Ұлттық қаржы нарығының жүйелі өзгертудің өзекті мәселелері мен даму болашағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2014 в 11:57, курсовая работа

Описание работы

Қаржы нарығы - бұл капиталға деген сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру шеңберінде делдалдардың көмегімен несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы капиталды қайта бөлу механизімінің жүйесі. Тәжірибеде ол ақша қаражаттары ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға және олардан кері бағыттайтын қаржы-несие институттарының жиынтығын білдіреді. Қаржы нарығының негізгі функциялары мыналар:
реттеушілік - оның көмегімен мемлекеттік басқару органдарының және өзін-өзі реттеу ұйымдарының тарапынан нарықты реттеу жүзеге асырылады;

Содержание работы

Кіріспе..........................................................................................................................3

1. Қаржы нарығының мәні мен құрылымы
1.1. Қаржының мазмұны мен мәні ............................................................................5
1.2. Қаржы нарығы құрылымы, түрлері ...................................................................8
1.3. Қаржы нарығының қалыптасуы …….………………………………………..11

2. Қазақстанның қаржы нарығын ағымды талдау
2.1 Банк жүйесінің дамуын ағымды талдау............................................................17
2.2 Валюта нарығының экономикалық көрсеткіштерін бағалау..........................23
2.3 Қазақстандық сақтандыру нарығының даму үрдістері....................................26
2.4 Зейнетақымен қамсыздану нарығын жүйелі жетілдіру...................................29



3. Ұлттық қаржы нарығының жүйелі өзгертудің өзекті мәселелері мен даму болашағы
3.1 Ұлттық қаржы нарығын аймақтық және дүниежүзілік қаржы орталықтарына айналдыру болашағы.................................................................................................34
3.2 Халықаралық қаржы орталығының қажетті элементтері................................37
3.3 Алматы - халықаралық қаржы орталығы ретінде............................................42

Қорытынды .............................................................................................................45

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................................46

Файлы: 1 файл

каржы нарыгы курс.doc

— 1,005.50 Кб (Скачать файл)

Такафул немесе исламдық сақтандыру-бұл, қайтарымды көмек принциптеріне және ерікті түрдегі салымға негізделген, тәуекелді ерікті түрде  бөлетін жүйе болып табылады.

 

2.4 Зейнетақы нарығының бүгінгі таңдағы жағдайы

 

2011 жылғы 1 ақпанда 13 жинақтаушы  зейнетақы қоры (бұдан əрі –  қорлар) өз қызметін жүзеге асырды. Қаңтар айында заңды тұлғаларға  зейнетақы жарналарын тарту жəне  зейнетақы төлемдерін жүзеге  асыру жөніндегі қызметке лицензия  берілген жоқ.

16  заңды  тұлғаның  қорлардың  зейнетақы  активтерін  инвестициялық  басқаруға лицензиясы  бар,  оның  ішінде 13  қор  зейнетақы  активтерін  дербес  басқару лицензиясына  ие.

Есепті күнде 10 екінші деңгейдегі банк кастодиандық қызметті жүзеге асырды. Сонымен  бірге, 6  екінші  деңгейдегі  банк  қорларға  кастодиандық  қызмет  көрсетті: «HSBC  Банк  Қазақстан»  АҚ  еншілес  банкі, «Банк  Центр  Кредит»  АҚ, «Қазақстан Халық  Жинақ  Банкі»  АҚ, «Еуразиялық  Банк»  АҚ, «АТФ  Банк»  АҚ, «Ситибанк Қазақстан» АҚ.

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылар (алушылар) шоттарының саны 2011  жылғы 1  ақпандағы  жағдай  бойынша 2 270,1  млрд.  теңге  жинақталған зейнетақы  қаражатының  жалпы  сомасымен  7 986 822  болды.  Міндетті  зейнетақы жарналарын аударатын  салымшылар шоттарының  саны  қаңтар  айында 2 960 (0,04%) азайды, ал жинақталған зейнетақы қаражаты 17,6 млрд. теңге (0,8%) ұлғайды.

2011  жылғы 1  ақпанда  міндетті  зейнетақы  жарналары  бойынша  салымшылар (алушылар)  шоттарының  ең  көп  саны  бұрынғыша 4  қорда  жинақталды: «Қазақстан Халық Банкі» – 25,8%, «ГНПФ» – 22,3%, «Ұлар

Үміт» – 13,9% жəне «БТА Қазақстан» – 9,6%  немесе  олардың  үлесіне  барлық  қорлар  салымшыларының  жалпы  санының   71,6%-ы келеді. 

