Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2014 в 18:11, курсовая работа
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей несиелендіруден түскен пайда банк пайдасының орасан зор үлесін құрайды. Бір уақытта несиелердің кайтпай қалуы, әсіресе үлкен көлемді несиелер қайтпай қалуы құлдырауға әкеліп соқтыруы мүмкін. Сондықтан несиелік тәуекелді басқару кез-келген коммерциялық банктердің дамуының стратегиясының бірден-бір қажетті бөлігі.
Кіріспе..........................................................................................................................3
Банктік тәуекелдердің экономикалық мәні мен теориялық негіздері......5
Банк тәуекелдерінің маңызы және олардың жіктелуі.........................................5
Банк тәуекелдерінің түрлері және олардың сипаттамасы..................................8
Банк тәуекелдерін басқару және оларды азайту тәсілдері...............................11
Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінде тәуекелдерді басқару жүйесін талдау.....................................................................................14
Банк секторындағы несиелік тәуекел-менеджментті басқару ерекшеліктерін сипаттау.................................................................................................................14
Банк жүйесіндегі несиелік портфелді қалыптастыруда тәуекелдер деңгейін бағалау...................................................................................................................19
«Банкцентркредит» АҚ – ның несиелік портфелін талдау және бағалау.......22
Коммерциялық банктерде банк тәуекелдерін басқару саясатын жетілдіру жолдары.............................................................................................25
Қорытынды..............................................................................................................30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................32
Банктердің несие портфелінің сапасы жыл басынан бастап кейбір өзгерістерге ұшырады. Бірінші кезекте, екінші деңгейдегі банктердің несие портфелінің сапасының төмендеуіне активтерді жіктеуге қатысты реттеу шараларының жəне екінші деңгейдегі банктердің 2010 жылғы екінші тоқсаннан бастап кредиттеу бойынша құжаттаманы жүргізу тəртібін қатаңдандыру ықпал етті. Бұдан басқа, өтімділіктің ғаламдық дағдарысына жəне борыштарды қайта қаржыландырумен банктерде проблемалар туындауына байланысты олар өз тəуекелдерін қайта бағалауға мəжбүр болды. Осыған байланысты бірінші кезекте кредиттеу шарттары қайта қаралды, бұл заемшыларға, тиісінше, олардың өз борыштарына қызмет көрсету сапасына əсер етпей қоймады (Сурет 2).
Сурет 2. Несие портфелінің сапасы
(пайызбен, 01.10.2010 жылғы жағдай бойынша)
«Жұмыс істемейтін» кредиттер деңгейі рұқсат етілген мəннен төмен. Алайда, жыл басынан бастап стандартты кредиттердің үлесі төмендеген кезде күмəнді кредиттердің үлесі ұлғайды.
Активтер сапасының нашарлау мəселелері соңғы жылдардағы банктік дағдарыстардың көбінің дамуының негізінде жатыр. Несие портфелін бағалауды халықаралық салыстыру мақсатында көбіне «жұмыс істемейтін» кредиттер үлесінің көрсеткіші қолданылады. Жұмыс істемейтін кредиттер көлемі несие портфелінің 10%-на жеткен кезде əлемдік практикада қаржы тұрақтылығына қауіп болып табылады. Банк жүйесінің несие портфеліндегі осындай кредиттердің үлес салмағы қауіпті деңгейден 10% төмен. Алайда, ағымдағы жылғы сəуірден бастап стандартты кредиттердің үлес салмағы төмендеген кезде күмəнді кредиттер үлесі едəуір ұлғайды, бұл көбінесе, қадағалау органы тарапынан кредиттік тəуекелді барынша теңбе-тең бағалауға бағытталған жаңа талаптарды енгізуіне жəне тиісінше провизияларды құруына байланысты болды (3,4 суреттер).
01.01.2009 01.12.2009 01.01.2010 01.10.2010
Сурет 3. Несие портфелі сапасының динамикасы (жиынтыққа пайызбен)
Сурет 4. Несие портфелі жəне қалыптастырылған провизиялар, (млрд. теңге)
* 2,4 жəне 5 санатты күмəнді, үмітсіз
Өз кезегінде, банктердің несие портфеліндегі заемдар бойынша клиенттердің мерзімі өткен берешектерінің жеке үлес салмағы жыл басынан бастап 1,3%-дан 1,0%-ға дейін төмендеді (Сурет 5).
