Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2012 в 13:34, курсовая работа
Атқаратын қызметтеріне қарай кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни шаруашылық субъектісінің жұмысшылары мен қызметкерлері жұмысшылар мен қызметкерлер болып екіге бөлінеді.
Есеп берген кезде қызметкерлер тобы басшылар, мамандар және тағы басқа да топтарға бөлінеді.
Басшылар қатарына – директор, ректор, президент, меңгеруші және тағы басқалар жатады.
Мамандар қатарына – инженерлер, техникалық қызметтегі адамдар және тағы басқалары жатады.
Басқа да қызметкерлер қатарына – құжаттарды дайындайтын, есеп пен бақылау жұмысын жүргізетін, шаруашылық қызметтерін атқаратын бухгалтерлер, менеджерлер, агрономдар, механиктер және тағы басқалары жатады.
Кіріспе ........................................................................... 3
1. Еңбек ақының теориялық негізі
1.1. Еңбек ақының түсінігі мен міндеттері ............ 4
1.2. Еңбек ақы жүйесі мен нысандары ................... 7
2. Еңбек ақы есебін ұйымдастыру
2.1. Еңбек ақы түрлері бойынша есебін жүргізу .... 29
2.2. Еңбек ақы есептеу және төлеу ........................... 35
2.3. Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың
аналитикалық және синтетикалық есебі...................... 43
3. Орташа жалақыны есептеу
3.1. Орташа жалақыны есептеу кезінде ұлғайту
коэффициентін қолдану ................................................ 50
3.2. «1С предприятия 8.0» үшін конфигурацияларда
орташа жалақы есебінің өзгерістері............................... 52
Қорытынды............................................................................. 54
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар.
Жалақыдан ұсталатын ұсталымдар. Жұмыс беруші еңбеккерлердің жалақысынан әрекет етіп тұрған заңға сәйкес әртүрлі ұсталымдар жасайды:міндетті зейнеткерлік жарнасын жинақ зейнеткерлік қорға; жеке табыс салығын, атқару парақтарын (сот үкімінің қағаздары бойынша), сондай-ақ еңбеккерлердің өзі берген өтініші бойынша ұсталымдар жасалады, сонымен қатар олардың (еңбеккерлердің) келісімінсіз: қайтарылмаған аванстар, жұмыстан шыққанда істемей кеткен уақыты үшін, әкелген зияндары үшін т.б. ұсталымдар ұсталады.
Табыс салығын ұстау. Салықтар – ұлттық табыстың бір бөлігі болып саналады. Салықтар арқылы жинақталған қаражат жалпы мемлекеттік мұқтаждарға жұмсалады. Қызметкерлердің салық салынатын табысынан тек жеке тұлғалардан Салық Кодексінің 145 бабы бойынша көрсетілген ұсталымдар тұтас ұсталады. Жеке табыс салығын ұстауға бір мысал келтіріп көрейік. 2002 жылдың 22 желтоқсанында Шойбекова Жанар Жарасқызы «Тасты» ЖШС-тіктен жеке еңбек келісім-шартын үзеді («Еңбек туралы» заңы 25 бабы, 3 тарауы). Желтоқсан айында Шойбекова Жанарға пайдаланбаған демалысы үшін 70570 теңге компенсация төленген болатын. Сонымен, Шойбекова Жанар Жарасқызының жылдық жиынтық табысы (2002 жылғы) 640434 теңге құраған, оның ішінде ай бойынша:
Қаңтар 48700 Шілде 48700
Ақпан 48700 Тамыз 48700
Наурыз 63700 Қыркүйек
Сәуір 48700 Қазан 48700
Мамыр 32580 Қараша 48700
Маусым 87632 Желтоқсан
Жиыны 640434
Еңбеккерлердің жиынтық жылдық табысына штаттық кестесі бойынша белгіленген айлығы және қосымша төлемдері кірген:
Наурыз Наурыз мейрамына сыйақы 15000
Мамыр Уақытша жұмысқа жарамсыздығы
бойынша жәрдем ақы 8230
Маусым Құжаттар негізінде дәлелденген
бір жолғы медициналық қызметті төлеу 50000
Қыркүйек 9 айдың нәтижесі бойынша төленетін сыйақы 20000
«Тасты» ЖШС бухгалтериясына еңбеккер әрекет етіп тұрған заңмен белгіленгендей айлық есептік көрсеткіштің деңгейінде өзінің жалақысынан шегірім жасау құқын беру туралы өтініші білдірген.
Кесте №1
2002 жылы ай сайын жеке табыс салығының ұсталғаны жалақы бойынша есеп айырысу карточкасының есебінде көрсетілген.
Жеке табыс салығын ұстаған кезде 681, 682 шоттары дебеттеліп, 634 шоты кредиттеледі.
