Ұлттық қаржы нарығының жүйелі өзгертудің өзекті мәселелері мен даму болашағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2014 в 11:57, курсовая работа

Описание работы

Қаржы нарығы - бұл капиталға деген сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру шеңберінде делдалдардың көмегімен несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы капиталды қайта бөлу механизімінің жүйесі. Тәжірибеде ол ақша қаражаттары ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға және олардан кері бағыттайтын қаржы-несие институттарының жиынтығын білдіреді. Қаржы нарығының негізгі функциялары мыналар:
реттеушілік - оның көмегімен мемлекеттік басқару органдарының және өзін-өзі реттеу ұйымдарының тарапынан нарықты реттеу жүзеге асырылады;

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................................3

1. Қаржы нарығының мәні мен құрылымы
1.1. Қаржының мазмұны мен мәні ............................................................................5
1.2. Қаржы нарығы құрылымы, түрлері ...................................................................8
1.3. Қаржы нарығының қалыптасуы …….………………………………………..11

2. Қазақстанның қаржы нарығын ағымды талдау
2.1 Банк жүйесінің дамуын ағымды талдау............................................................17
2.2 Валюта нарығының экономикалық көрсеткіштерін бағалау..........................23
2.3 Қазақстандық сақтандыру нарығының даму үрдістері....................................26
2.4 Зейнетақымен қамсыздану нарығын жүйелі жетілдіру...................................29



3. Ұлттық қаржы нарығының жүйелі өзгертудің өзекті мәселелері мен даму болашағы
3.1 Ұлттық қаржы нарығын аймақтық және дүниежүзілік қаржы орталықтарына айналдыру болашағы.................................................................................................34
3.2 Халықаралық қаржы орталығының қажетті элементтері................................37
3.3 Алматы - халықаралық қаржы орталығы ретінде............................................42

Қорытынды .............................................................................................................45

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................................46

Файлы: 1 файл

каржы нарыгы курс.doc

— 1,005.50 Кб (Скачать файл)

Отандық ірі кәсіпорындар өз бағалы қағаздарын шетелдік биржаларда орналастырып келеді. Мысалы: Қазақстан Алюминийі, Қазақмыс, Қазхром, Соколов-Сарыбай, Қазцинк компаниялары және Қазақстанда өте ірі кәсіпорын «ENRC» өз бағалы қағаздарын Лондон қор биржасында орналастырған.   Болашақта «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Қазақстан темір жолы» АҚ, «Қазатомпром» АҚ, «КЕГОК» АҚ, «Қазақстан инжиниринг» АҚ, «Қазтеңізтрансфлот» АҚ, «Майқайын алтын» АҚ, «Эйр Астана» АҚ және т.б. компаниялардың өз бағалы қағаздарын АӨҚО арнайы сауда алаңына орналастыруына Үкімет қолғабыс жасап жатыр. Осындай өте үлкен ұлттық деңгейдегі компаниялармен «Самұрық-Қазына» мемлекеттік холдингі өз операцияларын қазақстандық қор биржасында жүргізу туралы көпжақты меморандумдар арқылы келісімдерге келді. Дегенмен, ірі кәсіпорындар өз акцияларын шетелдік рынокта орналастырып сатуды немесе сатып алуды тиімді санайды. Жеке меншік компаниялар пайда табу мақсатында заңнамалық ережелерді бұзбай, кез-келген операцияларды жүргізу арқылы пайда табады. Мысалы: Оңтүстік Корея Республикасында бағалы қағаздар операциясын шетелдік биржаларға шығару қажет болса, онда отандық биржаға да сондай мөлшерде бағалы қағаздарды орналастыруды міндеттейтін заңнамалық ережелер бар. Қазіргі уақытта қор рыногының дамуында тепе-теңдіктің жоқтығы сақталып отыр: инвесторлардың жоғары сұраныстары эмитенттердің ұсыныстарымен қанағаттандырылмай отыр. Соған қоса шетел эмитенттері үшін тартымды болмай отыр. Қазақстан 2006 жылдары ірі отандық компаниялар мен банктердің шет елдерде өз акцияларын жариялы түрде орналастыру динамикасы орын алды. Осылайша, Kazakhmys PLK, «Разведка Добыча» ҚазМұнайГаз» АҚ, «Казахголд»АҚ, «Қазкоммерцбанк» АҚ бастапқы акцияларын орналастыруды жүзеге асырды. Аталған орналастыру шарасы сәтті болып, шет ел капиталының Қазақстан активтеріне қызығушылығын тудырды. АӨҚО Қазақстанның қор рыногына халықаралық стандарттар енгізуде, соған байланысты оның инфрақұрылымын жетілдірумен айналысуда.