Сурет 5. ЕДБ несие портфеліндегі мерзімі өткен берешектің үлесі
Бұл ретте кредиттік портфельді кепілдік қамтамасыз ету құнымен жəне қалыптастырылған провизиялар көлемімен жабу дəрежесінің төмендеуі салдарынан тұтастай алғанда, банк жүйесі бойынша ықтимал кредиттік залалдың жиынтық деңгейінің өсуін атап өткен жөн (сурет 6). Алайда, жабу дəрежесінің төмендеуі кепілдік қамтамасыз етуді (жылжымайтын мүлік нарығындағы үрдістің өзгеруі салдарынан) неғұрлым консервативтік бағалауға, сондай-ақ кепілсіз кредиттер (тұтыну кредиті) көлемінің ұлғаюына байланысты болды.
01.01.2009 01.10.2009 01.01.2010 01.10.2010
Сурет 6. Несие портфелін қамтамасыз ету құнымен жəне қалыптастырылған
провизиялармен жабу дəрежесі, (пайызбен)
Заемдар бірнеше секторларға шоғырланған, бұл оларды сектордағы, атап айтқанда, құрылыс, сауда жəне өнеркəсіп секторларындағы белгілі бір сілкіністер жағдайларында осал жасайды. Банктер құрылыс секторына берілген кредиттерге қатысты бөлігінде неғұрлым осал, бұл осы сектордың дамуын болжап білудің мүмкін еместігіне жəне нарықтардағы баға түзетулеріне жоғары деңгейде ұшырауына байланысты.
2.3 «БанкЦентрКредит» АҚ – ның несиелік портфелін талдау және бағалау
Банк Қазақстандағы шағын және орта бизнесті қаржыландыруда жетекші орындарға ие. Несие саясатындағы басымдықтарды өзгерту көзделмеген және 2011 жылы ШОБ-тың несие портфелін ұлғайту жоспарланып отыр.
Ірі корпоративтік клиенттер несие портфеліндегі қомақты үлесті – шамамен 25%-ды иеленеді, осы кезде экономиканың құрылыс секторын қаржыландырудың табиғи төмендеуі байқалатын болса, экономиканың сауда және қызмет сияқты салаларында банк белсенділігін сақтады.
2010 жылы ЦентрКредит Банкінің айналымындағы карталардың өсімі 25,7%-ды құрады. Банк өнім желісін және олар бойынша ұсынылатын қызметтің жиынтығын кеңейтті.
Өнім желісін Maestro, MasterCard Standard, MasterCard Gold, MasterCard Platinum сияқты төлем карточкалары толықтырды. Жаңа карточкалық өнім – «Gift Card» сый картасы енгізілді.
2011 жылғы 01 қаңтардағы жай-күйі бойынша «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың несиелік портфелі Б қосымшасында көрсетілген.
2010 жыл ішінде Банктің несие портфелі 10%-ға өсіп, жыл аяғында 801,1 млрд теңгені құрады. Портфельдің құрылымы елеулі өзгерістерге ұшыраған жоқ. Өткен жыл жалпы банк жүйесі үшін айтарлықтай күрделі болды, бұл өз алдына несие сапасының нашарлауына ықпал етті.
Дегенмен, Банктің несие портфелінің сапа көрсеткіштері әлдеқайда жақсы, бұған қалыпты консервативтік несие саясаты және несие портфелінің жақсы әртараптандырылуы септігін тигізді.
«Банк ЦентрКредит» АҚ қорларының деңгейі 2010 жылы 9%-дан 13%-ға дейін ұлғайды (ҚЕХС бойынша) және оның абсолютті мәні 106 млрд теңгені құрады, ал NPL деңгейі 3.5%-дан 10%-ға дейін ұлғайды (ҚЕХС бойынша). Осылайша Банк туындауы мүмкін тәуекелдіктерді өтеу үшін жеткілікті деңгейде қор жинады.
Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер Банктің несие бойынша шығындарды абсорбциялауының жоғарғы мүмкіндіктерін көрсетеді. Экономиканың әр түрлі секторларын несиелеу кезінде Банк әртараптандыру саясатын қолданады, оның негізгі мақсаты – салалық тәуекелдіктің банк қызметіне теріс әсер етуін шектеу.
