Құрылыстағы бухгалтерлік есеп ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2014 в 07:30, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық қатынасқа көшкенге дейін дәстүрлі жүйеленген түрде жүргізіп келген. Үздік үлгідегі ұзақ жыл өміршеңдігімен пайдаланылған техникалық мөлшерленген базалық актілер құрылыс – монтаж жұмысының дұрыс талдануына септігін тигізген. Ал, нарықтық қатынасқа көшкеннен соң, жүйе бұзылып, құрылыс кәсіпорындарында басқадай көзқарас пайда болды. Яғни, сұраныс деңгейі жоғарылаған сайын баға өсіру тиімді болып есептелді. Бірақ, осыған қарамастан бүгінгі күні аталмыш сала заң актілеріне сүйеніп құрылыс – монтаж жұмыстарын орындап келеді.

Содержание работы

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1 ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ЕСЕПТІЛІГІ.....................................................................5
1.1 Құрылыстағы бухгалтерлік есеп ерекшеліктері.............................................5
1.2 Құрылысты ұйымдастырудың формалары және өндіріс түрлері, келісім – шарт жасау тәртібі...................................................................................................8
1.3 Құрылыс саласындағы қаржылық есептілік және ақпаратты ашу.............12

2 «СӘУЛЕТ ҚҰРЫЛЫС» ЖШС ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН БАҒАЛАУ, ҚҰРЫЛЫСТЫҢ СМЕТАЛЫҚ ҚҰНЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫНЫ ТӨЛЕУ....................................................................................................................16
2.1 Құрылыс жұмыстарын бағалаудың ерекшеліктері, келісім – шарт қаралған шектелген және еркін баға....................................................................16
2.2 Құрылыстың сметалық құнының құрамы мен құрылысы және
құжаттау.................................................................................................................19
2.3 Құрылыстағы еңбекақыны төлеудің жүйесі мен түрлері............................22

3 ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІ МЕН ҚҰРЫЛЫС – МОНТАЖДАУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ.....................28
3.1 Шығындар есебінің мәні және жіктелуі........................................................28
3.2 Құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану шығындары бабы бойынша шығын есебі...........................................................................................32
3.3 Аяқталмаған құрылыс – монтаж жұмыстарын өткізу қорытындысы және табыс пен шығынды тану.....................................................................................37

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................41

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................

Файлы: 1 файл

курлыс кесм шарты.doc

— 572.50 Кб (Скачать файл)

Бұл бапқа құрылыс машиналары мен механизмдерін басқаратын және оған қызмет ететін жұмысшылардың, қосымша өндірістегі уақытша қондырғыларды орнатуға, құрылыс алаңын жайлы жағдайға келтірген жұмысшылардың еңбекақысы жатпайды. Тағы да бұл бапқа құрылғыны монтаждауға қатысқан жұмысшылардың да еңбекақысы қосылмайды.

Негізгі еңбекақы 8010 «Негізгі өндіріс» шотының дебетінде және 3350 «Қысқа мерзімді еңбекақы бойынша берешек» шотының кредитінде көрсетіледі.

«СӘУЛЕТ ҚҰРЫЛЫС» ЖШС қосымша еңбекақы үстеме шығындар сметасының құрамындағы шығындарға кіреді, сондықтан ол үстеме шығындардың құрамында есепке алынады.

Құрылыс-монтажды жұмыстармен айналысқан жұмысшылардың негізгі еңбекақысы алғашқы құжаттар негізінде соған сәйкес құрылыс объектілеріне жатады.

Негізгі еңбекақы құрамына кіретін, объектілерге тікелей апаруға болмайтын (мысалы, жаңа процесті меңгеруге төленген қосымша төлем, оқушыларды үйретуге төленген төлем) қосымша төлемдердің кейбірі олардың арасында негізгі еңбекақыға тікелей пропорционалды түрде бөлінеді.

Еңбек төлемінің нысаны. Жалақы — бұл еңбек үшін төлем, оны еңбеккерлер еңбек келісім-шартында және қызмет нұсқауында белгіленген көлеміне сай орындаған жұмысы үшін алады.

