Ұлттық қаржы нарығының жүйелі өзгертудің өзекті мәселелері мен даму болашағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2014 в 11:57, курсовая работа

Описание работы

Қаржы нарығы - бұл капиталға деген сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру шеңберінде делдалдардың көмегімен несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы капиталды қайта бөлу механизімінің жүйесі. Тәжірибеде ол ақша қаражаттары ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға және олардан кері бағыттайтын қаржы-несие институттарының жиынтығын білдіреді. Қаржы нарығының негізгі функциялары мыналар:
реттеушілік - оның көмегімен мемлекеттік басқару органдарының және өзін-өзі реттеу ұйымдарының тарапынан нарықты реттеу жүзеге асырылады;

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................................3

1. Қаржы нарығының мәні мен құрылымы
1.1. Қаржының мазмұны мен мәні ............................................................................5
1.2. Қаржы нарығы құрылымы, түрлері ...................................................................8
1.3. Қаржы нарығының қалыптасуы …….………………………………………..11

2. Қазақстанның қаржы нарығын ағымды талдау
2.1 Банк жүйесінің дамуын ағымды талдау............................................................17
2.2 Валюта нарығының экономикалық көрсеткіштерін бағалау..........................23
2.3 Қазақстандық сақтандыру нарығының даму үрдістері....................................26
2.4 Зейнетақымен қамсыздану нарығын жүйелі жетілдіру...................................29



3. Ұлттық қаржы нарығының жүйелі өзгертудің өзекті мәселелері мен даму болашағы
3.1 Ұлттық қаржы нарығын аймақтық және дүниежүзілік қаржы орталықтарына айналдыру болашағы.................................................................................................34
3.2 Халықаралық қаржы орталығының қажетті элементтері................................37
3.3 Алматы - халықаралық қаржы орталығы ретінде............................................42

Қорытынды .............................................................................................................45

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................................46

Файлы: 1 файл

каржы нарыгы курс.doc

— 1,005.50 Кб (Скачать файл)

    2) қаржы ресурстарын  қайта бөлудегі мемлекет рөлінің  қысқаруы: өндірістік күрделі жұмсалымдарды орталықтан қаржыландырудың, қаражаттарды кәсіпорындар арасында ішкі ведомстволық қайта бөлудің азаюы;

    3) шаруашылық жүргізуші  субъектілер мен халықтың бағалы  қағаздарға және басқа активтерге  инвестицияланатын ақшалай табыстарының  өсуі;

    4) бюджет тапшылықтарын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды тоқтату; распубликалық, сондай –ақ жергілікті бюджеттердің тапшылықтары мемлекеттік қарыздарды шығару арқылы жабылуы тиіс.

       Қаржы нарығының маңызы бос ақша қаражаттарын алу және оларды қайта бөлу есебінен ұдайы өндіріс процесіне ықпал етумен ғана айқындалып қоймайды.

       Оның жұмыс істеу әкімшіл - әміршіл экономикаға тән «сатылас»  әдістің орнына «деңгейлес» қозғалысы бойынша ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді. Деңгейлес қозғалыс кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында қаржы ресурстарын өтеусіз қайта бөлу түрінде төте байланыстар іс- әрекет етеді. Бұл қаражаттарды маңызды сфералар мен объектілерге жедел аудару есебінен кәсіпорындардың, салалардың және экономиканың қаржылық жағдайын тұрақтандырады.

        Қаржы нарығы бағалы қағаздардың бағасын белгілеу жолымен бизнестің нақтылы құнын бағалауға мүмкіндік береді: тиімді жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілерде олардың неғұрлым жоғары бағасы белгіленеді.

       Қаржы нарығының болуы инфляцияны тежейді, өйткені бюджет тапшылығын жабу үшін үкімет ақша эмиссисын пайдаланбайды, рынокте еркін жүретін, бағасы сұраным мен ұсыным арқылы анықталатын құнды қағаздар шығарады.

       Экономикалық реформа процесінде қаржы рыногінің қалыптасып, жұмыс істеуі экономиканың дағдарысын тудыратын және оның инфляциясымен қосарланатын қарама- қайшылықтарға және қиыншылықтарға кезігеді.

