Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2014 в 07:30, курсовая работа
Нарықтық қатынасқа көшкенге дейін дәстүрлі жүйеленген түрде жүргізіп келген. Үздік үлгідегі ұзақ жыл өміршеңдігімен пайдаланылған техникалық мөлшерленген базалық актілер құрылыс – монтаж жұмысының дұрыс талдануына септігін тигізген. Ал, нарықтық қатынасқа көшкеннен соң, жүйе бұзылып, құрылыс кәсіпорындарында басқадай көзқарас пайда болды. Яғни, сұраныс деңгейі жоғарылаған сайын баға өсіру тиімді болып есептелді. Бірақ, осыған қарамастан бүгінгі күні аталмыш сала заң актілеріне сүйеніп құрылыс – монтаж жұмыстарын орындап келеді.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ЕСЕПТІЛІГІ.....................................................................5
1.1 Құрылыстағы бухгалтерлік есеп ерекшеліктері.............................................5
1.2 Құрылысты ұйымдастырудың формалары және өндіріс түрлері, келісім – шарт жасау тәртібі...................................................................................................8
1.3 Құрылыс саласындағы қаржылық есептілік және ақпаратты ашу.............12
2 «СӘУЛЕТ ҚҰРЫЛЫС» ЖШС ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН БАҒАЛАУ, ҚҰРЫЛЫСТЫҢ СМЕТАЛЫҚ ҚҰНЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫНЫ ТӨЛЕУ....................................................................................................................16
2.1 Құрылыс жұмыстарын бағалаудың ерекшеліктері, келісім – шарт қаралған шектелген және еркін баға....................................................................16
2.2 Құрылыстың сметалық құнының құрамы мен құрылысы және
құжаттау.................................................................................................................19
2.3 Құрылыстағы еңбекақыны төлеудің жүйесі мен түрлері............................22
3 ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІ МЕН ҚҰРЫЛЫС – МОНТАЖДАУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ.....................28
3.1 Шығындар есебінің мәні және жіктелуі........................................................28
3.2 Құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану шығындары бабы бойынша шығын есебі...........................................................................................32
3.3 Аяқталмаған құрылыс – монтаж жұмыстарын өткізу қорытындысы және табыс пен шығынды тану.....................................................................................37
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................41
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................
— құрылыс-монтаждау жұмысындағы жұмысшылардың қосымша еңбекақысы және одан аударылған әлеуметтік салық;
2. Техникалық қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша шығындар:
— тегін берілетін арнайы униформаларды жөндеу және жууға кеткен шығындар;
— заң бойынша қарастырылған денсаулыққа зиян цех жұмысшыларына берілетін сүт тағамдарына кеткен шығындар;
— техникалық қауіпсіздікке арнайы ұйымдастырылған іс-шараға кеткен шығындар;
— техникалық қауіпсіздікке арнайы жасалған бөлмелерге кеткен шығындар;
3. Құрылыс алаңдарындағы ұйымдастыру шараларына кеткен шығындар:
— амортизациялық шығындар, бірнеше мердігерге қызмет көрсетіп тұрған негізгі құралдарды пайдалануға немесе жөндеуге кеткен шығындар;
— жиналмалы типтегі ғимараттарға кеткен шығын;
— өндіріске қажетті өлшеуіш құралдар сатып алуға кеткен шығын;
— қауіпті аймақтарды қоршауға кеткен шығындар;
— уақытша қондырғылар орнату шығындары;
— өлшеуіш қораптар, бункерлер, бетон мен ерітінділерге арналған ыдыстар сатып алуға кеткен шығындар;
— нысан маңындағы әкімшілік орындар;
— жұмысшыларға арналған арнайы жуыну орындарына кеткен шығын;
— уақытша жарықтандыруға арналған желілерге кеткен шығындар;
— нысандарды күзетуге кеткен шығындар;
4. Өндірісті жобалау жұмыстарына кеткен шығын;
5. Өндірістегі зертхана қызметін пайдалануға кеткен шығындар.
