Коммерциялық банктерде банк тәуекелдерін басқару саясатын жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2014 в 18:11, курсовая работа

Описание работы

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей несиелендіруден түскен пайда банк пайдасының орасан зор үлесін құрайды. Бір уақытта несиелердің кайтпай қалуы, әсіресе үлкен көлемді несиелер қайтпай қалуы құлдырауға әкеліп соқтыруы мүмкін. Сондықтан несиелік тәуекелді басқару кез-келген коммерциялық банктердің дамуының стратегиясының бірден-бір қажетті бөлігі.

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................................3

Банктік тәуекелдердің экономикалық мәні мен теориялық негіздері......5
Банк тәуекелдерінің маңызы және олардың жіктелуі.........................................5
Банк тәуекелдерінің түрлері және олардың сипаттамасы..................................8
Банк тәуекелдерін басқару және оларды азайту тәсілдері...............................11

Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінде тәуекелдерді басқару жүйесін талдау.....................................................................................14
Банк секторындағы несиелік тәуекел-менеджментті басқару ерекшеліктерін сипаттау.................................................................................................................14
Банк жүйесіндегі несиелік портфелді қалыптастыруда тәуекелдер деңгейін бағалау...................................................................................................................19
«Банкцентркредит» АҚ – ның несиелік портфелін талдау және бағалау.......22

Коммерциялық банктерде банк тәуекелдерін басқару саясатын жетілдіру жолдары.............................................................................................25

Қорытынды..............................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................32

Файлы: 1 файл

Банктік тәуекелдер түсінігі және түрлері.doc

— 269.00 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінде тәуекелдерді басқару жүйесін талдау

 

    1. Банк секторындағы несиелік тәуекел-менеджментті басқару ерекшеліктерін сипаттау

 

Несиелік тәуекел-менеджментінің мазмұнына келетін болсақ, ол банк қызметіндегі несиелік тәуекелді басқару ұғымымен тікелей байланысты болып келеді, бірақ олардың арасында өзіндік айырмашылықтар бар. Ондай айырмашылықтарды анықтау үшін тәуекел-менеджментінің ғылым ретінде қалыптасуына мән беру қажет. Тәуекел менеджментінің саласы ретінде несиелік тәуекел-менеджменті банк ісі тәжірибесіне кейінгі уақыттары қолданып жүрген жаңаша терминге жатады.

Қазіргі таңда қаржы қызметінің аумағында, оның ішінде Қазақстан Республикасының банк ісінде  тәуекел-менеджменті тез дамып отыр.

Қазақстанның ұлттық қаржысының қалыптасуы 18 жылда тәуекел менеджмент жүйесі небәрі 3 жылда республикамыздың қаржы институттарында ұйымдастырылып қана қоймай, барлық аспектілерінде маңызды болды. Әсіресе тәуекел менеджмент жүйесін 2004 жылы 15 қарашада өткен IV Қаржыгерлер конгрессінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың, сонымен қатар қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігінің бұйрығымен: 2005 жылдың 1-ші шілде айынан бастап қаржы ұйымдарының капитализациялау деңгейін, олардың тәуекел адекваттығын қамтамасыз етуде, 2005 жылдың соңына дейін қаржы ұйымдарында тәуекелді басқарудың қазіргі жүйесін енгізу шараларын қолдануды бұйырды. Сондықтан тәуекел менеджмент жүйесінің қалыптасуы барлық қаржы институттарында негізгі және басыңқы болып табылады.

Тәуекел-менеджменті - тәуекелді бағалаудың барлық ұйымдастыру үдерісін қамтып, орындалуын бақылау және шешімдерді қабылдауда, тәуекелді басқарудың біртұтас жүйесі болып табылады.

Банк қызметін жіктей отырып, тәуекел-менеджментін келесідей түрде анықтауға болады:

    • өз клиенттерінің қызығушылығын ең жақсы жолмен қанағаттандыра отырып банктің табысын жоғарылату;
    • салымшылар мен кредиторлардың қызығушылығын сақтай отырып, банк балансының өтімділігін қамтамасыз ету;
    • банк қызметінің көлемі және құрылымы, сапасы бойынша клиенттердің қажеттілігін қанағаттандыру.

Банк қызметіндегі тәуекел-менеджменті тәуекелдердің түрлеріне байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:

    • пайыздық тәуекел-менеджменті;
    • несиелік тәуекел-менеджменті;
    • өтімділік тәуекел-менеджменті;
    • валюталық тәуекел-менеджменті;
    • операциондық тәуекел-менеджменті;
    • баланстан тыс тәуекел-менеджменті.

