Төлем құрал ретіндегі электрондық ақшалардың даму эволюциясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Июня 2013 в 19:50, курсовая работа

Описание работы

Пластикалық карточка - банк шотын басқаруға қол жеткізудін кілті болып табылатын құрал. Пластикалық карточкасы (бұдан әрі - карточка) белгілі бір мерзімге шығарылады, жарамдылық мерзімі карточканын бетінде көрсетіледі.
Жоғарыдағы айтылғандардан курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігін көреміз. Себебі, қазіргі уақытта пластикалық карточкаларды пайдалану өте тиімді. Ол әрі уақытты тиімдейді, әрі қауіпсіздіктің кепілі болады және де адам өміріне көптеген мүмкіншіліктер мен жеңілдіктер туғызады.

Файлы: 1 файл

Курсовая.doc

— 193.50 Кб (Скачать файл)

Бүгінгі таңда «БТА Банкі» АҚ нарықтың барлық сегментіне қатысатын қары тобын құрайды. БТА — Қазақстандағы жүйе құрушы банк, ТМД аумағындағы банк желісін қүруда көшбасшы. БТА активтері (01.01.2008 жай-күйі бойынша) 25,5 млрд., меншікті жиынтық капиталы 3,8 млрд. АҚШ долларын құрайды. БТА Қазақстандағы сауданы қаржыландыру, шағын және орта бизнеске несие беру мен ипотекалық несиелендіру салаларындағы көшбасшылық ұстанымын нығайтты.

2008 жылдың 24 қаңтарында  «Тұран Әлем Банкі» АҚ ребрендинг жүргізуге байланысты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінде қайта тіркеуден өтіп, № 3 903-1900-АҚ куәлігін алды және «БТА Банкі» АҚ деп аталатын болды. 2007 жылдың қараша айында банк қолға алған Ребрендингті жүргізудің басты алғышарты табысты банк конгломератын құруға бағытталған жаңа стратегияның қабылдануы болды.

АҚ «БТАБанк» карточкаларының мүмкіндіктері:

  • Қазақстан Республикасының аумағында немесе одан тыс жерлерде болсын тэулік бойы карт-шотқа қол жеткізе алу, сондай-ақ өзі түрған елдің валютасында қолма-қол ақша алу мүмкіндігі;
  • Карт-шот валютасын басқа валютаға айырбастау мүмкіндігімен қоса карт-шотты теңгеде, АҚШ долларында және еурода жүргізу;
  • Карт-шотты өз бетінше, сондай-ақ үшінші түлғалардың (туыстардың, достардың) толықтыру мүмкіндігі;
  • Төлем карточкасы бойынша несие алу мүмкіндігі;
  • Клиенттерге қолайлы нысанда карт-шот бойынша көшірме алу (электрондық пошта бойынша, қолма-қол түрде, Интернет-банкинг арқылы, банкоматтар арқылы шағын көшірмелер алу);
  • Банкоматтар арқылы үялы байланыс пен кабельді телевидение қызметтерінің ақысын төлеу;
  • Несие бойынша берешек сомасын, үялы байланыс, кабельді телевидение және т.б. қызметтер ақысын автоматты түрде карт-шот есебінен ризалықсыз шығару бағдарламасына қатысу;
  • Интернет-банкинг арқылы карт-шотпен қашықтықта жүргізу;
  • Карточка бойынша жүргізілген операциялар туралы QМQ-хабарламалар алу;
  • Көрсетілген    қазметтер    мен    тауарлар    үшін    төлем    карталарымен есептескенде арнайы жеңілдіктерге ие болу;
  • Төлем   карточкалары   арқылы   өткізілетін   арнайы   бағдарламалар   мен акцияларға қатысу мүмкіндігіне ие болу;

Төлем     карточкаларын     қолдану     аумағы     жыл     сайын     өсіп     келеді. БТА Банкі қашан да алдыңғы қатарлы технологияларды қолдануға тырысады және өзінің төлем карточкаларының мүмкіндіктері аумағын кеңейтіп отырады.

