Құрылыстағы бухгалтерлік есеп ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2014 в 07:30, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық қатынасқа көшкенге дейін дәстүрлі жүйеленген түрде жүргізіп келген. Үздік үлгідегі ұзақ жыл өміршеңдігімен пайдаланылған техникалық мөлшерленген базалық актілер құрылыс – монтаж жұмысының дұрыс талдануына септігін тигізген. Ал, нарықтық қатынасқа көшкеннен соң, жүйе бұзылып, құрылыс кәсіпорындарында басқадай көзқарас пайда болды. Яғни, сұраныс деңгейі жоғарылаған сайын баға өсіру тиімді болып есептелді. Бірақ, осыған қарамастан бүгінгі күні аталмыш сала заң актілеріне сүйеніп құрылыс – монтаж жұмыстарын орындап келеді.

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1 ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ЕСЕПТІЛІГІ.....................................................................5
1.1 Құрылыстағы бухгалтерлік есеп ерекшеліктері.............................................5
1.2 Құрылысты ұйымдастырудың формалары және өндіріс түрлері, келісім – шарт жасау тәртібі...................................................................................................8
1.3 Құрылыс саласындағы қаржылық есептілік және ақпаратты ашу.............12

2 «СӘУЛЕТ ҚҰРЫЛЫС» ЖШС ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН БАҒАЛАУ, ҚҰРЫЛЫСТЫҢ СМЕТАЛЫҚ ҚҰНЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫНЫ ТӨЛЕУ....................................................................................................................16
2.1 Құрылыс жұмыстарын бағалаудың ерекшеліктері, келісім – шарт қаралған шектелген және еркін баға....................................................................16
2.2 Құрылыстың сметалық құнының құрамы мен құрылысы және
құжаттау.................................................................................................................19
2.3 Құрылыстағы еңбекақыны төлеудің жүйесі мен түрлері............................22

3 ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІ МЕН ҚҰРЫЛЫС – МОНТАЖДАУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ.....................28
3.1 Шығындар есебінің мәні және жіктелуі........................................................28
3.2 Құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану шығындары бабы бойынша шығын есебі...........................................................................................32
3.3 Аяқталмаған құрылыс – монтаж жұмыстарын өткізу қорытындысы және табыс пен шығынды тану.....................................................................................37

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................41

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................

Файлы: 1 файл

курлыс кесм шарты.doc

— 572.50 Кб (Скачать файл)

♦   өндіріс пен шаруашылыққа қызмет ететін (әлеуметтік) сала.

Өндірісті  бағыты  бойынша  классификациялау — негізгі және қосымша өндірістің, әлеуметтік сфераның шығындарын бөлек есепке алу қажеттігін туғызады.

Бұл мақсат үшін қаржылық-шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебі шоттарының жұмыс жоспарындағы синтетикалық шоттар тізбесінің топтамасында  8 бөлімнің шоттары — «Өндірістік есептің шоттары», оның бөлімшелері: 8010 «Негізгі өндіріс»,  8020 «Меншікті  өндірістің жартылай  фабрикаттары», 8030 «Қосалқы өндірістер»,  8040 «Үстеме шығыстар» белгіленген. Шығындардың деңгейін бақылау және сараптау үшін оларды құрылыс бөлімдеріне, бөлек бөлімшелерге, жұмыс түрлеріне байланысты топтастырады.

Құрылыс өндірісіне қатысушы тұлғалар Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес жазбаша түрде келісім-шарт жасай отырып, төмендегідей тәртіпте құжат толтырады:

 

 

 

 

Мердігерлік келісім №

 

..............................қаласы      «.....».........................жыл

 

(тапсырыс беруші)                            тапсырыс беруші кәсіпорын аты-жөні, қызметі  

қолданылған жарғыға сәйкес                , келесі

тұлғамен төмендегідей келісім жасалды:

 

1. Келісім.

Төмендегі шарттарды орындауды мердігер тапсырыс берушінің талабы бойынша орындай отырып, көрсетілген уақытта жұмыс нәтижесін тапсыру, ал тапсырыс беруші нәтижеге орай төлем жасауға міндетті.

 

2. Жұмыс түрі.

Мердігер тапсырушының талабына сай төмендегі жұмыс түрлерін орындайды:

 

3. Материалдар.

жұмыс                материалымен

(мердігердің немесе тапсырыс  берушінің) орындалады.

 

 

 

4. Тапсырманы орындау  тәсілі.

Тапсырыс берушінің тапсырмасын орындау тәсілі

 

(мердігердің ұсынысымен  немесе нақты бір технологиялық

                                                                 тәсілмен анықталады)

5. Жұмыстың орындалу уақыты.

5.1. Жұмыстың басталу мерзімі                          «    »                 200     жыл

5.2. Жұмыстың аяқталу мерзімі           «    »               200     жыл

5.3. Мерзімінен бұрын ақталу       

 

6. Төлем тәртібі.