Мұндағы несиелік тәуекел-менеджментінің қызметінің тиімділігі кез-келген коммерциялық банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде өте маңызды болып табылады.

Біздің ойымызша несиелік тәуекел-менеджментін кең және тар мағынада түсінуге болады. Кең мағынасында несиелік тәуекел-менеджментін  бірнеше тұрғыда қарастыруға болады: құбылыс ретінде, үдерісі ретінде, жүйе ретінде, ғылыми ілімдердің саласы ретінде, басқару өнері ретінде, басқарушы менеджерлердің санаттары немесе басқарушы ұйым ретінде.

Енді осы көзқарастарға жеке - жеке тоқталып өтейік.

Несиел тәуекел-менеджменті құбылыс ретінде басқарушы субъектінің тарапынан басқарылатын объектіге жоспарлы түрде ықпал етуді білдіреді.

 Несиелік тәуекел-менеджменті үдерісі ретінде бірқатар атқаратын қызметтерді қамтиды. Ондай қызметтерге жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу, мотивациялау және бақылау жатады.

Несиелік тәуекел-менеджменті жүйе ретінде өзара байланыста элементтердің жиынтығын, соның ішінде адами, ақпараттық, құрылымдық және т.б.

Несиелік тәуекел-менеджментінің ғылыми тұрғыдан несиелік тәуекелді басқару мәселелерімен айналысатын ғылым ретінде түсінуге болады.

Несиелік тәуекел-менеджментінің басқару өнері ретінде қарастыру оның тұжырымдамаларына, заңдылықтарына, қағидаттарына және әдістеріне негізделуін білдіреді.

Несиелік тәуекел-менеджментінің басқарушы санаттары немесе басқарушы ұйым ретінде қарастыру белгілі-бір мақсатқа жетуде банктің қызметкерлерін үйлестіру жұмыстарын сипаттайды.

Ал енді тар мағынасына келсек несиелік тәуекел-менеджменті бұл несиелік тәуекелді басқару стратегиясы мен тактикасын білдіреді.

Несиелік тәуекел-менеджментінің стратегиясы дегенде алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуде құралдарды пайдалану әдісі мен бағыттары түсіндіріледі. Бұл әдіске анықталған тәртіптердің жиынтығы мен шешімдерді қабылдаудағы шектеулілік сәйкес келеді. Стратегия барлық варианттардың ішінен, ең негізгісін қабылдауға мүмкіндік береді. Стратегия алдына қойған мақсаттарын шешкеннен кейін өзінің қызмет етуін тоқтатады.

Несиелік тәуекел-менеджментінің тактикасы – бұл нақты жағдайдағы алдына қойған мақсаттарына жетудің әдістері мен шешімдері. Берілген шаруашылық жағдайында басқарудың ең тиімді шешімдерін таңдау тактикалық шешімдер болып табылады.

Жоғарыда келтірілген авторлық тұжырымдама негізінде, несиелік тәуекел-менеджменті құрылымының қазіргі үлгісін 1- суретпен беруге болады.

 

 


 

 

 


 


 

 

 


 



 

 

 

 




 

 

 

 

 


 


 

 

 

 

Сурет 1 - Несиелік тәуекел-менеджментінің қазіргі құрылымы

Ескертпе – құрастырған автор

       Несиелік тәуекел-менеджментінің құрылымына мыналар жатады (Сурет 1., келесі бетте):

  • несиелік тәуекелге қатысушыларды басқару;
  • тәуекел қоржынын басқару.

       Несиелік тәуекелге қатысушыларды басқару мыналарды қамтиды:

  • Қарыз алушының тәуекелін басқару.

  • Эмитенттің тәуекелін басқару.

  • Контрагент банктің тәуекелін басқару.

Мұндағы тәуекел қоржынын басқаруға мыналар жатады:

  • Несиелік қоржын тәуекелін басқару;
  • Корпоративтік бағалы қағаздар қоржынының тәуекелін басқару;

  • Банкаралық операциялар қоржынының тәуекелін басқару.