Инфляция бағалы қағаздарға айтарлықтай шектеу жасайды- олар қысқа мерзімді немесе құны жоғалмай жеңіл өтетіндей болуы тиіс. Бағаның өнімі өсіп отырған жағдайында инвесторлар қаражаттарды өтімі аз бағалы қағаздарға ұзақ мерзімге салуға бармайды. Инфляция кезінде ұзақ мерзімді инвестициялар үшін жылжымайтын дүние – мүлікке, таурларға, еркін айырбасталымды бағалы қағаздарға жұмсау неғұрлым тартымды болып табылады.

       Қаржы нарығының дамуы халықтың көпшілік бөлігінің тұрмыс деңгейінің төмендігінен тежелеп отыр, мұның өзі жеке инвесторлардың санын азайтады. Кәсіпорындардың төлеуге созылмалы қабілетсіздігі жағдайында олардың қаражаттарды бағалы қағаздарға салуы екі талай. Ақша қаражаттарының тапшылығы қысқа мерзімді кредиттер мен депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелердің өсуіне жеткізеді, мұның тәтижесінде бағалы қағаздардың табыстылығы банктердің ақша – кредит операциялары жөніндегі мұндай табыстылықпен бәсекелесе алмайды.

       Қаржы нарығыныің жұмыс істеуінің маңызды факторы сонымен қатар саяси тұрақтылық болып табылады, ал бағалы қағаздардың айналысы бірқатар елдердің экономикалық кеңістігін қамтуы мүмкін. ТМД елдерінің саяси болмыстары не ол, не бұл кәсіпорынның рентабелдігіне қатысты ұзақ мерзімді болжамының мүмкіндігін жоққа шығарады және солай болған соң бағалы қағаздарды сатып алу ықыласын шектейді

     Қаржы нарығының жандануы корпоративтік бағалы қағаздарды – экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының акциялары мен облигацияларын шығару және олардың айналысын жандандыру кезінде мүмкін. Қазақстанда соңғы уақытқа дейін қаржы рыногінің бұл сегменті жақсы дамымады, бұл жалпы экономикалық әлуетті тежейді.

 

 

1.3. Қаржы нарығының қалыптасуы

 

      ХХ ғасырдың 90-жылдарында қаржы нарығының  әрбір сегментінің дамуы басқаларынан  бөлек жүрді және өзіндік бағдарламалық  құжаттармен реттелді. Құнды қағаздар  нарығы, сақтандыру нарығы және  банктік сектордың дамуының жекелеген бағдарламалары болды. Экономиканың қалыптасу кезеңінде мұндай әрекет тиімді және сенімді болды, өйткені қаржы нарығы сегменттерінің даму деңгейі едәуір ерекшелендіжәне олардың әртүрлі реттеу органдары болды.

      1991 жылы 16 желтоқсан  Қазақстан Республикасының егемендігін жариялаған күніне құнды қағаздар нарығы қаржы нарығының басқа да секторларына қарағанда мүлде болмады. Басқаша болу мүмкін де емес еді, өйткені берілген нарықтың объектілерінің өздері  - құнды қағаздар – басымды құқықтарды растайды, өз иелерінің жеке меншік құқығы социалистік шаруашылық кезеңінде жүзеге аса алмады. Сондықтан, сол кезде заңнамалық база, жаңадан құрылған акционерлік қоғамдар және нарықтың қатысушылары мүлде стандартқа сай болмады, соңғыларының шегі заңнамаға сәйкес брокерлер және қор биржасымен ғана шектелді.     Қысқа мерзімде мемлекетпен құнды қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы үшін  өзінің мәні және сапасы жағынан үлкен жұмыс жүргізілген болатын. 1991-1994 жылдары мемлекеттік кәсіпорындарды жаппай жекешелендіру және акционерлеу кезеңі тәуелсіз регистрлардың дамуы мен көптеген акционерлік қоғамдардың құрылуына алғышарт болды.    Осымен қатар, нарықты мемлекет тарапынан реттеу де жетілдірілді – құнды қағаздар нарығын реттеу бойынша  өздігінен қызмет ететін өкілетті орган ретінде  құнды қағаздар бойынша  Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясының 1994 жылы құрылуымен оның дамуы бойынша барлық стратегиялық міндеттер кешенді түрде шешіле бастады.    Нәтижесінде 1997 жылдың аяғына қазақстандық құнды қағаздар нарығында инвесторлардың қызығушылықтарын қорғау бойынша шаралардың кешенін қамтамасыз еткен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің ережелеріне негізделген кеңейтілген заңнамалық база әрекет еткен. Сол кезде өкілетті органның тиянақты жұмысының арқасында құнды қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен орталық депозитарий құрылған болатын, оның құрылуымен базалық институционалдық және техникалық инфрақұрылымның құрылуы аяқталды. Оның негізгі әлемдік талаптарға сай болғандығын ерекше атап өту керек.           2001 жылдың сәуірінің аяғында Құнды қағаздардың ұлттық комиссиясы “Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығы инфрақұрылымының қызмет ету тиімділігін жоғарылату бойынша шаралар туралы” Үкім дайындады. Бұл Үкім мемлекеттік құнды қағаздар нарығында андеррайтер ретінде қызметті банктермен жүзеге асыруға, сондай-ақ мемлекеттік емес құнды қағаздарды шығаруын және орналастырылуын дайындау бойынша эмитенттерге кеңестік және басқа да қызметтерді көрсетуге шек қоюды қарастырды.

