Ұлттық қаржы нарығының жүйелі өзгертудің өзекті мәселелері мен даму болашағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2014 в 11:57, курсовая работа

Описание работы

Қаржы нарығы - бұл капиталға деген сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру шеңберінде делдалдардың көмегімен несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы капиталды қайта бөлу механизімінің жүйесі. Тәжірибеде ол ақша қаражаттары ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға және олардан кері бағыттайтын қаржы-несие институттарының жиынтығын білдіреді. Қаржы нарығының негізгі функциялары мыналар:
реттеушілік - оның көмегімен мемлекеттік басқару органдарының және өзін-өзі реттеу ұйымдарының тарапынан нарықты реттеу жүзеге асырылады;

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................................3

1. Қаржы нарығының мәні мен құрылымы
1.1. Қаржының мазмұны мен мәні ............................................................................5
1.2. Қаржы нарығы құрылымы, түрлері ...................................................................8
1.3. Қаржы нарығының қалыптасуы …….………………………………………..11

2. Қазақстанның қаржы нарығын ағымды талдау
2.1 Банк жүйесінің дамуын ағымды талдау............................................................17
2.2 Валюта нарығының экономикалық көрсеткіштерін бағалау..........................23
2.3 Қазақстандық сақтандыру нарығының даму үрдістері....................................26
2.4 Зейнетақымен қамсыздану нарығын жүйелі жетілдіру...................................29



3. Ұлттық қаржы нарығының жүйелі өзгертудің өзекті мәселелері мен даму болашағы
3.1 Ұлттық қаржы нарығын аймақтық және дүниежүзілік қаржы орталықтарына айналдыру болашағы.................................................................................................34
3.2 Халықаралық қаржы орталығының қажетті элементтері................................37
3.3 Алматы - халықаралық қаржы орталығы ретінде............................................42

Қорытынды .............................................................................................................45

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................................46

Файлы: 1 файл

каржы нарыгы курс.doc

— 1,005.50 Кб (Скачать файл)

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе..........................................................................................................................3

 

1. Қаржы нарығының мәні мен құрылымы

1.1. Қаржының мазмұны мен мәні ............................................................................5

1.2. Қаржы нарығы құрылымы, түрлері ...................................................................8

1.3. Қаржы нарығының қалыптасуы …….………………………………………..11

 

2. Қазақстанның  қаржы нарығын ағымды талдау

2.1 Банк жүйесінің  дамуын ағымды талдау............................................................17

2.2 Валюта нарығының  экономикалық көрсеткіштерін бағалау..........................23

2.3 Қазақстандық  сақтандыру нарығының даму үрдістері....................................26

2.4 Зейнетақымен  қамсыздану нарығын жүйелі жетілдіру...................................29

 

 

 

3.  Ұлттық  қаржы нарығының жүйелі өзгертудің  өзекті мәселелері мен даму  болашағы

3.1 Ұлттық қаржы  нарығын аймақтық және дүниежүзілік  қаржы орталықтарына айналдыру болашағы.................................................................................................34

3.2 Халықаралық қаржы  орталығының қажетті элементтері................................37

3.3 Алматы - халықаралық қаржы орталығы ретінде............................................42

 

Қорытынды .............................................................................................................45

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................................46

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

         Мен осы курстық жұмысымда қаржы нарығының құрылымын, түрлерін, сонымен қатар, қаржы нарығының жұмыс істеуінің алғы шарттарына және әлемдік қаржы нарығына кеңінен тоқталамын.

        Қаржы нарығы – дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асырып, кәсіп орындардың, фирмалардың, банктердің жинақтаушы зейнетақы қорларының, мемлекеттің және халықтың ауқытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтың қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтың қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, сақтық валюта және басқа нарықтармен (капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, жер алтын және т.б. нарықтармен) етене тығыз байланысты.

