Ұлттық қаржы нарығының жүйелі өзгертудің өзекті мәселелері мен даму болашағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2014 в 11:57, курсовая работа

Описание работы

Қаржы нарығы - бұл капиталға деген сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру шеңберінде делдалдардың көмегімен несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы капиталды қайта бөлу механизімінің жүйесі. Тәжірибеде ол ақша қаражаттары ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға және олардан кері бағыттайтын қаржы-несие институттарының жиынтығын білдіреді. Қаржы нарығының негізгі функциялары мыналар:
реттеушілік - оның көмегімен мемлекеттік басқару органдарының және өзін-өзі реттеу ұйымдарының тарапынан нарықты реттеу жүзеге асырылады;

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................................3

1. Қаржы нарығының мәні мен құрылымы
1.1. Қаржының мазмұны мен мәні ............................................................................5
1.2. Қаржы нарығы құрылымы, түрлері ...................................................................8
1.3. Қаржы нарығының қалыптасуы …….………………………………………..11

2. Қазақстанның қаржы нарығын ағымды талдау
2.1 Банк жүйесінің дамуын ағымды талдау............................................................17
2.2 Валюта нарығының экономикалық көрсеткіштерін бағалау..........................23
2.3 Қазақстандық сақтандыру нарығының даму үрдістері....................................26
2.4 Зейнетақымен қамсыздану нарығын жүйелі жетілдіру...................................29



3. Ұлттық қаржы нарығының жүйелі өзгертудің өзекті мәселелері мен даму болашағы
3.1 Ұлттық қаржы нарығын аймақтық және дүниежүзілік қаржы орталықтарына айналдыру болашағы.................................................................................................34
3.2 Халықаралық қаржы орталығының қажетті элементтері................................37
3.3 Алматы - халықаралық қаржы орталығы ретінде............................................42

Қорытынды .............................................................................................................45

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................................46

Файлы: 1 файл

каржы нарыгы курс.doc

— 1,005.50 Кб (Скачать файл)

Үшіншіден, қаржылық басқару және бақылау тиімділігін жоғарылату: Бюджет құралдарын тиімді пайдалану бойынша мониторинг; Бюджеттік заңнамаларды сақтау және ішкі аудит жүйесін қалыптастыру бойынша бақылау сапасын жоғарылату. АӨҚО ҚРА келесі қауіп-қатерлерді талдап, мониторинг жүргізеді: Әлемдік қаржы  рыногының тұрақсыздығы; Қазақстандық іскерлік белсенділіктің төмендеуі .

Бағалы қағаздар рыногын дамыту үшін халықаралық тәжірибелерден алынған төрт түрлі фактор болып табылады. Олар:

  1. Инфрақұрылым және репутация  ортасы
  2. Рыноктағы мүмкіндіктерді пайдалану;
  3. Ынталандыру
  4. Қолдану

Инфрақұрылым және бедел ортасы. Жоғарыдағы көрсетілген ақпараттарға байланысты Қазақстанға инвестиция тарту үшін көптеген жағдайлар жасау керек. Жаңа заманға сай инфрақұрылымдар ондағы телекоммуникация мен офистерді орнату, тұрақтылық пен шетел инвесторларының қауіпсіздігі мен ағылшын тіліне мамандандырылаған мамандарды қолдау керек.

Рыноктағы мүмкіндіктерді пайдалану. Қазақстан Республикасында минералды шикізаттар (уран, мұнай-газ, металдар) мен астық ең басты өтімді өнімдер болып саналып жатыр. Қазақстанда эмитенттер мен инвесторлар тарту үшін өз аймағы индексін өсіру мен осында бағалы қағаздарды көптеп шығару аспаптарын жетілдіру. Қазақстан Республикасы әлемдегі ең жас қаржы орталықтары Дубай, Сингапур, Дублин қалаларының қаржы орталықтарын   үлгі ретінде алған.

Ынталандыру. Ынталандыру тетіктері арқылы әлемдегі және ең үлкен инвесторларды Қазақстандағы бағалы қағаздар рыногына тартуға мүмкіндіктер бар. Ынталандырудың бірде-бір жолы болып салық мөлшерін төмендету немесе босату болып саналады. Шетелдік инвесторларға кез-келген кәсіпорында иемденуіне шектеу болмауы шетелдіктердің қызығушылықтар тудырады. Ол әлемдегі үлкен қаржы орталықтарынан алынған тәжірибелерде белгіленген.