      Қор нарығының  негізгі даму бағыттары болып табылатындар:

    • инвестициялық және пайлық қорлардың пайда болуы мен қалыптасуына жағдай жасау;
    • жинақтаушы зейнетақы қорларының, КУПА, кастодиан-банктердің және сақтандыру компанияларының қызметін мемлекет тарапынан реттеу жүйесін жетілдіру;
    • сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының қызметінің мемлекет тарапынан реттелуін жетілдіру, соның ішінде сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының сақтандыру резервтерін инвестициялаудың ережелері;
    • акционерлік қоғамдардың қызметін реттеу бойынша нормативтік базаны жетілдіру;
    • салық заңнамасын жетілдіру;

құнды қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының, құнды қағаздармен жасалатын саудаларды ұйымдастырушылардың және лицензиялар мен рұқсат қағазадары негізінде құнды қағаздар нарығында қызмет атқаратын басқа да ұйымдардың қызметін реттеуді жетілдіру.      Халықаралық қаржы-валюталық және несиелік қатынастар аясындағы стратегиялық міндет – теңгенің ішкі және сыртқы айналымдылығына қол жеткізу болып табылады.         1995 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасында Алматыда ашылған “Teletrade P.J. Int'l Ltd” компаниясының дилинг-орталығы арқылы халықаралық валюта нарығына (FOREX) шығу мүмкіндігі пайда болды. Компания клиенттері ретінде АҚШ долларына (әлемдік резервтік валюта ретінде USD), ағылшын фунт-стерлингіне (STG), жапон иенасына (JPY), швейцариялық франкке (SFR) және евроға (EUR) салыстырмалы түрде айналатын төрт валюта бойынша “нақты уақыт” режимінде келісімдерді (“спот” операциясы) жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар бола алады. Қаржы нарығының келесі дамуының негізгі бағыттары болып табылатындар:

    • нарыққа жаңа қаржы құралдарын енгізу, бұл қаржы нарығының қатысушыларының қаражаттарын тиімді тартуға мүмкіндік береді және ең алдымен елдің индустриалдық саясаты шеңберінде жобаларды қаржыландыру үшін шығарылатын құнды қағаздарды, сондай-ақ тәуекелдерді хеджирлеу үшін туынды қаржылық құралдарды қоса алғанда жинақтаушы зейнетақы қорларының қаражаттарын тартуға мүмкіндік береді;
    • сәйкесінше қабылданған заңдарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы валюталық режимді либерализациялау бойынша шаралардың жүзеге асырылуын жеделдету;
    • елдің индустриалдық саясатымен сәйкестігін қамтамасыз етудің және аймақтық даму есебімен Қазақстан Республикасының қаржы секторының даму концепцияларының қабылдануын жеделдету;
    • қаржы нарығында бәсекелес ортаны қамтамасыз ету және оған клиенттердің түрлі категориялары мен тұрғындардың барлық қатарларын тарту, соның ішінде банктік емес қаржылық институттардың , пошта-жинақтаушы жүйенің және қағаздар нарығындағы трансфер-агенттердің желілерінің дамуы арқылы қамтамасыз ету.