Акциялардың орташа күндік сатылымы бойынша Қазақстан қор биржасы ТМД елдері арасында екінші орынды иеленгенімен, ол Мәскеу банкаралық валюта биржасымен салыстырғанда 164 есе кем. Бүгінгі күні Қазақстан -өте дамып келе жатқан жас мемлекет. Қазақстан Республикасы Алматы қаласы қаржы орталығын дамыту үшін әлемдегі өте жас және жылдам дамып келе жатқан қалалардың, олардың ішінде Азия континентіндегі Дубай қаласы (Біріккен Араб Әмірлігі); Сингапур қаласы (Сингапур мемлекеті) және Лабуан қаласының(Малайзия Федерациясы) тәжірибелерін үлгіге алды. 

Дағдарысты сылтауратып бағалы қағаздар операциясының тоқтап қалуына жол бермеу керек, Қазақстан Республикасы Қаржылық тұрақтандыру бағдарламасын қабылдап, бес  бағытқа қаржы бөлді: қаржы секторын тұрақтандыру; жылжымайтын мүлік  рыногындағы  кейбір мәселелерді шешу; шағын және орта бизнесті қолдау; агроөнеркәсіптік кешенді дамыту; индустриалдық, инновациялық, инфрақұрылымдық жобаларды дамыту. Осыған байланысты эмитенттерді ынталандыру шаралары жасалды:

  • 2008 жылы 1 маусымынан бастап, жаңа листинг талаптары өз күшіне енді, олардың ең негізгі жаңалығы еркін айналымдағы (free-float) акциялар санына қойылатын талаптарды қолдану болып табылады, бұл нарықта еркін айнылымда жүрген акциялардың жеткілікті көлемін қамтамасыз етеді және Қазақстан қор рыногы өтімділігінің өсуіне ықпал етеді.
  • Салық мөлшерлемелерін төмендету мен қор рыногы үшін мамандар дайындау.
  • Халықтың қаржы рыногындағы инвестициялық белсенділік деңгейін арттыру. Бұл мәселені шешу және халыққа қаржы  аспаптарын инвестициялауға қажетті білім беру, жинақтарын қаржы аспаптарына салумен байланысты қауіпті бағалай  білуге үйретуді қамтамасыз етуге бағытталған шараларды іске асыру бүгінгі таңда өзекті мәселе болып отыр.
  • Алматы қаласының инфрақұрылымын арттыру. Көлік инфрақұрылымы, қонақүй кешендері, медициналық сақтандыру, қаланы көркейту, туризмді дамыту, виза режимін жеңілдету  және шетелдіктерге ағылшын тілі қолданысын жеңілдету және т.б. 
  • Қор рыногының  өтімділігін арттыру, оны әртараптандыру мен шетел инвесторларымен  қатар қор рыногына қызығушылық білдіретін барлық қатысушылар үшін ең тиімді және қолайлы жағдайларды жасауды жандандыру мақсатында Қазақстанда диревативтер, жылжымайтын мүлік қорларының бағалы қағаздары (REIT), ислам банкингі мен секъюритизацияланған активтер сияқты жаңа қаржы аспаптарын шығаруды жалғастырады.

