Еңбек нарығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2012 в 13:34, курсовая работа

Описание работы

Атқаратын қызметтеріне қарай кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни шаруашылық субъектісінің жұмысшылары мен қызметкерлері жұмысшылар мен қызметкерлер болып екіге бөлінеді.
Есеп берген кезде қызметкерлер тобы басшылар, мамандар және тағы басқа да топтарға бөлінеді.
Басшылар қатарына – директор, ректор, президент, меңгеруші және тағы басқалар жатады.
Мамандар қатарына – инженерлер, техникалық қызметтегі адамдар және тағы басқалары жатады.
Басқа да қызметкерлер қатарына – құжаттарды дайындайтын, есеп пен бақылау жұмысын жүргізетін, шаруашылық қызметтерін атқаратын бухгалтерлер, менеджерлер, агрономдар, механиктер және тағы басқалары жатады.

Содержание работы

Кіріспе ........................................................................... 3
1. Еңбек ақының теориялық негізі
1.1. Еңбек ақының түсінігі мен міндеттері ............ 4
1.2. Еңбек ақы жүйесі мен нысандары ................... 7
2. Еңбек ақы есебін ұйымдастыру
2.1. Еңбек ақы түрлері бойынша есебін жүргізу .... 29
2.2. Еңбек ақы есептеу және төлеу ........................... 35
2.3. Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың
аналитикалық және синтетикалық есебі...................... 43
3. Орташа жалақыны есептеу
3.1. Орташа жалақыны есептеу кезінде ұлғайту
коэффициентін қолдану ................................................ 50
3.2. «1С предприятия 8.0» үшін конфигурацияларда
орташа жалақы есебінің өзгерістері............................... 52
Қорытынды............................................................................. 54
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар.

Файлы: 1 файл

Еңбек ақының теориялық негізі.doc

— 337.50 Кб (Скачать файл)

Жеке және ұсақ сериялық өндірісте өндірім мен еңбек  төлемінің есебі кесімді жұмысқа  жасалған нарядында жүргізіледі. Орындалатын  тапсырманың ұзақтығына қарай нарядтары  сменаға немесе одан да ұзағырақ (бір айға дейінгі) мерзімге жазады. Оны жазуға учаскенің (цехтың) технологиялық карталары мен өндірістік бағдарламасы негіз болады.

Өндірісте байқалған  жарамсыз өнімге «Жарамсыз өнім туралы актісін» немесе аптаға ашылатын «Жарамсыз өнім есебінің тізімдемесін» жасайды. Егер жарамсыз өнімді бұған жазықсыз жұмысшы жөндесе, онда оларға әдеттегідей наряд жазылады да, оған «Жарамсыз өнімнің жөнделуі» деген таңба басылады.

Еңбек жағдайының өзгеруінен туындаған бағаларға қосылатын төлемге және өндіріс технологясында ескерілмеген жұмыстарға қосымша төлем парағын немесе ерекшелік белгілері (қағазға көлденең түскен қызыл жолақ) бар кесімді жұмысқа жасалатын нарядтар толтырады. Парақтарда өндірім туралы негізгі нарядтың немесе рапорттың нөміріне сілтеме жасап, қосымша төлемнің әрбір түріне жеке жұмысшыға не бригадаға жазады. Кәсіпорында жұмыстың тоқтап қалу және үзілістердің болу себебі ашылып, жұмыс уақытынан артық жұмыс істегендердің табелімен бірге кәсіпорынның бухгалтериясына беріледі. Қосымша төлемдер туралы мәліметтерде бухгалтерия ауытқушылық себептерін тауып, қажетті шаралар қабылдау үшін цех (кәсіпорын) басшылығына үнемі ұсынып отыруға міндетті.

Мерзімінен тыс жұмыстар есебін мерзімінен тыс жұмыс істеген  адамдардың тізімінен тыс істелген жұмыстарға төлем төлеу үшін бухгалтерияға береді.

Кідірістер уақытының  есебі кідірістер есебінің парақтары  негізінде жүзеге асырылады, оларда кідіріс уақытын, себептерін дәне кінәлі адамдарын, төлем проценттерін және жұмысшы туралы басқа да мәліметтерін (тегін, атын, әкесінің атын, разрядын, табельдік нөмірін) көрсетеді. Параққа мастер мен цех бастығы қол қояды.

Қабылданып, тексерілгеннен кейін құжаттардың деректері  еңбек төлемін есептеу жөніндегі  есеп айырысу-төлемінің тізімдемесін жасауға негіз болады.