Атқару құжаттары бойынша ұсталымдар. Сот шешімдері, нотариалдық органдардың атқару жазбалары, сондай-ақ даусыз түрде өндіріп алу туралы әкімшілік органдарының қабылдаған қаулыларына сәйкес берілетін атқару құжаттары (атқару парақтары) бойынша ұсталымдар негізгі еңбек төлемінен де, сондай-ақ тұрақты сипаты бар барлық қалған төлемдерден де, оның ішінде сыйлықтардан, зейнетақылардан, жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша берілетін жәрдемақылардан, т.б. алынады. Келіп түскен атқару құжаттары арнайы тізімге тіркеліп және төлеуші бойынша бухгалтерияда олардың жеке есебі жүргізіледі.
Жалақыдан ұсталынған алименттер сомасы осы алимент төленетін тұлғаның пайдасына үш күннің ішінде төленуі немесе аударылуы керек. Онда бір бала үшін жалақының төрттен бірі, екі бала үшін жалақының үштен бірі және одан да көп балаларға жалақының жартысы ұсталады, бірақ олардың мөлшері жалақының 50% аспауы тиіс. Егер де алимент төлеуші жұмыстан шығып кетсе, онда сонымен қоса атқарушы құжаттары үш күннің ішінде жаңа жұмыс орнына беріледі.
Мысал. Бухгалтерияға Калмыков О.С. 10.05.2002 ж. 5-разрядтағы слесарь С-дан Калмыковтан В.Н. алимент ұстау туралы атқарушы құжаты келіп түскен, ондағы ұсталатын алименттің мөлшері жалақысының бестен бірін құраған.
Слесарь Калмыков В.Н. май айында толық жұмыс істеген, яғни 21 күн, 168 сағат.
Кәсіпорында аптаның бес күні жұмыс күні етіп белгіленген және 1-разрядттың мөлшері 15000 теңге құраған. Ағымдағы айда Калмыковқа негізгі жалақысының 75% мөлшерінде сыйақы есептелген.
Сонымен, Калмыковтан ұсталатын алименттің сомасы мынаны құраған:
мамыр айында есептелген жалақының сомасы = 19950 теңге (15000х1,33)
мамыр айында, алынған сыйақының сомасы = 14963 теңге (19950х75%)
табыстың жалпы сомасы = 34913
міндетті зейнеткерлік жарнасының сомасы = 3491 теңге
жеке табыс салығының сомасы
Мамыр айында алынған табыстан
Ұсталынатын ұсталымның жиыны = 5021 теңге (3491 + 1530)
Жинақ зейнеткерлік қорға міндетті зейнеткерлік жарнасы еңбеккерлердің жалақысынан, сыйлығынан, қосымша төлемдерінен, үстемесінен және басқа да табысынан 10 мөлшерде ұсталынады және оны жұмыс беруші аталған қорға аударады.
Еңбек төлемінен алынатын кәсіподақ мүшелік жарналарының шегерімдері қызметкерлердің жазбаша түрдегі арыздары бойынша жүзеге асырылады. Қызметкерлердің еңбек төлемінен ұсталынған мүшелік жарналары тиісті кәсіподақ ұйымдарының шоттарына аударылады.
Кәсіпорындағы еңбекақыны ұйымдастыру механизмі жұмысшы күшінің еңбекақыға айналу процесін бейнелейді. Бұл оның осы заманғы нарықтық шындыққа қаншалықты дәрежеде жанасатыны өзінің негізгі функцияларында еңбекақының соншалықты орындалуына байланысты. Еңбекақының қабылданған осы үлгісі мен оны нақты және нақты емес түрінде есептеу тәсілі еңбекті бағалау мен нәтижесінің өзара байланысын көрсетеді, жай және күрделі жұмыс істейтін әр түрлі категориядағы қызметкерлердің төлемдеріндегі қажетті үйлесімділігін (пропорциясын) қамтамасыз етеді. Еңбекті ұйымдастыру және оның төлемі жұмыс берушілер мен қызметкерлердің арасындағы қарым-қатынасқа ықпалын тигізеді.
«Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 70-бабы бойынша жұмыс беруші заңға және жеке еңбек келісімшартына, ұжымдық келісімшартқа сәйкес қызметкердің еңбекақысын төлеуге міндетті.
Жұмысшының еңбекақысы орындалған жұмыстың сапасы мен санына, ауырлығына (күрделілігіне) байланысты анықталады.
Еңбекақының формалары
мен жүйелері Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігінің 15.05.2000
ж. №111-п «Қызметкерлерге
Қызметкерлер тобы мына категорияларға бөлінеді: басшылар, мамандар және басқа да қызметкерлер тобына жататындар.
Кәсіпорындардағы шаруашылық етуші субъект еңбекақы жүйесін дербес таңдайды. Ұйымдардағы еңбекақы жүйесі ұжымдық келісімшартпен немесе жұмыс берушінің актісімен анықталады.
Жұмысшылардың еңбегі мерзімдік еңбекақымен, кесімді еңбекақымен немесе басқа еңбекақы жүйелері бойынша төленеді. Төлем жеке және (немесе) ұжымдық еңбектің нәтижелері үшін берілуі мүмкін.