Қол жеткізген жетістіктерге қарамастан қор рыногында объективті сипатқа ие бірқатар мәселелер бар. Біріншіден, қор рыногы инфрақұрылымы дамуының төмен деңгейі. Қазақстан қор рыногының бәсекелестікке қабілетсіздігі, орталық депозитарийдің капитализациясы мен автоматизация деңгейінің төмендігі, клиринг палатасының жоқтығы, телекоммуникация қызметтерінің қымбаттығы, отандық кәсіпорындар мен жергілікті атқарушы органдарға рейтинг бағаларын берудің тиімді жүйесінің жоқтығы. Екіншіден, эмитенттер мен инвесторлардың қор рыногына шығарда кездестіретін кедергілері. Корпоративтік басқарудың төмен деңгейі, компания іс-әрекетінің ашық болмауы (ақпаратты жеткіліксіз көлемде беру), институционалдық инвесторлар үшін инвестициялау бойынша талаптардың жоғарылығы, қауіп-қатерлерді сақтандыру мүмкіндіктерінің әлсіздігі, дербес айналымдағы акциялардың аздығы, инвесторларды қорғаудың нашар болуы. Үшіншіден, ұсынылатын қаржы инструменттерінің спектрінің аздығы. Бүгінгі таңда акциялар мен облигациялар негізгі қаржы аспаптары болып отыр, ал туынды бағалы қағаздар, ислам банкингі, қысқа сатылымдар әлеуеті өз деңгейінде пайдаланылып отырған жоқ. Төртіншіден, жеке инвесторлардың бағалы қағаздар рыногына қатысуының төмендігі.

Халықтың бағалы қағаздар рыногына сенімінің төмен деңгейі, халықтың инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауатының төмендігі жинақтауларды қаржы рыногына инвестициялау артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік бермей отыр. Мемлекеттік қызметкер және оларға теңестірілген түлғалардың ЖИҚ пайларын сатып алуы бойынша заңнамалық шектеулер, Интернет қызметінің қымбаттығы, қор нарығына инвестициялаудың артықшылықтарын түсіндіру әлсіздігі сияқты себептер бағалы қағаздар рыногындағы жеке инвесторлар санының өсуін шектеп отыр. Бесіншіден, заңсыз жолмен алынған табыстарды заңдастыруға (жылыстыруға) қарсы тұру бойынша нормативтік-құқықтық базаның жетілмегендігі.

 

3.2 Қазақстан қаржы орталығының бүгінгі жағдайы және мүмкіндіктері

 

Қазақстанның қаржы-экономикалық мүміндіктерін арттыру бағытында  2005-ші жылы Үкіметтің қаулысымен «Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі» Акционерлік қоғамы құрылды, ал 2006-шы жылы аталған агенттік туралы заң қабылданды. Өңірлік қаржы орталығын құру туралы бастаманы 2004-ші жылы қараша айында Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының мұрындық болуымен өткен қаржыгерлер конгресінде елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқан болатын. Қазіргі кезде Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің қызметін Нью-Йорк, Лондон, Токио, Шанхай қор биржалары, Швейцария биржасы, Мәскеу банкаралық валюта биржасы, Ресей тауарлық жүйесі секілді қор биржасындағы азулы сауда орталықтары мойындап отыр. Бүгінгі күнде агенттік аясында арнайы сауда алаңы, рейтинг агенттігі, Агенттік академиясы жұмыс жасайды. Сонымен қатар «Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі» Акционерлік қоғамы ресейлік «РТС қор биржасы» ААҚ-мен бірігіп Алматы қаласында «Еуразиялық сауда жүйесі» АҚ құрды. Бұл жаңа қордың 60%-ы «РТС қор биржасы» ААҚ-на, ал 40%-ы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығына тиесілі. Агенттік төрағасы Әркен Арыстановтың пайымдауынша қазіргі дағдарысқа қарамай, Қазақстан экономикасына инвестиция салғылары келетіндердің саны жетерлік, ол тек қана батыс бағытында ғана емес, сонымен қатар оңтүстік азия, араб елдерінен де инвеситция құюға даяр инвесторлар бар дейді. Салалық агенттіктің құрылуына байланысты, Қазақстанда тұңғыш рет 2011-ші жылға дейін жоспарланған қор биржасын дамыту жөніндегі стратегиялық бағдарлама қабылданды. Агенттіктің құрылуы сонымен қатар Алматы қаласында үлкен халықарылық қаржы ұйымдырының өкілдіктерін ашуға мүмкіндік берді, 2008-ші жылдың 1-ші қаңтарындағы ақпар бойынша агенттікте тіркелген брокерлік және дилерлік ұйымдардың жалпы саны 2007-ші жылдың аяғында 65-ке жеткен. Агенттіктің бағытты жұмыс жасауына байланысты эмитенттердің сан және сапа жағынан алғанда нәтижесі өсе түсті, қаржы қадағалау агенттігінің мәліметіне сенсек, егер де 2005-ші жылы эмитенттердің саны бар-жоғы 94 болса, 2007-ші жылы оның саны 126-ға дейін өскен. Агенттік құрылғаннан бері еліміздегі қор нарығы қозғала бастап, қор нарығы секторындағы заңнамалар қабылданып, олар жетілдіріле, сонымен қатар жаңа қаржы тетіктері енгізіле бастады.