      Экономиканың нақты секторын дамыту және бекітуде банктердің рөлін жоғарылату және олардың қызметінің интенсификациясының негізгі көрсеткіштері болып шағын және орта бизнесті несиелеу бағдарламаларын жүзеге асыруда Қазақстанның алдыңғы қатарлы банктерінің белсенді қатысуы табылады.

     Банктік сектордың жағдайы банктік қызметтер нарығының кеңеюімен сипатталады. Банктік қызметтер нарығының дамуы қор нарығының дамуымен тығыз байланысты. Ұлттық банк ҚР құнды қағаздар бойынша Ұлттық комиссиясымен (ҚҚ ҰК) бірлесе отырып, ұйымдастырылған қор нарығында банктірдің акциялары және басқа да құнды қағаздардың айналымын активизациялау бойынша жұмыстар жүргізілді.  ҚҚ ҰК бірлесе отырып банк активтерінің секъюритизациялау механизмі дайындалған. Қор нарығының дамуына қарай Ұлттық банкпен корпоративті құнды қағаздармен банктердің қызметі кеңейтілген болатын. ҚҚ ҰК және Қазақстанның қаржыгерлері бірлестігімен бірлесе отырып, Ұлттық банк қаржы құралдарының жаңа типтерінің пайда болуына жағдай жасаған және жағдай жасайды, мұндай қаржы құралдарына өзара қорлар, хеджирлеу қорлары, ипотекалық қорлар, корпораттивті вексельдермен операцияларды жүргізуге өкілденген ұйымдар жатады.               Банктер инвестицияларды тарту үшін жаңа қаржы құралдарын қолдана отырып қор нарығында өзінің қызметін активизациялайды. Мұндай құралдардың бірі болып капиталдың халықаралық нарығына еурооблигациялардың эмиссиясы табылады. Берілген қаржылық операция бірнеше мақсаттарға қол жеткізуге жағдай жасайды: біріншіден, шетел валютасындағы заемдар теңгедегі заемдерға тән қарызға қызмет көрсету құны мен жоғарғы пайыздық мөлшерлемелерді болдырмауға мүмкіндік береді; екіншіден, банк өз қызметінің аясын кеңейтуге қызығушылық білдіруі керек, халықаралық қаржы институттарымен тікелей өзара қатынасты жүзеге асыруы қажет. Банктің стратегиялық мақсаты – капиталдың халықаралық нарықтарына кез келген кақытта еркін шығуы болып табылады.      Қазіргі уақытта қазақстандық банктер қаржы нарығының аса дамыған секторы ретінде өзіндік табыстылығын белсенді түрде диверсификациялайды, соның ішінде құнды қағаздар, сақтандыру және зейнетақы нарықтарындағы қызметтерді, сондай-ақ лизингтік қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдары кіретін қаржы тобының құрылуы жолымен жүргізіледі.     Банктік қызметті реттейтін заң актілерімен консолидацияланған қадағалау режимі анықталған болатын. Осындай қадағалаудың тәжірибелері мен үрдістерін жетілдіру шеңберінде  Қазақстанның Ұлттық банкінде қаржылық қызметтерді жабдықтаушылар болып табылатын қаржы нарығының барлық субъектілерін қадағалау мен реттеу, лицензиялау қызметтерін жүзеге асыратын бөлімдер құрылды.          ҰБ қызметі қаржы нарығының барлық сегменттерінің тұрақтылығын  сақтауға бағытталған, экономиканың нақты секторының қаржылық мекемелерін несиелеу механизмдері мен жаңа институттарының дамуына бағытталған. Мүлік кепілімен тұрғындарды несиелеудебанктердің қатысуының белсендеуінің есебінен ипотекалық несиелендіру белсенді түрде дамуда.  Мемлекеттік реттеу үрдісі объективті және субъективті факторлардың, экономиканың қызмет етуінің шарттарының көп түрлілігімен сипатталады. Сондықтан осы негіздемелер бойынша мемлекеттік реттеуді; типтерге, түрлерге, нысандар мен әдістерге жіктеуді шектемеу өте маңызды.   Типтері мыналарды қарастырады: экономикалық (олардың қаржылық, бағалық, несиелік, валюталық, еңбекақы бөліктерімен) және әкімшілік.  Қаржылық реттеу түрлері мыналарды қамтиды: салықтық, бюджеттік, мемлекеттік-несиелік, кедендік-тарифтік, валюта-қаржылық, ішкі шаруашылық (ішкі фирмалық, корпорация, ұйым, кәсіпорын шегінде) ретеу.   Реттеу нысандары қаржылық субкатегориясының сәйкес түрі үшін тән, сондай-ақ барлығына жалпылама аталған түрлерде өтетін үрдістерді білдіреді: мысалы, бюджеттік түрдегі нысандар болып табылатындар қаржыландыру (субвенция, субсидия, трансферттер), сыртқы инвестициялау, сыртқы заемдер, сыртқы борыш. Жіктеудің аса көптеген элементтері болып реттеу әдістері табылады.              Валюта-қаржылық реттеудегі негізгі әдістер:

    • валюталық бағам;
    • ақша капиталына пайыздық мөлшерлеме;
    • құнды қағаздар мен халықаралық төлем құжаттарының бағамдары;
    • валюталық тәуекелдерден сақтандырудың түрлі әдістері.

      Нарық жағдайында  аса үлкен назар реттеудің  жанама әдістеріне бөлінеді. Мемлекет  шаруашылық процесінің барлық  қатысушылары үшін жалпы шарттар мен ережелерді бекітеді.

      Макроэкономикалық  тепе-теңдік мынадай маңызды экономикалық  параметрлерді қарастырады:

  • сұраныс және ұсыныс;
  • тауарлы және ақша массасын;
  • жинақтар мен инвестицияларды;
  • инфляция мен жұмыссыздықты;
  • еңбек өнімділігі мен оның төлемін;
  • қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттілігін және қаржылық ресурстарын;
  • мемлекеттік бюджеттің табыстары мен шығындарын;
  • бюджеттік тапшылық көлемін, оны өтеу көздерін;
  • төлем балансының активтері мен пассивтерін.

      Кейнстік  модельдерде жалпы шығындарды қамтамасыз ететін өндіріс көлемі мен өнімнің берілген көлемін сатып алу үшін жететін шығындар арасындағы тепе-теңдік түсіндіріледі.

      Мультипликатор  құбылысы дискрециялық, фискалды  саясатты жүргізу кезінде қолданылады. Салықтар табыстардың қысқаруын туындатады, бұл жинақтау мен тұтынудың көлемін төмендетуге әкеледі. Өндіріс көлеміне мұндай әсерді (салықтармен қатар) жинақтар мен импорт тигізеді. Олардың барлығы табыстар-шығындар жүйесінен ағымды ұсынады. Тұтыну шығындарындағы айырмашылықтарды құра отырып азаяды, бұл

инвестициямен, экспортпен және мемлекеттік сатып алулармен толтырылуы мүмкін.

      Осылай, кейнстік  модель экономиканы реттеудің  негізгі факторлары ретінде тауарлар  мен қызметтерге сұранысты айқындайды: мемлекет жиынтық сұранысқа жағдай  жасауға әрекет етеді, ресурстардың  қамтылу деңгейінің жоғарылауына  әсер етеді, мемлекеттік сатып алулардың көлемін кеңейтеді, несие құнын ретейді. Кейнстік шаралар салықтардың төмендеуін, шығындардың жоғарылауын, инвестицияларға жағдай жасауды қарастырады.

      Кейнстік  теорияға қарағанда монетаризм  экономиканы реттеудің негізгі құралы ретінде ақша айналымы процессі танылады. Бұл кезде нарықтық макроэкономикалық тұрақтылықтың жоғарғы деңгейін қамтамасыз ететіндігі қарастырылған. Экономиканың қызмет етуіне мемлекеттік араласуды азайту бойынша курс жүргізіледі. Ақшалар экономикалық процестердің жанама реттелуінің шешуші факторы ретінде қарастырылады.

Информация о работе Ұлттық қаржы нарығының жүйелі өзгертудің өзекті мәселелері мен даму болашағы