Есеп айырысу-төлем  тізімдемесінің жасалуы.  Бухгалтерияға келіп түскен жұмыс уақыты мен өндірілген өнімнің есебі жөніндегі құжаттарды тексеріледі де, тек содан соң есептік өңдеуге жіберіледі.

Әрбір жұмысшыға бір  ай ішінде құжаттар жазылуы мүмкін. Бір айлық жалақыны есептеу үшін жалақы есебінің жинақ карточкасы қолданылады. Онда қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты, табельдік нөмірі, цех, учаске, құжаттарының толтырылған күні мен нөмірі, сағаттық нормасы, әрбір құжат бойынша есептелген жалақы сомасы, төлемдердің басқа да түрлері көрсетіледі. Карточка деректерін есеп айырысу-төлем тізімдемесін жасау үшін пайдаланады. Есепті жүргізу компьютерленген жағдайда жинақ карточкалары (ведомостар), сондай-ақ  есеп айырысу-төлем тізімдемелері де, әдетте, бір ғана жұмыс күнінде жасалады.

Еңбек төлемі бойынша  есеп айырысу әр түрлі кәсіпорындарда мынадай құжаттарда: есеп айырысу-төлеу  тізімдемесінде, оны сонымен қатар  жалақы беру үшін де пайдаланады; есеп айырысу тізімдемесінде және жеке толтырылған  төлем тізімдемесінде; әрбір жұмысшыға жасалған еңбек төлемігің арнайы есеп айырысуларында (бөлек парақтарда); жыл бойы пайдаланатын кітапқа тігілген есеп айырысу тізімделерінде жүргізіледі.

Есеп айырысу-төлем  тізімдемесі – жиынтық құжат, онда есептелген еңбек төлемінің  барлық түрі мен жұмыс істеп жүргендерге берілетін басқа да төлемдер сондай-ақ күші бар заңдарға сәйкес жасалған ұсталымдар мен шегерімдер жинақталған. Оны еңбек төлемі жөніндегі есеп айырысу деректері негізінде жасайды. Тізімдемеде қызметкерлердің тегін, аттарын, әкелерінің аттарын, олардың табельдік номерлері мен қызмет орындарын, разрядтарын немесе айлық ақыларын көрсетеді. Оған кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтер қол қояды. Тізімдеменің «Есептелді» деген бөліміне табыс сағының сомалары енгізіледі. «Ұсталынды және есепке алынды» деген бөлімінде табыс салығының сомасы, сондай-ақ атқару қағаздары бойынша ұсталымдардың сомалары; несиеге сатылған тауарлар үшін есепке алынған сомалар, еңбек төлемінің есебіне кіретін аванс және басқа ұсталымдар енгізіледі. Салықты өткен айдың жалақысынан ұстайды. Айдың аяғында тізімдемеге әрбір жұмысшыға берілуге тиісті сомасын шығарады.

 

    1.  ЕҢБЕКАҚЫ  БОЙЫНША  ЕСЕП  АЙЫРЫСУДЫҢ  АНАЛИТИКАЛЫҚ  ЖӘНЕ  СИНТЕТИКАЛЫҚ  ЕСЕБІ.

 

