Қосылған құнға салық салудың әрекет ету мәселелері және жетілдіру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Июня 2013 в 06:50, курсовая работа

Описание работы

Еліміздің қай уақытта да болсын қалыпты әлеуметтік-экономикалық жағдайда өмір сүруін қамтамасыз ететін мемлекеттік әртүрлі мекемелер мен мемлекет аппаратты ұстауға халықтың білімін, мәдениетін дамытуға денсаулықтарына кепілдеме беруге тұрғындардың тыныштығын қамтымасыз ету мақсатында қорғаныс күштерді ұстауға қажетті қаражаттың ең басты көзі болып салық табылады. Салық – бұл мемлекеттің дамуының қай сатысында болса да маңызды мәнге ие.
Қазіргі біздің мемлекетіміздің жағдайындағы әрекет етіп отырған салық жүйесінің ішінде тікелей салытармен қатар жанама салықтардың рөлі бар. Жанама салық мемлекеттік бюджетті толтырудың қайнар көзі болып табылады.

Содержание работы

I тарау. Салықтардың экономикалық мазмұны, кажеттілігі, қызметтері
және ұйымдастыру принциптері
. Салықтардың экономикалық мазмұны, қажеттілігі, қызметтері және
ұйымдастыру принциптері
. Қазақстан Республикасының салық жүйесі және қалыптасу мен даму
сатылары

II тарау. Батыс Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің ұйымдық – экономикалық сипаттамасы және қаржы жұмысы
2.1. Батыс Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің даму тарихы және ұйымдық сипаттамасы
2.2. Батыс Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің бюджеттік түсімдеріне қаржылық талдау

III тарау. Қосылған құнға салық салудың әрекет ету мәселелері және жетілдіру жолдары
3.1. Қосылған құнға салық салуды ұйымдастыру және есептеп, төлеу механизмі
Қосылған құнға салық салудың әрекет ету мәселелері және жетілдіру жолдары
Қорытынды және ұсыныстар ............................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ……………

Файлы: 1 файл

Диплом Асхата Кадим.doc

— 371.50 Кб (Скачать файл)

Мазмұны

 

Кіріспе                        

I тарау.  Салықтардың экономикалық  мазмұны, кажеттілігі, қызметтері

                  және ұйымдастыру принциптері                                                       

    1. . Салықтардың экономикалық мазмұны, қажеттілігі, қызметтері  және  

        ұйымдастыру принциптері                                                                             

    1. .  Қазақстан Республикасының салық жүйесі және қалыптасу мен даму    

         сатылары                                   

 

II тарау.   Батыс Қазақстан  облысы бойынша салық департаментінің  ұйымдық – экономикалық сипаттамасы және қаржы жұмысы

2.1. Батыс Қазақстан облысы бойынша  салық департаментінің даму тарихы және ұйымдық сипаттамасы

2.2. Батыс Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің  бюджеттік түсімдеріне қаржылық талдау

 

III тарау.  Қосылған құнға салық салудың әрекет ету  мәселелері  және жетілдіру жолдары                                                                                                                

3.1. Қосылған құнға  салық салуды ұйымдастыру және  есептеп, төлеу механизмі

    1. Қосылған құнға салық салудың әрекет ету мәселелері және жетілдіру жолдары                                                                                                

Қорытынды және ұсыныстар ............................................................................                                                                                                               

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ……………………………………………..

 

 

                                                                                                      

 

Кіріспе

 

Еліміздің қай уақытта  да болсын қалыпты әлеуметтік-экономикалық жағдайда өмір сүруін қамтамасыз ететін мемлекеттік әртүрлі мекемелер мен мемлекет аппаратты ұстауға халықтың білімін, мәдениетін дамытуға денсаулықтарына кепілдеме беруге тұрғындардың тыныштығын қамтымасыз ету мақсатында қорғаныс күштерді ұстауға қажетті қаражаттың ең басты көзі болып салық табылады. Салық – бұл  мемлекеттің дамуының қай сатысында болса да маңызды мәнге ие.

Қазіргі біздің мемлекетіміздің  жағдайындағы әрекет етіп отырған салық  жүйесінің ішінде тікелей салытармен қатар жанама салықтардың рөлі бар. Жанама салық мемлекеттік бюджетті толтырудың қайнар көзі болып табылады.

