Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Июня 2013 в 06:50, курсовая работа
Еліміздің қай уақытта да болсын қалыпты әлеуметтік-экономикалық жағдайда өмір сүруін қамтамасыз ететін мемлекеттік әртүрлі мекемелер мен мемлекет аппаратты ұстауға халықтың білімін, мәдениетін дамытуға денсаулықтарына кепілдеме беруге тұрғындардың тыныштығын қамтымасыз ету мақсатында қорғаныс күштерді ұстауға қажетті қаражаттың ең басты көзі болып салық табылады. Салық – бұл мемлекеттің дамуының қай сатысында болса да маңызды мәнге ие.
Қазіргі біздің мемлекетіміздің жағдайындағы әрекет етіп отырған салық жүйесінің ішінде тікелей салытармен қатар жанама салықтардың рөлі бар. Жанама салық мемлекеттік бюджетті толтырудың қайнар көзі болып табылады.
I тарау. Салықтардың экономикалық мазмұны, кажеттілігі, қызметтері
және ұйымдастыру принциптері
. Салықтардың экономикалық мазмұны, қажеттілігі, қызметтері және
ұйымдастыру принциптері
. Қазақстан Республикасының салық жүйесі және қалыптасу мен даму
сатылары
II тарау. Батыс Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің ұйымдық – экономикалық сипаттамасы және қаржы жұмысы
2.1. Батыс Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің даму тарихы және ұйымдық сипаттамасы
2.2. Батыс Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің бюджеттік түсімдеріне қаржылық талдау
III тарау. Қосылған құнға салық салудың әрекет ету мәселелері және жетілдіру жолдары
3.1. Қосылған құнға салық салуды ұйымдастыру және есептеп, төлеу механизмі
Қосылған құнға салық салудың әрекет ету мәселелері және жетілдіру жолдары
Қорытынды және ұсыныстар ............................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ……………
Шынғырлау ауданы бойынша Салық комитеті;
Батыс Қазақстан облысы бойынша Салық комитеті 12 басқарма негізінде құрылған.
2.2. Батыс Қазақстан
облысы бойынша салық
Мемлекеттің негізгі бюджеттік кіріс көзі – салық болып саналады.Әрі бұл бұлжымас қағидалардың бірі десек қателеспейміз.Елдің атқарар қызметтерінің барлық түйіндері жиналған салықтық түсімдер арқылы өз шешімдерін табады.Қай ел болмасын бюджеттік жүйедегі кіріс көздерін салықтық түсімдер арқылы қалыптастырып отырады.Себебі салық қаржының бастапқы ктегориясы болып табылады.Салықтардың экономикалық мәні олардың функциялар мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылады.Салықтық түсімдер өз іштерінен нақты және жеке салықтардан түскен түсімдер және жанама салықтардан түскен түсімдер болып бөлінеді. Енді жоғарыда аталған мәліметтерді өз облысымызда,яғни Батыс Қазақстан облысы бойынша қаржылық зерттеу жұмыстарын жүргізіп көрелік (кесте 1).
1 кесте
Батыс Қазақстан облысының бюджеттік түсімдері
мың тенге
Көрсеткіш |
2005 жыл нақты |
2006 жыл нақты |
Ауытқуы |
% |
2007 жыл нақты |
Ауытқуы |
2008 жыл нақты |
Ауытқуы |
% |
Салықтық түсімдер |
199 466,74 |
172 700,31 |
-26766,43 |
86,5 |
2 399 635,3 |
2226934,99 |
2 564 455,7 |
164820,4 |
107 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
Корпорациялық табыс салығы |
82 741,45 |
100 290,72 |
17549,27 |
121 |
299 464,1 |
199173,38 |
267 066,3 |
-32397,8 |
89,1 |
Жеке табыс салығы |
89 425,32 |
62 246,10 |
-27179,22 |
70 |
646 593,8 |
584347,7 |
723 606,5 |
77012,7 |
112 |
Әлеуметтік салық |
88 812,09 |
76 772,48 |
-12039,61 |
86 |
1 048 202,6 |
971430,12 |
1 133 500,1 |
85297,5 |
108 |
Мүлікке салық |
7 419,27 |
8 040,92 |
62 1,65 |
108 |
85079,9 |
84278,98 |
110093,9 |
25014 |
129 |
Жер салығы |
990,44 |
980,29 |
-10,15 |
99 |
11212,1 |
10231,81 |
11014,0 |
-1981 |
98 |
Көлік құралдарына салық |
1 859,85 |
2 153,12 |
293,27 |
116 |
23161,9 |
21008,78 |
24 327,6 |
1165,7 |
105 |
ҚҚС |
1 700,74 |
1 667,19 |
-33,55 |
98 |
22096,2 |
20429,01 |
26126,0 |
4029,8 |
118 |
Басқалары |
2 971,99 |
2 831,45 |
-140,54 |
95 |
11901,0 |
9069,55 |
97 291,0 |
85390 |
817 |
Салықтық емес түсімдер |
3 636,00 |
6 603,19 |
2967,19 |
182 |
17943,4 |
11340,21 |
17 323,8 |
-619,6 |
97 |
Капиталмен жұмыс түсімдері |
1 328,34 |
2 458,16 |
1129,82 |
185 |
32859,4 |
30401,24 |
249 423,7 |
216564,3 |
759 |
Барлық түсімдер |
204 431,07 |
181 761, 67 |
-22669,4 |
89 |
2 450 438,1 |
2268676,43 |
2 831 203,2 |
380 765,1 |
116 |
Нақты салықтар - салық төлеушінің салық салу обьектісінен алынатын табысының мөлшеріне байланысты емес, яғни салық төлеушінің мүлкінің сыртқы белгісіне қарай алынады.Оларға : жер салығы, мүлік салығы, көлік құралдарына салынатын салық түрлері жатқызылады.Жеке салықтар – салық төлеушінің салық төлейтін обьектісінен алынатын табысының мөлшеріне байланысты алынады.Нақты және жеке салықтар салық жүйесіндегі экономикалық ролі ерекше.Бұл салық түрлерінен түсетін салықтық түсімдер бюджет құрылымының негізгі кіріс қорын қалыптастырады.Мысалы, елімізде салықтық түсімді көп түсіретін салық түрлері корпоративтік табыс салығы, жеке табыс салығы және әлеуметтік салық нақты және жеке салыққа жатады.Бұл салықтардан түскен түсімдер бюджет кірісінің жартысынан астамын құрайды.Осыған қарап нақты және жеке салықтың салық жүйесіндегі экономикалық ролін айқындауға болады.
Батыс Қазақстан облысы еліміздегі
өзіндік экономикасы бар
1 кестеде Батыс Қазақстан
2006 жылы облыс бюджетіне барлық түскен түсім көлемі 181 761, 67мың тенге. 172 700,31 мың тенге көлемінде салықтық түсім түсірген.Оның ішінде корпорациялық табыс салығы 100 290,72 мың тенге, жеке табыс салығы 62 246,10 мың тенге,әлеуметтік салық 76 772,48 мың тенге, мүлік салығы 8 040,92 мың тенге, жер салығы 980,29 мың теңге, көлік құралдарына салық 2 153,12 мың тенге, қосылған құнға салық 1 667,19 мың тенгені құраған.Салықтық емес түсімдер 6 603,19мың тенге шамасындағы межені көрсетті.
2007 жылы облыс бюджетіне барлық түскен түсім көлемі 2 450 438,1мың тенге. 2 399 635,3 мың тенге көлемінде салықтық түсім түсірген.Оның ішінде корпорациялық табыс салығы 299 464,1 мың тенге, жеке табыс салығы 646 593,8 мың тенге,әлеуметтік салық 1 048 202,6 мың тенге, мүлік салығы 85 079,9 мың тенге, жер салығы 11 212,1 мың теңге, көлік құралдарына салық 23 161,9 мың тенге, қосылған құнға салық 22 096,2 мың тенгені құраған.Салықтық емес түсімдер 17 943,4 мың тенге шамасындағы межені көрсетті.
2008 жылы облыс бюджетіне
барлық түскен түсім көлемі 2 831
203,2 мың тенге. 2 564 455,7 мың тенге
көлемінде салықтық түсім
Енді, қосылған құн салығы бойынша түсімдерді облыс деңгейінде талдар болсақ:
Кесте 2.
Батыс Қазақстан облысы бойынша қосылған құн салығының түсімі
Көрсеткіш |
2006 жыл нақты |
2007 жыл нақты |
2008 жыл нақты |
Ауытқу 2008 жыл -2007 жыл |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Орал қаласы |
756,9 |
9 523,5 |
10 999,0 |
+1 475,5 |
Бөрлі ауданы бойынша |
390,1 |
4 706,5 |
5 016,2 |
+309,7 |
Ақжайық ауданы бойынша |
23,3 |
331,4 |
391,9 |
+60,5 |
Жаңақала ауданы бойынша |
183,4 |
2 651,5 |
2 873,8 |
+222,3 |
Жәнібек ауданы бойынша |
30,0 |
441,9 |
1 567,57 |
1 125,67 |
Зеленов ауданы бойынша |
46,7 |
707,1 |
783,8 |
+76,7 |
Қаратөбе ауданы бойынша |
13,3 |
154,7 |
182,9 |
+28,2 |
Сырым ауданы бойынша |
21,7 |
265,2 |
261,3 |
-3,9 |
Казталов ауданы бойынша |
11,7 |
154,7 |
130,63 |
-24,07 |
Тасқала ауданы бойынша |
111,7 |
2165,4 |
2873,8 |
+708,4 |
Теректі ауданы бойынша |
40,0 |
486,1 |
574,8 |
+88,7 |
Бөкейорда ауданы бойынша |
18,3 |
220,9 |
209,0 |
-11,9 |
Шынғырлау ауданы бойынша |
20,0 |
287,3 |
261,3 |
-26 |
Барлық түсімдер |
1 667,19 |
22096,2 |
26126,0 |
+4 029,80 |
Кесте мәліметтері көрсеткендей жалпы ҚҚС жинау облыс бойынша өсу қарқынында екендігін көруге болады. Соңғы екі жылдағы күрт өсу облыс кәсіпкерлеріне дағдарысқа байланысты мемлекет тарапынан әртүрлі қорлар арқылы қаражатпен қолдау көрсеткенінен және Ақсайдағы шетел кәсіпорындарының қызметінен түскен сомалар ірілігінен, сонымен қатар қаламыздағы зауыттардың да іске белсене қосылғаны әсерін тигізіп отыр.
III тарау. Қосылған
құнға салық салудың әрекет
ету мәселелері және жетілдіру
жолдары
3.1. Қосылған құнға салық салуды ұйымдастыру және есептеп, төлеу механизмі
Қосылған құн салығы тауарларды өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы тауарлар импорты кезіндегі аударымды білдіреді. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығы сатылған тауарлар үшін есептелген қосылған құн салығының сомасы мен алынған тауарлар үшін төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Жанама салықтар – жоғарыда атап өткеніміздей, бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салықтар, олар салық төлеушілердің табыстарын немесе мүлкіне тікелей байланысты емес. Оларды саналы пайдалану баға белгілеу процесіне оңтайлы ықпал жасауы және тұтыну құрылымына әсер етуі мүмкін. Бұдан басқа, салық төлеушілер үшін табыстарға тура салық салудың өсуінен гөрі олардың шығыстарына салық салудың өсуі жақсырақ. Сонымен бірге тұтынуға салынатын салықтар болып табылатын акциздерді, сатудан алынатын салықты, қосылған құнға салынатын салықты пайдаланудың көбірек артықшылығы болады, өйткені, олардан жалтарыну қиынырақ; олармен экономикалық бұзушылық аз байланысты; олар еңбекке деген ынталандырмаларды аз қысқартады; тапшылықтың жоқтығы жағдайында, ауыстырушы тауарға да тапшылықтың жоқтығын қоса олар тұтынушыға таңдау құқығын сақтап қалады; салықтардың жасырымдылығын қамтамасыз етеді және т.с.с.
Алайда тұтынуға салынатын
салық өсуінің кемшіліктері де бар,бұл
кемшіліктерге олардың
Салық салу жүйесінже ортақ заңдылықтың болатынын есте ұстау қажет: экономиканың дағдарысы жағдайында, тұралаушылықта - өндірістегі, саудадағы және экономиканың басқа секторларындағы тоқырауда – салық салуды тұтынысқа объективті қайта бағдарлау болады. Осы кезде мемлекеттің шығыстары мұндау жағдайда қысқармайды, тіпті кейде халықтың жұмыспен қамтылуының төмендеуінің нәтижесінде оны әлеуметтік қолдауды кеңейту, экономиканың құрылымын қайта құруға, оның тіршілікті қамтамасыз ететін салаларын қолдауға жұмсалатын шығыстарды және басқа кезек күттірмейтін шығыстарды арттыру қажеттілігінен көбиеді. Сондықтан салық ауыртпалығын көп тұтынатындарға ауыстырудың қажеттігі пайда болады. Бөлгіштік процесстегі белгілі бір теңестіруге жанама салықтардың өзіндік әлеуметтік бағыттылығы осында көрінеді. Дүниежүзілік тәжірибе мұндай практиканы колдап отырады.
Жанама салықтардың ішіндегі ең маңыздысы 1992 жылы еңгізілген қосылған құнға салынатын салық – болып табылады. Салық төлеуші мемлекетке оны төлеу нәтижесінде шеккен шығысының орнын бағаны көтеру жолымен толықтырады және салықты төлеуді сатып алушыға аударады.
Салық салу объектілері мыналар:
Салық салу объектісі материалдық шығындарсыз өндірілген өнім болып саналатын қосылған құн болып табылады: қосылған өнімге кешенді шығыстар, мысалы, жанамаға жұмсалатын және басқа бірқатар шығындар кіріктірілуі мүмкін.
Демек, бұл салықтың ерекшелігі – оның салық салынатын объектісі сатудан түскен бүкіл түсім-ақша емес, тек салық салынатын айналым мен салық салынатын импортты қамтитын қосылған құн болып табылатындығында. Қосылған құн салығы дүние жүзінің 40-тан астам елдерінде, соның ішінде Еуропа экономикалық одағының 17 елінде пайдаланылады. Бұл салықтың артықшылығы мынада: біріншіден, ол жаңа құн жасалынған орын бойынша салық төлеушілердің үлкен тобанан алынады; екіншіден, төлеушілер үшін де есептеудің салыстырмалы қарапайымдылығымен ерекшеленеді және үшіншіден, бағалардың өзгеруіне, төлеушінің қаржылық ахуалына, инфляция деңгейіне қарамастан мемлекет бюджетінің кірістерін қалыптастырудың сенімді және тұрақты базасын қамтамасыз етеді. Қосылған құн салық қазіргі кезде Қазақстан Республикасының бюджет кірістерінің аса маңызды көздерінің бірі болып саналады. Мемлекеттік бюджет кірістерінің жалпы сомасында бұл төлемнің үлес салмағы 27,1% құрайды.
Информация о работе Қосылған құнға салық салудың әрекет ету мәселелері және жетілдіру жолдары