6.1. Жұмыс бағасына мердігердің барлық шығындары және көтерме төлемдері енгізіледі.

6.2. Жұмыс бағасы мың. теңге, оның ішінде ҚҚС мың теңге.

Көрсетілген баға:          

(жуықтау, нақты, не екі жақтың келісімі бойынша)

6.3. Тапсырыс берушінің  мердігерге төлеу     

жұмыс бағасының %  «     »                                         200     жылға дейін.

7. Ерекше шарттар.

7.1. Жұмысты орындау барысында        

(тапсырыс берушінің келісімі  бойынша үшінші тұлғаны тартуға)

7.2. Мердігердің жұмысына  тапсырыс беруші төмендегі жағдайда  араласуы мүмкін:

 

7.3. Мердігер тапсырыс беруші шарттарды бұзған жағдайда немесе уақытында орындамаған жағдайда жұмысты тоқтатуға құқығы бар.

7.4. Шарттарды бұзу анықталған  жағдайда мердігер келісім –  шарттан бас тартады және анықталған  шығынды қайтаруды талап етеді.

7.5. Тапсырыс беруші кез – келген уақытта орындалған жұмыстың нақты мөлшерінің ғана нәтижесіне қарап төлем төлеп береді.

7.6. Аяқталмай қалған құрылыс  жұмыстарына заңға сәйкес тапсырыс  беруші мердігерден орындалған  жұмыстың нәтижесіне қарай құжаттандырып  болған соң ғана келісім өз күшін жойғанын айғақтайды.

 

8. Орындалған жұмыстың  нәтижесін тапсыру.

8.1. Мердігердің тапсырыс  берушіге орындалған жұмыстың  нәтижесін тапсыруы екіжақты  толтырылған актіге қол қою  арқылы құжаттандырылады.

8.2. Мердігердің тапсырыс  берушіге тапсырған күні.

8.3. Тапсырыс беруші мердігердің  қатысуымен жұмысты қабылдай  отырып, жұмыс нәтижесіндегі кемшіліктерді  ескертуі шарт.

8.4. Қабылдау қорытындысында  кемшіліктер көрсетілген болса, бірден кемшілікті жою мерзімін  көрсетуі шарт.

8.5. Тапсырыс беруші қабылдап алғаннан соң кездескен кемшіліктерді мерзімді уақытта дереу мердігерге ескертуі шарт.

 

9. Құпиялылық.

9.1. Егер екі жақтың  біреуі келісілген шартқа байланысты  орындау міндеттемелері бойынша  басқа жақтан заңмен қорғалмаған  басқа да шешімдер немесе жаңа технология жөнінде хабарлама алатын болса, анықтама алған жақтың жазбаша рұқсатсыз үшінші тұлғаны анықтамамен қамтамасыз етуге құқығы жоқ.

 

10. Жауапкершілік.

10.1. Егер мердігер келісім  – шарттағы қарастырылған талаптарды  уақытында орындамаған немесе орындалған жұмыс теріс нәтиже берген жағдайда тапсырыс беруші мердігерге төмендегідей талап қоюға тиісті:

 

 

10.2. Орындалған жұмыс көлеміне  уақытында төлем жасамағаны үшін  тапсырыс берушіден мердігер         %  жалпы көлемнен айыппұл алуға тиісті.

10.3. Жұмыс көлемін мердігердің уақытында тапсырмағаны  үшін   %   айыппұл төлеуге тиісті.

10.4. Айыппұл көрсетілген  шығындардан бөлек алынады.

 

11. Басқа шарттар.

11.1. Келісім  2 (екі) данадан  толтырылады, әрбір жаққа бір-бірден.

 

12. Екі жақтың реквизиттері.

Мердігер:       тапсырыс беруші   

 

Сонымен қатар, келісімге қосымша қажетті құжаттар тіркеледі:

  • Құрылыс нысандарының тізімі;
  • Қосымша ерекше талаптар;
  • Құрылыс-монтаж жұмысын орындаудың кестесі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3 Құрылыс саласындағы қаржылық есептілік және ақпаратты ашу

 

Халықаралық тәжірибеде бухгалтерлік есеп үрдісін (процесін) төрт түрлі негізгі сатыға бөлу қабылданған. Бірінші сатыда әртүрлі шаруашылық фактілері (іскерлік мәліметтер) құжатталады. Екінші сатыда есеп деректері жіктеліп және оларды бухгалтерлік есеп шоттарына, бухгалтерлік есептеу тіркелімінде, бас кітапта көрсету жолымен біріктіріп жазады. Үшінші сатыда мазмұнына қарай бухгалтерлік есептің мемлекеттік жүйесінің талабына сай бухгалтерлік қорытынды есеп жасалады. Төртінші бухгалтерлік есеп үрдісінің қорытынды сатысында кәсіпорынның шаруашылық қызметіне талдау жүргізіліп, оның нәтижесі кәсіпорын әкімшілігінің өз қызметіне баға беруі мен алдағы уақытта орындалатын жұмыстары туралы шешімдер қабылдауы үшін пайдаланылады.

