Төлем құрал ретіндегі электрондық ақшалардың даму эволюциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Июня 2013 в 19:50, курсовая работа

Описание работы

Пластикалық карточка - банк шотын басқаруға қол жеткізудін кілті болып табылатын құрал. Пластикалық карточкасы (бұдан әрі - карточка) белгілі бір мерзімге шығарылады, жарамдылық мерзімі карточканын бетінде көрсетіледі.
Жоғарыдағы айтылғандардан курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігін көреміз. Себебі, қазіргі уақытта пластикалық карточкаларды пайдалану өте тиімді. Ол әрі уақытты тиімдейді, әрі қауіпсіздіктің кепілі болады және де адам өміріне көптеген мүмкіншіліктер мен жеңілдіктер туғызады.

Файлы: 1 файл

Курсовая.doc

— 193.50 Кб (Скачать файл)

Бүгінгі таңда Республикада орта есеппен 5 адамға бір төлем карточкасынан  келеді. 2005 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша айналыста 276 млн. төлем карточкасы бар, ал төлем карточкаларын ұстаушылар саны 2,63 млн. адамды құрады. 2007 жылдың бірінші жарты жылдығында қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалану арқылы жүргізілген транзакцияларының көлемі 380,6 млрд. теңгені құрады.

Сондай-ақ, қызмет көрсетілетін төлем карточкалары желісінің одан әрі кеңеюі байқалып отыр. 2005 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда ақы төлеуге төлем карточкаларын қабылдайтын 2387 сауда кәсіпорны жұмыс істейді. Бұл ретте, 2007 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша банкоматтар саны 1432 бірлікті, сауда терминалдарының саны 5152 бірлікті ал импринтерлер саны 1414 бірлікті құрады. Әлемдік үрдістерді ескере отырып, түрлі инновациялық төлем қүралдарын енгізу перспективаларын нақты бағалай келіп, төлем карточкаларын төлем құралы ретінде пайдалануды одан әрі кеңейту есебінен бөлшек сауда айналымындағы қолма-қол емес төлемдер үлесін ұлғайтуда маңызды ілгерілеуді қамтамасыз етуге болады деген тұжырым жасауға болады.

 

 

3.2 Пластикалық карточкалар  айналымын жетілдіру жолдары

 

Мемлекеттің төлем жүйесін  оның ішінде банктердің пластикалық  карточкаларын дамытудағы маңызды мақсаты Қазақстанның төлем жүйесін Еуропалық одақ стандарттарына толық жақындату және төлем құралдарының жаңа түрлерін енгізу мен дамыту болып табылады.

Сондай-ақ Қазақстанда  төлем карточкаларына қызмет көрсету жөніндегі қызметті шоғырландыру мақсатында Төлем карточкаларының ұлттық жүйесін құру және дамыту қажет.

Бұдан басқа, ТМД елдерінің (ЕуроАзЭҚ немесе басқа құрылымның) нақты уақыт режимінде есептеудің ұлттық жалпы жүйелеріне негізделген жалпы төлем жүйесін құру, сондай-ақ Қазақстанның төлем жүйесін ТМД мен шет елдерде танымал ету маңызды бағыт болып табылады.

Қазіргі уақытта Қазақстанның төлем жүйесі халықаралық қаржы ұйымдарының дамыған елдердің төлем жүйелеріне қойылатын барлық талаптарына сай келеді. Бұл ретте, төлем жүйелерінде пайдаланылатын нормативтік база мен технологиялар үнемі жетілдіріліп және жоғарылатып отырады.