Еңбекақы – қызметкердің орындаған жұмыс көлемі мен белгілеген еңбек шарты және мансап инструкциясына байланысты төлем. Еңбек тиімділігін арттырудың әр түрлі ынталандыру жолдары болып сыйақы, қосымша төлем, кепілді төлемақы және т.б. болып табылады. Жұмысқа алушы еңбекақы жүйесі мен нысанын Еңбек туралы ережеге сәйкес, нақтылы еңбек жағдайын ескере отырып, персоналдар ережесі бекіткен жұмысшылар категориясы және жұмыс уақыты режимі бойынша өздері белгілейді. Аталған ережелер жұмысқа алушыға тек еңбек шартына отыру немесе еңбек режимін ұйымдастыру үшін ғана емес, сонымен қатар шығындар мен төлемдерді негіздеу мақсатында да қажет.
Жалақы жеке жұмыс нәтижесі бойынша немесе коллективтің жұмыс нәтижесіне байланысты төленеді. Бұл жағдайда қызметкерге белгіленген еңбекақы көлемі заң бойынша белгіленетін төменгі еңбекақы мөлшерінен төмен болмауы тиіс.
Тәжірибе жүзінде еңбекақыны ұйымдастырудың негізгі екі нысаны – мерзімдік және кесімді қолданылады.
Еңбек есебінің маңызды элементі болып оның техникалық мөлшерленуі, яғни еңбектің күрделілігіне, жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандықтары дәрежесіне қарай жұмыстың әр түріне кететін жұмыс уақытының мөлшерін анықтау болып саналады. Жұмыстың күрделілігіне қарай еңбекақының мөлшері тарифтік жүйеде қаралады. Тариф жүйесінің негізгі элементтері болып мыналар табылады:
Осыларға негізделіп жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақы мөлшерінің үлгілі кестесі жасалынады. Тариф жүйесінің көмегімен жұмыстың барлық түрі күрделілігіне және көп еңбек сіңіруді қажет ететіндігіне қарай топтастырылады және жұмысшы қызметкерлердің мамандық дәрежесіне қарай оларға тариф бойынша әртүрлі еңбекақы мөлшері белгіленеді.тарифте мамандықтар бойынша өндірістің қай саласында болмасын негізгі жұмыстың әрбір түріне, жұмыстың күрделілігімен қаншалықты еңбек етуіне керекті ұқыптылық пен жауапкершілікке қарай берілген разрядтар көрсетіледі. Сонымен қатар тарифте әрбір атқаратын жұмыстың нақты түрлеріне мінездеме беріледі және жұмысшы-қызметкерлердің өзіне берілген разрядқа ие болуына керекті еңбек дағдысы мен біліміне де мінездеме береді.
Тарифтік кестеде – жұмысшылар
мен қызметкерлердің әрбір
Тарифтік кестеде тарифтік еңбекақы жұмыстың түріне қарап кесімді және мерзімді еңбекақы болып екіге бөлінеді.
Тарифтік мерзімді еңбекақы мөлшері бір сағатқа белгіленеді. Кесімді еңбек бағасы белгілі тарифтік баға бойынша бір сағатқа белгіленген немесе бір сағатқа тиісті еңбекақы мөлшерін сол сағатта өндірілген өнім көлеміне, орындалған жұмыстың мөлшеріне бөлу арқылы табылады немесе бір өнімге кеткен уақытқа көбейту арқылы табылады. Уақыт мөлшері мен өндірілетін өнім мөлшері, көлемі, барлық өндіріс саласында техникалық мөлшерлеу процесін жүргізу кезінде анықталады.
Өнім өндіру есебі ең алдымен орындалған жұмыстың, операцияның өндіріп шығарған өнімнің саны мен сапасына қарай кесімді еңбекақы есептеу үшін және жұмысшылар мен қызметкерлердің жекелік және топтық еңбек өнімділігіне бақылау жүргізу үшін керек. Өнім өндіру есебі негізінде тек қана кесімді еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлерге ғана емес, сонымен қатар мерзімдік еңбекақы алатын көрсеткіштердің артығымен орындалуына қарай жекелеген сыйақы төленеді. Жекелеген жұмысшылар мен қызметкерлер кесімді еңбекақысына қосымша өнім өндіру негізінде мөлшерлі тапсырманы орындағаны үшін сыйақы алады.
Өнім өндіру есебі әрбір шаруашылық
субъектісінде жұмысшы
Шаруашылық субъектісінде
Орындалған жұмыстың аталынуы оның қабылданған уақыты яғни күні, айы, жылы өндірілген өнімнің саны мен орындаушы жұмысшылар мен қызметкерлердің табельдік номері немесе бригада номерлері, цех бөлімшесісінің цифрлары және оларға есептелген еңбекақы түрі.
Бұлар бойынша одан кейінгі уақыттарда жұмысшы-қызметкерлермен есеп айырысу және өндіріліп шығарылатын өнімдер мен істелінген жұмыстарға есептелінген төлем сомаларының мөлшері анықталады.
Халық шаруашылық саласының әр түрлі орындарында яғни шаруашылық субъектілерінде өндіріс түрлеріне байланысты еңбек пен еңбекақы мөлшерінің есебін қолдануға сәйкес өнім өндіру есебінің әр түрлі жүйелері қолданылады. Олардың ішінде: