Төлем құрал ретіндегі электрондық ақшалардың даму эволюциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Июня 2013 в 19:50, курсовая работа

Описание работы

Пластикалық карточка - банк шотын басқаруға қол жеткізудін кілті болып табылатын құрал. Пластикалық карточкасы (бұдан әрі - карточка) белгілі бір мерзімге шығарылады, жарамдылық мерзімі карточканын бетінде көрсетіледі.
Жоғарыдағы айтылғандардан курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігін көреміз. Себебі, қазіргі уақытта пластикалық карточкаларды пайдалану өте тиімді. Ол әрі уақытты тиімдейді, әрі қауіпсіздіктің кепілі болады және де адам өміріне көптеген мүмкіншіліктер мен жеңілдіктер туғызады.

Файлы: 1 файл

Курсовая.doc

— 193.50 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ-НАРЫҒЫНДАҒЫ ЭЛЕКТРОНДЫҚ АҚШАЛАРДЫҢ ДАМУЫН БАҒАЛАУ

 

2.1 Қазақстандағы  коммерциялық банктердің пластикалық  карточкалармен операцияларын ұйымдастыру тәртібі

 

Пластикалық карточкалармен қызмет көрсету процесінде пайда болатын төлем міңдеттемелерін орындаудың кепілі оларды шығарушы банк болып табылады, ол шарттар мен лимиттерді айқындайды, сондықтан оның екі түрі болады: дебеттік және несиелік. Оның айырмашылығы мынада, дебеттік карточкаға иесі ақшаны пайдалануға белгіленген лимит шегінде белгілі бір ақша сомасын енгізеді. Несие карточкасы бойынша ақша карточка шотына ақша алдына ала орналастырылмайды, банк оны несие түрінде ұсынады, оны пайдаланғаны үшін банкке тиісті сыйақы беріледі.

    • Карточкалар ұйымның бір шотымен байланысты жеке және корпоративті болуы мүмкін, мұның өзі қызметкерлердің қызметтік шығындарын қадағалап отыруға мүмкіндік береді. Карточкаларды бірыңғайландыру штрих-код (аздау қорғалған), магнитгік жолақ (неғұрлым кеңінен таралған) және чип (смарт-картамен) кемектерімен жүзеге асырылады
    • Карточкалардың иелері банкоматтардағы өзінің шоттарының жағдайын банк филиалында орнатылған электроңды терминалдар көмегімен тегін қарай алады. Карточка иесі айына бір рет шот бойынша ақы төлеусіз толық жазбаны ала алады, онда операция түрлері, операцияның күні, орны көрсетілген карточка шоты барлық қозғалыс көрсетіледі. Карт-шоттағы калдық ақшаға тиісті шарт-та кезделген мөлшерде сыйақы (мүлде) есептеледі.

Пластикалық карталар ішкі және сырткы сауданы, туризмді дамытуға, еліміздің салық жүйесін нығайтуға, ақшаны көлеңкелі айналымнан шығаруға, банк жүйесіне деген сенімді күшейтуге, оның өтімділігі мен түрақтылығын жақсартуға жәрдемдеседі. Бірақта пластикалық карталар жаңадан бір проблемаларды алға тартады, бұл өзінің дамуы барысында Қазақстан Республикасынын бұрын-сонды белгілі бір уақытқа дейін кездеспеген плас-тикалық карточкалармен алаяқтық жасау болып табылады, ондай жағдаймен бетпе-бет келу Қазақстандағы банк қызметінің дамуы барысында кездесіп отыр.

Қазақстандық кейбір мерзімді баспасөзде Қазақстандағы пластикалық карточка клиенттерінің аталған жүйеде немесе банкоматта жиі қайталанатын кідірістер, сатушылардың тауарға немесе қызметке пластикалық карточкамен - төлеудегі бас тартушылық, пластикалық карточкалармен операцияларды халықаралық төлем жүйелерімен, әлемдік экономикалық дарысқа орай эмитенттелген банктермен блоктау тәрізді проблемалармен ұшырасып отырғандығы жазылуда, бірақта әлемдегі ең басты проблема пластикалық карточкалармен алаяктық жасау болып табылады. Мәселен, пластикалық карточкаларды қолдан жасауға байланысты банктердің жоғалтқандары соңғы жылда 25 есе артып кетті.