Дүние жүзі бойынша 27 млн. астам сауда-саттық, өндіріс орындары тауарлар мен көрсетілген қызметтерге төлем жасау үшін халықаралық төлем карточкаларын қабылдайды. Ал қолма-қол ақшаларыңызды дүние жүзі бойынша орналасқан 1 млн-нан астам банкоматтардан және жарты миллионнан астам банктің бөлімшелерінен карточкаларыңыз арқылы ала аласыздар.

Банктің әртүрлі дәрежедегі тұрғындарға, заңды тұлғаларға, сондай-ақ, 
банктің жақтаушыларына ұсынатын қызмет түрлері, карточкалардың ауқымды 
спекторы және жеке қызметі, сенімді, сапалы қызмет көрсету түрлері - осының 
барлығы банк таңдауда талас туғызбайтын дәлелдер.

Қазіргі заманғы төлем  құралдары саласында болашағы - «БТА Банкі» АҚ ұсынатын төлем карточкаларының барлық мүмкіндіктерін пайдаланыңыздар.

Болат және Көмір өндіру Департаментінің қызметкерлері, Мұнайгазтүрба, Өркен, СМЕ Ресорс, Оқжетпес, Карвол және өзге де компаниялардың қызметкерлері жалақыларын әдеттегідей емес, мерзімінен бұрын, әр айдың оныншы күнінде, екі-үш күн аралығында банкомат арқылы ала алады. Сондай-ақ, банк айлық жалақыларын кешке қарай емес, таңертеңгі мезгілде аударуды жоспарап отыр.

Банкоматтар мен есеп-айырысу  бөлімдерінің үзіліссіз жүмыс істеуін қамтамассыз ету үшін Тұран Әлем банк тәжірибесіндегі озық шараларды қолданбақшы. 2006 жылдың қаңтар-ақпан айларында жаңа телекоммуникациялық желіні салу аяқталады. Сонымен қатар, күтпеген жағдайларда банкоматтардың үзіліссіз жұмыс істеп тұруы үшін резервті радиоканалдар орналастырылады.

Банк - клиенті болып  табылатын «Миттал Стил Теміртау»  зауытының қызметкерлеріне арналған есеп-айырысу бөлімі Республика даңғылы, 1/1 мекен-жайында орналасады. Ғимарат 340 шаршы метр алаңын алып жатыр, екі

есеп-айырысу кассасы  бар. Ғимараттың сыртында ақша айырбастау пункті және екі банкомат орналасқан. Есеп-айырысу бөлімі уақыт талабына сай толық жабдықталған және білікті  мамандармен қамтамассыз етілген. Мүнда касса қызметкерлерінен басқа, ақша айырбастау пунктінің қызметкерлері және несиелік инспекторлар мен карточка жөніндегі менеджерлер қызмет жасайды. Олар негізгі операцияларды: коммуналды төлемдерді төлеу, депозит бойынша салымдар мен төлемдер, айырбас қызметтерін жүзеге асыруға көмектеседі. Ал несие алғылары келетідер үшін ТӘБ ең төменгі көрсеткішпен, зауыттың кәсіподақ ұйымының кепілдендіруі бойынша несие ұсынады.

«Миттал Стил Теміртау» АҚ компаниясының жұмысшылары мен инженерлік-техникалық қызметкерлеріне пластикалық карточкалар, терминалдар мен ПИН-кодтар жайлы хабарландырылады. Қызметкерлерге карточкаларды қалай қолдану туралы нұсқаулар тапсырылады. Әрбір банкоматтардың алдына қолданушыларға қосымша ақпараттар ілінеді. Қаңтар айынан бастап тәулік бойғы «байланыс желісі»- Саіl-орталығы қызмет көрсетеді. Карточка жөніндегі барлық сүрақтарға қалалық нөмірден тегін қызмет көрсетіледі. «Миттал Стил Теміртау» қызметкерлері алғашқы екі айдың жалақысын алатын уақытта әрбір банкоматтардың алдында ТӘБ-тің жалдамасымен, ақша алатындарға жаңа технологияның қызметін жан-жақты түсіндіру үшін кеңесшілер /промоутерлер/ тұрады.

