Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2012 в 13:34, курсовая работа
Атқаратын қызметтеріне қарай кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни шаруашылық субъектісінің жұмысшылары мен қызметкерлері жұмысшылар мен қызметкерлер болып екіге бөлінеді.
Есеп берген кезде қызметкерлер тобы басшылар, мамандар және тағы басқа да топтарға бөлінеді.
Басшылар қатарына – директор, ректор, президент, меңгеруші және тағы басқалар жатады.
Мамандар қатарына – инженерлер, техникалық қызметтегі адамдар және тағы басқалары жатады.
Басқа да қызметкерлер қатарына – құжаттарды дайындайтын, есеп пен бақылау жұмысын жүргізетін, шаруашылық қызметтерін атқаратын бухгалтерлер, менеджерлер, агрономдар, механиктер және тағы басқалары жатады.
Кіріспе ........................................................................... 3
1. Еңбек ақының теориялық негізі
1.1. Еңбек ақының түсінігі мен міндеттері ............ 4
1.2. Еңбек ақы жүйесі мен нысандары ................... 7
2. Еңбек ақы есебін ұйымдастыру
2.1. Еңбек ақы түрлері бойынша есебін жүргізу .... 29
2.2. Еңбек ақы есептеу және төлеу ........................... 35
2.3. Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың
аналитикалық және синтетикалық есебі...................... 43
3. Орташа жалақыны есептеу
3.1. Орташа жалақыны есептеу кезінде ұлғайту
коэффициентін қолдану ................................................ 50
3.2. «1С предприятия 8.0» үшін конфигурацияларда
орташа жалақы есебінің өзгерістері............................... 52
Қорытынды............................................................................. 54
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар.
Операциялар бойынша қабылдау жүйесі жұмысшылар мен қызметкерлердің өндірген өнімдерін әр операцияны орындағаннан кейін шаруашылық субъектісінің техникалық бақылау бөлімі қабылдап санап алғаннан кейін, ол туралы ақпараттар мәліметтер мен алғашқы құжаттарға жазуды қажет етеді. Бұл жүйе бойынша көбірек қолданылатын алғашқы құжаттардың түрі «кесімді жұмыс» наряды болып табылады. Бұл құжат жұмыс орындалмай яғни басталмай тұрып толтырылады және жұмысшы қызметкерлерге беріледі. Тапсырма орындалғаннан кейін бұл нарядқа нақты өндірілген өнімдер мен орындалған жұмыстың саны, көлемі жазылып жұмысшы қызметкерлердің еңбекақысын есептеу үшін шаруашылық субъектісінің бухгалтериясына тапсырылады.
Шаруашылық субъектісі бойынша өнділіген өнімге, істелінген жұмысқа күнделікті наряд жазу жұмысшы-қызметкерлерге еңбекақы есептеу жұмысын қиындатып жібереді. Оның үстіне нарядтар бойынша төленетін еңбекақы мөлшерін цехтарындағы, бөлімшелердегі өнділірген өнімнің, орындалған жұмыстардың көлемімен сай келуін бақылауға, салыстыруға мүмкіндік бермейді. Сондықтан да өнім өндіру есебінің жаңа прогрессивті еңбек сіңіруді жеңілдететін жүйесін енгізу қажет. Іс жүзінде жекеленген жұмыс нарядының орнына айлық немесе екі апталық жинақтаушы нарядтарды қолдану арқылы құжаттардың санын азайтуға болады. Шаруашылық субъектілерінде өнім өндіру жайлы мәліметтер мен ақпараттар тек қана наряд арқылы жазылып қана қоймай, сонымен қатар өндірілген өнімнің жылжуын яғни олардың қозғалысын бір операциядан келесі оперияға ауысуын бақылау және олар үшін толтырылатын құжаттың санын азайту мақсатында маршруттық карталар (карточкалар) тәжірибеде кеңінен қолданылады. Өнім өндіру есебінің бұл түрі сериялы өндірісті машина жасау зауыттарының цехтар мен бөлімшелерде кеңінен қолданылады. Бұл маршруттық карталарда (карточкада) біртектес материалдардан дайындалатын детальдар мен бөлшектердің барлық технологиялық процестерден өтіп қоймаға тапсырылғанға дейінгі қозғалысы жазылып отырады.
Шаруашылық субъектісінің бақылау бөлімі өндірісте өндірілген, жасалынып шығарылған өнімнің сапасы мен санын тексеру мақсатымен қатар болған ақауларды анықтап отырады және сонымен қатар бұл туралы мәліметтерді өнім өндіру жайлы құжаттарға жазып отырады. Өндіріс цехтары мен бөлімшелерінде өндірілген өнімнің әрбір топтарына бөлек маршруттық карта жазылады. Бұл маршруттық картада өндірістің осы топтағы өндірген өнімінің саны көрсетіліп бақылау бөліміне жіберіледі. Ал бөлімнің бақылаушысы картаға топты яғни өнімдерді тексеру барысында анықталған ақау немесе кемшілігі бар өнімнің санын және оны жіберген (өндірген) жұмысшының табелінің номерін көрсетіп қол қояды.