Ерікті  зейнетақы  жарналары  бойынша  салымшылар (алушылар)  шоттарының саны 2011 жылғы 1  ақпанда  жинақталған  зейнетақы  қаражатының жалпы  сомасы 1,2 млрд.  теңгемен 39 397  болды.  Ерікті  зейнетақы  жарналарын  аударатын  салымшылар шоттарының саны қаңтар айында 137 бірлікке (0,4%) азайды.

Ерікті  кəсіби  зейнетақы  жарналары  бойынша  салымшылар  шоттарының  саны 2011 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жинақталған зейнетақы қаражатының жалпы сомасы 104,6  млн.  теңгемен 4 048  болды.  Ерікті  кəсіби  зейнетақы  жарналарын аударатын салымшылар (алушылар) шоттарының саны қаңтар айында 3 бірлікке (0,1%) азайды.

 Салымшылардың (алушылардың)  жинақталған  зейнетақы  қаражаты  ағымдағы жылы  қаңтар  айында 17,6 млрд.  теңге (0,8%)  ұлғайып, 2011 жылғы 1  ақпанда 2 275,7 млрд. теңге болды. 

Зейнетақы жарналарының жалпы түсуі қаңтар айында 29,2 млрд. теңгеге (1,6%) ұлғайып, 2011 жылғы 1 ақпанда 1 850,9 млрд. теңге болды.

Зейнетақы  активтерін  инвестициялаудан  түскен,  салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген «таза» инвестициялық кіріс сомасы (комиссиялық сыйақыны шегергенде) 2011  жылғы 1  ақпандағы  жағдай  бойынша 569,0  млрд.  теңге болды. Қаңтар айында «таза» инвестициялық кіріс 2,4 млрд. теңгеге (0,4%) азайды.

Салымшылардың (алушылардың) 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап 2011 жылғы 1 ақпанға  дейінгі  кезеңде  жинақталған  зейнетақы  қаражатының  көлемі  мынадай көрсеткіштермен сипатталды:

 

Кесте 7 – Жинақталған зейнетақы қаражатының көлемі

Күні

 млрд. теңге

1.01.10

1.01.11

1.02.11

1.01.11 салыстырғандағы  өсім 

1.01.11 салыстырғандағы өсім, %

Жинақталған зейнетақы қаражаты

1 860,5

2 258,2

2 275,7

17,5

0,8

Зейнетақы жарналары

1 488,8

1 821,7

1 850,9

29,2

1,6

«Таза» инвестициялық кіріс

481,7

571,4

569,0

-2,4

-0,4

«Таза» инвестициялық кірістің жинақталған зейнетақы қаражаты сомасындағы үлесі

25,9

25,3

25,0

-

-0,3%-дық  тармақ 


ЕСКЕРТУ: ҚҚА мәліметтері негізінде

 

2011 жылғы 1 ақпанда жинақталған  зейнетақы қаражатының ең көп  сомасы 6 қорда жинақталды: «Қазақстан  Халық Банкі» – 725,5 млрд. теңге (31,9%), «МЖЗҚ» – 380,5 млрд. теңге (16,7%), «Ұлар Үміт» – 321,9 млрд. теңге (14,2%) жəне «БТА Қазақстан» – 163,7 млрд. теңге (7,2%), «Грантум» - 152,3 (6,7%), «Капитал» - 112,5 (4,9%) бұл 6 қордың үлесіне барлық қорлардағы жинақталған зейнетақы қаражаты көлемінің немесе жиынтығының 81,6%-ы келді.

ЕСКЕРТУ: ҚҚА мәліметтері негізінде

Сурет 15 – Зейнетақы жарналарының, «таза» инвестициялық кірістің жəне жинақталған зейнетақы қаражатының өзгеру динамикасы

Міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармау, жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасауды уақтылы жүзеге асырмау жəне зейнетақы активтерін тиісінше басқармау үшін өсімпұл сомасы қаңтар айында 0,1 млрд. теңгеге (0,7%) өсіп, 2011 жылғы 1 ақпанда 13,3 млрд. теңге болды.

Зейнетақы төлемдері жəне қорлардан сақтандыру ұйымдарына аударымдар 2011 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 194,4 млрд. теңге болды немесе қаңтар айында 7,5 млрд. теңгеге (4,0%) өсті.

2011 жылдың  басынан бастап зейнетақы аннуитет  шарттарына сəйкес сақтандыру  ұйымдарына алушылардың жинақталған  зейнетақы қаражатын аударым жасау жалпы сомасы 1,1 млрд. теңгеге 633 алушыға жүзеге асырылды. Зейнетақы аннуитет шарттарына сəйкес сақтандыру ұйымдарына алушылардың жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасаудың жалпы сомасы 2011 жылғы 1 ақпанда 16,8 млрд. теңгені құрады.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі жөніндегі ақпаратты Агенттіктің сайтында орналастыру, сондай-ақ қорлардың ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауы салымшыларға (алушыларға) қорды дербес таңдауға жəне зейнетақы заңнамасы бойынша берілген жинақталған зейнетақы қаражатын бір қордан екінші қорға аудару құқығын пайдалануға мүмкіндік береді.