Қолдану. Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан халықты қаржы орталықтарына тарту мен шетелдік инвесторларды шақыру үшін қаржылық реформалар мен заңдарды халықаралық стандарттарға сай қалыптастыру. Қазақстан Республикасында шетелден келген немесе отандық кәсіпорындар мен инвесторлардың құқықтарын қорғау және оған кепілдік беру. Әлемдік деңгейдегі технологияларды дамыту, қор биржалары мен бағалы қағаздардың операцияларын компьютеризациялау керек. Қазақстанда қор биржасын дамыту үшін ағылшын тілді кадрларды көбейту. Қазақстандағы бағалы қағаздардың және қаржы орталығының тиімді факторлары (21 кесте):

Қазақстандағы бағалы қағаздардың және қаржы орталығының тиімді факторлары:

  • Қоршаған орта, инфрақұрылымдар мен бедел бойынша:
    • Еркін саясат пен Қазақстандағы тұрақтылық
    • Шетелдік азаматтарға виза мәселесінің жеңілдіктері мен шетелдік азаматтарға қонақжайлылық көрсету
    • Әуежайдағы қызметтің сапалығы.
    • Арзан кәсіби мамандар
    • Шетедіктер үшін жемқорлықтың болмауы мен криминалдарға жол бермеу
    • Алматы қаласы қор биржасын халыққа және шетелдіктерге жарнамалап дұрыс ақпараттарды жетілдіру жолдары.
    • Ағылшын тілінің қолданылу аясын кеңейту
  • Рыноктағы мүмкіндіктерді пайдалану бойынша:
    • ТМД және Орта Азия мен Кавказда өңірлік көшбасшы болуға ұмтылу  және сол мемлекеттердің эмитенттері мен инвесторларын деңгейін арнайы отандық бағалы қағаздар қатарына жатқызу, Қазақстанға тарту үшін ақпараттандыру қажет.
    • ТМД –дағы ең үлкен ислам қаржы орталығына айналдыру жолдары.
    • Бағалы қағаздарға қатысты және қор биржадағы операциялардың барлық салық түрлерін алып тастау.

Алматыдағы қаржы орталығы тұрақты дамыса, ол барлық Қазақстанда қаржы секторының дамуына алып келеді. Алматы қаласы бас қаржы орталығы болғандықтан бас мультипликатор болуы қажет.

 

 

 

3.3 Ұлттық қаржы  нарығының болашақтағы перспективалары

 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің миссиясы –  қаржы нарығының жəне  қаржы  ұйымдарының  қаржылық  тұрақтылығын  қамтамасыз ету жəне жалпы  қаржы жүйесіне  деген  сенімділікті  қолдау,  қаржылық  қызмет  көрсетулерді  тұтынушылардың мүдделерін қорғаудың  тиісті  деңгейін  қамтамасыз  ету,  қаржы  нарығында  адал  бəсекелестікті  қолдауға  бағытталған  қаржы ұйымдарының қызметі үшін бірдей жағдай жасау болып табылады. 

Агенттіктің  пайымдауы –  қаржы  институттарының  жəне  қаржы  нарығының  тəуекелдердің  барынша  төменгі деңгейімен жəне 2015 жылға  қаржы  ұйымдарының  капиталдануы  деңгейін  Еуропа Одағының  дамушы жəне  дамыған елдерінің деңгейіне дейін жеткізумен тұрақты жəне орнықты дамуы перспективасы.

Жоғарыда атап көрсетілген ҚҚА-нің миссиясы мен болашақты пайымдауы. Менің ойымша, Агенттіктің дәл осылайша алдына мақсат, қойып, болашақты пайымдауынан елдің экономикасының тұрақты дамып келе жатқанын және болашақты нық сеніммен болжай алатынымызды байқауға болады. Бұл, әрине, Агенттіктің дұрыс бағытта қызмет атқарғандығының нәтижесі. Агенттіктің осындай қызметтерінің нақты дәлелі ретінде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын  реттеу мен қадағалау агенттігінің 2010-2014, 2011-2015 жылдарға арналған  стратегиялық жоспарларын, Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың  2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын, Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасын айтуға болады. Бұл тұжырымдамалар негізінде ұлттық қаржы нарығын дамытудың стратегиялық бағыттары көрсетіліп отыр.

