Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Июня 2013 в 06:50, курсовая работа
Еліміздің қай уақытта да болсын қалыпты әлеуметтік-экономикалық жағдайда өмір сүруін қамтамасыз ететін мемлекеттік әртүрлі мекемелер мен мемлекет аппаратты ұстауға халықтың білімін, мәдениетін дамытуға денсаулықтарына кепілдеме беруге тұрғындардың тыныштығын қамтымасыз ету мақсатында қорғаныс күштерді ұстауға қажетті қаражаттың ең басты көзі болып салық табылады. Салық – бұл мемлекеттің дамуының қай сатысында болса да маңызды мәнге ие.
Қазіргі біздің мемлекетіміздің жағдайындағы әрекет етіп отырған салық жүйесінің ішінде тікелей салытармен қатар жанама салықтардың рөлі бар. Жанама салық мемлекеттік бюджетті толтырудың қайнар көзі болып табылады.
I тарау. Салықтардың экономикалық мазмұны, кажеттілігі, қызметтері
және ұйымдастыру принциптері
. Салықтардың экономикалық мазмұны, қажеттілігі, қызметтері және
ұйымдастыру принциптері
. Қазақстан Республикасының салық жүйесі және қалыптасу мен даму
сатылары
II тарау. Батыс Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің ұйымдық – экономикалық сипаттамасы және қаржы жұмысы
2.1. Батыс Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің даму тарихы және ұйымдық сипаттамасы
2.2. Батыс Қазақстан облысы бойынша салық департаментінің бюджеттік түсімдеріне қаржылық талдау
III тарау. Қосылған құнға салық салудың әрекет ету мәселелері және жетілдіру жолдары
3.1. Қосылған құнға салық салуды ұйымдастыру және есептеп, төлеу механизмі
Қосылған құнға салық салудың әрекет ету мәселелері және жетілдіру жолдары
Қорытынды және ұсыныстар ............................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ……………
Салық және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдер туралы
Қазақстан Республикасының коде
Тауарларға қатысты өткізу бойынша айналым:
Жұмыстарды, қызметтер көрсетуді өткізу бойынша айналым кез келген жұмыстарды орындауды немесе қызмет көрсетуді, соның ішінде олардың тегін орындалуын, сондай-ақ туардың өткізуден өзге сыйақы үшін кез келген қызметті білдіреді.
Қосылған құнға салынатын салық – көп дүркінді, тауарды өндіру мен өткізудің әрбір сатысында өндіріп алынатын салық, ол өзіне тауар қозғалысының өткен стадияларындағы барлық алымдарды қосып алады, бірақ мемлекетке тек осы тауардың өндірушісі тауарды өндірумен өткізу стадиясында алынған қосылған құнға салынатын салық түседі. Сонымен бірге кәсіпкерлердің салық жүйесі алдындағы теңдігі пайда болады.
Салық салынатын айналымға мыналар жатады: тауарға меншік құқығын беруді, тауарларды сатуды, тауарды тиеп жөнелтуді, тауарды басқа тауарларға алмастыруды, тауар экспортын, таурды тегін беруді, жарғылық капиталға жарна төлеуді, жұмыс берушінің жалдамалы қызметкерге жалақы есебінен тауар беруін, мүлікті қаржы лизингіне беруді, комиссия шарттары бойынша тауарды тиеп жөнелтуді, қарызды төлемеген жағдайда кепіл берушінің кепілге қойылған мүлкін беруін, бір заңды тұлғалардың қосылған құн салығынан дербес төлеушілері болып табылатын бір құрылымдық бөлімшесінің екінші құрылымдық бөлімшесіне тауар жөнелтуін, бұрын экспорт режимінде шығарылған тауарды кері импорт режимінде қайтаруды білдіреді, мүлікті уақытша иелікке беруді және мүлікті жалдау шартымен пайдалануды, санаткерлік меншік объектілеріне, соның ішінде жарғылық капиталға салым ретінде берілетін құқықтар беруді, жұмыс берушінің жалдамалы қызметкерге жалақы есебінен жұмыстар орындауын қызметтер көрсетуін.
Мыналар: бірлігінің құны екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын тауарды жарнамалық мақсатта беру не сыйлау, тапсырысшының мердігерге дайын өнімді мердігердің дайындауы, ұқсатуы, құрастыруы, жөндеуі және объектілер салу үшін алыс-беріс тауарларын тиеп жөнелтуі, аталған тауарлар Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде дайындалған, қайтарылған ыдысты тиеп жөнелту, егер ыдыс белгіленген мерзімде қайтарылмаса мұндай ыдыс өткізу бойынша айналымға енгізіледі, бұрын экспорт режимінде шығарылған тауарды кері импорт режимінде қайтаруды қоспағанда, тауарды қайтару шартта белгіленген талаптар мен мерзімдерде қайта әкелуге жататын тауарларды көрмелер, басқа да мәдени және спорт шараларын өткізу үшін Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге әкету, бұл Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес «Тауарды уақытша әкету» кеден режимімен рәсімделсе, жер қойнауын пайдаланушы жаңадан құрған және сатып алған, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды орындау үшін пайдаланылатын және Қазақстан Республикасына берілуі тиіс мүлікті жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарт талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының меншігіне беруі, өткізу бойынша айналым болып табылмайды.
Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес декларациялануға тиісті, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін немесе әкелінген тауарлар салық салынатын импорт болып табылады.
Қосылған құн салығынан босатылған айналымдар мыналар: пошталық ақы төлеудің мемлекеттік белгілері, акциздік маркаларын, уәкілетті органдар жүзеге асыратын, соларға байланысты мемлекеттік баж алынатын қызметтерді, адвокаттық қызметті, нотариаттық іс-әрекеттерді жүзеге асыру бойынша көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өткізетін тауарлар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік мекемелердің пайдасына өтеусіз негізде негізгі құралдарды беру, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік кәсіпорындар пайдасына өтеусіз негізде негізгі құралдарды беруді, жарғылық капиталға жарналарды, жарғылық капиталға жарна ретінде алынған мүлікті қайтарып алуды, Қазақстан Республикасының кеден аумағына, «Қазақстан Республикасының кеден аумағында тауарларды ұқсату» кеден режимінде әкелінген тауарларды ұқсату немесе жөндеу бойынша қызмет көрсетулер. Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталатын, Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды, оның ішіне поштаны, тиеу, түсіру, қайта тиеу, жөнелту бойынша жұмыстар, қызмет көрсетулер, сондай-ақ транзит жүктер, техникалық, аэронавигациялық, әуежай қызметін көрсету, халықаралық рейстерге көрсетілетін қызметтер бойынша теңіз айлақтарында қызмет көрсету.
Тұрғын-үй қорын басқару, ұстау мен пайдалану жөнінде қызмет көрсету, ұлттық валюта.
Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес айқындалған, «Еркін қойма» кеден режимі қолданылатын аумақта өндірілген және Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлігіне өткізілетін қазақстандық тауарларды өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салыңғынан бостылады. Осы көрсетілген тауарлар тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Қосылған құн салығынан мынадай тауарлардың импорты босатылады: ұлттық валюта, шетел валютасы, сондай-ақ бағалы қағазы импорты, жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Үкіметі белкіткен тауарларды бажсыз әкелу нормалары бойынша тауарлар импорты, акциз ретін тауарларды қоспағанда, мемлекет, мемлекеттердің үкіметі, халықаралық ұйымдар желілері бойынша қайырымдылық көмек мақсатында әкелінген тауарлар импорты, оның ішінде техникалық жәрдем көрсету, салық төлеуден босатуды белгілейтін кеден режимдерінде Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес декларациялануға тиісті тауарлар импорты, пошта маркаларының импорты, қағаз ақша белгілері өндірісі үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның ұйымдары жүзеге асыратын шикізат импорты, мемлекеттердің, мемлекеттер үкіметтері мен халықаралық ұйымдардың желісі бойынша берілген гранттар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тауарлар импорты. Қаржы лизингі шарты бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг беруші әкелген мүлік импорты.