«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» акционерлік қоғамы («АӨҚО» АҚ) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қаңтардағы № 65 Қаулысымен құрылды.

Қоғамның мұраты еліміздің ішкі нарығының да, сондай-ақ әлемдік қоғамдастықтың да барлық қатысушылары үшін тартымды қаржы орталығын құрып, жұмысын табысты жүргізу арқылы Қазақстанның әлемдік экономикаға кірігуі үшін қажетті жағдайлар мен пәрменді механизм жсасу болып табылады.

«АӨҚО» АҚ қызметінің негізгі мақсаттары: 
* Қазақстанда халықаралық стандарттарға сай келетін бағалы қағаздар нарығын дамыту 
* Қазақстандық бағалы қағаздар нарығының халықаралық капитал нарықтарымен кірігуін қамтамасыз ету, оның капиталдандырылуы мен өтелімдігін жоғарылату 
* Қазақстанның экономикасына инвестициялар тарту, соның ішінде бағалы қағаздар нарығында жұмыс істейтін инвесторлар ретінде жеке тұлғаларды тарту

«АӨҚО» АҚ-ның негізгі міндеттері: 
* халықаралық стандарттарға сай келетін және шетелдік қатысушыларды тартуға ықпалдасатын қаржы орталығын институционалдық жағынан дамыту 
* брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды, және институционалдық инвесторларды қаржы орталығында жұмыс істеу үшін эмитенттер мен кәсіпқой қатысушылар ретінде тарту 
* халықтың ішкі жинақ қаражатын қор нарығы арқылы бағалы қағаздарға және басқа да қаржылық құралдарға тарту 
* жаңа қаржылық құралдар мен қор технологияларын дамыту мен ендіру 
* Алматы қаласының инвестициялық тартымдылығын жоғарылату және шетелдерде Қазақстан Республикасының жағымды инвестициялық бет-бейнесін қалыптастыру 
* қаржы орталығының қызметін ұйымдастыру-техникалық жағынан қамтамасыз ету 
* халықтың инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын жоғарылату бағдарламасын іске асыруға ат салысу

«АӨҚО» АҚ жұмысының қағидалары: 
* кәсіпқойлық - қызметтің барлық салаларында тәжірибені пайдалану 
* транспаренттік - компаниялардың қызметінің жариялылығы 
* тұрақтылық - үздіксіз жоғары сапалы қызметтер көрсету жолымен АӨҚО-ның өзара әрекеттесуі мен жұмыс істеуі үшін оңды ортаны қамтамасыз ету және сақтау 
* қол жету мүмкіндігі - географиялық орналасуынан, мәртебесінен және т.с.с. тәуелсіз, серіктестердың (customer) өзара жалпы әрекеттестігі үшін және қатысуына кедергі болмауы үшін қолайлы жағдай жасау 
* теңдік - барлық институттардың тең құқылы қатысуы арқылы жұмыс істеу 
* жаңашылдық - жұмыстың жаңартпалық және үнемі жетілдіру әдістерін қолдану, оңды өзгерістерді көтермелеу және осы өзгерістер жасайтын мүмкіндіктерді анықтау 
* табысқа ұмтылу - АӨҚО қызметтерін үнемі жоғары деңгейде көрсету үшін барлық күші-қуатын салу

 АӨҚО-ның бәсекелестікке  қабілеттілігін ірі азиялық қаржы  орталықтарымен салыстырмалы талдау.