Еңбек тиімділігін арттырудың әртүрлі ынталандыру жолдары бар, атап айтқанда: сыйлық, үстеме, кепілдік телемдері. Жұмыс беруші нақты жағдайын ескере отырып, «Еңбекақы төлеу туралы» ережесін дербес әзірлей алады, сондай-ақ онда еңбеккерлердің категориясын, жұмыс уақытының тәртібін, «Қызметкер туралы» ережесін белгілей алады. Аталған ереже жұмыс берушіге еңбек тәртібін ұйымдастыру және еңбек келісім-шартын жасау үшін ғана емес, сондай-ақ шығыстар мен ұсталымдарды негіздеу үшін де қажет. Төлем жеке және ұжымдық еңбек нәтижесі бойынша жасалуы мүмкін. Бұл жағдайда жұмыс берушінің белгілеген жалақысының деңгейі заңда белгіленген ең төменгі жалақының деңгейінен төмен болмауы керек.

Сурет №1 Меню → Зарплата → Настройка расчета зарплаты → Начислений организации.

 

 

Іс жүзінде еңбекақыны ұйымдастырудың екі негізгі нысаны пайдаланылады — кесімді (өнім санына қарай ақы төлеу) және мерзімді (істеген күніне қарай төлеу).

Мерзімді еңбекақы деп, накты істеген уақыты үшін еңбекақының (айлығының) мөлшері немесе тарифтік мөлшерлемесі бойынша еңбеккерлерге есептелетін жалақының нысанын айтады. Мерзімдік еңбекақының нысаны жай мерзімдік және сыйақылы мерзімдік болып бөлінеді.

Жай мерзімдік жүйесінің кезінде өзіне берілген (иеленген) тарифтік мөлшерлемесі немесе накты істеген уақыт бойынша еңбеккерлерге еңбекақы есептеледі және осы жүйеге сандық, апталык көрсеткіштері үшін қосымша еңбекақы сыйақылы мерзімдік төлем түрінде төленеді.

Тариф мөлшерлемесін және әкімшілік саладағы еңбеккерлердің, қызмет иесінің (лауазымды адамның) айлығын белгілеген кезде жалақының төменгі деңгейін және бірыңғай тариф кестесін пайдаланады. Бірыңғай тариф кестесі еңбекақының 21-разрядының негізінде құрылады және әрбір разряд үшін өзіндік тариф коэффициенті белгіленеді.

Сурет №2 Меню → Зарплата → начисления зарплаты работникам организаций → Добавить

 

Жұмысшы мамандығы негізінен біріншіден сегізінші разрядқа дейін жіктеледі, ал қызметкерлердікі екіншіден жиырма біріншіге дейін бірыңғай тарифтік кесте бойынша тарификацияланады. Бірыңғай тарифтік-мамандандырылған (квалификацияланған) анықтама (БТМА) және мамандандырылған анықтама (МА) бойынша еңбеккерлердің тарификациясын жасайды.

Тарифтік мөлшерлемесін және әртүрлі машықтық-мамандандырылған топтардағы қызмет иесінің (лауазымды адамның) айлығын жұмыс берушінің ең төменгі жалақыны сақтаған кәсіпорын бекіткен разрядтың мөлшерлемесіне сүйене отырып, бірыңғай тарифтік кестеде белгіленген тарифтік-мамандандырылған коэффицифнттер бойынша анықтайды.

Тарифтік-мамандандырылған анықтама жұмысшылардың жұмысын тарификациялауға және оларға әртүрлі өндіріс пен жұмыс түрі бойынша разряд беруге пайдаланылады. Ал мамандандырылған анықтама қызметкерлердің жұмысының күрделілігін мамандығының деңгейі бойынша анықтауды қамтамасыз етеді. Бұл анықтамалар бірыңғай және салалық болып келеді.

Олардың негізінде нақты өндіріс еңбеккерлері үшін жергілікті анықтамалар әзірленуі және белгіленуі мүмкін, ал меншік нысанына тәуелді кәсіпорындар еңбекақы туралы мәселені ұжымдық келісім-шарттың негізінде дербес түрде шеше алады. Тарифтік-мамандандырылған анықтаманы қажет болған кезде ғана пайдаланады.

Сурет №3 Меню → Зарплата → Налоги → Расчеты ИПН, ОПВ удержаний → Добавить.

Кесімді еңбекақы төлеген кезде алдын ала белгіленіп қойған деңгейде әзірленген өнімнің немесе орындалған жұмыстың әрбір бірлігіне есептейді (дана, тк/м, килограмм). Кесімді еңбекақы нысаны келесідей еңбекақы жүйесіне бөлінеді:

—   тікелей кесімді еңбекақы жүйесі әрбір өнім бірлігі бойынша бағасын қою арқылы белгіленеді;

—  кесімді сыйлық бұл — қосымша марапаттау төлемін қарастырады, белгіленген көрсеткішті орындаған кезде ғана пайдаланылады;

—  кесімді-прогрессивті еңбекақы төлемі. Еңбек төлемінің бұл жүйесі жұмысшылардың белгіленген нормадан артық өндіргені үшін көтермелеу ретінде пайдаланылады. Норма мөлшерінде дайындалған өнім үшін жұмысшыларға төлемді тікелей кесімді бағалар бойынша есептейді, ал нормадан асыра дайындалған өнім үшін үдемелі (прогрессивті) бағалар бойынша есептейді;

—  жанама кесімді еңбекақы төлемі. Мұнда қосалкы және басқа да жұмысшылардың еңбек төлемі қызмет көрсететін учаскесінің, цехтың негізгі жұмысшыларының төлемақысына шаққандағы пайызымен анықталады;

—  еңбекақы төлемінің аккордтық жүйесі. Бұл жүйеде жұмысшылардың еңбек төлемін нормаланған тапсырманың немесе жұмыс көлемінің орындалуына белгіленген жалпы кесімдік бағасы бойынша анықтайды. Еңбек төлемінің бұл жүйесі жұмысшылардың бөлек топтары немесе бригадалардың бөлек ұжымдары үшін еңбек өнімділігін арттыруда және жұмыстың орындалу мерзімдерін қысқартуда, олардың материалдық ынталылығын күшейтуге ықпал ету үшін пайдаланылады. Еңбек төлемінің аккордтық мөлшерін қолданыстағы нормаланған тапсырмалар (уақыт нормалары, өнімдер) мен бағалар негізінде белгілейді, ал олар болмаған жағдайда, осы тәріздес жұмыс үшін қолданылып жүрген нормативтік тапсырмалар мен баға (расценка) бойынша белгіленеді. Еңбек төлемінің бұл жүйесі бойынша аккордтық тапсырманы мерзімінен бұрын орындағаны үшін сыйақы беру тәртібі белгіленуі мүмкін.

Болашақта өндірісті кешенді түрде механикаландыру мен автоматтандырудың дамуы, мамандықтардың жетілуі, еңбек төлемінде нақты сараланудың кемуі кесімді жүйенің қолданыс аясын қысқартады, ал оларды жұмысшылардың еңбек төлемінің мерзімдік-ұжымдық   және   мерзімдік-сыйақылық   жүйелеріне алмастыруы мүмкін.

Ынталандыру сипатындағы төлемдер. Өндіріс тиімділігін және орындалатын жұмыстың сапасын арттыру мақсатында еңбеккерлердің материалдық мүддесін күшейту үшін сыйлық пен марапаттау жүйесін енгізу керек, ал ол жыл соңының нәтижесі бойынша және басқа да көрсеткіштер бойынша берілуі мүмкін.

Жұмысшыларға жұмыстың негізгі нәтижелері үшін сыйлық беру мынадай көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады: еңбек өнімділігіне, өнім сапасының арттырылуына және өндірістің соңғы нәтижелерінің жақсаруына байланысты. Сыйақылардың мөлшерлері істеген жұмыстарының маңыздылығы мен күрделілігіне қарай жұмысшылардың кәсіптері мен топтары бойынша сараланып белгіленеді. Бригада ұжымдары бүкіл бригада ұжымының жұмыс нәтижелері үшін төленетін қаражат мөлшерінде бригаданың әрбір мүшесіне жұмыстың жалпы нәтижелеріне қосқан нақты үлесін, еңбек тәртібі мен ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын ескере отырып, сыйлықтардың мөлшерін анықтауға құқылы. Сыйлық, әдетте айлық жұмыс нәтижелері бойынша беріледі.

Басшы қызметкерлерге, мамандарға және қызметкерлерге сыйлық беру. Бұл категорияларға сыйлық кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі нәтижелері үшін беріледі. Кәсіпорын қызметкерлеріне: (басшы қызметкерлерге бүтіндей алғанда кәсіпорын жұмысының нәтижелері үшін; басқару аппараты қызметкерлеріне — бөлімшелердің, басқару аппаратының қызметінің қорытындыларын немесе жекелеген еңбек көрсеткіштерін ескере отырып, бүтіндей алғанда кәсіпорын жұмысының нәтижелері үшін; құрылымдық кәсіпорындардың қызметкерлеріне — осы бөлімшелердің жұмыс нәтижелері үшін сыйлық беріледі.

Сыйлықтарды жазу үшін басқару аппаратының басшы қызметкерлеріне бухгалтерлік және статистикалық есептердің деректері, сондай-ақ жедел есеп пен зертханалық бақылау деректері, өндірістік бөліністер, цехтар мен учаскелер қызметінің қызметкерлеріне бухгалтерлік есептердің, жедел есептің және лабораториялық бақылаудың деректері негіз болып табылады. Сонымен қатар, олардың моральдык факторлары да ескеріледі.

Еңбек жағдайы өзгерген кезде жасалатын қосымша төлемдер. Бірнеше қызметті қатарынан атқарған кезде немесе уақытша жұмысқа келмегендердің міндетін атқарған кезде қосымша төлем жасалады.

Түнгі уақыттағы жұмыс үшін еңбекақы. Түнгі уақыт кешкі сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін созылады.

Нормадан артық жұмыс істегені үшін еңбекақы. Нормадан артық жұмыс істегені үшін жарты тарифтік мөлшерлеменің деңгейінде қосымша төлем жасалады.

Демалыс және мереке күндерінде жұмыс істегені үшін жасалатын төлем. Егер қызметкер өзіне белгіленген демалыс күнінде жұмысқа тартылса, онда оған екі апта ішінде басқа бір демалыс күні берілуге тиіс.

Мерекелік күндерде жұмыс істегені үшін жұмысшыларға екі еселенген кесімді бағалар бойынша; еңбектері сағаттық не күндік төлем мөлшерінен төленетін жұмысшыларға сағаттық не күндік төлем мөлшерінің екі еселенген шамасында; айлық ақы алатын қызметкерлерге мерекелік күні жұмыс істегені үшін айлығының шегінде, сағаттық не күндік төлем мөлшерінің екі еселенген шамасында еңбекақы төленеді.

Айрықша жағдайда төленетін еңбекақы. Жеке және ұжымдық келісім-шарттарда ауа райы ауыр жағдаймен, қара жұмыспен, қауіпті және денсаулығына зиян келтіретін жұмыспен, интенсивті еңбекпен байланысты жұмыстарға жергілікті жерде қосымша еңбекақы белгіленуі мүмкін.

Еңбек төлемі құрылыс саласында Еңбек туралы заңға сәйкестендірілген жүйе арқылы ерекше түрде төленеді. Бұл дегеніміз — сметалық құжаттағы көрсетілген жұмыс түрлерінің күрделілігіне байланысты белгіленген шамасына орындалған жұмыстың көлеміндегі үлесі арқылы есептелетін сома. Осы сома мөлшері сол жұмыс түріне қатысқан жұмысшыларға нақты еңбекке қатысу коэффициентімен есептеледі. Өндіріс технологиясы мен оны ұйымдастыруға, еңбек төлемінің қолданылатын жүйесіне, өнім сапасын бақылауға, есеп пен басқа да жайларын компьютерлендіру деңгейіне қарай бастапқы құжаттар есебі мен үлгісінің әртүрлі әдістерін қолданады. Әртүрлі өндірістегі өндірім мен еңбек төлемі есебінің ұйымдастырылуын қарастырайық.

Жаппай-толассыз өндірісте және еңбекті бригадалық әдіспен ұйымдастыруда өнім өндірімі мен еңбек төлемі есебі, әдетте соңғы операциялардан кейін өнімді қабылдап алудан бастап жүргізіледі. Бригаданың әрбір мүшесінің өнім өндіруі мастер немесе бригадир толтыратын өндірім туралы айлық рапортта көрсетіледі. Жұмысшыға еңбек төлемі оның операциялары бойынша өндіріміне сәйкес есептелінеді. Бұл мақсаттар үшін өндірім рапорттары мен ведомостарын қолданады.

Бригаданың өндірімі туралы рапорт өндірілетін өнімнің белгілі бір түріне жазылады, оның бір данасына өңделуі бойынша баға белгілейді. Ай бойы немесе басқадай мерзімде бригада өндірімі соңғы операциялардан қабылданған өңделген тетіктер ретінде рапортта күн сайын көрініс тауып отырады. Соңғы операциялардан кейін қабылданған өнім, жұмыс істеген уақыты және жұмысшылардың разряды — осы үшеуі еңбек төлемінің есептелуіне негіз бола алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ШЫҒЫНДАР  ЕСЕБІ МЕН ҚҰРЫЛЫС – МОНТАЖДАУ  ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ

 

3.1 Шығындар есебінің мәні  және жіктелуі

 

Жалпы кәсіпорын немесе оның бөлімшелері өндірісінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесінде басты орынды өнімнің өзіндік құны алады. Өзіндік құн құрамы оны құрайтын шығындармен анықталады.

Құрылыс саласында өндіріс шығындарын басқару — күрделі процесс. Өзінің мәні жағынан ол кәсіпорынның бүкіл қызметін басқаруды білдіреді, өйткені болып жатқан өндіріс процестерінің барлық жақтарын қамтиды.

Шығындар есебі мәнінің көпшілік қабылдаған анықтамасы, бұл — шығындар есебі кәсіпорында белгілі уақыт аралығында болған жабдықтау, өндіріс және өнім өткізу процестерін, оларды сандық өлшеу, заттай және құнды көрсеткіштермен тіркеу, топтастыру және талдау арқылы көрсетуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Мұндай көрсету кәсіпорынды (немесе кәсіпорындар бірлестігін) басқару мен оның қызметін қаржы нәтижелерін анықтау арқылы бағалауға қажетті мәлімет алуды қамтамасыз етеді.

Бірақ, мұндай тәсіл басқару есебінің даму барысында және дамыған өндірістік есеп теориясында пайдалану бағыттары бойынша шектелген. Біздің ойымызша, өндіріске жұмсалған шығындар есебінің маңызын анықтау, техникалык жағынан басқа, өндіріске жұмсалған шығындар есебін түрлендіруді немесе басқару есебінің өндірістік қызметін ұйымдастыруға әртүрлі тәсілдерді қамтуы тиіс. Осылайша, шығындар есебінің мазмұнын анықтау кәсіпорындарда оны ұйымдастыруды үлгілеудің шынайы алғышарттарын жасайды. Басқарудың кері процесіне сәйкес, есеп ақпараттық жүйе ретінде тек қана іс-әрекетті ғана емес, сондай-ақ болашақта кәсіпорын экономикасын белгілі бір бағыт үшін ақпараттар дайындайды.

Егер өндіріске жұмсалған шығындар есебі басқару үлгісіне сәйкестендіріліп бұрынғы, қазіргі және болашақтағы өндірістік қызметі нәтижелері мен шығындарын пайдалануды көрсету процесі ретінде қарастырылса, онда есептің мұндай жүйесі өзіндік құнды басқарудың негізгі міндеттеріне сәйкес келеді.

Информация о работе Құрылыстағы бухгалтерлік есеп ерекшеліктері