«Миттал Стил Теміртау»  қызметкерлеріне банк арнайы тегін  карточкалар шығарады. Қолма-қол  ақша алу үшін төленетін комиссияның құны 0,7 пайыздан 0,2 пайызға дейін төмендетілді. Карточка шотында қалған сома бойынша жылдық 1 пайыз көлемде төлем енгізілді.

Кез келген ақпарат түрін  берудегі интернеттің қолайлылығы  мен оның шексіздігінің арқасында тұлғаның орналасқан жеріне қарамастан байланысты қолдау мүмкіндігін клиенттерді тартуға және оларға қызмет көрсетуде заманауи технологияларға жүгінетін алдыңғы қатарлы көптеген компаниялар жоғары бағалады. Мұндай компаниялардың қатарында банк те бар. Байланыстың тиімді арнасы ретінде Қазақстандағы интернетті дамыту және электронды элемдегі байланыстың озық әдісінің қарқын алуы, қаржы секторына деген сенімнің нығаюы алдыңғы қатарлы банктерде интернет-банкинг жүйесін енгізіп және оны дамытуға түрткі болды. Пластикалық карталар.

«БТА Банк» өз клиенттеріне ең беделді халықаралық төлем жүйелерінің карталарын шығарады және олар бойынша қызмет көрсетеді.

АҚ «БТА Банк» келесідей  платикалық карточка түрлерін айналысқа  шығарды. Оларға жеке-жеке сипаттамалар беруге болады:

  • Электрондық
  • Классикалық
  • Алтын;
  • Платина;
  • Аmerican Express;
  • Жалақы карта;

 

 

 

 

 

3 .   ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ПЛАСТИКАЛЫҚ

КАРТОЧКАЛАРМЕН  ЕСЕП АЙЫРЫСУДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

 

3.1 Пластикалық карточкаларды пайдаланудағы туындайтын мәселелер

 

Қазақстандық кейбір мерзімді баспасөзде Қазақстандағы пластикалық карточка клиенттерінің аталған жүйеде немесе банкоматта жиі қайталанатын кідірістер, сатушылардың тауарға немесе қызметке пластикалық карточкамен төлеудегі бас тартушылық, пластикалық карточкалармен операцияларды халықаралық төлем жүйелерімен, элемдік экономикалық дарысқа орай эмитенттелген банктермен блоктау тәрізді проблемалармен ұшырасып отырғандығы жазылуда, бірақта әлемдегі ең басты проблема пластикалық карточкалармен алаяктық жасау болып табылады. Мәселен, пластикалық карточкаларды қолдан жасауға байланысты банктердің жоғалтқандары соңғы жылда 25 есе артып кетті. Осыған байланысты Қазақстанның банк жүйесі алдында проблеманы тек техникалық түрғыдан шепгу ғана емес, сонымен бірге оны құкыктық әдістермен, яғни пластикалық карточкамен алаяқтык кезінде тараптардын материалдық жауапкершілігінің өзара қарым-катынасын реттейтін нормативтік құкыктық актілерді әзірлеу міндеті тұр, сондай-ақ банктердің, құқық қорғау органдары мен банк клиенттерінің пластикалық карточкамен алаяқтыктың (кардерлер — пластикалық карточкалармен алаяқтық жасаушылар) себептері мен салдарын жою жөніндегі езара бірлескен іс-қимылы қажет. Қазақстан Республикасында кылмыскерлер халықаралық және мемлекеттік пайдаланудағы төлем карточкаларын қолдан жасау арқылы біркатар банктерге шабуыл жасады, 2004—2006 жылдары ақшаны алу мақсатымен банк жүйесіне санкцияландырылмаған 23 оқиға тіркелген, бұл орайда ондай қылмыс санынын өсе түсуі байқалады.