Бухгалтерлік қорытынды есеп берудің мақсаты бұл есепті пайдаланушыларға кәсіпорынның мүлкі мен қаржылық жағдайы және олардың қозғалысы туралы, сондай-ақ кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылык нәтижелері туралы, әрі ақиқат ақпарат беруден тұрады. Кәсіпорын туралы ақпаратқа мүдделі жеке немесе заңды тұлғалар осы кәсіпорынның бухгалтерлік қорытынды есебін пайдаланушы болып саналады.

Кәсіпорынның бухгалтерлік қорытынды есебін пайдаланушылардың барлығы бухгалтерлік есептің халықаралық стандартына сәйкес, ілгеріде айтып өткеніміздей үш топқа біріктіріледі. Бірінші топқа осы кәсіпорында қызмет атқаратын адамдар, яғни жұмысшылар мен қызметкерлер жатады. Оларды осы шаруашылықтың экономикалық тұрақтылығы мен табыстылығы туралы ақпараттар қызықтырады. Сонымен қатар, олар өздерінің жұмыс орындарының сақталуы, сондай-ақ уақытымен еңбекақы және басқа да жәрдемақы, сыйақы алу үшін мүдделі болып табылады. Қатаң бәсеке шартында кез-келген кәсіпорынның өміршеңдігі оның басшысының ең негізгі міндеті, яғни пайдалы жұмыстың табыстылығы (рентабельділігі) мен активтердің өтімділігін қамтамасыз етуді қаншалықты үздік шешуіне байланысты.

Қолда бар капиталды сақтап және жаңасын жұмылдыру арқылы кәсіпорынның жеткілікті пайда табу мүмкіндігі табыстылық (рентабельділік) болып саналады.

Кредиторлар алдындағы қарыздарын өтеу үшін кәсіпорынның жеткілікті түрде ақшаларының және басқа да қорларының болуы, ол кәсіпорын активтерінің өтімділігін білдіреді.

Екінші топты осы кәсіпорында жұмыс істемейтін, бірақ оның қаржылық жағдайына тікелей ынталылар, мүдделілер құрайды. Бұл топқа кәсіпорынның инвесторларын, несие беруші банк және басқа да кәсіпорындарын, жабдықтаушы-мердігерлерін және басқаларды жатқызуға болады.

Инвесторларды олардың салынған капиталының табыстылығы қызықтырып және сонымен қатар, алдағы уақытта осы кәсіпорын үшін қолайсыз жағдайлардан болатын қауіпті ақпараттар аландатады. Бұл ақпараттар оларға қай кезде кәсіпорынның акцияларын сатып алуға, ұстап отыруға немесе сатуға болатындығын біліп, шешім қабылдау үшін қажет.

Несие берушілерді кәсіпорынға берілген төлемді уақытымен қайтарып алу мүмкіншілігі мен одан түсетін тиесілі пайызды алу мүмкіндігі туралы ақпараттар, ал жабдықтаушы-мердігерлерді кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен шоттарды уақытылы төлеу мүмкіндігі жайлы ақпараттар қызықтырады.

Үшінші топқа кәсіпорынның қаржылық жағдайына жанама мүдделілер — қор биржалары, салық комитеті, жоспарлауды жүзеге асырушы органдар және басқа да заңды тұлғалар жатады. Олар кәсіпорынның бухгалтерлік қорытынды есебін пайдалану арқылы елдегі адамдардың орташа еңбекақысын және басқа да статистикалық көрсеткіштерді есептеп отырады. Осыларды ескере келсек, кәсіпорындардың бухгалтерлік қорытынды есеп мәліметтері тек қана бір кәсіпорынның экономикасын көтеру үшін ғана емес, сонымен қатар елдің және сол елдегі халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін қажет.

Бухгалтерлік қорытынды есептің құрамы мен түрлері туралы ұғымға келетін болсақ, бухгалтерлік қорытынды есеп кәсіпорынның мүліктік және қаржылық жағдайын, сондай-ақ белгілі бір уақыттағы қызметінің қаржылық қорытындысының нәтижесін көрсететін көрсеткіштер жүйесінен тұрады.

Бухгалтерлік қорытынды есеп өзінің негізі болып саналатын белгілеріне қарай, яғни жасалу уақыты, мәліметтің көлемі және тағайындалуы бойынша жіктеледі.