Жанама салықтарға қосылған құнға салық пен акциздер жатады. Соның ішінде қосылған құнға салық  басқа бірнеше мың жылдан бері өмір сүріп келе жатырған салық түрлерінің ішіндегі ең жасы. Дегенмен мағынасы жағынан  басқаларына қарағанда ол осы  аз уақыт ішінде кең мағынаға ие болды. Осы жарты ғасыр ішінде ол жүзден астам елдердің салық жүйесінен өз орнын  тапты. Сондықтан да жанама салықтардың, соның ішінде қосылған құн салығының салық жүйесіндегі орыны ерекшелігін ескере отырып дипломдық жұмыс тақырыбы өзекті болып келеді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты  болып қосылған құнға салық салу мәселелерін қарастыру және жетілдіру  жолдарын ұсыну болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсатына  сәйкес мынадай міндеттер қойылады:

    • жалпы салық жүйесіне түсінік беру;
    • Қазақстан Республикасында салық жүйесінің қалыптасуы және салық салу жағдайын қарастыру;
    • БҚО бойынша салық департаментіне ұйымдық-экономикалық сипаттама беру;
    • Салық департаменті қызметінің нәтижелеріне талдау жасау;
  • қосылған құнға салықты есептеу, қолдану, төлеу тәртібін қарастыру.
  • қосылған құн салығының әрекет ету мәселелерін қарастырып, жетілдіру жолдары бойынша ұсыныстар жасау.

Дипломдық жұмыстың зерттеу  объектісі болып Батыс Қазақстан облысы бойынша салық департаменті табылады. Жұмысты орындау барысында салық департаментінің соңғы үш жыл бойынша есебі және декларация мәліметтері, ережесі, қолданылды.

Дипломдық жұмысты орындау  барысында монографиялық талдау және экономикалық-математикалық салыстыру, айырмашылық табу,  әдістерінің  кейбір жақтары қолданып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I тарау.  Салықтардың  экономикалық мазмұны, қажеттілігі,  қызметтері  және ұйымдастыру  принциптері

    1. Салықтардың экономикалық мазмұны, қажеттілігі,

қызметтері  және ұйымдастыру  принциптері

Ұйымдық-құқықтық жағынан  салықтар – бұл мемлекет бір жақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.

Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функцияларымен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығына.

Салықтар мемлекетпен  бірге пайда болды және мемлекеттің  өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері тен сұрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді. Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістері және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салақтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың тұрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функциаларымен айқындалады. Белгілі философ Фрэнсис Бэкон салықтарды төлеу әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабында: заңды  түрде белгіленген салықтарды, алымдарды  және өзге міндетті төлемдерді төлеу  әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, – деп жазылған.

Салықтарда ежелден  салық жүктемесін бөлудің екі  қағидаты қалыптасқан:

  1. пайда (алынған игіліктер) қағидаты,
  2. «қайыр көрсету» (төлем қабілеттілігі) қағидаты.

         Алынған игіліктерге және төлем  қабілеттілігіне салық салудың қағидаттарын пайдалану салық мөлшерлемелерін белгілеуге және табыстың өсуіне қарай олардың өзгеруіне саяды

Салықты ұтымды ұйымдастырудың классикалық қағидаттарын бұрын А.Смит ұсынған еді. Олар мынаған саяды:

  • Салық салық төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс (әділеттілік қағидаты)
  • Салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы керек (анықтылық қағидаты)
  • Әрбір салық салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және әдіспен алынуы тиіс (қолайлылық қағидаты)
  • Салықты алудыңшығындары өте аз болуы тиіс (үнем қағидаты)

Бұл қағидаттарды пайдалану  салық салуда зорлық-зомбылықты жоқ  етті, бұл процеске реттемелеуді енгізді  және А.Смитке «салықтар – оны  төлейтіндерге құлшылықтың нышаны есмес, бостандықтың нышаны»  деп  қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Салық салудың кейінгі даму барысында қағидаттардың тұжырымдамалары дәлелденді, толықтырылды.

Салық салудың қазіргі  қағидаттары мынаған саяды:

  1. Салық салудағы әділдік қағидаты екі аспектіде қарастырылады:

а) «деңгейлес теңдікке жету» - салық төлеушілердің табыстарына тең жағдайда біркелкі салық салынады;

ә) «сатылас теңдікті»  сақтау – жеке тұлғалардың табыстарына  салық салу табыстардың бар бөлігін  қайта бөлу үшін прогрессивті шәкіл  бойынша сараланған мөлшерлемелерді  қолдана отырып жүргізілуі тиіс.

2. Қарапайымдылық қағидаты. Салық механизмі салық төлеушіге  түсінікті болуы тиіс, ол рабайсыз  әрі күрделі болмауы керек.

3. Салықтардың анықтығы  – алдын ала белгіленген шарттар  мен талаптардың мызғымас теңдігі   елдің барлық аумағында және барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін түсіндіру мен қолданудың біркелкілігі.

4. Жеңілдіктердің ең  аз саны. Жеңілдіктер құндық үйлесімдерді  бұрмалайды және салық салу  субъектілерін тең емес жағдайларға  әдейі қояды.

5. Салық салудың   экономикалық бейтараптығы. Салықтар экономиканың жұмыс істеуін жақсартуға және инвестициялардың өсуіне кедергі жасамауы тиіс.

6. Экономикалық қатынастар  бойынша осы елдің басқа әріптес елдермен салықтардың негізгі түрлері бойынша салық мөлшерлемелерінің салыстырмалығы.

Қазқстанның Салық Заңнамасында сонымен бірге салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың  айқындылығы, әділдігі, салық жұйесінің  біртұтастығы және салық заңнамасының жариялылығы қағидаттары негізделеді.

Салық төлеуші салық заңнамасына сәйкес салықтық міндеттемелерін толық төлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.

Салықтар және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер айқын болуға тиіс. Салық салудың  айқындығы салық төлеушінің салықтық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңнамасында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.

Еліміздегі салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып  табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін  беруге тиым салынады.

Қазқстанның салық жүйесі оның бүкіл аумағында барлық салық  төлеушілерге қатысты бірыңғай болып  табылады.

Салық салу мәселелері реттейтін  нормативтік-құқықтық актілер ресми  баслымдарда міндетті түрде жариялануға  жатады.

Мемлекетке түсетін  салық түсімдерінің сипатты ерекшелігі олардың сан алуан қоғамдық қажеттерге кейін иесіз пайдаланылуы болып табылады. Осысымен салықтың мемлекет, сондай-ақ басқа жергілікті органдар белгілейтін түрлі міндетті, мақсатты жарналардан, төлем аударымдарынан айырмашылығы болады.

Салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұны олар атқаратын  функцияларда толық ашыла түседі. Жалпы қаржы категориясы тұрғысынан салықтар қосалқы категория болып  табылатындығын есте ұстаған жөн, сондықтан  қаржыға қатысты салықтардын  функцияларын қаржың бөлгіштік функциясының құрамдас қосалқы функциясы ретінде қарстырылған жөн.

Қазіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі үш функция орындалады. Бұлардың әрқайсысы осы қаржы  категориясының ішкі белгілері мен  өзіндік ерекшеліктерін білдіреді.

Фискалдық қызметі –  барлық  мемлекеттерге тән негізгі  функция. Оның көмегімен бюджеттік  қор қалыптасады, мұның өзі салықтардың  қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің  кірістерін толыстыра отырып, экономиканы, әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Салықтардың реттеуші функциясы  мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болат. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына  қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл орайда салықтардың нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелерінің, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шигерімлер пайдаланылады. Бұл реттеуіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен үйлесіміне, қорлану мен тұтыну көлеміне ықпал етеді.

Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субъеектілер табысының бір бөлігі мемлекеттің қарамағына өтеді. Мемлекет салық саясатын – салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық және басқа мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген әкономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді.

Салық қызметтері салықтың барын айқандайды, олардың қасиеттерін  сипаттайтын әдістер болып табылады. Салық қызметтері мемлекеттік табысты  бөлу және қайта бөлу инструменті  ретінде олардың қоғамдық тапсырмаларды  қалай жүзеге асырып жатырғанын бейнелейді.

Салықтың бас қызметін қызметін қарастырады: фискалдық, бөлу, реттеу, бақылау және ынталандырушы.

Бөлу қызметі –  бөлу бойынша қатынастардың ерекше орталықтандырылған инструменті ретінде  болуын бейнелейді. Бөлу қызметі басқаша әлеуметтік деп аталады, себебі ол қоғамдық табыстарды нәтижесінде қоғамның әлеуметтік тұрақтылығына кепілдікті қамтамасыз ететін әртүрлі санаттар, яғни жағдайы жақсы және төмен азаматтар арасында әділ бөліп таратады. Әлеуметтік функцияны жеке бөлек тауарларға, бәрінен бұрын қымбат тауарлардан ұсталатын акциз атқарады. Мемлекеттің бюджеттің табысының қалыптасуы мемлекеттің өзін ірі экономикалық субъектіге айналдырады.

Информация о работе Қосылған құнға салық салудың әрекет ету мәселелері және жетілдіру жолдары