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын  реттеу мен қадағалау агенттігінің 2011-2015 жылдарға арналған  стратегиялық жоспары бойынша 5 стратегиялық бағыт бар. Олардың әрқайсысы қаржы нарығының әр секторын қамтиды.

1-стратегиялық бағыт. Институционалдық нағаю мен даму арқылы халықаралық стандарттарға сəйкес қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалаудың тиімділігін арттыру

2-стратегиялық бағыт. Банк секторының қаржылық тұрақтылығын жəне бəсекелестік қабілеттілігін нығайту, реттеу мен қадағалау жүйесін жалпы əлемдік қадағалау стандарттарына жақындату

3-стратегиялық  бағыт.  Сақтандыру  нарығының  дамуы  жəне  ең  озық  халықаралық  тəжірибенің  негізінде сақтандыру қадағалауды жетілдіру

4-стратегиялық бағыт. Бағалы қағаздар нарығын дамыту

5-стратегиялық бағыт. Жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту

2011-2015 жылдарға арналған жоспарларда Агенттікті институционалды күшейту аясында Агенттіктің құрылымын жəне еңбектің соңғы нəтижесіне бағытталған қызметкерлерді уəждеу жүйесін əрі қарай жетілдіру көзделеді. Бұл ретте, Агенттіктің  кадр  саясатының  негізгі  бағыты  қызметкерлерді  қайта  дайындау  жəне  біліктілігін  арттыру  жəне  уəждеу арқылы қадағалау органының кадр құрамының кəсіби деңгейін көтеру болып қалады. 

Бизнес  үдерістерді  оңтайландыру  жəне  Агенттіктің  қызметінде  ақпараттық  технологияларды  қолдану  деңгейін көтеру (бизнес-үдерістерді оңтайландыру) жөніндегі міндеттерді  іске асыру мақсатында 2015 жылға дейін мемлекеттік қызметтерді  автоматтандыру  бойынша  жұмыс  жүргізілетін  болады.  Агенттік  əкімшілік  тосқауылдарды  төмендету бойынша жүргізілетін жұмыс аясында жеке жəне заңды тұлғаларға көрсетілетін Мемлекеттік қызмет көрсету тізіліміне енгізілген  қызмет  көрсетулер  тізбесін  жасады. Мемлекеттік  қызмет  көрсету,  оның  ішінде  электронды  түрде  көрсету стандарттарды, регламенттерді əзірлеу жəне қызметін бағалау жөніндегі жұмыстар жалғастырылады.

Стратегиялық жоспарлар көмегімен қаржы нарығының осал тұстары мен оларды жетілдіру жолдары ғана көрсетілмей қаржы секторының болашақтағы даму деңгейі де көрсетілген. Соған мысал ретінде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын  реттеу мен қадағалау агенттігінің 2010-2014 жылдарға арналған  стратегиялық жоспарларындағы қаржы нарығының функционалдық мүмкіндіктерін көрсетуге болады.

Агенттіктің қызметін жетілдіру тиімді қамтамасыз ету мақсатында мынадай ұйымдық құрылым бекітілді:

Еліміздің қаржы нарығының жетер белестері мен мүмкіндіктеріне келетін болсақ, Қазақстан сияқты елі де, жері бай, экономикасы тұрақты даму үстіндегі елге, әсіресе, қаржы нарығының болашағы жоқ деп айта алмаймыз. Егер осындай мүмкіндік дұрыс пайдалана біліп, яғни қаржылық жоспарлауды дұрыс жүзеге асыра білсек экономикасы алдыңғы қатарлы дамыған елдер қатарынан көрінуімізге зор мүмкіндік бар.