Еуропалық одақ елдеріндегі соңғы әзірлемелер микропроцессорлық технологиялар негізінде төлем карточкаларының жүйелерін дамытуға бағытталған. Осыған байланысты, Қазақстанның төлем жүйелерін Еуропалық Одақ стандарттарына жақындату жөніндегі іс-шаралар шеңберінде Ұлттық Банк өзінің күш-жігерін Қазақстанда микропроцессорлық карточкалар негізінде төлем карточкаларын енгізу мен дамытуға бағыттауды жоспарлайды. Микропроцессорлық карточкалар негізінде төлем карточкаларын енгізу бағытында алғашқы қадам жасалды да - Қазақстан Республикасында микропроцессорлық карточкалар негізінде төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесін дамыту бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада көзделген микропроцессорлық карточкалар негізінде төлем карточкаларын пайдалану болашақта халыққа, сауда-сервис кәсіпорындарына оларға қай банк қызмет көрсеткеніне қарамай қызмет көрсету бойынша бірыңғай "төлем" кеңістігін құруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының аумағында төлем карточкаларының жүйесі дамыту қолма-қол ақшамен жасалмайтын ақша айналымын кеңейтуге, эмиссияға жұмсалатын шығыстарды азайтуға және қолма-қол ақшаға қызмет көрсетуге, сондай-ақ тиімділігі аздау төлем құралдарынан (мысалы, чек сияқты) жаңа  тиімдірек төлем   құралдарының  түрлеріне   көшуге   мүмкіндік  береді.

Осы мақсаттар үшін Ұлттық Банктің бастамасы бойынша Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесінің арнайы ұйымы - "Процессинг орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Процессинг орталығы) құрылды, оған төлем карточкалары бойынша транзакцияларды өңдеу, төлем карточкаларын, сондай-ақ халықаралық төлем жүйелерінің төлем карталарын пайдалана отырып жүзеге асырылатын төлемдерді маршрутизациялау мен клиринг бойынша міндеттер жүктелді.

Процессинг орталығының  қызметі, сондай-ақ микропроцессорлық  карталар базасында электронды коммерция жүйелерін құру және дамыту, коммерциялық ұйымдарға, корпоративтік және жеке клиенттерге, мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсету; әлеуметтік мэселелер: сақтандыру, азаматтарды жүйеге келтіру, жинақтаушы зейнетақы қорларындағы қалдықтар бойынша көшірмелер жөнінде қызмет көрсету саласын дамыту және т.б. болжанады.

 

          Негізгі шаралар:

 

  • Микропроцессорлық карточкалар негізінде төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесін ендірудің ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаты Ұлттық Банктің айналыстағы ақша массасын тиімді басқару қабілетін сақтау, қаржы рыноктарының тұрақтылығына қауіп төндіруі немесе төлем жүйесіне сенімді жоюы ықтимал жүйелік және басқа да тәуекелдерді шектеу тұтынушыларға жаңа әрі тиімді, тәуекелі аз, қымбат емес және қолайлы төлем және қаржы қызметтерін көрсету әдістерін дамыту болып табылады. Микропроцессорлық карточкалар негізінде төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесін ендіру үшін мынадай іс-шараларды дәйекті түрде іске асыру қажет:
    • жүйені қүруға байланысты қүқықтық қатынастарды қалыптастыру; түтынушылардың сүранымын, сауда (қызмет көрсету) үйымдарының төлеуге төлем карточкаларын қабылдауға дайындығын анықтау;
    • төлем карточкаларын пайдаланумен әлуетті қылмыстарды болдырмау әдістерін, сондай-ақ төлем карточкаларын ұстаушылар үшін салдарлар мен әлуетті тәуекелдерді анықтау.
  • Бұдан басқа, қызметін мынадай негізгі бағыттарда дамыту болжанып отырған Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы (ҚБЕО) елдің төлем жүйесін дамытуда маңызды роль атқарады:
  • ТМД елдерінің бірыңғай мемлекетаралық төлем жүйесін құруға қатысу (ЕурАзЭҚ немесе басқа қүрылым);
  • Төлем жүйесін сату жөніндегі қызметтер көрсетуді дайындау және ТМД елдері мен басқа да елдерге ұсыныс;
  • Қазақстандық және сол сияқты шетелдік қаржы институттарын қоса отырып, сервис бюросын одан әрі дамыту;
  • Көлік жүйесін пайдаланушыларға төлем жүйесіне хабарламалар қабылдауға және беруге қосымша мүмкіндік беру үшін Қазақстан төлем жүйесімен ықпалдастыру;
  • Ақша аударудың банкаралық жүйесінде және ҚБЕО клирингінде жаңа қаржы құралдарын дамыту;
  • Қазақстанның жұмыс істеп тұрған төлем жүйесін және Ақпарат көлігінің қаржылық автоматтандырылған жүйесін (бұдан әрі - АКҚАЖ) негізгі ақпаратты басқару жүйесімен (РКІ) ықпалдастыру;
  • Пайдаланушылар үшін АКҚАЖ арқылы төлем жүйесіне хабарламалар қабылдауға және беруге қосымша мүмкіндіктер жасау үшін АКҚАЖ көлік жүйесін ықпалдастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Пластикалық карточкалары қазіргі заманғы төлем құралдары саласында болашағы зор бағыттардың бірі болып табылады. Қолма-қол ақшамен салыстырғанда төлем карточкаларының толып жатқан мүмкіндіктері мен артықшылықтары бар, қазірдің өзінде 3 млн. қазақстандық, оның ішінде студенттер мен зейнеткерлер, жеке кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметкерлер, қарапайым жұмысшылар мен компания басшылары, төлем карточкаларын пайдаланады. Қазіргі таңда Қазақстанда әр түрлі топтағы 3,14 млн. төлем карточкасы айналыста жүр.