Экономика салаларын несиелеуде несие портфеліндегі ең қомақты меншікті салмақ саудаға, құрылысқа, тамақ өнеркәсібіне, өндіріске және ауыл шаруашылығына тиесілі болып келеді: олардың үлесі несиелік портфель жиынтығының 50%-ын құрайды.
Несиелік портфельдің салалық құрылымындағы жеке тұлғалар 34% құрайды.
Сурет 7. Несиелік портфельдің көрсеткіштері
01.01.2011 жылы бөлшекті несие беру бойынша несие портфеліне 70 942 несие кірді.
Бөлшекті несиелеудің барлық бағдарламалары бойынша 01.01.2011 жылы жеке тұлғалардың несиелік портфелі өткен 2010 жылмен салыстырғанда 4,92%-ға өсті және 199514 млн теңгені құрады.
Сурет 8. Бөлшекті несие беру бойынша несие портфелінің қарқыны (млн теңге)
2010 жылдың ішінде жалпы сомасы 51 476 млн теңгені құрайтын 18 160 бөлшекті несие, оның ішінде ипотекалық несие бойынша 29 366 млн теңге сомасындағы 5 525 несие, тұтыну қарыздары бойынша 22 110 млн теңге сомасындағы 12 635 несие берілген.
01.01.2011 жылы бөлшекті несие беру бойынша несие портфеліне 70 942 несие кірді. Бөлшекті несиелеудің барлық бағдарламалары бойынша 01.01.2011 жылы жеке тұлғалардың несиелік портфелі өткен 2010 жылмен салыстырғанда 4,92%-ға өсті және 199514 млн теңгені құрады.
2010 жылы Банк Experian компаниясымен (Ұлыбритания) бірге стратегиялық әріптесі Kookmin банкінің қолдауымен бөлшекті несие беру өнімдеріне арналған скоринг жүйесін енгізу бойынша қанатқақты жобаны жүзеге асырды. NBSM жүйесі енгізілді, соның нәтижесінде клиенттердің барлық несиелік өтінімдері автоматы түрде өңделеді. Жеке тұлғалардың несиелік өтінімдері үшін құжатайналым жүйесі енгізілді, бұл барлық несиелік өтінімдердің орындалу барысын бақылауға мүмкіндік береді. Банктің деректеріне негізделген несиелік скорингтің статистикалық моделі жасалды.
Жақын болашақта Банк скоринг жүйесін жеке кәсіпкерлердің несиелеріне
қатысты да қолдануды, сондай-ақ Банктің қолданыстағы несиелерін бағалауға арналған скоринг жүйесін жасауды көздеп отыр. Аталмыш жүйе несие портфеліне қызмет көрсетуге, несие стратегиясын анықтауға, сондай-ақ банк өнімдерінің кросс-селлингіне негіз болады. Іске асырылған инновацияларды Интернет арқылы Клиенттерге қашықтан қызмет көрсету барысында пайдалану да Банк алдына қойған мақсаттардың бірі болып табылады.
3 Коммерциялық банктерде
банк тәуекелдерін басқару
Қазіргі заманғы банк жүйесін құруда қол жеткізген табыстарға қарамастан, қазіргі таңда қазақстандық банктер алдында бірқатар ағымдағы мәселелер мен проблемалардың шешімін табу қажет, оларды ойдағыдай іске асыру банктердің сенімділігі мен тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.
Қазақстанда банк ісін тиімді дамытудың маңызды элементі несиелік ұйымдардың ішкі және сыртқы бақылау жүйесін құру тәсілдемелерін жетілдіру болып табылады.
Жүргізілген зерттеулер нарық жағдайында бақылаудың мәні де өзгеретінін көрсетті, ендігі уақытта ол:
– басқарушылық қызметтің ажырамас бөлігі;
Банк тәуекелдері экономикалық тәуекелдер санатына кіретіні белгілі, сонымен бірге олардың өзіндік ерекшеліктері бар. Кез келген тәуекелді оқиғаның салдарынан банкке шығын, залал келтірілуі немесе банктің имиджіне көлеңке түсуі мүмкін, ал осы залалды бірқатар уақыт өткеннен кейін ғана бағалау мүмкін. Тәуекелдің осындай көп жақтылығы оны бірнеше қырынан қарау қажет екенін растайды, ал осыдан бағалайтын көп жіктелім мен тәсілдеме пайда болады. Кез келген өндірістік және коммерциялық қызмет өзіне тән тәуекелді болып табылады, өйткені іс-әрекет басталғанда олардың тиімділігі ішінара ғана белгілі.
