Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2014 в 07:30, курсовая работа
Нарықтық қатынасқа көшкенге дейін дәстүрлі жүйеленген түрде жүргізіп келген. Үздік үлгідегі ұзақ жыл өміршеңдігімен пайдаланылған техникалық мөлшерленген базалық актілер құрылыс – монтаж жұмысының дұрыс талдануына септігін тигізген. Ал, нарықтық қатынасқа көшкеннен соң, жүйе бұзылып, құрылыс кәсіпорындарында басқадай көзқарас пайда болды. Яғни, сұраныс деңгейі жоғарылаған сайын баға өсіру тиімді болып есептелді. Бірақ, осыған қарамастан бүгінгі күні аталмыш сала заң актілеріне сүйеніп құрылыс – монтаж жұмыстарын орындап келеді.
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1 ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ЕСЕПТІЛІГІ.....................................................................5
1.1 Құрылыстағы бухгалтерлік есеп ерекшеліктері.............................................5
1.2 Құрылысты ұйымдастырудың формалары және өндіріс түрлері, келісім – шарт жасау тәртібі...................................................................................................8
1.3 Құрылыс саласындағы қаржылық есептілік және ақпаратты ашу.............12
2 «СӘУЛЕТ ҚҰРЫЛЫС» ЖШС ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН БАҒАЛАУ, ҚҰРЫЛЫСТЫҢ СМЕТАЛЫҚ ҚҰНЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕКАҚЫНЫ ТӨЛЕУ....................................................................................................................16
2.1 Құрылыс жұмыстарын бағалаудың ерекшеліктері, келісім – шарт қаралған шектелген және еркін баға....................................................................16
2.2 Құрылыстың сметалық құнының құрамы мен құрылысы және
құжаттау.................................................................................................................19
2.3 Құрылыстағы еңбекақыны төлеудің жүйесі мен түрлері............................22
3 ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІ МЕН ҚҰРЫЛЫС – МОНТАЖДАУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ.....................28
3.1 Шығындар есебінің мәні және жіктелуі........................................................28
3.2 Құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану шығындары бабы бойынша шығын есебі...........................................................................................32
3.3 Аяқталмаған құрылыс – монтаж жұмыстарын өткізу қорытындысы және табыс пен шығынды тану.....................................................................................37
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................41
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................
Нақты бір кәсіпорынның өндіріске жұмсалған шығындары есебінің негізгі міндеттері:
1) кәсіпорын әкімшілігін басқару шешімдерін қабылдау үшін ақпаратпен қамтамасыз ету;
2) болашақтағы экономикалық стратегияны қалыптастыру мен ауыртпашылықтарды табу мақсатында нақты шығын деңгейін мөлшерлі және жоспарлы шығындармен салыстыра отырып бақылау;
3) дайын өнімді бағалау және қаржылық нәтижелерді есептеу үшін шығарылатын өнімнің өзіндік құнын есептеу;
4) құрылымдық бөлімшелердің
өндірістік қызметінің экономик
5) ұзақ мерзімді сипатқа ие, өндірістік және технологиялық бағдарламалардың өзін-өзі ақтауы, өнім түрлерінің пайдалылығы, негізгі қорлар мен өндірістік қосалқыларға салынған күрделі салымдардың тиімділігі туралы шешімдер қабылдау үшін өндірістік қызметті басқару есебінің ақпараттарын жүйелендіру.
Сурет №4 Меню → Банк и Касса → Расходный кассовый ордер → Добавить.
Кез келген өнімді (жұмыс, қызмет) өндіру белгілі бір шығындармен байланысты. Сондықтан да шығындарды жіктеу өндірістік есептің маңызды элементі болып табылады. Әдетте, топтау қағидаларына калькуляция баптарының номенклатурасы сәйкес келеді. Өзіндік шығындарды дұрыс есептеу үшін оның ғылыми негізделген жіктелімі аса қажет. Құрылыс саласында шығындарды өндірістік үрдістің барлық жағын қамти отырып, яғни оның ерекшеліктеріне қарай белгілі бір топқа жатқыза отырып, орындау қажет. Өндірілген өнімді калькуляциялау және бағалау үшін шығындар былай топталады:
— негізгі — өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланысты (шикізатты, технологиялық қажеттіліктерге кеткен материалдық шығындар, негізгі өндірістік жұмысшыларға жалақы төлеу, машиналар мен құрал-жабдықтарды ұстау мен пайдалануға кеткен шығындар т.б.);
— үстеме шығындар (өндірісті ұйымдастыру оған қызмет ету және басқарумен тікелей байланыста пайда болады);
— тікелей — өнімнің нақты бір түрін өндірумен байланысты және оның өзіндік құнына тікелей кіреді;
— жанама шығындар жекелеген өнім түрлерінің құнына тікелей емес, жанама түрде бөлінеді. Олар өнімнің өзіндік құнына әртүрлі әдістердің көмегімен (ставка, пайыз, коэффициенттер) жанама жолмен қосылады;
— кірістік шығындар — қолда бар және сатып алынған ресурстар, келешекте табыс әкелуі ықтимал;
— өткен шығындар, олар келешекте табыс әкелу қабілетін жойған ресурстар. Тәжірибеде шығындар келесідей топтастырылады:
— құрамы бойынша;
— түрлері бойынша;
— өндіріс процесіндегі экономикалық рөлі бойынша;
— өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша;
— өндіріс көлемі бойынша;
— шығындардың тиімділігі бойынша.