«Үстеме шығындар» бабында құрылыс-монтаждау жұмыстарына қатысты үстеме шығындар көрсетілгендіктен, ол шығындар 8010 «Негізгі өндіріс» шотында дебеттеліп, 8040 «Үстеме шығындар» шотында кедиттеледі.
Құрылыс кәсіпорындарының негізгі өндірісіндегі үстеме шығындар ай сайын бірінші жұмыс түрлері арасында, содан кейін құрылыс объектілерінің арасында тікелей шығындарға пропорционалды түрде бөлінеді. Онда есеп келесі кестелер түрінде берілген.
Механизм басқармасының негізгі өндірісіндегі үстеме шығындар ай сайын субмердігерлермен келісім бойынша орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстары арасында бөлінеді және басқа кәсіпорындардың көрсеткен қызметтерінің арасында тікелей шығындарға пропорционалды сома бойынша бөлінеді.
Біздің ойымызша, үстеме шығындардың әрбір бабын мүмкіндік болса, объектілер арасында біркелкі базамен емес, әртүрлі базамен бөлу керек. Сонымен қатар, осы үстеме шығындар қатарына жаңадан жасалған бухгалтерлік есептіліктің талаптарына сәйкес өндірістегі орын алатын ақауды қарастырамыз. Жалпы, бұл есеп түрі жеке шотта қарастырылып келсе, бүгінгі күні үстеме шығындар деп танып отырмыз.
Құрылыс-монтаж жұмыстарындағы ақау деп техникалық талаптарға сәйкес келмеген жұмыс көлемін айтамыз. Ақаудың пайда болуы төмендегі жайттарда кездеседі:
1. Жобалық көрсеткіштер ұстанымын бұзғанда;
2. Сапасы төмен құрылыс материалдарын пайдаланғанда;
3. Жобалық құжаттарда кеткен қателерде;
4. Конструкциялық құрылым сәйкес келмеген жағдайда. Құрылыс нысанын тапсырғанға дейін, яғни құрылыс жұмысының жүріп жатқан процесінде немесе нысанды бас мердігердің өткізу барысында ақау анықталады.
Ақау кімнің тарабынан кеткенін анықтап, кінәлі адамдардан талап етілуі қажет. Ол үшін ақау міндетті түрде арнайы комиссия мүшелерінің шешімімен құжаттандырылуы қажет. Әдетте кінә тапсырушылар, жобалық кәсіпорындар, субмердігерлер, жабдықтаушылар, құрылыс материалдарымен қамтамасыз етушілер, учаскенің әкімшілік-техникалық қызметкерлері, орындаушы-жұмысшылардан болады.
Ақау ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Ішкі ақау — мердігер тиісті сметалық мөлшер талаптарын бұзған жағдайда, жұмысшылардың кәсіби төмендігінен, ал сыртқы ақау тапсырушылардан, жабдықтаушылардан және автокөлік кәсіпорындарының кінәсінен болады. Ақау анықталған сәтте бірден акт толтырылады. Акт толтыруға сапалық бақылау орындарынан техникалық сарапшылар, құрылыс зертханасының қызметкерлері және инженерлік-техникалық қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері қатысуы тиіс. Себебі, дәлелденіп, кінәлі тұлғалардың қол қоюымен расталған құжат ақаудан кеткен шығынның анықталып, өндірілуіне негіз болып табылады.
Ақауға кеткен шығын әрбір актіге жеке жасалынады және оған негіз болатын көрсеткіштер төмендегідей:
— қайта қалпына келтіру жұмысына қатысқан жұмысшылардың жалақысы;
— материалдық шығындар;
— төленген қосымша еңбекақы мөлшері;
— қолданылған құрылыс машиналары мен механизмдерге кеткен шығын сомасы.