Қаржы нарығы - бұл капиталға деген сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру шеңберінде делдалдардың көмегімен несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы капиталды қайта бөлу механизімінің жүйесі. Тәжірибеде ол ақша қаражаттары ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға және олардан кері бағыттайтын  қаржы-несие  институттарының  жиынтығын  білдіреді. Қаржы нарығының негізгі функциялары мыналар:

  • реттеушілік - оның көмегімен мемлекеттік басқару органдарының және өзін-өзі реттеу ұйымдарының тарапынан нарықты реттеу жүзеге асырылады;
  • ақпараттық - қаржы нарығына қатысушылардың барлығын ақпараттармен толық және теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
  • бөлу - қаржы нарығы құралдарының айналысы ақша қаражаттарының экономиканың бір саласынан екіншісіңе, нарықтың бір қатысушысынан екіншісіне, бір аймағынан екіншісіне өтуін қамтамасыз етеді және сонымен бірге қаржы ресурстарының бөлінуіне әсер етеді;
  • коммерциялық - қаржы нарығындағы жүзеге асырылатын операциялар мәмілеге қатысушылардың барлығына қандайда бір табыс әкеледі;
  • баға белгілеу - қаржылық құралдардың бағасы нарықта еркін бәсекелестік жағдайындағы сұраныс пен ұсыныстың әсерімен қалыптасады.

Қаржы нарығы – қаржы активтері мен осы активтердің сатып алушысы және сатушысы арасында пайда болатын экономикалық қарым-қатынас аясы.

Актив – шаруашылық субъект пен азаматқа тиесілі мүліктік құқықтар жиынтығы.

Қаржы активі – ол қаржы нарығының тауары. Оларға: ақша, бағалы қағаздар, зейнетақы полистері, медициналық полис, сақтандыру куәлігі, құймадағы аса құнды металдар (зергерлік және тұрмыстағы заттардан басқа).

Курстық жұмысының өзектілігі қазір біздің елімізде қаржы нарығы енді-енді ғана қалыптасып келе жатқандығымен байланысты. Бұл үшін экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық себептер бар.  Қазақстанның қаржы нарығының ары қарай дамуы мақсатында институционалдық құрылымға, шетелдерде танымал болған және кеңінен қолданылатын түрлі қаржылық құралдардың енгізілуіне, қаржы нарығының қызметін талдау әдістемесіне ерекше мән беру қажет. Сондықтан, Қазақстанның қаржы нарығының құрамдас бөліктері ретінде банктік қызметтер нарығы, бағалы қағаздар нарығы, зейнетақы нарығы мен сақтандыру нарықтарының қазіргі таңдағы даму деңгейі және болашақтағы перспективалары курстық жұмыстың зерттеу объектілері болып табылады.          Американ әдебиетшісі Уилл Роджерс (1879-1935) – ықылым заманнан бері әлемде үш әйгілі өнертабыс: отты пайдалану, дөңгелек және орталық банк жүйесі болды деп санаған. Бұл пікірге келіспеу мүмкін емес, себебі, қаржылық түнініксіздіктер мен ретсіздіктерді банкілер рет пен тәртіпке келтірудің ерекше жүйесін енгізеді. Алайда, банкілердің рөлін дұрыс ескеру қажет. Кейбір қаржылық емес салада, бұл институттар қаражаттарды табыстаған (аударған) кезде бар болғаны делдал ғана болады деген пікір қалыптасқан. Банкілердің қызмет ету аясымен олардың атқартын нақты қызметі әлдеқайда күрделі болатындықтан, бұл – біршама үстірт пікір. Нарық қатынастарына көшкеннен бастап олардың рөлі де арта түсті, міндеттері де өзгерді.     Бағалы қағаздар нарығы қаржы нарығының ерекше маңызды құрамдас бөлігі болып саналады. Себебі, қаржы нарығындағы қатынастар тікелей бағалы қағаздармен байланысты және елдегі бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі елдің қаржы нарығының даму деңгейін көрсете алады.     Сақтандыру нарығы қаржы нарығың маңызды сегменті болып табылады. Сақтандыру - бұл тәуекелді бөлу туралы келісім. Қаржы нарығы әрқашанда тәуекелге бейім болғандықтан, сақтандыру нарығы да қаржы нарығының ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады. Жоғарыда аталған себептерді ескере отырып, курстық жұмысты жазуда мынандай міндеттер қойылады:   - қаржы нарығының құрамдас бөліктері ретінде банктік қызметтер нарығын, бағалы қағаздар нарығын, сақтандыру нарығы мен зейнетақы нарығының қызмет ету ерекшеліктерін қарастыру;      - банктік жүйенің дамуына әсер ететін факторларды айқындау;   - валютан нарығының экономикалық көрсеткііштерін талдау;   - сақтандыру нарығының дамуына кедергі болатын себептерді анықтау; - зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдіру механизмін зерттеу; - ұлттық қаржы нарығының даму болашағын анықтау.   Курстық жұмыстың құрылымы үш негізгі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде қаржы нарығының мәні мен мазмұны, құрылымы қарастырылды. Екінші бөлімде Қазақстанның қаржы нарығын ағымды талдауы жасалынды. Үшінші бөлімде Ұлттық қаржы нарығының негізгі мәселелері мен даму болашағы қарастырылды.

