Төлем құрал ретіндегі электрондық ақшалардың даму эволюциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Июня 2013 в 19:50, курсовая работа

Описание работы

Пластикалық карточка - банк шотын басқаруға қол жеткізудін кілті болып табылатын құрал. Пластикалық карточкасы (бұдан әрі - карточка) белгілі бір мерзімге шығарылады, жарамдылық мерзімі карточканын бетінде көрсетіледі.
Жоғарыдағы айтылғандардан курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігін көреміз. Себебі, қазіргі уақытта пластикалық карточкаларды пайдалану өте тиімді. Ол әрі уақытты тиімдейді, әрі қауіпсіздіктің кепілі болады және де адам өміріне көптеген мүмкіншіліктер мен жеңілдіктер туғызады.

Файлы: 1 файл

Курсовая.doc

— 193.50 Кб (Скачать файл)

КІРІСПЕ

 

Сонғы он жылда Қазақстан өзінің төлем жүйелерін жалпы әлемдік үрдістер мен талаптарға сай, ең озық тәжірибелерді негізге ала отырып дамытуда үлкен табыстарға қол жеткізді.

Ел экономикасының қарқынды дамуы жағдайында жылдан-жылға төлем  жүйелері арқылы жасалатын қолма-қол ақшасыз төлемдердің тұрақты өсуі байқалады.

Электрондық қолма-қол  ақшаның Ұлттық жүйесінің техникалық-экономикалық негіздемесін және пластикалық карточкалардың интеграцияланған жүйесінің дизайнын әзірледі, оларға сәйкес электрондық қолма-қол ақшаны және дебеттік-кредиттік карточкаларды дамытуға болжам жасалды. Сонымен қатар электрондық қолма-қол ақша жүйесі іс жүзінде кәдімгі банкноттар мен металл ақшаларға толық ұқсас болуға арналған еді.

Жобада қолма-қол электрондық  ақшаны, сондай-ақ дебеттік және кредиттік карточкаларды пайдалана отырып, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шағын бөлшек төлемдерді жүзеге асыру көзделді. Электрондық қолма-қол ақшаны инфляциядан қорғауға мүмкіндік туғызу үшін шетел валютасын электрондық әмиянда сақтауға қосымша ұсыныс берілді.

Ұлттық Банктің банкноттар мен металл ақшаларды сатқан жағдайдағы сияқты электрондық ақшаны екінші деңгейдегі банктерге сату арқылы оны айналымға шығару көзделді. Мұндай жағдайда айналыстағы ақша массасы екі бөлікке бөлінер еді: электрондық ақша және банкноттар, металл ақшалар.

Жоба негізінен сол  кезеңдегі Қазақстан Республикасының  банк жүйесінің даму деңгейіне сәйкес қажет болмады. Қазіргі кезде осы жобаны кезең-кезеңімен іске асыру үшін барлық алғышарттар бар. Біріншіден, екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық инфрақүрылымы осы кезең ішінде белгілі бір дамуға қол жеткізді. Екіншіден, Қазақстан Республикасында ТМД елдерінің арасында неғұрлым дамыған, банкаралық есеп айырысуларды қамтамасыз ететін төлем жүйесі қалыптасты.

Халық тауарлар мен көрсетілген  қызметтер үшін Қазақстан Республикасының  кез келген жерінде және осы карточканы ұстаушыға қандай банктің қызмет көрсететініне қарамастан есеп айырысуға мүмкінді

            Пластикалық карточка - банк шотын басқаруға қол жеткізудін кілті болып табылатын құрал. Пластикалық карточкасы (бұдан әрі - карточка) белгілі бір мерзімге шығарылады, жарамдылық мерзімі карточканын бетінде көрсетіледі.

Жоғарыдағы айтылғандардан курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігін көреміз. Себебі, қазіргі уақытта пластикалық карточкаларды пайдалану өте тиімді. Ол әрі уақытты тиімдейді, әрі қауіпсіздіктің кепілі болады және де адам өміріне көптеген мүмкіншіліктер мен жеңілдіктер туғызады.