Бүгінгі күні құрылыс жұмысындағы анықталған ақауға кеткен шығындар есебін 8040 «Үстеме шығындар» шотында қарастыра отырып, кәсіпорынның есеп саясатындағы көрсетілген субшоттарға қойылады.
Ақауға кеткен шығынды толтырылған актіні негізге ала отырып, бухгалтерлік есептеумен анықталған соң, қалпына келтіруге кеткен қаржы сомасы мен кінәлі тұлғалардан өндіріліп алған сомаларға төмендегідей бухгалтерлік жазбалар жасалынады.
Кесте №1
№ |
Операцияның мазмұны |
Дебет |
Кредит |
1 |
Ақауды жөндеуге кеткен жұмысшының жалақысы |
8040 субшот |
3350 |
2 |
Материалдық шығын |
8040 субшот |
1350 |
3 |
Қосалқы өндіріс пен механизмге кеткен шығын |
8040 субшот |
8030 |
4 |
Әлеуметтік салық |
8040 субшот |
3150 |
5 |
Басқа кәсіпорындарға ақау үшін төленген төлем |
8040 субшот |
3310, 4110 |
6 |
Жабдықтаушылар мойындаған ақау бойынша дебиторлық берешек |
1280, 2180 |
8040 субшот |
7 |
Монтаждау кезінде кірістелген материалдар |
1350 |
8040 субшот |
8 |
Ақау үшін жалақыдан ұсталған сома |
3350 |
8040 субшот |
9 |
Анықталған өткен жылдардағы ақау бойынша шығын |
5410 |
8040 субшот |
10 |
Негізгі өндіріске жатқызылған ақау мөлшері |
8010 |
8040 субшот |
8040 субшот — субшотты белгілеу құрылыс кәсіпорынындағы есеп саясаты арқылы анықталады.
3.3 Аяқталмаған құрылыс – монтаж жұмыстарын өткізу қорытындысы және табыс пен шығынды тану
Құрылыс-монтаж жұмыстарын тапсырыс беруші мен мердігерлік кәсіпорынның арасындағы жасалған келісімнің шарттарына сәйкес, жұмыс жүріп жатқан кезеңдегі әрбір ай сайын жасалып отырған есептеулерді ескере отырып, мерзімінде, яғни технологиялық кезеңнің аяқталуына байланысты құрылыс нысанын тапсырыс беруші бас мердігерден қабылдап алуы тиіс.
Келісімдегі шарттардың баптарын бұлжытпай орындап, мемлекетгік қабылдау комиссиясының шешімімен тапсырылған құрылыс нысанына тапсырушы мен бас мердігер арасында қорытынды есептесулер жасалады. Нормативтік заңға сәйкес аяқталған құрылыс нысанына типтік үлгідегі № КС-2 құжаты толтырылады.
Үлгі толтырылып, екі жақтан жауапты тұлғалардың қолы қойылып, мөрмен расталғаннан соң, құрылыс нысаны басталған мерзімнен аяқталғанға дейінгі аралықтағы нысанға қатысты қаржылық операциялар жөнінде құжаттап, қызмет көрсетілген банк филиалына өткізілуі тиіс.
Аяқталған құрылыс нысандары үшін есептесу тәртібіне төмендегілер жатады:
1. Егер ай сайын мердігер
тапсырыс берушіден аванс
2. Егер алынған соманың мөлшері объектінің бағасынан артық болса, тапсырыс берушіге қалдық ақшаны банк арқылы қайтару керек;
3. Егер алынған соманың мөлшері объектінің бағасынан кем болса, онда жетіспеген сома мөлшеріне банк арқылы инкассаға төлем талабын қою керек.
Аяқталған құрылыс нысанын тапсырған кезде бухгалтерлік шоттар жазбасы беріледі, яғни 7010 шоттың дебеті 8010 шоттың кредитінде қарастырылады.
Аяқталған құрылыс нысанының есептеулері қорытындылай келе, табыс пен шығындар құрамын анықтауға септігін тигізеді. Әрине, құрамына мән беретін болсақ келесідей тануға болады.