Банк несие тәуекелінің факторларын жинақтай келе оның төмендегідей түрлерін атап айту маңызды:

  • жеке несие тәуекелінің факторлары:
  • жеке тұлғаға несие беру кезіндегі несие тәуекелінің факторлары;
  • заңды тұлғаларға несие беру кезіндегі несие тәуекелдігі факторлары;
  • банк несие тәуекелінің жиынтық факторлары:
  • банк несие қоржыны тәуекелдігі факторлары

Соңғы уақытта түрлі елдердің банкілерінде несие тәуекелін басқару проблемасы жиі байқалып жүр. Бұл мәселе отандық банкілер үшін тіпті де маңызды, себебі соңғы 5-7 жыл көлемінде мерзімі өткен несие қарыздарының тұрақты өсуі байқалуда. Салынған қаржының пайдалылығы көрсеткіштері бойынша, банк қоржынындағы проблемалы несиелер деңгейі және басқа да критерилер бойынша бағаланатын несие мәмілесінің тиімділігі сыртқы ортаның факторларына да, несие тәуекелін басқару әдісінің жиынтығына да қатысты. Сыртқы факторлардың ықпалынан құтылу практика жүзінде мүмкін емес болуы себепті банкілердің бірінші кезектегі міндеті ретінде ішкі мүмкіндіктерді ескере отырып әлеуетті несие тәуекелділігіне баламалы басқару әдісі жүйесін әзірлеуі қажет.

Тәуекел жағдайда талдау нәтижесінде алынған банктің несие тәуекелінің көрсеткіштері (жеке және жиынтық) тәуекелді реттеу әдістерінің белгілі бір түрлерін қолдануға негіз болады. Несие тәуекелін бағалауды бірін бірі толықтырып тұратын екі түрге бөлуге болады: сапалық және сандық. Біріншісі несие тәуекелінің барлық мүмкін болатын факторларын сәйкестендірушілігін, сондай-ақ несие процесінің тәуекел пайда болатын кезеңін көрсетсе, екіншісі ақша бірлігі, сан, балл бойынша болуға тиісті шығындарды білдіреді.

Кейде сапалық және сандық бағалау сыртқы және ішкі факторлардың әсерін талдау негізінде жүзеге асырылады, мұнда әр фактордың жиынтық үлес салмағы, олардың несие тәуекелділігі көрсеткішіне әсер ету дәрежесі анықталады. Бұл әдіс көп еңбектенуді қажет еткенімен, оны қолдану оң нәтижелер әкеледі.

Несие тәуекелділігін өлшеу нәтижелері қолайлы деңгеймен сәйкес келмеген жағдайда, банктің тәуекел стратегиясына қарама қайшылықта болса, оның төлем қабілетіне нақты шын мәнінде қауіп төндіретіндей жағдайда болса, басқару әдісінің несие тәуекелінен жалтару әдісіне көшу тиімді болмақ.

Сондықтан көп ретте несие тәуекелін төмендету (азайту) әдістері  қолданылады. Оның мазмұнын мына шаралар құрайды:

  • Несиелерді оңтайландыру;
  • Күмәнді қарыздар бойынша мүмкін болатын шығындарды жабатын қаржыны резервте ұстау;
  • Несиелерді әртараптандыру;
  • Несиелерді құрылымдау;

Несиелерді оңтайландыру дегеніміз лимитті белгілеуді көрсетеді. Банктің несие қызметіне белгілі бір шектеулерді орталық банктің бір немесе бірімен бірі байланысты қарыз алушылер тобының жоғары тәуекелділігі, акционерлерге, басшы қызметкерлерге несие беру лимиттерін және т.б. талаптары да қоя алады. Сонда да болса банк несие мекемесі үшін ақылға қонымдысы - банктің өзі белгілеп, өзі өзгерте алатын несие қызметінің лимиттері жүйесін құру. Бұған несие беру туралы шешім қабылдау өкілеттілік лимитін, бір қарыз алушыға несие беру, салаға, аймаққа несие беру лимиттерін және орталық банк тарапынан жасалған шектеулер аясында ірі несиелер беруге шектеу қоюды жатқызуға болады.

Банк үшін несие тәуекелділігі дәрежесін төмендету әдісінің мәні үлкен. Бұл әдіс ішкі ресурстар арқылы банктің меншікті резерв қорын жасау деген сөз. Мұндай резервтер банктің өніміне қарайтын пайданың көлемін азайтқанымен, несиені қайтару проблемасы туындай қалған жағдайда пайда болатын қиындықтарды жедел шешуге мүмкіндік береді.

Несие тәуекелін төмендету бағытындағы тактикалық тәуекелді басқарудағы шешуші құрал несиені әртараптандыру әдістері болып саналады. Бұл бөліністі көрсетеді, бір жағынан банк несиесі кең ауқымдағы клиенттердің арасында бөлуді (тұрғын халық, шаруашылық субъектілері, меншіктің әртүрлі формасындағы кәсіпорындар, әр саладағы кәсіпорындар, қамтамасыз етудің әртүрлі түрлерін пайдалану), екінші жағынан мәмілеге қатысушылар арасындағы жауапкершілікті қарастырады.

Банктің несие тәуекелін басқаруды сақтандыру әдісі екі түрлі жүзеге асырылады:

  • Несие тәуекелін сақтандыру ұйымының көмегімен сақтандыру;
  • Несие тәуекелін туынды қаржы құралдарын пайдалану арқылы сақтандыру.

Сонымен банк несие тәуекелін басқару проблемасы басқару объектісіне- несие тәуекеліне тікелей және жанама әсер ететін шаралар жүйесі - басқару әдістерінің жиынтығы ретінде қаралғанда басқаша мазмұнға ие болатындығын көрсетеді. Бұл мәселелерді зерттеу отандық банкілер практикасында жанама әсер ету әдісіне жататын басқарудың жекелеген әдістері (ескерту, сақтандыру, тәуекелді ұстап қалу) жеткіліксіз қолданылатынын көрсетті. Алайда жанама әдістерді қолдану, оның негізін құрайтын тәуекелді ескерту әдісі белгілі дәрежеде банкте несие тәуекелділігі туындаған жағдайда оның пайда болуының алғы шарттарын жоюға мүмкіндік тудырады.

Бөлімде несиелік тәуекелді басқару қызметіндегі несиелік тәуекел-менеджменттің рөлі мен орнын анықтауға жасалған талдау нәтижелері бүгінгі қазақстандық банктік тәжірибеде несиелік тәуекел-менеджменттің негізгі теорияларының 90-жылдардың басынан бері қолданылып келетіндігін дәлелдеп берумен қатар, кейбір теориялық тұжырымдамалардың әлі де болса қолданылмай отырғандығын анықтап берді.

 

2.2 Банк жүйесіндегі несиелік  портфелді қалыптастыруда тәуекелдер  деңгейін бағалау 

 

Банк жүйесіндегі кредиттік тəуекел деңгейі жоғары күйінде қалып отыр. Банк жүйесіндегі қаржы тұрақтылығы үшін салыстырмалы түрде заемшылардың жоғары шоғырлануы жəне жылжымайтын мүлік жəне құрылыс секторларына белсенді қатысуына байланысты оның несие портфелінің сапасы бар. басты мəге ие болып отыр.

Заемшылардың кредиттік шарттар бойынша өз міндеттемелеріне қызмет көрсету сапасы тұтастай алғанда экономиканың негізгі даму үрдістеріне байланысты олардың қаржылық жай-күйімен айқындалады.

Американдық тəжірибе жəне қалыптасқан үрдістер отандық банк бизнесі үшін кредиттік тəуекеліне жəне несие портфелінің сапасына қатысты бөлігінде «сабақ» болып қызмет етуі тиіс.

Макроэкономкалық тұрақтылық үрдістерінің сақталуы, халықтың əл-əуқатының көтерілуі, құрылыс индустриясының қарқынды өсуі, сондай-ақ жылжымайтын мүлікке бағаның теңдесіз өсуі жағдайларында 2009 жылы салыстырмалы түрде арзан шетелдік капиталдың əкелінуімен байланысты болған банктердің несие портфелінің өсу үрдісі жалғасты. Шетелден капиталдың салыстырмалы түрде төменгі құнмен əкелінуі екінші деңгейдегі банктердің ресурстық базасының ұлғаюына, соның нəтижесінде банк қызметінің, əсіресе кредиттік қызметінің жандануына себепші болды, бұл банк секторының белгі бір тəуекелдерге, атап айтқанда, кредиттік тəуекелге ұшырау дəрежесінің артуына ықпал етті. Ағымдағы жылғы 9 ай ішінде несие портфелі кемінде 45% өсті. Сонымен қатар, банктердің соңғы айлардағы кредиттік белсенділігінің төмендеуін ескере отырып, жыл қорытындылары бойынша өсім қарқыны өткен кезеңдегі осындай көрсеткіштерден аспайтындығын күтуге болады.

Информация о работе Коммерциялық банктерде банк тәуекелдерін басқару саясатын жетілдіру жолдары