Осыған байланысты Қазақстанның банк жүйесі алдында проблеманы тек техникалық тұрғыдан шешу ғана емес, сонымен бірге оны құқыктық әдістермен, яғни пластикалық карточкамен алаяқтық кезінде тараптардын материалдық жауапкершілігінің өзара қарым-катынасын реттейтін нормативтік құкықтық актілерді әзірлеу міндеті тұр, сондай-ақ банктердің, құқық қорғау органдары мен банк клиенттерінің пластикалық карточкамен алаяқтыктың (кардерлер — пластикалық карточкалармен алаяқтық жасаушылар) себептері мен салдарын жою жөніндегі өзара бірлескен іс-қимылы қажет. Қазақстан Республикасында кылмыскерлер халықаралық және мемлекеттік пайдаланудағы төлем карточкаларын қолдан жасау арқылы біркатар банктерге шабуыл жасады, 2002—2003 жылдары ақшаны алу мақсатымен банк жүйесіне санкцияландырылмаған 23 оқиға тіркелген, бүл орайда ондай қылмыс санынын өсе түсуі байқалады.

Қазақстанда пластикалық карточкаларға қатысты еңбекақы жобасы -дебеттік карточкалары көбеюде, ол бойынша комиссиялық сыйақы теңгелік карточкамен бір проценттейін құрайды, шетел валютасы бойынша алынатын сомадан екі процент сыйақы ұсталады. Төлем карточкаларын шығаруды 14 банк жүзеге асырады, бұл шамамен 3 мың терминалды, 2 мың импринтерлер мен 650 банкоматты пайдалану арқылы бір жарым мың ұйымға қызмет керсетеді.

Төлемдік карточкалар Қазақстанда тез дамып кетті, көбі ондай болады деп ойлаған да жоқ, мәселен, 2003 жыңың бірінші жарты жылдығында 167,4 миллиард теңгеге 12,9 миллион транс-акциялар жасалды. [

Қазақстандағы жаңа бағыттың бірі пошталық төлем карточкаларын енгізу болып  табылады. Қазақстанның Ұлттық Банкі Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 24 тамыздағы №331 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы төлем карточкаларын шығару мен пайдаланудың Ережелерінің негізінде төлем карточкаларымен байланысты аталған банк қызметін реттейді.

Қазақстан Ұлттық Банкі төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесінің жұмыс істеуінін жалпы талаптарының және төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесінің арнайы ұйымының қызметін белгілейді.

Бүгінгі күні Қазақстан өзінің Ұлттық төлем жүйелерін қалыптастыру мен дамытуда ТМД елдері ішінде өзгелерден өлдеқайда ілгері кетіп, алдыңғы жетекші орында келеді. Көршілеріміз Ресей, Қырғызстан жене басқа да елдерде төлем жүйелерін реформалаудың қазіргі жағдайы мен барысы Қазақстанда 90-шы жылдардың орта шенінде атқарылып кеткен шаралардың деңгейінде қалып отыр.

Ел экономикасының қарқынды дамуы жағдайында жылдан-жылға төлем жүйелері арқылы жасалатын қолма-қол ақшасыз төлемдердің түрақты өсуі байқалады. Тек қана, үстіміздегі жылдың 9 айы ішінде төлем жүйелері арқылы сомасы 66 трлн. теңге қүрайтын жалпы саны 18,2 млн. төлем операциялары жасалды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда төлемдер саны 10%-га (1,7 млн. транзакцияға), ал сомасы 78,9%-ға (29,1 трлн. тг.) артқан. Бұл шартты түрде алғанда, әрбір ай сайын еліміздің төлем жүйелерінде жалпы сомасы 2005 жылғы еліміздің ұлттық жалпы ішкі өнімінің (7,6 трлн тг.) көлеміне бара-бар келетін ақша аударымдары жүзеге асырылып отырылғандығын байқатса керек.