Осыған байланысты курстық жұмыстың мақсаты пластикалық карточкалармен есеп айырысу және оның түрлері қарастыру болып табылады. Жұмыстың мақсатына жету үшін төмендегідей міндеттер қойылады:

  • Электрондық ақшалардың мәнін және мазмұнын ашу;
  • Электрондық ақшалардың түрлерін анықтау;
  • Электрондық ақшамен есеп айырысудың шетелдік тәжірибесін қарастыру;
  • Электрондық ақша жүйесіндегі қолма-қол емес есеп айырысудың ұйымдастыру тәртібін қарастыру;
  • Қазақстан республикасындағы коммерциялық банктің электрондық ақша нарығы жағдайына талдау жасау;
  • Банк жүйесіндегі электрондық ақшамен есеп айырысудың қиыншылықтарын қарастыру;
  • Электрондық ақшалар арқылы есеп айырысудың механизмінің шешу жолдары анықтау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚШАЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛУ ЖӘНЕ ДАМУЫНЫҢ

                  ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

 

1.1  Төлем құрал ретіндегі электрондық ақшалардың даму эволюциясы

 

Банктік карточкалардың күрт жылдам таралуы, олардың жаппай қаржылық құралға айналуы, тұрғындардың басым белігі арасында олардың кең танымалдылығының ұдайы өсуі жүйеге қатысушылардың негізгі категорияларына, яғни, банктерге, сауда орындарына және карточка иелеріне есеп айырысудың бұл нысаны сөзсіз табысты болып табылатындығының нақты куәсі. Қандай да бір кәсіпорынның тұрақты жұмыс жасап тұруын қамтамасыз етуі үшін мынадай 3 міндетті шарттардың қатаң сақталуы тиіс: сенімділік, өтімділік және табыстылық.

Пластикалық карточканы дүние жүзінде XX ғасырдың 60-жылдарының ортасынан бастап кеңінен қолданыла бастағанына қарамастан, Қазақстандағы төлем карточкаларының нарығы 1994 жылдан бастап қана дами бастады. Төлем карточкаларын қарапайым жіктеу бойынша магнитті жолағы бар және микропроцессорлық карточкаларға бөлуге болады.

Магнитті жолағы бар  карточка - XX жүз жылдықтың екінші 
жартысындагы негізгі төлем құралы, ол өз кемшіліктеріне қарамастан дамыған елдерде кеңінен қолданылуда. Микропроцессорлық  карточкалардың    өз кезегінде қорғалу деңгейі, жады көлемі мен атқаратын қызметі бойынша магнитті жолағы бар карточкаларға қарағанда елеулі артықшылықтары бар, бірақ олардың дамыған елдердегі төлем жүйелерінде жаппай пайдаланылуын жүйедегі магнитті жолағы бар карточкаларды пайдалануға негізделген ірі инвестициялар тоқтатып отыр. Пластикалық карточканы аз уақыттан бері қолданатын елдердің қатарына жататын Қазақстан Республикасының да осы саладағы жаңа ақпараттық технологияға көшу жолында серпіліс жасауына мүмкіндігі бар.

Сөздікке сәйкес төлем  карточкасы дегеніміз электрондық  төлем терминалдары көмегімен қолма-қолсыз сатып алуға мүмкіндік беретін  пластикалық карточкалар нысанындағы құжат болып табылады; төлемдер клиенттің шотынан қысқа уақыт ішінде есептен шығарылады.

Мамандардың көрсетуі бойынша  төлем карточкасы Қазақстандағы  төлем жүйесінің болашағын білдіреді. Ол тек қолма-қол ақшаны ғана ауыстырып қана қоймайды, сонымен бірге құжаттарға да өзгерістер әкеледі (жеке куәлігі, фотография мен болатын карталарды ұсынады). Әлемде екі жарым миллиардтан астам адам тауарлармен қызмет көрсету үшін төлем карточкаларын есеп айырысу құралы ретінде пайдаланады, соңдай-ақ еңбек ақыны алу және өзге де есептеулердің құралы ретінде қолданылады, демек олар қолма-қол ақшамен есеп айырысудан әрі ыңғайлы әрі сенімді болады.

Банктің есеп айырысу-кассалық, операциялары екі формада жүзеге асады: Қолма-қол ақшалар мен қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу.

Есеп айырысу операцияларының  басым бөлігі қолма-қолсыз түрде жүреді.

          Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысулар — клиенттердің банкте ашқан шоттары көмегімен, олардың, тапсырмасы негізінде бір шоттан екінші бір шотқа аударылатын төлемдердіц жиынтыгы.

Мұндағы, қолма-қолсыз ақшалар — чектер, пластикалық карточкалар электрондық, аударымдар көмегімен пайдаланылатын клиенттердің шоттардағы сақтаған акшалары (депозиттер).

Пластикалық карточкасын  ұстаушысының қолынсыз жапсырма парақ жасау телекоммуникациялардың желілері бойынша, телефонмен немесе төлем карточкалары жүйесінің ішкі ережелеріне және/немесе кәсіпкер мен клиенттің арасында, ондай жапсырманы жасау мүмкіндігін қарастыратын, жасалған шартқа сәйкес өзге де тәсілмен берілген хабарлар негізінде мүмкін болады. Бұл орайда жоғарыда аталған хабар кіммен берілгенін анықтау егер мүмкін болмаған кезде ондай жағдайда жүзеге асырылған төлем үшін жауапкершілік кәсіпкердің авторлықты алған-алмағанына қарамастан сол кәсіпкердің өзіне жүктеледі. Қағазда жасалған төлем құжатына жасалған кез келген түзетуге жол берілмейді.

Пластикалық карточкасын  пайдалану арқылы шетелдік валютаны сатып алу төлемді сатылған шетелдік валютаны банктің бағасы бойынша  сатып алынған шетелдік валютаның  сомасына сәйкес теңгемен жүзеге асырылады. Эмитент заңнама талаптарына қайшы келмейтін, оған берілген төлем карточкаларын пайдалану аркылы жүзеге асырылатын төлемдер сомасына шектеуге қоюға құқылы. Төлем карточкаларын пайдалану арқылы төлемді жүзеге асырғаннан кейін төлем карточкасын ұстаушыға сауда чегі немесе төлем карточкасын пайдалану аркылы төлемді жүзеге асыру кезінде жасалған төлем құжатының (жапсырма парақтың) данасы берілуі тиіс. Сауда чегінде төмендегідей реквизиттер болуы тиіс: құжаттың нөмірі, оның жазылған күні, айы және жылы; кәсіпкердің немесе эквайзердің атауы (коды); төлемнің сомасы мен валютасы; төлем карточкасының реквизиттері. Сауда чегінде косымша реквизиттер болуы мүмкін.

Пластикалық карточканы пайдалану арқылы Қазақстан Ұлттық Банкісімен лицензиялауға жататын валюталық операциялар бойынша төлемді, сондай-ақ тиісті құжаттар (шарт, келісім-шарт, келісім және т.б.) негізінде Қазақстан Республикасы кеден шекара бекеті аркылы тауарлардың өтуін қарастыратын экспорттық-импорттық операциялар бойынша бес мың американдық доллардың эквивалентінен асатын сомаға төлемдерге жол берілмейді. Белгіленген талаптарды сақтауға бақылау жасау Үәкілетті банктерге жүктеледі. Үәкілетті банктің талабы бойынша клиент банкке төлем карточкасын пайдалану арқылы жүзеге асырылған валюталық төлемдер бойынша растайтын құжаттарды ұсынады. Құжаттарды ұсыну мерзімін Үәкілетті банк белгілейді, бірақ ол 30 күнтізбелік күннен аспауы тиіс. Үәкілетті банк төлем карточкаларын пайдалану арқылы валюталық операцияларды жасау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзу фактілерін анықтаған жағдайда, Үәкілетті банк ондай бұзушылықты анықтаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті материалдарды тіркей отырып, ондай бұзушылықтар туралы Қазақстан Ұлттық банкіне хабарлауға міндетті.

Пластикалық карточканы пайдалану арқылы төлемді жүзеге асыру кезінде жасалған төлем құжаты төмендегідей жағдайларда, егер: Ережелермен белгіленген талаптар, және/немесе төлем құжаттарын жасау мен үсыну тәртібіне тиісті шарттардың тэртіптерін бұзушылықпен жасалса; қолдан жасау белгілері болса; төлем санкцияланбаған не санкцияланған болып, бірақ төлем құжаты эмитентке төлем карточкалары жүйесінің ішкі ережелерін бұзушылықпен ұсынылса, қабылдауға жатпауы мүмкін.