Құрамы бойынша бір элементті және кешенді шығындар деп жіктеледі. Бір элементті шығындар — бір элементтен тұратын шығындар (еңбекақы, материалдар, ақша аударулар). Кешенді шығындар — бірнеше элементтен тұратын шығындар (барлық элементтер кіретін цехтық шығындар).
Шығындардың түрлері бойынша шығындар екі топқа топтастырылады — шығындар элементі бойынша және калькуляция баптары бойынша.
Шығындардың экономикалық мазмұнына сәйкес, құрылыс кәсіпорнының өндірістік және коммерциялық қызметтерде орын алатын шығындары келесі элементтері бойынша топтастырылады:
— материалдық шығындар;
— еңбекті өтеуге жұмсалатын шығындар;
— әлеуметтік қажеттіліктерге ақша аударулар;
— құрал-жабдықтардың тозуы (амортизация);
— басқа да шығындар.
Сонымен, пайда болу орны бойынша жіктелетін шығындар жиынтығы нақты өндіріс көлемінің шығындар сметасын құруға, құрылыс кәсіпорнының қызметінің сапалық көрсеткіштерін анықтауға, сондай-ақ өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өндірістік өзіндік құнын белгілеуге мүмкіндік береді.
Мердігерлік құрылыс кәсіпорнының шығындары келесі баптар бойынша топтастырылады:
— материалдар;
— құрылыс машиналары мен тетіктерін ұстау мен пайдалану бойынша шығындар;
— үстеме шығындар;
— өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы.
Өндіріс процесіндегі экономикалық рөлі бойынша шығындар негізгі және қосымша деп екіге бөлінеді:
— негізгі шығындар — өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланысты негізгі шығындар (шикізат пен материалдар, қосалқы материалдар);
— қосымша шығындар — өндірісті ұйымдастыру мен оған қызмет етуге оны басқарумен байланысты пайда болатын шығындар. Үстеме шығындар өз кезегінде өндірістік және өндірістік емес, тұрақты және айнымалы шығындар деп бөлінеді. Өндірістік үстеме шығындарға: өндірістік құрылыс жайлар мен құрылыс-жабдықтарды, ағымдағы күтумен, жөндеумен байланысты шығындар, қосалқы материалды қалпына келтіру бойынша шығындар, жұмысшылардың әлеуметтік салықтық аударымдары бар еңбекақы шығындары, құрылыс кәсіпорынының өндірістік бөлімшелерін жылумен, жарықпен қамтамасыз етумен байланысты шығындар және ақау жатады.
Өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша тікелей және жанама деп бөлінеді. Тікелей шығындар — өнімнің белгілі бір түрін өндіруге байланысты, оның өзіндік құнына тура және тікелей кіруі мүмкін (шикізат, материалдар, аударымдар). Жанамалар — өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей енгізілмейтін және жанама түрде болып бөлінеді.
Өндіріс көлеміне байланысты айнымалы (өзгермелі) және тұрақты деп бөлінеді. Айнымалы шығындар — мөлшері өндіріс көлемінің өзгеруіне тура сайма-сай (пропорционалды) өзгеретіндер (өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы, технологиялық энергия, және т. б.). Әдетте, айнымалы шығындарға шикізаттар мен негізгі материалдардың шығындарын, негізгі өндірістік жұмысшылардың еңбекақысын, айнымалы өндірістік шығындарды жатқызуға болады. Тұрақты шығындар — өнім өндірісі көлемінің өзгеруіне байланысты емес шығындар (жылыту, өндірістік бөлмеге жарық беру, амортизация). Осыған байланысты өнімнің өзіндік құнының үш түрі бар:
— толық өндірістік өзіндік құн — баға белгілеу мен жедел шешімдерді қабылдағанда қолданылады;
— тікелей (жартылай) өндірістік өзіндік құн — белгілі бір жағдайда бағалық саясатты жүргізгенде және жедел шешімдерді қабылдағанда қолданылады;
— жауапкершілік орталықтары бойынша өзіндік құн — жауапкершілік атқарушылар қызметін жоспарлау мен бақылау жүргізгенде қолданылады. Құрылыс өнімдерінің толық өзіндік құнына өндіріске кеткен барлық ресурстар кіреді. Ол есеп объектісіне келетін тікелей шығындардың сомасы мен объектіге қатысты жанама шығындар сомасынан құралады. Құрылыс өнімдерінің тікелей (жартылай) өндірістік өзіндік құнын анықтағанда тікелей шығындар негізге алынады. Бұл шығындарды бағалау әдісін қолданғанда, тікелей шығындар дайын өнімдердің өзіндік құнына кіреді, ал жанама шығындар толық ағымдағы жылдың жалпы қаржылық нәтижелеріне апарылады.