Тәуекел кәсіпорындар мен коммерциялық
банктердің өзара іс-әрекет жасау жүйесінің
ажырамас бөлігі болып табылады. Банктер мен кәсіпорындардың
өзара іс-әрекет жасау тәуекелдігін кешенді
бағалау әдістемесі бар, оны
төмендегі формула бойынша есептеуге
болады:
мұнда: Rф(сов) – өзара іс-әрекет жасаудың нақты жиынтық тәуекел көрсеткіші;
bk – топтық нақты тәуекелдің (кәсіпорын мен банктің) k-ші көрсеткішінің маңызын сипаттайтын параметр;
Rф(r)k – топтық нақты тәуекелдің k-ші көрсеткіші.
Біз зерттеген менеджмент және тәуекел-менеджменті теорияларының негізінде тәуекел-менеджменттің банк қызметіндегі маңызын білдіретін анықтаманы ұсынамыз: тәуекел-менеджмент банк қызметінде ұйымдастырылған жүйе болып табылады. Осы жүйенің мақсаты банк тәуекелдерін барынша қысқарту, олардың алдын алу, қадағалау, оларды бақылау және мониторинг жүргізу, сондай-ақ жоспарланған пайданы алу және банктің имиджін нарықтың тұрақты қаржы субъектісі ретінде сақтау үшін барынша күш-жігер салу болып табылады.
Тәуекел-менеджментті ұйымдастыру үшін банктердің қосымша қаржы шығыны, басқару, қадағалау және талдау жүйелерінің болуын, сонымен бірге тәуекелге бас ұра алатын және банктің беделі, оның қаржылық жай-күйі немесе тіпті банкроттық жөнінде сөз қозғалған қиын жағдайда жеке-дара дұрыс шешім қабылдай алатын жоғары білікті мамандарды даярлауды қажет етеді.
Шетелдік тәжірибені зерттеу банк жүйесінде тәуекел-менеджментті күшейту проблемасы батыс Еуропа елдерінде өзекті болып табылатынын көрсетті. Осы елдерде сыртқы аудиторлар жылына бір рет жүзеге асыратын сыртқы бақылаумен салыстырғанда жұмыстағы жол берілген кателіктерді, туындайтын тәуекелдерді ерте білу және ықтимал шығындар мен залалдардың алдын алу мақсатында күн сайын жүргізілетін ішкі бақылаудың күшейгені байқалады. Тәуекел-менеджмент бастапқы бақылау жүйесінен ерекшеленетін ішкі бақылау жүйесінің маңызды элементі, сондай-ақ мәмілелер мен операцияларды күнделікті бақылау, тәуекелдерді басқару, реттеу және бақылау жүйесі болып табылады.
Қазақстанның Ұлттық банкі банк қызметінің тәуекелін басқару мен мониторингінде тәуекелді келесі түрлерге бөлуді ұсынады:
1) кредит тәуекелі;
2) пайыз тәуекелі;
3) өтімділіктің ысырап болу тәуекелі;
4) операциялық тәуекел;
5) валюталық тәуекел;
6) баға тәуекелі;
7) ел (трансферлік) тәуекел;
8) құқықтық тәуекел;
9) бедел тәуекелі.
Біздің түсінігіміз бойынша қаржы инновациялары – қаржы нарығы құралдарының, сондай-ақ банк құралдарының дамуында байқалатын ұзақ мерзімді процесс.
Қаржы инновациялары – аса маңызды ауыспалылардың, адам капиталының, нарық жағдайының, реттеу және банк қызметкерлерінің корпоративтік мәдениет жүйесінің функциясы.
Білім әлеуетін басқару жүйесінде инновация жасау және оны енгізуде адам капиталы негізгі рөл атқарады. Қаржы инновациясы банк жүйесінің қазіргі заманда дамуының ең айқын әрі маңызды үрдісі болып табылады.
Информация о работе Коммерциялық банктерде банк тәуекелдерін басқару саясатын жетілдіру жолдары