Коммерциялық банктерде банк тәуекелдерін басқару саясатын жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2014 в 18:11, курсовая работа

Описание работы

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей несиелендіруден түскен пайда банк пайдасының орасан зор үлесін құрайды. Бір уақытта несиелердің кайтпай қалуы, әсіресе үлкен көлемді несиелер қайтпай қалуы құлдырауға әкеліп соқтыруы мүмкін. Сондықтан несиелік тәуекелді басқару кез-келген коммерциялық банктердің дамуының стратегиясының бірден-бір қажетті бөлігі.

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................................3

Банктік тәуекелдердің экономикалық мәні мен теориялық негіздері......5
Банк тәуекелдерінің маңызы және олардың жіктелуі.........................................5
Банк тәуекелдерінің түрлері және олардың сипаттамасы..................................8
Банк тәуекелдерін басқару және оларды азайту тәсілдері...............................11

Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінде тәуекелдерді басқару жүйесін талдау.....................................................................................14
Банк секторындағы несиелік тәуекел-менеджментті басқару ерекшеліктерін сипаттау.................................................................................................................14
Банк жүйесіндегі несиелік портфелді қалыптастыруда тәуекелдер деңгейін бағалау...................................................................................................................19
«Банкцентркредит» АҚ – ның несиелік портфелін талдау және бағалау.......22

Коммерциялық банктерде банк тәуекелдерін басқару саясатын жетілдіру жолдары.............................................................................................25

Қорытынды..............................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................32

Файлы: 1 файл

Банктік тәуекелдер түсінігі және түрлері.doc

— 269.00 Кб (Скачать файл)

Клиенттердің құрамы және тәуекелдердің туындауы. Қарыз алушыларға бөлек-бөлек берілген шағын және ірі несиелер банк тәуекелдеріне әртүрліше әсер етеді. Ұсақ қарыз алушылар экономикадағы кездейсоқтыққа көбірек тәуелді немесе бір саланың, аймақтың, елдің бір немесе қарыз алушылар тобына берілетін ірі несиелері өтімдікке, несиелерді банкке қайтаруға, қарыз алушыларды таңдауға күштіәсер ету мүмкін. Олардың несие қабілеттілігін анықтау, өз клиенттерінің қаржылық тұрақтылығын бақылау банктер менеджментінің маңызды қызметі болып саналады. Бір қарыз алушының (топтың) берешек көрсеткіші банк үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген пруденцияалды нормативке жатады.

Сонымен, банк тәуекелдерінің экономикалық жіктеуі (классификациясы) өзінің негізі мен банк қызметіне тереңдеп енуіне қарай алуан түрлі болып саналады.

 

 

1.2 Банк тәуекелдерінің  түрлері және олардың сипаттамасы

 

Банк тәуекелдері өзінің алуан түрде көрінуіне, пайда болу аясына, банк үлгілер мен олардың операцияларына, клиенттердің құрамына қатысты белгілері бойынша ажыратылады және оларды әртүрлі көзқарастар тұрғысынан зерттеу маңызды болып саналады.

Банктің өз бетімен жүргізген операциялары бойынша тәуекелдерге несие, пайыздық, валюталық, қоржындық тәуекелдер мен уыстан шығарып алған қаржы пайдаларының тәуекелдері жатады.

Несие тәуекелі – несие берушіге есептелетін негізгі берешек пен пайыздарды қарыз алушының оған уақытында қайтара алмау қаупі.

Пайыздық тәуекел – коммерциялық банктердің, несие мекемелерінің, инвестицияық қорлардың берілген несиелер бойынша ставкаларының үстінен, тартылған қаражаттар бойынша оларға төленетін пайыздық ставкаларды өсіріп жіберу нәтижесінде шығынға бату қаупі.

Валюталық тәуекел шетел валюталарының бірінің өзге валютаға, оның ішінде сыртқы экономикалық, несие және басқа да валюталық операцияларды жүргізу негізінде ұлттық валютаға қатынасы бойынша бағамының өзгеруімен байланысты валюталық шығындардың болу қаупін білдіреді.

Қоржындық тәуекел – бағалы қағаздар нарығындағы шығындардың болу мүмкіндігі. Уыстан шығарып алған пайдалар тәуекелі – бұл қандай да бір шаралардың жүзеге асырылмауы немесе шаруашылық қызметінің тоқтауы нәтижесінде пайда болатын жанама қаржы залалдарының тәуекелі.

Бұдан тыс қары, банктің әкімшілік-шаруашылық шығындарын өтеуге қабілетсіздігімен байланысты тәуекел туралы да жиі айтылады.

Атап өткен тәуекелдердің бүкілі бір-брімен өзара байланысты. Пайыздық ставкалар тәуекелі өзіндік тұрғыдан дербес болып саналады, өйткені несие ресурстары нарығындағы коньюнктурамен байланысты болып саналады және банкке тәуекелді емес фактор ретінде әсер етеді. Дегенмен, егер банк нарықтың пайыздық ставкаларының өзгеруіне бейімделмейтін болса, ол тәуекелдердің бүкіл тізбегінде несие тәуекелін арттыра түсетін болады.

Банк тәуекелдерінің сипаттамасы банк қызметіне байланысты тәуекелдердің, сол сияқты банк қызметі мен байланысты емес тәуекелдердің белгілері бойынша беруге болады. Тәуекел түрлерінің жіктеуі төменде беріліп отыр (кесте 1).

Кесте 1

Банк тәуекелдерінің жіктелуі


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Банк тәуекелдері өтімдік (ликвидитті) тәукеліне және табыс тәуекеліне бөлінеді. Оларға мыналар жатады:

  • депозиттік тәуекел;
  • күшін ұзарту (проглонгация) (салымдарды ұзақ мерзімге созу) тәуекелі;
  • несие тәуекелі (ссудалармен олар бойынша пайыздарды қайтарып алмау);
  • жаңадан жоспарланбайтын несиелер тәуекелі;
  • жаңа қызмет түрері бойынша тәуекелдер.

Табыс тәуекелі жұмысшылардың кәсіби салаларына қатысты.

Мұндай тәуекелдердің келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады:

  • несие тәуекелі;
  • валюталық тәуекел;
  • ел (елдер) тәуекелі;
  • салалық тәуекел.

Несие тәуекелі – қарыз алушының негізгі борышты уақытылы төлей алмау тәуекелі. Банктер кірістердің негізгі бөлігін несие қызметінен алады. Сондықтан да олардың міндеті клиенттің ссуданы қайтармау ықтималдығына қатынасы бойынша әлеуетті пайданы бағалауынан тұрады. Сондай-ақ мынаны атап өту көзделеді: несие беру кезіндегі әлеуетті шығындар тәуекелі берілген міндеттемелер мен кепілдіктерге, сыртқы сауданы, бағалы қағаздар мен операциялар жасауды акцепттеу мен қаржыландыруға, валюталар айырбасына, фъючерлік контрактыларға, СВОП, опциондарға қатысты болады.

Әлеуетті несие тәуекелдері операцияларға және операциялардың сатыларына байланысты бөлінеді (мысалы, мәміле жасау сәтіндегі «Форвард»).

Банк тәуекелдері негізгі пайда болу факторлары бойынша экономикалық және саяси болады. Саяси тәуекелдер – бұл саяси жағдайдың өзгеруімен байланысты, кәсіпорындар қызметінің нәтижелеріне қолайсыз әсер ететін, шекараны жабу, тауарларды басқа елдерге шығаруға, елдің аумағында әскери қимылдар жүргізуге тыйым салу сияқты тәуекелдер болып табылады.

Экономикалық (коммерциялық) тәуекелдер – бұл банктің өзіне немесе ел экономикасындағы қолайсыз өзгерістермен байланысты туындаған тәуекелдер. Тепе-теңдік сақталмаған (несбалансированный) өтімдік тәуекелі (төлем міндеттемелерін уақытылы орындаудың мүмкін еместігі) жеке тәуекелдер шоғырландырылған экономикалық тәуекелдің неғұрлым кең таралған түрі болып саналады. Экономикалық тәуекелде сондай-ақ нарық конъюнктурасы мен басқару деңгейінің өзгеруімен берілген.

Тәуекелдің бұл негізгі түрлері өзара байланысты болып табыады, сондықтан да оларды іс жүзінде бөлу өте қиынға соғады. Саяси және экономикалық тәуекелдер өз кезегінде сыртқы және ішкі әсер ету аясына тәуелділікте болуы мүмкін.

Коммерциялық сыртқы тәуекелдер еларалық, валюталық және кездейсоқ апаттар тәуекелдері болуы мүмкін.