Құрылыс кәсіпорындарының барлық жауапкершілік орталықтары бойынша өзіндік құн жауапкершілік атқарушылар қызметін жоспарлау мен бақылау жүргізгенде қолданылады. Негізгі есептің бірлігі мен шығындарды бағалау объектісі ретінде жауапкершілік орталық болып табылады. Өндіріс шығындарының аналитикалық есебі өнімнің бір өлшемінің іс жүзіндегі өзіндік құнын есептеуді қамтамасыз етуге арналған. Бұл әрбір калькуляциялық (есептік) объектіге ашылған карточкалар немесе арналған ведомость арқылы жүзеге асады. Осы ведомостарда (карточкаларда) шығындардың баптары, ал баяндауыш ведомостарда айдың басы мен соңындағы цехтар бойынша аяқталмаған өндіріс қалдықтары, ай ішіндегі шығындар, дайын өнімді, түпкілікті ақауды, аяқталмаған өндіріс жетіспеушіліктерін, қайтымды қалдықтарды есептен шығару және басқа да есептен шығарулар көрсетіледі. Ведомостарға (карточкаларға) тиісті мәліметтерді жазу үшін қажетті құжаттар мен талдамалық кестелер негіз болады. Ведомостар (карточкалар) бойынша жиынтық әр цех бойынша көрсетіледі, ал аяқталмаған өндіріс қалдықтарының сомасы бас кітапта көрсетілген 8010 шоты бойынша қалдықтарға тең болуға тиіс. Өндіріске жұмсалған шығындарды есепке алу ведомостарының (карточкаларының) деректері бойынша шығарылған өнімнің нақты өзіндік құны айқындалады. Соңғысын өнімге қоса тіркелген қағаз (накладной) арқылы қоймаларда кіріске алады. Өндірілген өнімнің құнына 1320 «Дайын өнім» шоты дебеттеледі және 8010 шоты кредиттеледі. Ал көрсетілген қызметке 7010 шоты дебеттеледі де, 8010 шоты кредиттеледі.
3.2 Құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану шығындары бабы бойынша шығын есебі
Құрылыс жұмыстарының қарқындылығы оның механизациялануы мен автоматизациялануына тәуелді. Технологиялық процестің өсуіне байланысты құрылыс объектілерінің жалпы өзіндік құнында жұмысшылардың еңбекақысының азаюы есебінен құрылыс машиналарын ұстау мен пайдалану үлесі өседі.
Осының бәрі құрылыс машиналарын пайдалану бойынша шығындарды бөлек бапта есептеуді талап етеді. Құрылыс машиналары мен мехаиизмдерін ұстау және пайдаланудың есебін бөлек жүргізу осы мақсатқа жұмсалған шығындарды қадағалап отыру мен оларды объектілер арасында дұрыс бөлуге мүмкіндік береді.
Құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдаланудың әртүрлі формалары бар. Құрылыс машиналары мен механизмдері құрылыс кәсіпорындарының жеке меншігі болып, оның балансында саналуы мүмкін. Бұл жағдайда оларды пайдаланудың шығындары 1 ай ішінде жиналып, 8030 «Көмекші өндіріс» шотының «Құрылыс машиналары мен механизмдері» деген субшотында — әр құрылыс бөлімшелерінде, ай соңында осы құрылыс бөлімшелерінің орындаған жұмыстарының өзіндік құнына апарылып, «Құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану бойынша қор» деген бапта есептеледі.
Кейбір мердігер кәсіпорындарда құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану үшін басқа, өз бетінше жұмыс атқаратын құрылымдық бөлімше құрылады. Осындай машиналар құрылыс-монтаждау бөлімдеріне берілгеніне қарамастан, машинистер механизация бөлімшесіндегі персоналдар құрамында болып саналады. Сондықтан, машиналарды пайдалану бойынша шығындар деңгейіне механизациялау бөлімі жауапты.