Қаржы нарығының жекелей секторларына келетін болсақ, депозит және несие нарықтарында банк клиенттеріне де, банктерге де тиімді шарттар жасауға және халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында шағын несиелендіру жүйесін дамытудың, бағалы қағаздар нарығында бағалы қағаздардың айналысын арттырып, сол арқылы ел экономикасын көтерудің, сақтандыру нарығында шетел тәжірибесін пайдаланып, елдің сақтандыру және зейнетақы жүйесін қанағаттанарлықтай деңгейге жеткізіп, қаржыландырудың бір көзі ретінде қалыптастырудың мүмкіндіктері бар.

Сонымен қатар, ҚҚА-нің статистикалық мәліметтеріне сүйене отырып, елемізідің қаржы нарығының келер 5 жылға болжам жасалынған.

Мысалы, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын жəне қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігін институционалды дамыту арқылы реттеу мен қадағалау жүйесін  күшейту мақсаты бойынша, тұрақты кадрлар санын алдағы 5 жыл ішінде жыл сайын 20%-ға арттырып отыру, ақпараттық технологияларды пайдалану деңгейін жыл сайын 6,5-9%-ға арттырып отыру, басқару қызметінде гендерлік теңдік деңгейін 5 жыл көлемінде 35%-ға дейін көтеру, дағдарыстық жағдайларды болдырмауға ықпалын тигізетін тəуекелдерді бағалау негізіндегі банктердің қаржылық тұрақтылығына толыққанды мониторингке негізделген қадағалау үдерісін жетілдіру мақсаты бойынша депозиттердің ЖІӨ-ге қатынасы 35%-дан кем емес болуына, пайыздық ставка спрэді 11%-дан кем емес болуын, ЖІӨ-де сақтандыру сыйақыларының үлесінің жыл сайын арттыру (0,69-0,83), Жиынтық сақтандыру сыйлықақыларындағы «өмірді сақтандыру» саласы бойынша жинақталған сақтандыру сыйлықақылардың үлесі жыл сайын 8,6%-дан 10,6% аралығында арттырудың және тағы басқа да көптеген мүмкіндіктер жетерлік.

Егер ел экономикасы осындай нақты қадамдармен дами берер болса,  қаржы нарығыныдағы жағдай жоспарланғандағыдай, тіпті одан да асып түсетініне сенеміз және ұлттық қаржы нарығының перспективалары зор екеніне нық сенеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Дамыған қаржы нарығы – кез келген мемлекеттің, оның ішінде Қазақстанның да ұлттық экономикалық жүйесінің элементі. Сонымен бірге ол нарықтық механизмнің аса маңызды құрылымдық элементі болйп табылады.

Экономикасы дамыған елдерде қаржы нарығы субьектілерінің алатын орны ерекше. Себебі, тарихи маманданған несие-қаржы институттарының алғашқы мекемелері қарыз капиталы нарығындағы кейбір сұрыптардың қанағаттандыру мақсатында пайда болды. Маманданған қаржы-несие институттары (немесе оларды парабанктік мекеме деп атайды) не белгілі бір клиенттерге қызмет түрін көрсетеді немесе бір-екі қызмет түрін меңгереді. Ол мекемелер бір жағынан клиенттердің несие-есеп операцияларын жүргізіп, Орталық банктің талаптарын орындаса, екінші жағынан қаржы, сақтандыру, инвестициялық және сондай операциялар орындаумен сол салалардың бақылауымен қызмет жасайды. Олар әртүрлі маманданған қаржы институттарының жиынтығы несие жинақтау мекемелері инвестициялық қорлар немесе компаниялар, зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, мекемелердегі өзара көмек кассалары, ломбардтар және тағы басқа.

Кез келген мемлекеттің қаржы нарығының даму деңгейі, менің ойымша, сол елдің нарықтық экономикада қаншалықты тұрақтап тұра алатыны көрсетеді. Елдің қаржы нарығы қаншалықты дамыған деңгейде болса, со ел соншалықты сенімділікпен нарықтық экономиканың соқпақтарына төтеп бере отырып, сол нарықта өмір сүре алады.

Жалпы қорытындылайтын болсақ, курстық жұмыстың бірінші бөлімінде қаржы нарығының мәні мен мазмұнын, ұаржы нарығының құрылымын теориялық негізде талқыланған.