Еларалық (страновые) тәуекелдер банктер мен мекемелер (бірлескен банктер – БББ) қызметін интернационалдандырумен, ңғаламды тәуекелдердің болуымен, тікелей байланысты және клиент-елдердің немесе контрогент-елдердің, импортаушылар мен экспорттаушылардың саяси-экономикалық тұрақтылықтарына қатысты болады. Олар шетел капиталының қатысуымен құрылған барлық банктер мен негізгі лицензиясы бар банк мекемелері үшін маңызды саналады. Банк басшылығының жіберетін негізгі қателіктері шетел контрагентінің қаржылық тұрақтылығын дұрыс бағалаумен байланысты болады. Тұрақты түрде жариялап отыратын БЕРИ индексі еларалық тәуекел деңгейін талдаудың ұсынылатын тәсілдерінің бірі саналады. Оның көмегімен еларалық тәуекел деңгейі күні бұрын анықталады.

 

1.3 Банк тәуекелдерін  басқару және оларды азайту  тәсілдері

 

Қандай да тәуекелдің қолдануға болатын дәрежесін анықтау және тәуекел ахуалын пайдалануға бағытталған іс жүзінде тез арада шешім қабылдау немесе қандай да бір операцияларды жүргізуден пайда болуы мүмкін шығындарды төмендететін шаралар жүйесін (құралдар мен әдістерді таңдау) жасау банктің тәуекел операцияларын ғылыми басқарудың басты міндеті болып саналады.

Тәуекелдерді басқарудың негізгі құралдарына (әдістеріне) келесілерді жатқызуға болады:

  • тәуекелдерді салмақтай білу қағидасын пайдалану;
  • сыртқы тәуекелдерді есепке алу (салалық, аймақтық, сақтандыру);
  • банк клиентінің қаржылық жағдайын, оның төлемқабілеттілігн, рейтингін және т.б. жүйелі талдауды жүзеге асыру; тәуекелдердің бөліну қағидасын қолдану, несиелерді қайта қаржыландыру;
  • несиелерді көбейту саясатын жүргізу банк операцияларының жалпы көлемін сақтау жағдайында клиенттердің үлкен санына берілген несиелерді шағын сомалармен кеңірек қайта бөлу;
  • ірі несиелерді тек консорцияларды негізде ғана беру (банкаралық келісімдер бойынша тәуекелдерді бөлу);
  • өзгермелі пайыздық ставканы пайдалану;
  • депозиттік сертификатты енгізу;
  • банктің қайта есептеу операцияларын кеңейту;
  • несиелер мен депозиттерді сақтандыру;
  • кепіл құқығын енгізу;
  • нақты жеке кепілдерді қолдану.

Тәуекелдерді танып білу үшін несие салымдарын орналастыруды бақылайтын арнайы жүйе құрылу талап етіледі. Осы мақсатта соның негізінде банк саясаты қалыптасатын аналитикалық жұмыстарды жүргізу үшін қажетті бүкіл ақпараттарды жедел алуға мүмкіндік беретін деректер базасы жасалады. Әдетте, жасалған және жасалатын несие және депозиттік шарттар, басқа банктерден алатын қарыздар туралы шарттар, төлеу мерзімі келмеген тиелетін тауарларға жұмсалатын несие алу жоспарлы қажеттіліктері туралы мәліметтер, баланстық есептер бойынша қалдықтар айалымының күнделікті мәліметі, балансқа кірмейтін есептер бойынша мәліметтер, несиелердің айналымдағы туралы мәліметтер деректер базасын құру түрінде қаралады.

Банктің несиелік салымын: сенімдіігі жоғары, сенімді, сенімділігі аз, жоғары тәуекелді төрт топқа жіктеуге болады. Коммерциялық банктің несие салымдарының жалпы сомасы несиелердің әрбір тобы мен оның өзгеруі үшін өтімдік коэффициентінің деңгейін болжаудың негізі болып қызмет етеді және бұрынғы саясатын жалғастыру немесе оны өзгертудің қажетті мүмкіндіктерін көрсетеді.

Деректер базасы негізінде күнсайын төлемқабілеттілік пен өтімдік көрсеткіштерінің маңызы ашып көрсетіледі және төлем қабілеттілік пен өтімдік қалыптары ескеріле отырып, банк операцияларын дамытудың болашағына талдаулар жүргізіледі. Бұл – банк қаржыларын орналастыру, банктің басқа кәсіпорындар мен банктердегі қатысуын кеңейту, қосымша кіріс көздерін іздеу мен оның өтімдігі мен төлем қабілеттілігінің сақталуын талап ете отырып, коммерциялық банк операцияларын дамыту мәселелерін өзара байланыста шешуге мүмкіндік береді. Мұндай талдау негізінде банктің өтімдігі мен төлемқабілеттілігі деңгейінің өзгеруін көре білуге және оларды тұрақтандыру бойынша қажетті шараларды уақытылы жүзеге асыруға болады.

Коммерциялық банктің төел қабілетсіздігі мен баланстың теңгерілмеген өтімдігі бойынша тәуекелдерді азайтуға, жасалған талдау мен жүргізілген маркетингтің нәтижелерін ескеретін саясат арқылы қол жеткізуге болады. Банк өзінің өтімдік шегінде тұрған жағдайда шұғыл шаралар қолдануға еріксіз барады. Мұндай шараларға келесілер жатады:

  • мерзімдері бойынша пассивтерді қайта топтастыру көмегімен талап еткенге дейін міндеттемелерді қысқарту;
  • өтімді активтерді, оның ішінде несиелерді жеткілікті түрде өтеу есебінен көбейту;
  • қызметтің жекелеген түрлерін дербес баланстарға бөлу жолымен балансты «тазарту»;
  • меншікті қаржыларды көбейту;
  • басқа банктерден қарыздар алу және т.б.

Сақтандыру - тәуекелдерді басқару құралы ретінде. Сақтандыру көмегімен тәуекелдердің экономикалық және саяси екі негізгі санатын жабуға болады.

Несиелерді сақтандыру өзінің негізі бойынша несие тәуекелін азайтуға немесе жоюға мүмкіндік береді. Жабдықтаушыларға немесе сатып алушыларға берілетін коммерциялық несиелер, банк ссудалары, несие бойынша міндеттемелер мен кепілдіктер, ұзақ мерзімдік инвестициялар және т.б. негізінен, несиелерді сақтандыру объектілері болып қызмет етеді. Сатушыны немесе несие беруші-банкті қорғау мүдделері келесілерден тұрады: борышкердің төлеуге қабілеті болмағанда немесе берілген несиелер бойынша қарызын борышкер өзге де себептермен төлемеген жағдайда несие қарызын өтеу жауапкершілігін сақтандыру компаниясы өзіне алады.

Сақтандыру ерікті негізде екі үлгіде жүзеге асырылады:

  • қарыз алушының жауапкершіліг сақтандыру (қарыз алушы сақтандырушы болып қатысады, несиелерді пайдаланғаны үшін пайыздарды енгізе отырып, несиені уақытылы және толық өтеудегі несие берген банктің алдындағы оның жауапкершілігі сақтандыру объектісі болып саналады);
  • несиені қайтармау тәуекелін сақтандыру (сақтандырушы – банк, ал сақтандыру объектісі – несиені пайдаланғаны үшін несие мен пайыздарды уақытылы және толық қайтарудағы банк алдындағы бүкіл немесе жекелеген қарыз алушылардың жауапкершілігі).

Келесілер сақтандырудың негізгі кезеңдері болып саналады:

  • сақтаушы қабылдайтын жауапкершілік мөлшері;
  • сақтандыру оқиғасын анықтау;
  • шығындарды өтеу тәртібі;
  • сақтандыру тарифі мен сыйлықтардың мөлшері.

Валюталық тәуекелдерді сақтандыру ерекшелігі назар аударуды талап етеді. Сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырушы кәсіпорындар мен ұйымдар үшін валюталық тәуекел мәселелері мен оларды сақтандыру әдістері өзекті бола түседі. Кәсіпорындардың валюталық қорларына жасалатын аударымдар көлемінің өсуіне қарай жиынтық бағам шығындары да өседі, сондықтан да валталық тәуекелді шектеу әдістерін таңдау өмірлік маңыздылыққа айналады.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың өз валюталық қорларын банк шоттарында сақтауы кезінде валюталық тәуекелдердің келесідей екі түрі туындайды:

  • барлық шетел валюталарына ұлттық валюта бағамның түсу тәуекелі;
  • әрбір теңге құыны түзетугеәкелген шетел валюталары бағамдарының өзара өзгеру тәуекелі.

Валюталық тәуекелдерді сақтандыру әдістері – бұл күтіліп отырған валюта бағамның өзгеруімен немесе алыпсатарлық арқылы пайда алумен байланысты туындаған тәуекелден толық немесе жартылай жалтарып кетуге мүмкіндік беретін операциялар. Хеджирлеу – болашақта айырбас валюта бағамдарының өзгеру ықтималдығын ескеретін және осы өзгерістердің қолайсыз зардаптарын болдырмау мақсатын көздейтін шұғыл контрактылар мен мәмілелер жасау жүйесі.

Информация о работе Коммерциялық банктерде банк тәуекелдерін басқару саясатын жетілдіру жолдары