Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Июня 2013 в 19:50, курсовая работа
Пластикалық карточка - банк шотын басқаруға қол жеткізудін кілті болып табылатын құрал. Пластикалық карточкасы (бұдан әрі - карточка) белгілі бір мерзімге шығарылады, жарамдылық мерзімі карточканын бетінде көрсетіледі.
Жоғарыдағы айтылғандардан курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігін көреміз. Себебі, қазіргі уақытта пластикалық карточкаларды пайдалану өте тиімді. Ол әрі уақытты тиімдейді, әрі қауіпсіздіктің кепілі болады және де адам өміріне көптеген мүмкіншіліктер мен жеңілдіктер туғызады.
ІАРА карточкалары бойынша
әуе билеттеріне тапсырыс (бронь)
берілгенде, қонақ
үйлерінен орын алғанда, автокөлік жалдағанда
айтарлықтай женілдіктер ұсынылады.
ІАРА компаниясынын косымша сервистік кызметі - шет елдердің халықаралық әуежайларында жоғалған жүкті 48 сағаттын ішінде тауып беру мүмкіндігі (95 пайыздык кепілдігі) бар.
Пластикалық карточкалардың артықшылықтары.
Карточкамен есеп айырысу арқылы дүние жүзі бойынша ондаған миллион сауда нүктесі мен сервис орнынын қызметін пайдалануға болады. Карточканы әмбебап валюта деуге болады. Қай елде жүргенінізге қарамастан, жасаған сауданыздың ақшасы бірден сол елдің валютасына айырбасталады. Ақша айырбастауда қолданылатын бағам, әдетте, валюта айырбастайтын пункттердегі бағамнан төмен болады.
Бүкіл әлем бойынша банкоматтардын кеңейтілген желісі тәулік бойы әрі демалыссыз қызмет көрсетеді. Олардың көмегімен барған елдің валютасына барынша жылдам қол жеткізе алады. Карточкамен қолма-қол ақшаны қалай алуға болады.
Қолма-қол ақшаны банктен алу.
Банктен қолма-қол ақша алу операциясын жүргізудін сауда немесе қызмет үшін ақы төлеу рәсімінен айырмашылығы жоқ деуге болады. Колма-қол ақшаны банкоматтан алу. Банкомат түрлері мен моделі сан алуан. Дегенмен, бұған қарамастан, барлық түріне ортақ стандарттары бар, оларды білу арқылы кез келген елде жүріп, кез келген банкоматтан қолма-қол ақша алуға болады.
Біріншіден, банкоматтын бәрінде де монитор, кардридер (ақпаратты оқитын құрылғы) және принтер болады; екі пернетақта бар: біреуі - сандық, екіншісі -меню тармақтарын таңдау үшін (ен соңғы үлгідегі банкоматтар сенсорлық экранмен жабдықталған, екінші пернетақта монитор экранында орнал астырылады). Екіншіден бүкіл дүние жүзі бойынша банкоматтан қолма-қол ақша алудың кағидаты біркелкі болады және мынадай бірнеше қадамнан құралады:
Карточканы кардридерге салады. Кардридердің үстіндегі немесе астындағы схемалық суретте карточканы қалай салу көрсетіледі (жолағын жоғары немесе төмен, логотипті өзіңізге қарай немесе кері каратып). Егер карточка әрі қарай өтпей қалса, онда бұл карточканың дұрыс салынбағандығын білдіреді.
Карточканы салғаннан кейін, ол әрі қарай өтіп кетсе, банкомат экранында алғашкы меню пайда болады, әдетте - бүл тілді таңдау жөнінде. Меню тармағын тандау үшін оған сәйкес келетін тиісті батырманы басасыз.
Келесі тармақ ДСН-кодын енгізу болып табылады. ДСН-коды сандық пернетақтада теріледі, кодты тергеннен кейін пернетақтадағы «Енгізу» деген пернені басу керек. Егер кателесіп кетсеңіз, «Болдырмау» деген пернені басыңыз да, операцияны кайтадан бастаныз.
Келесі қадам - операцияны тандау. Кәдімгі операциялар жиынтығы қолма-қол акша алу мен картшоттағы ақша қалдығы туралы ақпарат алудан тұрады. Сондай-ақ банкомат шот бойынша үзінді алуға, кейбір төлем түрлерін жүргізуге (мәселен, байланыс кызметі үшін), шотқа акша салуға, т.б. мүмкіндік береді. Операциялар жиынтығы тұтастай алғанда банкомат пен ондағы бағдарламалык камтамасыз ету жүйесіне тікелей байланысты. Банкомат көмегімен әрқашан іске асыруға болатын операция - бұл қолма-қол ақша алу. Бұл операция тиісті меню тармағының тұсындағы батырманы басу арқылы орындалады.
Ең бастысы - ақша сомасын тандау. Әдетте, менюде белгіленген сома түрлерінін бірнешеуі және өзге соманы тандау тармағы көрсетіледі. Белгіленген ақша сомасы тармақтарынан өзінізге қажеттісін тандап, тиісті тармақ тұсындағы пернені басасыз немесе «өзге сома» тармағын тандап алып, қажетті соманы көрсетуге болады. Менюде көрсетілетін белгіленген сомадан басқа ақша сомасы пернетақта көмегімен енгізіледі. Бір жолғы қолға алуға болатын акшаның ең жоғары сомасы банкоматқа салынатын ақша банкноттарының номиналына байланысты. Пернетақтадан кажетті соманы енгізіп, тандауды аяқтайтын меню тармағын таңдап алынады.
Операцияның соңында чектін қажеттігі туралы сауал койылуы да, койылмауы да мүмкін. Чектің керек немесе керек емес екендігіне өз қалауыңызбен жауап бере алады.
Қазірігі кезде коммерциялық банктердің пластикалық карточкаларының көмегімен қол жеткізуге болатын операциялар:
1.3 Электрондық ақшамен есеп айырысу түріндегі әлемдік қаржы нарығы
Дамыған шет мемлекеттердегі халықаралық төлем карточкалары көптеген қаржы ұйымдары реттеп отырады. Оның ішінде халықаралық валюта қорының маңызы зор.
20-шы ғасырдың аяғында өсіп келе жатқан сауда тапшылығы, сауданы ырықтандыруға байланысты американдық қос жақты қатынастарға әсерін тигізді. Құрама Штаттары екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көп жылдар бойы тауарлық артықшылықты көрді. Бірақ 1973-1974 және 1979-1980 жыл-дары мұнай бағасы тұрақтылығының бұзылуы және осы тұрақсыздықтың салдарынан болған өндірістің әлемдік құлдырауы халықаралық сауданы тоқырауға әкелді. Сол уақыттары Құрама Штаттары халықаралық бәсекелестікте ығыстырылуды сезінді. 1970-ші жылдары көптеген мемлекеттердің әсіресе индустриалды елдердің, халықаралық экспорттық нарығында бэсекелестік қабілеттері жоғарылай бастағаны байқалды.
Басқа мемлекеттер жетіліп келе жатқандықтан, АҚШ-тың экспорттық өндіріс салаларының жұмысшыларын бұл елдердің АҚШ-тың нарығын өз тауарларымен толтырып тастауы алаңдатты. Америка жұмысшылары, шетелдік мемлекеттердің импорттан гөрі экспортқа әділетсіз бейімделу сауда саясатын жүргізгендігін және құрыш өнеркәсібі сияқты жеке салаларға қаржылай көмек көрсету арқылы өз экспортшыларына үшінші мемлекеттердің нарығын басып алуға көмектескендігін нақтылады. Американдықтар үшін бүл алаңдаушылық аз бол-андай, АҚШ-та негізделген көп ұлтты фирмалар осы уақыт ішінде, өндірістерін шет елге өткізе бастады. Технологияның дамуы бұндай әрекеттерге қолайлы болғандықтан, кейбір кәсіпорындар шет елде жұмысшылардың төлем ақысының төмендігін, кедергілердің аздығын және өндірістік шығындарды кемітуге басқа да шаралардың барын пайдаланды.
Кейінгі жылдары Американың сыртка шығарылатын өнімдеріне деген сұраныстың өсуіне алып келген басқа мемлекеттердің экономикалық өсімі мен доллардың құнсыздануы ұлғайған сайын экспорт пен импорттың арасындағы айырмашылық кеми бастады.
Алайда, 1990-шы жылдары АҚШ-тың сыртқы төлем және сауда балансының тапшылығы тағы да көтерілді. АКШ-тың экономикасы өзінің негізгі әріптестерінің экономикасына қарағанда тез қарқынмен дами берді, нәтижесінде басқа елдерде Америка тауарлары баяу өтетін болса, американдықтардың шетелдік тауарларды сатып алу карқыны жоғары болды. Сонымен қатар, Азиядағы қаржы дағдарысы, жақын орналаскан мемлекеттердің тауарларын американдық тауарларға қарағанда әлде қайда арзандатып, доллар құнының түсуіне әкеп соқтырды. Құрама Штаттарының сауда балансының тапшылығы 1997 жылға қарай 110 миллиард долларды құрады және өсуін жалғастыра берді.
Американдық лауазым иелері сауда балансының осындай күйіне әртүрлі қарады. Қымбат емес шетелдік импорт 1990-шы жылдары кейбір саясатшылар потенциалды қауіп деп санаған инфляциядан сактап қалды. Алайда, дәл сол кезде американдық сыртқы сауда және ғаламдық экономикалық саясатты жүргізушілер шетелдік тауарлардың толып кетуі өз өндіріс салаларына кедергі жасайды деп қорқақтады. Сонымен, шетелдік несиегерлердің сауда балансының тапшылығын қаржыландыруға әзір екендігіне қарамастан, АҚШ-тың лауазым иелерін несиегерлерді бұл рөл жалықтырып жібереді ме деген ой мазалады. Өз кезегінде осы жай пайыздық ставкіні көтеріп, доллар құнының төмендеуіне алып келуі мүмкін еді, және нәтижесінде экономикалық белсенділіктің бәсендеуіне соқтырар еді.
Дамыған шет мемлекеттердегі төлем балансының құрылымын қарастырып өтелік. АҚШ және дамыған Еуропа елдерінде операцияларының сипатына қарай басылымдарда жарияланатын төлем балансы негізгі екі бөлімді біріктіреді.
Сауда балансы - экспорт бойынша түсіммен және импорт бойынша төлемдердің арақатысы. Егер тауар шығару оны әкелуден астам болса, онда
активтік сауда балансы болады, ал егер импорт экспорттан артық болса (мысалы, нарықтық экономикаға өтуші мемлекеттерде) онда сауда балансының пассивтік сальдосы пайда болады.
Өркендеген елдердің (мысалы, АҚШ) сауда балансының тапшылығы бәсекелес мемлекеттердің (Батыс Еуропа, Жапония, Жаңа индустриалды мемлекеттердің) импорттық тауарларын белсенді түрде әкелуінің нәтижесі болуы мүмкін.
Көрсетілген кызметтер балансы (немесе оны "көрінбейтін" операциялардың балансы деп те атайды) - ол формасы бойынша да және экономикалық мазмүны бойынша да әр түрлі, сонымен бірге коммерциялық емес операциялар бойынша төлемдер мен түсімдерді біріктіреді. Олардың қатарында: жүк тасымалы, байланыс, сақтандыру, комиссиялық операциялар, халықаралық туризм, іскерлік сапар шегу, мәдени айырбас, дипломатиялық және саудалық өкілдіктердің жұмысын ұйымдастыру, лицензия беру, техникалық көмек, лизинг операциялары, қаламақы төлеу, өнер табысы, шетелдегі әскери шығындар және т.с.с. Халықаралық әдістеме бойынша несие бойынша проценттер және шетел инвестициясы бойынша дивидендтер көрсетілген кызмет түрлеріне енгізілген, бірақ экономикалық мазмұны бойынша олар капитал және несие қозғалыстарына жатады.
"Бір жакты аударым" деген тарау көрсетілген; оған кіретіндер:
а) мемлекеттік (елдерге экономикалық көмек ретіндегі субсидия (жәрдем ақша), зейнетақы, халықаралық ұйымдарға төленетін жарна);
ә) жеке (шетел жұмысшыларының жалақысы).
Бұл жеке аударымдар - Италияға, Түркияға, Испанияға, Грецияға, Партугалияға, Пәкістанға, Египетке және с.с. басқа да елдерге - валюталық түсімнің көзі. Кейбір өнеркәсібі дамыған елдер үшін (ГФР, Францияға, Швейцарияға, Ұлыбританияға, АҚШ-қа және с.с.) тұтыну аударымы - төлем балансының жетімсіздік тарауы.
Капитал және несие козғалыстарынын балансы - ол жеке және мемлекеттік капиталдарды әкелу мен әкету бойынша, алынған және берілген халықаралық несиелер бойынша төлемдер мен түсімдердің арақатысы. Кәсіпкерлер капиталының қозғалысы тікелей шетелдік инвестиция (кәсіпорынға) және портфельдік қаржы жұмсау (бағалы қағаздарға) формасында жүзеге асырылады. Қарыз капиталының халықаральқ козғалысы ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қыска мерзімді несие түрлерінде болады. Мемлекеттердін тұрақсыз валюта-экономикалық жағдайында "ыстық ақшаның" стихиялы қозғалысы пайда болып, капитал жоғарылау табыс табу және сенімді баспана іздеу қозғалысында болады. Төлем балансыныц осы аталған бөлімінде "қателер және қалдырып кету" деген тарауында статистикалық дәлсіздіктер және есептелмеген операциялар, сондай-ақ капиталдың стихиялы қозғалысындағы дәлсіздіктер көрсетіледі.
Дамушы елдердің көбісі нетто-қарыздар мемлекет болып есептеледі. Ол түскен "жалынды ақша" легінен емес, сыртқы займдарды көп тарту салдарынан бұл елдер тобында сыртқы қарыз проблемасы шиеленісуде.
Қорыта айтқанда, халықаралық есеп айырысу балансы (немесе төлем балансы, есеп айырысу балансы, халықаралық, қарыз балансы) макроэкономикалық көрсеткіштер жүйесінде айырықша орын алады. Ішкі жиынтық өнім (ІЖӨ - ВВП) мен ұлттық табысты анықтағанда халықаралық талаптар мен міндеттемелердің таза сальдосы есептелінеді.
Төлем балансының сальдосын анықтағанда оның тараулары негізгі және баланстандырушы болып екіге бөлінеді. Негізгі тарауларға - ағымдағы операциялар мен ұзақ мерзімді капиталдың қозғалысы, ал баланстандырушы тарауларға - валюталық резервтердің козғалысы, қысқа мерзімді активтердің өзгерістері, шетел көмегінің кейбір түрлері, сыртқы мемлекеттік займдар, халықаралық валюта-несиелік ұйымдардың несиелері және т.б. төлем балансының сальдосын толыктырушы көздер жатады. Баланстың негізгі және баланстандырушы тарауларының қорытынды көрсеткіштері бірін-бірі өзара өтеуі қажет, яғни баланс формальды тепе-тең болуы қажет. Егер төлемдер негізгі тараулардың түсімдерінен артық болса, онда баланстың жетіспеушілігі баланстандырушы тараулар есебінен толықтырылады. Дәстүр бойынша ол үшін займдар мен кәсіпкерлердің әкелген капиталы қолданылады. Бұл төлем балансының жетіспеушілігін толтыратын уақытша әдіс, себебі қарыздар - елдер займдардың негізгі сомасын, оған қоса проценттік өсім және дивидендтер төлеуі қажет.
Есеп айырысу негізінен қолма-қол ақшасыз, төлем құралдарын бір шоттан екінші шотқа аудару түрінде жүргізіледі. Ол үшін шетел банктерімен корреспондеттік келісімдер арқылы корреспондеттік шоттар ашады: лоро (шетел банктердің үлттық банктерде) және ностро (осы банктың шетел банкте ашқан шоты)
Халықаралық есеп айырысудың бір ерекшелігі ұлттық валюталар өз елінен тыс занды төлем құралы бола алмайтындықтан жалпы барлық мемлекеттерге бірдей занды төлем құралының жоқтығы. Сондықтан халықаралық есеп айырысуда девиз пайдаланады.
Девиз - халықаралық есеп айырысуда әр түрлі төлем құралдарының өкілі ретінде пайдаланатын шетелдік валютадан тұратын төлем құралдары. Оларға векселдер, чектер, аударымдар, банктік карточкалар, аккретитивтер, төлем бұйрықтары және т.б. жатады.
Халықарылық Банктік карточкалар (кредиттік, пластикалық, т.б.) -өзінің иесіне көрсетілген соманы шетелден тауар сатып алғаны және қызмет көрсету үшін төлем жасауға рұқсат беретін ақша құжаттары. Халықаралық есеп айырысуда 1999 жылдан бастап доллармен қатар ЕО ортақ валютасы - еврода кеңінен қолданыла бастады.
Информация о работе Төлем құрал ретіндегі электрондық ақшалардың даму эволюциясы