030. Ел Президентінің Қазақстан халқына  Жолдауы. Алматы «Білім», 1998. 54-55 бет.
  6. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Түсініктеме. ред. Басқарған Ғ.С. Сапарғалиев. Алматы «Жеті Жарғы», 1999 – 26 бет.
  7. Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы №1270 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі туралы» ереже
  8. Мақыш  С. Б. “Коммерциялық банктердің операциялары” Алматы: Қазақ университеті, 2004.
  9. Сейткасимов Г.С. “Банковское дело”. – Алматы: Каржы-Каражат, 2008.
  10. Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы. – Алматы, изд.2-е, перераб. и доп. Қаржы-қаражат, 2009.
  11. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. Оқу құралы/ Жалпы редакциясын басқарған ҚР ҰҒА-ның академигі Сейітқасымов Ғ.С., 2-ші басылым, қайта өңделген және толықтырылған. – Алматы: ИздатМаркет, 2004.
  12. Искакова З.Д., Банк ісі. Оқу құралы. Қарағанды, 2006.
  13. Ғ. Сейітқасымов, Ж. Бекболатұлы, С. Кәрімжанов. «Қазақстанның банк жүйесі». Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2008. – 186 б.
  14. Ілияс А.Ә. Ақша-кредит саясаты: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2008.
  15. Хамитов Н.Н. Банк менеджменті: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2007.
  16. Хамитов Н.Н. қазіргі кезеңдегі кредиттік іс: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2009.
  17. К.АУмарова А.М Ыбыраева Ақша, несие, банк. Оқу-тәжірибелік құралы. - Қарағанды, 2009.
  18. Ибрагимов Н.Т. Несиелердің жіктелімі және несиелік тәуекелді бағалау // Орта Азия елдеріндегі кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, шағын және орта бизнесті кеңейту және ұстанымын нығайту: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Алматы: Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 2010.
  19. Куратова И.Н. Несиелік тәуекел менеджментінің мазмұны мен құрылымы // Қазақстанда экономикалық ой-сананың дамуы: Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. – Алматы: Экономика, 2011.
  20. Джумабаева Л.И. Банктердің несиелік тәуекелді басқарудағы рөлі мен қызметі // Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекелестік қабілеттілігінің жағдайы мен болашағы: өнеркәсіптік маркетингтің, қаржыландырудың және басқарудың қазіргі әдістемесі: Халықаралық  ғылыми–тәжірибелік конференция материалдары. – Алматы: Қазақ ұлттық техникалық университеті, 2011.- 1 бөлім.
  21. Тасболатова А.Т. Банктің несие тәуекелдігін басқару жүйесі // Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекелестік қабілеттілігінің жағдайы мен болашағы: өнеркәсіптік маркетингтің, қаржыландырудың және басқарудың қазіргі әдістемесі: Халықаралық  ғылыми–тәжірибелік конференция материалдары. – Алматы: Қазақ ұлттық техникалық университеті, 2011.- 1 бөлім.
  22. Әкімгереева Л.И. Коммерциялық банктердің несиелік саясатының экономиканың дамуына ықпалы // ҚазЭУ хабаршысы. – 2011. - №2 (62).
  23. Талтанова Ж.Р. Қазақстан Республикасында екінші деңгейдегі банктердің шағын кәсіпкерлікті несиелеуі // Аграрлық нарық проблемалары. – 2011. -№1.
  24. Косаякова А. VaR әдіснамасы көмегімен банктік несие тәуекелін өлшеу// «Вестник КЭУ: экономика». – 2012. - №2.
  25. Шамшина Р.В. Скоринг үлгісі несиелік тәуекелді бағалаудың және төмендетудің тиімді әдісі// Әлемдік қаржылық дағдарыс салдарынан арылу және Қазақстан экономикасының даму болашағы: Халықаралық  ғылыми–тәжірибелік конференция материалдары. – Астана: Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті, 2012.- 2 бөлім.
  26. www.nationalbank.kz. Национальный Банк Республики Казахстан
  27. www.kisc.kz/КЦМР
  28. fingramota.kz. RFCA
  29. www.afn.kz

Информация о работе Коммерциялық банктерде банк тәуекелдерін басқару саясатын жетілдіру жолдары