Пластикалық карточканы пайдалану арқылы жүзеге асырылатын төлем, егер төлемді жүзеге асыру  кезінде төлем карточкасы блок жасалмаса, оның әрекет ету мерзімі өтіп кетпесе және төлем карточкасын оның ұстаушысы төлем карточкалары жүйесінің ішкі ережелеріне сәйкес, сол арқылы төлем жүзеге асқан төлемді жүзеге асыру үшін пайдаланган болса, санкцияланған болып табылады. Төлемді санкцияландырылу талаптары бұзылумен және қолдан жасалған төлем карточкаларын пайдаланумен жүзеге асырылган төлем санкцияландырылмаған болып табылады.

 

    1. Электрондық ақшалардың түрлері

 

Қазіргі кезде коммерциялық банктердің айналысқа енгізген пластикалық  карточкалардың түрлері көп.

Негізгі карточка - банк шотының иесіне өз шотына қол жеткізуге  мүмкіндік беретін төлем карточкасы.

Қосымша карточка - жекелеген  шоты болмайтын төлем карточкасы, негізгі карточка шотынын белгілі бір лимитін басқару құқығын береді.

Электрондық ақшалар - компьютер торабынын, ақпараттарды автоматты түрде өндеу құралдарын қолданатын байланыс жүйелері арқылы жүзеге асыратын банктер және олардың клиенттері, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы төлемдер жиынтығы.

Электронды ақшалар  пластикалық карточка формасында болады. Олар екі түрлі болып келеді:

    • Дебеттік (төлем) карточка - банкте арнайы карточкалық қара жаты бар, клиент арасындағы келісімшартқа сәйкес шоттан қаражатты пайдалануға, банкомат аркылы қолма-қол ақша алуға, сондай-ақ тауарлар мен қызметтер үшін төлеуге арналған төлем құралы.
    • Кредиттік карточка - оның эмитенті мен карточка иесі арасындағы келісімшартқа сәйкес, несиелік көлемінде тауарлар мен қызметтер үшін төлемді жасауға, не қолма-қол ақша алуға арналған карточка.

 

Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктер дебеттік және кредиттік карточкалардың отандық және халықаралық түрлерін кеңінен қолдануда.

Қазіргі кезде жалақы алуға арналған дебеттік карточкалар да кеңінен колданылуда. Мұндай карточкалардың шоттары көбіне теңгемен ашылады.

 

Несиелік карточкалар  бөлшек сауда айналымында және қызмет көрсету сферасында колданылады. Қазіргі  уақытта несиелік карточкалардың мынадай  түрлері қолданылады: банктік, саудаға  арналған, бензин сатып алуға арналған, туризм және ойын-сауық шараларын төлеуге арналған. Біршама кеңінен таралған түріне сауда карточкаларын жатқызуға болады.

 

Пластикалық карточкалардың кең тараған түрлері.

  • Электрондық
  • Классикалық
  • Алтын
  • Платина
  • Жалақы карта
  • Зейнетақы карта

 

Есеп айырысуды Интернет желісінде жүргізетіндер үшін банктердің Уіssа деген карточка ұсынады. Клиентке карточка деректемелері, нөмірі бар, әрекет мерзімі, сәйкестендіру коды және клиенттің мәліметтері көрсетілген карточка баламасы беріледі.

Карточка жоғарғы оқу  орындарының күндізгі бөлімінде оқитындар үшін шығарылады. ІІС карточкасы бойынша осындай логотип койылған барлық жердегі тауарлар мен қызметтерге дисконттық жеңілдік алуға болады. Қазақстанда казірдің өзінде ІQІС карточкасымен женілдік беретін 50-ден астам кәсіпорын бар: бұлар - медицина орталықтары, боулинг-орталықтары, кафелер, музейлер, түнгі клубтар, сондай-ақ барлық халықаралық әуе компаниялары.

ІQІС таралған дүние жүзіндегі кез келген елде көмек желісімен байланысын, құқықтық және медициналық көмек алуға болады. Көмек желісі тәулік бойы жұмыс істейді және операторлар 4 тілде (ағылшынша, немісше, французша, испанша) жауап бере алады. ІАРА   дисконттық   карточкаларын ұсынады.

Информация о работе Төлем құрал ретіндегі электрондық ақшалардың даму эволюциясы