Пластикалық карточка электрондық  төлем терминалдары көмегімен қолма-қолсыз сатып алуға мүмкіндік беретін пластикалық карточкалар нысанындағы құжат болып табылады; төлемдер клиенттің шотынан қысқа уақыт ішінде есептен шығарылады. Мамандардың көрсетуі бойынша төлем карточкасы Қазақстандағы төлем жүйесінің болашағын білдіреді. Ол тек қолма-қол ақшаны ғана ауыстырып қана қоймайды, сонымен бірге құжаттарға да өзгерістер әкеледі (жеке куәлігі, фотография мен болатын карталарды ұсынады). Әлемде екі жарым миллиардтан астам адам тауарлармен қызмет көрсету үшін төлем карточкаларын есеп айырысу құралы ретінде пайдаланады, соңдай-ақ еңбек ақыны алу және өзге де есептеулердің құралы ретінде қолданылады, демек олар қолма-қол ақшамен есеп айырысудан әрі ыңғайлы әрі сенімді болады

Қазіргі уақытта Қазақстандағы  магнитті жолағы бар төлем карточкалары негізіндегі жергілікті және халықаралық төлем жүйелері барлық жағымды жақтарына қарамастан, күнделікті жасалынатын ұсақ төлемдер рыногын қанағаттандыра алмайды. Магнитті жолағы бар төлем карточкалары негізінде, "оnline" режимінде (тауарларға және қызмет көрсетуге ақы төлеу сәтінде сауда терминалының процессинг орталығымен тікелей байланысы кезінде төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдер бойынша ақпарат алмасу режимі) ғана жұмыс істейтін төлем жүйелерін пайдалану кезінде транзакциялар өңдеудің жоғары кұнына байланысты ұсақ төлемдерге қызмет көрсету тиімсіз.

Сонымен қатар, Қазақстан  Республикасындағы телекоммуникациялық желінің даму дәрежесі авторизацияның қажетті деңгейін жаппай қамтамасыз ете алмайды. Төлем карточкасын оның ұстаушысы төлемді жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ оның эмитенті белгілеген шарттарда қолма-қол ақшаны алу, валюта айырбастау және басқа операциялар үшін қолданады. Төлем карточкасының эмитенті болып табылатын банкпен немесе сондай эмитентпен шарт жасасқан банкпен, не эмитентпен шартсыз төлем карточкаларына қызмет көрсететін банкпен тиісті келісім жасасқан сауда (қызмет көрсету) ұйымдарында ғана төлем карточкасы пайдаланылуы мүмкін.

Төлемге қатысушылардың төлем карточкаларын пайдалануға  байланысты құқықтары мен міндеттері сауда (қызмет көрсету) ұйымы ұсынылған төлем карточкасын пайдалана отырып жүзеге асырылған төлемді қабылдау туралы келісім берген кезден бастап туындайды 

5

 




Информация о работе Төлем құрал ретіндегі электрондық ақшалардың даму эволюциясы