2011 жылғы 1 ақпандағы жағдай  бойынша жинақталған зейнетақы  қаражатын бір қордан екінші қорға аудару қаңтар айында 33,8 млрд. теңгеге (3,1%) ұлғайып, 1 141,5 млрд. теңгені құрады.

2011 жылғы 1 ақпандағы жағдай  бойынша ЗАИБЖАҰ-да инвестициялық  басқаруда болған зейнетақы активтерінің  жиынтық көлемі ағымдағы жылы  қаңтар айында 16,1 млрд. теңгеге немесе 0,7%-ға өсіп, 2 276,2 млрд. теңге болды.

2010 жылғы 1 ақпаннан бастап 2011 жылғы 1 ақпанға дейінгі кезеңде зейнетақы активтерінің орташа айлық өсуі 31,8 млрд. теңге болды.

 

ЕСКЕРТУ: ҚҚА мәліметтері негізінде

Сурет 15 - Зейнетақы активтерінің жиынтық көлемінің өзгеру динамикасы

           Қорлардың жиынтық капиталы 2011 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 82,9 млрд. теңге болды, оның ішінде жарғылық капитал – 44,2 млрд. теңге немесе жиынтық капиталдың жалпы көлемінің 53,3%-ы болды. Қорлар бойынша активтердің жалпы сомасы 2011 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 89,4 млрд. теңге болды.

2011 жылғы қаңтар айында 5 қор («Ұлар Үміт», «АМАНАТ Қазақстан», «Атамекен», «БТА Қазақстан», жəне  «Отан») жалпы сомасы 2,6 млрд. теңге  шығынға ұшырады, бұл ретте 8 қор  жалпы сомасы 2,5 млрд. теңге пайда  алды. Қорлардың таза кірісінің  жалпы сомасы 2011 жылғы 1 ақпанда 0,1 млрд. теңге болды.

Қорлардың меншікті активтері есебінен қаржы инвестициялары 2011 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 72,1 млрд. теңге немесе қорлардың жиынтық активтерінің 80,6%-ы болды.

Қорлар меншікті активтерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына – 61,9%, Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздарына – 13,7%, екінші деңгейдегі банктердегі салымдарға – 18,8%, шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздарына – инвестициялардың жалпы көлемінің 3,2 %-ын орналастырды.

 

Кесте 8 – Республика экономикасындағы зейнетақы секторының рөлі

Республика экономикасындағы зейнетақы секторының ролін сипаттайтын қатысты көрсеткіштердің динамикасы

1.01.06

1.01.07

1.01.08

1.01.09

1.01.10

1.01.11

1.02.11

ЖІӨ млрд.теңге

7453,0

10139,5

12849,8

16052,9

17007,6

19303,6

21213,3

Жинақталған зейнетақы қаражатының ЖІӨ-ге

қатынасы, %-бен

8,7

9,0

9,4

8,8

10,9

11,7

10,7

Зейнетақы жарналарының ЖІӨ-ге қатынасы, %-бен

6,9

6,7

7,1

7,4

8,8

9,4

8,7

«Таза» инвестициялық кірістің ЖІӨ-ге қатынасы, %-бен

2,1

2,5

2,6

1,9

2,8

3,0

2,7

Қорлардың жиынтық капиталының ЖІӨ-ге қатынасы, %-бен

0,2

0,2

0,2

0,3

0,4

0,4

0,4


ЕСКЕРТУ: ҚҚА мәліметтері негізінде

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. ҰЛТТЫҚ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЖҮЙЕЛІ ӨЗГЕРТУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ДАМУ БОЛАШАҒЫ

 

3.1 Қаржы нарығының негізі  ретіндегі қор нарығының инвестициялық  мәселелері және оларды шешу  жолдары

 

Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының қызметіне арналған нормативтік құқықтық база құрылған және қор биржасы, орталық дипозитарий және басқа да кәсіпқой қатысушылар ретіндегі қатысушылар айқындалған. Бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымының элементтерінің және нормативтік құқықтық база өңірлік қаржы орталығын одан әрі дамытуда негізгі орын алады. Әлемде Нью-Йорк, Токио, Лондон, Франкфурт, Гонконг және т.б. қалаларының қаржы орталықтарында орналасқан өте ірі NYSE Euronext; Токио қор биржасы; NASDAQ; Лондон қор биржасы; Гонконг қор биржасы; Торонто қор биржасы; Франкфурт қор  биржасы (Deutsche Börse); Шанхай қор  биржасы; Мадрид қор биржасы (BME Spanish Exchanges); Австралия қор  биржасы; SWX Швейцария қор биржасы және т.б. қор биржалары бар.