      Еңбекақының аналитикалық және синтетикалық есебі. Шаруашылық субъектілеріндегі жұмысшылар мен қызметкерлердің бәріне және олардың әрқайсысына бір айға төленуге тиісті еңбекақының жалпы сомасын табу үшін алғашқы құжаттар бойынша өндірілген өнімдер мен істелінген жұмыстарға және қосымша төлемдер мен қосымша еңбекақыларына қоса төленетін жалпы соманы анықтап, одан ұсталуға тиісті сомаларды алып тастау керек. Жұмысшылар мен қызметкерлердің табысын, оның ішінде табыстан ұсталатын ұсталымдарды және оларға төленуге тиісті еңбекақы сомаларын жинақтап, қорытындылауға арналған құжатты есеп айырысу төлеу ведомосі деп атайды. Шаруашылық субъектілерінде бұл ведомості әрбір цехтар, бөлімшелер бойынша толтырады. Еңбекақы жөнінде есеп айырысу төлеу ведомосі әрбір жұмысшы мен қызметкер бойынша есептелінген еңбекақымен басқа да төлем сомаларын және одан ұсталынған ұсталым сомаларын жинақтаушы құжат болып табылады. Жұмысшылар мен қызметкерлер осы есеп айырысу төлеу ведомосі бойынша шаруашылық субъектісінің кассасынан өзіне тиісті еңбекақыны алып, қол қояды. Бұл ведомость бойынша, біріншіден, жұмысшы-қызметкерлермен еңбекақы жайында есеп айырысу жүргізілсе, екіншіден, бұл ведомость еңбекақы бойынша есеп айырысудың аналитикалық есебі болып табылады, ал үшіншіден, осы ведомость арқылы жұмысшы-қызметкерлерге олардың еңбегіне қарай еңбекақыларын төлейді. Шаруашылық субъектілерінде  жұмысшылар мен қызметкерлердің уақытша еңбекке жарамсыздығы үшін жәрдемақы төлеуге, еңбек демалысына еңбекақы төлеуге, тағы да басқа қосымша еңбекақыларды төлеу үшін, сондай-ақ орташа еңбекақыны есептеу үшін көптеген шаруашылық субъектілерінде әрбір жұмысшылар мен қызметкерлерге дербес шот ашылып жүргізіледі. Бұл шотта жұмысшы-қызметкерлердің аты-жөні, сол шаруашылық субъектісіндегі демалысының ұзақтығы, әрбір айға есептелінген еңбекақылары мен жәрдемақылары және олардан ұсталынатын ұсталымдар түрлері бойынша көрсетіледі. Бұл құжаттармен қатар шаруашылық субъектілерінде әрбір жұмысшы мен қызметкерге есеп айырысу қағаздары да толтырылуы мүмкін. Кейбір шаруашылық субъектілерінде  жазуларды қайталап жаза бермеу үшін есеп айырысу-төлеу ведомосі мен дербес шоттың орнына есе айырысу ведомосі ғана толтырылып жүргізіледі. Бұл есеп айырысу ведомосі журнал түрінде жасалынып, негізгі және қосымша беттерден тұрады. Негізгі бетінде жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелінген негізгі және қосымша еңбекақылары мен жәрдемақыларының сомасы және олардан ұсталатын ұсталымдарды есептеуге керекті мәліметтері (лауазымды тұлғаның жалақысы, белгіленген мамандық дәрежесіне сәйкес тарифтік еңбекақысы, туған жылы, отбасы жағдайы, балаларының және қарауындағы адамдардың саны, ұсталатын және шегерілетін сомалардың мөлшері, қай уақытқа дейін демалатыны, тағы басқалар) көрсетіледі. Ведомостің қосымша беттерінің саны бұл журналдың қандай мерзімге ашылғандығына байланысты болады. Бұл жоғарыда аталған құжаттарды толтырғанда жазылған сомалардың алдымен жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептегенде толтырылатын алғашқы құжаттарда көрсетілген сомаларына сәйкестігін тексеру қажет. Сонымен қатар ведомостерде, дербес шоттарда және есеп айырысу қағаздарында көрсетілген адамдардың аты-жөні сол шаруашылық субъектілерінде қызмет атқарушылардың тізімдері құрамының есебіне сәйкестігі тексеріледі. Бұл ведомость бойынша жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелінген еңбекақы сомаларының одан ұсталынатын ұсталымдарды және қолдарына берілуге тиісті сомалардың дұрыстығын анықтау үшін ведомостің тік және көлденең жақтарының жиынтық сомалары арифметикалық жолмен тексерілуі тиіс. Шаруашылық субъектілерінде жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі 1210 – «Жұмысшылармен еңбекақы бойынша есеп айырысу» - деп аталатын синтетикалық, пасивті шотында жүргізіледі. Бұл шот бойынша деректер мен ақпараттар үлгілі түрі №10 және №10-1 журнал-ордерлерінде көрсетіледі. Жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс істеген, қызмет атқарғандары және өнім өндіргендері үшін есептеліп төленетін еңбекақы пайдалану бағытына қарай шығындарды есептейтін белгілі бір шотқа, оның ішінде тиісті өндірістік өнімге апарылуы керек. Сонымен қатар бұл туралы еңбек қоры жайлы тиісті орындарға есеп берілуі қажет. Сондықтан да рапорттар мен өнімдерді өндіру ведомостары, табельдер және тағы да басқа алғашқы құжаттар негізінде әр цех бөлімше бойынша есептелінген еңбекақы, олардың түрлері және қызметкерлердің категориялары бойынша топталынады. Бұл топтау журнал-ордерлердің үлгілі түрі №3 және №4 өңдеу кестелерінде жүргізіледі, ал оң жағында жұмысшы-қызметкерлерінің мамандық дәрежелеріне сәйкес оларға есептелінген еңбекақы сомалары түрлері бойынша бөлініп жазылады. Шаруашылық субъектілерінде жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелінетін еңбекақы сомасын бөлу, тарату ведомосының негізінде шығындар есептелінетін шоттарға былайша жазылады;

Дебет: 7110 «Тауарларды (жұмыстарды) сату бойынша шығындар», 7210 «Жалпы әкімшілік  шығындар», 8012 – «Негізгі өндірістегі  жұмысшылардың еңбекақысы», 8072 – «Көмекші өндірістегі жұмысшылардың еңбекақысы», 8042 – «Цехтағы жұмысшылардың еңбекақысы», 942 – «Әлеуметтік саладағы жұмысшылардың еңбекақысы» және 952 – «Ақауды жөндеу саласындағы жұмысшылардың еңбекақысы» шоттарының тиістісі.