Осы көрсетілген тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы мыналар: тауар импорты жағдайында - қосылған құн салығы бюджетке төленген болса, қосылған құн салығын төлеу жөніндегі салық міндеттемесі орындалса, олар үшін төленуге тиіс қосылған құн салығының сомасын есепке жатқызуға құқығы бар, қосылған құн салығы бөліп көрсетілген шот-фактуралар бойынша төлеуге тиіс салық сомасы, қосылған құн салығымен бөліп көрсетіле отырып ұсынылған шот-фактуралар бойынша жер қойнауын пайдаланушылар төлеуге жататын, бірақ белгіленген ставкадан аспайтын салық сомасы, Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес рәсімделіп, кедендік жүк декларациясында көрсетілген және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген және кеден режимін шарттарына сәйкес қайтарылуға жатпайтын салық сомасы, қосылған құн салығының төленгенін растайтын төлем құжатында немесе салық органы берген құжатта көрсетілген салық сомасы, темір жол немесе әуе көлігінде тасымалдаушының салық төлеушінің тіркеу нөмірін көрсете отырып берілетін жол жүру билетінде жеке жолмен бөлінген салық сомасы, есеп айырысулары банктер арқылы жүргізілетін, комуналдық қызметтер көрсетуші қолданатын құжаттарда көрсетілген салық сомасы, қосылған құн салығы бойынша есепке қойылған күнге жасалған тауарлардың қалдықтарын түгендеу тізімдемеде көрсетілген салық сомасы, халықаралық шартқа сәйкес оларға қатысты тауарлардың экспорты мен импортына салық салудың өзгеше тәртібі қолданылатын, Қазақстан Республикасына импортталатын тауарларды берушілерге төленуге тиіс қосылған құн салығы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен есепке жатқызылады, қосылған құн салығын төлеушілер салық салынатын және салық салынбайтын, оның ішінде қосылған құн салығынан босатылған айналымдар болған кезде, қосылған құн салығы есепке жатқызылады.
Есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығы мыналар: қосылған құн салығын төлеушінің кәсіпкерлік қызметіне жатпайтын шаралар өткізумен байланысты тауарларды, қонақүй ретінде пайдаланылатын ғимараттарды қоспағанда, тұрғын үй қорындағы ғимараттарды, негізгі құралдар ретінде сатып алынған жеңіл автомобильдерді өтеусіз алынған мүлікті осындай мүлік Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден әкелінген және осы мүлікті алушы импорт кезінде қосылған құн салығын төлеген жағдайларды қоспағанда, алумен байланысты төленуге тиісті болса, есепке жатқызылмайды.
Барабарлық әдіс мыналар: есепке жатқызлған қосылған құн салығының сомасы барабарлық әдіс бойынша салық салынатын айналымының жалпы айналым сомасындағы үлес салмағына қарай анықталады, бағалы қағаздармен жүргізілетін операцияларды жүзеге асыру кезінде бағалы қағаздарды өткізу кезінде алынған өсім өткізу бойынша айналымға қосылады.
Бөлек есептеу әдісі мынадай: бөлек есептеу әдісі бойынша есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасын анықтау кезінде, қосылған құн салығын төлеуші алған, салық салынатын және салық салынбайтын аыналымдар мақсаттары үшін пайдаланылатын тауарлар бойынша шығыстар мен қосылған құн салығының сомасы бойынша бөлек есеп жүргізіледі, есепке жатқызудың барабарлық әдісін пайдаланатын банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және микрокредиттік ұйымдардың кепілдегі мүлікті алуға және өткізуге байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығының сомаларын есепке алу бойынша бөлек есептеу әдісін қолдануға құқығы бар, қаржы лизингіне мүлікті берген кезде есепке жатқызудң барабарлық әдісін пайдаланылатын лизинг берушінің қаржы лизингіне мүлікті беруге байланысты айналымдар бойынша қосылған құн салығының сомасын есепке алу бойынша бөлек есептеу әдісін қолдануға құқығы бар.
2009 жылдың 1-ші қаңтарынан
қосылған құнға салынатын
Есепке жатқызылған қосылған құн салыығын өндіріп алу
Заңды тұлғаның ҚҚС-ын есептеу үшін төмендегідей көрсеткіштер берілген:
Кесте 3.
Қосылған құн салығын есептеу механизмі
Тауарлардың ҚҚС-сыз бағасы |
|||
1. |
12% мөлшерлеме бойынша салық сатынатын айналым |
500000 теңге |
60000 |
2. |
0% мөлшерлеме бойынша салық сатынатын айналым |
120000 теңге |
- |
3. |
ҚҚС- нан босатылған айналым |
80000 теңге |
- |
4. |
ҚҚС- ын төлеуші сатып алған тауардың (жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің) құны |
21000 |
25200 |
Жалпы айналым – 700 000 = (500 000+120 000+80 000)
Салық салынатын айналым – 620 000=(120 000+500 000)
Информация о работе Қосылған құнға салық салудың әрекет ету мәселелері және жетілдіру жолдары