Сурет №5 Меню → Банк и Касса → Платежный ордер (приход денежных средств) → Добавить.
Табыс және шығындар құрамы — мердігерлік құрылыс мәмілесі бойынша табыстар:
— құрылыс жұмыстарының бастапқы келісім құны бойынша мәміле өзгертілуіне байланысты табыс;
— наразылықтан түскен табыс;
— артық төленген сома (егер табыс әкелетін болса, үлкен сенімділікпен салыстырылатын болса);
— құрылыс келісім-шартының өзгеруі — табыстың кемуіне немесе артуына әкелетін тапсырыс берушінің қолда бар келісімі шартқа жұмыс көлеміне, уақыт ұзақтығына байланысты өзгертулердің енгізілуі.
Мәміленің өзгертілген сомасы табысқа енеді, егер:
— тапсырыс беруші өзгертулерге келісімін берсе;
— өзгертулер үлкен сенімділікпен салыстырылатын болса;
— талаптар бойынша табыс — келісім-шартта көрсетілмеген қосымша шығындарды өтеу үшін мердігердің тапсырыс берушіден сұрайтын сомасы.
Бұндай талаптар табысқа келесі жағдайда ғана енеді:
— егер тапсырыс беруші қосымша шығындарды өтеуге келісімін берсе;
— қосымша төлемнің сомасы үлкен сенімділікпен салыстырылатын болса.
Көтермелеу төлемдері — келісім-шарттағы талаптар артық орындалғанда төленетін қосымша төлем. Олар табысқа енеді:
— егер нормалар артық орындалса;
— артық төленетін сома үлкен сенімділікпен салыстырылатын болса.
Табыс пен шығындарды анықтай келе, оны мойындауға тура келеді.
Табыстар мен шығындар 12 БЕС «Күрделі құрылысқа мердігерлік келісім-шарт» нұсқауы негізінде мойындалады (ХҚЕС 11 «Мердігерлік мәмілелер»).
Табыс және онымен пайда болатын шығындар кәсіпорынмен үлкен сенімділікпен салыстырылатын жағдайда ғана мойындалады.
Мәмілелер екі түрге жіктеледі:
— қатаң құны белгіленген мердігерлік келісім-шарт (ХҚЕС 11 бойынша нақтыланған құны бар мәміле)
— ашық құны белгіленген мердігерлік келісім-шарт (ХҚЕС 11 — мәміле «шығындар қосылғанда»)
Мысалы:
Мердігерлік келісім бойынша бір типті үйлерден тұратын коттеджді қалашықты құру көзделген. Сметалық шығындар 750,0 мың теңгені құрады. Есептік кезеңнің соңында мердігер 25 коттедждің 5-еуін салып бітті. Құруға кеткен шығындар 200,0 мың теңгені құрады. Жалпы келісілген құн — 1000,0 мын теңге. Екі тәсілді пайдалана отырып, мердігердің жасаған жұмысының пайызын анықтаймыз.
1-тәсіл.
Орындау пайызы = (200,0/750,0) • 100% = 26,6%
2-тәсіл.
Орындау пайызы = (5/25) • 100% = 20%
Бірінші жағдайда есепті күні танылатын шығын көлемі 1000,0 мың теңге • 26,6% = 266,0 мың теңгені құрады, ал екінші жағдайда 1000,0 мың теңге • 20% = 200,0 мың теңге.
Кейде құрылыстық-мердігерлік келісімнен нәтиженің шындығын анықтау қиын болады, ондай жағдайда табысты артық бағаламау үшін табысты тану күніндегі шығындар көлемінде тану қажет.
Құрылыстық-мердігерлік келісімнің табысына еніп және қаржы-шаруашылық қызмет туралы есептілікте танылған соманы алуға қатысты белгісіздік пайда болғанда, алынуы үмітсіз сома немесе өтелуі күмәнді сома құрылыстық-мердігерлік келісім бойынша алынған табысқа түзету ретінде емес, шығын ретінде танылады.