Кредит: 3950 – «Еңбекақы  төлеу бойынша қысқа мерзімді ???»

7010 – шоттың дебетіне  маркетинг бөлімінің басқа да  тауарларды сатумен айналысатын  жұмысшы-қызметкерлердің еңбекақысы  жазылады.

7210 – шоттың дебетіне  шаруашылық субъектілерінің әкімшілік  басқару қызметкерлердің еңбекақысы жазылады.

8012 – шоттың дбетіне  негізгі өндірісте жұмыс істейтін  жұмысшы-қызметкерлердің мерзімді  және кесімді еңбекақылары жазылады. Кесімді еңбекақы алғашқы құжаттар  негізінде өндіріліп шығарылған  өнімдердің өзіндік құнына тікелей қосылса, мерзімді еңбекақы шығындары барлық өндірілген өнімдерге пропорционалды бөлініп, қосылады.

8032 – шоттың дебетіне  көмекші өндіріс жұмысшы-қызметкерлерінің  істеген жұмыстары мен атқарған  қызметтеріне есептелген еңбекақы  сомалары жазылады.

8042 – шоттың дебетіне  цехтың әкімшілік басқару және  басқа да жұмысшылардың еңбекақылары  жазылады.

8052 – шоттың дебетіне әлеуметтік салада жұмыс істейтін жұмысшылардың еңбекақылары жазылады.

Шаруашылық субъектілерінде  жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелінген еңбекақыдан салықтар мен ұсталымдар, жарналар есептелгенде 3350 шот дебеттелініп, 1040«Бюджетпен басқадай есеп айырысу», 651-«Мүлікті және жеке басты сақтандыру бойынша есеп айырысу», 3120-«Әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамтамасыз ету қорымен есеп айырысу» және тағы да басқа шоттар кредиттелінеді. Сонымен қатар жұмысшы-қызметкерлерге еңбекақы төленгенде немесе есептелініп бірақ, уақытысында таратылмағанда және тағы да басқа жағдайларда 3350-шот дебеттелініп, 1010 «Кассадағы ақша қаражаты», 4240-«Басқадай алашақ борыштардың басқалары» немесе тағы да басқа шоттарының тиістілері кредиттелінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                                                                                     

                                    

 

 

          Еңбек және еңбекақы есебі бойынша жүргізілетін бухгалтерлік есеп операцияларының негізгі корреспонденциясы

Операциялардың мазмұны

Шоттар

дебет

Кредит

1

2

3

4

1

Жұмысшы-қызметкерлерге еңбекақы, сыйақы және басқа да төлемдер есептелінді;

  • негізгі өндіріс жұмысшыларына;
  • қосалқы өндіріс жұмысшыларына;
  • цехтың қызметкерлеріне;
  • шаруашылық субъектісінің басқару аппараты қызметкерлеріне;
  • маркетинг бөолімінің, басқа да тауарларды (қызметтерді, жұмыстарды) сатумен айналысатын жұмыскерлерге;
  • әлеуметтік сала қызметкерлеріне;

 

 

8012

9032

8042

8031

 

7110

 

 

942

 

 

3350

3350

3350

3350

 

3350

 

 

3350

2

Жұмысшыларға кезекті демалыс  ақысын есептеу:

-егер демалыс ақысын төлеуге  резерв құрылған болса;

-демалыс ақысынан есептелінген  әлеуметтік салық сомасы;

 

 

3380

 

3350

 

 

3350

 

3140

3

Жұмысшы – қызметкерлерге есептелген еңбекақыдан  зейнетақы қорына ұсталынатын  сомаға

3350

3220

4

Жеке тұлғаларға есептелген еңбекақыдан ұсталынатын табыс салығы сомасына

3350

3120

5

Жұмысшылардың еңбекақысынан, сот органдарының шешіміне сәйкес орындалатын құжат бойынша ұсталынған сомаға