Жасалу уақытына қарай бухгалтерлік қорытынды есеп ағымдағы және жылдық деп аталатын екі түрге бөлінеді. Кәсіпорынның ағымдағы (жыл аралық) бухгалтерлік қорытынды есебі негізінен қысқа есепті кезең аралығына жасалады (бір айға, бір тоқсанға немесе жарты жылға). Ал кәсіпорынның жылдық бухгалтерлік қорытынды есебі есеп беретін жылға жасалады. Оның ағымдағы қорытынды есептен айырмашылығы балансқа көптеген қосымшалар тіркеліп, кәсіпорынның қаржылық және мүліктік жағдайы туралы толығырақ ақпарат береді. Сондықтан да бұл ақпаратты мәліметтер кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігін нақтылы бағалауға мүмкіндік береді. Мәліметтің көлеміне қарай бухгалтерлік қорытынды есептің өзін алғашқы және жиынтық бухгалтерлік қорытынды есеп деп аталатын екі түрге бөлуге болады. Алғашқы бухгалтерлік қорытынды есеп кәсіпорынның ағымдағы бухгалтерлік есеп мәліметтері негізінде жасалады. Оның құрамында кәсіпорынның белгілі бір уақыт аралығындағы (бір айдағы) мүліктік немесе қаржылық нәтижесі көрсетіледі. Жиынтық бухгалтерлік қорытынды есепті құрамында туынды немесе еншілес серіктестіктері бар шаруашылық кәсіпорындары өзінің және сол серіктестіктерінің қорытынды есептерінің негізінде жасайды.

Тағайындалуы бойынша жасалынған бухгалтерлік қорытынды есеп ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі деп аталатын бухгалтерлік қорытынды есеп мәліметтері шаруашылықты басқару үшін, сондай-ақ басшылардың қандай да бір мәселелерді шешуі үшін пайдаланылады. Бухгалтерлік қорытынды есептің бұл түрі сыртқы пайдаланушыларға берілмейді және оның мәліметтерін жариялауға тыйым салынады. Ал бухгалтерлік қорытынды есептің сыртқы түрі барлық пайдаланушылар үшін ашық түрде беріледі. Сонымен қатар, қорытынды есептің бұл түрін кәсіпорын кейбір жағдайларда жарнама ретінде ақпараттық құралдар (газеттер, журналдар) беттеріне де жариялайды.

Жылдық бухгалтерлік қорытынды есеп кәсіпорын қызметінің түріне, шаруашылық саласына қарамастан мына құжаттардан тұрады:

— бухгалтерлік баланстан;

— пайда және зиян (қаржы-шаруашылық нәтижелер) туралы есептен;

— меншікті капиталының қозғалысы туралы есептен;

— ақшалардың қозғалысы туралы есептен;

— түсініктемелік жазбадан.

Кәсіпорынның жылдық бухгалтерлік қорытынды есебіне берілген түсініктемелік жазба кәсіпорынның қаржылык жағдайы туралы деректен, өткен жыл мен ағымдағы жылдың мәліметтерін салыстыру арқылы жазылған түсініктемеден және бухгалтерлік қорытынды есебінің елеулі баптары мен бағалау әдістері туралы маңызды ақпараттардан тұруы керек. Бұл айтылғандардан басқа, түсініктеме жазбада кәсіпорынның келесі есепті жылдың есеп саясатына енгізетін өзгерістері жайлы мәліметтер көрсетіледі.

Бухгалтерлік қорытынды есепке қойылатын негізгі талаптар. Бухгалтерлік есеп қағидаларына сәйкес кез келген кәсіпорындардың бухгалтерлік қорытынды есебі мынадай негізгі талаптарға жауап беруі керек — сенімділік, тұтастық, тізбектілік, салыстырымдылық, есепті кезең және рәсімделу.

Сенімділік дегеніміз, бұл — бухгалтерлік қорытынды есептің сенімді және толық түрде кәсіпорынның мүліктік немесе қаржылық жағдайын таныстыратын шаруашылық қызметтегі қаржылық нәтижелері болып табылады. Сенімді бухгалтерлік қорытынды есеп Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі стандарттарына, сондай-ақ белгіленген нормативті актілер мен ережелерге сәйкес жасалады.

Тұтастылық дегеніміз — кәсіпорынның бухгалтерлік қорытынды есебінде осы кәсіпорындағы орындалған барлық шаруашылық операциялардың міндетті түрде қамтылып (қосылып), көрсетілуі болып табылады.

Тізбектілік дегеніміз — кәсіпорынның бір есепті кезеңінен екінші есепті кезеңіне дейінгі орындалған операциялардың күнделікті тіркеліп отыруы.

Салыстырымдылық бұл — бухгалтерлік қорытынды есептің бір кезеңдегі мәліметінің екінші есепті кезеңнің мәліметімен салыстырылып көрсетілуі болып табылады.

Информация о работе Құрылыстағы бухгалтерлік есеп ерекшеліктері