АӨҚО ҚРА болжамы бойынша Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы 2015 жылы Азияның жетекші қаржы орталықтарының 10 қатарына енеді. Осыған байланысты салыстырмалы талдау іске асырылып, соның нәтижесінде АӨҚО-ң артықшылықтары мен әлсіз жақтары анықталып, стратегиялық даму бағыттары нақтыланды.

АӨҚО ҚРА қызметінің стратегиялық бағыттары айқындалды:

  1. Бағалы қағаздар рыногына қатысушыларына жағымды жағдайлар жасау;

Бәсекелестікке қабілетті қор рыногын  дамыту; Мақсаттық топтарды АӨҚО қызметімен таныстыру; АӨҚО ҚРА көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру; Қазақстанда жаңа қаржы  аспаптарын  дамыту; Мемлекеттік органдарды, бағалы қағаздар рыногына қатысушыларды басқару шешімдерін қабылдауға қажетті  талдаушылық  ақпаратпен қамтамасыз ету.

  1. Халықтың инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауатын арттыру; 2009-2011 жылдары АӨҚО ҚРА қызметі рынок  инфрақұрылымын әрі қарай жетілдіруге, жаңа қаржы аспаптарын енгізуге, отандық жеке инвесторларды оқыту мен шетелден ірі инвесторлар тартуға бағытталатын болады.

АӨҚО ҚРА көздеген нәтижелерге қол жеткізіп, қызметін жақсарту мақсатында алдына бірқатар мақсаттар қойды:

Біріншіден, АӨҚО ҚРА басқару жүйесін арттыру: Нәтижеге бағдарланған жоспарлау жүйесін енгізу; Басқару үрдістерін ISO 9001:2000 халықаралық сапа стандарттарының жүйесі арқылы стандарттау; Мекеме құрылымын оңтайландыру және кадрлар құрамының кәсіби сапасының деңгейін көтеру. АӨҚО ҚРА жоғары кәсіби қызметкерлерінің командасын құру, кадрлар ағымын азайту үшін АӨҚО ҚРА бірыңғай негізде кадрлық құрамын іске асыруды, жұмысшыларға әлеуметтік қолдау көрсету және мотивациясын жоғарылатуды жоспарлайды. АӨҚО ҚРА бағалы қағаздар рыногын дамыту саласында ақпараттық- талдаушылық  зерттеулерді жүргізуді, қор  рыногының инфрақұрылымын арттыруды жоспарлайды. АӨҚО ҚРА сарапшылар топтарының  талдаушылық зерттеулері нәтижелері мемлекеттік басқару (ҚР Президенті Әкімшілігі, ҚР Үкіметі, ҚР Парламенті және т.б.) мекемелеріне немесе  рынокқа қатысушылар үшін қажет болуы мүмкін.

Екіншіден, маркетингтік қызметтің дамуы: Кең танымалы және беделді болатын АӨҚО-ң брендін жасау; Ақпараттық қамтамасыз ету, АӨҚО дамыту мен орнын белгілеу. Негізгі мақсаттық топтардың ақпаратпен қамту және ниеттестік деңгейін жоғарылату мақсатында АӨҚО ҚРА PR қызметін жүзеге асыруды жоспарлайды. Сол себептен, АӨҚО ҚРА эмитенттер мен инвесторларды тартуға бағытталған маркетингтік стратегияны әзірледі және іске асыруды.

Информация о работе Ұлттық қаржы нарығының жүйелі өзгертудің өзекті мәселелері мен даму болашағы