Орта Азия және ТМД елдерінің арасында Қазақстан ерекше орын алады. Шетелдік инвесторлар осында көп орналасқандықтан Алматы қаласы орталық болып таңдап алынды.Онда Ұлттық банк және 32-33 екінші деңгейдегі банк,  17 жинақтаушы зейнетақы қоры, 24 сақтандыру ұйымы, Қаржылық қадағалау агенттігі мен жақында құрылған Алматы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі бар. Алматы қаласы қор орталығы мен мәдени, рухани орталық, Қазақстандағы өте үлкен қала және екінші астана ретінде мәртебесі бар. Алматы қаласы- бір жарым миллион тұрғын тұратын үлкен мегаполис. Алматы қаласы дамуының макроэкономикалық жағдайын талдау, оң тенденциялардың басым екенін көрсетті, инвестициялық рейтингтің деңгейі айтарлықтай жоғары «ВВ+ жоғары» деңгейінде тұр, бірақ күзде ағылшындық Fitch Ratings агенттігі қазақстандық коммерциялық банктерді соңғы кездегі дағдарыстарға сәйкес бір балға төмендеткен болатын. Қазақстан қор биржасы ТМД елдерінің ішінде тұрақты және инвестициялық климаты жайлы болғандықтан  көшбасшы болуға  мүмкіндік бар. Қазақстанда «KASE» («Қазақстан қор биржасы» АҚ) 1996 жылы құрылған және қор биржасын дамыту мақсатында мемлекет тарапынан Қазақстан Республикасы Алматы қалалық өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі құрылды. Сөйтіп Алматы өңірлік қаржы орталығында арнайы сауда алаңы (бұдан әрі АӨҚО АСА) құрылды. Биржаның коммерциялық емес мәртебесі  жойылып, орнына қызығушы тұлғаларға акциясын сатып алуға мүмкіндіктер берілді.

Қазақстандық қор биржасы Дубай мен Сингапур сияқты биржалармен бәсекелесе алмайды. Алматыда орналасқан АӨҚО арнайы сауда алаңы  ТМД және Орта Азия мемлекеттерінің арасында аймақтық көшбасшы. Қазақстан қор биржасы аймақтағы көрші ел Қырғыз қор биржасының жарғылық капиталының 10% үлесін иемденген және бұл көрсеткіш болашақта өсуі мүмкін.Себебі  Қырғызстан Республикасында Ыстықкөл туристік орталығы бар және ол су қорларына, энергетикаға бай болғанмен, экономикасы әлсіз мемлекет. Бірақ, Қазақстан Республикасымен экономикалық одақтас ел. Ал, Тәжікстан болса онда қазір экономикалық жағдай төмен. Аймақта, Қазақстан Республикасын қызықтырып отырған мемлекеттер Өзбекстан мен Түркменстан. Оларда халық көп тұрады, экономикасы мықты, пайдалы қазбалары (мұнай, газ, алтын) көп, ауыл шаруашылығы дамушы мемлекет. Бірақ, саяси мәселелерге байланысты бұл мемлекеттердің Қазақстанмен экономикалық байланысы өте төмен.Ешқандай экономикалық одақтастығымыз жоқ. Қазақстанның Кавказ мемлекеттерімен (Әзірбайжан, Армения, Грузия) экономикалық байланысы жақсы. Қазақстан Республикасы Кавказ елдеріне көптеген инвестициялар құйған.  АӨҚО үшін ең болашағы зор эмитенттер  Қырғызстан мен Әзірбайжан болып табылады. Басымдығы жағынан екінші орындағы топқа Ресей, Украина және Өзбекстан жатқызылса, үшінші топқа Тәжікстан, Қытай, Грузия, Түркменстан және Белоруссия мемлекеттері жатқызылады. Қазақстан рыногына шығуына біраз кедергілер бар. Қырғызстанның бұл тұрғыдағы басты қиындығы - елдегі кредиттік рейтингтің жоқтығы, ал Әзірбайжан компаниялары шетелде эмитент атану үшін мемлекеттік органдардан рұқсат алуы керек. Ресейде , Ресейден тыс жерде құнды қағаз орналастыруды жоспарлап отырған эмитенттерге мемлекеттік органның - Қаржы рыноктары жөніндегі федералдық қызметтің рұқсаты қажет.Сондай-ақ кем дегенде бір ресейлік қор биржасының баға белгіленімі тізіміне қосылған құнды қағаз шығарылымының мемлекеттік тіркеуінде болуы тиіс. Бірақ эмитент орналасқан 30% Ресей аймағында орналасуы тиіс.

Информация о работе Ұлттық қаржы нарығының жүйелі өзгертудің өзекті мәселелері мен даму болашағы