Курстық жұмыстың екінші бөлімінде бірінші бөлімде қарастырылған әрбір нарықтың соңғы жылдар ішіндегі жағдайы кестелер мен диаграммалар түрінде көрсетіліп, талдау жүргізілген.

Үшінші бөлім – бұл курстық жұмыстың ең негізгі, қорытындылаушы бөлім. Мұнда ұлттық қаржы нарығының негізі ретіндегі қор нарығының өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдары көрсетілген, АӨҚО-ын халықаралық қаржы орталығы ретінде қарастырылып статистикалық мәліметтерге сүйене отырып еліміздің қаржы нарығының даму перспективадары қарастырылған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. «Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың  2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы  № 1284 Қаулысы
  2. 2007-2010 жылдарға арналған Алматы өңірлік қаржы орталығын дамыту бағдарламасы АӨҚО ҚРА 8 желтоқсан 2006жылы №68 бұйрығы.
  3. www.afn.kz, www.afn.gov.kz
  4. www.gov.kz
  5. www.kase.kz
  6. www.natonalbank.kz
  7. www.gnpf.kz
  8. www.dmk.kz
  9. www.egemen.kz
  10. www.kt.kz
  11. www.rfca.gov.kz, АӨҚО ҚРА жаңалықтары.
  12. www.thenews.kz
  13. Алматы как региональный финансовый центр подготовлено для Центра маркетинговых и аналитичечских исследований (ЦМАИ) / The Boston Consulting Group (Moscow) Ltd. Россия. – Москва, 2005. -20 апреля.
  14. Әліпбеков Н., Ералы Ж., Дәулетова Р. К., Молдабекова Г. Бизнесті ұйымдастыру: Оқулық. – Астана: Фолиант, 2008. – 328 бет.
  15. Искаков Ұ. М., Бохаев Д. Т., Рузиева Э. А. Қаржы нарығы және делдалдары: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2008. – 296 бет.
  16. Көшенова Б. А. Бағалы қағаздар нарығы және биржа ісі: Оқу құралы. – Алматы: 2007. – 374 бет.
  17. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ  ЖАРЛЫҒЫ Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасы туралы
  18. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын жəне  қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің  2010-2014 жылдарға арналған  СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ
  19. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын жəне  қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің  2011-2015 жылдарға арналған  СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ
  20. Қаржы, ақша айналымы және несие [Мәтін]: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2008. – 462 бет.
  21. Мұқашева А. М., Оразғалиева А. Қ., Зарипова А. Н. Қаржы бойынша практикум: Оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2008. – 216 бет.
  22. Оразбекұлы Б. Бағалы қағаздардың инвестициялық қасиеттерін рейтингтік бағалау//Саясат, 2009.-№10. 4-7бет
  23. Тұсаева А. Қ. Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығы және оның үлгілері//Аль-Пари, 2007.-№1. 109 бет
  24. Бохаев Д. Қаржы нарығының экономикалық мәні мен құрылымы [Мәтін] / Бохаев Д.// Экономика негіздері =Основы экономики – 2008. - №1. 5-9 б.
  25. Қаржы [Мәтін] : жоғары оқу орындарына арналған оқулық / Құлпыбаев С. - Алматы : [LEM], 2007. - 668 б.
  26. Ұлттық экономика [Мәтін] : оқулық / ред. Қ. Ө. Өмірғалиева . - Алматы : Экономика, 2010. - 528 б.
  27. Қаржы [Мәтін] : оқулық / С. Құлпыбаев, С. Ж. Ынтықбаева, В. Д. Мельников. - Алматы : Экономика, 2010. - 522 б.
  28. Қаржы негіздері [Мәтін] : жоғары оқу орындарына арналған оқулық / С. Құлпыбаев, В. Д. Мельников. - Алматы : LEM, 2009.
  29. Қаржы, ақша айналысы және несие [Мәтін] : оқу құралы. - Алматы : Экономика, 2008. - 462 б.
  30. Баймұратов,О. Қазақстан қаржы нарығы [Мәтін] : оқу құралы / О. Баймұратов. – 2007. – 296 б.

Информация о работе Ұлттық қаржы нарығының жүйелі өзгертудің өзекті мәселелері мен даму болашағы