Жалған төлем карточкаларына, сондай-ақ бағалы кағаздар болып табылмайтын өзге де төлем және есеп айырысу құжаттарын өткізу мақсатымен дайындау немесе өткізгені үшін қылмыстық жауаптылық Қылмыстық кодекстің 207-бабында белгіленген. Қылмыстың тікелей объекті — төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп кұжаттарын дайындауды, айналымға шығаруды реттейтін қоғамдык катынастар. Қылмыстың заты — төлем және есеп карточкалары, бағалы қағаз болып табылмайтын өзге есеп айырысу құжаттары.

Төлем және есеп карточкалары банктегі ағымдағы есеп, банк ашқан  банк клиенттеріне берілген төлем күжаттары  болып табылады. Өз есеп күжаттарына (бағалы кағаз болып табылмайтын) — түрлі аккредитивтер, авизо, төлем  тапсырмалары және осыларға тенестірілген  заңмен белгіленген қүжаттар жатады.

Қылмыстың(субъективіті нышанына мына нысандардағы іс-өрекеттерді  жасау арқылы сипатталады:

1) жалған төлем және  есеп карточкаларын дайындау;

2) осы заттарды өткізу.

Қылмыстың объективтік  жағының бұл белгілерін Қылмыстык кодекстің 206-бабына талдау жасағанда толық ашып кеттік. Қылмыс осы әрекеттердің біреуін істеген уақыттан бастап аяқталған деп табылады. Өйткені бүл қылмыс формальдық құрамға жатады.

Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен және арнаулы мақсат — жалған төлем карточкаларын, өзге есеп құжаттарын дайындау немесе өткізуді басшылыққа ала отырылып істеледі. Қылмыстың субъекті 16-ға толған, кез келген адам. Осы баптың 2-тармағында алым немесе есепке алу бақылау маркалары. Акциз жанама салықтың бір түрі. Көбінесе көпшілік қолды тұтыну тауарларын, сонымен бірге коммуналдык, көліктің баска да кең тараған кызметтерге салынатып салыктың бір түрі. Ол тауар бағасынын немесе көрсетілген қызметтер үшін белгіленген тарифке кіреді, сөйтіп ол табыс көзіне айналады. Осыған байланысты салыктың осы түрін төлегендерге акциздік алым маркалары беріледі.

Қылмыстың объективтік  жағы бірнеше өрекеттерді істеумен сипатталады.

1) Едәуір зиян келтіруге әкеп соқкан акцизделетін тауарлардық акциздік алым жене есепке алу — бақылау маркасымен таңбалаудың тәртібі мен ережесін бұзу. Едәуір зиян он айлық есептік көрсеткіштен жүз есе алатын соманы айтамыз;

2) акциздік алым және  есепке алу — бақылау маркаларын  қолдан дайындау;

3) осындай акциздік  маркаларды алу;

          4) сол сияқты колдан жасалған акциздік есепке алу — бақылау маркаларды пайдалану;

         5) колдан жасалған акциздік есепке алу — бақылау маркаларды өткізу. Осынша көрсетілген дайындау, алу, пайдалану, өткізу әрекеттерінің түсінігі Қылмыстық кодекстің 206, 207-баптарына талдау жасалғанда айтылды. Айлық есептік көрсеткіштен жүз есе алатын сомада келтірілген залал едәуір залал деп танылады. Құрылысы жағына қылмыс материалдық кұрамға жатады. Көбіне жалған акциздік марканы және (немесе) есепке алу бақылау маркасын еткізу мақсатында әзірлеу немесе алу, сондай-ақ пайдалану немесе өткізу осы қылмыс құрамының ауырлататын түрі болып табылады.