 

        1. Қаржы нарығы: мәні, құрлымы, түрлері

1.1. Қаржының мазмұны  мен мәні

 

Қаржы дегеніміз – французша қолдағы ақша, кіріс деген ұғымды білдірген. Ал мемлекеттің пайда болып, оның дамуына сәйкес тауар – ақша айырбасының  дамуына байланысты экономикалық өмір сақынасына көтерілген қаржы ұғымы ақша қаражаты қорын және оны пайдалану процесін айқындайтын экономикалық категория болып табылады. Сонан қаржының негізгі мәнісі тауар-ақша қатынастарын білдіруге саяды.

Ақша қоры-мемлекеттің қолындағы үлкен байлығы. Сондықтан да кез-келген мелекеттің ақша жөніндегі кірістері мен қорлардың басты материалдық бүлағы-ішкі жалпы өнім, оның құрамды бөлігі үлттық табыс болып саналады. Осыдан мемлекет қаржы арқылы өз қолындағы қорларды бөлу, қайта бөлу негізінде өндіріс дамуына, өндіру мен түтынуға ықпал жасап, бүл саладағы түбегейлі мідеттерді ойдағыдай шешіп отырады. Қаржы осындай ықпалды ерекшеліктерімен өндірістік қатынастар ауқымын анықтайды, базалық категорияға қоян-қолтық қатысты буынға айналады. Материалдық өндірістің үрдіс дамуына байланысты экономикалық категория түтқасын үстаған мемлекет қаржыны өз тарапынан реттеп, оның өрісіне кең жол ашып отырады.

Қорыта келгенде, қолдағы қаржы мемлекеттік үлғаймалы ұдайы өндіріс талаптарын жүзеге асыру мақсатында ақша қаражатын орталыққа жинақтауды қалыптастыру жағдайында ақша қатынастарының жиынтығын бейнелейтін экономикалық категория.

Қандайда қоғамдық - экономикалық құрылысқа өдіріс қажет. Өдіріссіз ешбір қоғам өмір-сүре алмайтына көне тархтын дамуы айқын дәлел. Қоғамдық өндірістің маңызы орасан зор. Ол, біріншіден қоғамға аса қажетті алуан түрлі техника әзірлеп береді. Осы арқылы қоғамның өзінің техника, яғни еңбек қүралдарына деген тұтынуын қамтамасыз етеді. Екіншіден, өндіріс қоғам мшелерінің үдайы өсіп отыратын материалдық және рухани қажеттеріне қажет өнімдерді шығарады. Осымен қоғам мүшелерінің өмір тіршілігіне қажет заттарды-киімкешекті, жиһаз, турмыстық жабдықтарды, азық-түлікті үлғааймалыүрдіспен әзірлеп отырады. Сондықтан өндіріссіз-қоғам жоқ, түтынушысыз-өндіріс жоқ, деген қағида пайда болған.