Құрылыс-монтаждау бөлімшесі оған берілген техниканы толығымен пайдаланып, оның сол объектіде болу уақытын азайтуға тырысады, сонда ол бөлімше машиналарды пайдалану бойынша өз шығындарын азайтады. Бұл жағдайда 8030 шоттың «Құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану» субшотында соған сәйкес шығындар жиналып, сол бөлімнің құрылыс-монтаждау жұмыстарының өзіндік құнына, олар механизация бөлімінің қызмет көрсетуі ретінде жоспарлы өзіндік құны түрінде апарылады. Ең соңында жоспарлы өзіндік құн болып жазылады.
Құрылыс машиналарын қолдануды жақсарту мақсатында олар механизация басқармасына (трест) біріктірілуі мүмкін. Мердігер кәсіпорындар механизация басқармасының қызметінің құнын 8010 шоттың дебетінде «Құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану шығындары» бабында, 3310 шоттың кредитінде көрсетеді.
Егер мердігер кәсіпорын машиналарды жалға алса, онда жалдың есебі 8030 «Көмекші өндіріс» шотының «Құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану» субшотында және басқа шығындарына қосылып, осы машинаның қызметінің құнына апарылады.
Егер механизация жұмыстарын субмердігер орындаса, онда олар машиналарды пайдаланумен байланысты барлық шығындарды өз шотында есепке алады. Құрылыс кәсіпорындары механизмдерді басқару шотының негізінде, оның қызметінің құнын 8010 «Негізгі өндіріс» шотының дебетінде, 3310 «Жабдықтаушылар мен мердігерлердің қысқа мерзімді кредиторлық берешегі» шотының кредитінде, «Субмердігерлерден қабылданған жұмыстың құны» бабында есепке алады.
Жеке меншік құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану шығындарын басқа жақтың механизмдерінің қызметінің құнын объектілердің өзіндік құнына тікелей апаруға болады. Бірақ, кей кездері құрылыс машиналары мен механизмдері бір мезгілде бірнеше объектіде немесе бір объектіде бірнеше жұмыстарды атқаруы мүмкін. Мысалы, құрылыс-монтаждау жұмыстарын, материалдарды тасу, фунт, қарларды шығару және тағы басқа. Бұл жағдайда құрылыс машиналары мен механизмдерін объектілер және шоттар бойынша жанама жолмен бөлу қажет. Оның бөлу,- негізі нақты орындалған жұмыс көлемі немесе смета құны, кейде жұмыстардың нормативті құны не машиналардың жұмыстарының сағат саны алынады. Материалдарды тасу шығыны дайындау-қойма шығындары ретінде оның құнының деңгейін көтереді.
Сметалық анықтама бойынша жұмыстары есептелмейтін машиналарды пайдалану шығындары объектіде әр машинаның түріне машина-смета құнын қоса жұмыс істеген машиналардың жұмыстарының ұзақтығы туралы механиктің есебі негізінде бөлінеді.
1985 жылға дейін құрылыс-монтаж жұмыстарына да «Басқа тікелей шығындар» деген бап бөлек алынған. Бұл бапта құрылыс соңында қоқыс пен қарды шығару, грунттарды тасу және де құрылыс ішіндегі конструкцияларды, детальдар мен материалдарды объект қоймаларынаң жұмыс орнына дейін апару шығындары есепке алынған. Сметада бұндай баптар бөлінбейді. Жоспарлау мен құрылыс-монтаждау жұмыстарының өзіндік құнын есептеу үшін шығындар құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану шығындарының құрамында болуы шарт.
Құрылыс-монтаждау жұмысындағы үстеме шығындарға жұмысшыларға көрсетілген қызмет шығындары, құрылыс алаңдарындағы ұйымдастыруға кеткен шығындар жатады.
Жалпы алып қарайтын болсақ, орындалып жатқан жұмыс барысында өндіріске тән ерекшелігі бар қосымша шығындарды кездестіреміз. Бірақ, біз оны шығындар түріне дұрыс жатқыза білуіміз керек.
Осыған байланысты үстеме шығындар төмендегідей түрге бөлінеді:
1. Құрылыс жұмысшыларына көрсеткен қызметке кеткен шығын:
— учаске басшыларының, аға шеберлердің, қосалқы және көмекші өндіріс басшыларының, механиктердің негізгі және қосымша еңбекақысы және одан аударылған әлеуметтік салық;
Информация о работе Құрылыстағы бухгалтерлік есеп ерекшеліктері