Өндірілген өнімнің топтары бір бөлімшеден немесе цехтан екінші бөлімшеге, цехқа берілгенде оларға қоса маршруттық картаны жіберіп отырады. Егер топтағы өнімдер бөлініп кететін жағдайда жаңадан маршруттық карта жазуға тура келеді. Маршруттық карта сонымен қатар өндірілген өнімдердегі кездесетін ақаулардың қай жұмысшы-қызметкерлердің кінәсінан болғанын анықтап жазып отыруға және өндірілген өнім санының дұрыс жазылуындағы (қате болмауын) бақылау жұмыстарын жеңілдетуге арналған. Маршруттық карталар жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеуде өз алдына дербес карта ретінде пайдаланылады.
Ғылыми-техниканың жетілуі мен алға дамуына байланысты өндіріс саласында жеке және қолмен жасалатын жұмыстар қысқартылып отырады. Шаруашылық субъектісінде өндіріс тиімділігін арттыру үшін үздіксіз жұмыс істейтін конвейрлі линияларды енгізу өндіріс процесін ортақтасып орындайтын жұмысшы қызметкерлердің бүтін топтарын ұйымдастыруды қажет етеді. Осыған байланысты еңбекті ұйымдастырудың бригадалық түрі кеңінен қолданылады. Шаруашылықта өндірістік бригадалық топ құру, ұжымдық еңбекақы есептеу мен оны төлеу әр операция немесе әрбір жұмыс орны бойынша әр жұмысшы-қызметкерлердің өндірген жұмысына қажет болатын көп күш пен еңбекті үнемдеуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты толтырылатын құжаттардың саны да азаяды. Әрбір жұмысшы мен қызметкердің істеген еңбегі мен өндірген өнімдерінің саны мен сапасына қарай оларға еңбекақы есептеу үшін жұмыскерлер тобының, цехтың яғни шаруашылық субъектісіндегі бригада өндіріліп шығарылған өнімнің, істелінген жұмыстың ең соңғы нәтижесінің есебін алу жеткілікті болады. Өндірілген өнімнің, істелінген жұмыстың ең соңғы нәтижесі бойынша шаруашылық субъектілеріндегі жұмысшы қызметкерлерге еңбекақы есептеу техникалық бақылау бөлімі қызметінің ең соңғы тексеру операциясынан өтіп, қоймаға тапсырылған және басы жақа қоймаға алынбай таратылып жіберілген яғни басқаларға берілген, сатылған, тиеліп жіберілген дайын өнімнің, істелінген жұмыстың саны мен сапасына қарай есептелінеді.
Жұмысшылар мен қызметкерлерге жоғарыда айтылғандай еңбекақыны есептеу және төлеу үшін шаруашылық субъектісінде жинақтаушы құжаттар мен бригаданың өнім өндіру ведомосін қолдануды қажет етеді.
Көпшілік өндіріс орындарында, әсіресе, үздіксіз өндірістерде жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін еңбекақыны өндіріліп шығарылатын өнімнің, істелінген жұмыстың ең соңғы нәтижесі (операциясы) бойынша есептеу кеңінен қолданылады. Өнім өндіру есебінің бұл түрі шаруашылық субъектісінде өндірісті дамыту, өнімділікті арттыру үшін, сондай-ақ өндірілген өнімдер мен орындалған жұмыстардың көлеміне қосымша ақпараттар жазуға жол бермеу үшін қолданылады. Еңбекақының істелінген жұмыс уақытына қарай, яғни мерзімді еңбекақы төлеу жұмысшы-қызметкерлерді жұмыс істеуге белгіленген уақыт ішінде еңбек өнімділігін арттыруға айтарлықтай ынталандырмайды, сондықтан да көптеген өндіріс орындары, яғни шаруашылық субъектісі еңбекақыны мөлшерлеп белгілеген тапсырманың орындалуын қажет етеді. Сонымен қатар тапсырманы уақытылы орындағаны және еңбек өнімділігін арттырғаны үшін жұмысшы-қызметкерлерге сыйлықтар мен сыйақылар, тағы басқалар беріледі.
2 тарау. ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ.
2.1 ЕҢБЕКАҚЫ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША ЕСЕБІН ЖҮГІЗУ.
Еңбек және еңбекақы есебі – жұмысшылар санының өзгеруі, жұмыс уақытының шығындары, жұмысшылар категориясы, өндірістік шығын сияқты мағлұматтар түгел қамтылатын дәл әрі оперативтік деректерді талап ететін аса маңызды да күрделі жұмыстардың бірі болып табылады.
Еңбек және оған ақы төлеудің негізгі міндеттеріне жататындар:
Еңбек және еңбекақы деректері өндірістік процесті оперативті басқару үшін қажет. «Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» заңының 5-бабына сәйкес жұмыс беруші мен жұмысшылардың арасындағы еңбек қатынасы нормативті құқықтық актілермен, еңбек заңына бекітілген ұжымдық келісімшартпен реттелінеді.