Алайда, қоғамдық түрғыдан алғанда жалпы түтынуға арналып өндірілген барлық өнімдер толықтай алғанда тауар деген үғымды білдіреді. Бүл арада теориялық түрғыдан айрықша атап өтуге қажетті мәселе бар. Айталық, егер жеке адам өзін жекелей түтыну үшін нендей бір өнім шығаратын болса, оны саудаға шығармай, тек өзінің игілігіне ғана пайдаланған жағдайда, ол өнім шығарушы үшін тауар болып саналмайды. Егер шығарылған өнімді сауда-сатық жағдайында басқа бір түтынушы үшін сатып алса, онда әлгі өнім тауар атағына ие болады. Ал қоғамның тауар өндіріс арқылы шығарылатын өнім бірден тауар болып табылады. Жоғарыда аталғандай қоғамдық өндірістік өнім қоғамның өзінің де, жеке дара түтынушының да қажеттігіне айналады, сатылады. Осы тауарларды сатудан түскен ақша мемлекеттің қаржы қорын құрайды. Жалпықоғамдық өнім мен үлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамының түпкілікті пайдалануға жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай көрінісі болып табылады. Алайда қаржы ақша қатынастарының бүкіл сферасын қамтиды деп санау дүрыс болмас еді. Ақша катынастары ішінен тек олар арқылы мемлекеттің, оның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің жасалынатын  ақша қорлары бүл қатынастардың мазмүны болып табылады. Ақша қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең. Қаржы тек ақша қорларының, атап айтқанда табыстар мен қорларымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды.     Экономикалық категория ретінде қаржының мазмұнын қүрайтын қатынастардың өзгешелігі олардың көрісінің әрқашан ақшалай нысаны болатындығында. Қаржы әр қашан ақша және тек ақша қатынастарын ғана білдіреді. Ақша болмаса қаржының болуы мүмкін емес, өйткені қаржы ақшаға байланысты болтын жалпы нышан. Сөйтіп кезгелген ақша катынасы қаржы қатынасы болуы мүмкін емес ал кезгелген қаржы қатынасы ол ақша катынасы болып табылады.     Қаржы қатынастары өзінің негізінде бөлгіштік қатынастар болып табылады. Қаржының арқасында экономиканың барлық қүрылымдық бөліктерінде және шаруашылық жүргізудің түрлі денгейлерінде қоғамдық өнім қүнын қайта бөлудің сан алуан процестері жузеге асады. Қаржы қатынастарының бөлгіштік сипаты экономикалық категория ретінде олардың айрықша белгісі болып табылады.       Қаржы қатынастарының ақшалай сипаты мен бөлгіштік сипаты қаржының аса маңызды белгілері болып табылады, бірақ  тек ғана өзіне тән қасиетері емес, өйткені бұл белгілер бағаға да, еңбек ақы төлеуге де, несиеге де ортақ. Қаржының ерекше белгілер :  қорларды қалыптастыру, оларды белгілі бір мақсаттарға жүмсау, директивалық (сөзсіз болатын міндетті төлемдер), тепетендіктің болмауы (қаржыға баламалық тән емес).      Сөйтіп, қаржының қаралған өзгеше белгілері қаржының ерекшелігін атап көрсетеді.             Жоғарыда айтылғандардың негізінде қаржының қысқаша анықтамасын былайша тұжырымдауға болды : қаржы – бүл қоғамдық өнімді бөлу және қайта бөлу процесінде пайда болатын айрықша экономикалық қатынастардың жиынтығы, мұның нәтижесінде үдайы өндіріс қатысушыларының сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін олардың ақшалай табыстары  мен қорлары жасалып, пайдалынады. Басқа сөзбен айтқанда қаржы ол ақшалай қорларды қалыптастырумен бөлумен және пайдаланумен болтын экономикалық қатынастар.        Қаржының қажеттігі тауар – ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды. Қаржының басты арналымы – табыстар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып отыру және бүл ресурстардың жүмсалуына бақылау жасау. Қаржы ресурстары – бүл жалпы ішкі өнім қунының бір бөлігін, атап айтқанда, ақша нысанындағы таза табысты бөлу және қайта бөлу процесінде жасалынатын мемлекеттің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықтың қарамағындағы ақша каражаттары, олар үлғаймалы ұдайы өндіріс пен жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге арналған.            Қаржы ресурстары болмаса, мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзінің әлеуметтік – экономикалық бағдарламаларын, қорғаныс және елдің қауіпсіздігі фунцияларын қамтамасыз ете алмайды.  Қаржы ресурстарының қаржы қорларынан айырмашылығы бар. Қаржы қорлары - қаржылық әдіспен қалыптастырылған, белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақша қаражаттары.  Мемлекет, дәстүрлі фунциялардан басқа, шаруашылық процестерді реттеу жөнінде едәуір экономикалық функцияларды орындайды, сондықтан мемлекеттің қарамағында қаражаттарды орталықтандырудың дәрежесі айтарлықтай жоғары – мемлекеттік бюджет арқылы қазір жалпы ішкі өнімнің 20 пайыздан астамы және жиынтық қоғамдық өнімнің 10 пайыздайы бөлінеді. Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және ролі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның үғымы мен қажеттігін ғана емес, сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды да талап етеді.        Экономистердің көзқарасы бойынша қаржы екі функция орындайды : бөлу және бақылау. Бөлу функциясы қоғамдық жалпы өнім мен оның бөлігі – үлттық табысты бөлу және қайта бөлу процесінде көрінеді. Қоғамдық өнімді бөлу алғашқы және кейінгі, немесе қайта бөлу болып ажыратылады.   Алғашқы бөлу кезінде жиынтық қоғамдық өнімнің жалпы көлемінен өтеу қоры шығарып тасталады және жаңадан жасалған қүн – ұлттық табысты бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, шаруашылық субъектілердің және халықтың алғашқы табыстары қалыптасады.        Ұлттық табысты қаржы көмегімен қайта бөлудің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:          - өндірістік емес саланы қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету;   - елдің аймақтары арасында қаржы ресурстарын мақсатты бөлу;   -қаржы ресурстарын сала ішінде бөлу.     Қаржының бақылау функциясы қаржылық бақылауда-жалпы ішкі өнімді тиісті қорларға бөлуге және оларды мақсатты арналым бойынша жұмсауға бақылау жасауда көрінеді. Қаржының бақылау функциясының экономикалық мағынасы кәсіпорынның қаржы қызметіне теңгемен бақылау жүргізу. Бүл бақылау материал, еңбек және ақша ресурстарын тиімсіз немесе тиімді пайдалануын көрсетеді.          Қаржының экономикалық ролі мына бағыттардан көрінеді:   қаржы капиталдың айналымын тездете отырып, кәсіпорындардың, фирмалардың өндірістік қызметі тиімділігінің өсуіне жағдай жасайды;   кірістер мен шығыстарды үдайы салыстырып отыру арқылы қаржы кәсіпорындардың есебін нығайтып, дамытады;