Мысалы:
Мердігер қаржылық есептілікте келісім бойынша шығынды тани отырып, тапсырысты орындады және оны тапсырыс берушіге өткізді. Бірақ, бұдан кейін тапсырыс берушінің келісім бойынша (әртүрлі жағдайларға байланысты) төлей алмайтындығы анықталды. Бұл жағдайда есептеу қағидасына сәйкес табыс бұрын танылғандықтан, тапсырыс берушіден алмаған соманы келісім-шарттағы шығындарға қосу керек. Табыс сомасына түзету жасалмайды, өйткені толығымен алынбаған табыс туралы ақпарат шаруашылық қызметтің бұрынғы жағдайларын бағалаған, ол ақпарат қаржылық есептілікті пайдаланушыларға маңызды болып табылады. Мердігерге байланыссыз форсмажорлық жағдайларда алынбаған, бірақ қаржылық есептілікте көрсетілген табыс мердігердің қызметінің нәтижесі болып саналады және объективті бағалануы тиіс.
Зияндарды тану. Құрылыстық жұмыстарды жасау барысында кейбір жағдайларда және құрылыс жұмысы басталмас бұрын мердігерлік келісім шегіндегі толық шығындардың толық табыстардан асып кетуі мүмкін. Бұл жағдайда шаруашылық болжамды шығындар олар пайда болған кезеңнің шығындары ретінде танылуы керек. Қаржылық есептілікте шығындар табыстарға қосылмастан танылады (табыстардың жалпы сомасы болжамды шығындар сомасын жапса да). Осыған орай мысал келтіретін болсақ, төмендегідей тәртіпте қарастырамыз.
Компания құрылысқа үш мердігерлік келісім жасасты: екі келісім-шарт бойынша жалпы сомасы 50000 мың теңге, үшінші келісім-шарт бойынша болжанған шығынның жалпы сомасы 15000 мың теңге танылды. Мұндай жағдайда қаржылық есептілікте жалпы табыс сомасы жалпы шығын сомасынан асып кетуіне және оны басып қалуына қарамастан, табыстар мен шығындар бөлек-бөлек танылуы керек.
БЕС 12 «Күрделі құрылысқа мердігерлік келісім» және ХҚЕС 11 «Мердігерлік келісім» сәйкес зияндарды тану шарттарында біршама айырмашылық бар екендігін ескеру керек, олар:
Құрылыс-монтаж жұмысымен айналысатын кәсіпорындардың өз қызметінің құрамында қосалқы және қосымша өндірістерін ашуға мүмкіндіктері бар. Себебі, мұндай өндірістер негізгі өндірістің үздіксіз жұмыс істеуіне пайдалы әсер етеді. Қосалқы өндірістік шаруашылықтар өз бетінше бір құрылым болғанмен, мысалы ағаш бұйымдарын жасайтын цех, кірпіш өндіретін шағын зауыт, конструкциялық бұйымдар цехы тікелей негізгі құрылыс өндірісінің сұранысын толық және уақытында қамтамасыз етіп отыру үшін қызмет жасайды. Сонымен қатар, негізгі өндіріс тұтынатын өнімді шығару жұмысына ықпал етіп және қызмет көрсететін өндіріс көмекші өндіріс деп аталады. Бұл — қазандық, электр станциялары, сумен жабдықтау, жөндеу-механикалық цехы, автокөлік және т.б. Көмекші өндірістің шығындарын есептеуге 8030 «Көмекші өндіріс» шоты арналған және ол «Цехтардың шығындары» деп аталатын ведомоста жүргізіледі, онда әрбір өндірістік нысан үшін жеке талдамалық шот (тіркемелі парақтарда) ашылады.
Информация о работе Құрылыстағы бухгалтерлік есеп ерекшеліктері