3350

1250

6

Жұмысшылардың еңбекақысынан олардың  есеп беруі бойынша ұсталынатын  сомаларына

3350

1250

7

Бүлінген материалдық-құндылықтардың орнын толтыру мақсатымен жұмысшылардың еңбекақысынан ұсталатын сомаға

3350

1250

8

Жұмысшылардың еңбекақысынан олардың  алдыңғы уақыттарда алған қарыздары  үшін ұсталатын сомаларға

3350

1215

9

Есептелген, бірақ белгілерген  мерзімде таратылмаған, депоненттелген еңбекақы (алушының келмеуіне байланысты)

3350,3130

687  3390

10

Жұмысшы-қызметкерлерге кассадан төленген еңбекақы, сыйақы, жәрдемақы және зейнетақы  сомасына

3350

1010

11

Лауазымды тұлға болып саналатын  жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген төлемдер (басқарма тексеру комиссиясының, бақылау кеңесінің, тағы басқа мүшелеріне)

7210

3130

12

Лауазымды тұлғаларға есептелген еңбекақыдан  ұсталған табыс салығы сомасы

3130

7210

13

Лауазымды тұлғаларға есептелген еңбекақы сомасы кассадан төленді

3130

1010

14

Жұмысшылардың алдағы уақыттардағы демалыс  ақылары үшін есептелген резерв сомасына

 7440

685

15

Есептелген әлеуметтік салық сомасы

8032, 8012, 8042,8052, 8062,

634


 

 

Қызметкерлермен еңбек  ақысының төлемі бойынша есеп айырысу есебі 3350 «Қызметкерлермен еңбек ақысы бойынша есеп айырысу» шотында жүргізіледі. Бұл пассивтік шот.

Еңбек ақыны есептегенде 3350 шоты кредиттеледі де, мына шоттар дебеттеледі:

2930 «Аяқталмаған құрылыс»  күрделі құрылыспен шұғылданатын  және сонда жұмыс істейтін  қызметкерлердің еңбек төлемінің сомаларына;

7110-шоты «Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сату жөніндегі шығындар» өнім өткізумен, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді жүзеге асырумен шұғылданатын қызметкерлерге есептелген еңбек төлемінің сомаларына;

7210-шоты «Жалпы және әкімшілік шығындар» жалпы шаруашылық және әкімшілі-басқармашылық қызметкерлеріне есептелген еңбек төлемінің сомаларына;

8012-шоты «Өндірістегі  жұмысшылардың еңбек ақысы» негізгі  өндірістегі жұмысшыларға есептелген  еңбек төлемінің сомаларына;

8032-шоты «Қызметкерлердің еңбек ақысы» қосалқы өндірістердің қызметкерлеріне есептелген еңбек төлемінің сомаларына;

8042-шоты «Қызметкерлердің  еңбек ақысы» цехтағы (жалпы  өндірістегі) қызметкерлерге есептелген төлемінің сомаларына;

8052-шоты «Қызметкерлердің  еңбек ақысы» әлеуметтік салада қызмет көрсетумен  шұғылданатын  қызметткерлерге  есептелген  еңбек  төлемінің  сомаларыны;

8062-«Жұмысшылардың  еңбек   ақысы»  ақау  өнімдерді  жөндеумен   шұғылданатын  жұмысшыларға  есептелген  еңбек  төлемінің  сомаларына.

    Басшылықты  тұлғалармен  есеп  айырысудың  есебі.   Басшылықтағы  тұлғалармен  есеп  айырысу  үшін  687 шот арналған,  онда  мынандай  тұлғалармен есептеледі (басқарма  мүшесі  мен төрағасы  бақылау кеңесінің мүшесі  және  ревизиондық комиссияның мүшесі  және  т.б. ).  Басшылықтағы  адамдарға  есептелген  еңбек  төлемінің  сомаларына  7210 шоты  дебеттеледі де,  687 шоты  кредиттеледі,  ал  оны төлеген кезде 687шоты  дебеттеліп,  1010  шоты  кредиттеледі.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                    3 тарау.  ОРТАША  ЕҢБЕКАҚЫНЫ  ЕСЕПТЕУ.         

                3.1 ОРТАША  ЖАЛАҚЫНЫ  ЕСЕПТЕУ КЕЗІНДЕ ҰЛҒАЙТУ

                           КОЭФФИЦИЕНТІН  ҚОЛДАНУ.

 

ҚР  Үкіметінің  11.07.2006 ж.   657  қаулысымен  «Қызметкерлердің орташа  жалақысын есептеу тәртібі туралы «ҚР Үкіметінің  29.12.2000 ж.      1942  қау-

Лысына  толықтыру  енгізілді.

Информация о работе Еңбек нарығы