қаржы ақша қорларын бөлу және қайта бөлу арқылы экономикалық өсудің ара салмағын қамтамасыз етеді;

қаржы қорлану, тұтыну қорларын қалыптастырады, соның негізінде тиімділікті арттыруға мүмкіндік жасайды;

қаржы меншіктің сан-алуан нысандарының дамуына мүмкіндік туғызады.

Сонымен бірге қаржы үлттық шаруашылықтың ара салмағын қамтамасыз етуде белсенді рөл атқарады: олардың көмегімен экономикалық және әлеуметтік дамудың индикативтік жоспарының элементтері теңдестіріледі.Қаржы қүндық бөлу процесіне қатыса отырып, баға, жалақы, несие сияқты категорияларымен өзара  тығыз байланыста болады және өзара іс-қимыл жасайды.

Қаржы еңбекке ақы төлеумен тығыз байланысты. Материалдық өндіріс сферасында еңбекке ақы төлеуқоры (жалақы қоры) қаржының көмегімен өнімді өткізуден түскен түсім-ақшадан бөлінеді. Бүл қор өндірілген өнімнің көлеміне қарай қалыптасуы мүмкін.

Сырттай қарағанда еңбекке ақы төлеу қорын анықтауға баға факторы тікелей қатыспайды деген пікір туады. Бірақ таза табысты бөлу арқылы оның әсері ақиқат көрінеді. Нарықтық жүйеде бағаның еңбекке ақы төлеу қорына әсері бүрынғыдан бетер арта түседі.