Кәсіпорын дербес болғанымен заңға сәйкес штат кестесі, формалары және еңбекақы, сыйлықақы жүйесі белгіленеді.
Әрбір қызметкердің еңбекақылық табысы кәсіпорын қызметінің түпкілікті қорытындысына байланысты оның еңбекке қосқан үлесі бойынша анықталады. Ол салықпен реттеледі және ең жоғары көлеміне шектеу қойылмайды.
Еңбекақы мөлшерін жұмыс берушінің өзі белгілейді және жұмыс беруші белгіленген еңбекақы мөлшері Қазақстан Республикасының заңында белгіленген («Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» заңының 71-бабы) ең аз шамадағы еңбекақы мөлшерінен төмен болмауы керек.
«Қазақстан Республикасының Еңбек туралы» Заңының 7,8-бабына сәйкес қызметкердің мынадай құқысы бар:
Жұмыс берушінің құқықтары.
Жұмыс берушінің міндеттері:
Жеке еңбек келісімшартында негізгі тармақтар қамтылуы керек:
Қызметкер бірнеше жұмыс берушімен толық емес жұмыс уақытын қарастыратын жеке еңбек келісімшартына отыруға құқы бар.
«Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 13-бабына сәйкес қызметкердің еңбек ететінін растайтын құжаттарға мыналар жатады: еңбек кітапшасы (қолда болуы керек) немесе жеке еңбек келісімшарты немесе жұмысқа қабылдағаны, жұмыстан шығарылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі.
Сол ұйымның басқа жұмысына немесе ұйыммен бірге басқа орынға көшіру қызметкердің тек жазбаша келісімі бойынша, жеке еңбек келісімшартына соған сәйкес өзгертулер енгізумен ғана іске асырылады.
Қызметкерді сол ұйымда басқа орынға, сол орынның басқа құрылымының бөлімшесіне көшіру үшін мамандығы, біліктілігі немесе лауазымы бойынша басқа механизмдегі немесе агрегаттағы жұмысты тапсыру үшін (егер бұл жеке еңбек келісімшартында өзгерістер тудырмайтын болса) қызметкердің келісімі талап етілмейді («Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 17,18-бабы).
Қызметкерге еңбек жағдайының өзгеретінін бір ай бұрын (одан кем болмауы керек) хабарлау керек.
Еңбек жағдайы өзгерген жағдайда жеке еңбек келісімшартына сәйкес толықтырулар мен өзгертулер енгізіледі. Егер қызметкер жаңа жағдайда жұмыс істеуге келісімін бермесе, онда «Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 26-бабының 7-тармағына сәйкес онымен келісімшарт бұзылады.
Өндірістік қажеттілік пайда болған жағдайда жұмыс беруші қызметкерді бір айға дейін оның келісімінсіз жеке еңбек келісімшартындақ қарастырылмаған және денсаулығына қауіп төндірмейтін сол ұйымдағы, сол орындағы басқа жұмысқа бұрынғы жұмысындағы айлық еңбекақысынан кем болмайтын еңбекақымен ауыстыруға құқы бар.
Мұндай ауыстыру стихиялық апаттың, өндірістік апаттың алдын алу немесе жою немесе салдарын дереу залалсыздандыру қажет болған жағдайда ғана іске асырылады («Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 20-бабы).
Жұмыс болмай қалған жағдайда (простой) жұмыс беруші қызметкерді мамандығына, біліктілігіне сайң денсаулығына қатер төндірмейтін, оның келісімінсіз бір айға дейін басқа жұмысқа ауыстыруға құқы бар. Егер қызметкер жаңа жағдайдағы ұсынылған жұмысқа келісімін бермесе, онда «Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 26-бабының 7-тармағына сәйкес онымен жеке еңбек келісімшарты бұзылады. Жұмыс болмай қалған және қыметкердің болмауына байланысты жағдайда оның орнына басқа бір білікті қызметкерді біліктілігіне сай келмейтін жұмысқа уақытша ауыстыруға оның жазбаша келісімінсіз ауыстыруға рұқсат етілмейді. («Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 21,22-баптары).
Қызметкерді денсаулығына байланысты басқа жұмысқа уақытша ауыстыру «Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 23-бабындағы қарастырылған шарттары мен тәртіптері бойынша жүзеге асырылады.
Жеке еңбек келісімшарты мынадай жағдайларда бұзылуы мүмкін:
«Қазақстан Республикасы Еңбек туралы» Заңының 27-бабы, 3-тармағына сәйкес жеке еңбек, ұжымдық келісімшарттарында өтемақының мөлешері және басқа негіздері белгіленеді.
Қызметкер жұмыс берушіге
өзінің жұмыстан кететінін бір ай
бұрын жазбаша ескертіп, жеке еңбек
келісімшартын тоқтатуға құқылы