Қазақстан Республикасында  Ұлттық банкаралық төлем карточкалары жүйесін құруға дайындық 1993 жылы басталды, 1993 жылдан 1995 жылға дейінгі кезең ішінде Ұлттық Банктің тапсырысы бойынша ІВМ фирмасы (АҚШ) және банкаралық жұмыс тобы Электрондық қолма-қол ақшаның Ұлттық жүйесінің техникалық-экономикалық негіздемесін және Пластикалық карточкалардың интеграцияланған жүйесінің дизайнын әзірледі, оларға сәйкес электрондық қолма-қол ақшаны және дебеттік/кредиттік карточкаларды дамытуға болжам жасалды. Сонымен қатар электрондық қолма-қол ақша жүйесі іс жүзінде кәдімгі банкноттар мен металл ақшаларға толық ұқсас болуға арналған еді. Осы жобаны іске асыру үшін - интегралды микросхемасы -электрондық әмияны (тауарларды және қызмет көрсетуді сатушылармен есеп айырысу үшін пайдаланылатын және баланстарда (әмияндарда) әлі пайдаланылмаған ақша сомасы туралы деректер және басқа қажетті деректемелер сақталатын микропроцессорлық карточка) бар төлем карточкаларын қолдану болуы керек еді.

 

    1. Банктердегі пластикалық карточкалар айналымын құқықтық реттеу

 

Банктік болып табылатын  карт-шоттарды ашу, жүргізу және жабу Қазақстан Ұлттық Банкісі арқылы реттеледі. Карт-шот теңгемен де, шетелдік валютамен де ашылуы мүмкін. Төлем карточкаларын пайдалану аркылы жүзеге асырылатын барлық төлемдер (карт-шоттағы клиенттің ақша сомасы көлемінде де, сонымен қатар эмитент ұсынған заем сомасы шегінде де) карт-шотта көрсетіледі. Төлем карточкаларын пайдалану арқылы төлемді жүзеге асыру үшін заемді беру эмитент пен клиент арасында жасалған банктік заем шарты негізінде жүзеге асырылады. Төлем карточкасын беру және карт-шотты ашу кезінде аралас шарт жасауға жол беріледі, онда төлем карточкасын телеу туралы шарттың, банк шотының және/немесе банктік заем шартының элементтері болады.

Заемді берудің тәртібі  мен мерзімі эмитент пен клиент арасында жасалған банктік заем шартымен белгіленеді. Төлемнің бір карт-шотында эмитент пен клиенттің арасында жасалған төлем карточкасын беру туралы шарт негізінде берілген төлем карточкаларының бір немесе әр түрлі жүйелерінің бірнеше төлем карточкаларын пайдалану арқылы жүзеге асырылатын төлемнің бір карт-шотында көрсетуге рүқсат етіледі. Занды тұлға - Қазақстанның резидентімен ақшаны шетеддік валютамен карт-шотқа салу не одан алу (әрі карай - занды тұлғанын карт-шоты) Республика аумағынан тыс жерге жолсапарға немесе өкілдік шығындарды жүзеге асыру максатында ғана және резидент еместерге еңбекақы төлеуге рұқсат етіледі. Занды тұлғаның карт-шотына ақшаны шетелдік валютамен енгізуге, сондай-ақ оның корпоративтік төлем карточкасын пайдалану кезінде пайда болған берешекті жабу үшін жол беріледі. Занды түлғаның карт-шотына шетелдік валютамен ақша аудару тек уәкілеті банкте ашылған аталған занды тұлғаның валюталық шотынан ғана жүзеге асырылады. Қазақстанның занды тұлғасы - резиденті өзінің карт-шотына ақшаны аударуды жүзеге асыру үшін ақшаны жөнелтуші банкке Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерге корпоративті төлем карточкасын ұстаушының жолсапары туралы бұйрықты және өзге де растайтын құжаттарды, немесе резидент емеске төленетін еңбекақыны растайтын құжаттарды, не корпоративті төлем карточкасын пайдалану кезінде пайда болған берешекті растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті. Өзінің карт-шотын толықтыру үшін занды тұлғаның - Қазақстан Республикасы резидентінің шетеддік валютаны иеленуі не тек Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерге жолсапар мен екілдік шығыңдарды төлеу мақсатында және резидент еместерге еңбекақы төлеуге жол беріледі.

Қазақстан Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі №1464 «Мемлекеттік бюджет есебінен еңбекақыны степендияларды, зейнетакыларды, жәрдемақылар мен өзге де ақшалай төлемдерді төлеу тәртібін жетілдіру туралы» қаулысына сәйкес мемлекеттік мекемелер енбекақыны, степендияларды және өзге де ақшалай төлемдерді төлеуді тиісті банктік операциялар түріне Қазақстан Ұлттық Банкінің лицензиясы бар, және белгіленген заңнама тәрбімен тендерді ұтып алған ұйымдар арқылы жүзеге асырады. Алушынын жеке шотына еңбекақыны, степендияны, зейнетақыны, жәрдемақыны және өзге де ақшалай төлемдерді қабылдау, төлеу және есептеу бойынша жұмсалатын шығындар мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылады.

«Төлемдер және ақша аударымы туралы» заңға сәйкес төлем карточкасы оны ұстаушы арқылы төлемді жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ қолма-қол ақшаны алу үшін оның эмитенті белгілеген жағдайларда өзге де операцияларды жасау үшін қолданылады. Төлем карточкасы төлем карточкасының эмитенті болып табылатын банкпен немесе ондай эмитентпен немесе эмитенттің шартынсыз төлем карточкаларын қамтитын банкпен шарт жасасқан сауда (қызмет көрсететін) ұйымдарда қолданылады. Сауда (қызмет көрсететін) үйымдардың категорияларын Үкімет белгілейді, олар Қазақстан аумағында сауда операцияларын (қызмет көрсетуді) жүзеге асыру кезінде төлем кар-точкаларын пайдалану арқылы төлемдерді қабылдауға міндетті. Төлем карточкаларын пайдалануға байланысты төлем қатысушыларының құкықтары мен міндеттері көрсетілген төлем карточкаларын пайдалану арқылы жүзеге асырылатын төлемді қабылдау туралы сауда ұйымдарының келісім берген сәтінен бастап пайда болады. Сауда ұйымдарда аталған ұйымның төлемді қабылдау сомасында төлем карточкаларының қызмет көрсетуі туралы ондай ұйымдармен келісім жасаған банкке қатысты ақшалай талабының құқығы пайда болады. Аталған банкте үйымының ақша талабын орындау міндеттілігі пайда болады.

«Төлемдер және ақша аударымы туралы» заңға сәйкес төлем карточкасы оны ұстаушы арқылы төлемді жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ қолма-қол ақшаны алу үшін оның эмитенті белгілеген жағдайларда өзге де операцияларды жасау үшін қолданылады. Төлем карточкасы төлем карточкасының эмитенті болып табылатын банкпен немесе ондай эмитентпен немесе эмитенттің шартынсыз  төлем  карточкаларын  қамтитын  банкпен  шарт жасасқан  сауда (қызмет көрсететін) ұйымдарда қолданылады. Сауда (қызмет көрсететін) ұйымдардың категорияларын Үкімет белгілейді, олар Қазақстан аумағында сауда операцияларын (қызмет көрсетуді) жүзеге асыру кезінде төлем кар-точкаларын пайдалану арқылы төлемдерді қабылдауға міндетті. Төлем карточкаларын пайдалануға байланысты төлем қатысушыларының құкықтары мен міндеттері көрсетілген төлем карточкаларын пайдалану арқылы жүзеге асырылатын төлемді қабылдау туралы сауда (қызмет көрсету) ұйымдарының келісім берген сәтінен бастап пайда болады. Сауда (қызмет көрсетуші) ұйымдарда аталған ұйымның төлемді қабылдау сомасында төлем карточкаларының қызмет көрсетуі туралы ондай ұйымдармен келісім жасаған банкке қатысты ақшалай талабының құқығы пайда болады. Аталған банкте сауда (қызмет көрсету) ұйымының ақша талабын орындау міндеттілігі пайда болады.

Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасы 2002 жылғы 25 желтоқсандағы №510 шешімімен микропроцессорлық карточкалар негізінде төлем карточкаларының Ұлттык банкаралық жүйесінің жұмыс істеуінің Ережесін бекітті, ол микропроцессорлық карточкалардың негізінде төлем карточкаларының Ұлттық банкаралық жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуіне және төлем карточкалары жүйесін пайдалану арқылы қолма-қолсыз төлемді жүзеге асырумен және қолма-қол ақша алумен және/ немесе өзге операцияларды атқаруға байланысты қатынастарды реттеуге арналған. Бұл жүйе төлем карточкаларын пайдалану арқылы төлемдерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін ұйымдық-техникалық шаралардың және құжаттардың, бағдарламалық-техникалық қаражаттардың жиынтығын білдіреді. Оның басты мақсаты төлем карточкалары жүйесін ұстаушыға қолма-қолсыз төлем жүргізу мүмкіндігін беру, қолма-қол ақшаны алу және/немесе төлем карточкалары жүйесін пайдалану арқылы өзге операцияларды жүзеге асыру болып табылады. Карточка жүйесін пайдалану аркылы төлемдерді жүзеге асыру және қолма-қол ақшаларды алу кезінде қалыптасатын ақпаратты жинау, өндеу және беру жөніндегі жүйенің банк-қатысушыларына қызмет көрсету және банкаралық клирингті жүзеге асыру олардың арасында жасалған шарт негізінде процессингтік ұйымдар арқылы ұсынылады. Ондай шартта катысушы банктер жүйесі мен процессингтік ұйымның құқықтары мен міндеттері, төлем құжаттарын алмасудың тәсілері мен тәртібі және төлемдер туралы өзге акпараттар, ақпарат кауіпсіздігін сақтауға талаптар және банк құпиясының сақталу тәртібі, карточка жүйесін пайдалану арқылы жүзеге асырылатын клирингтік төлемдер нәтижесі бойынша ақша аударымдарының мерзімдері мен тәсілдері, карточка жүйесін шығару және қайта шығару шарттары, қатысушы банк жүйесінің және процессингтік ұйымның шарт талабын орындамағаны үшін жауапкершілік, карточка жүйесін пайдалану арқылы төлемдерді жүзеге асырумен байланысты даулы мәселелерді шешудің рэсімі, сондай-ақ шартты бұзу және шарт талаптарын өзгерту тәртібі айкындалады. Банк катысушылар жүйесінің операциялар бойынша бір-біріне төлейтін комиссиялық сыйақысының мөлшері жүйенің шеңберінде қолданылатын тарифтік келісіммен белгіленеді.

 

 

АҚ «БТА Банк» 2005 - 2007 ж.ж. пластикалық карточкалармен қызметіне талдау

2008 жылдың 24 қаңтарында  «Тұран Әлем Банкі» АҚ ребрендинг жүргізуге байланысты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінде қайта тіркеуден өтіп, № 3903-1900-АҚ куәлігін алды және «БТА Банкі» АҚ деп аталатын болды. 2007 жылдың қараша айында банк қолға алған Ребрендингті жүргізудің басты алғышарты табысты банк конгломератын құруға бағытталған жаңа стратегияның қабылдануы болды. Ребрендинг жүргізуге байланысты «Түран Әлем Банкі» АҚ Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінде қайта тіркеуден өтіп, № 3903-1900-АҚ тиісті куәлігін алды және бұрынғы атауын «БТА банкі» АҚ-ына ауыстырды.

Информация о работе Төлем құрал ретіндегі электрондық ақшалардың даму эволюциясы