 

1.2. Қаржы нарығы құрлымы, түрлері

 

        Қаржы нарығы – бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа нарықтармен  байланысты. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайындағы қаржы нарығы қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың, ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысына ұтымды ұйымдастырудың айырықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар нарығы, сондай-ақ несие нарығы түрінде де іс-әрекет етеді. Қаржы нарығы экономиканың түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында ақшаны қайта бөлуді барлық әр түрлі нысанда реттейтін нарықтық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы ұғым болып табылады.  Экономикалық әдебиеттерде және шаруашылық практикада қаржы нарығы ұғымы ақша, валюта, кредит, капитал нарықтарын қоса отырып кеңінен түсіндіріледі. Бұл қаржыны жалпы ақша мен құн категорияларына бара-бар категория ретінде қарастыратын практикамен, негізінен дүниежүзілік практикамен байланысты, өйткені экономикалық ресурстардың кез келген түрі меншіктің титулдары болып табылатын ақшамен немесе тиісті бағалы қағаздармен, басқа құжаттармен ортақтастырылуы мүмкін.

Қаржы нарығы ақша нарығын, несие капиталы нарығын және қор нарығын қамтиды. Ал қор нарығы өз алдына  бағалы қағаздар нарығын және туынды бағалы қағаздар нарығын қамтитын болады

Ақша нарығы дегеніміз қолма-қол ақша ғана емес, қолма –қолсыз төлем қаражаттарының  нарығы

         Несие  нарығы несие бойынша банктердің несие операцияларымен байланысты .

         Ақша мен несие нарықтары, әдеттегідей,  айналым активтерінің қозғалысына қызмет етеді.

         Капитал нарығында қоғамдық өндіріс қатысушыларының орташа және ұзақ мерзімді қорланымдарының қозғалысы жүзеге асырылады

         Қаржы нарығында сатып  алу –сатудың объектісі айрықшалықты тауарлар-ақша және бағалы (ақша) қағаздар болып табылады.Сондықтан онда бағалы қағаздардың қозғалысімен ортақтастырылатын экономиқалық  қатынастар болып  табылатын бағалы қағаздар нарығы  маңызды орын  алады . Қор құндылықтарының-бағалы қағаздар мен туынды бағалы қағаздар айналысымен байланысты болғандықтан оны қор нарығы деп те атайды. ”Қор  нарығы“ термині  бастапқыда бағалы қағаздармен мәміле жасалынатын және ресімделінетін мекеменің – қор биржасының атымен байланысты .

        Функционалдық тұрғыдан қаржы нарығы – бұл шаруашылық  жүргізуші субъектілердің, банктердің, мемлекеттің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыруды және қайта бөлуді қамтамассыз ететін нарықтық  қатынастардың жүйесі . Бұл нарықтың жұмыс істеуі көптеген экономиқалық  әсіресе инвестициялық процесстерді  тәртіпке келтіріп, олардың тиімділігін арттыруға  мүмкімдік береді.

Қаржы нарыңыныің жұмыс істеу шарттарына мыналар жатады:

  1) реттеліген тауар нарығының болуы, яғни кез келген түрлердегі және арналымдағы тауарлар мен қызмет көрсетулер бойынша сұраным мен ұсынымның теңгерімдігі;

  2) Ұлттық (орталық) банк тарапынан ақша айналысын қалыпты реттеп отыру: бұған қолма – қол және қолма – қолсыз айналым бойынша эмиссияға бақылау жатады;

    3) несие нарығының жандырылуы, оның толық коммерциялануы, яғни ресурстарын еркін нарыққа орналастыру; несие ресурстарының қозғалысы орталық банктің пайыздық есептік мөлшерлемесін, коммерциялық банктердің міндетті резервтерінің нормасын, ашық ақша нарығында операциялар жүргізуді белгілеу арқылы реттелінеді.

     Кез келген  субъектінің қаржы ресурстарына  қажеттілігі және оны қанағаттандырудың  нақты көздерімен тура келмеуі  қаржы нарығының жұмыс істеуінің  негізгі алғышарттарына мыналар  жатады:

    1) бәсекені дамыту  мен монополизмді шектеу мақсатындағы  материалдық өндіріс сферасының бастапқы шаруашылық буындарының – меншіктің барлық нысандары кәсіпорындарының, соның ішінде мемлекеттік сектордың да кең дербестігі;

Информация о работе Ұлттық қаржы нарығының жүйелі өзгертудің өзекті мәселелері мен даму болашағы