Банкоматтарды нығайтуды  ескере отырып жалақы беру көлемі шамамен 723 млрд. теңгені (үлесі - 21,6%) күрады, қазіргі  уақытта жалақы ағымдағы шот бойынша ғана емес, банкоматтардан да берілетініне байланысты бұл сома екі бапты (кесте бойынша) біріктіру арқылы алынды. 2002-2004 жылдары бұл көрсеткіштің өсуі байқалды, мысалы, 2003 жылмен салыстырғанда өткен 2004 жылы ол 31,8%-ға, ал 2002 жылмен салыстырғанда 2003 жылы 27,1%-ға ұлғайды.

Өткен 2007 жылы екінші деңгейдегі банктердің және есеп айырысу-касса операцияларын жүзеге асыратын ұйымдардың кассаларынан 198,4 млрд. теңге сомасына зейнетақылар мен жәрдемақылар төленді, бұл есеп айырысу-касса бөлімдері 2007 жылы берген барлық қолма-қол ақшаның шамамен 5,9%-ын құрады.

Қазіргі жағдайларда  Қазақстанда экономикалық қызмет субъектілеріне төлем құралдарын кеңінен ауқымын таңдауға мүмкіндік беріледі. Олардың орындалу мерзімдері, банк қызметтерінің құны жағынан және нақты шаруашылық операцияларын ескере отырып өздерінің сұраныстарына барынша сай келетін құралды таңдау мүмкіндігі бар. Тұтастай алғанда, республикада түрлі төлем құралдарын пайдаланудың жыл сайын ұлғайып бара жатқаны

байқалады. Дегенмен, тұтыну мәмілелері саласындағы қолма-қол емес есеп айырысулардың жай-күйін талдау оның даму деңгейі әлемдік көрсеткіштерден әлдеқайда төмен екендігін көрсетті. Осы салада қолма-қол төлем нысандары кеңінен қолданылатыны байқалып отыр. Бөлшек сауда айналымының жалпы көлеміндегі қолма-қол емес есеп айырысулардың үлес салмағының төмен болуы (3%-дан аспайды) осы саладағы төлемдердің негізгі массасы банк жүйесінен тыс жүзеге асырылатын жағдайға әкеп тірейді, Бұл ақша айналысын басқару проблемасын күрделендіреді және көлеңкелі экономиканың өсуіне ықпал етеді.

Қолма-қол айналым  үстем рыноктарда ақша ағынын іс жүзінде  қадағалау және бақылау мүмкін емес. Елдің ақша массасындағы қолма-қол  ақша үлесінің салыстырмалы түрде мол  болуы (23%) негізінен қолма-қол ақша арқылы қызмет көрсетілетін көлеңкелі экономика Қазақстанда таралып отырғанын айғақтайды. Екінші жағынан, бұл көрсеткішті Қазақстанда қолма-қол ақша айналымы басым бөлшек сауда айналымында төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалатын қолма-қол емес төлемдер эзірге жете дами қоймағандығымен түсіндіруге болады. Дегенмен, Қазақстанда төлем карточкалары базасында төлем жүйелерінің дамуында бірқатар оң үрдістер байқалуда. Соңғы уақытта қолма-қол ақша алу жөніндегі операциялардың өсуімен салыстырғанда қолма-қол емес төлемдердің басып оза өсуі байқалып отыр. Мысалы, 2005 жылдың бірінші жарты жылдығында төлем карточкалары пайдаланылған қолма-қол емес төлемдер саны 29 млрд. теңге сомасына 2,4 млн. транзакцияны құрады, 2004 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда тиісінше 3,2 есе және 3,1 есе өсті. 2005 жылдың бірінші жарты жылдығында қолма-қол ақша алу жөніндегі операциялар саны 351,6 млрд. теңге сомасына 20,4 млн. транзакцияны құрады, бұл ретте, 2004 жылдың бірінші жарты жылдығымен салыстырғанда өсу сан жағынан 30,1%-ды және сомасы жағынан 49%-ды құрады.

Информация о работе Төлем құрал ретіндегі электрондық ақшалардың даму эволюциясы